Саурыкова жулдыз мейрхановна


  Бастауыштың  жаңартылған  білім  мазмұнының  құрылымдық



Pdf көрінісі
бет19/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

 
1.2  Бастауыштың  жаңартылған  білім  мазмұнының  құрылымдық 
жүйесін педагогика теориясы тұрғысынан тану 
Мемлекетіміздің  келешекте  дамып,  өркендеп,  ілгері  жылжуының  өзегі 
ғылым  мен  білімде  болса,  сол  рухани  байлыққа  ие  болар  жастарды  өмірге 
баулып,  тәрбиелеу  арқылы  саналы  ұлттық  ойлауын,  білімі  мен  іскерлік 
қабілеттерін  қалыптастырып,  дамытумен  байланысты  болмақ.  Бұл  тұрғыдан 
қарағанда қазіргі уақытта біздің білім беру жүйемізді әлемдік деңгейге жеткізу 
бағытында  атқарылып  жатқан  жұмыстар  оқытудың  жаңашыл  әдіс-тәсілдерін 
оңтайлы  қолдану  арқылы  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық  іс-әрекеттерінде 
шығармашылыққа  бейім,  өзіндік  болмысы  бекіген  жеке  тұлға  тәрбиелеу 
мақсатын  көздеуде.  Яғни,   мектептегі  педагогикалық  үдерісте  оқушылардың 
ғылыми 
танымдық 
әрекетін 
арттырып, 
ізденімпаз-шығармашылық  
белсенділігін дамыту қажет. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  жаңа  стандарты  оқушылардың  дайындық  деңгейіне,  орта 
және  бастауыш  білім  берудің  мазмұнына,  оқушылардың  оқу  жүктемесінің  ең 
жоғарғы  көлеміне  қойылатын  талаптарды  белгілейді.  Жаңартылған  стандарт 
орта  білім  беруде  жеке  тұлғаның,  қоғам  мен  мемлекеттің  келісілген  мүддесін 
танытады.  Стандарт  негізінде  мемлекет   жалпыға  мүмкін  болатын,  тегін  орта 
білім беруге кепілдік береді [70].  
Білім берудің жаңа стандарты келесідей мақсаттарға бағытталған: 
–  білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге; 


34 
 
–  күтілетін  нәтиже  түрінде  белгіленген  оқу  жетістіктерін  меңгеру 
деңгейіне  міндетті талаптар қою арқылы білім сапасын арттыруға; 
–  білім  беру  саласындағы  барлық  субъектілерінің  міндеттері  мен 
құқықтарын реттеуге; 
–  балалардың  денсаулығын  қорғауды,   тұлғаның  жан-жақты  дамуына, 
оның  ішінде  білім  алушының  қосымша  білім  алудағы  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қамтамасыз етуге; 
–  орта  білім   беру  ұйымдарының  меншік  нысанына,  типіне  және   түріне 
қарамастан  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта   білім  берудің 
сабақтастығын қамтамасыз етуге; 
–  орта  білім  беруді  ұйымдастыру  жұмысының  тиімділігіне  бақылау 
жүйесін құруға; 
–  білім  беруді  басқару   ұйымдарының   білім  беру   сапасын  қамтамасыз 
ету  жөніндегі  іс-әрекеттеріне  қажетті  жағдай  жасау  үшін  ұтымды 
бағалау  ұйымдастыруға; 
–  орта  білім  беруді  қаржыландыруға  мемлекеттік  бюджеттен  бөлінетін 
қаражатты ұтымды және тиімді пайдалануға; 
–  орта  білім  беру  ұйымын  дамыту  үшін   бюджеттен  тыс  бөлінетін 
қаржыны тағайындау мақсатын анықтауға бағытталған. 
Жаңа стандартта қарастырылған негізгі аспектілер: 
– қазақстандық мектептің озық дәстүрлерін сақтау мен  орта білім беруді 
ұйымдастырудағы әлемдік тенденцияларды кіріктіру; 
–  білім  берудің  нәтижелерін  пәндік  білім,  білік  және  дағдыдан 
құзыреттілік деңгейіне дейін кеңейту; 
– барлық балаларға бірдей дәрежеде мүмкіндік жасау ұстанымын  жүзеге 
асыру; 
–  орта білім беру  құрылымын жас кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру; 
– білім беру ұйымдарындағы инновациялық тәжірибені дамыту. 
Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жаңа  стандарты 
келесі жалпы принциптерді ескере отырып жасалған:  
–  оқыту мен тәрбиелеудің ұштастығы; 
–  ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды ескеру;  
–  білім  берудің  тұлғаны  қалыптастыруға,  оның  рухани-адамгершілігі 
және зияткерлік дамуын қамтамасыз етуге бағдарлануы;  
–  білім берудің оқу нәтижелеріне жетуге бағдарлануы;  
–  оқушылардың  оқу  қызметінің  жемістілігін  бағалаудың  айқын  және 
әділетті жүйесін қалыптастыру; 
–  білім  берудің  барлық  деңгейлеріндегі  білім  беру  бағдарламаларының 
сабақтастығын қамтамасыз ету;  
–  барлық оқушылар үшін қолайлы оқу ортасын құру; 
–  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру 
үшін  қажетті  жағдайларды  жасау  жолымен  үштілді  білім  беру  саясатын  іске 
асыруға бағдарлану. 


35 
 
Білім  берудің  барлық  деңгейлерінің  стандарттар  мазмұнын  жаңартып 
отыру  –  заңды  және  табиғи  құбылыс  болып  табылады,  себебі,  білім  беру 
стандарттары  қоғамның  үздіксіз  өзгеріп,  даму  жағдайларындағы  түрлі  ғылым 
саласы  мен  техниканың  өмірлік  тәжірибеге  ену  жағдайына  сәйкес  келуі  тиіс. 
Бұл  стандарттың  жаңа  нобайының  /моделінің/  құрылымы  қазіргі  заман 
талабынан  туындаған  мәселелерді  шешуге  негізделе  отырып  «Мектепте 
берілетін  білім  мазмұны  қандай  болу  керек  және  оны  не  үшін  әрі  қалай  оқу 
керек?» – деген сұрақтардың жауабына табуға бағытталғандығында. 
Жаңа  білім  беру  стандартының  маңызды  және  өзіндік  ерекшелігі  –  орта 
білім  берудің  құндылықтары  қатарына  бүкіл  ғұмыр  бойы  оқудың  кіргізілуі. 
Мәселен,  бастауыш  білім  берудің  жаңа  стандартының  жобасында:  білімдерді 
шығармашылықпен  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын 
орындай  білу  қабілеті,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
пайдалану, коммуникация тәсілдері мен тілдік дағдыларды қолдану, топта және 
жеке жұмыс істей білу қабілетін тұрақты жетілдіру көзделген [71].  
Бастауыш  сыныптардың  жалпы  білім  беру  жүйесінде  ерекше  орынға  ие 
екені анық, өйткені, оқушының жеке тұлғалық болмысының жетіліп, дамуына 
және  оның  әлеуметтенуінің,  ақыл-парасаты  мен  жалпы  мәдениеті 
қалыптасуының негіздері осы бастауыш білім беру кезеңінде қаланады.  
 
 
Сурет  1.  Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  тұжырымдамалық 
идеяларының бейнелік көрінісі 


36 
 
 
Жоғарыдағы  баяндалған  мәселелерді  талдай  келе,  жаңа  бағдарлама 
жүйесімен  педагогикалық  үдерістерді  ұйымдастыру  мен  өткізуде  мұғалімдер 
үшін төменде сипатталып берілетін қасиеттер ерекше мәнді болып табылады: 
-  сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу; 
-  оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау 
үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу; 
-  оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу; 
-  топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу; 
-  оқушыларды  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасап,  диалог  құруға 
ынталандыру; 
-  оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру; 
-  оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу; 
-  оқушылардың  логикалық  ойлау  дағдыларын  дамытуға  көмектесетін 
сұрақ қою; 
-  оқушыларға 
өздерінің  ойлау  дағдылары  мен  ғылыми-зерттеу 
дағдыларын қолдануды ескертіп отыру; 
-  жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру; 
-  оқушыларға  өзіндік  жұмыстарда  жетістікке  жетуге  мүмкіндік       бер
етін  жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру [72].  
Түрлі  ғылыми  саласы  бойынша    білімдердің  ықпалдасу  негізінде 
пәнаралық  байланыстың  «спериалдық»  сипатта  жүзеге  асуы    басшылыққа 
алынады. Себебі, бұндай жүйемен анықталуы олардың арасындағы өзіндік оқу 
материалындағы  білім  мазмұнының  логикалық  ілгерілік  тізбектестігімен, 
уақыттар  арасындағы  өзара  қатынастық  үйлесімдікпен  сәйкес  болуымен,    әрі 
олардың бір көрсеткіштік деңгейде кіріктірілумен сипатталады. 
Білімдердің  ықпалдасу  негізінде  пәнаралық  байланыстың  «қарапайым, 
фрагменттік,  жиі  құрастырылған»  түрлерін  бөліп  қарастырамыз.  Бұл  түрлі 
пәндердің  арасындағы  байланыс  пен  білімдердің  ықпалдасу  қатынасын 
анықтап,  олардың  өзара  сіңісу  мағынасының  жаңа  сапалық  деңгейдегі 
көрсеткішін білдіреді. Пәнаралық байланыста білімдердің ықпалдасуы арқылы 
жаңа  білім  терең,  көлемді  сипатта  және  оқытылатын  оқу  материалдарының 
әртүрлілігінің  топтасқан қосынды бейнесінде беріледі [73].  
Пәнаралық  байланысты  оқу-тәрбие  үдерісінде  мынадай  жағдайлардан 
көруге  болады:  пәнаралық  байланыстар  теориялық  білімді  іс  жүзінде  
қолдануға,  ғылымның  түрлі  салалары  жөнінде  кең  ұғымы  бар  адамды 
тәрбиелеуге  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кезеңде  оқушыларға  білім  беру  және 
олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.  
Бүгінгі  замандағы  ғылым  мен  техниканың  қарқындап  дамуы  –  мектеп 
өміріндегі білім берудің мазмұнына да өз ықпалын тигізуде. Мектепте берілетін 
білім  мазмұнының  күрделі  өзгерістерге  ұшырауы  да  осының  себеп-салдары 
екендігін ескеу қажет. Оқылатын пәндердің құрылымдық жүйесі де өзгерістерге 
ұшырай  отырып,  білім  берудегі  оқу  материалдарының    мазмұндық  сипаттары 
ғылымдардың  алуан  салаларының  өзара  байланысымен  үйлесімділік  тұрғыдан 


37 
 
кіріктіріліп,  ықпалдасуы  арқылы  пәнаралық  байланыстың  жаңа дәрежеге  құру 
негіздерін талап етіп отыр.  
Осыған  орай  пәнаралық  байланыстың  философиялық,  психологиялық, 
жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.  
Пәнаралық  байланыстың  философиялық  негізінде  дүниедегі  барлық 
заттың,  құбылыстардың  бірімен-бірінің  өзара  байланыстылығы  туралы 
тұжырымдалған  дүние  туралы  білімдер  де  бірімен-бірі  байланыста  болады. 
Объективті  дүние  белгілі  заңдылықпен  ұйымдасқан  жүйе  болғандықтан,  оны 
танып білуде де ғылымдар арасындағы өзара байланыстар болуын қажет ететіні 
анық.  Сондықтан,  түрлі  ғылым  салаларынан  білім  беретін  оқу  пәндері  әр 
ғылымның логикасына сүйенетіндіктен олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып 
бөлектенбейді.  Сондықтан  ғылымның  міндеті  өзара  байланыстылықты  танып 
білу [74,75].  
Қазіргі  бастауыш  білім  беру  кезеңінде  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруда 
басшылыққа алатын құжаттарда, бағдарламалық материалдарда қарастырылған 
пәнаралық  байланысты    жүзеге  асыруға  ерекше  мән  берілуде.  Бұл  бастауыш 
сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру мен танымдық 
болмысын  дамытушы  құрылымы,  яғни  бұл  ұғымдар  арасындағы  өзара 
байланыстар  мен  орындалатын  міндеттер  қарапайымнан  күрделіліге  қарай 
ұстанымымен  орындалады.    Сабақта  жаңа  оқу  материалдарын  оқып-үйренуде 
оқушылар  ғылыми  немесе  мәдени  зерттеу  үдерісінде  ертеректе  зерделенген 
ұғымдардың жаңа білімдер мен таным әдістері негізінде қалай шығарылғанына 
көз  жеткізуі  қажет.  Кез  келген  жүйенің  даму  барысы  –  бұл  оның  пайдалы 
функциясының артуы. Ғылыми білімдердің дамуы – бұл теория мен әдістердің 
функционалдық тиімділігінің жоғарылау үдерісі болып табылады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  тұлғасын  пәнаралық 
байланыстар  негізінде  қалыптастыру  үшін  оқу  пәндері  мен    сыныптары 
бойынша пәнаралық байланыс материалдары негізінде айқындалатын білімдер 
мен іскерліктерді білу қажеттілік болып саналады. 
Оқушылардың  шығармашылық  тұлғасын пәнаралық  байланыс   негізінде 
қалыптастыруда  мұғалімнің  шеберлігі  мен  тәжірибесі,  шығармашылығы, 
ізденістері  – оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудегі басты мәселе. Оқушылардың 
шығармашылық  тұлғасын  қалыптастыруда  бастауышта  оқылатын  барлық 
пәндердің  оқу  материалдарын  тізбектестік  негіздегі  логикалық  жалғамдарын 
басшылыққа  ала  отырып  пәнаралық  байланыс  бойынша  оқушының  тілін 
дамыту, ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын ояту, 
т.б.  шығармашылық  жұмыстар  нәтижесінде  тұлғаның  сана-сезімі,  қиялы, 
ойлауы  дамыту  мүмкіндіктерін  кеңейтуді    жүзеге  асыру  қажет.  Пәнаралық 
байланыстың  мақсаты  оқушылардың  ой-өрісін  жан-жақты  дамытады,  білім 
сапасын арттырады, оқу іс-әрекетінде белсенділік танытады, ақыл-ойын, ес пен 
ойлауын,  қиялын,  тапқырлығын  дамытады,  алған  білімін  өмірде  қолдануға 
деген зейінін, шығармашылығын шыңдай түседі.  
Жалпы  пәндер  ұғымдары  мен  ережелері  –  бұл  әрбір  пәнде 
пайдаланылатын  білімдер  мен    іскерліктер.  Олар  міндетті  түрде  мұғалімнің 


38 
 
зейінінде болуы шарт. Базалық білім деңгейі – бұл оқушылардың жалпы пәндер 
ұғымдарын және ережелерін меңгеруі [76,77].  
Бұның бүгінгі бастауыштың жаңартылған білім беру бағдарламаларының  
мазмұнында  орын  алғанын  көруге  болады.  Түрлі  ғылым  саласынан  оқылатын 
пәндердің  байланысы  жеке  пән  ішіндегі  оқу  материалына  енген  бөлімдік 
білімдердің  ықпалдануымен  тығыз  байланысты  болып,  тізбектілік  пен 
үйлесімділік әрі бірізділікпен бірыңғай тереңдетілген ғылыми алаңды құрайды.  
Білімдердің ықпалдасуы бастауыш білім берудің жаңа оқу жоспарындағы 
ғылыми  пәндердің  орналасу  тәртібіне,  материалдардың  блоктарға  немесе 
бөлімдер  мен  бөлімшелерге  нығыздалуына  және  оқуды  ұйымдастырудағы 
сабақ  кестесінің  құрылуына  тәуелді  болып,  блоктардың  немесе  бөлімдер  мен 
бөлімшелердің тізбектесіп берілу тәртіптері өз кезегінде оқу апталықтары мен 
оқу барысын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Бұл  бастауыш 
сыныпта оқылатын түрлі ғылыми саладағы пәндердің және жеке пәндердің ішкі 
білімдік  бөліктерінің  ықпалдастығын  көп  деңгейлікке  бағыттайды.  Мәселен, 
1,2,3 сыныпқа дейінгі оқылатын пәндердің оқу мазмұнында орын алатын ортақ 
тақырыптар  оқушылардың  игеретін  білімдер  жүйесін  логикалық  ілгерілік 
тізбектестігімен  уақыттар  арасындағы  өзара  қатынастық  үйлесімділіктің 
сәйкестікте берілуін құрайды. 
Бүгінгі  күндегі  ғылымның  дамуы  мен  оның  салалануында  оқылатын 
пәндердің өзара әрекеттесіп, бірін-біріне жақындаса түсуімен бірге, білімдердің 
де  ықпалдасу  ұйытқысын  жасап  отырғандықтан,  оқуды  ұйымдастыру 
формалары мен пәндерді оқыту тізбегі де жаңа сипатқа ие болуда. Сондықтан 
да  бастауыштағы  блоктардың  немесе  бөлімдер  мен  бөлімшелердің  тізбектесуі 
негізінде білім берудің жүзеге асырылуы және ондағы пәнаралық байланыстағы 
білімдердің  ықпалдасуын:  1.  Тіл  және  әдебиет:  Сауат  ашу,  Қазақ  тілі,  
Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі;  2. Математика 
және  АКТ:  Математика:  Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  (АКТ); 
3.Жаратылыстану:  Жаратылыстану;  4.  Адам  және  қоғам:  Дүниетану,  Өзін-өзі 
тану:  5.  Өнер:  Музыка,  Бейнелеу  өнері,  Еңбекке  баулу;  6.  Дене  шынықтыру: 
Дене  шынықтыру  –  білім  беру  салалары  бойынша  пәндерді  ұштастыру 
негізінде құрылу керектігі басшылыққа алынған. Әрі талап етеді [78].  
–  Пәнаралық  байланыс  негізінде  бастауыштағы  берілетін  білімдер  бір 
салаға 
енетін пәндер жиынтығын және бір пәннің артықшылығы негізінде 
құрылған; 
–  Білімді  ықпалдастыру  бағытында  пәнаралық  байланысты  жүзеге 
асыруда әр түрлі білім беретін пәндердің бір-бірімен тең дәрежеде жүруі және 
оқу материалдарының мазмұнының мағынасы жағынан қамту мәселесінде құру 
жағы  қамтылған; 
– Берілетін білім жағынан бір-біріне жақын туыс келетін пәндерді қамту 
қарастырылған  және  олардың  біреуі  өзіндік  ерекшелігін  жөнінен  жетекші 
орынға ие болып, ол екіншісі оған көмекші ретінде кірістіріп оқыту орын алған; 
– Білім беру салалары бойынша пәндердегі блоктардың немесе бөлімдер 
мен  бөлімшелердің  тізбектесіп  енгізілуі  жеке  пәндеріндегі  оқу  материалдары 


39 
 
мен  білімдерді  өзара  бір-бірімен  ықпалдастыруда  яғни,  пәнаралық 
байланыстылықты жүзеге асыруға бағытталғандығында; 
–  Бастауыштың  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасында  пәнаралық 
жүйедегі тәртібі олардың ерекшелігіне сай жүргізілуі көзделген;  
–  Пәнаралық  байланыс  негізінде  білімдерді  ықпалдастыру  бағытымен 
танымдық тапсырмаларды орындау, шешімін табу басшылыққа алынған [77].  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  даму  деңгейі  мен  саналы 
тәрбиелік болмысын қалыптастыру мен жетілдірудегі оларға білім берудегі тек 
пәнаралық байланысқа қатысты мәселені бір жақты қарап, ықпалдастыру тәсіл 
ретінде  мүмкіндігінше  кеңінен  орын  алғандығы  білім  берудің  жаңа 
бағдарламасында көрініс тапқан деуге болады. 
Бүгінгі  өмір  талабына  сай  қажеттілікті  өтеудегі  құзырлы  оқушының 
тұлғалық  болмысын  сомдап,  заман  талаптарына  сай,  әрі  үйлесімді    дамыту 
қажеттілігін  басшылыққа  алсақ,  онда  білім  берудің  жаңа  бағыттылығы  түрлі 
ғылым  негіздерінен  ауқымды,  әрі  топтастырылған  білім  беруде  ұйымдастыру 
барысында  түрлі  оқу  пәндерінің  өзара  байланысын  айқындау  шарт  және  ол 
білім беру мен оқыту талаптарының бірі болып отыр.  
Яғни,  пәнаралық  байланыстың  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі  ретінде 
жаңа  түрде  орын  алуы  –  дүниенің  бірлігін  бейнелейтін  ғылыми  білімдер  мен 
сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінің  шартынан туындайды. Бұндағы 
пәнаралық  байланысты  негізге  алу  ұстанымдық  қағидасының  басты 
себептерінің  бірі  –  жеке  пәндерден  берілетін  білімдерді  біртұтастық    жүйеге 
келтіру  болып  саналады.  Сондай-ақ  пәнаралық  байланыс  негізінде  оқу  пәніне 
ортақ  қағидалар,  ұғымдар,  деректер  жиынтығы  түзіліп,  оқу  материалдарының 
қайталанбауын,  тиімді  орналасуын  басшылыққа  алып,  білімдерді  тәртіпке, 
жүйеге  келтіріп,  ғылыми  танымды  жан-жақты    қалыптастыруға  қызмет  етеді 
және  оны  іске  асыратын  әдістер  арасында  өзара  байланыстар  орнатуға  берік 
ықпал  жасайды. 
Бүгінгі  күндегі  білім  беру  жүйесінің  міндеттерін  жүзеге  асыру  – 
мемлекетіміздегі  білім  берудің  мемлекеттік  саясаттының  ұстанымдық 
қағидаларына тәуелді. Сондықтан құзырлы оқушы дайындаудың жаңа бейнесі 
мен  бағыттылығын  айқындап  алу  барысында    осы  тұрғыда  жұмыс  жасау 
міндеттері  туындайды.  Міне,  осыдан  бастауыштағы  жаңартылған  білім  беру 
бағдарламасының  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің»  озық  педагогикалық 
тәжірибелерінің негізінде жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне үйлесімділігі 
бар екендігін көре аламыз.   
Қазіргі  кезеңдегі  қолданысқа  енген  «Жалпы  міндетті  бастауыш  білім 
берудің  мемлекеттік  стандартында»  [79]  жаңартылған  білім  мазмұндағы 
Қазақстан  Республикасы  мектебі  адамның  қоғамдық  мәнінің  жан-жақты, 
үйлесімді  дамуының  негізін  жасайды  және  осы  ресми  құжаттың  аясында  жас 
ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  берудің  міндеттерін  орындауды  қамтамасыз  етеді. 
Бұл білім беру жүйесіндегі сатылық деңгейіне қарай оқыту талаптарын жүзеге 
асыруды басшылыққа алады. 


40 
 
Оқыту талаптары – оқу үдерісінің тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз 
ететін  негізгі,  іргелі  ой  жүйесі.  Оқыту  талаптарының  жүйесі  тиімді  оқыту 
заңдылықтарынан шығады. 
Білім беру және оқыту  теориясының оқыту талаптары тарихи нақты және 
белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді бейнелейді. 
Қоғамның  ілгерлеуімен  ғылымның  дамуы  ықпалынан,  оқытудың  жаңа 
заңдылықтарының  талабынан  озат  тәжірибесінің  жинақталуынан  оқыту 
талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі. 
Оқыту  талаптары  жөніндегі  қазіргі  тұжырымдама  оқу  үдерісінің 
мақсаттарын,  мазмұнына,  әдістері  мен  ұйымдастыру  түрлерін,  сонымен  қатар 
оның  нәтижесінің  талдауға  белгілі  бір  шарттар  қояды,  оқыту  талаптарының 
біртұтастығын, белігілі бір логикалық тізбегін қамтамасыз ету, мұғалімнің оқу 
үдерісін жоспарлауға және ұйымдастыруына басшылыққа алуына көмектеседі. 
Әрбір оқыту талабы оқыту үдерісінің белгілі бір құрамасына басшылық, 
жетекшілік қатынасы болғанымен бүкіл оқу үдерісіне толық ықпал жасайды. 
Оқу  талаптарына  оқытудың,  білім  берудің  біртұтас  міндеттеріне 
бағытталғандығы,  оқушы  тұлғасының  тәрбиеленуі  мен  жалпы  дамуы, 
оқытудың  ғылымилығы  мен  оның  өмірімен  байланысы,  оқытудағы  жүйелілік, 
бірізділік, ұласымдылық, оқытудың қол жетімділігі, оқушылардың шын оқи алу 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  келуі,  оқытудың  көрнекілігі  болуы  енеді.  Соңғы  кезде 
оқыту  әдістерін  оқытуды  ұйымдастыру  түрлерін  қолайлы  үйлестіру  де  оқыту 
талаптары ретінде ерекше мәнге ие болуда. 
Білім  беру  және  оқыту  теориясының  оқу  үдерісіндегі  оқушылардың 
саналылығы,  белсенділігі  өз  бетіндегі  білім  мен  біліктердің  беріктігі, 
ұғынылғаны және әрекетті болуы талаптарына байланысты болып отыр. Оқыту 
үшін  қажетті  оқу-материалдық,  гигиеналық,  моральдық-психологиялық, 
эстетикалық шарттар да оқыту топтары ретінде қойылуда. 
Оқыту  талаптары  өзара  тығыз  байланыста  қолданылады.  Тәжірибеде 
оқыту  талаптарын  біртұтас  пайдалану  оқу  үдерісінің  басты  құрамдық-
құрамаларының  қызметін,  оқытудың  қолайлы  нәтижелерін  қамтамасыз  етеді 
[80].  
Мектеп өмірінде оқушы қазіргі ғылымның түрлі салаларының дамуының 
деңгейінде  берілетін  білімдерді  игереді.  Бастауыш  білім  беру  кезеңіндегі 
қамтылған  оқу  материалдарының  мазмұны  –  келешекте  міндетті  түрде 
жалғастыратын орта білімнің негізі болып, болашақ үміт дүниесінде кез келген 
мамандықты  меңгеруге  мүмкіндік  берудің  өзегі  болып  табылады. 
Бастауыштағы  жаңартылған  білім  мазмұны  басқа  буындармен  тек  сабақтас 
болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі 
екендігі  анықталған.  Осы  бағытта  пәнаралық  байланыс  бастауыш  сатыда 
жекелеген  пәндер  ең  алдымен  оқушыда  мәдениеттің  базистік  қырларын 
қалыптастыруда,  оның  жеке  тұлғалық  болмысын  дамытуға  және  тәрбиелеуге 
қызмет  еткендіктен  жаңартылған  білім  мазмұнында  пәнаралық  негізінде 
кіріктіре  (жеке  пәндік  оқу  материалдары,  жеке  бөлімдер  мен  тақырыптар 
аясында)  қарастырылуының  біртұтастығын  қамтамасыз  етудің  маңызы  зор. 


41 
 
Бұл,  оқушы  тұлғасының  дарындылық  табиғаты,  қабілеті,  дамуының  өзегі, 
ізденушілік пен зерттеушілікке негізделген шығармашылық мүмкіншіліктерінің 
психологиялық  құрылымы  болып  табылады.  Яғни,  бастауыш  сыныптарда 
оқушы  тұлғасын  дамытудың  бірден-бір  құралы  ол  –  пәнаралық  байланыс. 
Бастауыш  білім  беру  кезеңіндегі  оқушылардың  өзіндік  ерекшеліктері  мен 
таным  мүмкіндіктерін  ескере отырып, психология, педагогика  ғылымдарының 
заңдылықтарын  басшылыққа  алып  және  жеке  пәндердің  теориялық 
мазмұнындағы  оқу  материалдарының  жақын,  үйлесімділігіне  мән  бере  оқыту 
педагогикалық  технологияларды  пайдалана  білуге  итермелейді.  Мұғалімнің 
бұндай  іс-әрекетінің  ұйымдастырылуы  оқушы  тұлғасын  дамытудағы  күрделі 
жұмыс болып табылады [81].   
Пәнаралық  байланыстың  философиялық  негізіне  мән  берсек,    қоршаған 
әлем, ортадағы, яғни, дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бір-бірімен өзара 
байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдер жүйесін қарастырады. Бұнда 
оқушы  өз-өзін  бағалауға,  жеке  танымдық  әрекеттерге  негізделген  білімдерді 
игеруге,  өзінің  жеке  болмысын  тануға  мүмкіндігін  ашып,  ынта-ықыласын 
шабыттандырып,  қабілетін  ояту,  ақыл-ойын  дамыту  арқылы  қоршаған  ортаға 
ғылыми  танымдық  көзқарастарының  қалыптасуында  берілетін  білімдер 
жиынтығы  оның  санасында  нық  орын  алуына  мақсаты  бағытталу  болып 
табылады.  Негізінен,  оқу  пәндері  әр  ғылымның  логикасына  сүйенетіндіктен, 
олар  бір-бірінен  өз  алдына  оқшауланып,  бөлшектелінеді  бірақ,  педагогикалық 
үдерісте  пәнаралық  байланыстың  орын  алуы  барысында  педагогика 
ғылымының 
заңдылығына 
сүйенетін 
философиялық, 
психологиялық, 
дидактикалық  және  жеке  пәндердің  теориясы  мен  әдістемесі  жағынан 
қарастырылатын күрделі құбылыс мәніне және кешенді тұрғыдан қарастырылу 
сипатына ие болады.  
Пәнаралық  ықпалдастық  –  түрлі  оқу  пәндерінің  арасындағы  өзара 
байланысын    айқындау  шарты  және  білім  беру  мен  оқыту  талаптарының  бірі. 
Пәнаралық  байланыс  қажеттігі  әлемнің  бірлігін  бейнелейтін  ғылыми  білімдер 
мен  сенімдер жүйесін  қалыптастыру  міндеттерінің  шартынан  туындайды.  Оқу 
пәндерінің (табиғаттану, қоғамдық-тарихи, мейірмандық-талғамдық ғылымдар) 
топтары  денгейінде  табиғат,  қоғам,  адамдардың  өзара  әрекеті  жөніндегі 
жетекші  және  жалпылама  қағидалар  қамтылады.  Оқу  пәндерінде 
қарастырылатын  бұл  қағидалар  оларды  білім  беру  мазмұнының  біртұтас 
жүйесінде  біріктіреді.  Бұл  жерде  пәнаралық  байланыстың  дүниеге  көзқарас 
қызметі  маңызды  роль  атқарады.  Ол  білімдерді  тәртіпке,  жүйеге  келтіреді, 
игерілуінің  өз  бетіндігі  мен  беріктігін  қамтамасыз  етеді.  Пәнаралық  байланыс 
арқасында бірқатар оқу пәндеріне ортақ жетекші қағидалар, ұғымдар, деректер, 
ғылыми таным әдістері арқасында өзара байланыс орнығады. 
Пәнаралық  байланыс  бірқатар  педагогикалық  ұйымдастыру  мәселелерін 
оң  шешуді  қамтамасыз  етеді.  Олар:  оқу  материалының  қайталанбауын,  тиімді 
орналасуын,  мұғалімдердің  бірлесе,  келісімді  жұмыс  істеуге  бірігуін 
қамтамасыз етеді [80].  


42 
 
Сондықтан  ғылымның  міндеті  –  дара  байланыстылықты  танып  білу. 
Бастауыш  сынып  оқушысының  дамуындағы  орын  алатын  білім  мазмұндары 
бірнеше  пәндердің оқу  материалдарын  қамти  отыра,  олардың  даму  деңгейінің 
сатылық жүйесінде сапалық қызметтерге ие болуы тиіс. Бұл оқушы дамуының 
психологиялық негіздерін басшылыққа алу қажеттілігіне алып келеді.  
Оқыту  психологиясы  –  педагогикалық  психологияның  құрамды  бөлігі. 
Оқушылардың  білімдерді  игеру  барысының  (оқу  материалдарын  қабылдау 
және ұғыну, оны кезінде бекіту, тәжірибеде қолдану), білік пен дағдыларға ие 
болуының  психикалық  заңдылықтарын  зерттейді.  Оқыту  психологиясы 
оқытудың  сылтауларын  (мотивтерін)  оқушылардың  жас  және  жеке 
ерекшеліктерін,  оқу  іс-әрекетінің  ұйымдастыру  тәсілдерін,  білім  алудың  көзі 
ретінде  оларды  пайдаланудың  қажетті  шарты  ретінде  тәжірибенің  рөлін 
анықтайды.  Оқыту  психологиясының  нәтижелерін  оқытудың  тиімді  әдістерін 
жасауда,  бағдарламалар  мен  оқулықтарды  құрауда,  оқушыларға  жеке 
қатынасты қамтамасыз етуде маңызы зор. 
Оқыту  психологиясы  білімдерді  игеру  мен  адам  дамуының 
заңдылықтарын белгілей отырып, мұғалімдерге оқу, оқу-тәрбие жұмыстарының 
тиімділігін арттыруға көмектеседі [80].  
Психолог  Л.С.Выготский,  педагогикалық  үдерістегі  орын  алатын 
оқытудың  психологиялық  қырларына:  «Баланың  психикалық  дамуы  –  әрекет 
етудің  тарихи  қалыптасқан  формалары  мен  тәсілдерін  игеру  жолымен  жүзеге 
асады.  Психикалық  дамудың  қозғаушы  күшіне  –  оқыту  жатады.  Бірақ  осы 
жерде  оқыту  мен  білім  берудің  ара  салмағын  нақты  ажыратқан  дұрыс.    Даму 
үдерісі  ішкі  қозғалыс  заңына  бағынады,  ал  оқыту  баланың  даму  үдерісінде 
қажетті  құрамалар  ретінде  түсіндіріледі,  яғни  оқыту  дамудың  жақын  зонасын 
жасайды,  балада  дамудың  ішкі  үдерістерін  қозғалысқа  келтіреді».  «Дамудың 
жақын  зонасы»  –  жоғары  психикалық  үдерістердің  қалыптасу  заңының 
логикалық салдары болып табылады. 
«Психикалық  үдеріс  біртұтас  әрекеттерге  сәйкес  қалыптасып,  дамудың 
жақын  зонасын  құрайды,  тұрақтылық  формаға  ие  болып  субьектінің  өзекті 
даму  формасына  айналады.  Дамудың  жақын  зонасы  балалардың  ақыл-ойын 
диагностикалаудың  критерийі  болып  саналады.  Дегенмен,  толық  мүмкіндігі 
ашылмаса  да,    жетілу  үдерісіндегі  аумақты  қамти  отырып,  дамудың  жақан 
зонасы  баланың  ішкі  мүмкіндік  жағдайындағы  психикалық  болмыстардан  
түсініктеме  береді  және  бұл  өз  кезегінде  ғылыми  негізделген  болжам  мен 
тәжірибелік  ұсыныстарды  жасауға  себеп  болады.  Бұл  баланың  дамуының 
ертеңгі көрсеткіштеріне бағдарлануы тиіс», – дейді Л.С.Выготский [82].  
Жаңартылған бастауыш білім беру мазмұнындағы оқу материалдарының 
жүйесі оқушының өздігінен білім алуын басшылыққа  ала отырып, оқушыдағы 
ғылыми-танымдық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асырады. Бұл міндет бір 
пәннің  шеңберінде  шешілмейді.  Сондықтан  әрбір  мұғалім  жеке  деректерді 
нақтылы  жағдайларды,  оқиғаларды  түсіндірумен  ғана  емес,  пәнаралық 
байланыс  негізінде  білім  беруді  жүзеге  асыруы  қажет.  Бұл  дегеніміз  –  жалпы 
ғылымдар  жүйесінің  негізінде  дидактикалық  мақсаттардан  туындайтын  оқу 


43 
 
бағдарламаларының  өзара  шартты  байланыстарын  пәнаралық  ықпалдастықта 
қарастыру болып табылады. 
Сондықтан бастауыш білім беру кезеңінде пәнаралық байланысты жүзеге 
асырудың  тиімділігін  қарастыру  педагогикалық  үдерісті  ұйымдастырудағы 
басты  міндеттердің  бірі  болмақ.  Бастауыш  сыныпта  пәнаралық  байланыс 
бірқатар  педагогикалық  ұйымдастыру  мәселелерін  шешуді  қамтамасыз  етеді. 
Пәнаралық  байланысты  өзекті  мәселе  ретінде  қарастырып,  педагогикалық, 
психологиялық  жағынан  зерттеумен  қатар,  бұл  жайында  өзіндік  пікірлерін 
ғылыми 
тұрғыдан 
негіздеп 
берген 
отандық 
ғалымдардардың 
ой-
тұжырымдамалары өзіндік орын алады.  
Қазақтың  ұлы  ғалымдарының  бірі  –  педагог-психолог  Т.Сабыров, 
пәнаралық  байланыс  негізінде  оқушылардың  икемділік  пен  дағылары 
анағұрлым  күшті  дамитындығын  дәлелдеген.  Білім  беру  мен  тәрбиелеу  және 
оқушының  жеке  танымдық  әрекетіндегі  оқу  үдерісі  нәтижесіндегі  игерілген 
икемділік  пен  дағды  оқушының  алған  білімінің  қаншалықты  берік  екендігінің 
нәтижесі  оның  тұлғалық  даму  өзегі  болып  табылады.  Жеке  пәндердің 
мазмұндық құрылымын құрайтын оқу материалдарының  ерекшеліктеріне орай 
берілетін білімдер жиынтығы негізінде оқушыларда түрлі икемділік пен дағды 
пайда болады. Бұны профессор Т.Сабыров бірнеше топқа бөліп қарастырған: 
1. Интеллектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.); 
2.  Еңбекке  икемділік  пен  дағды  (сызба,  оқи  білу,  еңбек  құралдарымен 
жұмыс істей білу, т.б.); 
3. Спорттық икемділік пен дағды; 
4. Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б. 
Педагогикалық үдерістегі білім беру мен тәрбиелеу және оқыту мен оқу 
әрекеттерінің барысында оқушылар танымдық, ғылыми-танымдық, тәжірибелік 
мақсатты-бағдарлы  іс-әрекеттермен  шұғылданады.  Осы  іс-әрекеттердің 
нәтижесінде  оқушыда  пәнаралық  байланыс  іскерлігі  қалыптасады»,  –  деп 
негіздеген [76,77].  
Ал,  педагог-ғалым  А.А.Бейсенбаева  «Пәнаралық  іскерлік»  ұғым-
түсінігіне:  «Пәнаралық  іскерлік  оқушылардың  бір  пәннен  меңгерген  білім, 
іскерлік,  ептілік,  дағдыларын  екінші  пәндерді  меңгеруде  пайдалана,  қолдана 
білу  қабілетін  анықтайды.  Бұл  пәнаралық  іскерлік  бастауыш  сынып 
оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше 
қалыптасып  дамиды».  Яғни,  пәнаралық  іскерлік  бастауыш  білім  беру 
кезеңіндегі 
педагогикалық 
үдеріске 
қатысушы 
оқушылардың 
жас 
ерекшеліктеріне  сәйкес  және  олардың  өзіндік  даму  сипатына  орай 
жасалынатындығын  ғылыми  тұрғыдан  негіздеп,  ерекшелігіне  мән  беру 
керектігін ескертеді [74,75].  
Пәнаралық  байланыс  педагогика  ғылымының  басты  мәселесі  болуымен 
бірге  қазіргі  заманғы  ғылымдардың  ықпалдасу  ағымы  аясы  жағдайында 
мектептер  жүйесінің  білім  мазмұнын  айқындаудың  басты  шарты  болып 
саналады.  


44 
 
Пәнаралық  байланыстың  құрылымын  іске  асыру  барысында  педагогика 
ғылымындағы  көптеген  қозғаушы  жағдаяттарға  мән  беру  басты  мәселе  болып 
табылады.  Оқыту  үрдісінде  пәнаралық  байланысты  іске  асырудың 
құрылымдық-құрамалы белгілерін төмендегідей ретте қарастырған жөн: 
 пәнаралық байланысты жүзеге асырудағы мақсат; 
 білім  мазмұндары  өзара  байланысқа  түсетін  оқу  пәндерін  саралап, 
ірікту; 
 оқу  пәндеріндегі  оқу  материалдарының  кіріктірілетін  бөлімі  немесе 
бөлігі мен тақырыптарының өздеріне тән әрқайсысының ерекшелігін саралау; 
 пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асырудың  әдістемелік  негізіндегі 
технологияларды пайдалану  жолдары. 
Жеке  пәндердің  оқу  материалдарының  мазмұнындағы  біліми  деректерді 
оқушыларға  тасымалдауда  пәнаралық  байланысқа  мән  бермеу  оқу  пәндері 
материалдарының  бірін-бірі  қайталауға,  оқушылардың  көптеген  ұғымдар  мен 
заңдылықтарды  тар  шеңберде  түсінулеріне  алып  келеді.  Білім  мазмұнын 
меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені, ол –өзара 
жақын  пәндердің  бағдарламасындағы  оқу  материалын  үйлестірудің  және 
іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі. 
Өткеннің  тәжірибесіндегі  педагогика  жүйесінде  орын  алған  пәнаралық 
байланыс  идеясы  тарихи  дамуда  дәлелденіп,  қазіргі  педагогика  ғылымының, 
оның  ішінде  пәнді  оқыту  әдістемесінің  басты  мәселесіне  айналып  отыр. 
Сонымен  қатар  пәнаралық  байланыс  –  қазіргі  заманғы  ғылымдардың  кірігу 
аясы жағдайында мектеп өміріндегі педагогикалық тәжірибе жүйесінде көрініс 
беретін  мәселе  ретінде  білім  мазмұнын  айқындаудың  басты  шарты  болып 
табылады.  
Пәнаралық  байланысты  оқу-тәрбие  үдерісінде  падаланудың  негізі 
пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде  қолдануға мол мүмкіндігі 
бар, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар тұлға тәрбиелеу болып 
саналады. Яғни, бұл өз кезегінде оқушыларға білім беру және олардың ғылыми 
танымдық  болмысын  дамытуға  ықпал  жасайды.  Бұл  тұрғыдан  келгенде 
пәнаралық  байланысты  дидактикалық  қағида  деп  қарастыру  тұрғыдағы 
көзқарасты  қалаптастыру  қателік  болар  еді,  себебі  оның  педагогикалық 
мақсаттылығы  оқытудың  жүйелілік  қағидасынан  туындайды,  ол  білімнің 
тұтастай жүйесінің оның  негізгі бөліктерінің, атап айтқанда адам, қоғам және 
қоршаған  орта  туралы  нақтылы  айқын  түсініктердің  өзара  байланысын 
білдіреді [83].  
Жеке пәндердің оқу  материалдарын өзара кіріктіру  барысында берілетін 
білім    деректердің  мазмұндық  жүйесін  баяндау,  хабарлау  екені  анық.  Бұл 
берілетін  білімдердің  аясындағы  деректер  жиынтығы  арқылы  оқушылардың 
ғылыми-танымдық  үдерісін  дамытудың  өзегі  болмақ.  Екіншіден,  оқушылар 
білімдерінің  қолданбалық  қажеттілігін  түсіне  білуі,  бұл  өз  кезегінде  –
оқушылардың алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие 
болуға негіз болады. Үшіншіден, жеке пәндердің білім мазмұнын беретін  оқу 
материалдарын  оқушыларға  кіріктіре  беру  барысында  орын  алатын 


45 
 
ұйымдастыру  әдістемелік  жұмыстардың  жүйелі  жүргізілуі  мен  педагогикалық 
технологияларды ұтымды пайдалана білу мәселелері орын алады.     
Қорыта айтқанда пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында қазіргі 
уақыттағы  пәндерді:  қоғамдық-гуманитарлық,  жаратылыстану-математикалық, 
технологиялық,  көркем-эстетикалық  білім  мен  тәрбие,  беруге  топтастыру 
қағидасын  басшылыққа  алып,  жүзеге  асыру  –  мұғалімдер  мен  болашақ 
мамандардың бұл бағытта шығармашылық іс-әрекетке дайын болу қажеттілігін 
міндеттейді. 
Яғни,  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыру  барысында  төмендегідей 
мәселелер қамтылады: 
–   Топтастырылған  оқу  пәндері  арасындағы  өзара  байланыстың  болуы 
ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты; 
–   Ғылыми-танымдық  көзқарастың  қалыптасуы  –  жеке  пәндердің  білім 
мазмұнын  беретін  оқу  материалдарының  барлық  құрамды  бөліктерінің 
байланысын талап етеді; 
–   Пәнаралық  байланыс  толыққанды  тәрбие  беру  жүйесінің  барлық 
салаларын кешенді жүзеге асыруға ықпал жасайды; 
–   Пәнаралық  байланыс  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметін  ғылыми  негізде 
ұйымдастырылуының  өзегіне    айналады  және  тәжірибеде пайдалануы  арқылы 
жүзеге асырылады;  
–  Мұғалімдердің  кәсіби  қызметінде  пәнаралық  байланыс  негізінде 
оқушыларға  білім  мен  тәрбие  берудегі  дайындығы  және  қандай  жағдайда 
екендігінің деңгейлігін білу [84].  
Сонымен  пәнаралық  байланыс  –  өзінің  мәні  жағынан  көп  мағыналы, 
педагогикалық  табиғаты  бар,  жеке  құбылыстық  сипатқа  ие  өзекті  мәселе. 
Қазіргі  педагогика  ғылымының  жан-жақты  қарастырылатын,  зерттейтін 
мәселесінің  бірі  деуге  негіз  бар.  Демек,  пәнаралық  байланыс  білім  беру 
мәселесінің  жеке  құбылыстық  сипатына  ие  деп  түсінсек,  онда,  педагогикалық 
үдерісте  оның  мазмұнды  әдістер  жүйесіндегі  педагогикалық  технологияларды 
пайдалану және ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалық жағынан қайта 
қарауға  жетелейді.  Нәтижесінде  оқытудың  дамытушылық,  білім  және  тәрбие 
берушілік қызметі объективті түрде кеңейеді. 
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту, оқу 
үдерісінде  білім  мен  тәрбие  беру  және  дамытушылық  сипатының  арасындағы 
байланысты құру болып табылады. 
Бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарларын 
пәнаралық  байланыс  негізінде  жетілдіру  мәселесін  басшылыққа  алып  отыр.  
Бұл  өз  кезегінде  мұғалімдердің  кәсіби  қызметінде  шығармашылық  пен 
ізденістерін  жеке  пәндердің  оқу  материалдарын  ғылыми  негіздегі 
топтастырылу  қағидасына  орай  байланыстыруды  негізге  ала  отырып,  оқу-
тәрбие  үдерісін  жаңа  талаптық  деңгейде  ұйымдастыруы  қажет  екендігін 
дәлелдеп отыр.  
  


46 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет