Басқару элементтерін біріктіру
Кейде қосымшаны құрастырғанда әртүрлі басқару элементтер біріктіруді қажет етеді,
мысалы ауыстырғыштар немесе құралдар тақташасымен жұмыс атқарғанда. Осындай біріктіру
әрекеттері контейнерлер арқылы орындалады. Әдетте контейнер деп ӛзінің бетінде басқа
элементтердің орнатылуын және осы компоненттердің біріктіруін қамтамасыз ететін визуалдық
элементті атайды. Контейнер ӛз бетінде орнатылған компоненттердің иесі болып саналады және
ӛз туындылар бейнелерінің салынуына жауап береді. Контейнердің туындысы ӛзінің алғы
буынына Parent қасиеті арқылы сілтейді. Әр контейнер ӛз құрамындағы элементтерді шектеп
тұрады.
Әмбебап контейнерлер ретінде Delphi ортасы келесі компонентерді ұсынады:
GroupBox - тоб;
Panel - тақташа;
ScrollBox - қарап шығу белдеулерімен қамтылған аймақ;
Frame - фрейм.
Жалпы контейнер ретінде форма да қолданылады. Форма - оның бетінде орналасқан барлық
компоненттердің иесі болып саналады.
Фреймдер
Фрейм (TFrame) - бетіне басқа компоненттерді орналастыруға болатын контейнер ретінде
қолданылады. Фреймді қолданудың айырмашылығы - оның ӛзінің басқа бір контейнерде
орналасуының мүмкіндігі, мысалы формада немесе тақташада (Panel). Фреймді қолданудың
негізгі мақсаты - программаның терезесін әдемі және кӛрнекі түрде шығару.
Фрейммен жұмыс атқару келесі екі кезеңнен тұрады:
Фреймді құрастыру;
Фреймді формаға немесе Panel - ге орналастыру.
Фреймді құрастыру үшін File=> New Frame опцияларын таңдау керек, сол сәтте қкран бетіне
фреймнің бос терезесі шығады және жобаның құрамына жаңа фрейм қосылып тұрады. Енді
фреймнің бетіне қажетті басқару элементтерін орналастыруға және оқиғаларға сезіндіру
үзінділерін құрастыруға болады. Фрейм және формамен жұмыс атқару ұқсас болып келеді.
Формаға фреймді орналастырғанда жобаның Uses бӛлімінде автоматты түрде фрейм
модулінің сілтемесі кӛрсетіледі, ал форма класының анықтамасына (Type сӛзімен басталған
бӛлімінде ) фрейм элементтерінің оқиғаларын ӛңдеуші үзінділеріне сілтемелер қосылып отырады.
73
Негізгі әдебиет: 4 [284-295]
Қосымша әдебиеттер: 8 [381-395]
Бақылау сұрақтары
1. Қолданушының компоненттерін құру жолдары?
2. Визуалдық компоненттерді қалай қолданамыз?
3. Ауыстырғыштар дегеніміз не?.
4. Фреймдер. Фреймдер құрастыру.