Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет66/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95
Байланысты:
Dosova Kazak tili

       49-жаттығу.  1.  Берілген  сөйлем  іштерінен  метонимияларды  тауып, 
түсіндіріңіз. 
 
       1.  Осы  ұрыстан  соң  «Бадам  өлген»  одан  кейін  біржола  «Бадам»  атанған, 
ежелгі  көкөзен  алқабы  сазбалшық  пен  қанбалшыққа  айналды.  2.  Сан  мың 
сарбаз  ішіндегі  екі  қызды  жау  жаққа  даралап  тұрып  аттандырғаным  қалың 
құлақ  арасындағы  екі  том  гүлді  үзіп  алып,  аулаққа  лақтырып  тастағанмен 
бірдей  болыпты-ау.  3.  ...  Бадам  батур  желпісіне  тартып  кеткеннен  кейін  артта 
қалған  ауыл  үй  іші  бір  сәт  әбігерден  арылып,  өніп  шығарғандай  тымырсық 


 
63 
тыныштыққа бөленді. 4. Өзге-түгіл  өз бала-шағалаларының да қайда жүргенін 
білмей  адасқандар  көп.  5.  Қолбастаушыларынан  қара  үзіп  қалмау  үшін  салт 
атты  қалың  сарбаз  да  сайгүліктерінің  сауырына  қамшыны  сипай  соғып,  бір 
қалыпты  сар  желіске  салды.  6.  Тісін  қайрап,  қос  жұдырығын  тас  түйіп  алып, 
жігіттер  кеткен  жаққа  қадала  қарап,  тұрған  ол  тіл  қатқанша  екі  тентекті  алып 
жігіттерге таяды. 7. Бүйткенше баяғы  «Ақтабан-шұбырынды» кезіндегі жоңғар 
шеріктері  қазақ  ауылын  қалай  шапса,  сендерді  де  сөйтіп  тып-типыл  етіп  кету 
керек  еді – деп  сарбаз шалдың бетіне  тыжырына қарады. 8. Енді  керуен келсе 
жалаңаш  –  жалпылықтан  да  құтылармыз,  деп  Ташкенді  түп  орнымен  қопара 
көшіріп келетіндей бар үмітті соған артып, бар жақсылықты содан күтіп, бала-
шағаларын да сол керуен алып келер дүниеге дәметтіріп,  отырған жағдайлары 
бар.  9.  Үш  шерігін  шығарып  алып  жақын  маңдағы  Сары-Манжаға  шаптырды. 
10. Бар-жоғы мыңға жетпейтін сарбазымен Үңгіртас жазығында Лама Дорждге 
түменнің қоршауында қалып қойып,  он күн бойы берілмей ұрысқан Райымбек 
батыр. 
 
2. Семасиологияның зерттеу объектісіне не жатады? 
3. Асыл – тастан, ақыл – жастан. 
Ананың сүті – бал, баланың тілі – бал. 
Ақыл алда, ашу арта – деген мақалдардың мағыналарын түсіндіріңіз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет