Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет31/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

 
Бақылау сұрақтары: 
1  Сөз  мағыналарының  өзгеру  себептері  мен    ауыспалы  мағынада  
қолданылу тәсілдері қандай? 
2  Синонимдер деген не? 
3  Омонимдер деген не? 
 
         1-жаттығу.  1.  Сөйлемдегі  сөздердің  тура  және  ауыспалы  мағынада 
қолданылғанын ажыратыңыздар. 
        1.  Балаларды  оқытқан  да  жақсы,  бірақ  құлшылық  қыларлық  қана,  түркі 
танырлық қана таза оқытса болады. 2. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген 


 
34 
надан  әке-шешесін,  ағайын-жұртын,  дінін,  адамшылығын  жауырыннан  бір 
қаққанға сатады. 3. Ол үшін кітап сөзіменен іздеген талап болса, әуелі көкіректі 
тазалау  керек  дейді,  онан  соң  ғибадат  қыл  дейді.  4.  Қазақтың  бетіне  қарап, 
содан  оқыған  болса,  ол  талабыңды  қыла  бер,  көкіректі  дым  тазалаймын  деме, 
оны  кім  көріп  жатыр,  ішінде  қатпар  көп  болмаса,  құт-берекеге  жағымды 
болмайды  дейді.  5.  Мұнысы  қазақтың  тамырын  ұстап-ұстап  қарайды-дағы, 
«мынаны  алып  келіп  берсе,  қымбат  алғандай  екен,  осы  күнде  мына  бір  істің 
біраз  пұлы  бар  екен»  деп,  қазақтың  бетінен  оқып,  іздеген  талап  емес.  6. 
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына кәдір іздеп, сол талапта болады. 
7. Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. 8. Көкірек 
толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я 
көзден  жас  болып  ағады,  я  тілден  сөз  болып  ағады.  9.  Өзің  тірі  болсаң  да, 
көкірегің  өлі  болса,  ақыл  табуға  сөз  ұға  алмайсың.  10.  Көкіректе  сәуле  жоқ, 
көңілде сенім жоқ. 11. Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. 
«Абайдың қара сөздері». Алматы. 1993. 
2. Сөздер қандай жағдайда ауыспалы мағынаға ие болады? 
3. Отты үрлеген жағады.   
Шындықты іздеген табады – деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіздер.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет