Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
170

3. Франция 
 
ҮШІНШІ РЕСПУБЛИКА 
Версальдық бейбіт келісім (1919 жыл) бойынша Францияға 
Эльзас  пен  Лотарингия  қайтарылды,  германдық  колониялар-
дың бірқатары жəне германдық репарацияларға құқық берілді. 
Мемлекеттің  экономикасы  ерекше  қарқынмен  дамыды. 1930 
жылы  ауылшаруашылық  өндірістің  үлесі 40 %-ті  құрады. 
Тресттер  мен  ірі  корпорациялардың  да  айрықша  дамуы  бай-
қалды.  Алайда,  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Францияны  несие 
беруші-мемлекеттен 
борышкер-мемлекетке 
айналдырып 
жіберді. 
Кеңестік  Ресей 1917 жылдан  бастап  француз  банктерінен 
алған  заемын  қайтарудан  бас  тартты,  себебі,  заемдарды  пат-
шалық  үкімет  алған  болатын  (яғни,  барлығына  патша  қарыз). 
Соғыс уақытында Франция 4 миллиард АҚШ долларына дейін 
қарыз болды.  
1920  жылы  социалистік  партия  коммунистер  мен  соци-
алистерге  бөлінді.  Алайда,  елдегі  күрделі  ішкі  саяси  жағдайға 
қарамастан, 1875 жылғы конституция өз күшін сақтап қалды.  
1919  жылы  жартылай  пропорционалдық  сайлау  жүйесі 
енгізілді. 1919 жылғы  сайлау  заңы  сайлаудың  мажоритарлық 
жəне  пропорционалдық  жүйелерінің  үйлесуін  көздеді.  Əрбір 
департамент 75 мың  тұрғынның  арасынан  бір  депутатты 
таңдайтын, депутаттардың саны департаменттегі халық санына 
байланысты болды. Абсолюттік көп дауысты иеленген үміткер 
сайланды деп есептелді. Егер мандаттардың барлығы жоғарыда 
аталған  ережелер  бойынша  бөлінбеген  болса,  сайлаудың  про-
порционалдық  жүйесі  қолданылатын.  Бұл  жағдайда  департа-
менттегі  дауыс  берушілердің  саны  мандаттардың  жалпы 
санына бөлінетін, ал үміткер үшін бір тізімнен берілген дауыс-
тардың  жалпы  саны  онда  аталған  үміткерлердің  санына 
бөлінетін.  
1927 жылы консервативтік саясатты ұстанған Р.Пуанкеренің 
үкіметі  мажоритарлық  жүйені  (абсолюттік  көпшілік  жүйесі) 
қалпына  келтірілді. 1927 жылғы  заңға  сəйкес  Франция  мен 
оның  теңіздің  ар  жағындағы  иеліктері 612 сайлау  округіне 
бөлінді,  олардың  тоғызы  Алжирде,  оны  қалған  колонияларда 
 
171

болды;  сол  жерлерде  тұратын  француздар  ғана  дауыс  беретін, 
колониялардың тұрғылықты халқы сайлау құқығын иеленбеді.  
30-жылдары  үкіметтің  билігінің  күшеюі  байқалды.  Парла-
мент, тіпті, əр бір жыл сайын үкіметке төтенше өкілеттіктерді 
беріп отырды. Енді үкімет заңдарды парламенттің келісімінсіз 
əкімшілік тəртіпте ұсынатын болды.  
Мысалы, 1939 жылы (қыркүйекте) үкімет Германияға соғыс 
жариялады, алайда, 1875 жылғы 19-шілдедегі Конституциялық 
заңға  сəйкес  соғысты  жариялау  тек  екі  палатаның  келісімімен 
ғана жүзеге асырылуы тиіс болатын.  
1940  жылғы  мамырда  неміс-фашистік  əскер  француздарды 
ойсырата  жеңді.  Француз  үкіметі  əскери  қимылдарды  тоқта-
туға шешім қабылдады. Германия елді екі бөлікке бөлді: Фран-
цияның  шығысы,  солтүстік-шығысы,  солтүстігі  жəне  атлан-
тикалық  жағалауы  оккупацияланды.  Екінші  бөлікте:  оңтүстік-
шығыста  жəне  оңтүстікте  Германия  Виши  (Виши  қаласының 
атауы  бойынша)  үкіметін  сақтап  қалды,  алайда, 1942 жылғы 
қарашада бұл облыстар да басып алынды.  
 
ТӨРТІНШІ РЕСПУБЛИКА 
Француз  қарсылығының  қозғалысын  генерал  Ш.де  Голль 
басқарды.  Англияда  тұрғанда  Ш.  де  Голль 1940 жылы  “Еркін 
Франция” (1942 жылдан  бастап  “Айқасушы  Франция”)  қоз-
ғалысының  негізін  қалады.  Көп  ұзамай  Голль  ағылшын 
үкіметімен  “барлық  еркін  француздардың  басшысы”  ретінде 
танылды. 1943 жылғы  жазда  біртұтас  Ұлт-азаттық  француз 
комитеті  құрылды,  кейінірек  ол  да  Голльдың  басшылығымен 
Францияның уақытша үкіметі болып қайта құрылды.  
1944  жылғы  жазда  ағылшын-американдық  əскерлер  Фран-
ция  жеріне  аяқ  басты  (екінші  фронт). 1944 жылдың  соңында 
Франция жалпы алғанда босатылды.  
1945  жылы  Францияның  уақытша  үкіметі  жаңа  Консти-
туция  қабылдау  үшін  Құрылтай  жиналысына  сайлау  өткізу 
жəне  сонымен  бірге  референдум  өткізу  туралы  шешім 
қабылдады.  Сайлаушыларға  келесі  екі  сұраққа  жауап  беру 
ұсынылды: 
 
172

1) олар жаңа Конституция қабылданғанын қалай ма немесе 
1875  жылғы  конституциялық  заңның  күшінде  қалғанын  қалай 
ма; 
2) Құрылтай жиналысы қабылдаған Конституцияның жоба-
сы референдуммен бекітілуі тиіс пе. 
Референдумның  барысында  дауыс  берушілердің 96,4 %-і 
жаңа  конституцияны  қабылдау  үшін  дауыс  берді, 66,3 %-і 
Конституцияны халықтық дауыс берумен бекітуге дауыс берді. 
Құрылтай  жиналысына  сайлау  бойынша  дауыстардың  басым 
көпшілігін  коммунистік  партия,  екінші  орынды  социалистік 
партия,  үшінші  орынды 1944 жылы  құрылған  Халықтық-
республикалық  қозғалыс  иеленді. 1946 жылғы  сəуір  айында 
Құрылтай жиналысы конституцияның жобасын жасап аяқтады. 
Бұл  жоба  бойынша  жалғызпалаталық  парламент  енгізу, 
президентті  вето  құқығынан,  парламентті  таратып  жіберу  құ-
қығынан,  кешірім  жасау  құқығынан  айыру  жəне  де  өнеркə-
сіптің  жекелеген  түрлерін  ұлттандыру  бекітілді.  Бұл  жоба 
референдумның барысында қайтарылып жіберілді. 
Референдумның нəтижесінде Құрылтай жиналысының жаңа 
құрамын  сайлау  қажеттілігі  туындады.  Алайда,  бұл  жолы  көп 
дауысты  Халықтық-республикалық  қозғалыс  жинады,  сонан 
соң коммунистер, олардан кейін социалистер тұрды. 
Конституцияның жаңа жобасы 1946 жылғы қазандағы рефе-
рендумда  бекітілді.  Преамбулада 1789 жылғы  Адам  жəне  аза-
мат  құқықтары  туралы  декларацияда  жарияланған  азаматтың 
құқықтары  мен  бостандықтары  салтанатты  түрде  бекітілді. 
Сонымен қатар, қосымша саяси құқықтар да енгізілді. Респуб-
лика  жаулап  алушылық  соғыстарды  жүргізбеуге  міндеттенді. 
Конституция парламанттік республиканы құруды көздеді. 
Парламент  екі  палатадан  тұрды:  Ұлттық  жиналыс  жəне 
Республикалық кеңес. Ұлттық жиналыс жалпыға ортақ, тікелей 
сайлау  құқығының  негізінде 5 жылға  сайланатын  болды,  тек 
Ұлттық  жиналыс  қана  заң  шығару  құқығын  иеленген  болаты. 
Республикалық  кеңесті  жалпыға  ортақ  жəне  жанама  сайлау 
құқығының негізінде коммуналар мен департаменттер сайлайтын. 
Республика  президентін  парламент 7 жылға  сайлайтын, 
жəне ол келесі мерзімге қайтадан сайлана алатын. Мемлекетті 
тікелей  басқаруды  Министрлер  кеңесі  жүзеге  асыратын,  бұл 
 
173

органды  төраға  басқаратын.  Төрағаны  президент  парламент 
фракцияларының лидерлерімен кеңесе отырып тағайындайтын. 
Министрлер  кеңесінің  төрағасы  Ұлттық  жиналысқа  өз 
бағдарламысын ұсынатын жəне егер сенім вотумын алса, ол өзі 
жəне  оның  кабинеті  тағайындалды  деп  есептелінетін. 1946 
жылғы  конституция  Министрлер  кеңесіне  (үкіметке)  Ұлттық 
жиналыстың алдында ұжымдық жауапкершілікті көздеді. 
Жергілікті басқару мен үкіметтік бақылау өзгерген жоқ. 
Конституцияның  VІІІ  тарауы  Француздық  одаққа  (Ұлттар-
дың  британдық  одағына  ұқсас)  арналды.  Барлық  колониялар-
дың  метрополиймен  теңдігі  жарияланды,  олар  біріге  отырып 
Француздық  одақты  құрады.  Одақ  үшін  маңызды  мəселелер 
Француздық  одақтың  жаңадан  құрылған  Ассамблеясында  қа-
растырылуы тиіс болды. 
Жалпы  алғанда 1946 жылғы  конституция  ХІХ  ғасырдағы 
республикалық  конституциялардың  мазмұнын  сақтап  қалды, 
алайда  оған  демократиялық  қозғалыстың  көтерілуімен  байла-
нысты арнайы сипаттар тəн болды: 
1)  парламенттің  екі  палаталық  жүйесі  сақталып  қалды, 
алайда  жоғарғы  палатаның  (Республикалық  кеңес)  құқықтары 
шектелді; 
2)  заң  қабылдау  құқығы  тек  бір  палатаға — Ұлттық  жина-
лысқа берілді; 
3)  парламенттен  тəуелсіз  жəне  қуатты  президенттік  билік 
көзделмеді; 
4) Ұлттық жиналысқа тəуелді үкімет режимі енгізілді. 
 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР 
1948  жылы  Республикалық  кеңеске  сайлаудың  мажо-
ритарлық  жүйесі  енгізілді, кейін  бұл  жүйе  Ұлттық жиналысқа 
сайлауда  да  қолданылатын  болды. 1951 жылғы 8 мамырдағы 
заңға  сəйкес  партия  немесе  партиялар  блогы  егер  сайлау-
шылардың  даусының 50 %— ін  алған  болса  сол  округтағы 
мандаттардың  барлығын  иеленетін.  Егер  бұл  жүйе  бір  де  бір 
партияға дауыстардың қажетті санын алуға мүмкіндік бермесе, 
сайлаудың пропорционалдық жүйесі қолданылатын. 
Республикалық  кеңестің  мəртебесі  өзгерді. 1954 жылғы 7 
желтоқсандағы  заңмен  екі  палатада  заң  шығару  саласында 
 
174

теңестірілді.  Кеңес  өз  құқықтары  бойынша  соғысқа  дейінгі 
Сенатқа  ұқсады.  Аталған  заңмен  Ұлттық  жиналыстың  қызмет 
ету  уақыттары  анықталды.  Бұған  дейін  Ұлттық  жиналыс 
тұрақты  қызмет  ететін  құрылым  болып  табылған.  Осының 
нəтижесінде үкіметтің билігі күшейді. 
 
БЕСІНШІ РЕСПУБЛИКА 
Төртінші  республиканың  конституциялық  режимінің  құ-
лауының (1946 жылғы  Конституцияны  жою  арқылы)  тікелей 
себебі  болып  Алжирдегі  жағдайлар  табылды.  Онда 1958 
жылдың  сəуір-мамыр  айларында  ұлт-азаттық  көтерілісті  басу-
ды  талап  еткен  оңшыл  күштер  (оның  ішінде — құпия  əскери 
ұйым)  күшейе  түсті.  Оларды  колония  əскерлерінің  бірқатар 
əскери  бөлімдері  жақтады. “Француздық  Алжир”  ұранын 
басшылыққа алған ашық əскери қимылдар басталды. Алжирде 
де,  Францияда  да  азаматтық  соғыстың  басталу  қаупы  туды. 
Парламенттегі оң жəне орталық партиялар мемлекеттік билікті 
төтенше  өкілеттіктермен  бірге  елде  де,  əскерде  де  үлкен 
беделге  ие  қайраткер  ретінде  танылған  генерал  де  Голльға 
беруді талап етті. 
Жаңа  Конституцияның  жобасы  жасалды.  Оның  негізін  де 
Голльдің  қазіргі  кездегі  француз  мемлекетіне  қатысты  идея-
лары  құрады. 1958 жылғы  Конституцияны  қабылдау  Бесінші 
республиканың (қазіргі кезде де бар) пайда болуын білдірді. 
Конституцияға  сəйкес  президентке  атқарушы  биліктің 
басшысы  ретінде  көптеген  өкілеттіктер  берілді.  Президент 
мынадай құқықтарды иеленді: премьер-министрді тағайындау, 
ал  оның  келісімімен  министрлерді  тағайындау;  заң  шығару 
ынтасын  білдіру;  мемлекетте  төтенше  жағдайды  жариялау 
жəне парламенттің төтенше сессияларын шақыру; референдум-
ға кезкелген заң жобасын ұсыну жəне т.б.  
Үкіметтегі  екінші  тұлға  болып  Премьер-министр  табылды, 
ол үкіметке басшылық жасады.  
Республиканың  парламенті  екі  палатадан  тұрды:  Ұлттық 
жиналыс жəне Сенат. Ұлттық жиналыс тікелей дауыс беру ар-
қылы, ал Сенат жанама дауыс беру арқылы сайланатын болды.  
Конституцияның  негізінде  құрылған  жаңа  орган  болып 
Конституциялық  кеңес  (конституциялық  бақылау  органы) 
 
175

табылды. Оның құрамына 9 жылдық өкілеттік мерзімін иелен-
ген 9 мүше кірді. Оларды палаталар төрағалары мен президент 
теңдей тағайындайтын. Францияның барлық экс-президенттері 
оның өмір бойлық мүшелері болып табылды. Конституциялық 
кеңес  президентті,  депутаттар  мен  сенаторларды  сайлаудың 
дұрыстығын, референдумдардың жүргізілуін тексеретін, соны-
мен  қатар,  парламенттің  қабылдаған  нормативтік  актілердің 
конституцияға сəйкестігі мəселесін шешетін. Атқарушы билік-
тің  нормативтік  актілеріне  (қаулыларына)  бақылауды  Мемле-
кеттік кеңес (бұл да осы Конституцияның негізінде құрылған) 
жүзеге асыратын.  
Сонымен, 1958 жылғы  Конституция  Францияда  күшті 
президенттік  республиканы  орнатты.  Бесінші  республиканың 
режимі 1969 жылы де Голль отставкаға кеткен соң да сақталып 
қалды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
176

4. Германия 
 
ИМПЕРИЯНЫҢ ҚҰЛАУЫ ЖƏНЕ ВЕЙМАР 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ 
Соғыстағы  сəтсіздіктер  жəне  Ресейдегі  революция  Гер-
манияда  революциялық  жағдайдың  орнауына  əкеліп  соқты. 
1918  жылдың  қараша  айында  Кил  қаласында  əскери  моряк-
тардың  көтерілісі  орын  алды.  Көтерілісшілерге  Германияның 
ірі қалалары — Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен — бірікті. 
Жұмысшылар  мен  солдат  депутаттарының  кеңесі  билікті  өз 
қолдарына алды. 1918 жылғы 9 қарашада революция Берлинде 
жеңіске жетті. 
Кайзер (император) Вильгельм Голландияға қашып, Герман 
империясы  құлады.  Еңбекші  депутаттардың  Берлиндық  кеңе-
сінің  келісімін  алып,  Уақытша  социал-демократиялық  үкімет 
Құрылтай  жиналысына  сайлау  туралы  жариялады.  Алайда, 
демократиялық  көзқарастарды  ұстанған  социал-демократтар 
халықтың қанын төгуден тайынбады: 1919 жылғы 15 қаңтарда 
Берлин  демонстрациясы  таратылып,  Мюнхендегі  Бавар  кеңес-
тік мемлекеті де басылып тасталды (1919 жылғы наурыз).  
1919  жылғы  қаңтарда  Құрылтай  жиналысына  өткен  сай-
лауда буржуазиялық партиялар социал-демократиялық партия-
ларға  қарағанда  көп  дауысты  иеленді.  Жиналыс  Веймар 
қаласында  өтті.  Президент  ретінде 1905 жылдын  бері  социал-
демократиялық партияның басқарма мүшесі, 1916 жылдан бері 
социал-демократиялық партия мен рейхстагтың басшысы Макс 
Эберт сайланды.  
Үш  партияның  коалициясы  (социал-демократиялық,  демо-
кратиялық  жəне  орталық  партиясы)  социал-демократ  Ф.Шей-
деман  басшылық еткен  Германия үкіметін құрады. Бұл үкімет 
Версальдық бейбіт келісімге қол қою мəселесін тездетті, бюд-
жетті  бекітіп,  жаңа  конституция — Веймар  конституциясын 
қабылдады. Оның авторы болып ішкі істер министрі, либерал-
дық  бағытты  ұстанған  заңгер  Гуго  Прейс  болды. 1919 жылғы 
конституция  (Веймар  конституциясы)  Германияны  президент 
басшылық  ететін  буржуазиялық-демократиялық  мемлекетке 
айналдырды.  
 
177

Парламент  екі  палатадан  тұрды:  рейхстаг  (төменгі  палата) 
жəне  рейсрат  (империялық  кеңес).  Рейсрат 18 жердің  өкілде-
рінен  тұрды.  Рейхстаг  пропорционалдық  жүйе  бойынша 4 
жылғы  сайланатын.  Германия 30 сайлау  округтарына  бөлінді. 
Сайлауға  қатысатын  əр  партия  өз  депутаттарының  тізімін  ен-
гізді.  Депутаттық  орындар  дауыс  санына  қарай  бөлінді:  көп 
дауыс болса көп орын берілді.  
Барлық  маңызды  мəселелер — сыртқы  байланыстар,  əскер 
мен флот, салық жəне қаржы жүйесі, байланыс пен көлік жəне 
т.б. орталықта шешілетін. Германияның федерациялығы қатаң 
түрде сақталды.  
Германиядағы президенттік билік монархиялық билікке ұқ-
сады.  Президент  парламент  палаталарында  шешуін  таппаған 
мəселелерді  де  шешетін.  Президент  үкіметтің  басшысын — 
рес-публика канцлерін тағайындайтын.  
Конституцияның 165 бабы  кəсіпорындар  мен  округтарда 
жұмысшылар кеңестерін құруды көздеді.  
Жалпы  алғанда,  Веймар  конституциясы  буржуазиялық-
демократиялық  сипатты  иеленді.  Сөз,  партия,  басылым,  еңбек 
бостандықтары танылды. 8-сағаттық жұмыс уақыты заңдасты-
рылып,  жұмысшылардың  ұжымдық  шарттарды  бекітуге 
құқығы, əйелдердің  сайлау  құқығы  танылды. Жұмыссыздыққа 
байланысты  заңнамалық  жəрдемақылар  мен  басқа  да  демо-
кратиялық құндылықтар енгізілді. 
 
ГИТЛЕРЛІК ГЕРМАНИЯ 
1929 жылы дүниежүзілік экономикалық тоқырау орын алды, 
бұл Германияның ішкі саяси жағдайын шиеліністіре түсті. 1930 
жылғы  сайлауда  Коммунистік  партия 4,5 миллион  дауысты 
иеленді.  Жаңа  жұмысшы  революциясынан  қауіптенген  ірі 
өнеркəсіп  мен  қаржы  иелері  өз  үміттері  мен  мүдделерін  Адо-
льф  Гитлердің  фашистік  партиясымен  байланыстыра  бастады. 
Партия 1919 жылы  құрылды  жəне  Германияның  ұлттық-со-
циалистік жұмысшылар партиясы деп аталды. Партияның əле-
уметтік базасын ұсақ буржуазиялық жəне таптан тыс элемент-
тер (қылмыскерлер), шаруалар, жұмысшылар құрады. Партия-
ның бағдарламасы “жаңа неміс рейхын” құруды көздеді.  
 
178

Фашистік  диктатураның  орнау  мүмкіндігіне  көзі  жеткен 
коммунистер социал-демократтармен бірлесуді шешті, алайда, 
соңғылары  егер  фашистер  билікке  заңды  жолмен  (рейхстагқа 
сайлау  арқылы)  келетін  болса,  олармен  бірігуден  бас  тар-
татынын білдірді.  
1932 жылғы шілдеде ұлтшылдар (нацистер) 13 миллион, сол 
жылдың  қарашасында 11 миллион  дауысты  иеленді.  Қараша-
дағы  сайлаудың  нəтижелері  Германияның  монополистік  топ-
тарын  үркітті. 1933 жылы  Гитлер  канцлер  Ф.фон  Папенмен 
келісімге  келді.  Германияның  президенті  П.фон  Гинденбург 
айналасындағылар мен əскерилердің мəжбүрлеуінің нəтижесін-
де А.Гитлерді рейхканцлер (империялық канцлер) лауазымына 
шақырды.  Бұл  жағдай 1933 жылғы 30 қарашада  орын  алды 
жəне Германиядағы фашистік режимнің басы болып табылды.  
Германияда  фашистік  диктатураның  орнауына  төрт  жағдай 
əсер етті: 
1)  ірі  өндірістік  жəне  қаржылық  буржуазия  тоқыраудан 
шығудың жалғыз жолы ретінде диктатураға үміт артты; 
2)  ұсақ  буржуазия  мен  шаруалар  ұлтшылдардың  бақытты 
өмір туралы уəделеріне сенді; 
3)  Германияның  жұмысшы  табы  өз  ішінде  ыдыраудың 
нəтижесінде  əлсізденді,  сол  себепті,  коммунистер  фашистер-
мен жалғыз өздері күресуге дайын болмады; 
4) елде күшті экономикалық тоқырау орын алды, одан шығу 
үшін мықты билік қажет болды. 
Экономикадағы  тоқырау  мен  келеңсіздіктер  уақытында 
əлеуметтік  проблемалардан  шаршаған  халық  қатаң  басшылық 
пен  тəртіпті  талап  етеді,  себебі,  əдетте  экономикалық  тоқы-
раудан  шығудың  екі  жолы  болады:  күшті  мемлекеттік,  тіпті, 
авторитарлық билік; анархия (заңсыздық заңы). 
 
ФАШИСТІК ГЕРМАНИЯНЫҢ САЯСИ РЕЖИМІ  
ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ 
Фашистер  билікке  келген  соң,  ең  алдымен,  буржуазиялық-
демократиялық  бостандықтарды  жоя  бастады. 1933 жылғы 
ақпанда сөз, басылым, жиналыс бостандықтарын жойған “Гер-
ман халқы мен мемлекетін қорғау туралы” декрет қабылданды. 
Сол  айда  полицияға  шексіз  өкілеттіктерді  берген  “Герман 
 
179

халқын  қорғау  туралы”  декрет  қабылданды. 1933 жылғы 23 
наурыздағы  заңмен  рейхстагтағы  депутат-коммунистер  ман-
даттарынан  айырылып,  қамауға  алынды,  коммунистік  партия 
мен оның  баспа құралдары жабылып, оларға  тыйым салынды. 
Басқа  барлық  партиялардың  қызметіне  де  тыйым  салынды. 
Кəсіподақтар  таратылып,  мəжбүрлі  мүшелікпен  байланысты 
өздерінің кəсіподақтары құрылды.  
Елде  жалғыз  партиялық  əскерилендірілген  саяси  жүйе 
орнады.  Үкімет  партияның  бақылауына  өтті.  Партияда  өзінің 
штурмдық отрядтары (СА), қорғау отрядтары (СС) жəне əскери 
құрылымдары  болды,  бұлар  кейінірек  фашистік  Германияның 
қарулы  күштеріне  (вермахт)  айналды.  Ұлтшылдар  партиясы-
ның  мүшелерінің  қылмыстарын  соттардың  жалпы  жүйесінен 
бөлек, партиялық соттарда қарастырылды.  
1933  жылғы 24 наурыздағы  заң  империялық  үкіметке 
парламентті айналып өтіп, актілер қабылдауға рұқсат етті. 1934 
жылғы  тамыздағы  заңмен  президенттің  лауазымы  жойылды. 
Барлық  билік  фюрерге  берілді,  ол  үкіметтің  басшысы  болып 
қалды.  Фюрердің  лауазымы  өмір  бойлық  сипатты  иеленді, 
жəне ол өз мирасқорын тағайындай алатын.  
Рейхстаг  көрсетілімдік  демонстрациялар  үшін  сақталып 
қалды.  Жердік  əкімшілік  бөлініс  облыстық  бөлініске  ауысты-
рылды.  Облыстарды  орталықтан  тағайындалған  шенеуніктер 
басқарды.  
Экономиканы  басқару  ірі  монополиялардың  көмегімен  ор-
талықтандырылған сипатты иеленді. 1934 жылғы 27 ақпандағы 
заңмен  шаруашылық  палаталар — жалпы  империялық  жəне 
провинциялық  палаталар  құрылды.  Бұл  палаталарды  ірі 
монополистер басқарды. Экономиканы картельдеу (кəсіпорын-
дарды  күшейту)  процесі  осы  шаруашылық  палаталардың 
көмегімен  жүзеге  асырылды.  Бірқатар  ұсақ  кəсіпорындар 
таратылды.  
1938  жылы  жалпыға  ортақ  еңбек  міндеттілігі  (əкімшілік 
тəртіптегі қоғамдық жұмыстар) енгізілді.  
“Жаңа  үшінші  рейхты”  құру  үшін  ұлтшылдарға  (олардың 
көзқарасы бойынша) бүкілəлемді жаулап алушылық қимылдар 
қажет  болды. 1939 жылғы 1 қыркүйекте  Германия  Польшаға 
басып кірді, сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 1945 
 
180

жылы  КСРО  жəне  одақтас-мемлекеттер  АҚШ  пен  Ұлыбрита-
ния фашистік Германияны жеңді.  
Германия 4 оккупациялық  аймаққа  бөлінді.  Аймақтардың 
қолбасшылары Одақтық бақылау кеңесін құрады. 1945 жылғы 
жазда (17 шілде — 2 тамыз)  Потсдамда,  Берлиннің  жанында, 
келесі  үш  одақтас-мемлекеттердің  конференциясы  өтті:  КСРО 
(И.В.Сталин),  АҚШ  (Г.Трумэн)  жəне  Ұлыбритания  (У.Чер-
чилль, 27 шілдеден  бастап  К.Эттли).  Бұл  конферецияда  мы-
надай  шешімдер  қабылданды:  германдық  əскер  мен  флотты 
тарату, əскери қылмыскерлерді сотқа тарту, демократиялық ин-
ституттарды қалпына келтіру.  
1946  жылғы  қарашада  оккупацияның  батыс  аймағында 
(ағылшын-американдық)  жеке  басқару  құрылды.  Осының  нə-
тижесінде  Германия  екі  аймаққа  бөлінді,  олар  кейін  батыста 
Герман  федеративтік  республикасына,  шығыста  Герман  демо-
кратиялық республикасына айналды.  
 
ГЕРМАН ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ҚҰРЫЛУЫ 
1949  жылы  оккупацияның  үш  батыс  аймақтары  біртұтас 
мемлекетке — Герман  федеративтік  республикасына  бірікті, 
оккупациялық  билік  жаңа  Конституцияны  бекітті  (Бонн  қала-
сының  атауы  бойынша  Бонн  конституциясы). Жалпы  алғанда, 
Бонн  конституциясы  Веймар  конституциясына  ұқсас  болып 
келді.  Оған  сəйкес,  Герман  федеративтік  республикасы  феде-
рализмнің негізіндегі 10 аймаққа бөлінді, яғни, олар бір-бірінен 
тəуелсіз  болды  жəне  олардың  тəуелсіз  бюджеттері  болды.  Əр 
аймақтың  үкіметі  өз  өкілдерін  жоғарғы  палатаға — бундес-
тагқа  (Одақтық  Кеңес)  тағайындады,  төменгі  палатаны  (Бун-
дестаг)  халық  сайлады.  Конституцияны  өзгерту,  аумақты 
өзгерті, қаржы мəселелеріне байланысты бундесрат абсолюттік 
вето құқығын иеленді.  
Мемлекет басшысы ретінде 5 жылғы сайланатын президент 
жарияланды.  Ол  канцлер  (үкімет  басшысы)  лауазымына 
үміткерді ұсынды, канцлер болып əрқашанда сайлауда жеңіске 
жеткен парияның лидері тағайындалатын.  
Федералдық  Конституциялық  сот  бірқатар  маңызды 
функцияларды иеленді: Конституцияға ресми түсіндірме беру, 
 
181

парламенттің  құқықтық  актілерінің  конституцияға  сəйкестігін 
тексеру жəне т.б. Конституциялқ соттың судьялары өмір бойға 
тағайындалатын.  Елдегі  ең  қуатты  партиялар  болып  мыналар 
табылды:  Христиан-демократиялық  партия,  Социал-демокра-
тиялық партия, Еркін демократтар партиясы.  
 
ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ 
Шығыс  Германияға  біраз  уақыт  бойы  Кеңестік  əскери 
əкімшілік  басшылық  жасады.  Көп  ұзамай,  мемлекетті  басқа-
руға  Германияның  социалистік  біртұтас  партиясы  (ГСБП) 
тартылды. 1946 жылғы  қыркүйек-қазанда  Шығыс  германияда 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына (ландтагтар) сайлаулар 
өтті . ГСБП  сайлауда  жеңіске  жетті. 1948 жылғы  наурызда 
Халықтық Кеңес бұл партияға болашақ Герман демократиялық 
республикасының конституциясын жасауға тапсырма берді.  
1948 жылғы 7-қазанда Халықтық Кеңес Герман демократия-
лық  республикасының  құрылғандығы  жөнінде  жариялады 
жəне  өзін  ГДР-дің  уақытша  халықтық  палатасы  ретінде  қайта 
құрды. 
ГДР-дің заңшығару органдарына сайлау 1949 жылы өтті. 
1952 жылы ГСБП конференциясы социализмді құру туралы 
шешім  қабылдады. 1968 жылы  ГДР-дің  жаңа  конституциясы 
елдің социалистік даму бағытын ұстанғанын бекітті. 
Соған  қарамастан,  ГФР  ГДР-ге  қарағанда  экономикасы, 
əлеуметтік  жəне  демократиялық  құрылымдары  бойынша  алда 
болды (ГДР-дің социалистік елдердің арасында  дамуы бойын-
ша ең алда деп саналатынына қарамастан). 
Германияның  біріктіруге  талпыныстар  арагідік  орын  алып 
тұрды,  алайда 1990 жылға  қарай  мұндай  əрекеттер  күшейе 
түсті. Нəтижесінде, КСРО ГДР-ден өз əскерлерін шығарды да, 
екі Германия қан төгусіз бірікті. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет