Әдістемелік нұсқауы:
Лексика және лексикологияның зерттейтін обьектісі-сөз және оның
мағыналық, құрамдық ерекшеліктерін таныту негізгі сөздік қорға жататын
сөздерге тән белгілерді танып-білу.
Бақылау сұрақтары:
1 Лексикология, оның объктісі мен салалары қандай?
2 Сөз және оған тән белгілері қандай?
3 Сөздердің типтері мен варианттылығына тоқталыңыз.
1-жаттығу. Ұлағатты сөздермен танысыңыздар.
ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕР
24
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті ...
Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті.
Ахмет Жұбанов
Тіл қаруы сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы
қасиеті.
Ғабиден Мұстафин
Халық аузындағы тіл өлсе – халық та өлгені.
К.Д. Ушинский
Ана тілі ... жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы
жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын
қазына.
Жүсіпбек Аймауытов
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан
басталады.
Г. Гегель
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың
баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың
мәңгілігінің мәселесі.
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана оны аяққа
басады.
Ғабит Мүсірепов
Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөздің өзі өлең боп
құйылып жатады...
В.В. Радлов
Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі.
Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.
С.Е. Малов
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар
– шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері...
Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты.
П.М. Мелиоранский
Билікке ұмтылма, бірлікке ұмтыл.
Ел аузынан
25
Қызметің өссе қуанба, ел сенімін қалай ақтаймын деп қинал. Өзіңді өзің
билеп үйренбей, ел билеуге құмартпа. Өйтпесең, халықтың қарғысына
ұшырайсың.
Ел аузынан
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы.
Төле би
Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп
– найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз
асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Қазыбек би
Қазақ тілінен жүйелі білім беру үшін мұғалімнің өзінде жүйеге салынған
білімі болу керек.
Қ.Жұбанов
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала,
Өзегің талса, өзен бойына жағала,
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол
Досыңа адал бол.
Төле би
Ақын орны – қаламның қанаты қандай биіктікке көтеріп шығарса – сол
жерде. Ондай орын әсіресе биікте көп. Қырындай құлаштап, сермеп барып сол
орынды ал. Өзгенің бәрі мансап та мансұқ!
Ғабит Мүсірепов
26
Ақыл сөз – атқан оқтай жай кетпейді,
Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.
Ғабит Мүсірепов
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.
Жүсіпбек Аймауытов
Тіл – ұлттың жаны,
Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
А.Н.Толстой
Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес,
бүрсүгүнгі де тағдыры.
Бауыржан Момышұлы
Өз ана тілін қадір тұтпай тұрып,
Ел жұртыңды сүйе алмайсың.
К.Г.Паустовский
...Ана тілі адамның кір жуып, кіндік кескен жерінің тауы мен тасы,
орманы мен өзені, тауы мен нажағайы... одан сонымен қатар халықтың рухани
өмірінің бүкіл тарихы да көрінеді.
К.Д.Ушинский
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Көре алмаған көз жетім.
Төле би
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлі деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Абай
Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтеушілік шынайы
патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.
Бауыржан Момышұлы
Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып,
қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі
мыңдаған жыл тарихында айқындалған.
Бауыржан Момышұлы
27
Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін
интеллегент бола бастадым деп санауна болады.
Мұхтар Әуезов
Білімге құмартып, кітапты бүкіл жан дүниеңмен сүй. Ол сенің ең жақсы
досың ғана емес, өміріңнің ақырына дейін сенімді серігің де.
М.А.Шолохов
Достарыңызбен бөлісу: |