Информацияны енгізу және редакторлау
Delphi ортасының Edit, MaskEdit, Memo, RichEdit компоненттері арқылы информацияны
енгізуге және оны ӛзгеруге болады. Edit компоненті Enter пернесінің басылғанына сезінбейді.
Edit - тің CharCase қасиеті енгізілетін мәтіндегі әріптердің регистрын анықтайды:
EcLowerCase - барлық кӛрсетілген әріптерді кіші әріпке аударады;
EcNormal - әріптерді кӛрсетілген тұрінде бейнелейді;
EcUpperCase - барлық кӛрсетілген әріптерді бас әріпке аударады.
Егер Edit - тың Password (қупия сӛз) қасиетінің мәні #0 болса, онда енгізу жолында
терілген таңбалар кӛрініп тұрады. Енгізілген информацияны кӛрсетпеу үшін Password мәні #0 -
ден тыс болу керек. Енгізу жолындағы таңбалардың орнында жұлдызшалар (*) тұрады.
MaskEdit компоненті енгізілетін берілгендің үлгісін анықтайды (мысалы, бүтін, нақты
сандарды, датаны немесе телефон нӛмірін). Үлгі компоненттің EditMask қасиеті арқылы
анықталады. Сол қасиеттің оң жағын екі рет сырт еткізіп, шыққан терезеде берілгендердің
үлгісін анықтауға болады.
Жалпы Edit элементі Enter және Esc басқару пернелерін басқанға сезінбейді. Enter
пернесін басқандағы орындалатын әрекеттерді программалаушы әдейі кӛрсету керек. Әдетте бұл
перненің басылуы редактордың жолындағы берілгендің соңын және басқа басқару элементіне
ӛту, яғни SetFocus әдісі немесе ActiveControl қасиетінің мәнін кӛрсету арқылы оған енгізу
фокусын беру қажеттілігін анықтайды. Жиі кездесетін бір жәйт - басқару бір енгізу элементіне
берілгенін кӛрсеткеннен кейін басқа басқару элементіне ӛткенде (табуляция орындалғанда),
Enter пернесін басумен байланысты оқиғаны бӛліп ӛңдеу тәсілі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |