4- жаттығу. 1. Мәтінді оқып шығып, кірме сөздерді анықтап,
түсіндіріңіздер.
Тағы бір күні атан түйені жетелеген, екі адам Едігені көріп: «Әй, қойшы,
осы түйеге даулымыз, төрелігін бересің бе?»- деп сұрайды. «Беремін» - дейді
қойшы бала жасқанбай. «Осы түйе менікі. Бота кезінде жоғалған. Атан
болғанында танып тұрмын. Ұрлаған ұрым – мынау», - дейді біреуі. «Өз
інгенімнің ботасы: өз бурамның тұқымы. Бұл маған қылып отырған жаласы»,-
дейді екіншісі. Едіге екеуіне түйенің енесін тауып әкеліңдер дейді. Екі інген
келтірілген соң, Едіге атаның тоқымына қыл бұрау салып бұрайды. «Жоғалтып
едім» деген жоқшының інгені боздап атанның үстіне түсе қалады. Сонда бала:
«Мұның ұрлатқаны шын екен. Түйесін қайтарыңыз», - дейді. Екіншісі – бұл
төрелікке көнбеймін деп, Тоқтамыс ханға барады. Түйесін таныған бірінші
ханға: «Осындай бір төрелік айтылып еді», - дейді, хан «Ол қандай төрелік
еді?» - дейді. Олар жолда бір қойшы балаға жолыққанын айтады. Хан: «ендеше
сол төрелікке тоқтап, түйесін қайтарып беріңіз», - депті.
2. Омонимдер, синонимдер және антонимдер сөздіктері дегеніміз не? Олар
сөздіктің қай түріне жатады?
3. Білім жайлы 3 мақал ойластырыңыз / синоним, омоним, антоним қолданып/.