3 дәрістің тақырыбы: Delphi ортасының басқарушы құрылымдары.
Консолдық қосымша.
Жоспар:
Негізгі операторлар:
o
Қарапайым операторлар
o
Шартсыз ӛту операторы ( GOTO )
o
Құрамды операторлар
o
Шартты оператор ( IF )
o
Тандау операторы ( CASE )
o
Қайталану (цикл ) операторы FOR
o
Қайталану операторы WHILE
o
Қайталану операторы REPEAT
Консольдық қосымша.
Негізгі операторлар
Операторлар программаның немесе модульдiң соңғы бӛлiмiнде begin және end түйiндi
сӛздерiнiң аралығында орналастырады. Оператор дегенiмiз - алгоритмдi жүзеге асыру барысындағы
орындалатын iс-әрекеттердi анықтайтын тiлдiң қарапайым сӛйлемi. Операторлар жазылу ретiне қарай
бiрiнен кейiн бiрi тiзбектелiп орындалады. Операторлар қарапайым және құрамды болып екiге
бӛлiнедi. Қарапайым операторлар тек бiр оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар
болмайды.
Жәй құрама оператор бiрнеше қарапайым операторларды бiрiктiрiп, қосымша жақша
тәрiздес begin және end арнаулы сӛздерiнiң арасына орналастырудан пайда болады. Құрама оператор
басқа құрамдас операторларды құрамына енгiзiлiп, бiр оператор тәрiздi орындалады.
Қарапайым операторлар
Қарапайым операторлар тек бiр оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар болмайды.
Олардың қатарына меншiктеу, кӛшу, процедураны шақыру операторлары жатады. Меншiктеу
операторы ( := )
Меншiктеу операторы жазылған ӛрнектердiң мәнiн есептеп, оны айнымалыға теңеу үшiн
қолданылады. Ӛрнек мәнiнiң түрi айнымалының түрiне мiндеттi түрде сәйкес келуi тиiс. Кейде
нақты түрдегi айнымалыға бүтiн санды меншiктеуге болады, ондай жағдайда бүтiн сан нақты
санға айналып кетедi. Меншiктеу операторының жазылу ережесi (форматы) тӛмендегiдей
Достарыңызбен бөлісу: |