2
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің
жеке педагогикалық
шеберлігін жетілдіру әдістері
Шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек мектебі (ресурстық
орталық) өзіне тән ерекшелігі бар қазақстандық білім жүйесінің бірі болып
табылады. Сондықтан тірек мектебі (ресурстық орталық) – статикалық емес,
ауылдық әлеуметтік орта білімінің құрылымы, яғни ол еліміздің қоғамдық
өмірінің әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге сәйкес өзгеруге қабілетті
болуы тиіс. Бұл қазіргі ауыл мектебін Қазақстандағы барлық білім жүйесін
жаңартудың стратегиялық бағыттарын ескере отырып, дамыту керек деген сөз.
Соның ішінде, ең алдымен, экономиканың инновациялық дамуының, қоғам мен
кез келген азаматтың қазіргі сұраныстарының талаптарына жауап беруі қажет.
Жаңа білім беру парадигмасының талаптарына сəйкес мұғалім іс-əрекеті
баланың əлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға жəне оны одан əрі жетілдіруге
жағдай жасауы тиіс. Осыған байланысты оның жалпы жəне кəсіби мəдениетіне
қойылатын талаптар күшейе түседі.
Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты осы заманғы білім беруге
негізделген сапалы кəсіби білім беру арқылы біліктілігі жоғары жəне
бəсекелестікке қабілетті маман даярлау болып отырған жағдайда болашақ
педагогтерді тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында бейіндеп даярлау
мəселесінің көкейкестілігі артып отыр.
Білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасының басты бағыты болашақ
мұғалімдерді
ұлттық
рухани
құндылықтарды
елімізде
мекендейтін
халықтардың тарихы мен мәдениетімен байланыстырып оқыту арқылы
жаңғырту негізінде даярлау болып табылады.
Қазақстан
Республикасының
қоғамдық-саяси
және
әлеуметтік-
экономикалық өміріндегі өзгерістер білім беру жүйесін жаңғыртудың алғы
шартын құрды. Білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы
басымды бағыттардың бірі оқушылардың кәсіби бейімділігі мен кәсіби өзін-өзі
анықтауын қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін мектептердің
жоғары сатысында бейінді оқытуды енгізу болды.
Бірақ бейінді мектепке көшу әлі де болса, баяу жүргізілуде, десе де
тұтастай алғанда мұғалімдер бейінді оқытудың тұжырымдамалық идеясын
қабылдауға дайын. Бұл үшін оларға белгілі бір білім мен біліктер жетіспеуде.
Бұл жоғары оқу орындарында қазіргі бейінді мектепке жұмыс істеу үшін
арнайы мамандар даярлауға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігінде. Жас мамандар
оқушылардың
тұлғаға
бағдарланған
білім
бағдарламаларын
құруға,
оқытылатын пәндердің ішкі, пәнаралық және циклдік байланыстарын орнатуға,
оқу
процесін
модульдік
және
бейінді
тұрғыдан
ұйымдастыруға,
ұйымдастырудың тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын анықтауға
дайын болуы тиіс.
Білім беруді дамытудың қазіргі бағыттары оның тиімді саралануы
қажеттігін көрсетті, атап айтсақ:
19
- әдістемелік тұрғыдан – оқушыларды жеке оқытудың мотивациясы мен
ұйымдастырудың жаңа дидактикалық жүйесін құру;
- психологиялық-педагогикалық тұрғыдан – оқушылардың қабілеттерін
анықтауда мейлінше тиімді мүмкіндіктер құру, әрбір білім алушының
қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту;
- әлеуметтік тұрғыдан – қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін толық
ашу және оны тиімді қолдану. Бұлардың барлығы оқушылардың кәсіби
құзыреттіліктерін
тиімді дамытуға көмектесетін болашақ
тірек мектебі
(ресурстық орталық) мұғалімдерін оқыту барысында ерекше мүмкіндіктер құру
қажеттілігін көрсетеді. Оған қазіргі білім беру жүйесіндегі басымдықтарды
түсіну, заманауи технологияларды тиімді қолдану секілді қабілеттер жатады.
Қазіргі
білім беру саласындағы оқытудың
озат технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына
әсерін
тигізеді,
әрі
өзін-өзі
дамытып,
оқу-тәрбие
үрдісін
тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа
тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам
жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық,
тиімді араластыру» болып табылады.
Кәсіби
қызметті табысты жүзеге асыру үшін болашақ
маманның
психология, педагогика және оқытатын пән мазмұнын терең игеруі жеткіліксіз.
Жылдан жылға жобалық қызметті қалыптастыру және оны жетілдірудің
маңыздылығы арта түсуде. Бұл болашақ маманнан білім берудің басты
объектісі ретінде білім алушыны тұлға ретінде қабылдау тұрғысынан орта
мектептің оқу-тәрбие үдерісіне жаңа, озат педагогикалық технологияларды
енгізуді талап етеді, сондай-ақ нақты педагогикалық жағдайды сипаттайтын
талдау-сараптау
қызметі
барысында
ақпаратты
бағалау
білігін
де
қалыптастырады.
Мұғалімдердің бейінді даярлығын жобалау бүгінгі күнде бейінді оқытудың
идеологиясы мен мазмұны туралы, кәсіби білімнің мақсаты ретінде мұғалім
тұлғасы туралы нақты түсініктер болмай, елестету мүмкін емес. Өйткені
модельді әзірлеу барысында біз үнемі белгілі бір идеалды басшылыққа аламыз,
яғни мұғалім тұлғасының «педагогикалық идеалы» деген шындыққа жанасады.
Қазақстандық педагогикалық қоғамдастықта білімнің, оның бірегей өзіндік
ерекшелігінің иесі ретінде «адами фактор» түсінігі артып келеді. Осыған
байланысты бейінді оқытудың стратегиясы мұғалім тұлғасының жан-жақты
дамуына ерекше көңіл бөледі. Нәтижесінде, «педагогикалық идеал» ұғымы
блоктар арқылы беріледі, яғни бейінді оқыту жағдайында оқушылармен жұмыс
кезінде көмектесетін дүниетанымдық
және адами
ұстанымдар, жеке-
типологиялық қасиеттері мен мінездемелері, білім мен білік жүйесінің
жиынтығы.
20
Үлгіде көрсетілген мұғалім тұлғасының дамуы сипаттамаларына қол
жеткізу құралы бейінді сыныптар тәжірибесіне шығу арқылы теориялық-
әдістемелік бағдарлама болып табылады. Бейінді оқыту жағдайында мұғалімдер
даярлығының негіздері: «Жоғары сынып оқушыларын бейінді оқытудың жай-
күйі мен болашағы», «Мұғалімнің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін
тәсілдер, амалдар мен әдістер», «Бейінді сынып оқушыларының танымдық
қызығушылықтарының дамуы» секілді арнайы курстар жүйесі болуы мүмкін.
Бейінді сынып мұғалімдерін даярлау олардың жеке қызығушылықтары
мен өзін-өзі өзектендіруге талпыну деңгейін анықтаған соң басталады. Бұл әрі
қарай олардың жеке мінездемелерінің қажетті бағыттар арасын мақсатты түрде
өзгертуге мүмкіндік береді (2-қосымша).
Тәжірибе соңында құндылықтар сұраныстартын ранжирлеу сатысын
талдау барысында ортақ үдеріс тәжірибеге дейінгі құндылықтар бейімдері
ранжирлену
қарқынына
ұқсас
екенін,
бірақ
«Таным»,
«Даму»,
«Шығармашылық»,
«Өнімді
өмір»
секілді
категорияларда
елеулі
айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Тәжірибеден кейін бұл категориялар
маңызды бола түседі, бұл жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыру үшін
құндылықтар бағдарларының бірыңғай қабатын түзеді.
1-кесте – Өзін-өзі өзектендіруге мұғалімдер талпынысының деңгейі
Сұраунама шкаласы
Өзін-өзі іске асыру талпынысының деңгейі
дейін
кейін
Таным сұранысы
Шығармашылыққа
талпыну
Бейіні
Дегенмен бұл көрсеткіш кәсіби біліктілігі әртүрлі педагогикалық өкілдер
үшін сан алуан болып келеді.
Зерттеуіміздің келесі кезеңі мұғалімнің кәсіби өсуінің көрсеткішінің бірі
ретінде мұғалімнің өзін-өзі өзекті ету талпынысының деңгейін анықтау (1-
кесте).
Бірінші кестеде бірқатар сұраунама шкаласы бойынша өзін-өзі өзекті етуде
мұғалімдер талпынысының деңгейі көрсетіледі (барынша жоғары есепті пайыз
есебімен). Бұл нәтижелерді салыстырмалы талдау барысында тәжірибелік
зерттеудің соңында өзін-өзі өзекті ету талпынысының деңгейі артатынын
көруге болады.
Бұл әдістемелерді талдау нәтижелері мұғалімдерді қызығушылықтары
және олардың жағымды жаққа қарай өзгерістерін көрсетеді.
Арнайы курстардың мұғалімдердің педагогикалық қызметінің табысты
өтуіне тиімді нәтиже беретін тұстары да бар. Сараптама материалдары ретінде
түрлі білім нәтижелерін қолданды: сабақтар; қорғауға ұсынылатын жобалар;
21
нақты білім тәжірибесінде ашық сабақтар дайындау. Материалдарды бағалау
үшін
біліктілікті арттыру институттарының
жетекші оқытушыларынан
құралған сарапшы топтар құрылады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса отырып, мұғалімдер тірек
мектептің білім процесін жетілдіру үшін мұндай қызметтің маңыздылығын
түсінді.
Сыни-бағалау аппаратына сәйкес мұғалімдердің педагогикалық қызметінің
табыстылығы оң нәтижеге ие болды. Осыған байланысты арнайы курстар
аясында жүргізілетін жұмыстар мақсатты түрде жеке және кәсіби мәдениетін
дамытуға
әсерін
тигізеді.
Бұл
мәдениеттерді
көтеру
тек
кәсіби
ұйымдастырылған жұмыстар мен дұрыс ойластырылған педагогикалық ықпал
ету жүйесі тәжірибесі жағдайында ғана іске асуы мүмкін.
Біліктілікті арттыру тәртібінде мұғалімді даярлау бейінді мектептің қандай
да бір курсы (немесе білім модульдері) бойынша жүргізіледі. Мысалы,
мұғалімдерді өз пәндері бойынша элективті курстар әзірлеуге және оқытуға
немесе мұғалімдерді белгілі бір бейін сыныптарында аралас бейінді пәнді
оқытуға даярлау. Мұндай форманың тиімділігі төмен, өйткені мұғалім, сондай-
ақ біліктілікті арттыратын мекеме тарапынан да уақыт пен күш-жігер көп
жұмсалады.
Мұғалімді жоғары сынып оқушыларымен жұмыс тәжірибесі бар екендігін
ескере отырып, 1 жыл бойына магистр даярлаудың екіжылдық бағдарламасы
бойынша қайта даярлауды ұйымдастырған жөн. Мұндай білім бағдарламаларын
іске асыру ерекшелігі мұғалім көпқырлы кәсіби тәжірибесіне, теориялық білімі
мен практикалық білігіне сүйенеді (2-кесте). Қайта даярлау процесінде
мұғалімдер тең құқылы серіктестер рөлін атқарады, олардың міндеті оқу
процесін жүргізу және «жетектеуші» рөлін атқару болып табылады.
2-кесте
–
Бейінді оқыту жағдайында мұғалімдерді
қайта даярлау
бағдарламаларының жобасы
Педагогика: бейінді оқытуды ұйымдастыру және іске асыру мәселелері
бойынша білім модулі
Бейінді пәндер бойынша даярлау
Жоғары сынып оқушыларын бейінді оқытудың әдістемелік
ерекшеліктері
Жоғары сынып оқушыларының зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру
Бітіруші біліктілік жұмыстарын қорғау
Бұл бағдарламаның іске асу қисыны бейінді мектеп үшін магистранттарды
даярлау қисынына барабар Айырмашылығы – білім модулі курстарын таңдау.
Мұғалімдерге жоғарыдағы магистранттарға арналған курстар ұсынылады,
дегенмен мұғалімдердің білім сұраныстарын қанағаттандыратын және олардың
педагогикалық тәжірибесін ескеретін арнайы курстар да ұйымдастыруға
22
болады. Мысалы, «қазіргі қоғамда білімді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық
сипаты»;
«Бейінді
оқытудың
инновациялық
технологиялары»;
«Білім
процесінің және білім берудің жоғары сатысында білім нәтижелерінің сапасын
бағалау». Қайта даярлау түрлі формаларда жүргізіледі: күндізгі, сырттай және
қашықтан
оқыту
технологияларының
көмегімен,
сондай-ақ
күрделі
практикалық мәселелерді шешуде мектеп мұғалімдерінің күшін біріктіретін
жеке немесе мектеп топтары көмегімен.
Бейінді оқыту жағдайына мұғалімдерді даярлау және қайта даярлаудың кез
келген үлгісін іске асыру елеулі өзгерістерді талап етеді: әртүрлі пән
мұғалімдерінің белсенді өзара әрекетін; тиісті нормативтік база әзірлеуді
(мысалы, магистрлер дипломына қандай жазба жазу қажет); еңбек заңнамасына
өзгерістер енгізуді (тек тиісті білімі бар мамандарды бейінді мектеп жұмысына
тарту, бейінді мектеп мұғалімдерінің лауазымдық міндеттерін жазу, сондай-ақ
бейінді мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын төлеу жүйесін өзгерту).
Қазіргі таңда мамандарды даярлау жүйесі мен бейінді мектеп мұғаліміне
қойылатын
талаптар арасында
қайшылықтар бар;
құзырлы педагогтің
педагогикалық
тәжірибесі
мен
мұғалімді
кәсіби
даярлауда
оқыту
технологияларын
қолдану
қажеттілігі,
бұлар
педагогикалық
білімнің
шығармашылық аспектісіне тиісті түрде бағытталмаған; атап айтсақ, жоғары
мектепте
бейінді
мектеп
мұғалімдерін
даярлаудың
құралы
ретінде
инновациялық,
оның
ішінде
интерактивті
технологияларды
қолдану
қажеттілігінің орын алмауы және олардың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз
етілуінің жеткіліксіздігі; бейінді мектептердің педагогикалық кадрларына білім
жүйесінің өңірлік сұранысын зерделеу қажеттілігі және аталған мәселенің
жеткілікті түрде зерттелмеуі.
Жоғарыда аталған қайшылықтар негізінде тірек мектебі (ресурстық
орталық) мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлау өңірдің сұраныстарын
ескере отырып жүргізілуі тиіс. Яғни өңірдің сұранысын ескере отырып, тірек
мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық тұрғыдан
даярлау мазмұнын жетілдіру.
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер айқындалды:
1) тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) бейінді оқыту жағдайында
педагогикалық кадрлар даярлаудың ерекшеліктерін анықтау;
2) бейінді оқытуға мамандарды кәсіби-педагогикалық даярлау үлгісін
әзірлеу;
3) бейінді оқыту жағдайында мамандар даярлаудың технологияларын
анықтау.
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сатысында білім мазмұнының
жаңартудың басты идеясы мұнда білім жекеленген, функционалды және тиімді
болуы қажет.
Көп жылдар бойғы тәжірибе 15 жастан бастап білім жүйесінде білім
алушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен одан әрі қарай өмірлік
жоспарларын іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалуы қажеттігін көрсетті.
23
Жүргізілген зерттеулер жоғары сынып оқушыларының көпшілігі (70 пайыздан
астамы) «тек өздері таңдаған, соған сәйкес маманданатын пәндерді ғана терең
оқуды білгісі келетіндерін» дәлелдеді. Басқаша айтқанда, жоғары сыныптағы
бейінді оқыту көптеген жоғары сынып оқушыларының білімдік және өмірлік
ұстанымдарына сәйкес келеді. Сонымен қатар «мектепте оқытылатын барлық
пәндерді терең әрі толық білгісі келетін» (химия, физика, әдебиет, тарих, т.б.)
дәстүрлі ұстанымды білім алушылардың төрттен бірі ғана қолдайды.
Қазіргі кезде жоғары мектепте білім алушыларды оқуға түсу сынақтары
мен әрі қарай жоғарғы оқу орындарында оқу үшін қосымша арнайы даярлау
қажеттігі туралы сан алуан пікірлер қалыптасуда. Жалпы білім беретін
мектептерде білім алушыларды дәстүрлі (бейінді емес) мектеп пен жоғарғы оқу
орынының арасындағы сабақтастық сақталмады, ал бұл өз кезегінде жоғарғы
оқу орындарында даярлау бөлімдері, репетитрлік, ақылы курстар, т.б. ашуға
әкелді.
Жоғары сынып оқушыларының көпшілігі бүгінгі жалпы білім жоғарғы оқу
орынында да табысты оқуға және әрі қарай кәсіби өсуіне мүмкіндік бермейді
деп санайды.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың басты мәселесі оның құрылымы мен
бағыттарын, сондай-ақ бейінді оқытуды ұйымдастырудың үлгісін анықтап алу
болып табылады. Сонымен бірге мына жағдайларды да ескеру қажет: бір
жағынан, жоғары сынып оқушыларының қызығушылын, қабілеттерін, бейімін
ескеру (бұл түрлі бейіндер санын құруға мүмкіндік береді), екінші жағынан,
бірқатар факторларды, яғни сараланған білімді, яғни бірыңғай ұлттық тестілер
енгізу, мемлекеттік стандартты бекіту, оқулықтар тізімін тұрақтандыру, бейінді
оқытуды тиісті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, т.б.
Кез келген бейінді оқытудың
формасы инвариантты компоннттің
қысқаруына
әкелетіні
сөзсіз. Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын
мектептің дәстүрлі мектеп үлгілерінен айырмашылығы (бір немесе екі пән
тереңдетілген бағдарлама бойынша, ал қалған пәндер базалық деңгейде) бейінді
оқытуды іске асыру оқушылардың
базалық
білімін даярлауды аяқтау
мақсатында оқытылатын бейінді емес пәндердің
оқу материалдарын
қысқартқан жағдайда мүмкін.
Жоғары сатыда бейінді оқыту жүргізілетін жалпы білім беретін мектептер
үлгісі оқу пәндерін әртүрлі комбинациялар мүмкіндігін қарастырады, бұл
бейінді оқытудың икемді жүйесін қамтамасыз етеді. Бұл жүйе мынадай оқу
пәндерінен тұруы қажет: базалық жалпы білім беретін, бейінді және элективті.
Базалық жалпы білім беретін пәндер оқытудың барлық бейінінде кез
келген оқушыға міндетті болып табылады. Жалпыға міндетті білім беретін
пәндер мыналар: математика, тарих, қазақ, орыс, шет тілдері, дене шынықтыру,
сондай-ақ кіріктірілген курстар (жаратылыстану-математика, технологиялық
және басқа да бейіндер үшін), жаратылыстану (гуманитарлық, әлеуметтік-
экономикалық).
24
Бейінді пәндер – әрбір бейінді оқытудың бағытын анықтайтын жоғары
деңгейдегі пәндер. Мысалы, физика, химия, биология – жаратылыстану;
әдебиет, тілдер, тарих, т.б. – гуманитарлық бейініндегі бейінді пәндер.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімі өз қызметіне сәйкес жоғары
деңгейлі маман болып қана қоймай, сонымен қатар:
- білім процесінің вариативтілігін және тұлғаға бағдарлануын (жеке білім
траекториясын жобалау);
-
интерактивтік, іс-әрекеттік
компоненттерді енгізу арқылы білім
процесінің
практикалық
бағыттылығын
(жобалау-зерттеу
және
коммуникативтік әдістерді меңгеру);
- жоғары сынып оқушыларының бейіндік өзін-өзі анықтауын және кәсіби
білім саласына тиісті білімді әрі қарай жалғастыруға қажетті қабілеттер мен
құзыреттіліктер қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет.
Кәсіби білімдегі құзыреттілік дегеніміз – қандай болмасын білім
саласында білім мен тәжірибенің жиынтығы немесе дайындығының кәсіби
деңгейі. Бұл нақты жұмыс орнының немесе орындалатын жұмыстың өзгермелі
талаптарына жауап беруге көмектеседі. Бірқатар педагогикалық еңбектерде
кәсіби құзыреттілік түсінігіне анықтама берумен қатар, қандай болмасын кәсіби
сала өкілінің, соның ішінде кәсіби педагогикалық құзыреттіліктің ерекшелігі
зерттелінген. Ескеретін жайт, мұндағы құзыреттілік дегеніміз – орындаушының
ойы соңғы нәтижеге бағытталуы. Осыған байланысты құзыреттілік үнемі
метапәнді және бір оқу пәнінің құралдарымен қалыптасуы мүмкін емес,
мұғалімнің кәсіби қызметінің тұтас бейнесіне пәндік білім болуы қажеттігін
көрсетеді.
Мұғалім даярлау мазмұнына әсер ететін ең басты фактор оның өз кәсіби
қызметінде шешуі тиіс кәсіби міндеттер болып табылады. Мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігі (немесе кәсіби педагогикалық құзыреттілігі) деп педагогикалық
қызметті жүргізуге қажетті теориялық және практикалық дайындығының
бірлігін атаймыз.
Кәсіби құзыреттілік (оның ішінде кәсіби педагогикалық) құзыреттіліктер
кешені ретінде қарастырылады. Мәселен, Н.В.Кузьминаның еңбегінде «кәсіби
педагогикалық қызмет төрт компоненттен немесе құзыреттіліктің төрт түрінен
тұрады» делінген, атап айтсақ:
1. Мұғалім өзі беретін пән саласындағы арнайы және кәсіби құзыреттілік
(пәнді жетік білу және оны қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері, түсіну,
меңгеру, жинақтау және оларды оқушылармен жұмыс кезінде қолдану).
2. Оқушылардың білімі мен білігін қалыптастыру тәсілдері шеңберіндегі
әдістемелік
құзыреттілік
(оқыту технологиялары мен
әдістерін білу,
оқушыларды оқу-танымдық әрекетке ынталандыру).
3.
Қарым-қатынас
процесі
саласындағы
әлеуметтік-психологиялық
құзыреттілік (оқу топтарының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білу,
топтар мен ұжымдарды меңгеру әдістерін игеру). Оқушылардың ынтасы,
қабілеттері саласындағы саралау-психологиялық құзыреттілігі (оқушылардың
25
саралау-психологиялық
ерекшеліктерін білу, нақты бір оқушы туралы
жинақталған білімнің ғылыми тәсілдерін меңгеру).
4. Өзіндік әрекет пен тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері шеңберіндегі
аутопсихологиялық құзыреттілігі (өзінің мықты жақтарына сүйене отырып,
жобалау жұмыстарында өз жетістіктері мен кемшіліктерін білу) [8].
А.К.
Марковтың
пікірі бойынша,
мұғалімнің
кәсіби
зерттеушілік
позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана
айқындала түседі.
А.К. Марковтың еңбектерінде мұғалімнің кәсіби қызметінің кемелділігін
анықтайтын кәсіби құзыреттіліктің бірнеше түрі көрсетілген:
- арнайы құзыреттілік – өз кәсіби қызметін жоғары деңгейде меңгеру, әрі
қарай өзіндік кәсіби дамуын жобалау қабілеттілігі;
- әлеуметтік құзыреттілік – ортақ кәсіби қызметті, әріптестікті (топтық,
кооперативтік), сондай-ақ аталған мамандықта қабылданған кәсіби қарым-
қатынас тәсілдерін меңгеру; өз еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапты болу;
- тұлғалық құзыреттілік – тұлғаның кәсіби өзгерісіне қарсы тұру
құралдары арқылы тұлғалық өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту тәсілдерін
меңгеру;
- жеке құзыреттілік – мамандық аясында өзін-өзі іске асыру және жеке
қабілеттерін дамыту тәсілдерін меңгеру, кәсіби өсуге дайын болуы, өз
ерекшелігін сақтап
қалуы, артық
жүктемесіз, шаршаусыз
өз еңбегін
ұйымдастыра білу [9].
Базалық кәсіби құзыреттілік белгілі бір кәсіби қызмет ерекшелігін
көрсетеді (яғни педагогикалық). Кәсіби педагогикалық әрекет үшін базалық
кәсіби құзыреттілік білім жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес білім
әрекеттерін жүргізуге қажетті құзыреттіліктер саналады.
Қазіргі
педагогикалық
және
әдістемелік
еңбектерде
базалық
құзыреттіліктер құрамы төмендегідей берілген:
- мақсатты – мұғалімнің мақсаттар сатысын дұрыс құру білігі: жалпыдан
(мемлекеттік, қоғамдық) жалқыға, яғни нақты білім мақсаттарына дейін;
- жобалаушылық – жобалау, содан соң таңдау оңтайлылығын немесе
оқыту әдістері мен құралдарын әзірлеуді қамтамасыз ете отырып, оқу процесін
жүргізу білігі;
- когнитивтік-рефлексиялық – педагогикалық қызметті қайта пайымдауды
және өзін-өзі жетілдіруді қамтамасыз ететін өзін-өзі талдау білігі;
- мониторингтік – білім әрекеті нәтижелерін қадағалау және оларды
жоспарланған арақатынасын белгілеу білігі [10].
Арнайы кәсіби құзыреттіліктер нақты пәннің немесе кәсіби қызметтің
пәннен тыс саласының ерекшелігін көрсетеді және нақты кәсіби қызметтің
басты және базалық құзыреттіліктерін іске асыру ретінде қарастырылады.
О.М. Бобиенко арнайы құзыреттілікті нақты жағдайда кәсіби міндеттерді
тиімді шешетін тұлғаның қабілеттілігі деп санайды [11]. Бұл құзыреттілік білім,
білік, дағдыларды сыртқа теппейді, бірақ олардан ерекшеленеді: білімнен ғана
26
емес, әрекет түрінде де жүргізіледі; біліктен: тасымалдау қасиетіне ие;
дағдылардан: саналы әрі автоматты болғандықтан, адам типтік жағдайда ғана
емес, стандартты емес жағдайларда да әрекет етуі мүмкін.
Ю.А. Савинковтың еңбегінде «ауыл мектебі мұғалімінде педагогикалық
құзыреттіліктермен қатар, қосымша ерекше педагогикалық құзыреттілік болуы
тиіс» делінген: кіші оқу топтарында оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті
психологиялық-педагогикалық талаптар:
-
дидактикалық
–
оқушылардың
бойына
қолданбалы
білімді,
ауылшаруашылық бағыттағы практикалық білікті қалыптастыруды қамтамасыз
ететін білім мазмұнын іріктеу;
- әдістемелік – шағын топтарды білім әрекеті субъектілері арасындағы
қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты, яғни ауыл мектебі оқушыларында
көрнекілік-бейнелі ойлау қабілеттерінің басым болуы;
- әлеуметтік-мәдени – белгілі бір әлеуметтік тапсырыстың болуы [12].
И.О. Ланцованың пікірінше, ауыл мектебі мұғалімдерін даярлауда
мынадай талаптарды ескеру қажет:
-
білімді жаңартатын нормативтік
құжаттарды ескере отырып,
оқушылардың, ата-аналардың, әлеуметтік ортаның өзгермелі білім сұранысына
тиімді жауап беру;
- мектеп қызметі мен оқу-тәрбие үдерісін тұтас ұйымдастыруда көптеген
формаларды кең қолдану, оларды нақты әлеуметтік-экономикалық, әдетте,
шектелген жағдайлармен түзету;
- ауылдағы білімді дамытуға бағытталған ортақ күш-жігер жұмсау және
үйлестіру мақсатында түрлі әкімшілік органдармен, жұмыс берушілермен,
қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен тығыз байланыс орнату;
- әлеуметтік социумның дамуының болашақ бағыттарын анықтау, соның
негізінде білім кеңістігін жаңарту бағытын жобалау және жүзеге асыру;
- көппәнді әрекет жағдайында оқу-тәрбие үдерісін кіріктіру курстары
негізінде құру;
- білім мәртебесін арттыру үшін тек оқушыларды ғана емес, сонымен
қатар ауыл ортасына мектептің әсерін күшейту шеңберінде жергілікті
тұрғындарды да ынталандыру [13].
Жоғарыда аталғандарға
қоса, тірек мектебі
(ресурстық
орталық)
мұғалімдерінің
кәсіби
құзыреттіліктер
тізіміне
мынадай
қосымша
құзыреттіліктерді енгізуге болады:
- әртүрлі бейін бойынша оқитын шағын топтардағы білім әрекетінің
субъектілері арасында қарым-қатынасқа дайын болуы;
-
оқушылармен оқу-тәрбие
үдерісін
ұйымдастыру кезінде ауыл
социумының мәдени құндылықтарын ескеру қабілеттілігі;
- тірек мектебі (ресурстық орталық) үлгісінде оқушылармен, ата-
аналармен, әріптестермен тәрбие жұмыстарын жүргізуге дайын болуы;
- тірек мектебінде (ресурстық орталықта) басқарушылық әрекетті кәсіби
деңгейде орындау қабілеттілігі;
27
-
тірек мектебі (ресурстық
орталықтың)
жағдайында оқу-тәрбие
үдерісінің тұлғаға бағдарлануын қамтамасыз ету.
Ескере кететін жайт, жоғарыда аталған кәсіби құзыреттіліктер тек тірек
мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдеріне ғана маңызды, сондықтан оларды
қалыптастыру барлық білім алушыларды қамтымай, үзік-үзік сипатқа ие болуы
қажет.
Сондықтан мұндай кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру «Таңдау
курстары» вариативті бөлігінің аясында жүргізілуі керек. Қойылған мақсатты
шешу үшін болашақ мұғалімдер даярлаудың оқу жоспарына мынадай таңдау
курстарын енгізген дұрыс:
-
«Ресурстық
орталықта
оқушылардың
бейіналды
даярлығын
ұйымдастыру»;
- «Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында бейінді оқыту»;
- «ҰБТ тапсырмаларын орындау үшін оқушыларды дайындауда ауыл
мектебі мұғалімдерінің әдістемелік жұмысы (жұмыстың жүйесі)»;
Ұсынылып отырған курстар ауыл мектебінің болашақ мұғалімдерін
даярлаудың
ерекшелігін
көрсететін
таңдау
курстарының
мазмұнын
қалыптастырудың жеке приниптеріне сәйкес келуі қажет. Аталған таңдау
курстары әлеуметтік тапсырыспен қатар студенттердің пікірлері бойынша да
қажет деп ойлаймыз.
Бұлардың бәрі педагогикалық қызметтің мазмұнын өзгертуі мүмкін, яғни
белгілі бір білім саласында оқушыларға білім, білік, дағдыларды беру аясынан
тыс орын алады. Бұл бағыт нақты өмірде әлеуметтік-педагогикалық қызметті
жүргізуді
қарастырады. Ал бұл
өз кезегінде арнайы дайындығы бар
педагогтерді талап етеді: үйірме жетекшілері, балалар бірлестігі, оқушылармен
сыныптан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушылар, әлеуметтік
педагогтер, т.б. Сонымен
қатар педагогикалық
кадрларды дайындау
стратегиясы мынадай негізгі ұстанымдарды анықтайды:
- үздіксіздік ұстанымы – барлық білімнің ішкі жүйелерінің терең
кіріктірілуі, яғни ұйымдастырушылық (білім деңгейлері мен сатыларының
кірігуі), сондай-ақ мазмұндық (бірыңғай білім кеңістігін құру) аспектілерде
тұтас жүйе құру;
- орнықтылық ұстанымы – болашақ мамандардың жалпы ғылыми, ортақ
кәсіби дайындығының тереңдігі;
- аймақтану ұстанымы – мамандарды өңірдің табиғи, шаруашылық,
әлеуметтік-экономикалық, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін ескеріп дайындау;
- білім технологияларын жаңарту ұстанымы – танымдық, құндылыққа
бағдарланған, коммуникативтік әрекетке кіріктірілетін педагогикалық процесте
мұғалім тұлғасының дамуы мен өзін-өзі орнықтыруын қамтамасыз ететін
теориялық және практикалық дайындығының тұтастығы, мұнда болашақ
мамандар өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсете алады.
Мұғалім даярлаудағы басты міндет – оның жеке шығармашылық
қабілетін қалыптастыру және дамыту.
28
Педагог кәсібінің ерекшелігі таңдаған білім саласы бойынша теориялық
және
психологиялық
дайындығы
шамамен
бірдей
үлесті
құрайды.
Педагогикалық еңбектің ерекшелігі оның нәтижесі мұғалім тұлғасына, оның
жеке мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.
Педагог кадрларды даярлаудың тұлғаға бағдарланған үлгісі педагогтердің
басты қасиеттерін кәсіби дамытуға бағытталған. Болашақ мамандардың кәсіби
қалыптасу процесі өзара байланысқан қисынды кезеңдерден өтеді: оқу
пәндерінің
мемлекеттік
стандарттарын
меңгеру;
кәсіби
қызметтің
адамгершілікке бағытталғанын саналы түрде сезіну; кәсіби қызметті жүргізудің
жеке стилін таңдау. Мұндай мамандарды дайындау арнайы оқу мекемелері
аясында жүргізіледі. Болашақ мұғалім жоғарғы оқу орындарында бірінші
күннен бастап өзін мақсатты түрде педагог кәсібіне дайындау қажет. Ол өз
бойында кәсіби қасиеттерді дамытуы қажет. Құзыреттілік әдіс – білім мақсатын
анықтаудың ортақ принциптерінің, білім мазмұнын іріктеудің, білім үдерісін
ұйымдастырудың және білім нәтижелерін бағалаудың жиынтығы. Білімнің мәні
әлеуметтік тәжірибені қолдану негізінде білім алушылардың бойына әртүрлі
сала мен іс-әрекеттегі мәселелерді өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту болып
табылады, оның элементі – білім алушылардың өзіндік тәжірибесі; білім
мазмұны мәселелерді дидактикалық
тұрғыдан бейімделген тәжірибені
білдіреді; білім үдерісін ұйымдастырудың мәні білім мазмұнын құрайтын
танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, адамгершілік және басқа да
мәселелерді өз бетінше шешу тәжірибесін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер
құру; білім нәтижелерін бағалау, оқытудың белгілі бір деңгейінде білім
алушылардың қол жеткізген білім деңгейлерін талдау барысын негізге алады.
Қазіргі білім жүйесіне оның бастапқы бағдарлары мен нұсқаулары,
мәселелері, дәстүрлі парадигмалар дағдарысы, жаңа әдістер мен стратегиялар
іздеу тән болғандықтан, жоғарғы оқу орынында оқытушыларға арналған
ұсыныстардан тұратын маман даярлау үлгісін әзірлеу қажет және онда
оқушылардың, студентердің бойында дамытуға болатын кәсіби құзыреттіліктер
көрсетілуі тиіс.
Бірқатар зерттеушілер бүгінгі таңда мамандарды даярлау сапасы
педагогикалық ықпал есебінен қамтамасыз етіліп отырғандығын және болашақ
мамандардың өзін-өзі дамытуына елеулі әсері бар (оның негізгі кәсіби
қасиеттерін дамытатын) психологиялық фактор жеткілікті түрде ескерілмей
отырғандығын алға тартады. Әдетте, қазір қолданылып жүрген оқыту
технологиялары мен әдістер тек білім беруге бағытталғандықтан, болашақ
мамандардың
белсенді
өзіндік
танымдық
әрекетін
(олардың
кәсіби,
шығармашылық
қабілеттерін
дамыту,
яғни
жобалау
құзыреттілігін
қалыптастыру) қамтамасыз етпейді.
Педагогикалық еңбектерде «жобалау құзыреттілігі дегеніміз – жобалау,
конструктивті және рефлексивті білім, білік, дағдылардың жиынтығы» деген
анықтама берілген. Бұл мұғалімнің білім міндеттерін шешу кезінде логикалық
әрекетін қамтамасыз етеді. Жобалау құзыреттілігі – білім жүйелерінің
29
қарқындылығымен, вариативтілігімен жанасатын білім алушының білім және
басқару міндеттерін шешу кезінде өз әрекетін жобалау мүмкіндігі.
Аталған құзыреттілік – оқыту субъектісімен белсенді өзара әрекетіне
негізделген оқыту, бұл интерактивті білім технологияларын білім процесінде
қолдану арқылы жобалау әрекетін қалыптастыру және жетілдіруді білдіреді.
Басқаша айтсақ, кері байланыс жақсы ұйымдастырылған білім процесі
(оқытушы мен білім алушы арасындағы ақпарат алмасу).
Интерактивті оқыту – қарым-қатынасқа түсу деген сөз. Ал интерактивті
технологиялар кез келген пән оқытушысының дайындық әрекеті мен білім
алушының оқу әрекетін жеңілдетеді, яғни оқытуды қолжетімді етеді.
Қазіргі таңда тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімін кәсіби
дайындауға жаңаша көзқараспен қарауға тиіспіз Білім беруді ізгілендіру
болашақ маманның өз іс-әрекетіне өзі жауап беріп, оған ұқыптылықпен қарап,
өз ойын, білімі мен білігін жалтақтамай жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Сондықтан да педагогикалық практика кезінде неғұрлым шығармашылықпен
жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, соғұрлым болашақ маманның тұлға ретінде
жетілуіне жағдай жасалады. Білім беруді ізгілендіру мұғалім мен оқушылардың
қарым-қатынасына өзгеріс енгізіп, болашақ маманның адамгершілігі мол,
икемді де кішіпейіл, әдепті тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Шағын
жинақты
мектепте
педагогикалық
кеңестердің
жаңаша
ұйымдастырылуы
–
мұғалімдерінің
жауапкершілігін
арттырады,
шығармашылық ізденіс жасауға ынталандырады, бірлесіп шешім қабылдап,
оны бірлесіп орындауға машықтандырады, жаңаша педагогикалық ойлауын
қалыптастырады, бастамашылдық,
рефлексиялық қабілеттерін дамытады.
Жаңашылдығы бар жеке тәжірибе кездейсоқ пайда болмайды. Ол әлеуметтік
жағдайлардың, қазіргі кездегі ғылыми теориялар мен педагогтар және
ұжымдардың озат тәжірибесінің қосындысы. Сондықтан мұғалімдердің өз
белсенділігін іске қосу, олардың алдымен өзін-өзі көрсетуіне көмектесу =
бүгінгі мектептегі педагогикалық кеңестердің жаңа қызметі.
Осындай ұжымдық ойлау әрекетінде шығармашылықты дамыту тетігі
жүзеге асады. Әр түрлі идеялардың тоғысуы қарама-қарсы келуі, қалыптан тыс
шешімдердің пайда болып, шығармашылық әлеуеттің дамуын қамтамасыз
етеді. Ұжым ішіндегі жеке адамдардың жаңашылдыққа қарай бетбұрыс
жасауына мүмкіндік туады.
Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында өтетін барлық әдістемелік
жұмыстардың (кафедра отырыстары, аудандық семинар-кеңестер, әдістемелік
бірлестік отырыстары т.б.) тіпті ата-аналармен өткізілетін жиналыстардың да
жаңа сипатта өткізілуі қамтамасыз етіледі. Бұл мектептегі ұйымдастырушылық-
басқарушылық жұмыстардың инновациялануы деген сөз. Осы бағытта алғашқы
алға қойған мақсатқа сай жүргізілген жұмыстардың бірі – педагогикалық
кеңестерді «ойлайтын кеңеске» айналдырудағы жасалған қадамдарға тоқталып
өткеніміз жөн болады.
|