76
лексикологияны және лексикография теориясы мен практикасын жете бiлудi
қажет етедi.
Лексикография теориясы әр түрлi сөздiктердi жасау жұмыстарының
тәжiрибелерiн ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негiзiнде және
лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетiстiктерiн таяныш етудiң
негiзiнде жасалады. Сөздiктердi жасау жұмысында, олардың сапасын
арттыруда лексикогафия теориясының дәрежесi неғұрлым жоғары болса,
сөздiктер де соғұрлым сапалы болады. Сөздiктердiң сапасын арттыру сөздiк
жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер
жайында зерттеу жұмыстарын жүргiзудi қажет етедi. Олардың iшiнде
айырықша назар аударатын мәселелер мыналар: сөздiң лексикалық
мағыналық типтерi, мағына мен қолданылыс, сөз мағыналарының сөздiкте
берiлу тәртiбi, полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының
айырмашылығы, фразеологиялық сөз тiркестерiнiң сөздiкте берiлу
принциптерi, сөздiкке кiретiн туынды сөздердiң түрлерi және олардың аумағы
мен стилистикалық мiнездеме және т.б
Сөздіктердің тiл-тiлде бiрнеше түрi бар. Олардың әрқайсысы әр түрлi
мәдени қажеттiлiктi өтеу үшiн жасалады. Лингвистикалық сөздiктер жасалу
мақсатына қарай бiрнеше түрге бөлiнедi.
Сонымен, сөздiктердi төрт түрлi топқа бөлiп қарауға болады.
1 Сөздердiң шығу тегi мен олардың семантикасының дамуы туралы
мағлұмат беретiн сөздiктер. Бұларға жататындар: этимологиялық сөздiк,
тарихи сөздiк.
2 Қазiргi тiлдердегi сөздердiң мағыналарын түсiндiрiп, олардың
қолданылуы жайлы мағлұмат беретiн сөздiктер. Бұлардың қатарына
енетiндер: түсiндiрме сөздiк, аударма сөздiк, терминологиялық сөздiк,
диалектологиялық сөздiк, фразеологиялық сөздiк, синонимдер сөздiгi.
3 Сөздердiң дыбыстың құрылысы мен олардың жазылуы туралы
мағлұмат беретiн сөздiктер. Бұлардың қатарына енетiндер: фонетикалық
сөздiк, орфографиялық сөздiк.
4 Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсiндiретiн
сөздiктер. Бұлардың қатарына енетiндер: энциклопедиялық сөздiк,
иллюстративтi сөздiк.
Сөздiктiң басқа да түрлерi бар. Олар: жиiлiк сөздiк, синонимдер сөздiгi,
белгiлi бiр ақын – жазушылардың сөздiгi, мысалы, Абай тiлi сөздiгi т.б.
Достарыңызбен бөлісу: