Жоспар: Коллоидтық химия пәні


кристалл  және  қатты  кристалл



Pdf көрінісі
бет91/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   127
Байланысты:
eb328fe6b3153bcf9af5fe94e039f6e2 (1)

кристалл  және  қатты  кристалл  деп  аталатын  бірқатар  қос  өлшемді 
күйлерден өтіп, оның құрылымы өзгереді. Осылайша қабыршықтың фазалық 
диаграммасын  (𝒫
S
-молекула  ауданы  диаграммасы)  біліп,  оның  құрылымын 
және  физика-химиялық  қасиеттерін  басқаруға  болады.  Қабыршықты  қатты 
тасымалдағышқа  ауыстыру  үшін  ерітіндіге  жазық  төсеніш  енгізеді.  Онда 
беттік  қабыршық  адсорбцияланатын  болады,  одан  кейін  ол  ерітіндіден 
алынады.  Осылайша  бұл  процесті  бірнеше  рет  қайталап,  әртүрлі 
мультимолекулалық қабаттар алынады. 
Ерітіндідегі  молекулалық  адсорбция  “сұйық-газ”  шекарасындағы 
адсорбциямен  салыстырғанда  күрделірек  процесс.  Қатты  фазаның  күш 
өрісімен  бірге  көбінесе  шешуші  рөл  атқаратын  сұйықтағы  молекулааралық 
өзара әрекеттесуді есте ұстау қажет болады. 
Қатты  адсорбентте  газдар  мен  булардың  адсорбцияларын  қарастырғанда 
бастапқы  сәтте  адсорбент  бетінің  бос  екендігі,  содан  кейін  газ  қысымын 
арттыру  барысында  оның  бетінің  біртіндеп  адсорбтивпен  толтырылатыны 
есте  болады.  Ерітіндіден  адсорбция  жүргенде  адсорбент  беті  еріткіш  және 
еріген  зат  молекулаларымен  ылғи  да  толық  толып  тұрады.  Еріген  зат  тек 
беттен  еріткіш  молекулаларын  ығыстырып  қана  адсорбцияланатын  болады, 
яғни  алмасу  молекулалық  адсорбциясы  жүреді.  Сонымен,  ерітіндідегі 
молекулалық адсорбцияға кем дегенде екі компонент қатысады және олардың 
арасында беттік қабаттағы орындар үшін бәсеке (талас) орын алады. 
“Қатты  дене–ерітінді”  шекарасындағы  БАЗ-дардың  адсорбциясы  көп 
жағдайда 
сұйық-газ 
шекарасындағы 
адсорбцияға 
ұқсас 
болады. 
Адсорбцияның осы екі түріне де Генри, Фрейндлих, Лэнгмюр теңдеулері және 
Дюкло-Траубе 
ережесі 
қолданылады. 
Сонымен 
бірге, 
маңызды 
айырмашылықтары да бар. Сұйық-газ шекарасында БАЗ молекулалары ылғи 
да  бірдей  бағытталған  болады:  молекулалардың  гидрофильді  полярлы 
бөліктері  суға,  ал  гидрофобты  полярсыз  радикалдары  ауаға  қарай 
бағытталады.  БАЗ-дардың  молекулаларының  бағытталуы  Ребиндердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет