"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ОКТЯБРЬ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ БЕНТОФАГ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРЕКТІК



Pdf көрінісі
бет12/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ОКТЯБРЬ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ БЕНТОФАГ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРЕКТІК 
РЕСУРСТАРЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Асқар Г. Х. 
Əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униерситеті 
gulsim-97@bk.ru
  
 
  Октябрь  су  қоймасы  Алматы  облысы  Талғар  ауданында  1965  жылы  салынған.  Бұл  су 
қойманың  ауданы  107,1  га  құрайды.  Су  қойманың  ұзындығы  1,83  км,  ені  1,34  км,  максималды 
тереңдігі  7  м,  орташа  тереңдігі  4,5  м.  2017  жылы  маусым  жəне  тамыз  айларында  Октябрь  су 
қоймасында  зообентос  сынамалары жиналды.  Зообентос  сынамаларын алуға  Петерсон  (0,25  м
2
  )  су 
түбі көсіп алғышы пайдаланылды. Алынған грунтты жуып-шаятын тормен су мөлдір болғанша лайды 
шайып,  пластмасса  контейнерлерге  салдық.  Ішінен  барлық  организмдарды  теріп  алып,  4  % 
формалинмен  фиксирлеп,  этикеткамен  жабдықтадық.  Бүкіл  жиналған  материалдар  зертханалық 
жағдайда  өңделіп,  зообентос  сынамаларын  анықтау  жұмыстары  арнайы  гидробиологиялық 
анықтауыштар көмегімен анықталды.  
  Су  қойманың  макрозообентосында  9  түр  анықталды.  Биоалуантүрлілікте  басым  болған 
насеком дернəсілдерінің 6 таксоны кездесті. Оның ішінде 5 түрі қосқанаттылардан хирономидтерге 
тиесілі болды. Маусым айында зообентостың сандық көрсеткіші 2660 экз./м
2
, биомассасы 3904 мг/м

болды.  Зообентоста  сандық  көрсеткіші  жөнінен  (84,9  %)  жəне  биомассасы  жағынан  (73,8  %) 
доминантты болған олигохеттер. Хирономид дернəсілдерінің сандық көрсеткіші 14,3 %, биомассасы 
25,53 % болды. Тамыз айындағы бентостың сандық көрсеткіші 100 экз./м
2
 , ал биомассасы 1528 мг/м
2  
тең  болды.  Алдыңғы  аймен  салыстырғанда  бентоста  сандық  көрсеткіш  (2,6)  пен  биомассасы  (2,5) 
төмендегенін  байқадық.  Бентос  қауымдастығында  60  %    сандық  көрсеткіш  пен  63,5  %  биомасса 
моллюскалардың  үлесіне  тиіп  отыр,  ал  азқылтанды  құрттар  мүлдем  кездеспеді.  Қорытындылай 
келсек,  маусым  жəне  тамыз  айларында  Октябрь  су  қоймасының  зообентос  қауымдастығының 
қоректік  дəрежесі,  С.П.Китаевтің  анықтау  шкаласымен  орташадан  төмен  көрсеткіштер  арасында 
ауытқып отырды.  
  2010  жылы  Қазақ  балық  шаруашылығы  ғылыми  зерттеу  институты  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізгенде,  зообентос  қауымдастығының  сандық  көрсеткіштері  өте  төмен  болған.  2017  жылы 
зерттеу  барысында  қоректік  дəрежесінің  орташа  көрсеткіште  екендігін  байқадық.  Қазіргі  кезде 
Октябрь  су  қоймасындағы  балықтардың  қоректік  ресурстарын  анықтау  жұмыстарын  Балық 
шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жалғастырып отыр.  
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., доцент Минсаринова Б.К.       


11 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет