51-жаттығу
Төмендегi жұрнақтарды қатыстырып, туынды сын мағыналы
сөздер жасаңыздар. Жұрнақтардың ерекшелiгiн сипаттаңыздар.
-малы, -ыңқы, -iңкi, -паз, -и, -лық, -ды, -сыз, -қыш, -қақ, -кек,
-ынды, -нды, -гiш, -қой, -ғой, -ғылықты, -ы, -ық, -ақ.
52-жаттығу
Келтiрiлген мысалдардан түрлi жұрнақтар арқылы зат мағыналы
сөздердiң сөзжасамдық тiзбегiн жасаңыздар.
Көр, су, бас, бiл, жол, ек, сөк, жұмыс, айт, жаз, ас, мүмкiн, он,
жүз, iлгерi, биiк, кең.
53-жаттығу
Төмендегi мысалдардан туынды сын мағыналы сөздердi тауып,
негiз сөз бен туынды сөздiң өзара мағыналық қарым-қатынасын
түсiндiрiңiздер.
31
Қайта көтерiлген өткiр шыбыртқысы түйеге тимей тоқтады
(Ә.Ә.). Сондай төбесi жабық тiреулерi бар кеңдеу қора (М.Ә.).
Сырлас, жақын, жаны ашитын жеңгесi болғасын, Қожаш бастан-аяқ
сырын айтты (С.К.). Кешкi қатқыл жел аузынан шыққан демiн ыққа
қарай ақшудалап әкетiп тұр (Ә.Нұрп.). Көлдей қамқа төсенiп, Көрiктi
ханым түскен жұрт (Бұхар). Бiздiң сәби жанымыз тұңғыш рет,
Әдiлетсiз жауаптан жараланды. (М.Ш.). Олардың дыбыссыз,
қимылсыз қатып қалғаны сондай, Қоңдыбай оларды өлтiрiп алдым ба
деген қорқынышты ойға да келе бастады (Ә.Ә.). Бозжанов деген екi
көзi тостағандай, екi бетi аппақ манардай шиыршық атқан шапшаң,
шектен тыс кiшiпейiл, үлкендi аға, кiшiнi iнi тұтып тұратын аса
бауырмал, әрi ақылды, әрi алғыр, әрi батыр жiгiт едi (Ә.Н.).
Әшейiндей ұрыншақ мiнезi ұстап тұяғы қозып, отты көзi қанталап,
сулығын шайнап шиыршық атып тұр екен (Ә.Нұрп.). Қазалы күйге
түссе де, Өмiрге тоймас адамзат (Б.Қ.). Жазда салқын, қыста жылы
мұндай жанға жайлы жақсы үй мыңды айдаған Сағынтайдың өзiнде
де жоқ (Ә.Ә.). Одан бергi жер мидай жазық дала, жұпар исi аңқып,
масатыдай түрленiп тұр (Ғ.Мұст.). Көгiлдiр тартқан көкжиек,
Қисапсыз жау көрiнсе, Қара тұман шаң болар (Б.Қ.). – «Қайырымсыз,
қатiгез кiсiлер шықты ғой!» – дедi Ақкемпiр күрсiнiп (Ә.Нұрп.).
54-жаттығу
Мысалдардан аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды сын
мағыналы
сөздердi
табыңыздар.
Олардың
жасалу
жолын
түсiндiрiңiздер.
І
Ол тек Еламан үйiнiң алдында қаңтарулы тұрған күмiс ер-
тұрманды бәйге күреңге жалт етiп, тiстене қарады (Ә.Нұрп.).
Құнанбай жас Абайға ақылшы, терең ойлы ұстаз бола бiлген кесек
тұлға (Р.Т.). Өңештеген өркөкiрек орыс ғұламасының бетiн бiр
қайтарса, Абай қайтарар деп өзiңе бек зор қолқа салғалы отырмыз
(Р.Т.). Бұл заманда не ғарiп, Ақ қалалы бөз ғарiп ( «БҒЖ»). Елорда –
елдiң бiрiншi қақпасы, ол барша қазақстандықтардың мәдени-рухани
және экономикалық басқару орталығы («Егемен Қазақстан»).
Солдаттың ауыр салмақты керзi етiгiмен едендi тарс-тұрс басып,
есiктен кiрдiм (Ә.Н.). Қаныштың көп үмiт күтерлiк маман екенiн сөз
еттi (Ғ.Б.). Әттең! Бiздiң сор маңдайлы Жайықта, Ерлер аз ғой бара
алатын байыпқа (М.Ш.). «Ал ендi не айтасың» дегендей жазық
маңдай, қыр мұрын, ақ құба, аққу мойын, аршын төс, қара торы,
қиғаш қас, ақ сары қыздар әлi маған жаудырап қарап отыр екен
(Ә.Н.). Қалың киiмдi бiреу жерқазбаның аласа есiгiне сыймай, зорға
32
кiрiп келе жатты (Ә.Нұрп.). Ғылыми-практикалық конференцияның
тағылымы мол болды («Егемен Қазақстан»).
II
1921 жылды еске алсам, сұңғақ бойлы, ашық өңдi, кең маңдайлы,
қара шашты жас жiгiт көз алдыма келер едi (Ғ.Б.). Қонақжай
сыйыменен, Бiр шерткен көңiл күйiн, Әкемнiң үйiменен көршi едi-ау
сенiң үйiң (М.Ш.). Таудың үстi үйме-жүйме, апыр-топыр алысқа
айналды (Ғ.М.). Қыздардың жауырындары қақпақтай, етжеңдi,
бойшаңдары да, иықтары қушиған, бiрақ бойлары сымдай тiп-тiк,
нәзiк денелi, талшыбықтай майысқан талдырмаштары да бар екен
(Ә.Н.). Оқу-бiлiмсiз, қараңғы ата-ана қасында, мал соңында,
бақташылар ортасында туып өскен бала бұл күнде кiм болып отыр
(Ғ.Б.). Қылтиған көктiң, бүрлеген ағаш-талдардың жұпар исi аңқыған
көктемнiң жанға жайлы кештерiнiң бiрi болатын (Ә.Сал.). Қазақстан
мен Ресей арасында қарама-қайшы пiкiрдiң қалыптасқаны жасырын
емес («Егемен Қазақстан»). Мына елдiң жерi, суы, шөбiнiң реңi
жайында неше түрлi топшылау айтып, сөйлеп келедi (Ә.Нұрп.). Бiтiмi
ойқы-шойқы, орда-шорқы, Пiшкендей жануарды олақ өлшеп (I.Ж.).
Герман жақтан ол тұманды, Алып қайтқан ғылым жемiс: қиялдарды
ерiк сүйгiш, Жат мiнездi, отты жанды, Асқақ сөздi асты-тасты, Бұйра
қара, ұзын шашты (I.Ж.).
55-жаттығу
Мәтiндегi туынды сын мағыналы сөздердi анықтайтын
сөздерiмен бiрге көшiрiп жазыңыздар. Олардың қандай мағынада
жұмсалғанын баяндаңыздар.
1. Осы арада есiрiк көзi балық соятын пышаққа түстi. 2. Ызғыған
жүздей үйдiң iшiне жабырқау жүзбен селқос қарап өттi. 3. Қызусыз,
жалынсыз, тек әйтеуiр қорыққан шақта қарасын көрсеткен кiсi
болғасын онан сүйеу iздегендей боп, кеудесiне бетiн баса қалды. 4.
Ызалы жас алқымын буып, жүрегi дiрiлдеп отыр едi. 5. Қошаметшiл
көп шуылдақтың iшiнен Алдаберген софының iрi денесiн таныды.
6. Жолаушы хабарлас қылды бiлем, iштен ақ көйлектi әйел шығып,
ат тiзгiнiн ұстады. 7. – Ит жер дейсiң бе? – дедi қаба сақалды күлiп, –
қашып кете алмайды, қол-аяғы кiсендеулi. 8. Аузы жаман қатын
анасына тiл тигiзiп, ренжiтiп тастады ма деп қорқатын-ды. 9. Олар
жолаушыларды тосып, салулы төсектiң үстiнде шешiнбей отырған,
бiр кезде есiк тез ашылып, iшке екi жас кiрдi, екеуi де көңiлдi,
әсiресе, қыз бала қатты күлiп, өзiмен таласып, бұрын кiрмек болған
ағасын – томай құлақ дөкiр жiгiттi итерiп жiбердi, қыздың түрiне
33
адам күлгендей, үстiнде үлкен ағасының қалың қара тоны, байпақты
етiгi (Ә.Нұрп.).
56-жаттығу
Мәтiндегi тiркесу арқылы жасалған сын мағыналы сөздердi
жасалу жолына қарай топтап, кестеге орналастырыңыздар.
Сапалық және
сапалық сын
мағыналы
сөздер
Сапалық және
қатыстық сын
мағыналы
сөздер
Басқа сөз
таптары мен
сын мағыналы
сөздер
III жақ
тәуелдiк
жалғаулы сөз
бен сын
мағыналы
сөздер
Тұрақты
тiркестi сын
мағыналы
сөздер
Алақанына түскен көк бұйра насыбайдың бiр түйiрiн ғана
тұмсығына төсеп, құшырлана иiскедi (Ә.С.). Аудиториямызға
бойшаң, иықты, кең кеуделi, жазық маңдайлы, дидарлы қазақ жiгiтi
кiрiп келiп, амандасты (Ғ.Б.). Жалғыз-жарымдаған салт атты
жолаушы көз ұшында құлдырап өтедi (Ә.Нұрп.). Ұзын бойлы, ақ сұр
келiншек қазан маңында; екеуi де ажарлы (Ә.Нұрп.). Ал мен болдым,
Қанды көйлек досың Тәкен (Ә.Н.). «Қайрақтының» осы жақ бетi
Жалтыртөбе, ит байласа тұрғысыз бiр ызғырық; оң жақ бетi
аңырайған кең аңғар (Ә.Н.). Рухани саланың материалдық базасын
нығайтуға бағытталған кең ауқымды iс-шаралар әзiрлендi («Егемен
Қазақстан»). – Мынау, мынау, мынау ер, Пiл сүйектi бұлан ер (I.Ж.).
Асылтайдың Назымнан қалған үш аяқты көк белесебетi бар едi
(Ә.С.). Көк тайғақ мұзды тырнағымен тiлiп, сырғып суға батып кеттi
(Ә.Нұрп.). Қызыл шақа қолдарымен сең шетiне жабысты (Ә.Нұрп.). –
Әй, қойшы, соларды! Қанды ауыз қасқыр емес пе? Қызылға келiп
жатқанда (Ә.Нұрп.). Ең айдарлы жұлдызынан айырылды, Аңқау қазақ
аспаны (М.Ш.). Сондай бiр қызыл танау шақта бiреу алаңдатса,
қайбiр жақтыра қоярсың? (Ә.С.). Отты көзден мұздай суық көк
ұщқындар шашқанда, тиген жерiн қарып түсiп, күш алғандай
қайтадан (Ғ.М.). Сол сәбидiң құрақ көрпе арасында қыбырлаған
болымсыз тiрлiгiн көргенде Рай бiр түрлi болып кеттi (Ә.Нұрп.).
Бұның да ат жақты бетi сұп-сұр боп, сырын бүгiп томсырап тұр
(Ә.Нұрп.). – Өз сөзiмдей ғып бұлжытпай жеткiз, мына аузы түктi
кәпiрiңе (Ә.Нұрп.). Қызыл танау боп есiрiп апты (Ә.Нұрп). Осылай
зарлаған Судыр Ахмет тастай қараңғы үйде жаны қыдырып жүгiрiп
жүр (Ә.Нұрп.). Жаңа ғана жүзi қатты бiр жамандықты сезгендей,
жүрегi мұздап тұрған-ды (Ә.Нұрп.). Қаладағы сияқты екi қабатты, үш
қабатты үйлер ауыл үшiн сиықсыз көрiнедi оған (С.М.).
34
57-жаттығу
Берiлген мысалдардан қосарлау және бiрiгу тәсiлдерi арқылы
жасалған күрделi туынды сын мағыналы сөздердi терiп жазыңыздар.
Жасалу жолдарын және мағыналық ерекшелiгiн түсiндiрiңiздер.
а) Көпшiлiгi көздi арбағаны болмаса, тұтыныс бермейтiн,
арзанқол, оңғақ қытай тауарлары (Ә.С.). Терезеден ақбас Алатаудың
бiр биiк шыңы көрiндi (Ә.Н.). Қалқайма тiреулерiне жiп тартып,
қызылды-жасылды киiмдердi, небiр әсем ойыншықтарды iлiп
тастаған (Ә.С.). 1998 жылы жазда жүргiзiлген жалпы республиканың
этно-мәдени зерттеу материалдарын өңдеу жұмыстары аяқталып
келедi («Егемен Қазақстан»). Майданда жауынгерлер гвардиясы,
тылда еңбеккерлер армиясы күн-түн демей қанқұйлы жауды жеңуге
бар күшiн салды (Ғ.Б.). Қам көңiл келiншектiң iшi-бауырына кiрiп
барады (Ә.Нұрп.). Отырардың жанқиярлық ерлiгiн жыр ететiн, Әттең,
ақын қалмады-ау (М.Ш.). Үй iшi жым-жырт… Сондықтан жас мырза
қапысыз қалмау жағын ойлап, ел iшiне саққұлақ кiсiлерден жансыз
жiберiп тың тыңдап отыр (Ә.Нұрп.).
ә) Бiр жағынан желөкпе жастарға ерiп кеткенiне ренжiдi
(Ә.Нұрп.).
Халықтың
әлеуметтiк-мәдени
дамуының
нақты
мақсаттарымен анықталатынын есте ұстағанымыз жөн («Егемен
Қазақстан»). Ақан да алып шықты Құлагерiн, Салпитып саптыаяқтай
төменгi ерiн (I.Ж.). Биыл Ерiк капитан сайланып, жартылай
қорғаушылыққа ауысқан соң, бар үмiт шибұт Секенде едi (Ә.С.). Бұл
жолы да үйдегi-тыстағы жұрт тегiс тына қалғанын байқап, өзiнiң кең
тынысты зор даусымен Сарының әнiн шырқай жөнелдi (Ә.Нұрп.).
Жылма-жыл дамуымыздың басты бағыттарын белгiлейтiн шикiлi-
пiсiлi болса да жоба-жоспарлар қабылдап жататынбыз («Егемен
Қазақстан»). Күз айы жел-құзды болған себептi көптен берi балық
ауланбай, орыс байының қабағы түсiп жүр едi (Ә.Нұрп.).
58-жаттығу
Төмендегi
мәтiннен
адъективтенген
сөздердi
тауып,
түсiндiрiңiздер.
– Әбiш аға, денiңiз сау ма? Түсiңiз неге жүдеу? – деп едi (М.Ә.).
Шырмауығы алтын, сабы жез, Белтазының бойында күзен, қарсақ
жер ме екен! («БҒЖ»). – Сен әлi тым жас бала секiлдi екенсiң (Д.И.).
Еркек мiнездi, қызу сөйлейтiн Құнияз кезек күтпей, үзiлдi-кесiлдi
жауап қайтарды (Ғ.Мұст.). Доғадағы жез қоңырау қатты
шылдырлайды (М.Ә.). Үлкендерден қартаң шал көршiлер болмаса,
басқа бөгде адам аз (М.Ә.). Араққа қызып алған желөкпе жастар сол
35
күнi бұнан көз айырмай қызыға қарады (Ә.Нұрп.). Әке-шешесi ерте
өлiп, кiсi есiгiнде қалған сорлының байқап қараса бөлiп бере қояр
жанашыр жақындары жоқтың қасы екен (Д.И.). Атаның ұлы ер
жiгiтке, Арту-арту бел келер («БҒЖ»). Үй iшiндегi өзге адамдар күй
жайын қайталап сөз қылған жоқ (М.Ә.). Әйгерiмнiң кең, жылы үйiнде
Базаралыдай сый қонақты үлкен ықыласпен күткен ажар бар (М.Ә.).
Урядник iрi орыс екен. Жалаңбас. Сары шашы үрпе-түрпе (Ә.Нұрп.).
Қабаған итше өшiгiп шыға келер, Мен қапсам, бiр жерiңдi бөксерем
деп (Абай).
59-жаттығу
Лексика-семантикалық тәсiлмен жасалған туынды сын мағыналы
сөздерге мысалдар келтiрiп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
60-жаттығу
Мәтiндi оқып, туынды сын мағыналы сөздерге жалпы
сөзжасамдық талдау берiңiздер.
I
…Үңiледi ол
Телмiредi
Телмiредi аймаққа.
Көз буалдыр, көңiл кермек, тiл тiстеулi, ой – ботқа.
Бiр жолаушы бұрқыратып қара жолдың тозаңын
Ен далада еркiн жортып бара жатыр қай жаққа?!
Дала…
Сол дала…
Сары дала
Сағым дала
Далия дамылдаған шағын қара.
Жатырмысың асырап тiршiлiктi,
О, дала – жомарт Әке, сабырлы Ана?!
Түн.
Айсыз, ашық, ызғарлы,
Ырсияды қорқыныштар киiп алып құздарды.
Сай-жыралар көр сияқты үңiрейген, үрейлi,
Қарағайлар найзаларын өңменiңе тiрейдi.
Жалмауыздың апанындай опырайған үңгiр тұр,
Ол осында таңды күтiп, бүгiн тағы түнейдi
Ал ертең ше, бүрсүгiнi, қыста ше…
Батыр болсаң, ал қанеки, уақытты ұсташы?!
36
Ұстамайсың, күн де өтедi, қыс жетедi ақтүтек,
Осы үңгiрдiң тұтқынысың, ей, бишара, қысқасы… (М.Мақ).
II
Алтайдың иығына шыққанда, айдың шалқар көл көрiндi. Айна-
көл. Көлдi жағалай мамырлап қонған ығы-жығы ел екен. Ителгi-
Керей елi алақандағы асықтай боп ап-апық көрiнедi. Қой сойып
жүрген бiрлi-жарым ақ жаулықты әйелдер болмаса, шошаң еткен
айыр қалпақты шалынбайды… Қас қылғандай күзгi аспан шаңқай
ашық едi бүгiн. Талма-тал түсте қапылы, бес қаруы сай отырған елге
солақай килiгу көзсiздiк әрi амалдың жоқтығы-ау. Лықып жақындап
кеп, жер астынан шыққандай жетi жiгiт тұс-тұстан аңдыздай лап
қойды. Көлдiң су жайылған қалың қоғалы шалшығында пыр-пыр
жүзiп жүрген жылқы, қырымнан қиқу таянғанда, дүр етiп, жапырыла
жөнелгенде, бет-бетiмен лағып кеткен-дi. Көлге тұйықталып,
шұрқырысып қалған бiр үйiрдi алты жiгiт тырқырата қаумалаған
күйi, дыбыс шығармастан Марқаның шыңайтына тықсыра қуды.
Iшiнде жауырыны жазық тақтайдай мамалары, ойық желке көкшiл
бас қысыр тайы мен құлжа бедей, қаз мойын пырақтары бар.
Керейдiң келiстi, керме иық жылқылары құрықты қолға тез көне
қоймайды (О.Б.).
61-жаттығу
«Жаңа атаулар сөздiгiн» пайдаланып, кейiнгi жылдары пайда
болған сын мағыналы сөздермен танысыңыздар. Жаңа сын сөздердiң
жасалуында қай тәсiлдiң өнiмдi екенiн анықтаңыздар. Статистикалық
зерттеу жүргiзiңiздер.
ЕСIМДI ОРЫНБАСАР СӨЗДЕРДIҢ СӨЗЖАСАМЫ
62-жаттығу
Келтiрiлген мысалдардан есiм мағынасындағы орынбасар
сөздердi тауып, мағыналарын ашыңыздар.
Сексен көл Көкшетаудың саясында, Әрқайсы алтын кесе
аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иiсi, Көкiрек қанша жұтса, тоясың
ба? (С.С.). Бiреулердi сүмiрейте жамандап, ендi бiреулердi шелiте
мақтаған сөздерi Сәуленiң күлкiсiн келтiрдi (Ә.Ә.). Екi елдiң
президенттерi осы кездесу кезiнде бiрнеше маңызды құжаттарға қол
қойды («Егемен Қазақстан»). Мен саған да, барлығыңа да ешкiмiм
жоқ деп едiм ғой, ал менiң ағам бар (Д.И.).
37
– Бiрдеңе таппаса болатын емес, жұмыс iстейтiндей хал жоқ
(С.М.). Замандастары не дедi, кейiнгiлер қалай қарады – бұларды да
ашу мiндет («Егемен Қазақстан»). Батыр-ау, мына Күшiкпай «менi
өлтiрген шешек – осы, Ж. қаласы осы дей ме?» (М.Ә.). Жазыда мал
iздеген қазақтың Басы қайда қалмаған, мынау жасалған дүние
Кiмдерден кейiн қалмаған! (БҒЖ). Сол батыр осы күнi бiр үлкен тау,
Көз жұмған көкке қарап сыры үлкен тау (С.С.). Самсаған жұлдыздар
әлденеше есе көбейiп құжынап кеткен тәрiздi (С.М.). – Бiз Донбасқа
кететiн болдық, қазiр ұшамыз, сен, мына машинамен барып Сәуленi
тауып әкелсең қайтедi? – дедi (Ә.Ә.). Барша басынан кешкен
жетiмдiкке, бейнетке, жалғыздыққа, қорлық-мазаққа түгелiмен
қарсылық ойлады (М.Ә.).
63-жаттығу
Төмендегi сөйлемдерден прономиналданған орынбасар сөздердi
тауып, жасалу жолын түсiндiрiңiздер. Әрбiр есiмдiктiң туындылығын
дәлелдеңiздер.
I
Ешқандай пайдаң жоқ, бiздей кәрi әке-шешеңе қашан көмегiң
тиедi (М.Ә.). Қағазы тозыңқырып қалыпты, бiрақ ешбiр жерi өшпеген
(Ә.Н.). Өзiмен-өзi әуре болып, бiрiмен бiрi ешбiр шаһарлы
жауласпайды (Абай). Шын көңiлмен сүйсе екен кiмдi сүйсе (Абай).
Ол өзiнiң осы бiр аумалы-төкпелi көңiл-күйiн бiр кезде кеңiстiктi ақ
жұмыртқадай боп мекендеген киiз үй тағдыры арқылы бередi
(«Егемен Қазақстан»). Осы кезде қыр басына шығып алып бүкiл
колхоз даласына сол жерден көз тастасаң, өңiр қандай көрiктi болып
көрiнедi десеңiзшi (Д.И.). Өз үйi өзiне соншалық суық жат көрiндi ме,
әлденеден сескенгендей, жан-жағына жалтақтай қарады (М.Қ.).
Барша халыққа айтарым – қазақ тiлi ең алдымен қазаққа керек
(«Егемен Қазақстан»). Сөйтiп ол қай сөздiң қандай жағдайда
айтылғанына дейiн қоса баяндап бердi (Ә.Н.). Бар байлықты алып
тегiн, Билемекшi елдi бүгiн (С.Мәул.). Еш нәрсе жоқ кең ғаламның
тар құрсағы қуырмас, түбiне түскен жанның iшiн пенде суырмас
(«Егемен Қазақстан»). Мен – қазақпын. Өз халқымды мақтан
тұтамын. Маған оның қым-қуат тарихы, одан да гөрi бүгiнгi күнi
қымбат (Ж.М.). Кейбiреу қомсынады домбыраны, Ондайлар бiздi
қайтiп оңдырады (М.Әлім.).
II
Мен ұшып жүрген уақыттың бәрiнде ол радистiң қасында
отырыпты (Ә.Н.). Қобызды қолына алған қарт ойына анау бiр күнгi
38
шоқаңдай қашқан ақсақ киiк түстi (С.М.). Әуежайда өздерiне шашу
шашып, ән-күймен қарсы алған құрметтi көргенде алыстан оралған
ағайындар ерекше толқып кеттi («Егемен Қазақстан»). Өз құйрығын
өзi үзе қашатын кесiрткедей өз ұлтынан өзi безiп, өз ұлтынан өзi
жерiп жүрген кесiртке-кейiпкерлердiң тiрлiгiне қарап отырып:
«Бiздiң де ұлт болып ұйып отыратын күнiмiз бар ма екен?» – деп
мүжiлесiң («Егемен Қазақстан».). Бiрсыпыралары бәйбiшенiң
мiнезiн, бiрсыпыралары берген қонақасын, кейбiреулерi: «Қанша
бәйбiшедей дүниеге адам туар ма екен» деп ауыздарының суы
құрысып жүрдi (М.Ж.). Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр, Бар
малын болыстыққа сарқып жатыр (М.Ж.). Бұзыларда ойламас бет
көрем деп, Ант iшудi кiм ойлар дерт көрем деп, Бұзылған соң, мен
оңай табылмаспын, Не қылып оңайлықпен ырық берем! – деп (Абай).
Бiреудi қырына алып, кесiр тигiзiп, бiреудi алқап қолтығына алып,
құр жүрмес үшiн астыртын партия сыбырын да жасасып, қазiр жау,
қазiр дос тауып, маңайын бықсытып, бүлдiре жүретiн (М.Ә.). Өзi
әлдебiр жылы сөз айтқысы келгендей, әлдеқайда ымдап
шақырғандай сыңай танытады (Ә.Сал).
64-жаттығу
Мәтiннен есiм мағынасындағы орынбасар сөздердi тауып,
сөзжасамдық мағыналары бойынша топтастырып жазыңыздар.
I
– Ей, қаңғырған ағылшындар, он жыл азаптанып ашқан
шахталарың мынау ма? (Ә.Ә.). Тұрмыс, тағдыр бәрi де, Бұл мақсаттан
бұра алмас (М.Ж.). Өзiнiң түйедейi көрiнбей, бiреудiң түймедейi
көрiнедi деген-ау (М.Ж.). Бүгiнiңдi парықтау, яғни өз дәуiрiңнiң, өзiң
өмiр сүрiп жүрген ортаңның – қоғамыңның, уақытыңның парқы мен
нарқын айыра бiлу һәм оны айшықтай бiлу – жазушы үшiн парыз
(«Егемен Қазақстан»). Мұндай мүмкiндiк туа бермейтiнiн бiлген
Едiге еркiн ақтарып, не бар, не жоғын тегiс саралады (М.М.). Мына
жарлық жарыққа шығып, iске асатын болғанда, бұрынғының бәрiнен
артық, бәрiнен бай, қалың-қалың қазына ашылғалы тұр (М.Ә.). Бiз
тарихтан болжап бiлген қоғамдық формациялардың өзгеруiнiң бәрi де
қантөгiс арқылы iске асқандары белгiлi («Сарыарқа»). Көл ашыққа
құмар ма, Қарады ұзақ мұнарға, Түк көрмедi алжасып, Көз әйнегiн
қар басып (М.Әлім.). Елiңнiң ескiрмейтiн салтын сыйла, Ешқашан
туған жердi олқысынба (М.Әлім.). Онда сенiң ерлiгiңдi дастан етiп
жазу үшiн талантты жас жазушыларға баяндап беремiн, Жолтай!
(Ә.Н.). Кейбiреулер тыңдар үйден шыққанынша, Кейбiреулер қояр
көңiл ұққанынша (Абай).
39
II
Менiң өзiме ұнаған кейбiр сөздерiмдi дереу жазып алып, артынан
бiрнешеуiн өзiме әкеп берушi едi (Ә.Н.). Нағыз адам болғың келсе,
мал үшiн еш уақытта, қанша тарықсаңда жазушы болма (Ә.Сал.).
Ойлап қараса, өмiрдiң өзi де жұмбақ екен, тiптi өзiнiң Нұрланды не
үшiн сүйгенi де жұмбақ (Ә.Ә.). Бәрiн де бiзден сұраңыз, Дәуiр де
мына өзiмiз, Бәрiн де көрдi көзiмiз (М.Әлім.). Өз зиялыларына
қырғидай тиген өкiметтен мен еш уақытта кешiрiм сұрамаймын
(«Егемен Қазақстан»). Жолда оларға жаудың бiрнеше истребителi тап
бердi (Ә.Н.). Сондықтан ешқашан анасын тастап кетпейтiнiн, үнемi
қасында болатынын айтқысы келсе де, айта алмады (Ә.Сал). Жер
бетiндегi барлық әдемiлiк пен сұлулықты бiр жерге жисаң да, дәл
осындай таңғажайып көрiнiске жетпес-ау, сiрә! (Ә.Сал.). – Оу,
Жасанжан!.. Әй, айналайын-ай, өңiң қандай құп-қу (Ә.Нұрп.). – Аға,
ертең шабуылға шығамыз ғой, мына сөздерiңiздi көк дәптерге
көшiрiп алыңызшы, – дедi (Ә.Н.). Тек сонау Ақшоқының үстiндегi
тонағадай танылған екi ақ үй мен ойдағы қызыл үй ғана көз тартады
(Ә.Ә.). – Кәрия-ау, олар кiсi өлтiрген, қылмысты… – Қой әрi! Қанша
кiсi өлтiрсе де, олардың қылмысы тап сенiң күнәңнан артық болмас
(Ә.Нұрп.).
III
Әне анау ашық аңғардағы тапал төбелер аспанның етегiне орана
көмiлiп, бұлдыр-бұлдыр қағып жоғалып жатыр (М.Қ.). Осы кезде қыр
басына шығып алып бүкiл колхоз даласына сол жерден көз тастасаң,
өңiр қандай көрiктi болып көрiнедi десеңiзшi (Д.И.). Бұл эпостың
ғаламат гуманистiк құндылығына кемеңгер Абай тәнтi боп, ыстық
ықыласпен ден қойған («Егемен Қазақстан»). Осынау уақыт iшiнде
қазақ топырағында қазақша шыққан жалғыз ғылыми-көпшiлiк
басылымды қаншама оқырман қолына алып оқыды («Зерде»).
Күнiнде өзiм болдым деп, Кең пейiлге таласпа (Шалкиiз). – Ешқандай
пайдаң жоқ, бiздей кәрi әке-шешеңе қашан көмегiң тиедi (М.Ә.).
Басында бiр ой – күллi көрген қорлығын айтып жылап жату (М.Ә.).
Сосын әлдеқайдан жылтыр қағазға орап бүктелген бiрдеңе алып
шықты (М.М.). Сол жақсыны көре алмас, Сол жаманның басына
қиын-қыстау iс келсе… («БҒЖ»). Өзге болыстардың iшiнде орнын
таба алмағандай, әлденеге семiргендей қоразданып, қоқиланып
барып Рақымбай отырды (М.Ә.). Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып (Абай). Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптiң сөзi бұл (Абай).
40
65-жаттығу
Мәтiннен туынды есiм орынбасар сөздердi тауып, оларды жасалу
тәсiлi бойынша топтап жазыңыздар.
I
– Бiз қазақ деген мал баққан елмiз, бiрақ ешкiмге соқтықпай жай
жатқан елмiз. Елiмiзден құт-береке қашпасын деп, жерiмiздiң шетiн
жау баспасын деп найзаға үкi таққан елмiз, ешбiр дұшпан басынбаған
елмiз, басымыздан сөздi асырмаған елмiз. Досымызды сақтай бiлген
елмiз, дәм-тұзды ақтай бiлген елмiз, асқақтаған хан болса, хан
ордасын таптай бiлген елмiз. Атадан ұл туса, құл боламын деп
тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Сен – қалмақ,
бiз – қазақ, қарпысқалы келгенбiз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы
келгенбiз. Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбiз…Сен – темiр де,
мен – көмiр, ерiткелi келгенмiн. Екi елiктiң баласын телiткелi
келгенмiн, егесетiн ер шықса, иiткелi келгенмiн. Берсең, жөндеп
бiтiмiңдi айт не тұрысатын жерiңдi айт (Қазыбек би).
II
Ақылы түгел, ойлы адамнаң бiр баласы байқаса, осы адам
баласының жалықпайтұғын нәрсесi бар ма екен? (Абай). – Сен осы
елдiң ақсақалы, естi кiсiсiң, сен де осыны айтамысың? (М.Ә.).
Жапалақ ұшпас жасыл тау, Жақсылардың өзi өлсе де сөзi сау
(«БҒЖ»). Оған бәрiнен де екi этажды жаңа мектеп қатты ұнады, ойға
салынса да биiк көрiнiп, өзiнше бiртөбе боп тұр (С.М.). Осынау
халықтың арасында, құдайым-ау, кiм жоқ дейсiң! Осынша адамдар
тасқынында үлкен бар, кiшi бар, сау бар, дiмкәс бар – бәрi бiр
Жаратушыға жалбарынады («Егемен Қазақстан»). Қоғалы көлдер,
қом сулар, Кiмдерге қоныс болмаған, Жалп-жалп еткен жапалақ,
Жазыда кiмге жолдас болмаған, Жазыда мал iздеген қазақтың Басы
қайда қалмаған, Мынау жалған дүние Кiмдерден кейiн қалмаған!!!
(«БҒЖ»). Бiз алла тағала «бiр» деймiз «Зар» деймiз, ол «бiр»
демекiлiк те – ғақылымызға ұғымның бiр тиянағы үшiн айтылған сөз
(Абай). Күнiнде неше бүлiк шығарса да, Еңбегi жанған жан боп
сүйiнбейдi (Абай). Әрқашан Ғазизаның жүрегi шаншып, жасы
тамшылап кетушi едi (М.Ә.). Сыртына шығарып ешкiмге айтпаса да,
сол әкесiне жаны ашып тiлеуiн тiлеумен өскен (М.Ә.). Мен сорлы
балам өлгелi көрген қорлығымды айтайын деп отырмын (М.Ә.).
66-жаттығу
Төмендегi мысалдардағы есiм сөздерге жалпы сөзжасамдық
талдау берiңiздер.
41
Мұның орны толмас қаза екенiн ойлағанда көкiрегiм қарс
айырылып, жүрегiм тулап, қан жылайды (Ә.Н.). Бiз аралаған әрбiр
аудан, ауылдарда болған әңгiме барысында көкейге қонымды
көптеген құнды пiкiрлер ортаға салынды («Егемен Қазақстан»). Сол
себептен де бөлiмшенiң жауынгерлерi мен командирлерi оны
жанындай жақсы көрдi (Ә.Н.). Почта арқылы жiберiп ештеңе маңдыта
алмайтын болған соң, мына бiр таныс кiсiден саған бiр буда қағазды
тапсыра салыңыз деп қосып отырмын (Д.И.). Эпостағы «Мекен iздеп,
жiгiттер, кел, кетелiк» деген тармақтан сонау-сонау алыс
ғасырлардан талмаусыратып жеткен жаңғырық естiледi («Егемен
Қазақстан»). Кейде баршаға мәлiм ақиқатты қайталап жатуға тура
келедi («Ана тiлi»). Түсi әрқашан ашу шақырған кiсi сияқтанып
сұрланып, екi көзi қанталап, екiленiп қатты сөйлейтiн (М.Ә.).
Әлдекiм жетелегендей жертабандап жыбырлап жылжыған Асан
жатаған үйге имене ендi (М.Қ.). Бiрақ жаңбыр келмесе жай қайдан
келедi, жай түспесе, мынау үй қалай өртендi? (Ә.Ә.). Бiрақ қанша
қимаса да, намысы жiбермедi, маңдайынан сүйгелi төнiп келiп, қайта
шалқайды да, шыға жөнелдi (Ә.Ә.). Тартынбай қан төккендi батыр
деген, «Бiр өзi жүз кiсiге татыр» деген, Зиянсыз момындарды шаруа
баққан, «Қолынан түк келмейтiн қатын» деген (С.С.). Жиiркенiп
көргiң келмей өзiңдi-өзiң, қамығып неге осынша құрыды әлiң?
(Хрест.). Бiреулер оқып төре болып жатыр, Шен алып, бақыт құсы
қонып жатыр (М.Ж.).
67-жаттығу
Мәтiндегi есiм сөздердi сөзжасамдық мағыналары бойынша
топтастырып, көшiрiңiздер.
I
Миссионер Абайға:
– Сiздiң «дүние бiр тарының қауызына сияды» дегендерiңiз
ақылға симайтын нәрсе ғой,- деген.
Сонда оған Абайдың жауабы:
– Сiз бен бiз жарық дүниенi көрiп отырмыз. Аспандағы ай мен
күндi, жұлдыздарды да көремiз. Осы көруде көздiң қарашық қылауы
тарының қауызымен мөлшерлес деуге болады. Демек, көздiң зәредей
қарашығына осынша әлемдi сиғызған тәңiрiм шебердiң iсiне шек
келтiруге бола ма? – деп жауап берген.
Миссионер:
– Абай мырза, құдайды аузыңнан тастамайсың. Сол құдайдың
тұрағы қайда? – дейдi.
42
Осы шақта күн батып, қас қарайған кез екен. Содан үйге енiп,
шамды жағып жiбередi де:
– Мiнеки шамның жарығы дүниенiң төрт бұрышына лезде тарап
кеттi. Құдай да жарықтың сәулесi сықылды, мен қайдан бiлейiн.
Дүниенiң төрт бұрышынан өзiң тауып ал, – дептi. Миссионер не дерiн
бiлмей қалыпты.
Абай: «Меңаяқ өзiнiң атының басын алып жүретiн адам едi»-
дейдi.
Сонда бiр үлкен кiсi:
– Абай-ау, ол не дегенiң, Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы
елдi билеген адам емес пе? – дейдi. Оған Абай:
– Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы
келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен
өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ
жан едi. Оның зор адалдығының өзi сонда едi, – дептi (С.Н.).
II
Дала қуаң. Шөп қурап, сидаң тартқан. Кешегi күнi жұрттың бәрiн
есеңгiретiп кеткен ылаң тұсында ел табаны аумай ұзақ отырып
қалған жайлау бұл шақта сары жұрт боп шаңдағы шығып жатыр. Күн
шырадай тымық. Кедей ауылдан екi дауыстай әрегiректе сонау
Ақшиелi табанында ақ үзiктi, ақ ауылдар шаңқияды. Өзгелерден
оқшау қонған үш ақ үйдiң түндiгi тегiс жабық. Есiктерi түсiрулi.
Тыста тiрi жан жоқ. Тек шеткi үйдiң көлеңкесiнде төрт көз қара төбет
жатыр. Қызыл тiлi салақтап кеткен. Оқта-текте сары сона мен
бөгелек соғады. Бұл да бiр бөлек мазасыздық әкелiп тұр. Қара төбет
сергек, елең етiп өзiне ызылдап келе жатқан ұнамсыз дыбысқа
құлаған тiге қояды… Осы кезде салт атты бiреу иек артпада қылт
етiп шыға келдi. Күннiң ыссы жайсыздығына қарамай жүрiсi суыт.
Шеткi үлкен ақ үйге -Құдайменде болыстың үйiне ат басын туралап,
еңкiлдеп төнiп қалды… Осы ыссыда үстiнде шиделi күпi, басында
сеңсең тымақ. Өзi еңгезердей iрi. Ол аттан түсiп, шылбырдың шетiн
босағаға iле салды. Сол кезде iштен: «Бұл қай көргенсiз? Кiм бола-
туң? Бiлшi» – деген дауыс шықты. Жолаушы баса-көктеп кiрiп келдi.
Кiрер жерде бетпе-бет қарсы кездесiп қалған қара сұр әйелдi
иығының басымен бiр қағып жiбердi де, жылан көзiн үй iшiне асығыс
тастады. Құдайменде төрде ақ болыскей кереуетте жатыр екен.
(Ә.Нұрп.).
ҚИМЫЛ МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДIҢ СӨЗЖАСАМЫ
43
68-жаттығу
Келтiрiлген мысалдардан туынды қимыл мағыналы сөздердi
тауып, семантикалық ерекшелiктерiн түсiндiрiңiздер.
Бiрақ Құнанбай оны есептемей, Алшынбайға өз бергенiнiң дәл
өзiн жiбермептi (М.Ә.). Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы
жер ортасы адам, сиректеу сақал, мұрты бар; қара бұжыр, күлiмсiреп
дөңгеленiп тұрған қара көздi…(Б.М.). Сөйттi де, анталап
тұрғандардың түгелiне бiр қарап шықты (Д.Н.). Жас тәнiм ажарланып
күннен-күнге, Бәйшешектей құлпырар түрден түрге (С.Т.). Жiгiт
күллi ақындар мен әлемге деген ренiшiн сәл ғана сәтке қоя тұрып,
бұған күлiмсiрей қарады (Д.Н.). – Ненi ойлаймын? – дегеннен басқа
сөз айта алған жоқ (Ә.Ә.). Ал өзiнiң өмiрi ешбiр өзгерiссiз,
байырғыша өтiп жатты (Ә.Ә.). Ағайын туғандарымен ақылдасып,
болыстан өтiнiп, Әбдiрахманды қайтармақ болды (М.Ә.). Ол жақтан
бұл қалай келiп жүр? (Ә.Сал.). – Тоқташы, – дедi Ефимов ойлана
сөйлеп, – маған бiр қорқынышты ой келе бастады (Ә.Ә.). Нелiктен
екенi белгiсiз, оған өмiрде бардың бәрi күңгiрт тартып кеттi (Ә.Ә.).
69-жаттығу
Мәтiннен синтетикалық тәсiлмен жасалған туынды қимыл
мағыналы сөздердi тауып, талдау берiңiздер.
а) Әрине, сен бұған өкпелеуге тиiс емессiң (Ә.Ә.). Әр үмiттiң
қиялы сәулеленiп, түн бойы ұйқы бермес, толқып iшiм (С.Т.).
– Есiмбектiң келiндерiмен қалжыңдасып сұрағанымда, кешке
алтыбақан құрамыз десiп едi, – деп анығын айттым (Б.М.). «Әкесi
күйеу, шешесi қалыңдық болмаған ба?» деп бiздi мiнейдi (М.Ә.).
Тiптi Абай ойламаған жайдың бәрiн де Абай үшiн бұл ойлайды
(М.Ә.). Айнабайдың қызының ержеткенiне және дәулетiне қызығып,
Әбдiрахманның әкесi құда болуға өте құмарланады (Б.М.). Мен оны
айту үшiн сен алдымен мынаны жазған кiсiнiң кiм екенiн айт! (Ә.Ә.)
Алдымыздағы белеске шыққанда үлкен көлдiң аңғары көрiнiп,
құбыла жағында бiр обашық мұнарланады (М.Ә.). – Кел! – деп
шақырып ап, «пiсмiлдә» деп, өзi аттандырды (М.Ә.). Еңбек қып мен
iздейтiн бақыт қандай, Бүгiн мен ұйықтаған таңдай-таңдай (С.Т.).
ә) Газет-журналдарын құшақтап жасы отызға тақап қалған, ұзын
бойлы, ашаң қара торы жiгiт бұлардың үстiне кiрiп келдi (Д.И.).
«Данышпан ел көркейтер ерiм осы», – деп таңдап қоймаған соң халық
сенiп (С.Т.). Күлзипа тәлiпсiп, жеңгесiнiң құлағына сыбырлап,
сыңқылдап күлiстi (Б.М.). Көкшiл-қызғылт өңi бар шiлтерi
шымылдық биiк төсектiң жоғарғы жағын перделеп тұр (М.Ә.). Үй iшi
44
бұл топтар келiсiмен күле жайнап, даурыға көбейiп, әзiлi, күлкiсi
молайып, жанданып кеттi (М.Ә.). Бiр күнi сабақтан келсек, апам
қатты науқастанып қалыпты (Д.И.). Жоқ, байымас бұл күнде адал
еңбек, Бiреу байыса, бiреулер кедейленбек (С.Т.). Ауылға келген
қонақтар бәрi ат арқандап, шалғынын жапырып тастаған (Б.М.). Хат
жазысқан соң, көп ұзамай-ақ, Әбдiрахман Шұғамен жақындасып кеттi
(Б.М.). Алдында отырған бiр жеңге ақырын мысқылдап, Абайдың
қолын тарта бердi (М.Ә.).Мұндай сөздердi ол өмiрiнде ешкiмнен
естiмеген және есiтемiн деп ойламаған да едi (Д.И.). Түпкiлiктi шын
бақыт табу үшiн құранмен күңiрентер ем мешiт iшiн (С.Т.). Жас
iнiлер сағынғанын көрсетiп, мойнынан құшақтап, бауырына оралып,
мәз болысты (М.Ә.). Сонымен дәл сыртқа шығар кезде, Құнанбай он
бес қыстауды қайта жоқтапты (М.Ә.). – Сен сияқты ашық жарқын
келiнiм болса деп армандаушы едiм (Д.И.). Әбдiрахман мен Шұғаның
арасындағы сүйiспендiк бiрден-бiрге жайылып, бүкiл ел хабарланды
(Б.М.). Ырқыма дүние тұрсын, денем көнбес, көнсе, неге қартаймау
қолдан келмес (С.Т.).
70-жаттығу
Туынды түбiрлердiң мағынасын негiз болған сөздердiң
мағыналарымен салыстырып, ерекшелiгiн ашыңыздар.
Сәлемдес, болыс, жетiмсiре, тарсылда, дүмпи, көңiлден,
ағайынсыра, мiне, кемi, күшей, ақылдас, ескер, тарыл, ашық, пысқыр,
адамсын, кiсiмсi, кiшiрей, сарқыра, өгейсi.
71-жаттығу
Мәтiннен туынды қимыл мағынасын жасаушы жұрнақтарды
тауып, оған сипаттама берiңiздер.
Ендi ол туралы алғашқы ойлардағыдай көп ойланып
уайымдамайтын болдым (Д.И.). Тыста бiр нәрсеге қатты ашуланып,
ақыра сөйлеп, аттан түсiп келе жатқан Құнанбай даусы естiлдi
(М.Ә.). Бетiмiз Есiмбектiң ауыл жағында, көз ұшында бұлдырап
көрiнген адамдардың әйел екенiн, еркек екенiн ажырата алмаймыз
(Б.М.). Екi көзi қанталап, өзi сұп-сұр боп апты (М.Ә.). Байдалы
былтырғыдан берi недәуiр қартайып қапты, сақал-шашының ағы
көбейiп, бурылға жақындаған (М.Ә.). Байсал Құнанбаймен араздасып
кеткелi, Абай мен Жиреншенiң кездескенi осы (М.Ә.). Ақырында ол
дыбыс арба алыстаған сайын әлсiреп барады (Д.И.). Күн әлдеқашан
шықса да, бұлттың арасында бозамықтанып тұр (О.Б.). Сенi iздеумен
шарқ ұрдым, қиялдандым, Қиялданып, басқаға жиi алдандым (А.Б.).
45
Шәкен жол бойы жақ ашпастан түнмен қоса түнере келiп, қалаға ендi
(Ғ.Мұст.).
72-жаттығу
Мәтiннен аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды қимыл
мағыналы сөздердi көшiрiп жазып, жасалу жолын түсiндiрiңiздер.
Дағды бойынша Ұлжан бастаған үлкендер құданың аулына
күйеулерден бiр түстiк бұрын келiп түстi (М.Ә.). – Сен жүр, Киiпте
ойнап-күлiп, Мен жүрейiн бұл жақта күйiп-пiсiп (Д.И.). Есiмбектiң
жоғалған атын мен ұрлады қылып, бiр бұзаулы сиырымды төлеуге
әпердi (Б.М.). Абай Ерболдың ендi басқаша мiндетке ауысқанына
қарап, ойланып қалды (М.Ә.). Бұлар келген күннiң ертеңiнде Ербол
ғана барып, Дiлдәмен амандасып жүз көрiсiп қайтты (М.Ә.). Бұл
күнде азып-тозып күлкi болған (С.Т.). Ар жағындағы ашулы құдағиы
күйеу баласын оятуға кеткен болуы керек, телефон трубкасы
әлденеге соғылып, тықыр-тықыр ете түстi де, жым-жырт боп кеттi
(Д.И.). Аздан соң ол күндiз қой жайып жүрiп, өзi көрген жайды айтты
(М.Ә.). Ботагөз бөлменiң бұрышында тұрған кiшкене қол сандығына
жүгiрiп барып, ленталарын алды (С.Мұқ.). – Бiтсең, Отардың
жәшiгiне апарып салып кел (Д.И.). Мұнда барлық ел боп қуанып
қарсы алды (М.Ә.). Асқар ызалы күлкiмен тағы да мырс ете түстi
(С.Мұқ.). Зеркүлдi алдап-сулап, үйiне көтерiп апардым (Д.И.).
Жалған үмiт жалт етiп, жанды, жалт етiп сөндi…(Д.И.). Мiне,
осындай ұлы дүбiрдiң арасында, сол асқа жақсы қызмет етiп, жақсы
атақ алған аттары да қазiргi күнде көптен көп айтылып, ауызға iлiнiп
кеттi (М.Ә.).
73-жаттығу
Мысалдардан синтетикалық және аналитикалық тәсiлмен
жасалған туынды қимыл мағыналы сөздердi бөлiп жазып,
көшiрiңiздер.
а) Ақжал аттың күлте құйрығы да ай астында күмiс ағын
төгiлгендей жалт еттi (М.Ә.). Ызасына iшемiн, миды улаймын (С.Т.).
Тиiп-қашып қайғы-шерiмiзден хабар бергенiмiз болмаса, бiр-бiрiмiздi
танымаған күйi аттанып барамыз (Д.И.). Жалғыз мен бұл халiме
қайғыратын (С.Т.). Бiрақ алғашқы ашулы үнi бәсеңдептi (М.Ә.). Анау
жылқысын сойылдап-сойылдап, дәл Байсал ауылының ар жағына
қуып тастаңдар (М.Ә.). Сонда ғана байқадым, оның жанарынан таң
шығындай тамшылар үзiлiп түсiп жатыр екен (Д.И.). Балтабек көзiн
уқалай түрегелдi (С.Мұқ.). Ес те жоқ, түс те жоқ, құр кiрпiгi ғана
46
қимылдап, көгерiп сұлқ жатты (С.Т.). Қарлығаш қанатының ұшындай
боп, айдай созылған жiп-жiңiшке қастары көтерiлiп-жазылып, Абайға
өзгеше бiр үн қатқандай болды (М.Ә.). – Бекет, бiздiң үйде не боп
жатыр?! – дедiм үрейлене (Д.И.).
ә) Көршi үйдегi Ләтифа менi байқап қалса керек, ентiге келiп
асты-үстiме түсiп, айналып-толғанып жатыр (Д.И.). Артыма жалт
қарасам, екi жiгiт түсiп, аттарын байлап жатыр (Б.М.). Өзiм де тарихи
жандармен, жалқау далада жалқау аяңдасам да, қазақ тарихын
арқамнан түсiрiп алмай, әкеле жатырмын (Ғ.М.). Соларды туғызған
мына сияқты жер даланы әлi де кiнәлауға даяр сыңайы оның iшкi
азабын ауырлата түстi (Д.И.). Бiрақ жаңа орнықпай жатып Базаралы
айтқан уайым сөз бәрiн де ойға салды (М.Ә.). – Мүмкiн, мал
шығар... – деп, бiреуi мырс етiп қалды да, терiс айналып кеттi (Ғ.М.).
Қамар үйiнен шыққаннан талып, әлi есiн жөндi жимаған, әлсiн-әлi
аузына келгенiн сөйлеп шатаса бередi дейдi – деген хабар жұртқа
дүңк ете түстi (С.К.). Мен таң аппақ болып атқанша кiрпiк айқастыра
алмадым (Д.И.). Анау кездегi «бәле басы сол» деп, «көшiп кеттi,
жауға кеттi» деп бұларға көптен тiсiн басады екен (М.Ә.). Ұртын
толтырып үрлегенде пештiң iшiнен берi ұшқан тозаң мен күл көмейiн
қауып, оған су тезектiң ащы түтiнi қосылып, шашылып-қақалып
орнынан тұрды (Д.И.). Ақылға зәру адам құсап той жайлы ешкiммен
ақылдасқан да жоқ (М.Қ.). Бiрдеңенi бiлдiруге бейiл бергенiн iштерi
сезген жүгiрмектер көздерiн қыса құтыңдап, жыбырлап-жымыңдап
Қуанды сөзге жетеледi (М.Қ.). Өлiге еткен қызметтен бастарың
кiшiреймес (М.Ә.). Ендi, түге, жат жиынның алдында жас
балаларымның жақсы талабын жер қылмаңдар (М.Ә.).
74-жаттығу
Мәтiндегi
туынды
қимыл
мағыналы
сөздердi
тауып,
сөзжасамдық талдау жасаңыздар.
I
Күз басынан берi қызыл шұнақ жел қылшылдап тұр. Қара жер
тоң боп қатып қалды. Шық түспеген шөп басы пышырлап құп-құрғақ.
Теңiз бетi де көптен берi тұманданбай, түтiгiп қарауытады да жатады.
Ойда жоқта көк жүзiн бұлт торлады. Бiрақ жел басылды. Iле-
шала көктен қар қыламықтап, жер бетiн жеңiл кiрбiк басты; жыл
басынан етек-жеңi кең жүрген шаруа ертеңгiсiн ояна сала бiр түн
iшiнде бар дүниенi аппақ қып басып салған қарды көргенде, қорқып
кеттi. Отын, шөбiн тасып, қора-қопсысын қамдап, қыс жабдығына
қауырт кiрiспесе болмасын байқады. Осыған ай талпынса да, бiрақ
қолы бармай желкесiнен кежегесi кейiн тартып жүргенде күн райы
47
өзгердi. Теңiз бетi буланды… Жауыннан кейiн екi-үш күг қатарынан
шырадай ашық болды. Шөп басы шықтанып, бетеге, жусан бөртiп,
бүрлене бастады. Желсiз сары шуақта осының алдындағы iзiнен
шықпа қар мен жаңбыр суынан кейiн шығып езiлiп кеткен жер реңi
қазiр өзгеше. Қазiр көктем қайта келгендей бет жағы бусанып
жатқан. Сонан бiр күнi түн ортасы ауа бергенде ышқынып қара дауыл
соқты. Есiк, терезелер сартылдап, жапқышы ашық қалған пеш көмейi
гүрiлдей жөнелдi. Үскiрiк жел суырған жусан түбiнiң топырағы әп-
сәтте-ақ жалаңаштанып ырсиып қалды. Қатты жел сөлiн сығып алған
сары дала тақтайдай таңқылдап кеуiп қалды (Ә.Нұрп).
II
Парсы тiлдес халықтардың рухани және заттық мәдениетi
Сасанидтер сарайында өнер мен әдебиет қайраткерлерi шоғырланған.
Оларға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалған. Осы дәуiрде
Наурызды мерекелеу дәстүрге айналған. Хұсрау Парвиз сарайындағы
екi мыңға жуық музыканттарға атақты композитор Борбад жетекшi
болып, Наурыз мерекесiнiң музыкалық-көркемдiк жағын басқарған.
Ол «Ұлы Наурыз»деген шығарма жазған. Квинт Курций Руф
«Ескендiр Зұлқарнайынның жорығы» деген тарихи еңбегiнде Наурыз
күнiн былайша суреттейдi: «Ұлыс күнi таң шапақ бере падишаның
шатырының үстiне күн бейнесi қойылып, алаңға қызыл мәуiтi киген
үш жүз алпыс бес бозбала шығады. Мереке-думан осыдан кейiн
басталады». Үш жүз алпыс бес бозбала бiр жыл iшiндегi тәулiк саны.
Наурыз ұғымы көптеген халықтар тiлiнде «Гүлнавруз»,
«Гүлгардони», «Байгечак», «Декхан» (тәжiкше), «Навруз» (өзбекше),
«Патрих» (грекше) деп аталады.
Наурыз күнiнде әр жүректе үмiт оты жанып, бақыт есiгi
ашылғандай болып, «сырқат жануар сауығамын, аштар тойынамын,
лыпасыздар киiмсiз-ақ күн көремiн» деп келешек күндерге сенiм арта
қарайды екен. Ұлы ойшыл Омар һайям «Наурызнама» деген
еңбегiнде Наурыздың шынайы табиғатына, Иранның қай патшасы
қай күнi белгiленгенiне, не үшiн тамашалайтынына, күн
планетасының
қозғалысының
ерекшелiгiне
егжей-тегжейлi
тоқталады (С.Н.).
ҮСТЕУ СӨЗДЕРДIҢ СӨЗЖАСАМЫ
75-жаттығу
Мәтiннен негiзгi және туынды үстеулердi ажыратып, туынды
үстеулердiң жасалу жолын ашыңыздар.
48
Төрт-бес күн бұрын ғана қалыңдығы қызыл жiлiншектен
келетiндей қар жауып едi (К.А.). Солдатова селосының маңындағы
ескi қорадан ертеңгiсiн он екi бұзау өрiп шығады екен дегенде бiр
ауыл шерушi тайлы-тұяғы қалмай қопарылып барса, бұзау тұрмақ
бүрге де жоқ, туасы көрмеген ақмалының iзiн санағанына қарық
болып керi қайтыпты («Парасат»). – Иә, Омекеңдi айтады, – Жайша
ма екен, не сонда? (К.А.). Бiрақ бүгiн Жәдiгер кездеспедi (М.М.). Өзi
әуелде ауылдан шыққанымен, оны қазiргi күнде тарс естен шығарып,
араға түскен жылдардың салдарынан ендiгi шақта қаланың бой
бағып, жан күйттеген әдетiне әбден бауыр басып алған Ертағы
бейуақта мазалаған телефонға жыны келдi (К.А.). Қала мен екi ортаға
жазы-қысы жүк тартады (М.М.). Ол менен қандай тапсырма болса да
ендi өзiн жұмсауды тiлендi. – Қазiрiнше сiздi жiберерлiк тапсырма
жоқ, капитан (Б.Мом.). Бiрi айтты: «Кiтап менiкi, не үшiн десең, мен
сенен бұрын көрдiм» (С.К.). Найзағайша атылады, Жебеше ұшады
(М.Мақ.). Бұл сөздi естiген соң балалар ұялып, ендiгәрi жарлы
адамдарға күлуiн қойды (С.К.). Сыртқы түрлерi жергiлiктi
тұрғындарға өте ұқсас болғандықтан, әзiрше оларды жатырқап
жатқан ешкiм жоқ («Парасат»). Кеше ашуланып маған да келiп айтып
едi (М.Ә.). Түнде маған өзiнiң қай жерде екенiн ұмытып, өзiнше
айғай салды (С.К.). Ондайда Бархан ойда-жоқта тауып алған
«туыстарына» тәйт деп жекiп тастайтын (О.Б.). Баяғыдан, жиырма
жылдан берi тәжiрибесiнен бұл бiледi (М.Ә.). Құдық қазушы үш
азамат Барханның үйiне қонып, ертелi-кеш ыстық шайын айырып
жүр (О.Б.). Бала мен бала бата сұрап келгенде, көзiнен жас шыға
қуанған, маңдайларынан алма-кезек сүйiп, «бағың ашылсын, қос
ботам» деген (О.Б.).
76-жаттығу
Синтетикалық тәсiлмен жасалған туынды үстеулердi тауып,
жасалу жолын түсiндiрiңiздер.
Мамыр бүгiн қыздарша киiндi деп Қалқаманға бiр күнi хабар
жеттi (Ш.Қ). Келiп көлеңкесiне жарқанатша жабыса қалуын (Б.Мом.).
Бүгiн қазiр Несiпбайдың iшi де сондай жылап тыйылған, жасын
iрiккен тәрiздi (М.Ә.). Ауыл күнде ұлар-шу: кешкiсiн «менiң
торпағымды көрдiң бе, менiң тоқтымды көрдiң бе?» деп айқайласа,
ертеңгiсiн «алғаның ас болмағыр, әкеттi тағы да, әкеттi!» деп
ойбайлап, бос қалған ноқта-жүгенiмен күресiнiн сабап отырғаны
(«Парасат»). Сөйтсе де сондағы айтқан сөзi мынау, Еш адамға елеусiз
өлеңдетiп (Ш.Қ.). Балалар өздерiнше керегiнше өздерi бағар (Абай).
49
Екi ортада бұл дүниенiң рақатының қайда екенiн бiлмей, бiрiн-бiрi
аңдып, бiрiне-бiрi мақтанып, есiл өмiрдi ескерусiз, босқа, жарамсыз
қылықпен қор етiп өткiзедi де, таусылған күнiнде (Абай). Егiншiнiң
қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып, күмiсше жылтырап тұрды
(С.К.). Әлде бой тасалайтын iн болмады ма, әлде қашып-ақ құтылам
дедi ме, жылан сынаптай сырғып, ұшыртып барады (М.М.). Абрек
кенеттен ауырып серiктерiнен амалсыз бөлiнiп қалды (С.О.).
Бейтаныс адамнан қолма-қол өш қайтармақ пиғылмен үстiндегi
көрпесiн серпiп тастап, жылы орнынан ытырыла көтерiле берген
(К.А.). Мiне сала, сыңар езулей ала қашар деп ойламастан,
қужауырынға қамшы басты (М.М.). Олар тысқары кеткендiктен
болған едi («Парасат»). Өзге елде басқаша екен деп барымыздан
айырылудың ешқандай ретi жоқ («Парасат»). Бауыржан көйлегiн
төмен түсiрiп, үн-түнсiз қайтадан берi бұрылды (Ә.Н.). Мұндай
балабақшалардағы қазақ топтарындағы сәбилердiң тiлiн не таза
орысша, не таза қазақша деуге келмейдi («Алматы ақшамы»).
77-жаттығу
Аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды үстеулердi тауып,
жасалу жолын түсiндiрiңiздер.
«Айналайын, есiң дұрыс па өзiңнiң!» деп барқ ете түспек болып,
сөйтiп жоқ жерден тыншуын кетiрген бейтаныс адамнан қолма-қол
өш қайтармақ пиғылмен үстiндегi көрпесiн серпiп тастап, жылы
орнынан көтерiле берген («Парасат»). Екi қолымен мойнынан
қапсыра құшақтап алып, бетiнен алма-кезек шөпiлдетiп сүйе бердi
(С.О). Ақсақалдар күнi бойы үй иесiмен әңгiмелесiп отырды (М.Ә.). –
Факты бойынша, Иван Данилович, уақытынша ғана орнынан ауысқан
болатын, соғыс ертең, бүрсiгүнi бiте қоймас. Ол үшiн болашақ
айтарын өзi айтар (Б.Мом.). Күндiз тоқтай қалғанда күннiң
жарығымен, түнде қонған жерде ай сәулесiмен отырдым (Ә.Н.). Ендi
бүгiн жаңа екпiнмен құдайдай сиынған приставына сендi (М.Ә.).
Бархан мiне қырықтың бесеуiне келдi, ертеңнен қара кешке тыным
таппай қанша еңбектенсе де, буыны босап шаршаған (О.Б.). Егемқұл
қарттың қолында қысы-жазы көмекшi болып, бауыр басып алған
(О.Б.). Сол екi жағада жоғары-төмен созылып, түскi жусауын өткiзiп,
совхоздың бiр сақпан қойы жатыр (М.Ә.). Жолдастарына әбден
әсерлi, түсiнiктi болған мәжiлiсiнiң аяқ кезiнде Рақым даусын
өзгертiп, айрықша бiр жұмсақ, сезiмтал жүзбен тiл қатты (М.Ә.).
Бiресе ұйықтап, бiресе оянып, бiресе қалғып таң атқанша өзiм
арпалысып шықтым (Б.Мом.). Күйеулермен қыдырып келген жұрт та
таңертеңнен қозғалмай отырып, әлденеше тегене қымызды iшiп
50
алып, қызысқан (М.Ә.). Ел орынға отырған уақытта жарық айлы
тыныштығы мол түнде қалың таудың iшiмен үш салт атты келе
жатты (М.Ә.).
78-жаттығу
Төменде берiлген үстеу сөздердiң туындылыққа қатысын
дәлелдеңiздер. Оларды қатыстырып, сөйлем құраңыздар.
Зорға, күнi iлгерi, былтыр, сөзбе-сөз, ең, қапыда, астыртын,
итшiлеп, қыстай, етпетiнен, түнеугүнi, ертеден қара кешке, әзiрге,
әбден, ерте, Асанәлiше, биыл.
79-жаттығу
Мәтiннен туынды үстеу сөздердi тауып, жасалу жолы мен
мағыналарын ашыңыздар.
Ауылға мал санауға Дәуренбек бастаған екi-үш адам кеп жатқан.
Санақ жайына қалды. Бiреуi қойға шықты да,
қалған екеуi
Көбегенмен бiрге әудем жердегi төбесi ойылған күмбездi ескi
зираттың iргесiнен қабыр қазуға кiрiстi. Жерi тастақ, қатты боп, күнi
бойы азаптанды. Мәйiттi ертеңiне таңертең түсiрдi. Артынша малдың
есебiн алып, уәкiлдер келесi қыстаққа жүрiп кеттi. Көбеген де қойын
өрiске шығарды. Сақыпжамал мен Яков екеуi иен қорада қала бердi.
Кемпiрдiң аты бар да, заты жоқ ты. Сөзiне де, жүрiс-тұрысына да
ешкiм назар аудармас едi. Ешкiм елеп, адам қатарына санамайтын.
Ендi орны үңiрейiп қалды. Оны Көбеген мен Сақыпжамал түгiлi Яков
та сездi. Көбеген көзiн жұмып, теңселiп отырып ертегi айтқанын
қойды. Сақыпжамал күнделiктi жұмысын жүрдiм-бардым iстейдi…
Көбеген бiр айтқан ертегiсiне өмiрi оралмайтын. Үнемi жаңасын
бастайтын (М.М.).
80-жаттығу
Мәтiндегi үстеу сөздердi мағыналары бойынша топтап
жазыңыздар.
I
Бархан бүгiн отарын ерте өргiздi (О.Б.). Қайта күннен-күнге етек
алып, өршiп, дәуiрлеп келе жатқан (М.Ә.). Елiмiз дербестiк алған соң,
шетелдiк әрiптестермен байланыс жылдан-жылға жақсарып, ұлғая
түсуде («Парасат»). Сейiтқұлды екi күннiң бiрiнде ауданға, облысқа
тiптi анау Алматыға машина жiберiп, шақыртып жатыр (О.Б.). Аудан,
облыс,
өлке
басшыларымен
емiн-еркiн
сөйлесiп,
тiлек-
51
тапсырмамызды бiрден айта беретiнбiз (Ә.Н.). – Не көрсем бiрге
көргенiм рас (М.Ә.). Солайша жауап бердi Қалқаманға, Бұл сөзi
байқалмады басқа жанға (Ш.Қ.). Iртiк-iркiссiз бiреу таң атқанша
қолымен әдейi жаймалап шыққандай қаланың үстiн тұтас көмкерiп,
көкжиектiң де қай тұста екенiн байқатпай балшықша сылап жiберiптi
(К.А.). Кезiнде қойды қорасымен, сиырды табынымен, жылқыны
үйiрiмен айдап кетушi едi, әттең жылдан-жылға мал азайып, құрыққа
қарымды ештеме iлiнбей жатыр («Парасат»). Темiр тордан босаған
отар «әрiптестерiнiң» оттауға бағана өрiп кеткенi жындарына әбден
тиген болуға керек, алды-арттарына қарамай, боздатып барады-ай
(О.Б.). Бұл бiр қарағанда көп уақыт көрiнгенiмен, үлкен тарихи
өлшеммен алғанда қас-қағым ғана сәт («Парасат»). Орыс тiлiн шала-
пұла ұғатын бiр жауапкер жартысы қазақша, жартысы орысша: –
Тақсыр, жер патшанiкi екенiн бiлемiз! (М.Ә.). – Ендеше, неғып
мұнша ертелетiп телефон соқтырып жүр екен әлгi жеңгемiз? (К.А.).
II
– Сенiң ерлiгiңе бүгiн мен ерекше сүйсiндiм (Ә.Н.). Оның тiлi
жұрттан бөлекше жаратылып па? Шындықты қаламайтын топқа оның
бiржола құлап, қатардан шығып қалғаны керек («Парасат»). –
Үшеуiңе бiр айдан абақты кесемiз қазiр, – дедi (М.Ә.). Бұл бай өзге,
өзi сияқты саудагер байларша жүрген жерiндегi жемдi аңсап
отыратын ұлықтардың бәрiне асын асатып кететiн (М.Ә.). Осы жiгiт
тым-тым ерте есейген, жастайынан көсемдiкке жаралғандай
(«Парасат»). Сұрақтарыңызға мүмкiндiгiнше қысқаша жауап бергендi
жөн көрiп отырмын («Парасат»). Iсiп-кеуiп, қабарып келе жатып, әрi-
берi айналса-ат арықтап; Шығынға белшесiнен әбден батып
(«Алматы ақшамы»). Бұл жасқа келгенше жақсы өткiздiк пе, жаман
өткiздiк пе, әйтеуiр бiрталай өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық,
айтыстық, тартыстық – әурешiлiктi көре-көре көндiк (Абай). Ол
мөлиiп төмен қарады, аузындағы түкiрiгi таусылған адамша сiлекейiн
тамсанып, сәл тұншыққан дауыспен менiң бұйрығымды қайталады
(Б.Мом.). Кешеден iшiнде дүмбiлез боп, шиеленген түйiндей боп
байланып бiр ыза қып, бiр өкпелетiп, бiресе ашу шақыртып жүрген
бiр жай осылайша шешiлдi (М.Ә.). Тек күнi бойы ызыңдап, сұп-суық
жел еседi демесең, күн ашық (О.Б.). Бұлардан да әбден мезi болды.
Әнеугүнi бұйра бас жас жiгiт келiп кiтап жазам деп, деректер алып
кеткен (О.Б.).
52
81-жаттығу
Төмендегi мысалдардан семантикалық тәсiлмен жасалған
туынды үстеулердi тауып, олардың сөз жасауға қатысын
дәлелдеңiздер.
Арызшы үш момын қазақ баяғыдан пара алғысы келген патша
ұлығының елге қараған пiшiнi осылай болатынын сездi (М.Ә.).
Қаршадайынан батырлар жырын жаттап өскен балалар бұл повестi
жаттап алды (Ә.Н.). Анада, өткен май айында, ауруханада
жатқандығыңыздан кейiн көрiсiп отырғанымыз осы (Ә.Н.). Бәлкiм,
бұл олардың мiнез-құлығындағы қолдан жасап алған ерекшелiгiне,
не бап талғағыштығына жатпайтын шығар, қайта күнделiктi тұрмыс
күйбеңiнiң
ауанынан
бойға
байланатын
тәртiп
бара-бара
кiрпияздыққа ауысатын болар («Парасат»). Түнде маған өзiнiң қай
жерде екенiн ұмытып, өзiнше айғай салды («Беласқан»). Бiрде дәл
ауыл iргесiне жеткенде кiрешi ұрған ба, әлденеден шошынып,
үрiккен бе, арбаны ала қашып, арыққа жығылды («Беласқан»).
Жаңағы үйреншiктi мезгiлдерiнен жарты сағат, бәлкiм, одан да ексем
уақыт ертерек оянғандарына ендi боласылары болып, қайта-қайта
есiнеп-құсынап жылы төсектерiн қимай бiр қауым бөгелiстi
(«Парасат»). Жатпай-тұрмай ауылымызды қалаға айналдыруымыз
керек (С.О.). Осындайда дәл осы бөктердiң ерте күннен қалмай келе
жатқан бар пәлесi болушы едi (М.Ә.).
– Не көрсем, бiрге көргенiм рас (М.Ә.). Әуелден сұлу жайы бiзге
мәлiм, Жiгiттi жұрт мақтаған қыз жақтаған (Абай).
82-жаттығу
Төмендегi мысалдардан аналитикалық тәсiлмен жасалған
туынды
үстеулердi
жасалу
жолына
қарай
кестеге
орналастырыңыздар.
Бірігу жолымен
жасалған күрделi
үстеулер
Тiркесу жолымен
жасалған күрделi
үстеулер
Қосарлау жолымен
жасалған күрделi
үстеулер
Тұрақты тіркесті
күрделi үстеулер
Өзектiң салқын лебiмен ырғала түсiп, оңды-солды толқып
жатқан жоғары-төмендегi көк шалғындар (Абай). Есiне алғысы
келмей өзiмен-өзi алысқан тәрiздi (Абай). Бiрақ осындай
мүмкiндiктер жасала бастағанына қарамастан көп ата-аналар көңiлiн
балалары «ана тiлiн емiн-еркiн меңгерiп кете алмайды-ау» деген
күдiк жайлап алды («Парасат»). Бұрынғы бiр кезде бiр шолақ
мәстекке жалғыз арбасын сүйреткен (М.Ә.). Екеуара сөйлесiп
53
отырғанда Абрек оның сөзiндегi қатердi түзесе, оған ренжу қайда,
рахмет айтып, қалбалақтап қалады (С.О.). Күн арқан бойындай
көтерiлген екен (М.Ә.). Жалғыз-ақ анда-санда әлдеқайда тау астында
жүрген құстарының бiрқалыпты қатты дауыспен, жүргiншiнi
шошытқандай болып, қылғынып айтып қалған сұңқылы естiледi
(М.Ә.). Есенбаев Абректi әнеугүнi әдепкi көргенде жiбектей
сызылып, ыстық ықыласпен қарсы алып едi (С.О.). Қас қылғандай
қойды күйекке түсiрер шақта қар аралас жаңбыр жауып, оңтүстiк
өңiрiнде бұрынды-соңды бола бермейтiн лайсаң күз едi (О.Б.). Оның
маскүнемдiгi, өсекшiлдiгi, бiр жұмыстан екiншi жұмысқа тезбе-тез
ауыса беретiн желаяқ мiнезі мысалға келтiрiлiптi (С.О.). Күндiз
көрiскенде оның төресi приставқа өз тiлмашын өзi мiнiп жүрген атын
ұсынғандай ұсынып, соны шақыртып алыңыз деп маслихат берген
(М.Ә.). Таңертеңнен осыны еске алған сайын приставтың жүзi
жарқырап, сүйсiнген күлкiге айналып кетушi едi (М.Ә.). Селоның
орта шенi қазiр көзден таса, жазғытұрым ғана аз жүретiн шағын
жылғалы көлденең сайды өрлеп кетедi («Беласқан»). Бiр кезде
суырылған бәйге болғаны, Көксерке атанғаны ұмытылды, қойшының
Қужауырыны деген атты бiржола иелендi («Беласқан»). Әлгi бiздiң
боқмұрын ғой, ертеден қара кешке дейiн арпалысып алысқаннан
басқа түк бiлмейдi («Беласқан»).
54
СӨЗЖАСАМДЫҚ ТАЛДАУ ҮЛГІСІ
Кенет сәл жуандау қоңыр даусымен бір кезде студенттер
айтатын ескі күлдіргі өлеңді бастап жіберді (І.Есенберлин).
Сөзжасамдық негіз: күлдір (негіздің сипаты: негізгі түбір)
Сөзжасамдық мағына: қимылдық мағынадан сындық мағына
жасалды
Сөзжасамдық тәсіл: синтетикалық (-гі)
Сөзжасамдық тізбек: күлдір-күлдіргі
Сөзжасамдық ұя:
күлдір – күлдіргі
күл
күлгіш
күлкі – күлкішіл
ойын-күлкі
ойнап-күл
күлегеш
Бүгін дем алмаған тек Жүнісбек қана (Ғ.Мұстафин).
Сөзжасамдық негіз: бұл, күн (негіздің сипаты: кіріккен түбір)
Сөзжасамдық мағына: сілтеу орынбасар сөз бен зат мағыналы
сөздерден мезгіл мағынадағы сөз жасалды.
Сөзжасамдық тәсіл: аналитикалық (жолы: кірігу)
Сөзжасамдық тізбек:
Сөзжасамдық ұя:
Ескерту: аналитикалық тәсілде көп жағдайда сөзжасамдық
тізбек пен сөзжасамдық ұя жасалмайды.
Сәрсен, ашу – дұшпан, ақыл – дос, сабыр қыл (М.Жұмабаев).
Сөзжасамдық негіз: дос (негіздің сипаты: түбір сөз)
Сөзжасамдық мағына: заттық мағына
Сөзжасамдық тәсіл: лексика-семантикалық (кірме сөз: парсы)
Сөзжасамдық тізбек: дос-достық
Сөзжасамдық ұя:
достық
дос
дос-жаран
55
ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
А.Б. – А.Байтұрсынов
М.Ә. – М.Әуезов
А.Б. – А.Бақтыгереева
М.Әлім. – М.Әлімбаев
Ә.Ә. – Ә.Әбiшев
М.Ж. – М.Жұмабаев
Ә.Қ. – Ә.Қоңыратбаев
М.К. – М.Ж.Көпеев
Ә.Н. – Ә.Нұршайықов
М.Қ. – М.Қаниев
Ә.Найм. – Ә.Найманбаев
М.М. – М.Мағауин
Ә.Нұрп. – Ә.Нұрпейiсов
М.Мақ. – М.Мақатаев
Ә.Сал. – Ә.Салықбай
М.Ш. – М.Шаханов
«БҒЖ»
–
«Бес
ғасыр
жырлайды»
О.Б. – О.Бөкей
Б.Қ. – Б.Қалқаманұлы
Р.Н. – Р.Нұрғалиев
Б.М. – Б.Майлин
Р.Т. – Р.Тоқтаров
Б.Мом. – Б.Момышұлы
С.К. – С.Көбеев
Б.Н. – Б.Нұржекеев
С.М. – С.Мұратбеков
Д.Д. – Д. Досжанов
С.Мәул. – С.Мәуленов
Д.И. – Д.Исабеков
С.Мұқ. – С.Мұқанов
Ж.А. – Ж.Аймауытов
С.Н. – С.Негимов
Ж.Ж. – Ж.Жабаев
С.О. – С.Омаров
Ж.М. – Ж.Молдағалиев
С.С. – С.Сейфуллин
З.А. – З.Ақышев
С.Т. – С.Торайғыров
И.Б. – И.Байзақов
Т.А. – Т.Ахтанов
Ғ.М. – Ғ.Мүсiрепов
Т.Жар. – Т.Жароков
Ғ.Мұст. – Ғ.Мұстафин
Ш.Қ.
–
Ш.Құдайбердиев
К.М. – К.Мырзабеков
Хрест.
–
ХХ
ғ.б.әдебиет.
К.С. – К.Сегiзбаев
Хрестоматия. А., 1994.
І.Ж. – І.Жансүгіров
56
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз .................................................................................................... 3
Сөзжасамдық ұғымдар ............................................................................. 5
Сөзжасамның сөз құрамымен байланысы .............................................. 8
Сөзжасам тәсiлдерi ................................................................................. 16
Сөз топтарының сөзжасамы зат мағыналы сөздердiң сөзжасамы ......23
Сын мағыналы сөздердiң сөзжасамы .................................................... 30
Есiмдi орынбасар сөздердiң сөзжасамы ................................................ 39
Қимыл мағыналы сөздердiң сөзжасамы ............................................... 46
Үстеу сөздердiң сөзжасамы ................................................................... 51
Сөзжасамдық талдау үлгісі .................................................................... 57
Қысқартылып алынған әдебиеттер ....................................................... 58
57
Сарсеке Гульнар Адебиеткызы
СЛОВООБРАЗОВАНИЕ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА
(сборник упражнений)
Басуѓа ќол ќойылды 12.07.2005
Гарнитура Times.
Форматы 29,7
×
42
2
1
. Офсеттiк ќаѓазы.
Кµлемi 2,7 шартты б.т. Таралымы 700 дана.
Тапсырыс № 0037.
Павлодар мемлекеттiк педагогикалыќ институтыныњ
редакциялыќ-баспа бµлiмi
140000, Павлодар ќ., Мир кµшесi, 60
E-mail: rio@ppi.kz
58
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |