Терминологиялық сөздiктер. Терминологиялық сөздiктер ғылым мен
техниканың т.б сан алуан салаларына қатысты терминдердi қамтып, олардың
бiлдiретiн ұғымдарын түсiндiрiп берудi мақсат етедi.
Терминологиялық сөздiктер бiр тiлдiк түсiндiрме сөздiк түрiнде де, екi
тiлдiк аударма сөздiк түрiнде де жасалады. Бiр тiлде жасалған
теминологиялық сөздiктерде терминнiң бiлдiретiн ұғымына талдау жасалып,
түсiнiк берiледi.
Шет тiлдер сөздерiнiң сөздiгi. Шет тiлдер сөздерiнiң сөздiгi шығу төркiнi
басқа тiлдiк сөздер мен терминдерге қысқаша түсiнiк берудi мақсат етедi.
Шет тiлдер сөздерiнiң сөздiгiнде, бiрiншiден, шет тiлдiк сөздердiң
мағынасы түсiндiрiледi, екiншiден, ол сөздердiң шығу тегi, қай тiлдiк сөз
екенi көрсетiледi.
Шет тiлдер сөздiгiн құрастырушылар «Сөздiк» терминологиялық
түсiндiрме сөздiк болып табылады, сондықтан ол саяси сөздiк пен
энциклопедиялық сөздiктiң мiндетiн атқара алмайды деп көрсетедi.
Лексикографиялық жұмыстар жүргiзу үшiн лексикографияның
теориясы
мен практикасын жете бiлу
қажет.
Мұнымен бiрге,
лексикографиялық жұмыс лексикографтардан лексикологияны, оның
семасиология, фразиология, этимология атты салаларын жете бiлу қажет.