34-жаттығу
Төмендегi туынды сөздердi жасалу тәсiлiне қарай топтап,
жазыңыздар.
Теледидар, мұздатқыш, даңғыл, көтерме, сауда, iлеспе аударма,
үмiткер, ұстаным, тұжырымдама, телекөпiр, танымдық ойындар,
сыйақы, сөзтiзбек, серiктестiк, салым, салым иесi, пiкiрсайыс,
пiкiрталас, өкiлеттi, қыша, құзырлық, қасiретнама, қойылым,
күнпарақ, кесене, кешен, кепiлдеме, зейнет, зейнетақы, жүктеме,
емделу қағазы, жадығат, белтемiр.
СӨЗ ТОПТАРЫНЫҢ СӨЗЖАСАМЫ
ЗАТ МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДIҢ СӨЗЖАСАМЫ
35-жаттығу
Мәтiннен зат мағыналы туынды сөздердi табыңыздар. Олардың
жасалу жолын түсiндiрiңiздер.
I
Адыр-адыр елсiз дала. Бозғыл көде, кербетеге, тобылғы беткей,
төбешiк, обашық, қызыл құмайт, шөптесiн шүңейт. Қоңыр тышқан,
ала сауысқан, ор қоян, бозторғай – осыдан басқа көзге түсер қара-құра
жоқ. Даланың көркi ел екен-ау! Елсiз дала емсiз жарадай көрiнедi.
Малшы байғұстар не ғып iшi пыспай жүредi екен?.. Ай, қу дала! Қу
далаларда жалғыз жаяу бiр мұңдық. Сар далада сары уайым
қамшылап Ақбiлек келедi толарсағы бұлтылдап (Ж.А.).
Ай әлi туған жоқ. Түн жамылып ұрланып шыққан жалғыз
жаяудың жаулығы ағараңдап, Қоңыртөбенi асып бара жатты. Ол бұл
жолы Қоңыртөбеден сескенген жоқ. Iшiн өрт жалаған өкiнiш, ашу-
ыза, амалдың жоқтығына астасып, өз болмысында болмаған бөтен
қимылға итермелеген. Ол қара сиыр iшi кеуiп өлетiн шiлiкке келiп,
бел шештi. Мағрипаны мазалайтын қорқыныш сол төбенiң ар
жағында, қорықшы келiп қала ма деп елеңдеп әрi-берi отырды да,
шалғысын саптап, пiшен шабуға кiрiстi. Түнгi шыққа жiпсiп жатқан
қырықбуын аралас қияқ шалғынның жүзi тиер-тиместен сырылдап
барып мұрттай ұшады (О.Б.).
II
Арғымақ талай қор болды
Әсiре сөздiң өрнегi,
Әзiлдiң болдың өрнегi
22
Шапанын киіп шындықтың
Өтiрiк төрдi бермедi,
Қойғасын көңдi күреудi
Шiрiдi түбi тiреудi
Бiреулер ұрды бiреудi
Сойылыменен бiреудiң…
Бағасы түсiп бастың да,
Болмадық бөгет те
Ақымақ жiгiт астында (К.М.).
Ер жiгiттiң маңдай терi,
Арулардың көз жасы мен күлкiсi,
Абырой мен атақ-даңқтың түр-түсi,
Әлемдегi асу бермес ең ұлы iс
Күнделiктi жеңiс пен жеңiлiс
Елге деген махаббаттың безбенiмен
өлшенер,
Безбен сынса, безбүйректiк белсенер.
Алдыменен өз жаныңның қайшылығын
жеңiп ал
Биiк ұшқың келсе егер (М.Ш.).
36-жаттығу
Келтiрiлген сөздерден түрлi жұрнақтар арқылы туынды зат
мағыналы сөздер жасаңыздар. Жұрнақтарды мағыналық және
құрылымдық ерекшелiктерi бойынша сипаттаңыздар.
Қызыл, тозаңдат, соқ, ес, әдiл, сезiмтал, жамыл, ора, жаз, iл, қыл,
тұр, ас, тұғыр, сарт, мәлiм, төңкер, ұры, сан, гүрс.
37-жаттығу
Төмендегi мысалдардан синтетикалық тәсiлмен жасалған
туынды зат мағыналы сөздердi табыңыздар. Сөзжасам жұрнақтарына
сипаттама берiңiздер.
Қара адам жалған айтса, ұятсыздық деймiз (М.Ә.). Рас, ерекше
жалқаулық, бейнетсiздiкте күн кешетiн жандар да қыр тұрмысында
көп кездеседi (М.Ә.). Қала орнында кедiр-бұдырлы қара күйiк қалды
(Ғ.М.). Бұған мән берген ешкiм болмады (Д.Д.). Бiрақ қалың елдiң
бүгiнгi ажарында әлдеқандай бiр оқшау күйдi тосқан түйiлгендiк
байқалады (М.Ә.). Жүрiсiне қарағанда шолғыншы лек секiлдi (Д.Д.).
Бәйкен қарт сақтық, ұстамдылық керектiгiн ескерттi (Ғ.М.). Төсекке
жатқан сайын аунап, қызып ұйықтай алмай жатқанда, ойын қайғы
билемей, көмескi үмiт пен қызу билейтiн әдет болды (М.Ә.). –
23
Кiрiңдер! Ну! – дедi Мюлгаузен ауызғы бөлмеден бiр бөлек кiсiнiң
аяқ тықырын естiп (Ә.Нұрп.). Санақта бар, санатта жоқ ел ұрпағының
ұрпағына кетер айнымас та бұлжымас бақыт жолына бастар жалғыз
жалау осы (Ғ.М.). Бұндағы халықтың үнсiздiк, момындығын бұдан
былай тағы талай Кошкиндер әлi де келтекпен басқа соғып, қорлай
берсiн (М.Ә.). Әмiршi сыр бiлдiрмедi, қыздың құнын сұрап тұрған
саудагерге алтын динар ұстатты да, кiтапты алды (Д.Д.). Бөлiмше
командирлерi жүгiре жөнелдi, тек қарт жұмысшы қозғалмады (Ә.Н.).
Бiр күнi түске таянған мезгiлде демалысы жиiлеп, кеудесiне
сырылдақ пайда болды (М.Ә.).
38-жаттығу
Мысалдардағы туынды зат мағыналы сөздердiң мағы-насының
олардың жасалуына негiз болған сөздердiң мағынасымен байланысын
түсiндiрiңiздер.
1. Жаңа келiп, осы қақпаға кiре бере аманыңды естiп, «жолым
болған екен» деп қуана кеп ем… 2. Жалғыз-жарым жүргiншiге қатер
көп. 3. Ел жайлауға қарай ұзап кетiптi. 4. Рас, ол кездесу қызықты
жағдай емес болатын 5. Бақшаның сәндi шұбар тобы көрiнiске
шыққан сахна сұлуларындай болып, неше алуан тiлiмен былдырлап,
желiктi күлкi, сезiмдi қалжыңмен оркестр күйiнiң iшiнде толқынып,
бұралып өтiп жатты. 6. Бүгiнгi жиынға олай қыл, бұлай қылды
басшылық қылған кiсi жоқ. 7. Бiрақ ауыздағы бөлме затында үйге
арналып салынса да, кәзiргi қалпында үйлiктен шығып, әрi шошала,
әрi қораның мiндетiн атқарып тұр (М.Ә.). 8. Шай құйып отырған
әйелдiң құбылысына қарап, Еркебұлан ата жөнелгелi тұрған түз
тағысы ақ маралды көз алдына әкелдi. 9. Бұл – дiлмәрлiк емес, өз
бойын жасырып, өзге бiр арсызды айдап салатын атқа мiнерлер
мiнезiн дәл мегзейтiн теңеу, кедей бұқараның тiлi шыға бастағанын
көрсететiн теңеу. 10. Жас әйел бейтаныс қонағына бар ниетiмен
құрмет көрсеткiсi келгенi байқалады. 11. Сырлы төсектiң аяқ жағына
iлiнген күмiс жапқан ер-тұрман, жез ораған қыз-қамшы от сәулесiмен
олар да жымыңдаса кеттi. 13. Бiр түнге үш құшақ отын кетсе, кейбiр
шаруашылықтардың жыл жарымға деп әзiрлеген мал азықтары
жарты қысқа әрең жететiн сияқты. 14. Сырдария кейде тентек мiнезiн
көрсетiп, салық салып отырады (Ғ.М.).
39-жаттығу
Төмендегi жұрнақтар арқылы туынды түбiр жасаңыздар.
Жұрнақтардың ерекшелiгiн түсiндiрiңiздер.
24
а) -ыл, -ық, -шық, -ыс, -iм, -iш, -мыс, -мек, -сын, -сiн, -тама, -кi,
-дақ, -гi.
ә) Төмендегi туынды түбiрлердiң жұрнақтарын ажыратып,
мағыналарың ашыңыздар.
Тұнба, iлгек, дәрiгер, күйдiргi, тұрғын, жолдама, серiктестiк,
ұшақ, әдiлдiк, саясаттанушы, беткей, түрткi, сағақ, ашытқы,
тоңазытқыш, орам, сынақ, болжам, балама, сырмақ, орамал,
тыңдарман, қылмыс, түбiртек, анықтама.
40-жаттығу
Аналитикалық тәсiл арқылы жасалған туынды зат мағыналы
сөздердi терiп жазып, жасалу жолын түсiндiрiңiздер.
Құдық басында отырған жұрт Бейсембайдың сөзiн естiген соң,
бұл әңгiме туралы әрқайсысы өз үйлерiнде қатын-қалаштан естiген
сыбыстарын айтыса бастады (М.Ә.). Сот ағасы қоңырау қақты,
онысын елемеген соң: – Тәртiпке шақырамын! – дедi (Ғ.Мұст.).
Ұзақтың ауылын әкеп қондырамыз, Дейтұғын Таңбалытас қонысына
(I.Ж). Қанар белбеу тағынып, Қынай белiн буынған (Бұхар). Бары
көрпеленiп белуардан келiп, аққала соғатын баяғының қысы
әлдеқашан ұмытылған, бүгiн қыламытып жауса, ертең былжырап
ерiп кетедi… (Д.Д.). Уақастың жаңағы туыстары- ның бiрiнiң не қыз
берiп, қыз алысқан құдасы, не бiреуiнiң баласының кiндiкшешесi,
кiндiкағасы, әйтеуiр iлiгi бар, сайып келгенде жекжат боп шығады
(М.М.). Тәкежан мен Әзiмбайдың барлық малшы-көршiге ететiн
мейiрiмсiздiгiн, қаскөй иттiгiн бiлетiн кедей-кепшiк (М.Ә.). Көршi-
қолаң, малшылардың, ауыл қыдырған ағайындардың маңына
үйiрiлуiне қарағанда қолы жазық екенi, би-тоқал бола бастағаны
байқалады (Ғ.Мұст.). Жерошақ басындағы асшыларға тақап қалған
Иiс самауырға шоқ салып жатқан әйелден: – Жас келiн ән салды
ма? – деп сұрады (М.Ә.). Әңгiме барынша жатық, ұғынықты,
түпнұсқадан қашық кетпей аударылған (Р.Т.). Алыстағы қыр елiнiң
жүн, мал, аң терiлерiн қалаға, қаладан өндiрiс бұйымдарын ауылға
жеткiзетiн темiр жол, машина жоқ (Ғ.Мұст.). Үйiнiң жанындағы қонақ
үй, ақ отау екен (М.Ә.). Абайдың көзқарасын, ой-санасын ақ қағазға
түсiрудiң өзi ғанибет қызық тағлым (Р.Т.).
41–жаттығу
Мәтiндегi аналитикалық тәсiлмен жасалған зат мағыналы
сөздердi тауып, мағынасын түсiндiрiңiздер.
25
...Иә, елiм деп еңiреген, халқым деп қайысқан азаматтарды
көлденең өткен көп аттының сауғасына қаншасын құрбан қылдық,
қаншасының құйрығына шала байладық. Ендi мынау, ендi мынау
заты емес, аты қалған әр құлпытастың түбiне бiр келiп, аруағына
табынып, өткенiмiзге өкiнiп отырғанымыз. Ұлыма бүгiнгi ұрпаққа
тарихтың жықпыл-жықпылында жатқан, тарихтың қойнау-қойнауына
өз қолымызбен тығып жiберген жылдарымызды көрсетуге бола ма,
жоқ па? Мiне, бiздi шаршатып жүрген осы жай... Атпай қалған таңдар
қаншама...
42–жаттығу
Келтiрiлген мысалдардан туынды қос сөздердi терiп жазыңыздар.
Қос сөздердiң туындылыққа қатысын талдап түсiндiрiңiздер.
Ас-су, шай-пай, ине-жiп, тау-тау, абысын-ажын, ауыл-аймақ,
жiгiт-мiгiт, тиын-тебен, ыдыс-аяқ, ет-мет, ыза-кек, қой-мой, төсек-
орын, жора-жолдас.
43-жаттығу
Бiрiгу және кiрiгу арқылы жасалған туынды сөздердi мағыналық
жағынан топтап жазыңыздар.
Үлгi:
Өсiмдiк атаулары:
Мал, жан-жануар атаулары:
Үй жабдықтарының атаулары:
Алтыбақан,
атауыз, түскиiз, адалбақан, қарақат, қарақұс,
қарлығаш, баспахана, шайхана, қолжазба, бiлезiк, аққұтан, Алатау,
меңдуана, итмұрын, Талдықорған, жүкаяқ, қайнаға, ағайын, итбалық,
Жезқазған, кемпiрауыз, отағасы, алжапқыш, бойжеткен, белбеу,
кемпiрқосақ, Ақерке, киiкоты, қолғап, Сержан, жатақхана, аққу,
Қалмаққырған, тiкұшақ, зейнетақы, зiлзала, тотықұс, ақсақал.
44-жаттығу
Тiркесу арқылы жасалған зат мағыналы сөздердi ойлап жазып,
сөйлем құрастырыңыздар.
45-жаттығу
Келтiрiлген зат мағыналы тұрақты тiркестердi қатыстырып
сөйлемдер құраңыздар. Тұрақты тiркестердiң мағыналарын ашып,
түсiндiрiңiздер.
26
Шыбын жан, кiрбiң қабақ, қатты сөз, жел сөз, қаңқу сөз, көзiнiң
қиығы, құла дүз, телегей теңiз, қолаң шаш, қаршадай бала, алма
мойын, тұл жетім.
46-жаттығу
Лексика-семантикалық тәсiлмен жасалған туынды сөздердi
көрсетiңiздер. Әрқайсысының жасалу жолын ашып, талдаңыздар.
I
Байлықпен медресе, школ салсам, нашарларды оқытып, алғыс
алсам (С.Т.). Бұдан бұрынғы екi күндiк жолда үлкендер жылдам
жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқанды (М.Ә.). Жүзi бар
айдай…Әйгерiм Абайдың мол денесiне иығына асыла, құшақтаған
күйде, жалындаған жүзiн күйеуiнiң төсiне басты (М.Ә.). Битке
өкпелеп құр тонды отқа салмай, Дүниеде тұра алғанша тұру керек
(С.Т.).Танымайтын жерде тон сыйлы, сөйлейтiн жерде сой сыйлы
(Мақал). – Сорлы кәрiнiң көңiлiне о да болса демеу ғой! – деп үйдегi
үлкендер, әсiресе жеңгелер Абайдан шын бiрдеменi дәметкендей
(М.Ә.). Жас-жастың тiлеуi бар деген сөз бар, ұзатпай аяқ бердiк
сөзiмiзге, Көрпеңе шақта аяқты соза берме, Жұт-жұттың сасқалақтап,
астына алар, Аяқты бер, әнекей келедi, – деп (С.Т.). Оны есiнен
шағармай, дұғасына кiргiзiп, тiлеуiн тiлеп отырытын (М.Ә.).
II
Бозбалада ой бұзық, Бұл дүниеде қыз қызық (Ш.Қ.). Қазiр
мысқылшыл, алғыр ойы оянған Абай шабытты күйде шешен де
көреген (М.Ә.). Аздан соң құздың басына ереуiлдеген жаяулар
шықты да, ойдағы жиынға қарады (М.Ә.). Ұмтылып ойға, қырға оқтай
ағып (С.Т.). Бұл жазған мақтау емес, жаным саған (С.Т.). Қарғау да,
жарылқау да қасымда деп (С.Т.). Мағаш ояздан келген қағаздың
жайсыздығын ескерiп, сол туралы сөйлеп, ақылдасуды қажеттiрек
көрген едi (М.Ә.). Кел, жастар, бiз бiр түрлi жол табалық (Ш.Қ.). –
Менiң тағдырымды, басымды емес, жасымды бергей (О.Б.). Атаңның
күйi үш кiсiнiң көз жасына себепкер болды. Әсiресе таза да
таңғажайып жас Аналық ананың бота көзiне қандай жарасушы едi
(О.Б.). Менде жоқ рақат қызық, ойын-сауық (С.Т.). Бай, кедей, жақсы,
жаман, төре, қара (С.Т.). – Сол жақсы өрiске беттеп көшкен ел
керуенiнiң көш басшысы бола алсам менiң еңбегiмде арман жоқ
(М.Ә.). Семинар сұрақтарын әзiрлеу, сөйлеу қабiлеттерiн жетiлдiру,
компьютермен жұмыс iстеудi үйретпек болған («Қазақ тiлi мен
әдебиетi»).
27
47-жаттығу
Мысалдардағы зат мағыналы туынды сөздердi тауып,
сөзжасамдық талдау жасаңыздар.
I
Ол қойшы, жылқышы, түйешi, күзетшi, сауыншы, мал суарушы
сияқтылар болса, олардың еңбегi аса көп дер едiм (М.Ә.). Сонымен
төрт жылға жақын ойын-күлкi, қайғы-қуанышымыз ортақтасып
кеткен бiр жолдасымызбен iштей ғана қоштасып, айырылысуға тура
келдi (Ғ.М.). Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтiрейтiп орысың, Шендi шекпен жапқанға, Күнде жақсы бола ма,
Бiр қылығы жаққанға? Оқалы тон бола ма, Ар-ұятын сатқанға?!
(Абай). Әлем айғақ, бұл алыста аясу жоқ, алдау, арбау, арзан айла
жанасарлық жай емес (Ғ.М.). Қайта туған қарт Жамбыл, жас
Күләштар, Бiр-бiр жолы жаңа өмiрбаянымның (Ж.Мол.). Бәрi де
әдiлетсiз езгiден, өмiр өгейлiгiнен Мыңжасар боп жүрген жоқ па?
(М.Ә.). Тәкаппар тау, тұра тұр, ашуланба, Ашу не ұсақ жауын-
шашындарға? (Т.Жар.). Мен сенде ар-ұят, жiгiтшiлiк намыс жоқ деп
ойламаймын (С.М.). Бұл ауыр жылдарда адамға – тамақ, поезға –
көмiр, тасымалға – көлiк жетпей жатқан кез (Ғ.М.). Құрылыс
материалдарын әкелуге жiберiлген жүк машиналарының бiрiне
жабысып, екi жүз шақырымдай жердегi темiр жол станциясына жол
тартты (М.М.). Оның үстiне ауыл-аймақ, ата-тегiмен көрiп келе
жатқаны қорлық, теңсiздiк (М.Ә.).
II
Еменнiң берiк бұтағын сайлап, Белбеуiн байлап жел бесiк құрып,
Жатқызып менi бесiкке жайлап, Еңiрептi былай тербетiп тұрып
(Ә.Т.). Аздан соң күн батып, қаланы қараңғылық орап алып, қайғы-
мұңы қайта басты (Ғ.М.). – Шүкiрлiк, әке, – деп бiраз тұрды да: -Ат
барған соң, дәрiс тамам болмаса да, хазреттiң рұқсатын, фатиқасын
алып қайттым, – дедi (М.Ә.). Өзiм де қан тартқан қолбасшы секiлдi
алдымда қандай заңғар, апан-ор кезiгерiн бiлмеймiн, ағындаған
арынымды тежей алмай тәуекел деп ырғуға қалдым (Д.Д.). Үстi-басы
малмандай…Иығыңнан асылып қалған суық толқын мойныңнан
сорғалап, арқаңмен жылжып астыңа құйылады (Ғ.М.). Мен бiлмеймiн
жалыну, жағынуды, Ресiм, ұлық, құдай деп табынуды (С.Т.).
Сарыарқаға апарып, қазақ ортасына қоямыз деп сарт жұртымен
дауласып, сол замандағы қазы, мүфтилерден хат-мөр алып, сүйегiн
арқаға алып кетемiз деп көрiн ақтарған екен (М.К.). У-шу, ойын-
күлкi, қалжыңдар әлi басылған жоқ (М.Ә.). Мүжiлген құлпытасында,
жазу жоқ жылын шамалар (Ж.М.). Мал басы өскен адамның, Алды-
28
арты бұрқар бу болар («БҒЖ»). Сахарадағы тұрмыс қалаға қарағанда
адамды мол бiр бейқамдыққа, салғырттыққа тартады-ау (М.Ә.).
Ақылдың өскен сайын айтатыны: «Жоқ құлдық, жоқ төрелiк, жоқ
күштемек» (С.Т.). Сосын сiлкiне түрегелiп, алжапқышты жолай
байлап ас үйге өттi (Д.Д.). Өзi ауылдан кеткен кезде әлi күш-қуаты
қайтпаған «қарасақал» аталатын, межеге жаңа iлiнген кiсiлер ендi
ақсақалды қарияларға айналыпты (М.М.).
СЫН МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДIҢ СӨЗЖАСАМЫ
48-жаттығу
Мәтiндегi сын мағыналы сөздердi тауып, олардың туындылыққа
қатысын баяндаңыздар. Жасалған жаңа сөздердiң мағыналарын
ашыңыздар.
Бұл мектеп iшiнде халық қамы, азаматшыл ой дегеннен елес те
көрiнбейдi (М.Ә.). Тұрлықұл елге зәбiрлi, көршiлерiне мазасыз,
қатты мiнездi адам едi (С.К.). Ерке және қызба тiлмен сөйлеген,
қайсар, тентек көктемгi өзен секiлдiмiн кейде мен (М.Ш.). Әкелi бала
жау жүрек, әкесiз бала сұм жүрек (Б.Қ.). Сен елiңе келiп, мынау
жатақтардай көп елдiң
малшы-жалшы нашарларынан өнерлi,
қайратты азамат өсiрiп шығарсаң (М.Ә.). Олардың iшiнен ептеп қара
торы қыз да, қара қыз да шыға бастады (Ә.Н.). Еркiндi жерде ызақор,
Томырық келер тарқылдап (Абай). Аузында тiсi жоқ қартаң болып
жүрмесiн, Барған кiiсiнiң шылбырын үзер тарпаң болып жүрмесiн
(Бұхар). Бұдан шығып шөбiнiң iшiне барса, онда арық жабағылар
тұратын жұмсақ шөбiнiң iшiнде толып тұрған сиыр (С.К.). Сүттей
аппақ кезең бұл аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы (М.Ш.). Өз
басыңның қайғысын да жұтыпсың-ау бiлдiрмей, Жытқыр түндер
қинады ма кiрпiгiңдi iлдiрмей? (М.Ш.). Қатын-балалар ернi кезерген,
қолы, аяғы күс-күс (Ә.Нүрп.).
49-жаттығу
Мәтiндегi синтетикалық тәсiлмен жасалған туынды сын
мағыналы сөздердi көшiрiп жазып, сөзжасамдық талдау берiңiздер.
I
Ымырт жабылып, қас қарая Аналықтың үйiне қайтып оралдық.
Ай әлi туған жоқ едi. Адырлы асу, алпамса таулар қара барқын
тартып, жаңа басталған жаздың уыз шағына масайып жатқандай.
Алтайдың түнгi келбетi аса қорқынышты да, омырауын емiп өскен
29
сыралғы жұрты болмаса, сырттан келген жолаушы түн баласына
қарға адым ұзай алмас едi үйден. Бiрақ Алтайдың арамза мiнезi жоқ,
айбары ғана бар тәкаппар өлке… Сан ғасырдың тiлсiз куәсi Алтай
түн баласында үнiн шығарса, мүмкiн ол сол қанды қырғын соғыста
қаза болған ерлердiң рухын сыздатып, арқасын аяздай қарығаны,
мүң-зары, өкiнiш арманы шығар…Аңсарлым, Әулиекөл десе,
Әулиекөл-ау! Бiздi момақан қарсы алды. Құрылыққа шалқыған
салқын самалы күйреуiк күй улап дел-сал шаршатқан көңiлiмiздi
қытықтап желпiп ойнады. Омырауымызды аша түсiп, жұпар ауасынан
жұттық-ай,
жағалауындағы
жар
тасты
сабалаған
ерке
толқындарының шөп-шөп сүйiскен үнi алақанын шапалақтап, мәз
бола қуанған алаңсыз күлкi-сi – қазiргi мамырстан өмiрiмiздiң
шыншыл жыршысындай (О.Б.).
II
Сырым Датұлының заманында қазақ елiнiң шұрайлы, нулы, сулы
жерiнен, құтты-жайлы мекенiнен айырылып, зар жылаған шағы едi.
Патша үкiметi жазалаушы отрядтарын, яғни казак орыстарды қазақ
ауылдарына жұмсап, құт-берекесiн кетiредi. Сонда Сырым батыр
адамның сүйегi сырқырарлық сөз сөйлеп, елi мен жерiн қорғауға
жұртын шақырады. Сырым Датұлы 1783-1797 жылдардағы ұлт-
азаттық көтерiлiстiң ту ұстаушысы болады. Қазақ ұлтының басына
түскен зұлмат жылдарда, қанды қырғындарда Сырым Датұлы
патшаның езгiсiне, оның отарлаушылық саясатына және жергiлiктi
жандайшаптарына, арам пиғылды хан-сұлтандарға қарсы күреседi.
Ұлт-азаттық қозғалысты қолдамаған, тiптi қарсылық көрсеткен Есiм
ханды Сырым жер жастандырады. Осы оқиғадан кейiн Алдар
би:»Қарадан хан болдың, айырдан нар болдың, жоқтан бар болдың,
көнеден дәурен озды, көндей қамқа тозды, атадан ұл озды, анадан қыз
озды!», – деп болған iстi қолдайды…
Ақтайлақтың тұңғыш рет би дәрежесiне ие болуының тарихы да
қызық. Әкесi Байғара би дүниеден көшкен соң, Аякөз аймағына сөзi
елге ем, дауа-дару болатын сара ойлы бiлгiр би керек болыпты. Содан
Байғара бидiң шаңырағындағы жиында Едiге мырза кiмде-кiм менiң
жұмбағымды шешсе, сол ел билесiн деген ұйғарым жасайды. Сонда
Едiге:»Айдаһар ауызды, құс қанатты, бота тiрсектi, жылан құйрықты
бiр жәндiк табиғатты құртып, орасан зиян келтiредi'', – дептi.
Жиналғандар не екен деп дағдарып тұрғанда, Ақтайлақ айтқан екен:
«Мұныңыз көк қасқа шегiртке емес пе? Мизам айында қызыл қанат
болып әуелеп ұшып, егiндi түк қалтырмай жайпап-жалмап, қара
топырағын астан-кестен етпей ме?» (С.Н.).
30
50-жаттығу
Төмендегi мысалдардан синтетикалық тәсiлмен жасалған
туынды сын мағыналы сөздердi тауып, оларды мағыналары бойынша
топтап жазыңыздар.
Биылғы жел бiртүрлi есiрiк. Жағалау қаймақтанып, кiлегейлене
бастаса-ақ, арқадан шыққан қатты жел әлсiз мұзды бет ашыққа айдап,
қуып кетiп тұрған (Ә.Нұрп.). Ата-анасынан, бауыр басқан ыстық
ұясынан, көшпелi өмiрден айырып алып, теңiз жағасына матап қойды
(Ә.Нұрп.). Бораштың айтқаны рас, ол күн тұмансыз едi, бiрақ
Қоңдыбайдың күнi де қараңғы едi (Ә.Ә.). Оян, Лориа Горсиа, айбарлы
ақын, отты ақын…(М.Ш.). Ақ жүздi, кең маңдай, сарғыш көздi, зор
денелi, келбеттi жас Дүтбай қазiрде Қаратай көзiне жалынға түсер
сұңқардай (М.Ә.). Күпiлдек мақтан, Табытын қаққан – Аңдығаны,
баққаны (Абай). Талғат қарапайым, кiшiпейiл, өте жұғымтал кiсi екен
(Ә.Н.). Ақылды адам тауып айтады, ақылсыз адам қауып айтады
(Мақал). Әзiмбайдан бастап Тәкежан, Жиренше, Оразбай болған
текелердiң күйексiз күйдегi тынымсыз, ынсапсыз, пәлеқорлығы
терiлiп саналды (М.Ә.). Жаңағы айғайшыл адам әлi сол орнында, тек
бақыра-бақыра дауысы қарлыға бастапты (Ә.Ә.). Белiне шелектер
тiзген дәу дөңгелек нардан тер бiр тамғанда, бiр шелек суын
айғыржапқа азар құяды (Ә.Ә.).
Достарыңызбен бөлісу: |