12
толықтай морфологиялық жəне биологиялық анализ жүргізіп, кекірелердің адаптивті ерекшеліктерін
зерттеу болды.
Балықтар жылыммен ауланды. Ауланған балықтар бірден 4% формалин ерітіндісіне салынды.
Морфобиологиялық анализ И.Ф. Правдиннің əдістемесі бойынша, кейбір толықтырулар енгізіліп,
жүргізілді. 51 дана зерттеліп, мəліметтердің статистикалық өңдемесі «Excel» бағдарламасымен
жасалды.
Зерттелген талдаманың ішінен аналықтары басым болып келді – 60,8%, аталықтары – 27,4%,
жыныстық жағынан жетілмеген даралар – 11,7% көрсетті. Бұндай айырмашылықты аталықтарының
ұрпағына қамқорлық көрсету инстинктімен байланыстыруға болады. Балықтардың дене мөлшері 31,7
– 48,7 мм, салмағы 0,57 – 2,04 г аралығында болды. Əдебиет көздерімен салыстырғанда айтарлықтай
өзгерістер көрсетілмеген, алайда, балықтардың қазіргі дене мөлшері біршама кішірейгендігі
байқалады. Қоңдылық коэффициенті Фультон бойынша орташа - 0,009, Кларк бойынша орташа -
0,002 көрсеткен, бұл көрсеткіштер əдебиет көздерімен салыстырғанда біршама төмендегенін
көрсетті. Қоңдылық мəнінің қатты айырмашылық көрсетуі қоректік базаның жетіспеуінен болған түр
ішілік, түр аралық бəсекелестіктен туындағанын түсіндіреді. D қанатының сəулелерінен ІІ 9-11
айырмашылық байқалмаған, басқа қанаттарының сəулелерінен де айырмашылық жоқ.
Негізінен ауытқулар
lc басының ұзындығы 6,40 – 9,30 (əдеб. 21,43 – 27,59),
о көзінің диаметрі
2 – 3,4 (əдеб. 5 – 10) жəне антедорсальді, антеанальді, антевентральді, антепектральді
арақашықтықтарында, дене биіктігі, денесінің ең төмен жері, құйрық сабақшасының ұзындығы, көз
арасы жəне т.б. көрсеткіштерінен анықталған. Осылайша, алынған мəліметтер су ағынына
байланысты кекіренің көрсеткіштері өзгеретіндігін көрсетеді.
Ғылыми жетекші:б.ғ.к., доцент м.а. Қожабаева Э.Б.
Достарыңызбен бөлісу: