Саурыкова жулдыз мейрхановна


Зерттеу  жұмысының  базасы



Pdf көрінісі
бет14/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

Зерттеу  жұмысының  базасы:  Тараз  қаласындағы  Қ.Тұрысов  атындағы 
№53  мектеп-гимназиясы,  Тараз  қаласы  А.Бөкейханов  атындағы  №1 
гимназиясы,  Жамбыл  облысы  Мойынқұм  ауданы  Жамбыл  атындағы  мектеп-
гимназиясы,  сонымен  қатар  Талас  ауданының  А.Байтұрсынов  атындағы 
гимназиясының  бастауыш сыныптары. 
Зерттеудің негізгі кезеңдері: 
Бірінші  кезеңде  (2016-2017  жж)  зерттеу  мәселесі  бойынша 
философиялық,  педагогикалық  және  психологиялық,    ғылыми-әдістемелік 
зерттеулер мен әдебиеттерге талдау жасалды. Жаңартылған білім беру жүйесіне 
көшудің және оның мазмұндық құрылымы жайындағы ұғымдар мен түсініктер 
талданды;  зерттеу  тақырыбы  бойынша пәнаралық  байланысты  ортақ бөлімдер 
мен тақырыптар бойынша жүзеге асырудың жағдайлары анықталды; зерттеудің 
ғылыми аппараты негізделінді. 
Екінші кезеңде (2017-2018 жж) зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған 
материалдарға 
талдау 
жүргізу 
жалғастырылды; 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының  ғылыми  дүниетанымын  пәнаралық  байланыстар  негізінде 
қалыптастыру мәселесі бойынша  педагогикалық озық тәжірибелер мен идеялар 
қарастырылып,  зерттелді;  бастауыш  білім  беру  кезеңі  жасындағы  
оқушылардың  қоршаған  әлемді  біртұтастық  тұрғыдан  тану  және  ғылыми 
дүниетанымдық  көзқарастар  қалыптастыру  жайы    қазіргі  жаңартылған  білім 
беру  жағдайында  зерделенді.  Бастауыш  сыныптың  педагогикалық  үдерісінде 
пәнаралық  байланысты  ұйымдастырудың  құрылымдық-мазмұндық  нобайы 
жасалып, педагогикалық шарттары анықталды. 


10 
 
Үшінші  кезеңде  (2018-2019  жж)  тәжірибелік-эксперимент  жұмыстары 
жалғастырылып,  зерттеу  нәтижелері  жинақталып,  ғылыми  жүйеге  келтірілді. 
Эксперимент  нәтижесінде  жаңартылған  білім  мазмұны  арқылы  бастауыш 
сынып  оқушыларының  пәнаралық  байланыстар  арқылы    ғылыми 
дүниетанымын қалыптастырудың  ұтымды әрі тиімді әдіс-тәсілдері анықталды. 
Зерттеу  мәселесі  бойынша  жинақталған  материалдар  мен  тәжірибелік 
эксперимент    жұмысының  нәтижелері  сараланып,  қорытындыланып, 
диссертация түрінде  рәсімделіп, өнделді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет