Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні,
болжамы, міндеттері, жетекші идеясы қамтылған. Жұмыста қолданылатын
зерттеу әдістерінің ерекшеліктері көрсетіліп, зерттеудің әдіснамалық және
теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің
ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталады. Сонымен
бірге, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі,
негізділігі, сынақтан өткізілуі, тәжірибеге енгізілуі мен диссертация құрылымы
қамтылып, көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |