Delphi-дің ортасы кӛптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның кӛрнісі
жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
2
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың ӛлшемін
ӛзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс
атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында кӛрсетіледі.
Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен
бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unit кодына ӛту және одан кері ӛту F12 пернесі арқылы
орындалады. Кейде Delphi жүктелгенде, Unit терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі
деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphi
ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.
Достарыңызбен бөлісу: