Эпентеза. Екі дыбыстың аралығына қосалқы дыбыстың келіп кеуі
эпентеза деп аталады. Протеза. Бұл эпентезияның бір түрі болып саналады. Эпентеза бойынша
бұл дыбыс сөздің ортасына қосылатын болса, протеза бойынша дыбыс сөздің
алдынан қосылады.
Эпитеза. Протеза бойынша бұл дыбыс сөздің алдынан қосылса, эпитеза
бойынша сөздің соңынан қосылады. Апокопа. Тіл-тілде кейбір сөздердің соңындағы дыбыстардың түсіп
қалуы құбылысы көзделеді.
Метатеза. Сөз құрамындағы дыюыстардың орын ауысуы метатеза деп
аталады. Фонетикалық заңдар. Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың
өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Фонетикалық
заңдылықтар тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі
кездегі қалпына да қатысы бар. Тілдің тарихы дамуы барысында әр түрлі екі
фонеманың бір фонеманың бойына сіңіп, ұласып кетуі конвергенция деп
аталады. Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың біркелкі жуан, не біркелкі
жіңішке болып үндесуі- ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден
қалыптасқан фонетикалық заң. Сондай-ақ, түркі тілдерінде қатар келген
дауыссыздардың не біріңғай қатаң, не біріңғай ұяң болып үндесуі де
қалыптасқан заңдылық болып саналады.