Жоспар: Коллоидтық химия пәні


тәрізді,  сұйық  және  қатты  күйде



Pdf көрінісі
бет119/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127
Байланысты:
eb328fe6b3153bcf9af5fe94e039f6e2 (1)

тәрізді,  сұйық  және  қатты  күйде  болатындығы  анықталды.  Соңғы  екі 
қабыршық конденсацияланған деп аталады. 
4. Газ тәрізді беттік қабыршықтар (ГБҚ) 
Егер қабыршықтағы молекулалар арасындағы әрекеттесу күші онша үлкен 
болмаса,  онда  БАЗ  молекулалары  өздеріне  берілген  жеткілікті  су  бетінде 
таралып кетуге ұмтылады және газ молекулалары сияқты бір-бірінен мүмкін 
болатын  үлкен  аралықтарға  қашықтайтын  болады.  Жылу  қозғалысы 
нәтижесінде  молекулалар  ылғи  да  су  бетінде  бір-біріне  тәуелсіз  орын 
алмастырып  отырады.  Бұл  беттік  керілуге  қарама-қарсы  бағытта  әсер  ететін 
беттік  қысымды  тудырады.  Мұндай  қабыршықты  қос  өлшемді  газ  деп 
есептеуге болады, себебі бұл газ молекулалары судан ажырай алмайды және 
тек  екі  бағытта  (координаталық  жүйенің  х  және  у  остері  бойынша)  ғана 
қозғалуға мәжбүр болады. 
БАЗ-дың  дифильді  молекуласының  полярлы  тобы  гидрофильдігі  және 
гидраттала  алу  қабілеті  арқасында  суға  бататын  болады  да  көмірсутек 
радикалы (R) суда “шалқасынан” (не “етпетінен”) жататын болады, себебі R 
мен су молекулалары арасында тартылыс бар. 
Газ  тәрізді  қабыршықтарды  (ГТҚ)  R  өте  үлкен  де  емес  және  өте  кіші  де 
емес  дифильді  молекулалы  органикалық  қосылыстар,  мысалы,  тізбектегі 
көмірсутегі  атомы  (С)  12-ден  кем  емес  және  20-22-ден  көп  емес  майлы 
қышқылдар,  алифатты  спирттер  және  молекулалық  салмағы  өте  үлкен  емес 
аминдер түзеді. 
Үш  өлшемді  және  екі  өлшемді  газдар  арасындағы  ұқсастық  оларда  газ 
қысымы  болуымен  және  екі  газ  үшін  де  түрлері  бірдей  күй  теңдеулерін 
қолдануға болатындығына байланысты. 
Екі өлшемді газ үшін аз концентрациялардағы Шишковский теңдеуі (𝜎 =
𝜎
0
− k𝑐) және Гиббс теңдеуі негізінде  
𝒫
𝑆
∙ 𝒜 = 𝑅𝑇                                       (2) 


түріндегі беттік қабаттың күй теңдеуін алуға болады. Мұндағы: 𝒫
S
= 𝜎
0
− 𝜎 – 
беттік  қос  өлшемді  қысым-күш  өрісі  градиентін  және  заттың  бір 
энергетикалық  деңгейден  басқасына  өтуін  туғызатын  энегияның  (немесе 
күштің) айырымы; 𝒜-беттік қабаттағы 1 моль затқа келетін молярлық аудан (1 
моль заттың алатын меншікті ауданынан 𝒜
0
 өзгеше). 
(2) теңдеу идеал газдың 1 моль үшін жазылған Менделеев-Клапейрон (М-
К) теңдеуіне: 
𝑃𝑉 = 𝑅𝑇                                               (3) 
ұқсас. 
М-К теңдеуінде V-үш өлшемді газ көлемі; Р-қысым, ал (2) теңдеуде 𝒜-қос 
өлшемді  газдың  “көлемі”,  яғни  оның  беті;  𝒫
𝑆
  –беттік  қысымның  әсері 
нәтижесінде σ-дің кемуі, яғни қос өлшемді газдың қысымына тең шама. 
(2) типтегі өрнек әртүрлі үш субстанцияны (түп негізін)–идеал газдарды, 
сұйық  ерітінділерді  (осмостық  қысым)  және  БАЗ  ерітінділерінің  беттік 
қабаттарын–қамтитын заң ортақтығын көрсетеді. 
Бұл  ортақтық  формалды  емес,  мағыналы.  Ол  𝒫
S
= 𝜎
0
− 𝜎  мәнінің 
шындығында  да  қысым,  дәлірек  айтқанда,  қос  өлшемді  қысым  (дин/см) 
екендігі туралы идеяның негізіне жатты, сондықтан беттік қабат қос өлшемді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет