Булгакова Д. А



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Екінші бөлім 
 
ФЕОДАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТ  
ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХЫ 
 
А. БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ ФЕОДАЛДЫҚ  
     МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ  
 
1.
 
Франктардың мемлекеті жəне құқығы 
 
Франктардың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:  
1 кезең — Меровингтер монархиясы (VI — VII ғ.ғ.); 
2  кезең — Каролингтер  монархиясы (VIII ғ.— IX ғ — дың 
бірінші жартысы). 
Франктер  өмір  сүрген  жерлер  ұсақ  бірліктер — жүздік-
терден тұратын  округтерден — пагалардан  құралаған. Мемле-
кеттің аумағында өмір сүруші негізгі этникалық топтар болып 
мыналар  табылған:  Солтүстіктегі  франктық  топ  (үстемдік 
құрушы) жəне Оңтүстіктегі галлдық — римдік топ. Негізгі топ-
тар болып феодалдар тобы мен феодалдық — тəуелді шаруалар 
табы табылған.  
Меровингтер монархиясына тəн сипаттар:  
1)
 
Франк мемлекетінің негізінен қаланған Хлодвигтің өлімі-
нен  соң,  патшалық  бірнеше  ретжекелеген  тəуелсіз  мемлекет-
терге бөлінген;  
2)
 
Патша  бөлігін  ұстап  қалу  үшін  аллод — жерге  жеке 
меншік  енгізілді  (ақсүйектерді  өз  жағына  тарту  мақсатында 
патша оларға кейіннен мұрагерлікке айналатын жерлерді сый-
лап отырған);  
3)
 
Шіркеу жылдам байи бастады, оның жер иеліктері тұрақ-
ты түрде өсіп отырды;  
4)
 
Жерінен  айырылған  шаруалар  сананың  жылдам  өсуі, 
бұлар  прекарийдің  көмегімен  тəуелділікке  мойын  ұсынған; 
прекарий  дегеніміз  шаруаға  пайдалануға  берілген  жер  үшін, 
оның  белгілі  бір  міндеттерді  орындауы  (нақты  айтқанда — өз 
қожасына тəуелді болуы);  
 
47

5)
 
Патронат  жүйесі  кең  таралады;  ол — ақсүйектердің 
шаруаларға  қамқоршылық  жасауы,  бұл  комендация  деп  атал-
ды;  
6)
 
 Монархияның жер қоры азайған сайын патша билігі бір-
тіндеп  əлсірей  бастады  жəне  атақты  тектердің  қуаты  күшейе 
түсті;  
7)
 
Билік  мемлекеттегі  маңызды  лауазымдарды  қолына 
жинақтаған ақсүйектердің қолына өте бастады, мұндай лауазым-
дардың  қатарынан  алғашқыда  патша  сарайын  басқарған, 
кейіннен, VIIIғ-дан  бастап,  мемлекет  басшысына  айналған 
майордан лауазымын атауға болады. Бұл лауазым Каролингтер 
династиясының негізін қалаған бай тектің мұрасына айналады. 
Каролингтер  монархиясының  негізгі  ерекшелігі  майордан 
Карл  Мартеллдің  реформасымен  байланысты,  оның  мəні 
мынада болды:  
1)
 
бұрынғыша жерді толық меншікке беру тəртібі жойылды;  
2)
 
мұның  орнына  шаруалар  тұратын  жерлерінен  бірге  өмір 
бойға ұстауға — бенефецийге беріле бастады;  
3)
 
бенефецийді  ұстаушы  вассал  деп,  ал  жерді  берген  тұлға 
сеньор деп атала бастады;  
4)
 
бенефецийді  ұстаушы  жерді  берген  тұлға  үшін  əскери 
қызметті өтеуге міндетті болатын болды;  
5)
 
мемлекет  басшысынан  басқа  да  ірі  феодалдар  бенефе-
цийді бере бастады, осылай оларда өз вассалдары пайда болды; 
6)
 
сот,  полийия,  қаржы  саласындағы  өкілеттердің  барлығы 
иеліктің иесіне берілді;  
7)
 
иммунитеттік  грамоталар  енгізілді,  бұларға  сəйкес  фео-
далдардың  иеліктеріне  мемлекеттік  шенеуніктердің  қызметі 
таратылмайтын болды. 
Мемлекеттік  құрылым.  Басқару  нысаны  бойынша  франк 
мемлекеті  шектелген  монархия  сипатында  болды.  Патшаның 
билігін  тұрақты  қызмет  етуші  кеңес  шектеп  отырды,  оның 
келісімінсіз  патша  бірде-бір  шешім  қабылдай  алмайтын.  Со-
нымен қатар, жыл сайын өтетін сарай жəне провинция ақ сүй-
ектерінің съезді — «Ұлы алаң» да патшаның билігі белгілі бір 
дəрежеде шектелген. 
 Мемлекетті басқару мен сот билігі жоғарғы лауазымды тұл-
ғалардың  қолында  болды,  олардың  ішіндегі  аса  маңыздылары 
 
48

мыналар  еді:  майордан,  пфальцграф — алғашқыда  патша 
құлдарын басқарса, кейіннен сот билігін жүзеге асырған; тезау-
рарий — құндылықтарды сақтаушы; маршал — атты  əскердің 
басшысы жəне архипиллан — патшаның дін қызметшісі, патша 
сарайындағы дін қызметшілерінің басшысы. 
Жергілікті  басқару.  Округты  (пагоны)  басқаруды  патша 
тағайындайтын  лауазымды  тұлға — граф  жүзеге  асыратын 
болған. Округтардың құрамына кіретін жүздіктерді солтүстікте 
центенарийлер, оңтүстікте викарийлер басқарған. Олар графқа 
бағынатын  жəне  оның  билігін  жүздіктің  шеңберінде  қайта-
лайтын.  Жүздіктердің  құрамына  кірген  қауымдарда  (марка-
ларда) өзін — өзі басқару сақталған болатын.  
Сот.  Жоғарғы  сот  билігі  монархқа  тиесілі  болатын  патша 
кеңесі  ерекше  қауіпті  құқық  бұзушылықтарды  қарастыратын. 
Істердің  басым  көпшілік  бөлігі  қарастырылатын  негізгі  сот 
мекемелері болып жүздіктердің соттары табылатын.  
IX  ғ-дың  басында  Франк  мемлекеті  өзінің  гүлдену  шегіне 
жетті,  бұл  кезде  оның  құрамына  Батыс  Европа  толығымен 
кірген еді. Алайда, бұл əскери күштен басқа ешбір байланысы 
жоқ  халықтар  конгломераты  еді. 843 ж.  Верденде  Ұлы  Карл-
дың  немерелерімен  бекітілген  шартта  Франк  мемлекетінің  үш 
патшалыққа бөлінгендігі заңды түрде рəсімделген болатын. Ол 
патшалықтар:  батыс — франк,  шығыс — франк  жəне  аралық 
патшалықтар  (болашақ  Франция,  Германия  жəне  жартылай 
Италия). 
Құқықтың  негізгі  сипаттары.  Мемлекет  аумағындағы 
құқықтың ежелгі қайнар көзі болып тайпалық сипаттағы əдет-
ғұрып  табылады,  яғни,  əрбір  адам  тұрғылықты  жеріне 
қарамастан өз тайпасының əдет-ғұрпына бағынатын. 
V-IX  ғ.ғ.  тайпалар  əдет  ғұрпын  «варвар  шындықтары» 
түрінде  жазу  жүзеге  асады.  Сали,  Рипуарлық,  Бургундық, 
Аллемендік  шындықтары  жасалды.  Франк  құқығының  негізгі 
сипаттарын сали франктарының əдет-ғұрып жазбасы түріндегі 
Сали  шындығы  үлгісінде  қарастыру  əдетке  айналған.  Сали 
шындығы құқық бұзушылықтар мен оларға сайкес жазалардың 
жалпы,  абстрактілі  түсініктерінің  болмауымен  сипатталады: 
қылмыс  ретінде  тұлғаға  немесе  мүлікке  зиян  келтіру  жəне 
«патшалық бейбітшілікті» бұзу, ол жаза ретінде жəбірленушіге 
 
49

зиянды  өтеу  жəне  патшаға,  патшалық  бейбітшілікті  бұзғаны 
үшін айыппұл төлеу түсінілген. Жаза кінаға байланысты емес, 
əрекеттің соңғы нəтижесі үшін тағайындалған. 
Неке  сали  шындығы  бойынша  күйеуінің  əйелін  сатып 
алуының  нысанында  бекітілген.  Зорлап  алып  қашуға  тиым 
салынған; қандас туыстар арасындағы жəне еркін тұлғалар мен 
құлдар арасындағы некеге де тиым салынған. 
Мұрагерлік  құқықта  барлық  жылжитын  мүлік,  оның  иесі 
қайтыс  болған  жағдайда,  ең  алдымен  балаларына  өткен;  егер 
балалары болмаса, мұрагерлік мына кезектілік тəртіп бойынша 
жүзеге  асырылған:  анасы,  аға-бауырлары  мен  апа-сіңлілері, 
анасының сіңлілері, əкесінің қарындастары, жақын туыстары. 
Міндеттемелік қатынастар саласында Сали шындығы — тек 
сату сатып-алу, қарызға алу, зайым, айырбас жəне сыйға тарту 
шарттары  сияқты  мəміленің  қарапайым  түрлерін  таныған. 
Мəлімдерде  меншік  құқығын  беру  жариялы  түрде,  затты  жай 
ғана беру арқылы жүзеге асырылған. Міндеттемені орындамау 
мүліктік жауапкершілікті туындататын. 
Сот  процесі  айыптаушылық  сипатта  болған,  оған  мынадай 
белгілері  тəн  еді:  азаматтық  жəне  қылмыстық  процесті  бірдей 
нысандарда  жүзеге  асыру;  істі  тек  талапкердің  немесе 
жəбірленушінің ынтасы бойынша ғана қозғау; тараптардың тең 
құқықтары  жəне  процессті  тараптардың  дауы  түрінде  жүзеге 
асыру;  орнықтырылған  процессуалды  нысандарды  қатаң 
сақтау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
50

2. Францияның мемлекеті жəне құқығы 
 
 
Францияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері: 
1 кезең — феодалдық ыдырау кезеңі (IX-XII ғ.ғ.); 
2  кезең — сословиеліде  өкілдік  монархия  кезеңі (XIV-XV 
ғ.ғ.); 
3 кезең — шексіз монархия кезеңі (XVI-XVIII ғ.ғ.). 
Француз  мемлекеті  Каролингтер  империясы  құлаған  соң 
пайда  болды.  Негізгі  антагоникалық  топтар  болып  феодалдар 
мен  феодалдық — тəуелді  шаруалар  табылды.  Өзінің  таптық 
мəні  бойынша  мемлекет  феодалдар  диктатурасы  болып 
табылды. 
 
а) Феодалдық ыдырау кезеңі 
Қоғамдық құрылым. Өндірістің негізгі құралы жер үстемдік 
құрушы  таптың  монополиялық  меншігіне  айналады.  Шаруа-
лардың  тұрақты  пайдалануында,  ал  кейбір  жағдайларда 
иелігінде  қожайын  жерінің  аздаған  учаскелерінің — порцел-
лолар ғана болды. 
Феодалдық-тəуелді  шаруалардың  негізгі  тобы  болып 
серволар  (өз  қожайынына  жеке  жəне  мұрагерлік  тəуелділікте 
болған, сол үшін бірқатар міндеттерді атқарған жəне салықтар 
мен  төлемдер  төленген)  мен  виллондар  (жеке  бас  бостандығы 
бар,  өз  парцеллосын  басқа  тұлғаға  сата  алған,  сеньорлық 
міндеттерден босатылған) табылған. 
Мемлекеттік  құрылым.  Мемлекеттің  басында  патша 
тұрған, оның билігі сайланбалы болған (патшаны оның вассал-
дары  мен  шіркеудің  жоғарғы  иерархтары  сайлаған).  Мем-
лекеттегі  жағдайға  əсер  ететін  жалғыз  жалпы  мемлекеттік 
орган  ретінде  патша  куриясы  (Ұлы  кеңес)  қызмет  еткен,  ол 
патшаның  вассалдары  мен  шіркеудің  жоғарғы  иерархтарынан 
құралған.  Ұлы  кеңес  съезд  нысанында  жұмыс  істеген,  ол 
патшаның төрағалық етумен жиналып отырған. 
Бұл  кезеңде  басқарудың  арнайы  органдары  болған  жоқ. 
Лауазымды  тұлғалар  министериалар — болып  патша  сарайы-
ның  шаруашылығын  басқаратын  сарайды  басқарушылар 
табылды.  Патшаның  иеліктері  домен  деп  аталды.  Бүкіл  домен 
округтарға — превотаждарға  бөлінді,  олардың  басында  пре-
 
51

волар  тұрды.  Орталықтағы  министериалдар  мен  жергілікті  жер-
лердегі  преворлар  патша  тағайындайтын  жəне  олар  патшаның 
өкімдерін бұлжытпай орындайтын.  
Сот. Əрбір еркін адамның «теңдік соты» арқылы соттасуға 
құқығы  болатын,  нақты  бір  адамның  соттылығы  оның  қоғам-
дағы  əлеуметтік  жағдайына  қарай  анықталатын.  Жоғарғы  сот 
болып  Патша  куриясы  табылатын.  Жергілікті  жерлерде 
сенвориалдық  юстиция  үстемдік  құрған,  ал  жоғарғы  рангілі 
сенворлар  үлкен  сот  билігін — «жоғарғы  юстицияны»  иелен-
ген,  бұл  өнім  жазасымен  жазаланатын  қылмыстарды  тергеуді 
білдіретін.  
Екінші кезеңнің (сословиелік — өкілдік монархияның) бас-
тапқы  кезінде  патша  билігі  күшейе  түсті,  ол  мынадан  көрініс 
тапты:  патша  билігін  сайлау  жойылды; «менің  вассалымның 
вассалы  менің  вассалым  емес»  қағидасы  жойылады,  барлық 
рангідегі  вассалдар  адалдық  антын  тікелей  патшаға  беретін 
болды;  Людовик IX — ның  реформалары  жүргізілді,  олардың 
мəні  мынада  болды:  сот  реформасы — патша  доменінде  жеке 
соғысқа  тыйым  салынды,  дауларды  шешу  үшін  екі  жақ  тек 
патша  сотына  жолдануға  міндетті  болды;  жергілікті  жерлерде 
«патшаның 40 күні»  енгізілді,  бұл  кезде  феодалдарға  жеке 
соғысты бастауға тыйым салынған; Патша куриясынан ерекше 
сот патшасы — Париж парламенті бөлініп шықты, ол жоғарғы 
аппеляциялық  инстанция  болып  табылады;  қаржы  реформасы 
—  негізгі  есептесу  бірлігі  ретінде  патшаның  алтын  тиыны 
енгізілді;  Патша  куриясынан  қаржылық  басқарудың  жоғарғы 
органы ретінде есеп палатасы бөлініп шықты.  
 
ə) Сословиелік — өкілдік монархия кезеңі 
Қоғамдық  құрылым.  Шаруалардың  арасында  сервалардың 
(жеке  тəуелді  шаруалардың)  орнына  цензитариялар — жеке 
бостандығы  бар  шаруалар  мен  цензивалар — мұрагерлік  жер 
үлесін ұстаушылар келді. Негізгі үш сословияның қалыптасуы 
аяқталды,  олар:  дін  қызметкерлері,  ақсүйектер  жəне  «үшінші 
сословия», бұл сословиеге халықтың қалған барлық бөлігі кірді 
жəне олар салықтар төлеп, əртүрлі міндеттерді атқарды.  
Мемлекеттік  құрылым.  Саяси  ыдыраушылық  жойыла 
бастады.  Мемлекет  сословиелік — өкілдік  монархия  нысанын 
 
52

иеленді:  қатысты  түрде  қуатты  патша  билігі  сословиеннің 
өкілдігі — жоғарғы  кеңесуші  кеңеспен — Бас  штаттармен 
үйлеседі.  Барлық  үш  сословие — Бас  штаттарда  жеке  палата-
лар  ретінде  орнығады.  Барлық  сұрақтар  палаталарда  жеке — 
жеке  қарастырылатын  болды,  шешім  дауыстардың  көпшілі-
гімен  қабылданып,  шешімді  бекіту  барлық  палаталардың  бір-
лескен жиналысында жүзеге асты.  
Мемлекеттік  басқару  органдарына  мыналар  жатты:  мемле-
кеттік  кеңес — басқарудың  жекелеген  салаларына  жалпы 
жетекшілік  пен  бақылауды  жүзеге  асырды,  есеп  палатасы — 
қаржылық  басқарудың  жоғарғы  органы  жəне  Парламент — 
жоғарғы сот.  
Лауазымды  тұлғалардың  арасында  ерекше  маңызды  мына-
лар  иеленді:  канцлер — лауазымды  тұлғалардың  қызметіне 
ағымдағы  басқару  мен  бақылауды  жүзеге  асырды;  коннетабль 
—  патша  əскерінің  қолбасшысы;  камерарий — патша  қазы-
насын  басқарады;  палатиндер — патшаның  ерекше  тапсырма-
ларын  орындайтын  патша  кеңесшілері  жəне  легистер — рим 
құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.  
Жергілікті  басқару.  Патша  доменінің  аумағы  бірдей 
əкімшлік бірліктерге — бальяждарға бөлінді, олардың басында 
патша тағайыдайтын шенеуніктер — бальялар тұрды. Бальяж-
дар  превотаждарға  бөлінді,  ал  оларды  преволар  басқарды. 
Преволардың  қолында  округтағы  əскери,  əкімшілік,  қаржы 
жəне  сот  билігі  үйлескен  болатын.  Қалаларда  қалалық  өзін — 
өзі басқару органдары — коммундар болған.  
Сот.  Жоғарғы  аппеляциялық  сот  болып  Парламент  табыл-
ған,  ол  бірнеше  палаталардан  тұрған:  үлкен(сот),  тергеу  пала-
тасы жəне сұраныстар палатасы.  
Жоғарғы шіркеу соты болып рим куриясы соты, одан кейін 
кординал  соты,  архиепископ  соты  табылған.  Төменгі  инстан-
ция  ретінде — епископтың  арнайы  өкілетті  тұлғалары — 
официалдар соты қызмет етті. 
 
б) Шексіз монархия кезеңі 
Қоғамдық  құрылым.  Бұл  кезеңдегі  тарихтың  негізгі  сипаты 
болып  феодолизмнің  қойнауында  капиталистік  өндірістік 
қатынастардың  туындауы  табылады.  Осыдан  барып,  негізгі 
 
53

қанаушы  тап — феодалдардан  басқа,  қанаушылардың  жаңа 
табы — буржуазия  пайда  болды,  ол  қалалық  патрициаттан — 
бай саудагерлерден құралды.  
Бұрынғыдай  мемлекет  халқы  үш  сословиеге  бөлінді,  дін 
қызметкерлері  мен  ақсүйектер  өз  артықшылықтарын  сақтап 
қалды, ал үшінші сословиенің құрамына шаруалар енді. 
Мемлекеттік  құрылым.  Шексіз  монархия  заң  шығару, 
атқарушы жəне сот биліктерінің мемлекеттің мұрагер басшысы 
—  патшаның  қолына  шоғырлануымен  сипатталды.  Бұл  Бас 
штаттардың  қызметінің  тоқтатылуына  алып  келді,  парламент-
тің  құқықтары  бірден  шектелді,  шіркеу  толығымен  патшаға 
бағынады.  
Мемлекеттік басқарудың орталық органдары əртүрлі кезең-
дерде  құрылған  түрлі  мекемелердің  жиынтығынан  құралды. 
Оларға  мыналар  жатты:  Мемлекеттік  кеңес — патшаның 
жанындағы жоғарғы кеңесуші орган; Қаржылық кеңес, Хабар-
ламалар кеңесі, Құпия кеңес — кейбір іс санаттарын кассация-
лық  қайта  қараумен  айналысты;  канцлер  аппараты.  Бұл 
органдардың  барлығын  Қаржыларды  бас  басқарушы  мен  төрт 
мемлекеттік  хатшылар  (əскери,  шетелдік,  теңіз  жəне  патша 
сарайы істері бойынша) басқарды, олардың барлығы патшамен 
бірлесе отырып кіші патшалық кеңесін құрады.  
Жергілікті  басқару.  Патшалықтың  аумағы  генералитетке, 
губернаторлықтарға,  диоцездерге,  бальяждарға  жəне  интен-
данттықтарға  бөлінді,  олар  қаржылық,  əскери,  шіркеулік,  сот 
жəне  əкімшілік  мекемелердің  аумақтық  бөлімшелеріне  сəйкес 
келеді.  Жергілікті  жердегі  басқаруды  интенданттар — патша-
лық үкіметінің аса өкілетті тұлғалары жүзеге асырды.  
Сот.  Қарастырылып  отырған  кезеңде  бір  мезетте  бірнеше 
сот  жүйелері  қызмет  етті:  патшалық,  сеньориалдық,  қалалық 
жəне  шіркеулік  соттар,  алайда  олардың  құдіретті  нақты  ажы-
ратылмайтын.  
Құқықтың  негізгі  сипаттары.  Феодолизм  таратылғанға 
дейін Франция біртұтас құқықтық жүйені білмеген. Құқықтың 
аумақтық  əрекет  ету  қағидасы  орын  алған  болатын,  яғни, 
халық  өзі  өмір  сүретін  аумақта  қалыптасқан  құқықтың  нор-
маларға бағынатын.  
 
54

Феодалдық — ыдырау  кезеңінде  құқықтың  негізгі  қайнар 
көзі  болып  əдет — ғұрып  нормалары — кутюмдер  табылды. 
Сословиелік — өкілдік  монархия  кезеңінде  кутюмдердің 
бірінші  жинағы — «Қасиетті  Людовиктің  Мекемелері»  пайда 
болды,  мұнда  Париждің,  Орлеанның,  Турдың,  Анжудың  жəне 
Мэнның  кутюмдері  жинақталды.  Шексіз  монархия  кезеңінде 
əдет — ғұрып жинақтарымен бірге құқықтың қайнар көздеріне 
патша  билігінің  актілері  жататын  болды,  олар:  жарлықтар, 
эдиктілер,  ордонанстар.  Францияның  оңтүстігінде  құқықтың 
негізгі қайнар көзі болып рим құқығы табылды.  
Францияның  феодалдық  құқығының  негізгі  институты 
болып  жерге  меншік  құқығы  табылды.  Ірі  жер  иелену  аллод, 
бенефиций нысанында болды. XI ғ. бенефецийлер мұрагерлік-
тің объектісіне айналды,X ғ. ал феод деп атала бастады.  
Міндеттемелік  құқықта  кең  таралған  шарттар  мыналар 
болды:  сату — сатып  алу,  зайым  шарты,  сыйға  тарту  шарты, 
жерді жалға алу шарты.  
Отбасы — неке қатынастары негізінен канондық құқық нор-
маларымен,  сонымен  қатар  котюмдермен  жəне  патша  ордо-
нанстарымен  реттелді.  Некеге  тұру  шарттары    ретінде  белгілі 
бір  жасқа  толу,  екі  жақтың  келісімі,  сонымен  қатар,  ата — 
аналардың келісімі орын алды. Мұрагерлік екі нысанда жүзеге 
асырылады:  заң  бойынша  (əкенің  мүлкі  мұрагерлерге  əке 
туыстары  бойынша  берілсе,  ананың  мүлкі  мұрагерлерге 
ананың туыстарына беріледі) жəне өсиет бойынша мұрагерлік.  
Қылмыстық құқықта қылмыстардың барлықжиынтығын үш 
санатқа  бөлуге  болады: 1) дінге  қарсы  қылмыстар; 2) мем-
лекетке  қарсы  қылмыстар 3) жеке  тұлғаларға  қарсы 
қылмыстар.  Жазалар  келесі  топтарға  жинақталды:  а)  ауыр 
жазалар;  ə)  мүшелерге  зақым  келтіруші  жазалар;  б)  түрмеде 
қамау  жəне  мерзімдік  айдау  жұмыстары;  в)  ар-ұятқа  нұқсан 
келтіруші жазалар жəне айыппұл. 
Қылмыстық  процесс  екі  кезеңге  бөлінді:  біріншісі — қыл-
мыскерді құпия түрде іздеу жəне хаттамамен рəсімделетін, оны 
анықтауға  байланысты  қажетті  тергеу  жұмыстарын  жүргізу; 
екіншісі — жариялы жəне ашық сот өндірісі. 
 
 
 
55

3. Англияның мемлекеті жəне құқығы 
 
Англияның мемлекеті мен құқығының тарихының кезеңдері: 
1  кезең — ертефеодалдық  ағылшын-саксондық  монархия 
(ХІ-ХІІғ.ғ.); 
2  кезең — ағылшындық  феодализмнің  қалыптасуы  (ХІ-
ХІІІғ.ғ.); 
3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия (ХІІІ-ХIVғ.ғ.); 
4 кезең — шексіз монархия (ХV-XVIIғ. Бірінші жартысы). 
 
а) Ертефеодалдық ағылшын-саксондық монархия 
VІІ  ғ.  басында  герман  тайпалары  англдар,  сакстар  жəне 
юталар Британияны толығымен жаулап алды, ал кельттер (Бри-
танияда  өмір  сүруші  тайпалар)  құлдар  мен  тəуелді  адамдарға 
айналды. 
Қоғамдық  құрылым.  Халықтың  негізгі  бөлігін  еркін  шаруа 
—  қауым  мүшелер — керлдар  құрады.  Еркін  тұлғалардың 
жалпы көпшілігінен рулық-тайпалық ақсүйектердің өкілдері — 
эрлдар  бөлініп  шықты.  Жартылай  еркін  халық — лэттар — 
эрлдарға  тəуелді,  бағынышты  кельттардан  тұрды.  Қоғамдық 
баспалдақтың ең төменгі буынын құлдар құрады. 
Феодалдық  қоғамның  қалыптасуымен  ағылшын-саксондар-
дың ірі жер иеленушілері глафордтар немесе лордтар деп атала 
бастады. Шаруалардың негізгі бөлігін басыбайлы шаруалар — 
вилландар құрай бастады. Жеке бас бостандығы бар шаруалар 
сокмендер деп аталды. 
Мемлекеттік  құрылым.  ІХ  ғ.  басында  Уэссекс  патшалығы 
өзіне  қалған  ағылшын-саксондардың  барлық  мемлекеттерін 
бағындырады,  сөйтіп  Англия  деп  атала  бастаған  біртұтас 
ағылшын-саксондық мемлекет құрылады. 
Жоғарғы  билікті  патша  иеленеді,  ол  заң  шығару  жəне  əс-
кери  биліктерін  иелене  отырып,  жоғарғы  судья  болып  табыл-
ды. Атқарушы  орган  ретінде  ғұламалар  кеңесі — витанагемот 
қызмет етті, оның құрамына патша, патшаның еркек жынысты 
балалары,  епископтар,  ірі  феодалдар  мен  қызмет  етуші 
ақсүйектердің  өкілдері — тэндар  кірді.  Витанагемоттың  мем-
лекетті  басқарудағы  рөлі  біртіндеп  əлсірей  бастайды,  себебі 
патша сарайы басқару орталығына, ал патшаның айналасында-
 
56

ғылар — мемлекеттің  жоғарғы  лауазымды  тұлғаларына  айна-
лады.  Олардың  ішінде:  камерарий — патшаның  мүлкі  мен 
қаржысы үшін жауап берді; маршал — патшаның атты əскерін 
басқарды; капелан — патша канцеляриясын басқарды. 
Əскер.  Ағылшын-саксондық  патшалардың  əскері  дружина-
лар  мен  халық  қолынан  тұрды.  Халықтан  жинақталған  қолға 
қару ұстай алатын барлық еркін азаматтар кірді. 
Жергілікті  басқару.  Ағылшын-саксондарда  негізгі  аумақ-
тық бірлік графтық болды, оны феодалдық ақсүйектер қатары-
нан  патша  тағайындайтын  олдермен  басқарды.  Графтық  жүз-
діктерге бөлінді, олардың басында жүздіктердің жиналысында 
сайланатын  жүзбасылар  тұрды.  Ең  төменгі  аумақтық  бірлік 
болып  селолық  қауымдастық  табылды.  Қауымдастықтар  он-
дықтарға  бөлінді,  олардың  мүшелері  ортақ  жауапкершілікте 
болатын. 
Сот.  Мемлекеттегі  жоғарғы  сот  болып  патша  соты  табыл-
ды,  ол  мемлекеттік  сатқындық  туралы  істерді,  патшаның  вас-
салдары арасындағы дауларды жəне жер иеліктеріне байланыс-
ты  дауларды  қарастырды.  Жергілікті  жерлерде  қылмыстық 
жəне азаматтық юрис-дикция жиналыстардың қолында болды. 
 
ə) Ағылшындық феодализмнің қалыптасуы 
1066  жылы  норманд  герцогы  Вильгелм  үлкен  əскерімен 
аралға келіп, ағылшын-саксондық əскерді жеңді де, Англияны 
жаулап  алды.  Ол  өзін  барлық  жерлердің  жоғарғы  иесі  ретінде 
жариялап,  барлық  еркін  жер  иеленушілерден  өзіне  адалдық 
антын  білдіруге  талап  етеді,  бұл  оларды  патшаның  тікелей 
вассалдарына айналдырды. 
Қоғамдық  құрылым.  Феодалдық  шаруашылықтың  негізі 
болып  феодалдардың  жер  иеліктерінің  жиынтығын  білдіретін 
манор  табылды.  Негізгі  антагоникалық  таптар — феодалдар 
мен  басыбайлы  шаруалар  болды.  Ол  кезде  барлығы  сексенге 
жуық  қалалар  болған,  бұларда  саудагерлер  мен  қолөнерші-
лердің топтары қалыптаса бастады. 
Мемлекеттік  құрылым.  Нормандтық  жаулаудан  кейін 
Англияда  қуатты  патша  билігі  бар  орталықтанған  мемлекет 
қалыптасты. Жоғарғы заң шығару билігін патша патша курия-
 
57

сымен  бірлесе  отырып  жүзеге  асырды.  Патша  куриясы  мем-
лекеттік басқарудың жоғарғы органы,жоғарғы сот органы жəне 
мемлекеттегі қаржыларды басқарушы орган сипатында болды. 
Патша куриясынан мемлекеттің тек қаржысын ғана басқаратын 
орган — шахмат  тақтасы  палатасы  бөлініп  шықты.  Бұл  орган 
жоғарғы  есеп  палатасы  жəне  қаржылық  мекеменің  шенеу-
ніктері  жасаған  қылмыстар  туралы  істер  бойынша  сот  органы 
болып табылды. Бұл кезеңде мемлекеттегі жоғарғы лауазымды 
тұлғалар  болып  мыналар  табылды:  маршал — əскер  қолбас-
шысы;  камерарий — патшаның  жер  иеліктері  мен  мүлкіне 
басқаруды  жүзеге  асырды;  канцлер — мемлекеттік  канцеля-
рияның  жетекшісі  жəне  юстициарий — патшаның  бірінші 
көмекшісі. 
Жергілікті  басқару.  Нормандтық  жаулаудан  кейін  Англия-
ны бұрынғыша графтықтарға, жүздіктерге жəне қауымдастық-
тарға  бөлу  сақталып  қалды.  Графтықтың  басында  бұрынғыша 
олдермен  қалды,  алайда  шынайы  билік  шерифке  өтті,  ол 
графтықтың  аумағында  жоғарғы  қаржылық,  сот,  əскери  жəне 
полициялық билікті иеленді. 
Сот.  Сот  жүйесін  өзгертудің  бастамамасын  ІІ  Генрихтың 
ассиздері (нормативтік актілері) жүзеге асырды, олар 6 округке 
институт  құруды  көздеді.  Əрбір  округ  үшін 3 судьядан 
тағайындалды.  Бұл  судьяларға,  сот  функцияларынан  басқа, 
жергілікті жерлердегі шенеуніктердің қызметін жəне салықтар 
жинауды бақылау міндеті жүктелді. 1176 жылғы Нортгемптон 
ассизінде 12 рыцарьдан  жəне  басқа  да  толық  құқылы  аза-
маттардан халық сотын құру көзделді. Жүріп-тұрушы судьялар 
институтын  құрғаннан  кейін  патша  куриясында  сот  істерін 
қарастыру үшін ерекше бөлім — патша орындығы соты құрыл-
ды. 
 
б) Сословиелік — өкілдік монархия 
Қоғамдық  құрылым.  Экономикадағы  өзгерістер  мемлекет-
тегі таптық құрылымдағы өзгерістерді алып келді: нормандтық 
жəне  ағылшын-саксондық  феодалдар  арасындағы  айырмашы-
лықтар  толығымен  жойылады;  олардың  бірігуі  жүзеге  асады; 
үстемдік  құрушы  таптың  құрамында  ірі  феодалдық  ақсүйек-
 
58

терге — лордтарға жəне ұсақ жəне орта жер иеленушілерге — 
рыцарьларға  бөліну  күшейе  түседі;  феодалдар  мен  шаруалар-
дың  арасындағы  заттай  міндеттемелер  ақшалай  міндеттеме-
лерге — коммутацияларға ауысты. 
Мемлекеттік  құрылым.  ХІІ  ғ.  басында  Англияда  патша 
билігі  мен  патша  шенеуніктерінің  өкілеттіктерін  шектеуді 
жақтаған  қуатты  қозғалыс  пайда  болды,  бұл  сословиелік-
өкілдік монархияның орнауына алып келді. 1215 жылы Жерсіз 
Иоан  (Иоан  Безземельный)  бірінші  конституциялық  акт — 
Еркіндіктің ұлы хартиясына қол қояды, бұл акт патшаның би-
лігін  аса  маңызды  мəселелердің  бірі — алымдар  мен  салым-
дарды  жинауға  қатысты  шектейтін  патшалық  кеңесін  құруды 
көздеді,  бұл,  өз  кезегінде,  сословиелік-өкілдік  мекеме-парла-
менттің  құрылуына  алғышарт  болды. 1258 жылы  қаруланған 
барондар  патшаны  Оксфордтық  провизияларды  қабылдауға 
мəжбүр етті, бұл провизиялар 15 барон кеңесін құруды көздеді, 
енді  аталған  кеңестің  келісімінсіз  патша  бірде-бір  маңызды 
шешімді қабылдай алмайтын болды. 
1263  жылы  патшаның  жақтаушыларымен  оның  қарсылас-
тары  арасындағы  азаматтық  соғыс  басталды,  қарсыластар 
жағын  Симон  де  Монфор  басқарды. 1264 жылы  патша  əскері 
жеңіліп,  мемлекеттік  билік  толығымен  Симон  де  Монфордың 
қолына  өтті.  Оның  қызметіндегі  аса  маңызды  жақтардың  бірі 
болып  Англия  тарихындағы  бірінші  парламентті  шақыру 
(1265ж.) табылды, оның құрамына патша, ірі ақсүйек жəне діни 
феодалдар,  қалалардан 2 өкілден  кірді.  ХІV  ғасырдың  екінші 
жартысында  парламент  екі  палатаға  бөлінді:  жоғарғы — 
лордтар палатасы жəне төменгі — қауымдар палатасы. 
Жергілікті  басқару.  Жергілікті  басқару  жүйесіндегі  негізгі 
өзгерістер  ескі  соттар  мен  графтықтың  жиналысының  рөлінің 
бірден  төмендеуімен,  ал  олардың  функцияларының  жаңа 
лауазымды тұлғаларға жəне жүріп-тұрушы судьяларға өтуімен 
сипатталды. 
Сот жүйесі. Бұл кезеңдегі сот жүйесі мынадай болды: 
1.
 
Патша  орындығы  соты — бейбітшілікті  қорғауға  байла-
нысты қылмыстық істерді қарастырды; 
 
59

2.
 
Жалпы өндіріс соты — патшаның мүдделері мен құқық-
тарымен  байланысы  жоқ  азаматтық  істерді  қараумен  айна-
лысты; 
3.
 
Қазына соты — бір тарабы патша жағы болып табылатын 
сот — қаржылық істерін қараумен айналысты; 
4.
 
Лорд — канцлер соты — жоғарыдағы үш сотқа қарағанда 
мəселелерді  «əділдік  бойынша»  шешетін,  ал  аталған  үш  сот 
істерді «жалпы құқықтың» негізінде қарастырған; 
5.
 
Ассиздер  соты — істерді  жүріп-тұрушы  соттардың 
төрағалық етуімен қарайтын; 
6.
 
Халық соты — үлкен жəне кіші қазылардан тұрды, үлкен 
қазылар айыптау сипатындағы істерді қараса, кіші қазылар істі 
мəні бойынша қарап, шешім шығарған. 
 
в) Шексіз монархия 
Қоғамдық құрылым.  
1.
 
Жаңа ақсүйектер — джентрге 
2.
 
Қалалықтар 
3.
 
Шаруалар:  копигольдерлерге — бұрынғы  шаруалардың 
бірқатар  заттай  жəне  ақшалай  міндеттерді  иеленуші  ұрпақта-
рына  жəне  фригольдерлерге — еркін  жер  иеленушілерге  бө-
лінді. 
Мемлекеттік  құрылым.  Шексіз  монархия  Англияда  феода-
лизмнің  құлау  жəне  ыдырау  жəне  капиталистік  өндірістік 
қатынастардың туындау кезеңінде пайда болды. Ағылшындық 
шексіз  монархияның  ерекшелігі  оның  аяқталмағандығында 
болды,  яғни,  қуатты  патша  билігімен  қатар  парламент  те  өз 
қызметін жалғастыра берді. Мемлекеттік билік пен басқарудың 
жоғарғы  органдары  болып  мыналар  табылды:  патша — көп-
теген,  өзіне  ғана  бағынатын  органдары  арқылы  шынайы  заң 
шығару,  атқарушы  жəне  сот  билігін  жүзеге  асырды;  құпия 
кеңес — мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды, 
олар: лорд — канцлер, лорд — қазына басқарушы, жеке мөрді 
сақтаушы — лорд  жəне  адмирал — лорд;  парламент — 
сословиелік өкілдік органы.  
Жергілікті  басқару.  Графтықтар  сақталып  қалды,  алайда 
төменгі аумақтық бірлік ретінде приход орнықты. 
 
60

Сот  жүйесі.  Вестминстрлік  соттардың  (патша  орындығы 
соты,  жалпы  өндіріс  соты,  қазына  соты  жəне  канцлер  соты) 
құзіретінің  сақталуымен  қатар  төтенше  соттар — Жұлдызды 
палаталар  құрылды.  Халық  заседательдері  соттың  құрамына 
толығымен енгізілді. 
Құқықтың негізгі сипаттары. Англия аумағындағы құқық-
тың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылды: 
1.
 
əдет-ғұрып; 
2.
 
нормативтік  актілер  (мысалы,  Британияны  жаулап  алған 
дат  патшасы  Кнут 1017 жылы  мемлекет  үшін  міндетті  заң-
дарды — Кнут заңдарын шығарды); 
3.
 
жүріп-тұрушы  соттар  институтының  пайда  болуымен 
«жалпы  құқық»  қалыптасты,  оның  мəні  мынада  болды — 
жүріп-тұрушы  судьялар  үйлеріне  қайту  жолында  сот 
тəжірибесін  жалпылаумен  айналысты  жəне  патша  судьялары 
істерді қарауда басшылыққа алатын жалпы құқық нормаларын 
қалыптастырды; 
4.
 
ХІІ ғасырдан бастап  патша соттарында сот отырысының 
барысын жəне сот шешімін көрсететін хаттамалар жазыла бас-
тады.  Содан  соң  аса  маңызды  сот  істері  туралы  есептер  «əр-
жылдықтарда»  жазыла  бастады.  Мұнда  «жалпы  құқықтың» 
негізгі  қағидасы  пайда  болды:  жоғары  тұрған  соттың  шешімі 
осыған  ұқсас  істі  осы  сот  немесе  төмен  тұрған  сот  қарау 
кезінде міндетті болып табылатын, яғни, сот прецеденті; 
5.
 
құқықтың  жалпы  қағидалары  немесе  сот  бостандығы — 
егер ұқсас шешім болмаса; 
6.
 
«əділдік  құқығы» — тұлға  «жалпы  құқық»  соттарында 
өзінің  мүддесін  қорғауға  қол  жеткізе  алмаса,  ол  патшаға  «ар-
ұяты бойынша» істі шешуге шағымдана алатын; 
7.
 
статуттар — жоғарғы  биліктің,  яғни,  патша  мен 
парламент  қабылдаған  заң  шығару  актілері.  Патшаның  заң 
шығару актілері мен патша жəне парламент бірлесе қабылдаған 
актілерінің жиынтығы статуттық құқық деп аталды. 
Ағылшын-саксондық  құқық  жүйесіне  тəн  сипат  болып  сот 
прецеденттеріне  негізделген  «жалпы  құқық»  пен  «əділдік 
құқығының» болуы табылды. 
«Жалпы құқық» тек жерді еркін, яғни, феодалдық ұстаумен 
байланысты  сұрақтарды  реттеген. «Əділдік  құқығының» 
 
61

негізінде  копигольдерлер  (бірқатар  міндеттері  бар  шаруалар) 
мен лордтардың арасындағы азаматтық даулар қарастырылған. 
ХІІ-ХІІІ  ғ.ғ.  ағылшын  құқығында  бірде-бір  құқықтық 
жүйеде  болмаған  институт — сенімгерлік  меншік  институты 
—  траст  пайда  болды,  оның  мəні  мынада  еді:  бір  тұлға 
(сенімгерлік  меншіктің  құрылтайшысы)  басқа  тұлғаға  өз 
мүлкін  меншікке,  бір  немесе  бірнеше  тұлғалардың — 
бенецифианттардың  мүддесі  үшін  осы  мүлікті  басқаруға 
беретін. 
Міндеттемелердің  негізгі  қайнар  көзі  болып  шарттар  мен 
құқықбұзушылықтар — деликтілер  табылды.  Ағылшын-
саксондық құқығына барлық шарт түрлері тəн болатын, алайда 
шарттардың  жарамдылығына  ерекше  мəн  берілген  болатын: 
белгілі  бір  нысанда  бекітілген  жəне  сотта  хаттамаға  тіркелген 
шарттар ғана жарамды болып табылатын. 
Неке  бекітумен  жəне  оны  бұзумен,  ерлі-зайыптылардың 
жеке  қатынастарымен  қатысты  сұрақтар  канондық  құқықтың 
құзіретіне  жататын.  Ал  ерлі-зайыптылардың  арасындағы 
мүліктік қатынастар «жалпы құқықпен» реттелетін. 
Қылмыстар  мен  жазалар  туралы  нормалардың  дамуы 
статуттардың  жəне  патша  соттарының  сот  тəжірибесінің 
əсерімен  дамыды.  Барлық  қылмыстар  үш  топқа  бөлінген: 
тризна — сатқындық  (асып  өлтіру  арқылы  өлім  жазасымен 
жазаланатын);  фелония — аса  ауыр  қылмыстар  (өлім 
жазасымен жазаланатын) жəне мисдиминор — теріс қылықтар 
(мүлікті тəркілеумен жазаланатын). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
62

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет