Қазақ тілі (фонетика, лексика)


Сөздің  фонетикалық  варианттары



Pdf көрінісі
бет29/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

Сөздің  фонетикалық  варианттары.  Бір  сөздің  түрліше  дыбысталуы 
оның фонетикалық варианттары болып саналады. Қазақ тілінде, мысалы, сөздің 
мынадай фонетикалық варианттары бар: дейін – шейін, ештеме – ештеңе, риза 
– разы – ырза, т.б.  
 
Сөздің  морфологиялық  варианттары.  Бір  сөздің  морфологиялық 
құрылысы  әр  түрлі  болғанымен,  семантикалық  жақтан  айырмашылығы 
болмайтын  түрлері  оның  морфологиялық  варианттары  болып  саналады. 
 
Полисемия және сөздің лексикалық мағыналарының түрлері.  Сөздің 
бойындағы  әр  түрлі  мағыналардың  табиғаты  бірдей  емес.  Тіл  білімінде  сөздің 
мағыналарын  әр  тұрғыдан  қарастыру  және,  осыған  сәйкес,  сөз  мағыналарын 
түрліше  топтап  саралау  дағдысы  бар.  Сөз  мағыналары  негізгі  мағына  және 
туынды мағына болып екіге бөлінеді.  
 
Тілдің  қазіргі  қалпы  тұрғысынан  алып  қарастырғанда,  сөз  мағыналарын 
екі  түрге  бөліп  топтастыруға  болады:  оның  бірі  -  тура  мағына,  екіншісі  – 
ауыспалы мағына
 
Кеңес  тіл  білімінде  академик  В.В.Виноградовтың  сөздік  лексикалық 
мағыналарына  жасаған  классификация  кең  түрде  қолданылып  жүр. 
В.В.Виноградов  сөздің  лексикалық  мағыналарының  негізгі  үш  түрлі  типін 
көрсетеді:  оның  бірі  –  тура  немесе  номинативті  мағына,  екіншісі  – 
фразеологиялық байлаулы мағына, үшіншісі – синтаксистік шартты мағына. 
 
Сөздің  тура  немесе  номинативті  мағынасы.  Сөздің  заттар  мен 
құбылыстардың  және  олардың  белгілерінің  бейнесімен  тікелей  байланысты  
лексикалық  мағынасы  тура мағына немесе номинативті мағына деп аталады. 
Мысалы,  оқу  деген  етістік  кітап  деген  сөзбен  де,  газет  деген  сөзбен  де,  хат 
деген сөзбен де тіркесіп қолданыла береді. 
 
Бір  сөзде  бірнеше  номинативті  мағына  болуы  мүмкін.  Алайда  соның 
ішінде  біреуі  негізгі  болады  да,  қалғандары  туынды  болады.  Академик 
В.В.Виноградов  мұндай  мағыналарды  номинативті  туынды  мағыналар  деп 
атайды.  Мысалы,  қазақ  тілінде  аяқ  деген  сөз  негізгі  номинавті  мағынасында 
дене  мүшесін  білдіреді.  Ал  жұмыстың  аяғы,  жиналыстың  аяғы  т.б.  осы 
тәріздес тіркестерде «соң» деген мағынаны білдіреді.  
 
Фразеологиялық  байлаулы  мағына.  Сөздің  тұрақты  сөз  тіркестерінде 
көрінетін лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. 
Фразеологиялық  байлаулы  мағынасында  сөз  тек  белгілі  бір  сөздермен  ғана  
тіркесіп, санаулы ғана тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылады.  
 
Синтаксистік  шартты  мағына.    Сөйлемде  белгілі  бір  синтаксистік 
қызмет  атқаруына  байланысты  туған  лексикалық  мағынасы  синтаксистік 
шартты мағына деп аталады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет