Кӛп жолдық редактор
Кӛп жолдық мәтінді ӛңдеу үшін Delphi ортасы Memo компонентін ұсынады. Бұл
редактордың мүмкіндіктері бір жолдық Edit элементімен бірдей, тек Memo - де бірнеше жол
орналастыруға болады. Memo - ның мазмұнына қол жеткізу үшін String түріндегі Lines қасиеті
қолданылады. Бұл жәйтта терезенің мазмұны бір жолдық шама деп саналады, жолдың соңын
кӛрсету үшін Enter пернесі басылған, яғни соңында #13#10 таңбалары тұр деп саналады.
Memo - ның бӛлек жолымен жұмыс атқаруда TString түрінің Lines қасиеті қолданылады.
TString класы арнайы жолдық шамалармен жұмыс атқаруға негізделген және кӛптеген қасиеттер
мен әдістерді қолдануға мүмкіндік туғызады.
WantTab қасиетінің мәні True болса, онда Tab пернесі басылғанда мәтінге табуляция
белгісі орналастырылады, яғни келесі жолды енгізуге мүмкіндік туғызады. Келісімше WantTab
қасиетінің мәні False, осы тәртіпте Tab пернесі басылғанда енгізу фокусы келесі терезелік
басқару элементіне беріледі.
70
RichEdit компоненті мәтінді редакторлау мүмкіндігімен қамтылған, ол мәтінді форматтауды
және келесі әрекеттерді орындауды сүйемелдейді: тегістеу және табуляция тәртібін орнату,
шегіністі қолдану, шрифты ӛзгерту және т.с.с. Осы редактордағы даярланған мәтін RTF (Rich
Text Format) форматымен тіркеседі, яғни Windows ортасындағы барлық мәтіндік редакторлармен
сүйемелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |