Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 
 
 
 
 
 
 
182

5. Ұлыбритания 
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖƏНЕ САЯСИ ДАМУДЫҢ  
НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ 
Британия  версальдық  бейбіт  келісім  бойынша  (бірінші 
дүниежүзілік  соғысты  аяқтаған)  жеңіскер — державалардың 
катарына жатты. Алайда, соғыс оның қаржылық-экономикалық 
жағдайын  əлсіретті,  тек  əскери  өндіріс  қана  күшейе  түсті. 
Жұмысшылардың  қозғалысы  белсенденіп,  тред-юниондардың 
(кəсіподақтардың)  саны  екі  есеге  дейін  өсті.  Осымен  қатар, 
өнеркəсіптің  монополизациялануы  күшейе  түсті. 1916 жылы 
монополистердің  ірі  бірлестігі — Британдық  өнеркəсіп  фе-
дерациясы  құрылды,  оның  басты  мақсаттарының  бірі  болып 
үкіметті  жəне  мемлекеттік  аппаратты  монополистік  капитал-
дың мүдделеріне бағындыру табылды.  
1918 жылғы 8-желтоқсандығы сайлауда консерваторлар мен 
либералдар  лейбористердің  (жұмысшылар  партиясы)  біртұтас 
блогын  құрады  жəне  парламентке  өздерінің 60 депутатын 
өткізді. Билік басында жүз жылдай тұрған либералдық партия 
құлдырау  жағдайында  болды.  Либералдардың  жартысы 
консерваторларға,  жартысы  лейбористерге  өтіп  кетті.  Негізгі 
партия ретінде либералдардың орнына лейбористер келді. 1924 
жылы  лейбористардың  лидері  Р.Макдональд  алғашқы  лейбо-
ристік  үкіметті  құрды. 1924 жылы  екінші  лейбористік  үкімет 
құрылды.  
Сонымен,  Ұлыбританияда  екіпартиялық  жүйе  бекітілді: 
1923  жылға  дейін — консерваторлар  мен  либералдар, 1923 
жылдан бастап — консерваторлар мен лейбористер. 
Партиялық  жүйедегі  өзгерістермен  қатар  сайлау  жүйесінде 
де  демократиялық  өзгерістер  орын  алды.  Алғашқы  сайлау 
реформасы 1918-1919 жылдары жүргізілді. Бұл заңға сəйкес 21 
жасқа  толған  жəне  белгілі  бір  жерде  алты  ай  тұрақты  тұрған 
еркек  жынысты  тұлғалардың  барлығы  дауыс  беру  құқығын 
иеленді.  Əйелдер,  егер 30 жасқа  толған  болса  жəне 5 фунт 
стерлингтен  кем  емес  табыс  əкелетін  жылжымайтын  мүлкі 
болса  немесе  осы  талаптарға  жауап  беретін  тұлғамен  некеде 
болса ғана дауыс бере алатын. 1928-1929 жылдардағы реформа 
 
183

бойынша  əйелдерге  ер  адамдармен  теңдей  сайлау  құқығы 
берілді. 
1969 жылы лейбористік үкімет халықтық өкілдік туралы акт 
қабылдады, оған сəйкес жастық ценз 21 жастан 18 жасқа дейін 
төмендетілді. 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдары  үкіметтің  функция-
лары анағұрлым кеңейтілді. 1914 жылы Хабеас корпус актінің 
күші  жойылды  жəне  Мемлекетті  қорғау  туралы  акт  қабыл-
данды,  оған  сəйкес  соғыс  уақытындағы  барлық  билік  толы-
ғымен үкіметке берілді. Соғыстан кейін бұл актінің күші жой-
ылды.  Алайда, 1920 жылы  уақытша  емес,  тұрақты  сипатты 
иеленген  Төтенше  өкілеттіктер  туралы  заң  қабылданды.  Бұл 
заңға  сəйкес  үкімет  қоғамдық  қауіпсіздікке  немесе  қоғамның 
қалыпты өмір сүруіне қандай да бір саяси күш қауіп төндіреді 
деп  тапса  патшаның  атынан  төтенше  жағдайды  енгізу  туралы 
жарлық  шығару  жəне  ереуілдерге  тыйым  салу  құқығын 
иеленді. 
1939  жылы  парламент  үкіметтің  мемлекеттік  қауіпсіздікті 
жəне  қоғамдық  тəртіпті  қамтамасыз  ету  саласындағы  төтенше 
өкілеттіктері  туралы  акт  қабылдады. 1949 жылы  лейбористік 
үкімет  лордтар  палатасына  қатысты  парламенттік  реформаны 
жүзеге асырды. 
1911 жылғы парламент туралы актіге өзгерту енгізу туралы 
заң 1949 жылғы  заң  лордтар  палатасының  қаржылық  емес 
билльдерге  қатысты  вето  құқығын 1 жылға  дейін  қысқартты. 
Алайда,  жоғарғы  палата  қазіргі  кезде  де  төменгі  палатаға 
қарағанда  күштірек.  Оның  себептерінің  бірі  болып  лордтар 
палатасының  Ұлыбританиядағы  барлық  соттарға  қатысты 
жоғарғы апелляциялық сот мəртебесін иеленуі табылды.  
Жергілікті жерлерде басқару 1972 жылғы заң бойынша екі-
деңгейлік органдар жүйесі (графтықтар жəне округтар) арқылы 
жүзеге  асырылды. 1985 жылы  ірі  өнеркəсіптік  қалалардағы 
муниципалитеттер жойылды, оның себебі болып орталық билік 
органдары тарапынан бақылауды күшейту табылды.  
Жалпы  алғанда  өнеркəсіп  жəне  экономика  саласында 
мемлекеттік  монополизациялау  үрдісі  байқалды. 1945 жылы 
ағылшын  банкін  ұлттандыру  туралы  заң  қабылданды,  ал 1946 
жылы  көмір  өндіретін 800 кəсіпорын  ұлттандырылды.  Эк-
 
184

спорт-импортты  реттеу,  экономиканы  бағдарламаландыру, 
корпорацияларды  ірілендіру  енгізілді.  Осы  шаралардың  бар-
лығы мемлекеттің экономика саласына тереңірек енуін көздеді. 
 
БРИТАНДЫҚ КОЛОНИАЛДЫҚ ИМПЕРИЯ 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  Британ  империя-
сының доминиондары мемлекеттің маңызды шикізаттық негізі 
жəне  əскерді  толтыру  құралы  болып  табылды. 1917 жылы 
кезекті империялық конференцияда доминиондар империяның 
автономды  мемлекеттері  мəртебесін  иеленді. 1919-1920 жыл-
дары Канада Париждік бейбіт келісім конференциясына қатыса 
отырып,  доминион  үшін  бейбіт  келсім  шарттарға  дербес  қол 
қою  жəне  Ұлттар  лигасында  дербес  өкілдігін  иелену  құқық-
тарына  қол  жеткізуге  себепкер  болды. 1921 жылғы 6 желтоқ-
санда  ағылшын-ирландық  шартына  қол  қойылды,  бұл  шарт 
дербес доминион — Ирланд еркін мемлекетін құруды көздеді. 
Алайда,  Ирландияның  солтүстік-шығысы  (Ольстер)  Ұлы-
британияда қалып қойды.  
1931  жылы  Вестминстр  статуты  қабылданды.  Статутқа 
сəйкес,  генерал-губернатор  доминионның  тұрғындарының 
қатарынан  тағайындалатын.  Доминионның  заңшығарушылық 
үстемдігі  бекітілді:  доминионның  заңдары  метрополийдің 
заңдарына  қайшы  келетін  болса,  доминионның  заңы  қолда-
нылатын.  Британдық  доминиондар  жəне  Британия  Ұлттардың 
британдық достастығына бірікті. 
1946  жылы  Біріккен  патшалықтың  үкіметі  Үндістанды 
тəуелсіз  мемлекет  ретінде  таныды.  Үндістан  діни  белгісі 
бойынша  екіге  бөлінді — Үндістандық  одақ  жəне  Пəкістан. 
Сонымен қатар, Цейлон аралы да тəуелсіздікті иеленді.  
1957  жылы  Алтын  жағалау  (Гана)  жəне  Малайлық 
федерация  (Малайзия)  тəуелсіздікке  қол  жеткізді. 1959-1960 
жылдары Кипр мен Нигерия тəуелді болды.  
1937 жылы Ирландия доминион мəртебесінен бас тартты, ал 
1948 жылы Ұлыбритания Ирландияның Британдық достастық-
тан  шығу  жəне  Ирландия  республикасын  жариялау  туралы 
шешімін қабылдауға мəжбүр болды.  
 
 
 
185

6. Америка Құрама Штаттары 
 
ХХ  ғасырдың  басына  қарай  АҚШ  əлемдегі  ірі  державаға 
айналды.  Мемлекеттегі  халық  саны  көшіп  келушілердің  есе-
бінен  бірнеше  есеге  дейін  өсті.  Ұлттық  табыстың  көп  бөлігін 
ірі  қаржылық-өнеркəсіптік  корпорациялар  иеленді.  Бірінші 
дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ борышкер-мемлекеттен несие 
беруші-мемлекетке айналды.  
20-жылдардан  бастап  сайлау  жүйесін  демократизациялан-
дыру  байқала  басталды. 1920 жылы  əйелдерге  ерлермен  тең 
сайлау құқығы берілді (Конституцияға ХІХ түзету). 1961 жылы 
астаналық  округ  Колумбияның  сайлаушылары  АҚШ-тың 
президентін  жəне  вице-президентін  сайлауға  қатысу  құқығын 
иеленді  (Конституцияға  ХХІІ  түзету). 1964 жылы  азамат-
тардың салық, оның ішінді сайлауға қатысты салық, төлемегені 
себепті  сайлау  құқықтарын  шектеуге  тыйым  салынды 
(Конституцияға ХХІV түзету). 1971 жылы 18 жасқа толған бар-
лық  азаматтар  сайлау  құқығын  иеленді  (Конституцияға  ХХVІ 
түзету). 
60-70  жылдары  білім  беру,  тұрмыстық  қызмет  көрсету, 
еңбек салаларына қатысты бірқатар заңдар қабылданды. 
 
ПАРТИЯЛЫҚ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК  
МЕХАНИЗМДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР 
Ұйымдастырылған  екіпартиялық  жүйе  (республикалықтар-
демократтар)  АҚШ-та  ХІХ  ғасырдың  өзінде  қалыптасқан 
болатын.  Партиялық  ұйымдастырудың  негізгі  буыны  болып 
сайлау  учаскелерінің  комитеттері,  ал  формальды  жоғарғы 
органдары болып — ұлттық партиялық комитеттер мен ұлттық 
партиялық конвенттер (съездер) табылды.  
Партиялық  қызметтің  қаржылық  жəне  құрылымдық  негіз-
деріне  заңнамалық  өзгертулер  енгізілді.  Бұл  жерде  жекелеген 
штаттардың  конституциялары, 1965 жəне 1970 жылдардағы 
сайлау  туралы  заңдар,  сонымен  қатар,  конституциялық  қада-
ғалау  құқығына  ие  соттардың  шешімдері  маңызды  рөлді 
иеленді.  Екіпартиялық  жүйенің  басты  негізі — бұл  құрамы 
орта  таптан  құралған  жақсы  дайындалған  электорат.  Алайда, 
 
186

бұл жүйе кезінде басқа партиялар мен қозғалыстардың қызметі 
аса сəтті болмайтыны сөзсіз.  
Мемлекеттік-құқықтық  дамудағы  басқа  бағыт — бұл 
мемлекеттік  саясатты  қалыптастырушы  қайнар  көздердің 
диффузиясы.  Бұл  жерде  əртүрлі  кəсіпкерлік  одақтардың  рөлі 
ерекше  болды.  Олардың  ішіндегі  ең  əйгілісі — 70%-ке  дейін 
өндірістік  компанияларды  біріктірген  Өндірісшілердің  ұлттық 
ассоциациясы  жəне  Сауда  палатасы.  Бұл  құрылымдар  штат-
тардың  заңшығарушылық  жəне  атқарушы  органдарына  өз 
əсерлерін тигізіп отырды. 
Өзгерістердің  тағы  да  бір  түрі,  Конституцияға  енгізілген 
ХХ, ХХІІ, ХХV өзгертулер президент лауазымын бір тұлғаның 
екі  реттен  артық  иеленбеуін  шектегеніне  қарамастан,  мем-
лекеттік билікті орталықтандыру болды.  
Атқарушы билікті күшейту басқарудың ірі аппаратын құру-
мен  қатар  жүрді.  ХХ  ғасырдың  ортасына  қарай  АҚШ-та  мем-
лекеттік мекемелердің үш типі жұмыс жасады: 
1)  жекелеген  салалар  бойынша  департаменттер  (министр-
ліктер); 
2)  ұлттық  агенттіктер — мəні  бойынша  министрліктерге 
ұқсас, алайда, олардың мəртебесіне ие емес мекемелер: 
3)  белгілі  бір  маңызды  мақсаттар  үшін  құрылған  əртүрлі 
уақытша  комиссиялар,  бюролар,  кеңестер,  алқалар,  əкім-
шіліктер. 
Мемлекеттік  аппаратты  реформалауға  қатысты  алғашқы 
қадамдар  ХІХ  ғасырда  жасалған  болатын.  Пендлтонның 
азаматтық  қызмет  туралы  заңы (1883 жыл)  федералды  мем-
лекеттік  қызметті  жинақтастыру  қағидаларын  орнықтырды. 
Ашық  конкурстар — мемлекеттік  лауазымдарды  иелену  үшін 
емтихандар  енгізілді,  шенеуніктерді  саяси  себептер  бойынша 
жұмыстан  босатуға  тыйым  салынды,  заңдардың  орындалуына 
бақылау  тəуелсіз  органға — азаматтық  қызмет  комиссиясына 
жүктелді.  
1939  жылы  “Саяси  қызмет  туралы”  Хэтч  заңы  мемлекеттік 
қызметшілерге саяси кампанияларға қатысуға тыйым салды.  
1947 жылғы президент  Г.Трумэнның № 9835 атқарушылық 
бұйрығы  азаматтық  қызмет  комиссиясын  мемлекеттік  лау-
азымдарға  үміткерлердің  саяси  ар-ұяттылығын  тексеруді  мін-
 
187

деттеді.  Бұл  тəжірибені  президент  Д.Эйзенхауэрдің  мемлекет-
тік  қызметшілерді  мерзімінен  бұрын  жұмыстан  босатуды 
көздеген  “Мемлекеттік  қызметшілердің  саяси  ар-ұяттылығы 
мен  тұрақтылығын  тексеру  туралы”  № 10450 атқарушылық 
бұйрығы одан əрі қатаңдата түсті. Алайда, мемлекетте жалпыға 
ортақ  мемлекеттік  қызмет  жүйесі  қалыптаспады,  əр  штаттың 
өзінің əкімшілік басқару аппараты болды.  
 
РУЗВЕЛЬТТІҢ “ЖАҢА БАҒЫТЫ” 
ХХ  ғасырдың 30-жылдарында  АҚШ-та  бұрын-соңды 
болмаған  экономикалық  тоқырау  орын  алды.  Өнеркəсіптік 
өндіріс 56 %-ке дейін, ұлттық табыс 48 %-ке дейін төмендеді, 
банктердің 40 %-і  банкрот  болды. 17 миллионға  жуық  адам 
жұмыстарынан айырылды, Г.Гувердің үкіметі ешбір шара қол-
дана  алмады.  Бұл  елдегі  əлеуметтік-экономикалық  жағдайды 
күрделендіре  түсті.  Наразылық  демонстрациялары  мен 
ереуілдер жиі-жиі бой көтеріп отырды.  
1932  жылы  президенттіке  сайлауда  демократиялық  партия-
ның  өкілі  Ф.Д.Рузвельт  жеңіске  жетті.  Оның  бағдарламасы 
“Жаңа бағыт” деп аталды.  
Ақша  жүйесін  тұрақтандыру  үшін  алтынды  шекарадан 
шығаруға  тыйым  салынды,  доллардың  девальвациясы  жүзеге 
асырылды,  банктар  жүйесі  күшейтелді  (ұсақ  банктарды  бірік-
тіру  есебінен),  нəтижесінде  ірі  банктар  қазынадан  ауқымды 
несиелер мен субсидиялар алды. 
 Өнеркəсіпті сауықтыру үшін арнайы мекеме — Өнеркəсіпті 
қалпына келтірудің ұлттық əкімшілігі құрылды. 1933 жылғы 16 
маусымдағы  “Ұлттық  экономиканы  қалпына  келтіру  туралы” 
заңға сəйкес бүкіл өнеркəсіп 17 топқа бөлінді, олардың əрқай-
сының  қызметі  жылдам  уақытта  қабылданған  нормативтік 
актілер — адал  бəсекелестік  кодекстерімен  реттелді.  Бұл 
кодекстер  өндірілетін  өнімнің  квоталарын,  өткізу  нарықтарын 
бөлуді,  баға  мəселесін,  несие  шарттарын,  жұмыс  уақытының 
ұзақтығын, жалақы деңгейін жəне т.б. анықтады. 
Ауыл  шаруашылығы  үшін  Ауыл  шаруашылығын  реттеу 
əкімшілігі  құрылды,  бұл  орган 1933 жылғы 12мамырдағы 
“Ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту туралы” заңның 
негізінде  жұмыс  жасады  жəне  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің 
 
188

бағаларын  реттеу  жəне  оларды 1909-1914 жылдардағы  дең-
гейге жеткізу құқығын иеленді. 
Жұмыссыздықты  азайту  мақсатында  Төтенше  көмек  көр-
сетудің федералдық əкімшілігі құрылды, көп ұзамай бұл орган-
ның  орнына  Қоғамдық  жұмыстарды  дамыту  əкімшілігі 
құрылды. “Еңбек  лагерьлері” (жолдарды,  аэродромдарды  салу 
жəне  жөндеу)  құрыла  бастады.  Бұл  уақытта  əлеуметтік  жəне 
еңбек  заңнамасын  дамытудағы  үлкен  жетістіктер  байқалды. 
1932  жылғы  Норрис-Лагардия  заңымен  соттардың  еңбек  шие-
ліністеріне  қатысты  сот  ұйғарымдарын  шығару  құқығы  шек-
телді.  Кəсіпкерлерге  жұмыскерлерді  кəсіподақтарға  кірмеуге 
міндеттейтін  шарттарға  қол  қоюын  мəжбүрлеуге  тыйым 
салынды. 1935 жылы  кəсіподақтардың  қызметін  заңдастырған 
Вагнер  заңы  қабылданды.  Осы  заңға  сəйкес  егер  кəсіпкерлер 
кəсіподақпен жасасқан ұжымдық шарттарды орындамаса жəне 
заң  бұзса,  жұмысшыларды  кəсіподақтар  құрғаны  үшін  жəне 
заңды  ереуілдерге  қатысқаны  үшін  қылмыстық  қудалауға 
тыйым салынды. Аталған заңның орындалуын қадағалау Еңбек 
қатынастары бойынша ұлттық басқармаға жүктелді.  
1935  жылы  əлеуметтік  камсыздандыру  туралы  жалпы 
федералдық заң қабылданды. Əлеуметтік сақтандыру бойынша 
басқарма  құрылды.  Енді  кəрілігі  бойынша  зейнетақылар 65 
жасқа  толған  АҚШ  азаматына,  егер  оның 1936 жылғы 31 
желтоқсаннан бастап ол 65 жасқа толғанға дейінгі жалақысы 3 
мың  доллардан  аспаса,  төленетін  болды.  Оған  төленетін 
зейнетақының  мөлшері  жоғарыда  аталған  жалпы  жалақының 
1/2-не  теңелетін  болды.  Зейнетақы  қорын  құру  үшін  басқа 
салықтарға  қоса  жұмысшылардың  жеке  табыстарына  жаңа  əр 
жылдық салық енгізілді, бұл салық алғашқыда табыстың 1 %-ін 
құраса,  одан  кейінгі  əр 3 жыл  сайын 0,5 %-ке  өсіп  отыратын 
болды.  Кəсіпкерлер  үшін  бұрынғы  салықтармен  қоса  оларға 
төленген  жалақының 1 %-ін  құрайтын  салық  енгізілді,  бұл 
салық та əр 3 жыл сайын 0,5%-ке өсіп отыратын болды. 
1938  жылы  “Жұмысшы  күшін  əділ  түрде  жұмысқа  алу” 
туралы заң қабылданды. Бұл заң кейбір жұмысшылар үшін ең 
ұзақ жұмыс уақытын жəне ең төменгі жалақыны тағайындауға 
тыйым салды.  
 
189

“Жаңа  бағыт”  мемлекеттің  əлеуметтік-экономикалық  қаты-
настар  саласына  алғашқы  тікелей  енуі  болып  табылды. “Жаңа 
бағыттың”  тəжірибесінің  маңызы  өте  зор,  себебі,  экономи-
калық  тоқырау  кезінде  тек  қатаң  мемлекеттік  бсқару  ғана 
мемлекетті  төңкеріс  пен  қозғалыстардан  сақтап  қала  алады. 
Тарихта  болған  барлық  көтерілістер  мен  революциялардың 
басым  көпшілігінің  негізі  болып  əлеуметтік-экономикалық 
талаптар  табылды,  кейініректе  ғана  оларға  саяси  талаптар 
қосылды. 
 
“ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ” РЕВИЗИЯСЫ 
Тоқыраудан  шығу  барысында  сауда-өнеркəсіптік  корпора-
циялар  Жоғарғы  сот  арқылы  “Жаңа  бағыттың”  еңбек  жəне 
əлеуметтік заңнамасының күшін жоюға тырысты.  
1947 жылы Тафт-Хартли заңы қабылданды, бұл заң Вагнер 
заңының  күшін  жойды.  Оған  сəйкес, “елдің  ұлттық  мүдде-
леріне қауіп төндіруші” ереуілдер мен ынтымақтастық ереуіл-
деріне тыйым салынды.  
1950  жылы  Маккарэн-Вудтың  заңы  қабылданды,  оған  сəй-
кес жоғарыда аталған ереуілдерді ұйымдастырушыларға бақы-
лау  жасайтын  арнайы  басқарма  құрылды.  Суық  соғыспен 
байланысты  кезең  басталды.  Көп  ұзамай, “елдің  ұлттық 
қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге” бағытталған басқа да актілер 
қабылданды.  Олардың  жəне  №9835, 10450 атқарушылық  бұй-
рықтардың негізінде арнайы кампания жүзеге асырылып, оның 
барысында  коммунистер  ғана  емес,  демократиялық  көзқарас-
тарды ұстанған көзі ашық азаматтар да қуғындалды. Кейінірек 
бұл кампания, жалпы алғанда, тоқтатылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
190

7. Қытай 
 
РЕСПУБЛИКАНЫ ЖАРИЯЛАУ 
1902-1904  жылдары  Қытайдың  бірқатар  провинцияларында 
шаруалар  мен  қолөнершілердің  жаппай  көтеріліске  шығуы 
орын алды. Басында Сунь Ятсен тұрған “Қытайды қайта өрлету 
одағының”  басшылығымен  революциялық  ұйымдар  құрылды. 
1905  жылы  революциялық  топтар  Қытайдың  революциялық 
біріккен  одағына  (Чжунго  Гэмин  Тунмэнхуэй)  бірікті,  оның 
президенті  болып  Сунь  Ятсен  сайланды. 1911 жылғы 10 
қазанда  Учан  (Уган)  қаласында  солдаттар  көтеріліске  шықты, 
Синьхай революциясы басталды.  
1911  жылғы 25 желтоқсанда  Сунь  Ятсен  Қытайдың  прези-
денті болып сайланды. Монархия контрреволюциялық күштер-
мен келісудің нəтижесінде жойылды. Президент болып контр-
революцияның таңдаған өкілі Юань Шикай сайланды. 
1912  жылғы 10 наурызда  Ұлттық  жиналыс  (заңшығарушы 
орган)  Қытайды  президент  басқаратын  республика  ретінде 
жариялаған уақытша конституцияны қабылдады. Заңшығарушы 
билікті парламент  жүзеге асырды, оның құрамында екі палата 
болды:  сенат  пен  өкілдер  палатасы.  Парламентке  сайлау 
екісатылы сипатты иеленді. 21 жасқа толған, мүліктік ценз бен 
тұрақтылық  цензіне  (бір  жерде  кем  дегенде 2 жыл  тұрақты 
өмір  сүрген)  тұлғалар  ғана  сайлаушылар  болып  табылды. 
Либералдық  буржуазия  мен  Юань  Шикайдың  одағы  револю-
цияның аяқталуын қалады. Қытайлық революциялық бірлескен 
одақта (тунмэнхуй) либералдар жеңіске жетті. Олар партияның 
таратылуын  жəне  оның  ұсақ  буржуазиялық  партиялармен 
бірігуін  талап  етті.  Бұған  жауап  ретінде  Сунь  Ятсен  жаңа 
партия — Гоминьданды (Ұлттық партия) ұйымдастырды.  
Гоминьдандықтар 1913 жылы  көтеріліске  шықты,  бұл 
көтерілісті  Юань  Шикай  басып  тастап,  партияның  қызметіне 
тыйым  салды.  Содан  соң  Юань  Шикай  конституцияға  өзгер-
тулер  енгізіп,  президенттің  өкілеттіктер  мерзімін 10 жылға 
дейін  ұзартты.  Осылай,  монархияны  қалпына  келтіруге  əре-
кеттер  жасалды,  Юань  Шикайдың  богдыхан  (маньчжурлық 
Цин  династиясы  императорларының  титулы)  ретінде  жария-
ланатыны  хабарланды.  Алайда, 1916 жылы  Юань  Шикай  қай-
 
191

тыс  болып,  президент  ретінде  республиканы  сақтап  қалған 
бұрынғы вице-президент Ли Юаньхун сайланды.  
Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Қытайда  күшейген 
ұлттық  буржуазия  мен  қытай  нарығындағы  шетелдік  моно-
полистердің  арасындағы  қайшылықтар  өрши  түсті.  Халықтың 
белсенділгі  ұлт-азаттық  бағытқа  бет  бұрды. 1919 жылғы 4 
мамырда  Пекинде  студенттердің  демонстрациясы  өтті. 1919 
жылғы маусымда студенттік толқулар “4 мамырдағы қозғалыс” 
атты революциялық қозғалысқа ұласты, оған жұмысшылар мен 
ұлттық  буржуазия  қосылды. 1921 жылы  Қытайдың  Комму-
нистік  партиясы  құрылды. 1924 жылы  коммунистер  Гоминь-
данға  қосылды.  Халықтың  белсенділігінің  артуы  Гоминьдан-
ның  оң  қанатының  контрреволюциялық  бағытты  ұстануына 
түрткі  болды.  Контрреволюцияның  басында  Гоминьданның 
Орталық  атқару  комитетінің  төрағасы,  ұлттық-революциялық 
əскердің  қолбасшысы  генерал  Чан  Кайши  тұрды.  Бірінші 
азаматтық  соғыс  басталды (1924-1927 жылдар),  бұл  соғыс 
революциялық күштердің жеңілуімен аяқталды. Гоминьдан ірі 
буржуазия  мен  помещиктердің  партиясына  айналды.  Гоминь-
данның  съезді  биліктің  жоғарғы  органы  ретінде  жарияланды, 
ал  оны  шақырудың  арасындағы  үзілістерде  жоғарғы  орган 
болып  Гоминьданның  Орталық  атқару  комитеті  табылды, 
үкімет оған бағынатын болды (Кеңестік Ресейдегі мемлекеттік 
органдардың құрылымына ұқсас болды).  
1927 жылғы тамызда екінші азаматтық соғыс басталды. Осы 
кезде  Қытайдың  солтүстік-шығысына  жапон  əскерлері  енді. 
Жапондықтарға төтеп бере алмаған Гоминьдон Шығыс Қытай-
дың жартысынан айырылды.  
Коммунистер  соғыстың  барысында  революциялық  базалар-
ды  (революциялық  күштердің  бақылауындағы  аумақтар) 
құрды.  Революциялық  күштерді  біріктіру  мақсатында 1930 
жылғы 7 қарашада Қытайдың барлық революциялық базалары-
ның  делегаттары — жұмысшы  жəне  шаруа  депутаттардың  І 
съезді  ашылды.  Съезд  жер  туралы,  еңбек  туралы  заңдарды 
бекітті,  уақытша  конституцияның  жобасын  қабылдады  жəне 
Қытайдың  революциялық  орталық  үкіметін  сайлады,  оның 
басында  Қытайдың  Коммунистік  партиясының  басшысы  Мао 
Цзедун (1893-1976) тұрды.  
 
192

1932 жылғы сəуірде революциялық үкімет Жапонияға соғыс 
жариялады  жəне  Гоминьданға  азаматтық  соғысты  тоқтатып, 
Жапониямен  бірлесіп  соғысуды  ұсынды.  Алайда,  Гоминьдан 
соғысты  тоқтатудан  бас  тартты,  сөйтіп,  соғыс  тек 1937 жылы 
аяқталды. 
Жапондықтардан  азат  етілген  аймақтардың  барлығында 
билік  органдары  “үш  үштік”  қағидасы  бойынша  құрылды: 
орындардың үштен бір бөлігінің бірін коммунистер, екіншісін 
ұсақ буржуазия, үшіншісін орта буржуазия мен революциялық 
помещиктер иеленді.  
1944  жылғы  қарашада  Чан  Кайши  коммунистерді  əскери-
саяси  басшылықтан  қуу  арқылы  үкіметте  тазалау  жүргізді, 
сөйтіп, жаңа азаматтық соғыстың басталуына негіз болды.  
1945  жылғы  күзде  Кеңес  Əскері  Маньчжуриядағы  Жапон-
дық  Квантун  əскерін (1 миллион  солдаттан  құралған)  жеңді. 
Осыны пайдаланып, Қытайдың Коммунистік партиясы 8 жəне 
4  ұлттық-революциялық  (азаттық)  əскерін  жіберді. 1945 жыл-
дың  соңында  Қытайдың  Коммунистік  партиясы 150 миллион 
халқы бар Солтүстік Қытайға билік жүргізіп отырды.  
Гоминьдандық  үкімет  ұлт-азаттық  əскерге  қарсы  тұрды, 
сөйтіп, үшінші революциялық азаматтық соғыстың (1946-1949 
жылдары) басталуына жағдай туды. 1949 жылғы қаңтарда Чан 
Кайши  Коммунистік  партияның  басшылығын  бейбіт  келіс-
сөздер  жүргізуге  шақырды, бұлардың  нəтижесінде  екі  жақтың 
арасында бейбіт келісім орнады.  
1949  жылғы 21 қыркүйекте  Халқытық  саяси  кеңесушілік 
конференциясының  бірінші  сессиясы  ашылды,  оның  жұмы-
сына  барлық  демократиялық  партиялар  мен  қозғалыстардың 
делегаттары  қатысты.  Сессия  Конференцияға  біртұтас  фронт 
ұйымы  ретінде  мəртебе  беріп,  ҚХР  (Қытай  халық  респуб-
ликасы)  Орталық  халықтық  үкіметін  ұйымдастыру  туралы 
заңды,  жəне  Жалпы  бағдарламаны  (ҚХР  уақытша  консти-
туциясы)  қабылдады.  Конференция  Мао  Цзедун  басшылық 
еткен  Орталық  халықтық  үкіметті  сайлады. 1949 жылғы 1 
қазанда Қытай халықтық республикасының құрылғаны туралы 
жарияланды.  Жалпы  бағдарламада  ҚХР-дің  басында  комму-
нистік  партия  құрған  жұмысшылар  мен  шаруалар  одағына 
негізделген  халық  диктатурасының  мемлекеті  ретінде  жария-
 
193

ланды.  Мемлекеттік  биліктің  жоғарғы  органы  болып  Орталық 
халықтық  үкіметтік  кеңес  (ОХҮК)  табылды.  Бұл  орган  келесі 
органдарды  құрады:  Мемлекеттік  əкімшілік  кеңес  (жоғарғы 
атқарушы  орган),  ұлттық-революциялық  əскери  кеңес,  Жо-
ғарғы  халықтық  сот  жəне  Жоғарғы  халықтық  прокуратура. 
ОХҮК-мен  біріге  отырып  олар  ҚХР-дің  орталық  халықтық 
үкіметтін құрады. Оның төрағасы болып Мао Цзедун табылды, 
сонымен қатар ол ОХҮК-нің, Халықтық-революциялық əскери 
кеңестің  жəне  Коммунистік  партияның  атқарушы  комитетінің 
төрағасы болды. 
1953-1954  жылдары  ел  тарихындағы  халықтық  өкілдер 
жиналысына алғашқы жалпы сайлаулар өтті. 
15 қыркүйекте Пекинде Халық өкілдерінің жалпықытайлық 
жиналысының (ХӨЖЖ) бірінші сессиясында ҚХР-дің Консти-
туциясы  қабылданды.  Оған  сəйкес,  биліктің  жоғарғы  органы 
болып ХӨЖЖ, ал оның сессияларының арасындағы үзілістерде 
ХӨЖЖ-нің Тұрақты комитеті табылды. 
1958  жылғы  мамырда  коммунистік  партия  социализмді 
уақытынан  бұрын  құру  бағытын  ұстанды,  бұл  “Үлкен  адым” 
деген  атқа  ие  болды  жəне  өмірдің  барлық  салаларына  тарады. 
Бұл  бағыт  жағдайдың  сыртқы  жəне  ішкі  саяси  шиелінісіне 
алып келді.  
60-жылдардың  басында  Мао  Цзедун  “Үлкен  адымға” 
тексеру  жасады.  Партия  идеялық  жағынын  “Үлкен  адымды” 
жақтаушылырға  (яғни,  Мао  Цзедунды  жақтаушыларға)  жəне 
оның  қарсыластарына  бөлінді.  Мао  Цзедун  жəне  оның 
жақтаушылары  “Мəдени  революция”  атты  іс-қимылдарды 
жүзеге  асырып, партиялық  жəне  мемлекеттік  органдарда  таза-
лаулар жүргізді. 1975 жылы “Мəдени революцияның” саясатын 
заңды  түрде  бекіткен  конституция  қабылданды.  Биліктің 
өкілдік  органдарының  кейбір  құқықтары  шектелді.  Алайда, 
Мао  Цзедунның  өлімі (1976 жыл)  мемлекеттік  құрылымның 
демократизациялануына жəне 1978 жылы жаңа конституцияны 
(1954  жылғы  конституцияның  кейбір  ережелерін  қалпына 
келтірген)  қабылдауға  алып  келді.  Елде  құқық  шығарушылық 
қызмет белсендене түсті, бірқатар кодекстер қабылданды. 
1982 жылы экономикадағы реформаларды бекіткен консти-
туция  қабылданды.  Бұл  реформалар  Ден  Сяо-Пиннің  басшы-
 
194

лығымен 1978 жылы  басталған  болатын  (экономиканың  жан-
жақтылығы,  меншіктің  бірнеше  түрі  бекітілді,  алайда,  билік 
басында  коммунистік  партия  қалып  қойды).  Осылай,  мемле-
кеттің  саяси  құрылымын  өзгертусіз  экономиканы  басқарудың 
нарықтық əдістері үшін үлкен бостандықтар туындады. 
Реформалардың  нəтижесінде  ҚХР  дамыған  мемлекетке 
айналды.  Жақында (1998 жылдың  аяғында ) ҚХР-да  рефор-
малардың 20 жылдығы тойланды.  
  
 
 
195


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет