Тұрақтылар
Тұрақтылар деп, мәндерi программаның орындалу кезiнде ӛзгермейтiн шамаларды айтамыз.
Тұрақтылар есебiнде Object Pascal тiлiнде бүтiн, нақты, он алтылық сандар, логикалық, символдық
шамалар мен жазбалар, жиындар, таңбалар жолдары, NIL - анықталмаған сiлтемесi қолданылады.
Программа құрамында тұрақтылар екi түрде анықталады: жәй және типтiк.
Белгiлер
Белгiлер бӛлiгi арнаулы сӛз label және программа құрамына енетiн белгiлердiң тiзiмiнен
тұрады.
Бӛлiктiң жазылуы:
Label <белгiлер тiзiмi>;
Белгiлер есебiнде 0-9999 сандар мен a-z символдарынан құралған тiзбектi қолданады. Олар
негiзiнде шартсыз goto басқару операторымен бiрге қолданылады. Программа құрамында белгiден
кейiн екi нүкте таңбасы жазылады (: ) .
Айнымалылар
Айнымалы деп, программаның орындалу барысында әр түрлi мәндердi қабылдай алатын шамаларды
атайды. Олар идентификатормен белгiленедi және әрбiр уақытта белгiлi бiр мәнге ие болады.
Айнымалылар жәй немесе индекстi болып екi топқа бӛлiнедi. Айнымалы шамаларды анықтау бӛлiгi
арнаулы var сӛзiмен басталып, одан кейiн олардың атауы мен түрлерi кӛрсетiледi.
Түсiнiктемелер
Қатарлар арасына не соңына “{ }”, ―//‖, ―(* *)‖ таңбаларға алынған түсiнiктеме беретiн сӛздер
жазып отыру керек. Оларды ағылшын немесе ұлттық әрiптермен жазуға рұқсат етiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |