Алматы, 2011 Еркебұлан ЫбрайЫмұлы нұрлан СайлауұлЫ Қ ұ р а н оқып-үйренейік! Ислам мәдениеті мен біліміН


"бақара" сүресінің 285-286 аяттары



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата18.01.2017
өлшемі7,23 Mb.
#2129
1   2   3   4

"бақара" сүресінің 285-286 аяттары
Мағынасы:
Ә‘узу билләһи минаш-шайттанир-ражим.
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
285.
 Раббы тарапынан Пайғамбарға не түсірілген болса ол 
соған  иман  келтірді,  мүміндер  де.  Олардың  барлығы 
Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға, және пайғамбарларға 
иман  келтірді.  Олар:  «Оның  пайғамбарларының 
ешқайсысын  бөліп  -  жармаймыз»,  «Естідік  және 
бойсұндық.  Уа,  Раббымыз,  Сенен  жарылқау  тілейміз, 
қайтып барар жеріміз де – сенің алдың», – деді.
286.
 Аллаһ кісіге шамасы жетпейтін міндетті жүктемейді. 
Әркімнің  тапқан  жақсылығы  өзіне  пайда,  істеген 
жамандығы  да  өзіне  зиян.  «Раббымыз!  Егер  ұмытсақ 
не  жаңылсақ  бізді  жауапқа  тартпа!  Раббымыз!  Бізге 
бұрынғыларға жүктегенің сияқты ауыр жүк жүктеме. 
Раббымыз, шамамыз келмейтін нәрселерді мойнымызға 
артпа!  Бізді  кешір,  кемшіліктерімізді  жарылқа,  бізге 
кешіріммен қара. Көмекшіміз де, иеміз де Өзіңсің. Кәпір 
қауымға қарсы бізге Өзің көмектесе гөр!

90
"Фатх" сүресінің 27-29 аяттары
Мағынасы:
Ә‘узу билләһи минаш-шайттанир-ражим.
 Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
27. 
Расында  Аллаһ,  Пайғамбарының  түсін  хақиқат 
бойынша  тура  шығарды.  Аллаһ  қаласа,  аман-есен 
әлбетте  Мәсжід  Харамға  шаштарыңды  алдырып, 
не  қысқартып  бейбіт  кіресіңдер.  Аллаһ  сендердің 
білмеген  нәрселеріңді  білген  еді.  Сондықтан  бұдан 
өзге бір жақын жеңіс нәсіп етті. 
28.
 Ол  Аллаһ,  бүкіл  діндерге  үстем  қылу  үшін 
Пайғамбарын  тура  жол  және  хақ  дінмен  жіберген. 
Бұған куәлік тұрғысынан Аллаһ жетіп асады.
29.
 Мұхаммед  –  Аллаһтың  елшісі.  Оның  жанындағы 
мүміндер кәпірлерге қарсы қатаң, өз араларында тым 

91
мейірімді.  Сен  оларды  рукуғда,  сәждеде,  Аллаһтан 
мәрхамет әрі разылығын тілеп жатқан кейіпте көресің. 
Олардың  жүздерінде  сәжде  ізі,  сәжде  жарығы  бар. 
Бұл  олардың  Тәурат  пен  Інжілдегі  сипаттары.  Бұл 
бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында 
тік  тұрған  егін  сияқты.  Бұл  егіншілерді  қуантып, 
кәпірлерді  ызаландырады.  Аллаһ  олардың  ішінен 
иман келтіріп, ізгі істер істегендерге жарылқау және 
үлкен сый - сыяпатын уәде еткен.   
"Хашыр" сүресінің  22-24 аяттары
Мағынасы:
Ә‘узу билләһи минаш-шайттанир-ражим.
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
22.
 Аллаһ шын тәңір, Одан басқа тәңір жоқ. Көместі де 
көрнеуді де біледі. Ол – рахман және рақым.
23.
 Аллаһ шын тәңір, Одан басқа тәңір жоқ. Ол – Мәлік, 
Құддыс,  Сәләм,  Мүмін,  Мүһаймин,  Ғазиз,  Жәббар, 
Мүтәкаббир.  Аллаһ    мүшріктердің  (серік  қосушы) 
қосқан ортақтарынан пәк және ұлы. Ол Мәлік: әлемнің 
тек  басшысы.  Құддыс:  барлық  кемшіліктерден  пәк 

92
және  ұлы.  Сәләм:  істегендеріне  есендік  беруші. 
Мүмін: Сенім беруші, қорғаушы. Мүһәймин: барлық 
нәрсені  қорғап  қолдаушы  Ғазиз:  Үстем  құдіреттің 
иесі. Жәббар: Жаратылғандарының халін және істерін 
түзелтуші, қалауымен оларды басқарушы.
Мүтәкаббир: Ұлылардың ұлысы. 
24. 
Аллаһ шын тәңір, Хаалиқ (жаратушы), Бәәрии (жоқтан 
бар етуші), Мусаууир (бейнелеуші). Ең көркем есімдер 
Соған тән. Көктердегі және жердегі барлық нәрсе Оны 
дәріптейді. Ол – Ғазиз (өте үстем), Хаким (аса дана).             
"Ғашия" сүресінің 17-26 аяттары
Мағынасы:
Ә‘узу билләһи минаш-шайттанир-ражим.
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
17. 
Ол,  кәпірлер  түйе қайтіп    жаратылған  деп  ойланбай 
ма?
18.
 Аспан қайтіп көтерілген?

93
19.
 Таулар  қалай  жердің  тепе-теңдігін  ұстап  тұрар 
қазықтардай тігілген?
20. 
Жер  беті  қалай  төселіп,  өмір  сүруге  қолайлы 
жаратылған? 
21. 
Міне, осылай.. Сен адамдарға насихаттауды жалғастыр. 
Негізінде сенің міндетің-насихат етіп түсіндіру.
22.
 Сен оларды қинаушы емессің.
23.
 Бірақ әлдекім бет бұрса және қарсы келсе,
24. 
Аллаһ та оларды ауыр жазаға тартады.
25.
 Расында, олардың қайтар жері Біз жақ болады.
26.
 Сөзсіз, олардан есеп алу Бізге тән. 

94
«Раббыларың бұйырады: Маған дұға қылыңдар, жа-
уап берейін»  - «Мүмін» (Ғафыр) сүресі, 40/60.
Дұға – ғибадаттың өзегі мен негізі. (Хадис)
«Дұға»  -  жалбарыну,  шақыру,  әлсіздің  әлдіге  мұң 
шағуы, тілек тілеу деген мағынаны білдіреді. 
Дұға  иесі  өзінің  әлжуаздығы  мен  дәрменсіздігін, 
әлсіздігі  мен  шарасыздығын  ерікті  түрде  мойындап, 
тілеген  тілеуінің  қабыл  болатындығына  шын  көңілімен 
сене  отырып,  қол  жайып  жалбарынады.  Осылайша  адам 
баласы үлкен үміт етіп көңлі қалаған нәрсесіне қол жеткізу 
мен қорыққан нәрсесінен қорғайтын берік қамалды пана 
тұту бақытына ие болады.
Негізі,  дұға  ету  арқылы  біздер  тілегіміздің  орын-
далуынан  бұрын  аса  қамқор  Жаратушымызға  деген 
дұҒалар

95
құрметіміз  бен  сенімімізді  паш  етіп,  Оның  құдіретінің 
шексіз екендігін мойындаймыз.
Адам баласы көңілін күпті еткен ішкі мұң-мұқтажы 
мен  бүкіл  қыжалатын  пендесінің  тілек-дұғаларын  естіп, 
қабыл алушы бір ғана Аллаһ тағаладан сұрап әрі соның 
қойған талабына сай өмір сүруі керек. Аллаһ тағала Құранда 
«Дұға-тілектерің болмаса раббым сендерге қандай қадір-
қасиет берсін?»
26
 деу арқылы адам баласының құл ретінде 
күндіз-түні  ұлы  Иесінен  тілеу  тілеп,  дұға  ету  арқылы 
Аллаһ тағала тарапынан үлкен қадір-құрметке ие болаты-
нын айтқан.  
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
:  «Нағыз  ғибадат 
дегеніміз, ол – дұға»,
27
 - дейді. 
Дұға  жасап,  тілек  тілеудің  басты  шарты  –  шынайы 
ниет  пен  риясыз  көңіл.  Дұға  еткен  кезде  оның  қабыл 
болатындығына  ешқандай  шәк  келтірмеу  керек.  Өйткені 
біз тілеу тілеп отырған Жаратушы – он сегіз мың ғаламның 
Иесі  болғандықтан  Оның  құдіреті  мен  жомарттығында 
шек жоқ. Адам емес көкірегінде жаны бар шыбын-шіркей, 
құрт-құмырсқаны да аш құрсақ қалдырмай ризық-несібесін 
кең-молынан үлестіруші Аллаһ тағала жер бетіндегі күллі 
жаратылыс атаулының ардақтысы адам баласының тілек-
дұғасын  қалайша жерге тастасын?!
 
26
  "Фурқан" сүресі, 77
27
  Әбу Дауд, Тирмизи

96
НамаЗда оқЫлатЫН дұҒалар
Субхәнәкә
Мағынасы: 
«Я,  Аллаһым!  Сені  тәсбих  етіп  (күллі  жаратылыс 
пен  нұқсан  атаулыдан)  пәктеймін.  Саған  «хамд»  айтып, 
мадақтаймын.  Сенің  қасиетті  есімің  аса  мүбәрак.  Және 
де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай 
жоқ».
Әттахият
Мағынасы: 
«Барлық  дұғалар,  мадақтар,  тәндік,  дүниелік 
ғибадаттар Аллаһқа лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. 
Әрі  саған  Аллаһтың  рақымы  мен  берекеті  жаусын! 
(Ей,  Раббымыз!)  Сәлем  бізге  және  Аллаһтың  салиқалы 
құлдарына  болсын.  Мен  Аллаһтан  өзге  ешқандай  құдай 
жоқ  екеніне  және  хазіреті  Мұхаммедтің  Аллаһтың  құлы 
әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін».

97
Аллаһумма салли
Мағынасы: 
Аллаһ  тағалам!  Ибраһимге  және  Ибраһимнің 
жанұясына  салауат  еткенің  сияқты,  Мұхаммедке  және 
Мұхаммедтің жанұясына салауат ет. Расында, Сен - барлық 
жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың Ұлы.
Аллаһумма барик
Мағынасы: 
Аллаһ  тағалам!  Ибраһимге  және  Ибраһимнің 
жанұясына  берекет  бергенің  сияқты,  Мұхаммедке  және 
Мұхаммедтің жанұясына да берекет бер. Расында, Сен - 
барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың Ұлы.
Раббана әтина
Мағынасы: 
Уа,  Раббымыз!  Бізге  бұл  дүниеде  де  жақсылық  бер, 
ақыретте  де  жақсылық  бер  және  бізді  тозақ  азабынан 
сақта! 

98
Құныт дұғалары
Мағынасы: 
«Иә, Аллаһ тағалам! Біз күмәнсіз сенен жәрдем және 
кешірім тілеп, Сенен тура жол сұраймыз. Саған иман етіп, 
күнәларымыз  үшін  Саған  тәубе  етіп,  Саған  сүйенеміз. 
Сені  барлық  жақсылықтармен  мадақтап,  зікір  етеміз. 
Бізге  берген  ырыс-берекеңе  шүкір  етеміз.  Сені  теріске 
шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, 
олармен  мүлдем  байланысымызды  үземіз.  Иә,  Аллаһ 
тағалам! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, Сен үшін на-
маз  оқып,  Саған  сәжде  етеміз.  Саған  лайық  құл  болып, 
ризалығыңды  алу  үшін  жігерленіп,  қайраттанып  алға 
ұмтыламыз.  Рақымдылығыңнан  үміттеніп,  азабыңнан 
қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерге тән».

99
әр тҮрлі дұҒалар
Әмәнту дұғасы
Мағынасы: 
Аллаһқа  және  періштелеріне,  кітаптарына,  пайғам-
барларына,  қиямет  күніне,  тағдырға,  жақсылық  және 
жамандықтың  Аллаһ  тағаладан  екендігіне  және 
өлгеннен  кейін  қайта  тірілудің  хақ  екендігіне  иман 
келтірдім.  Аллаһтан  басқа  құдайдың  жоқтығына  және  
Мұхаммед 
(саллаллаһу  алейһи  уә  сәлләм)
  Оның  құлы  әрі  елшісі 
екендігіне куәлік етемін.
Азан дұғасы
Мағынасы: 
«Иә Аллаһ тағалам! Мына толық азан мен оқылатын 
намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке арқау болуды, ерен 
ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де оны өзің 
уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өзің берген 
уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ».

100
Тәубе намазы дұғасы
Мағынасы: 
Иә,  Аллаһ  тағалам!  Күнәларымнан  Саған  бет  бұрып 
Саған тәубе етемін. Мен енді оған еш қайта бұрылмаймын. 
Иә, Аллаһ тағалам! Сенің кешірімің менің күнәларымнан 
ауқымды және Сенің шексіз мейірімің менім іс әрекетімнің 
жанында өте арыдағы үміт қайнары. (3 рет) 
Тіл - көз тигенге оқылатын дұға
Мағынасы: 
Аллаһтың  есімімен.  Аллаһым,  бұны  ыстығы  мен 
суығынан  және  ауруынан  арылта  гөр.  Артынша  ауруға 
«қум би изниллаһ (Аллаһтың рұқсатымен тұр)» делінеді.
Бала туылғанда оқылатын дұға
Мағынасы: 
Әр түрлі шайтан мен улы жәндіктен, барлық жаман 
көздердің Аллаһтың толық сөздеріне (көркем есімдеріне, 
сипаттарына және Кітабының аяттарына) сыйынамын.

101
Ауруға оқылатын дұға
Мағынасы: 
Я, Аллаһ тағал! Сен бүкіл адамдардың Раббысысың. 
Бұны қайғысынан арылтып шипа бере гөр. Шипа беруші 
Сенсің.  Сенен  басқа  шипа  беретін  жоқ.  Бұған  ешқандай 
ауру бермейтіндей шипа бере гөр!
Дастархан дұғасы
Мағынасы: 
Бізге  жегізген,  ішкізген  және  мұсылман  ретінде 
шарапаттандырған Аллаһқа мақтау болсын.
Аллаһ тағалам! Бұл тағамды бізге берекетті қыл және 
бұдан да жақсысы нәсіп ете гөр. 
Ұйқыдан оянғанда оқылатын дұға
Мағынасы: 
Тәнімді  сауықтырған,  рухымды  қайтарған,  әрі  Өзін 
еске алуға мүмкіндік берген Аллаһ Тағалаға мақтау-мадақ 
болсын. 

102
қолданылған әдебиеттер
1
.  Атъыйя Қабиль Наср, Ғайятуль-Мурид фи илмит-тәжуид, 
Мыср, 
Дар әт-Тәқуа баспасы.
2.  Мухаммад Ахмад Муаббад, аль-Мулаххас аль-Муфид фи 
илмит-тәжуид, "
Дар әс-Сәләм" баспасы, 2007

3.  Абдулла  Жолдас,  Абдуссамад  Махат,  Тәжуид  оқу-
әдістемелік құралы, "
Өнер" баспасы 2002.
4.  Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, Мұхтасар Тәжуид,  
Алматы, 
2009.
5.  Мұғалім Сәни
6.  Халифа  Алтай,  Құран  Кәрім  қазақша  мағынасы  және 
түсінігі, Сауд Арабиясы, 1991 Али Хайдар,
7.  Ғалымбек Мақсұтбекұлы Тобашев, Құран әліппесі  және 
тәжуид қағидалары, Алматы, "Көкжиек" баспасы, 2008.

маЗмұНЫ
Алғы сөз .....................................................................................................3 
Кіріспе ........................................................................................................5
1-бӨлім. араб тілі әліППЕСі
1. Харакаттар мен сукун (дыбыс белгілері) ........................................13
2. Мәдд әріптері ......................................................................................33
3. Һәмзә   ...............................................................................................37
4. Уасл һәмзә ............................................................................................38
5. Тә мәрбута ............................................................................................40
6. Әл артиклі  ......................................................................................41
2-бӨлім. тәжуИд ЕрЕжЕлЕрі
Сукунды нун және тәнуинге қатысты ережелер 
 .............43
Сукунды мим-нің ережелері .................................................................50
Шәддәлы нун   және мим  әріптерінің оқылулары  .....................51
Мутәмәсиләйни  сағир,  мутәжәнисәйни  сағир,  мутәқарибәйни 
сағир .........................................................................................................52
Қалқала әріптері .....................................................................................54
Тәфхим және тәрқиқ  әріптері ...............................................................55
Кейде жуан, кейде жіңішке айтылатын әріптер .................................56
 Мәдд ........................................................................................................61
«Һә» әл-Кинәйә 
 ............................................................................63
Уақф 
 ...............................................................................................71
Сәжде аяттары ........................................................................................73
Сәкта
 
 ...........................................................................................76
Имәлә
 
 ...........................................................................................77
қЫСқа СҮрЕлЕр,  аЯттар мЕН дұҒалар
Қысқа сүрелер .........................................................................................78
Аяттар ......................................................................................................88
Дұғалар ....................................................................................................94
Намазда оқылатын дұғалар ...................................................................96
Әр түрлі дұғалар .....................................................................................99
Қолданылған әдебиеттер .....................................................................102

 
        Редакторы:  Құдайберді Бағашар 
 Көркемдеуші дизайнер:  Бекболат Алтынбекұлы
Қ ұ р а н
оқып-үйренейік!
Еркебұлан ЫбрайЫмұлЫ
Нұрлан СайлауұлЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет