Кептіргіштің үстіңгі қорабы. Шахталы тікағысты жəне
кейбір рециркуляциялық астық кептіргіштер қораптарының
биіктігін кептіру агентінің ағып кетпеуін болдырмау шартынан
таңдау керек. Ол үшін қорап қабырғалары бойындағы астық
қабаты 500 мм-ден кем болмау керек.
«Целинная» үлгілі рециркуляциялық астық кептіргіштерге
арналған кептіргіш үстінде орналатын қорап құрылысы камераға
атмосфералық ауаның үрілуін болдырмауы тиіс. Ол үшін
атмосфералық ауаның урілуіне кедергі болатын астық қабаты
қалындығы 500 мм-ден кем болмау керек. Бұндай жағдайда
астықтың бір бөлігі төгуге арналған аз ағынды құбыр саңылауы
арқылы оперативті қорапқа немесе қыздыру камерасына ағатын
деңгейге дейін беріледі. Ал құбырлар міндетті түрде ағысқа
қарсы кері клапандарымен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |