~ 174 ~
берілген курс бойынша ең төменгі талап деңгейінде оқушының жеткен жетістігін
салыстыруға мүмкіндіктің болуы. Бұл жағдайда бастапқы нүкте ретінде міндетті минимумды
алу керек, өйткені сол ғана біршама айқын анықталған құжат болып табылады.
2. Бағалау жүйесі әрбір оқушының дайындық деңгейінің жалпы өзгерісін және оның
танымдық іс-әрекет аймағындағы түрлі жетістіктер динамикасын (ақпаратты меңгеруі,
ақпаратты өңдеуі, өз ойы мен бейнелеулерін шығармашылықпен көрсетуі т.б.) есепке алуы
керек. Өйткені бұлар оқушының білім алу жолындағы табыстары мен сәтсіздіктерінің бет-
бедерін көрсете алады.
3. Бағалау ақпаратында ол туралы дәлме-дәл түсініктеменің бар болуы, өйткені бағалау
аса ашық түрде өтіп, ағымдағы және қорытынды бағалардың қойылу себептері түсіндірілген
болуы керек.
4. Бағалау жүйесінде оқушының өз жетістіктерін және оқу үдерісінде болып жатқан
рефлексиясын мадақтайтын және өзіндік бағалауын дамытатын механизмге негізделген болуы
тиіс. Бұл жағдайда өзін бағалауда оқушы өз нәтижесін мұғалім бағасымен салыстыруға
мүмкіндігі болады.
5. Бағалау жүйесінде мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекшісі және мектеп әкімшілігі
мен педагогикалық ұжым арасындағы тұрақты байланысты ескеруі және қамтамасыз етуі
керек. Мұндай байланыссыз оқу үдерісін толық қалыптастыру туралы сөз болуы мүмкін емес.
6. Бірыңғай білім беру кеңістігі туралы сөз болғандықтан, бағалау жүйесі нақты мектеп
сыныбы үшін қолдануға мүмкіндігі болуы тиіс. Басқаша айтқанда, түрлі сабақтағы бағалау
жүйесі түрлі ұстанымға негізделіп жасалса, тиімді нәтиже беруі мүмкін емес.
7. Бағалау жүйесі оқушының психологиялық ерекшіліктерін ескере отырып, соған сай
жүргізілуі қажет. Оқушының жанын жаралаудан аулақ болу керек.
Критериалды бағалаудың мынадай негізгі
практикалық мәнділіктері бар:
оқушының жеке бас сапасы емес, оның оқу жетістіктері бағаланады;
оқушы жұмысы, оларға бұрыннан белгілі – дұрыс орындалған үлгі жұмыстарымен
салыстырылады;
оқушыға баға қорытудың айқын алгоритімі белгілі, сондықтан оқушы өз жұмысының
деңгейін өзі де анықтай алады және оны ата-анасына хабарлау мүмкіндігі бар;
оқушыға не үйретілген болса, соны ғана бағалауға болады.
Критериалды бағалау жүйесінің
ерекшеліктері:
оқушының нақты қиындық тудыратын сұрақтарын білу және оны жою мүмкіндігінің
болуы;
оқушының бағалау туралы теріс ішкі сезімінің болмауы, психологиялық жайлы
ортаның болуы;
бағалаудың шынайылығы, анықтылығы және ашықтығы;
оқушының даму үдерісін анықтау мүмкіндігі;
оқушының қиындықтарды жеңуге деген құштарлығының жоғары деңгейінің
қалыптасуы;
кері байланыстың жиілігі, рефлексия;
ішкі және сыртқы бақылаулардың болуы;
оқу-тану әрекетіне оқушыны ынталандырудың болуы;
сын тұрғысынан ойлау қабілетіне көңіл бөлінуі. [5]
Достарыңызбен бөлісу: