Кӛптеген компоненттер жиынынан немесе бiртектi реттелiнген объектiлердiң мәнiнен тұратын
21
бӛлек элементтердi құрылымға бiрiктiру тәсiлiн және құрылымға кiретiн элементтердiң түрлерiн бiлу
қажет. Құрылымды түрлерге жазбалар, жиындар, жолдар, файлдар және варианттар жатады.
Жазбалар
Бiр құрылымға бiрiктiрiлген әртүрлi тектегi бiр - бiрiмен байланысты мәлiметтердiң жиыны жазба
деп аталады. Жазба, массив тәрiздi, мәлiметтердiң күрделi түрiне жатады және бiр заттың әртүрлi
маңызды мәлiметтерiн бiрiктiрiп қолдану үшiн пайдаланылады. Жалпы жазба пайдалануға ӛте тиiмдi
деп саналады, олар дерекқорлармен жұмыс iстеуге бейiмделген. Жазбаның (record) құрамына кiретiн
мәлiметтердi ӛрiстер деп атайды, және жазба ӛрiстерiнiң массив элементтерiнен айырмашылығы
келесiде:
- жазбаның ӛрiстерi бiрыңғай түрге жатпауының мүмкiндiгi;
- ӛрiстерге олардың аты арқылы қол жеткiзуге болатындығы.
Жазбаның құрамындағы ӛрiстердiң аты қайталанбауы тиiс, бiрақта әртүрлi жазбаларға кiретiн
ӛрiстердiң аты бiрдей болуы мүмкiн. Дерекқорлар әртүрлi жазбаларды бiр - бiрiмен байланыстырып
жұмыс атқаруды қажет етедi, мұндай жағдайда жазбалар арасындағы байланыс аттары бiрдей ӛрiстер
арқылы орындалады. Жазбаның және ӛрiстердiң атында латын әрiптерiн қолданған жӛн.
Жазбалар түрiндегi анықталған айнымалыларға, массив сияқты, осы түрдегi анықталған басқа
шаманың мәнiн бiрден меншiктеуге болады.
Жазбалармен жұмыс атқарғанда кейбiр ӛрiстерiнiң мәнiне сәйкес осы мәнiмен байланысты басқа
да мәлiметтер қажет болуы ықтимал. Жазбаның ерекше түрi - варианттық (таңдамалы) жазба
қолданылады. Кез келген құрылымдық түр ӛрiстердiң бекiтiлген тiзiмiнен басқа осы түрдiң бiрнеше
құрылымын анықтайтын варианттық бөлiгiнен тұруы, яғни әртүрлi айнымалылар бiр түрге жатса да
олардың құрылымы әртүрлi болып анықталуы мүмкiн. Бұл айырмашылық мәлiметтердiң (ӛрiстердiң)
санына және олардың түрiне де қатысты бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: