кептіру агенті патрубок арқылы шығарылады.
араластырғанда астықты алып қалады жəне жоғарыға көтереді.
213
Барабанды СЗСБ-8 астық кептіргіштің жалпы көрінісі 57-
суретте берілген
Барабанға астықты аз мөлшерде толтырған кезде кептіру
агентінің ылғал күшінің температурасы 150-200
0
С болады да,
оны 30-40 кг буланған ылғалдан (м
3
/сағ) асырмау керек. Осыған
байланысты барабанды астық кептіргіштің жоғары өнімділігі
өзіндік металсыйымдылығы қазіргі кездегі кептіру шахталы
кептіргіштен аз болады. Сонымен қатар олар суытқыш
камераның бөлек орналасуын талап етеді.
Техника экономикалық көрсеткіштері бойынша барабанды
кептіргіштер шахталы кептіргіштермен салыстырғанда төмендеу.
Олар өте үлкен жəне металлдары көбірек, астық дəндері
механикалық зақымдалады, сондықтан тұқым дəндерін,
шағылатын дəндері бар дақылдарды кептіруге қолдану тиімді
емес.
Кептіру барабанында астық дəндері 15-20 мин.уақыт
аралығында болғандықтан бір кептіруді өткізген кезде тек 3-4%-
ғана төмендейді. Барабанды кептіргіштер жеке тұрған
салқындатқыш қондырғыларының болуын талап етеді.
СЗПБ-2,5 қозғалмалы барабанды астық кептіргіштер.
Кептіргіш екі барабаннан тұрады – оның біреуі кептіргіш,
екіншісі салқындатқыш.
Кептіргіш барабанның диаметрі 100мм жəне ұзындығы
5000мм, төрт парлы роликтерге тіреледі, соның екі пары
барабанды айналдырып қосатын бөліміне қызмет жасайды.
Барабанның іші алты секцияға бөлінген, астықты жақсы
алмастыру үшін лапаталар мен жайғастыру тақталарымен
жабдықталған.
Қабылдау қондырғысынын ылғал астық кептіру барабанына
түседі, немесе астықты өздігімен сырғанататын құбыр арқылы
винттік конвейерде алты винтке ұқсаған жолмен барабан
секторларына жеткізеді. Барабанда кептіріліп болған астық
винтке ұқсаған ағын жолдар арқылы шнек конвейері арқылы
салқындату барабанына шығарылады. Салқындатылған астық
шлюзды қақпа арқылы қозғалмалы винттік конвейерге беріледі.
Кептіру агенті ретінде ауа жəне жанған отынның қалдығынан
пайда болған газбен араластырып, ауа қоспасы құрылады.
СЗПБ-2,5 астық кептіргішінің техникалық сипаттамасы.
214
Бастапқы ылғалдылығы 20%тен соңғы ылғалдылығы 14%-ке
төмендегенге дейінгі өнімділігі-2,5 кл.т/сағ.
Отын шығымы -12 кг/т.
Қондырылған электродвигатель қуаты-10 кВт.
Электродвигатель саны -5.
Электр энергиясының шығымы-3,2 кВт/ш.т
Кептіру барабанының өлшемі:
Ұзындығы-5000 мм
Диаметрі-1000 мм
Салқындату барабанының өлшемі:
Ұзындығы-3000 мм
Диаметрі-800 мм
Сытқы өлшемі - 8470 х 7600 х 2650 мм
Салмағы-4000кг
Достарыңызбен бөлісу: