16-жаттығу
Мәтiндегi сөздердi сөз тұлғасына қарай талдаңыздар
Күз басынан берi қызыл шұнақ жел қылшылдап тұр. Қара жер
тың боп қатып қалды. Шық түспеген шөп басы пышырлап құп-
құрғақ. Теңiз бетi де көптен берi тұманданбай түтiгiп қарауытады да
жатады. Күнде ертеңгiсiн шағырмақ ашық аспанға суық қоралаған
жүдеу күн көтерiледi.
Биылғы күз жылдағыдан гөрi ұзаққа созылатын жауын-
шашынсыз қара қатқақ суықтың зәрi сынбай, осы бiр қылшылдаған
қалпымен қарлы қысқа қалай ұласқанын аңғартпай қалатындай едi.
Ойда жоқта көк жүзiн бұлт торлады. Бiрақ жел басылды. Iле-шала
көктен қар қыламықтап, жер бетiн жеңiл кiрбiң басты. Отын, шөбiн
тасып, қора-қопсысын қамдап, қыс жабдығына қауырт кiрiспесе
болмасын байқады. Осыған ойы талпынса да, бiрақ қолы бармай
желкесiнен кежегесi кейiн тартып жүргенде күн райы өзгердi. Теңiз
бетi буланды. Жыл бойы мал тұяғы тимеген жағалаудың қау шөбi
түнге салым шыққа малынып, күзгi күн қан жылымданып былжырап
тұрды да, ақырында құйып жаңбыр жауды.
Мал баққан ала көбең шаруаның онан сайын зәресi ұшты. Аузын
ашса айтатыны қолдағы азғана малдың қамы: «Ай, биыл тағы сорлап
қалмасақ қайтсiн. Осыдан кейiн аяз соғып, жер қатып, көк мұздақ
болатын шығар, кәдiмгi мал iшiн бұзып, қой-ешкiнiң тұяғын қиятын
мұздақ…» – деп қорқып отырғанда, күн райы шұғыл өзгерiп, бұл
жолы тағы да шаруа шықпады (Ә.Нұрп.).
17-жаттығу
Төмендегi мысалдардан қос сөздердi тауып, жасалу жолын
түсiндiрiңiздер. Мағыналарын ашыңыздар.
Екi аралықта Аяққайшы мен Ыршауықтың ой-қыры, тау-тасы
жатыр, бiрталай жер (М.М). Кеңдiрлi – етек-жеңi кең, малға
жайылып, адамға отын суы мол жететiн берекелi қоныс (М.М.).
«Япырмау, көктем шығып едi,бұл жақта әлi қар жатыр ғой», – деп
таңданғандай ол жан-жағына жалт-жұлт қарап, шиқ-шиқ етедi (Д.Н.).
Бiрi еңбек қып, бiрi оны жатып iшпей, теп-тегiс бұл жұмысқа бармақ
үшiн (С.Т.). Әке-шешелерi қызын бермекке ырза болып, бiзден
бiрталай мал да алып қойып едi (М.Ә.). Ол ұзынды-қысқалы он
шақты жiгiт отырған кабинет жақты иегiмен меңзеп қойды (К.С.).
13
Абайдың ұлы ақын, ағартушы, ойшыл болып бiрте-бiрте өсуi,
қалыптасып кемелiне келуi жоғарыдағы айтылған тарихи жағдаймен
астасып жатады (Т.А.). Болыстар, билер, ақсақалдар бұл сөзден
ұялып, тұс-тұсқа аттана шауып едi, ешкiмдi қайырып ала алған жоқ
(С.Мұқ.). Жер жөнiнен қысым, таршылық-тапшылық көргенде қалың
крестьян төреден, жуан қожадан, жерлi байдан көредi екен (М.Ә.). Не
қыларын бiлмей өксiп-өксiп жылап отырып қалды (М.Ә.). Кейiнгi жас
балалар оқып көрер, Кейде жылап, кей-кезде сақ-сақ күлер (С.Тор.).
18-жаттығу
Төменде берiлген қос сөздердi жасалу жолы бойынша топтап
жазыңыздар.
Жауын-шашын, әке-шеше, ет-мет, әп-әдемi, ағайын-туыс, дәрi-
дәрмек, дау-шар, апалы-сiңiлi, үлкен-кiшi, жарқ-жұрқ, жiгiт-мiгiт, ап-
арық,
абысын-ажын,
олпы-солпы,
әңкi-тәңкi,
алыс-жақын,
әлеуметтiк-саяси, сарт-сұрт, қып-қысқа, тау-тау, ептеп-септеп,
көйлек-көншек, биiк-биiк.
19-жаттығу
Төмендегi қос сөздердi сыңарларының мағынасы бойынша
топтап жазыңыздар. Мағынасыз сыңарлардың мағыналарын ашып
түсiндiрiңiздер.
Үйлi-баранды, үлкен-кiшi, терi-терсек, сәлем-сауқат, телi-тентек,
олпы-солпы, оқтын-оқтын, әрi-берi, ләм-мим, құл-құтан, қыз-қырқын,
аға-iнi, ұзынды-қысқалы, кiшi-гiрiм, ебiл-себiл, жолдас-жора, быт-
шыт, әуре-сарсаң, әлем-жәлем, ауық-ауық, анда-санда, көл-көсiр,
абысын-ажын, ағайын-ажын.
20-жаттығу
Мәтiндегi
бiрiккен
сөздердi
тауып,
жасалу
жолын
түсiндiрiңiздер. Бiрiккен сөздердiң мағыналарын ашыңыздар.
Әйтеуiр мылтық даусын көбейту үшiн кейбiреулерiнiң қойнына
тығып алған жаман шолақ алты атарлары да бар (М.Ә.). Ғаламшар
өркениетiндегi қазақ жұртының мәртебелi орнын әлдеқашан
танытқан («Егемен Қазақстан»). Шоқ белбеу, алтын айдар мырзам
қайда, Шұнақ құл өлтiремiн соның үшiн («Егемен Қазақстан»). Сүйеу
ел iшiне сыйымсыз, тiкбақай, тентек шал (Ә.Нұрп.). Басқа кезде тас
басына қонған кәрi күшiген тәрiзденiп тобы кiшiрейiп, аққұба басы
кеудесiне түсiп мүлгiп отыратын (Ә.Нұрп.). Балаларға арналған елдiң
14
басты шыршасы «Ғажайыптар әлемi» технопаркiнде орнатылды
(«Егемен Қазақстан»). Сот арқылы темiржолшылардан 4 миллион
теңге айыппұлды өндiрiп алатын болдық («Егемен Қазақстан»). Орыс
байының ұзап кеткенiн көрдi ме, ендi Құлтума күшке мiндi: – Менi
жаратқан жалғыз құдай қарашекпеннiң байы емес едi ғой (Ә.Нұрп.).
Жүрiп жатқан келiссөздердi бұзып жiберу де ол үшiн түкке
тұрмайтын («Парасат»). Толстой өз шығармасын қаламақысыз тегiн
бастыруға
рұқсат
беретiн
(«Парасат»).
Астананың
елорда
аттанғанына үш жыл толып отыр («Егемен Қазақстан»). Кемпiрқосақ
шыққан жоқ асылы өзге, Болған да емес қызылы, жасылы өзге
(Ж.М.). Көк көгершiн, көгершiн, Көкқұтан ұшар жем үшiн («БҒЖ»).
Көкмойынға қарай екi-үш аттап қолын созды (З.А.). Шалқы, қазақ,
шалқитын заман келдi, Текке қанын төккен жоқ Амангелдi (Ж.А.).
Жоғарыда аталған ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға
елiмiз бойынша 25-тен астам ғылыми мекемелер мен кәсiпорындар
қатысуда («Егемен Қазақстан»). Бiр қызығы – топ ортаға түскен адам
қанша ақылды, пысық болса да кеудемсоқтар кездесiп жатады
(«Сарыарқа»).
21-жаттығу
Мәтiндегi қысқарған сөздердi жасалу жолына қарай топтастырып
жазыңыздар.
Бiздiң кәсiпорынның құрылған мерзiмдегi жарғылық қоры 7 млн.
АҚШ долларын құрайды («Ана тiлi»). Ауыр ойдағы Асқар
қасындағыларды әр жаққа жұмсап жiберiп, өзi Совдеп кеңсесiнде
жалғыз қалды (С.Мұқ.). Солардың iшiнде соңғы кездерi Қазақстан
мен ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы Қауiпсiздiк және Ынтымақтастық
ұйымы) байланысы күшейiп келе жатқанын аңғаруға болады («Қазақ
әдебиеті»). Колхозсыз жер бар дейсiз бе?.. (Ғ.Мұст.). Кеңшарда жаңа
құрылыстардың қатары көбейiп, ауылдың мәдени-тұрмыстық
жағдайы бiршама көтерiлдi («Егемен Қазақстан»). Қазiргi таңда
нарық заманына орай әр түрлi бағыттағы ЖШС құрылған («Егемен
Қазақстан»). Жоғары оқу орындарының арасында ҚазМУ-дiң жастар
тобы жүлделi орынды жеңiп алды («Ана тiлi»). Екiншiден, осы
жарлықты жүзеге асыратын органдардың бiрi – Ахуалдық хал
актiлерiн тiркеу (АХАТ-ЗАГС) органдары («Заң»). Талиптар
есiрткiсiнiң заңсыз айналымы проблемасының халықаралық сипат
алуы Қазақстанда ЕО мен Орталық Азия мемлекеттерi арасында
есiрткiнi бақылау жөнiндегi өзара ықпалдастық жоспарын iске
асыруға байланысты бiрiншi кезектi шараларды жүзеге асыру
қажеттiгiн анықтайды («Егемен Қазақстан»).
15
22-жаттығу
«Жаңа атаулар» сөздiгiн, газет-журналдарды пайдаланып, тiлге
жаңадан енген күрделi сөздерге мысалдар жазыңыздар.
СӨЗЖАСАМ ТӘСIЛДЕРI
23-жаттығу
Төмендегi мысалдардан синтетикалық тәсiлмен жасалған
туынды сөздердi тауып, дәлелдеңiздер.
I
Сондай қалың қос-қос жылқы, табын-табын сиырлар да Албан
жайлауларын оңды-солды шиырлап таптаған (М.Ә.). Үлкен
ауруханалар мен емханалардың жетекшi мамандары түйiндi
мәселелердi дүркiн-дүркiн талқылап, дұрыс шешу жолдарын
анықтайды («Парасат»). Мен айдауда келе жатсам да, екi қолымды
жамбасыма жапсыра ұстап, аяғымды көтере сермеп, дiк-дiк басып,
мойнымды командир жаққа бұрдым (Ә.Н.). Ендiгi жұрт ата-
бабаларымыздың мiндi iсiн бiр-бiрлеп тастап келемiз, әлгi екi мiнезiн
бiржолата жоғалтып алдық (Абай). Кешеден iшiнде дүмбiлез боп,
шиеленген түйiндей боп байланып бiр ыза қып, бiр өкпелетiп, бiресе
ашу шақыртып жүрген бiр жай осылайша шешiлдi (М.Ә.). Қайтып
келiп қой қораның қиын апыр-топыр жалғыз өзi қаза бастады (О.Б.).
Бiр қарағанда еш өзгерiс жоқ сияқты болғанымен, келiмсектер ың-
шыңсыз, еш кедергiсiз жайғасып жатыр («Парасат»). Қалың елiм,
қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түстi мұртың (Абай).
Бұрала бiткен емендей, Қисық туған адамсың (Үмбетей). Сондықтан
батаның артынан көптiң байлауын айтып тiлдескелi келген қу-
пысықтар айтқанын iстеттi (М.Ә.). Iшiмде менiң iшiмде, Көктелдер
қайта тiрiлдi, Жасырмай айттым кiшiрмей, Арманға айтатынымды
(Ж.М.). Онан сайын ұшықтасын, жығылған үстiне жұдырық
ұрылмасын, – дейдi ол (З.А.). «Қол-аяғымызды кестiң бе?» деп
кеңкiлдеп қоя берiп едi (Ж.А.). Сәрсенбай әлдеқашан ұйқыға кеттi.
Бiрақ Шолпан анау ойлармен уланып, кiрпiк қаққысы жоқ (М.Ж.).
II
Хан басың қараулықпен даулы болып, Үстiне ақ орданың қол
келтiрдiң (Көтеш). Қалақайлап дулатқан, Қалдамандап шулатқан,
Қалмақты алдың, Бөгенбай! (Үмбетей). Жерден бауырын жазып,
биiктеп көтерiле алмайтын қыстың қысқа күнi еңкейiп қалыпты
16
(Т.А.). «Мен қазақпын» дедiм хан Темiрге де, Жезтырнақша қадалды
жебiр неме (Ж.М.). Көп сөз айтқан бұрынғы бiлiмдiлер,
Пайдалансын, ұқсын деп кейiнгiлер (Ш.Қ). Мен ақынмын – жел
жүйрiк, Гуiлдеймiн, ұшамын, Мен – ойыншы көбелек, Көрiнген гүлдi
құшамын (М.Ж.). Ауылдық кеңес ағасы жиылысты ашық деп
жариялады да, болыстан келген өкiлге сөз бердi (Б.М.). Мен ақынмын
– ағынмын, Сылдыраймын, сүйемiн (М.Ж.). Төбе мен екi
қабырғалыққа кертiп орнатқан кергiш тiреулер өзара сыбырласып,
үстiнен басқан, бүйiрден қысқан салмақ ауырлығын айтысып,
уһiлесiп қоятындай күрсiнiс дыбысы естiледi (Ғ.М.). Үкiметке
экономика саласында құқық бұзушылыққа қарсы күрес тұжырым-
дамасын, қылмысқа қарсы күрестiң жаңа бағдарламасын даярлау
тапсырылды («Жұлдыз»). – Сұрамақ пен бiлмек бар. Әр барымта,
шабуылда алынған мүлiк, соққыға жығылған жiгiт көп (М.Ә.).
Ыңылдайды арбакеш, Арбаңдайды арбасы, Ырғалады ол, ырғалад,
Астындағы жорғасы (М.Ж.). Терең, тұңғиық бетiнде жүзген үлкен
қайықтың ескек сыбдыры Дайырдың сергек құлағына естiлiп қалды
(М.Ә.). Суылдап қалың орман жел ойнады, көшiрiп бұлт тақтасын көк
ойнады (И.Б.).
24-жаттығу
Төмендегi сөздердiң түбiрi мен негiзiн ажыратыңыздар. Негiз
сөздердiң мағыналарын ашыңыздар.
Бiрлiк, өрiмтал, жаралы, шуылдаған, ыржуастық, биiгiндей,
күйiктi, жылжымалы, үскiрiк, ағын, былғары, сұрау, бiлiмдiлiк,
ескекшi, марапаттау, сияпат, көтерiңкi, көрiк, дiни, арман, шақырды.
25-жаттығу
Төмендегi жұрнақтармен туынды сөздер жасаңыздар.
-тi, -лас, -малы, -iңкi, -ма, -стан, -паз, -н, -қы, -хана, -кеш, -па, -т,
-ыл, -пат, -дай, -лық.
26-жаттығу
Туынды
сөздердi
морфемаларға
бөлiп,
жұрнақтарды
құрылымдық түрлерiне талдаңыздар.
Сөйлегiш, бiлгiш, кiсiмсiн, салқындық, ашпалы, мүшелеу,
негiздеу, мiншi, жалбыршақ, жалтырту, арықтау, көрiндi, аттау,
сарғыш, биiктеу, артықшылық, қақырату, лақтай, мақтағыш, балақай,
балақан, кейiнгiге, кеңейтiлу.
17
27-жаттығу
Мәтiннен синтетикалық тәсiлмен жасалған туынды сөздердi
тауып, сөзжасамдақ мағыналары бойынша топтап жазыңыздар.
Болмашыдай анадан, Болат тудың, Бөгенбай (Үмбетей). Өткен
жылы ауылдық кеңес сайлауы болып едi (Б.М.). Қараңғы үйге таңның
көгiлдiр сәулесi босаға саңлауларынан, киiз жыртықтарынан ене
бастады (Ғ.Мұст.). Ғаббас көреген жасы үлкендiгiн танытып, әуелгi
пiкiрдi өзi айтты (Д.Д.). Орынды iске жүрiп, ой таппаған, Не болмаса
жұмыс қып, мал бақпаған (Абай). Қасиеттi мақсат алып көңiлге,
таудай талаппенен кiрiп едiң өмiрге (М.Ж.). Жайлауға жаңа жеткен
ел Жiңiшке өзеннiң бойына шалғынды жердi қуалап жағалай қонған
(М.Ә.). Қыз даусына етегiне алтыбақан құрылған, тақиядай
дөңгелене бiткен жеке биiк қана жауап қайыра жаңғырады,
жұлдыздары жарқырай түскен көк аспан ғана дiрiлдей үн қосады
(М.М.). Етiндей жас баланың бiлегi бар, Әжiмсiз ақ саусағы iске
ыңғайлы (Абай). Бiлiмдi адам сөз үғады, бiлiмсiз адам ненi ұғады
(Ақтайлақ). Мейiрленсем – сегiз жұмақ қолымда, Қа¿арлансам –
тамұқ даяр жолымда (М.Ж.). Сондықтан батаның артынан көптiң
байлауын айтып тәуекелi келген қу-пысықтар айтқанын iстеттi
(М.Ә.). Таңертеңгi шайға ыстық самсамен қатар бiр аяқ қымыз
қойыпты (Ғ.Мұст.). Төртiншi ме, Төртiншiсi – маған деген адалдығы
ол менi сүйген адамның (М.Ш.). Ендi бiрi Көк биенiң бауыры
астаудай болып iсiп, сенделiп келгенде «таңдайды бiржола ағартайын
дегенi ғой» деп, тағы да егiлiп, зарланып жылап жiбердi (Ж.А.).
28-жаттығу
Мәтiннен аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды сөздердi
ажыратып, жасалу жолын тiсiндiрiңiздер.
Елден бұрын Ақжелкеден жаңа хабарды есiткен сол болатын
(М.Ә.). Тоқтаусыз ағын ертелi-кеш қарлы таудың арасындағы
қырғыздан, төскейдегi қазақтан, жәрмеңке қазанына төрт тараптың
барлығынан шүмектеп құйғандай болып, мал баласын тiзiп әкелiп
жатыр (М.Ә.). Үрпек жүн, сап-сары, доп-домалақ кiшкентай
балапандар шиқ-шиқ етiп енелерiнiң аяғының астында ерсiлi-
қарсылы шауып жүр (О.Б.). Құйрығын тiрсегiнен келтiре шорт кескен
күдiс торы ауыздығы алына салысымен басты жерге салып, айқұлақ
араласқан көк өлеңдi борт-борт үзе бастады (М.Ә.). Ашуы мен
ызасын тез арада ақтара салмақ боп, айдын көлге қарай тұс-тұстан
анталап, аттанып жатады («Парасат»). Аллалап атқа мiнiңдер,
18
Ханталау қылып алыңдар (Тәтiқара). Таңертеңгi шайға ыстық
самсамен қатар бiр аяқ қымыз қойыпты (Ғ.Мұст.). Бүгiнгi күн
асауларға ноқта киiлiп, тоңмойынның сынған күнi сияқты (М.Ә.).
Таңертеңгi iшкен шалап, Қарында емес қуықта, Ажал шiркiн алыста
емес, жуықта (Тәтiқара). Түс мезгiл екi төбет тойып жатып, Кемпiр
наз-өкпелерiн қойып жатып, Ас үйдiң алдындағы күншуақта,
Сөйлестi әр нәрсенiң басын шалып (А.Б.). Жеңiп шығып аға
сұлтандақты алып келер ме екен, ала алмай, салы суға кеткендей
солбырайып қайтып келе ме екен (З.А.). Жiбердiң басқа жұртқа
жолбасшылар, Әр жұрттың жолбасшымен көзi ашылар (М.Ж.). –
Қойшы, сал жiгiт! Бiр түрлiсiң-ау!.. Жақсы ағаң бүгiн қонаға қалаға
шықпақшы едi… (М.Ж.). Сен қанқұйлы, тамам елдi жылатып болдың
ғой, осы итаршылықты қоямысың (М.Ә.). Торыуылға шыққан
қасқырдай аш пейiлдi жалаңқай саудагер боркемiктi, батпан
құйрықты Албанды бекерге таңдаған (М.Ә.).
29-жаттығу
Төмендегi күрделi сөздердiң мағыналарын – сөзжасамдық
мағына және грамматикалық мағыналарын – ашып, олардың жаңа сөз
жасауға қатысын түсiндiрiңiздер.
Ас-мас, былтыр, күздігүнi, ет-мет, апыр-топыр, бүлдiрген,
есекмия, шарт еттi, ҚазМУ, биiк-биiк, жүрiп кеттi, аппақ, дүрс-дүрс,
қарақат, табалдырық, мұрап, қып-қызыл, асу-асу, он бiрiншi, екi-
екiден, ТМД, ой салды, сәлем ету.
30-жаттығу
Мәтiндегi туынды күрделi сөздердi сөзжасамдық мағыналары
бойынша топтап, жазыңыздар.
Аңыздың айтуынша, ақын Сарыарқада – Ұлытауда дүние
салыпты (ҚХӘ). Құрал-сайман қоймасы анау көрiнген ақ төбе
(Ғ.М.). – Кедей ауылдарды түгел аралап, тiнтiп келе жатқан көрiнедi.
Байқаусызда бiреудiң жалғыз-жарым ешкi-лағы, бұзау-торпағы қалып
қоя ма деп, түптеп жатса керек (Ғ.М.). Сол болып шырт ұйқыдан
оятады, Мазасыз таңда бұлбұл жел де түнде (Ж.М.). Ақ сәуле күмiс
жүздi, құндыз қабақ, сен гүлсiң иiс шашқан жарып сабақ (С.Т.). Нем
бар едi солтүстiкте, жазған-ау, Оңтүстiктiң жазы маған аз ба едi,
Қайдағы бiр шер-мұңымды қозғады-ау, Күндiз-түнi ойнақтаған мәз
желi (Ж.М.). Қайраты мол Қандыбалақ қыранмын, Күн болған жоқ
жаудан жүрек шайылған (М.Ж.). Аппақ ай сәулесiне мүлгiгiн он
шақты киiз үй тау етегiне самұрық құс тастап кеткен алып
19
жұмыртқалар тәрiздi (М.М.). Ширатылған ұзын қоңыр мұрты бар,
биiк бойлы, суық қабақты қара сұр ояз Кошкин ақыра тергеу жасап
отыр (М.Ә.). Ертегiнiң жезтырнағындай сатырлаған көк болат
тұяқтары түлкiнiң өкпесiнен жанын суырып алуға асығып, кезек-
кезек сығымдап қысады (Ғ.Мұст.). Терiсаққан – екi дуанға қарайтын
(М.Ә.). Көшiп, босып қоныстан, қанжығаға саптыаяқ қалайша бүгiн
байладық («БҒЖ»). Мiндi де отарбаға жүрiп кеттi, Бiрталай бiр ортада
уақыт өттi (Ш.Қ.). Хан, ханшасы, қолбасы, уәзiр, қазы, молдасы –
өңшең ұры обырлар (М.Ж.). Солай оңаша, мәз-мейрам болып жаңа
жылды қарсы алуға отырдық (Т.А.). Жарлы-жалшы кедейлер –
Ермегi күлкi-мазақтың (Ж.Ж.). Атандым мен елiмде Палман шайыр,
Қарлығаш қанатындай тiлiм айыр («Ел аузынан»).
31-жаттығу
Тiлде кейiннен қалыптаса бастаған жаңа күрделi сөздерге
мысалдар жазыңыздар. Газет-журналдарды, «Жаңа атаулар сөздiгiн»
пайдаланыңыздар.
32-жаттығу
Лексика-семантикалық тәсiлмен жасалған сөздердi табыңыздар.
Олардың туындылыққа қатысын дәлелдеңiздер.
– Молда-солдаңды бiлмеймiн, бiздер, чечендер, үлкендi,
сақалдыны, сыйлап өскен халықпыз! (О.С.). Соқырға көрсеткенмен
көре қоймас, Сонда да үмiт үзiп, отырмайық (А.Б.). Жәрмеңке – тоғыз
жолдың түйiскен жерi. Бiр шетi: үлгiлi орыс қалалары болса, екiншi
жағы: Құлжа, Қашқар, Хиуа, Бұхар, Самарқан, Ташкент (М.Ә.). Ата
тiлiн алмаған арам ұлды, Аузы түктi кәпiрден кем демеңiз (Көтеш).
Болыстар көптiң қабағын сезген сайын өз-өзiнен бұққандай,
қысылғандай едi (М.Ә.). Қайтадан арманыма қол созам (М.Мақ.).
Анасы сый кiсiнiң көзiнше де сыралғы сөздерiн айтып отыр: –
Аманжан, самауыр қой. «Шүйкебас ал», – десем болмайсың
(Ғ.Мұст.). Айша келiп: – Тамыр, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? –
дедi… (Ғ.Мұст.). Нұрына күн нұры жетпес, қасы – жай, кiрпiгi – оқ
реттес, жүзi – сиқыр, шашы – тұзақ (Ш.Қ.). Мағаштың қырқын берiп
болған күннiң ертеңiнде Абай және қаза тапты (М.Ә.). Ұрысы ұрлап,
қуы алдап, сұмы елiртiп, құртады үш жақтан тамам бойын (Ш.Қ.).
Мына дүние неге жатыр үндемей, құшақ-құшақ гүл шоқтарын
лақтырып (М.Мақ.). Аяғының басын қозғап-қозғап қойып едi,
қожайынның алдына тырс-тырс секiрiп көмiр ұсақтары түстi (Ғ.М.).
Терезенiң алдында түрегеп тұрған бойлары қызыл кеңiрдек болып
жатыр (Ғ.М.). Ауылдың ар жақ шетiнде: «өлдiм, өлдiм», – деген бiр
20
әйелдiң дауысы естiлдi (Б.М.). Сақып самауырынға су құйып,
ұсақталған ағашты ойға қалап, жандырды (Б.М.). Өткiрдiң жүзi,
кестенiң бiзi, Өрнегiн сендей сала алмас (Абай). Көлбай қол көрiктi
қайта сүйреп келе жатты: – Қараңғылық ғой, қараңғы… Қараңғы! –
дедi (М.Ә.). Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман
(Үмбетей). Қол бастап, киiп сауыт – Царградты, Сыр мiнез таңдап
мiнiп сенiмдi атты (А.Б.).
33-жаттығу
Төмендегi мәтiннен тiлге жаңадан енiп жатқан жаңа сөздердi
белгiлеңiздер. Қандай сөздердiң баламасы екенiн айтыңыздар.
Саяжайға 1999 жылы шегiртке үлкен қырсық келтiрдi. Барлық
егiс алқабының 10 пайызы бүлiндi («Сарыарқа»). Интернет – бұл
бүкiл әлемдiк бiртұтас ақпараттық жүйе, кеңiстiк («Зерде»). Адам
құқығы – демократиялық дамудың iрге тартар принциптерiнiң бiрi
(«Жұлдыз»). Егер ол кiтапқа мен де ой-пiкiр қосып, бiрдеңе жазып
берейiн немесе қаржылай көмек көрсетейiн дейтiндер болса, бiзге
хабарласуын
сұраймыз
(«Зерде»).
Бүгiнде
есiрткi
бизнесi
дүниежүзiлiк қауымдастықты қатты алаңдатып отыр («Отан»).
Елiмiздiң тарихтағы ғарыш парағын ашқан Тоқтар Әубәкiров –
бүгiнде елбасының әскери өндiрiс және ғарыш мәселелерi жөнiндегi
кеңесшiсi («Отан»). Ендi әр сыныпқа арналған модельдiк, күнтiзбелiк
бағдарламаларды журналымыздың келесi санынан оқи аласыздар
(«Қазақ тiлi мен әдебиетi»). Сонда мұның өзi шынында да өркениет
пе? («Қазақ әдебиеті»). Бұл жөнiнде Қытай мұражайларында
құжаттар аз еместiгiн естимiз («Қазақ әдебиеті»). Бұлай мұрағаттан
көнекөз шежiре хаттарды түгендеп берiп отырулардың өзi iзгiлiк,
көрегендiлiктiң
белгiсi
(«Қазақ
әдебиеті»).
Азия,
Африка
жазушыларының форумы Алматыда өттi, қаламгерлер үйi
жаңаланды, демалыс жайы салынды («Қазақ әдебиеті»). Көршiлес
Ресей жерiнен ұшырылған зымырандар қайта-қайта Атырау
облысының Құрманғазы ауданына құлай беретiнi үйреншiктi
көрiнiске айналып барады («Егемен Қазақстан»). – Бизнесмен
бауырым, табыстың алақанға оңай түспейтiнiн бiлемiз («Ана тiлi»).
Ал бiзде бұрынғы өткен бабаларымыздан қалған мұрағаттар
баршылық («Егемен Қазақстан»). Нарық қатынастары кезiнде жұмыс
iстеу үшiн кадрлар дайындау керек («Егемен Қазақстан»). Iзгi
ниеттегi көмек жүктерiнiң көлемi артып келедi («Егемен Қазақстан»).
Төлем өтемдерi қандай салымдар бойынша жүргiзiледi («Егемен
Қазақстан»). Астана облыстық орыс драма театрының сахнасында
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қасiретнамасы шығарылды («Арай»).
21
|