Варианттарды OLE үрдістерінде қолдану
OLE (Object Linking and Embeding - объектіні байланыстыру және ендіру) үрдісі Windows
ортасының мәлімет алмастыру стандартты құралы болып саналады. Осы үрдіс бойынша бір
программаның (клиент) құрамында басқа программаның (сервер) кӛмегімен құрастырылған
берілгендері (объектілері) болуы мүмкін.
Delphi ортасында OLE - үрдісін сүйемелдейтін әртүрлі құралдар бар. Олардың кейбіреуі
варианттарды қолдануымен сүйемелденеді. Себебі варианттың мәні OLE - объекті бола алады.
OLE - объектін құрастыру үшін CreateOLEObject стандартты функциясы қолданылады.
Функция берілген ClassName - сервердің аты бойынша серверді шақырудағы қолданылатын
Idispatch - интерфейстің идентификаторын қайтарады. ClassName аты операциялық жүйеге сервер
ретінде қолдануға болатындығы белгілі болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |