4. Жобаны сақтап, іске қосу. Форма кӛрінеді. Memo1 терезесіне топтар кӛрсеткіштерін кезекпен
енгізіп, OK батырмасын шерту. Нәтиже алынады (4-сурет).
Ескерту. StringGrid компонентін пайдаланбай, мәндері InputBox терезесіне енгізіп, нәтижені Label
31
Жоспар:
Жолдық мәліметтер.
Жолдық ӛрнектер.
Жолдық функциялар мен процедуралар.
Символдық мәліметтерді ӛңдеудің есептерін программалау.
Object Pascal тілінде жалпы мәтіндерді ӛңдеуде жолдардың келесі түрлері қолданылады:
Қысқа жол - ShortString немесе String[N], мұнда N<255;
Ұзын жол - String;
Алшақ жол - WideString;
Нӛл - терминалдық жол - PChar.
Жолдар программада ұзындығы айнымалы, мысалы
String[N] - дегі элементтер саны 0 - ден N -
ге дейн, ал String және Pchar түріндегі шамалардың ұзындығы 0 байттан 2 Гбайтқа дейн болып ӛзгере
алатын, бір ӛлшемді массив тәріздес болып келеді.
Түрлермен танысуды ShortString - жолдық түрдегі шамалармен бастаймыз (стандартты Pascal -
дағы String[255] түрі). Бұл түр арқылы әр байты бір символдан тұратын жадының айнымалы аймағын
анықтайды. Object Pascal тілінде символдық түріндегі шамалар Char арқылы анықталады және әр
символдың жолдағы ӛз нӛмірі болады.
Delphi ортасының 32 - разрядтық нұсқаларында жоғарыдағы екі түрдің тиімділігін үйлестіретін
жаңа String түрі анықталған. Осындай түрдегі анықталған шамаға жадыдағы орын динамикалық
тәртіпте, яғни қажеттілікке сай бӛлінеді және жолдың ұзындығы жадының қол жетерлік кеңістігімен
байланысты болады.
OLE - үрдістеріне негізделген компоненттерімен тіркестіру үшін Delphi – 32 - де WideString деген
стандартты түр анықталған. Түрдің қасиеттері String ұзын жолдың қасиеттері сияқты, бірақ әр таңбаны
ӛрнектеуде бір емес, екі разряд қолданылады.
PСhar түріндегі анықталған айнымалымен жұмыс атқару жоғарыдағы келтірілген іс-әрекеттер
сияқты болып келеді және компилятор осы айнымалыны сілтеме деп санайды, оған 4 байт орын
бӛледі.
Достарыңызбен бөлісу: