Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет32/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

       2-жаттығу.  1.  Мәтіндегі  сөздердің  мағыналарын  түсіндірме  сөздік 
бойынша анықтаңыздар. 
 
1.  Баланың  қаз  тұрып  тез  жүруі  денсаулығына  байланысты.  Ал  баланың 
денсаулығына  ана  сүті  арқылы  оның  бойына  баратын  баратын  тағамдағы 
витаминдер  ерекше  әсер  етеді.  2.  Сондықтан  жас  босанған  аналар  әр  түрлі 
тағамдар  жеуі  керек.  3.  Сәукеле  –  қызды  ұзатқандағы  киетін  бас  киім.  4. 
Сәукеленің  арнайы  күмістен  жасалған  төбелдірігі,  оның  маңдайшасына,  екі 
жағына тізілген маржаннан салпыншақ бет жақтауы және арт құлағы болады. 
5.  Киімдер  негізінде  сәнді  және  жай  күнделікті  киетін  киімдерге  бөлінген.  6. 
Күйек  қазан  айының  аяғында  –  қарашаның  бас  кезінде  ғана  алынады.  7.  Ат 
құлағында  ойнап  өскен  қазақ  балаларына  бұл  қызықты  жұмыс  болып 
есептелетін. 8. Қымыз деген  ас-қазақтың әлем  өркениетіне қосқан үлесі десек, 
қате  болмайды.  9.  Бәйге  –  қазақтың  ұлттық  ойыны,  ат  жарысы.  10.  Көшпелі 
қазақтың  жас  нәрестелері  көп  шетінейтін-ді,  әйтсе  де  ересек  қазақтардың 
денсаулығы  мықты  болып,  олар  ұзақ  жасайтын.  11.  Түйенің  жабдығы 
жылқыныкінен мүлде өзге салт мінез үшін емес, жүк арту үшін ыңғайланған. 
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматы. 1994. 
 
2. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары дегенді қалай түсінесіз? 
3. Жас – деген сөздің антонимін тауып, оған сөйлем құраңыз.    
 
       3-жаттығу.  1.  Мәтіндегі  сөздердің  лексикалық  және  грамматикалық 
мағынасын ажыратыңыз да, олардың айырмасын түсіндіріңіз. 
 


 
35 
1.  Адам  баласына  адам  баласының  бірі  –  дос.  2.  Не  үшін  десең,  дүниеде 
жүргенде  –  туысың,  өсуің,  тоюың,  ашығуың,  қайғың,  қазаң,  дене  бітімің, 
шыққан жерің, бармақ жерің  – бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, 
шіруің,  махшарда  сұралуың  бәрі  бірдей,  екі  дүниенің  жақсылығына  рахатың 
бәрі  бірдей  екен.  3.  Бес  күндік  өмірің  бар  ма,  жоқ  па?  4.  Біріңе-бірің  қонақ 
екенсің,  өзің  дүниеге  де  қонақ  екенсің,  біреудің  бағына,  малына  күндестік 
қылып,  я  көрсе  қызарлық  көз  алартыспақ  лайық  па?  5.  Тілеуді  құдайдан 
тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер 
демек ол құдайға айтарлық сөз бе? 6. Құдай біреу үшін біреуге жәбір қалауына 
лайығы бар ма? 7. Екі сөздің басын қосарлық не ақылы не ғылымы жоқ, тура, 
өзімдікін жөн қыламын деп, құр  «ой, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? 
8.  Оның  несі  адам?  9.  Жас  бала  сөз  айтудан  ұялған  секілді,  жақсы  адамның 
алдында жазықсыз-ақ  әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. 10. Кірерге 
жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. 
Абай «Қара сөз». 
 
2. Лексикалық мағына деген не? 
3. Өте ертеде бір  қадірлі шешен қария келте дүниеден  көз жұмарында қасына 
ұлын шақырыпты, - деген сөйлемдегі «көз жұмарында» деген сөздің мағынасын 
түсіндір. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет