Булгакова Д. А


 Германияның мемлекеті жəне құқығы



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата18.01.2017
өлшемі1,67 Mb.
#2136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

4. Германияның мемлекеті жəне құқығы 
 
Дербес  мемлекет  ретінде  Германия  Франк  мемлекетінің 
ыдырауы  нəтижесінде  пайда  болды.  Алғашқыда  ол  Тевтон 
мемлекеті деп аталды, оның құрамына Швабия, Бавария, Фран-
кония,  Саксония  жəне  Лотарингия  кірген  (славяндар  Тевто-
нияда  өмір  сүретін  халықтарды  немецтер  деп  атаған, «немой» 
— славян тілдерінде сөйлей алмаушы). 
Германияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері: 
1  кезең — ертефеодалдық  монархияның — герман 
халқының Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.); 
2  кезең — Германияның  княздықтарындағы  сословиелік-
өкілдік  монархияның  қалыптасуы  жəне  нығаюы  жəне 
курфюрсттер олигархиясының орнауы (ХIV-XVI ғ.ғ.); 
3 кезең — герман мемлекеттерінде княздық абсолютизмнің 
орнауы (ХVII-ХІХғ. басы). 
 
а) Ертефеодалдық монархия 
Аумақтың  көршілес  халықтардың  (славяндардың)  кеңеюі 
нəтижесінде  Еуропаның  орталығында  құрамына  барлық 
германдық  герцогтықтар,  полабтық  славяндар  мен  Солтүстік 
Италияның  күштеп  қосылған  жерлері  кірген  империя  пайда 
болды,  ол  ХІІІ  ғасырда  «герман  халқының  қасиетті  Рим 
империясы»  атауын  иеленді.  Бұл  əр  түрлі  халықтарды — 
немістерді,  славяндарды — императордың  билігіне  күштеп 
біріктірген мемлекет болды, алайда əлсіз болғандықтан, мұнда 
саяси  дербес  княздықтар  мен  жекелеген  неміс  қала — 
республикалары қалыптасты. 
Қоғамдық  құрылым.  Бұл  кезеңде  халықтың  негізгі  бөлігін 
феодалдар  құрады,  олар  үстемдік  құрушы  топ  пен  рыцарь-
лардан  тұрды  (бұлардың  екеуіне  де  ортақ  белгі  болып  сю-
зереннен  алынған  ленді  иелену  мен  сюзереннің  əскеріне  қыз-
мет  ету  міндеті  табылды).  Халықтың  екінші  бөлігі  шаруалар-
дан тұрды, олар бірнеше санаттарға бөлінді: еркін шаруалар — 
өз  жерлерінің  иесі;  чиншевиктер — бөтен  жерді  пайда-
ланушылар жəне сол үшін алым-чинхи төлеушілер; басыбайлы 
 
63

шаруалар  мен  халоптар;  қалалықтар — саудагерлер  мен  қо-
лөнершілер, жеке бостандық пен меншікті иеленген. 
Мемлекеттік  құрылым.  Германиядағы  мемлекеттік  құры-
лымның өзіндік ерекшеліктері болған: 
а) патшалар (императорлар) сайланбалы болатын; 
ə)  жергілікті  феодалдардың,  əсіресе,  князьдардың  билігі 
ерекше  мəнге  ие  болғаны  соншалық,  олар  дербес  мемлекет 
басшыларына айналды. Формальды түрде герман патшасының 
билігі  ауқымды  болса,  іс  жүзінде  ол  діни  жəне  ақсүйек 
феодалдардың  артықшылықтарының  нəтижесінде  шектелетін 
болды, сөйтіп феодалдар орталық биліктен экономикалық жəне 
саяси тəуелсіз болды. Хғ. басқарудың сарайлық — вотчиналық 
жүйесі бекітілді. Жергілікті жерлердегі патша шенеуніктері — 
графтар мұрагерлік ленниктерге айналды, олар өз иеліктерінің 
басқару  аппаратын  қалыптастырды,  сөйтіп  орталық  органдар 
жергілікті жерлердегі басқаруға араласа алмайтын болды. 
Əскер.  Бұл  кезеңде  Германияның  қарулы  күштері  рыцарь-
лардан — императордың  вассалдарынан  құралды.  Феодалдар-
дың  əскери  қызметі 6 аптамен  жəне  белгілі  бір  аумақпен 
шектелді.  Қажет  болған  жағдайда  патша  қолына  шаруалар 
шақырылатын. 
Сот. Императорлардың сот билігі шектелген болатын. Жо-
ғарғы  юрисдикция  ақсүйек  жəне  діни  феодалдардың  қолында 
жинақталды;  сословиелік  соттар  пайда  болып,  өзімен  тең 
тұлғалармен соттасу қағидасы бекітіледі. Шаруаларға қатысты 
сот билігін феодалдар жүзеге асыратын болды. 
 
ə) Сословиелік — өкілдік монархия 
Қоғамдық  құрылым.  Таптық  құрылымдағы  өзгерістер  орта 
феодалдардың  жоғалуынан,  орта  феодалдар  сословиесі  ретін-
дегі  рыцарьлар  тобының  құлдырауынан  жəне  қалалардағы 
қаналушы тап өкілдерінің санының өсуінен көрініс тапты. Діни 
қызметкерлер екі топқа бөлінді: жоғарғы діни қызметкерлер — 
ірі  жер  иеленушілер  жəне  төменгі  діни  қызметкерлер — 
қаланың  жəне  селоның  дін  қызметшілері.  Қала  халқының 
арасынан  жоғарғы  топ — патрициат,  орта  топ — шеберлер 
жəне  халықтың  пиебей  бөлігі — шеберлердің  көмекшілері 
бөлініп шықты. 
 
64

Мемлекеттік  құрылым.  Князьдардың  экономикалық  кү-
шеюінің  нəтижесі  ретінде  Германияның  саяси  ыдырауының 
өсуі  орын  алды.  Бұл  кезеңде  мемлекетте 324 аумақтық  бірлік 
болды,  олар  дербес  мемлекеттер  құқығын  иеленді,  сонымен 
қатар, 1475 еркін  рыцарьлықиеліктер  болды.  ХІV  ғасырдан 
бастап мемлекетті іс жүзінде жеті ірі князьдардан құралған топ 
басқарды,  олар:  маркграф  Бранденбургский,  герцог  Саксон-
ский,  пфальцграф  Рейнский,  Чехия  мен  Богемия  патшалары 
жəне  үш  епископ — Кельнский,  Майнцкий  жəне  Трирский. 
Бұлар курфюрсттар, яғни, сайлаушылардың князьдары атауын 
иеленді.  Курфюрсттар  əрбір  императордың  сайлау  кезінде 
оның  билігін  шектеуге  қатысты  өздерінің  шарттарын  қабыл-
дауына  бар  күшін  салды.  Бұл  шарттар  сайлаушылық  капиту-
ляциялар деп аталды. 
ХІV  ғасырдан  бастап  имперлық  сейм — Рейхстагтың 
өкілдік  органының  ұйымы  тұрақты  сипатты  иеленді,  ол  үш 
алқадан құралды: курфюрсттер алқасы; князьдер, графтар жəне 
еркін  тұлғалар  алқасы  жəне  қалалар  өкілдерінің  алқасы.  ХVІІ 
ғасырдан  бастап  бұл  алқалар  имперлік  сословиелер  немесе 
чиндер  атауын  иеленді.  Əрбір  мемлекетте  өз  сословиелері 
(чиндер) пайда болды, олар өз артықшылықтарын иеленді жəне 
тұйық  корпорацияларға  айналды.  Басым  көпшілік  мемлекет-
терде  бір-бірінен  тəуелсіз  жəне  тұйық  үш  курия  құрылды:  дін 
қызметкерлерінің  куриясы, рыцарьлар  куриясы  жəне  қалалық-
тар  куриясы.бұл  куриялардың  жиналыстары  ландтагтар  деп 
аталды. 
Қалалар  өздерінің  саяси  мəні  бойынша  үш  топқа  бөлінді: 
имперлық  қалалар  (патшаның  тікелей  вассалдары  болып  та-
былды, өздерінің жоғарғы соты, əскері болды, тиын шығарды, 
императорға  адалдық  антын  білдірді,  жыл  сайын  императо-
рлық  салық  төлеп  əскерді  жасақтауға  жəрдемдескен),  еркін 
қалалар)  ұқсас  құқықтарды  иеленген,  алайда  салықтар  мен 
əскерді  жасақтаудан  босатылған)  жəне  княздық  немесе  жергі-
лікті қалалар (өз кеңестері болған, алайда олардың құқықтары 
шектелген болатын).  
1495  жылы  импер  соты  құрылды,  мұнда  барлық  істер  рим 
құқығының негізінде қарастырылатын болды, содан кейін ғана 
екінші кезекте неміс құқығы қолданылатын. 
 
65

 
б) Шексіз монархия 
Германиядағы  шексіз  монархияның  өзіндік  ерекшеліктері 
болды.  Біркелкі  емес  экономикалық  дамудың  нəтижесінде 
мемлекет  ұзақ  уақыт  бойы  ыдыраушылық  жағдайында  болды, 
алайда  империяның  құрамына  кірген  əрбір  жеке  мемлекетте 
ХVІІ  ғасырға  қарай  шексіз  монархия  орнады.  Бұл  княздық 
немесе облыстық абсолютизм еді. 
XVII-XVIII  ғ.ғ. герман империясының қоғамдық  құрылысы 
өзгеріссіз  қалды.  Император  билігі  құрметті  атаққа  айналды. 
Князьдар  əскери  міндеттен  босатылып,  императорға  салықтар 
төлемейтін  болды.  Рейхстаг  өз  мəнін  жоғалтты.  Импер  соты-
ның орнына имперлық сарайлық сот келді. Ландтагтар тек көз-
бояушылық үшін жиналатын болған. 
 
в) Пруссия 
Барлық  герман  мемлекеттерінің  арасынан XVIII ғасырда 
Бранденбург  маркграфствосы  ерекше  күшейді,  ол 1702 жылы 
Пруссия патшалығына айналды. Бұл полицейлік мемлекет еді, 
оның  негізгі  қағидасы  болып  азаматтардың  кезкелген  жеке 
құқықтарын  жоққа  шығару  жəне  шектен  тыс  бюрократизм 
табылды. 
Пруссия  мемлекетінің  басшысы  болып  патша  табылды,  ол 
курфюрсттердің  имперлық  алқасына  кіретін.  Патшаның  жа-
нында  құпия  кеңес-мемлекеттік  басқарудың  жоғарғы  органы 
əрекет етті, ол үш департаментке бөлінді: шетелдік істер, ішкі 
істер  жəне  юстиция  департаменттері.  Пруссиядағы  жергілікті 
басқару  ақсүйектік  өзін-өзі  басқаруға  негізделген  болатын. 
Ақсүйектер  өз  қатарынан  ландраттарды  сайлайтын,  олар  то-
лығымен орталық билікке бағынған болатын. Пруссиядағы бас-
қарудың  жүйесі  төменгі  буындардың  жоғарғы  буынға  толы-
ғымен бағыну қағидасына — шенеуніктік иерархия қағидасына 
негізделген болатын. 
Құқықтық  негізгі  сипаттары.  Х-ХІІІ  ғасырларда  Герма-
нияда  біртұтас  құқықтық  жүйе  болмаған:  əрбір  саяси  бостан-
дығы бар аумақта өз құқығы болатын, бұл кезеңдегі құқықтың 
негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылатын. 
 
66

ХІІІ  ғасырда  əдет-ғұрыпты  жазуға  қатысты  алғашқы 
талпыныстар  орын  алды,  олар  жеке  сипатта  болды,  олардың 
ішіндегі аса əйгілілері Саксондық зерцало мен Шваб зерцалосы 
еді.  
Саксондық зерцалоның негізгі қайнар көзі болып солтүстік-
шығыс Германияның əдет құқығының нормалары табылды. Ол 
екі  бөліктен  құралды: 1) жергілікті  құқық — еркін  тұлғалар 
арасындағы  азаматтық,  қылмыстық — іс  жүргізушілік  жəне 
мемлекеттік-құқықтық қатынастарды  реттейтін  жəне 2) лендік 
құқық — феодалдар  арасында  пайда  болатын  вассалитет 
қатынастарын реттейтін. 
Шваб  зерцалосының  қайнар  көздері  болып  ежелгі  герман-
дық  шындықтар — Бавар  жəне  Аллемен  шындықтары,  импе-
раторлардың  капитулярийлары,  римдік  жəне  канондық  құқық, 
сонымен қатар Саксон шындығы табылды. 
Құқықтың  қайнар  көздеріне  сонымен  қатар  мыналар  да 
жатты: қалалық құқық — Магдебург жəне Любекс құқықтары, 
бұлар  адамдарды  еркін  жəне  тəуелді  деп  бөлмейтін  жəне 
барлық  қатынастарды  реттейтін;  рим  құқығы,  ол XVI-XVII 
ғасырларда  негізгі  қайнар  көз  болып  табылды;  канондық 
құқық. 1532 жылы рехстаг жалпы германдық қылмыстық жəне 
қылмыстық  іс  жүргізушілік  ереже  қабылдады,  ол  «Каролина» 
деп  аталды,  бұл  ереже  жергілікті  əдет-ғұрып  пен  заңдардағы 
олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған болатын. 
Каролинаға  сəйкес  қылмыстардың  келесі  түрлері  ажыра-
тылды: 1. Дінге қарсы қылмыстар — құдайдан безіну, дуалау, 
антынан  таю. 2. Мемлекеттік  қылмыстар — сатқындық,  би-
лікке  қарсы  көтеріліс,  бейбітшілікті  бұзу,  жалған  ақша  жасау, 
қарақшылық. 3. Меншікке  қарсы  қылмыстар — ұрлық,  тонау, 
өртеу. 4. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар — адам өлтіру, адам-
ның мүшелеріне зиян келтіру, зорлау, қорлау, ар-ұятқа нұқсан 
келтіру. 5. Имандылыққа  қарсы  қылмыстар — екі  əйел  алу, 
некедегі  адалдықты  бұзу,  зинақорлық,  жақын  туыстарымен 
жыныстық қатынасқа түсу, кəмелетке толмағандармен жыныс-
тық  қатынасқа  түсу. 6. Əділ  сотты  жүзеге  асыру  тəртібіне 
қатысты  қылмыстар — сот  алдында  өтірік  ант  беру  жəне 
жалған  куə  болу. 7. Сауда  тəртібіне  қатысты  қылмыстар — 
 
67

жеткізбей өлшеу, асыра өлшеу. Жаза түрінде өлім жазасы, дене 
жазалары, мелекеттен қуу жəне айыппұл көзделген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
68

Ə. ОРТАЛЫҚ ЖƏНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЕУРОПА  
     ЕЛДЕРІНДЕГІ ФЕОДАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТ  
     ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ 
 
1.
 
Византияның мемлекеті жəне құқығы 
 
395 жылы Рим империясы түбірімен Батыс жəне Шығыс им-
перияларға бөлінді. Шығыс Рим империясы Византия деп ата-
ла  бастады.  Византияның  құрамына  мыналар  кірді:  Түркия, 
Кіші  Азия,  Сирия,  Палестина,  Египет;  Балқан  түбегі,  Месо-
потамияның  бөлігі,  Армения,  Қырым  мен  Кавказдың  оңтүстік 
жағалауы. 
Византияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері: 
1  кезең — құл  иеленуші  мемлекет  пен  құқықтың  ыдырауы 
жəне  феодалдық  мемлекет  пен  құқықтың  негізгі  институтта-
рының қалыптаса бастауы (IV-VII ғ. ортасы); 
2 кезең — феодалдық мемлекет жəне құқықтың қалыптасуы 
жəне дамуы (VII ғ. ортасы — ІХғ. бірінші жартысы); 
3кезең — басқарудың тармақталған бюрократиялық аппара-
ты бар орталықтанған феодалдық монархияның құрылуы (ІХ ғ. 
екінші жартысы — ХІІІ ғ. басы); 
4 кезең — феодалдық ыдыраушылық жəне орталық биліктің 
əлсіреу процесінің күшеюі (1204 — 1453 ж.ж.). 
Қоғамдық құрылым. Византияның бүкіл халқы мұрагерлікке 
өтетін өзіне тəн белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар сос-
ловиелерге  бөлінді.  Ең  жоғарғы  болып  қызметкерлер  сосло-
виесі  табылды,  олардың  жоғарғы  тобын  жоғарғы  мемлекеттік 
лауазымдардағы  ірі  жер  иеленушілер — сенаторлар  құрады. 
Сенаторлар  атағын  иеленбеген  қызметкер — ақсүйектер  ди-
наттар  деп  аталды.  Бұл — магистрлар,  облыстық  бастықтар, 
митропометтер,  епископтар,  игумендер  лауазымын  иеленген 
ірі  жер  иеленушілер  еді.  Артықшылықтарды  иеленген  сосло-
виеге,  сонымен  қатар,  куриалдар — қалалық  куриялардың 
құрамына  кірген  ұсақ  жəне  орта  жер  иеленушілер  де  кірді. 
Одан  кейін  иерархиялық  баспалдақта  шаруа  халқы  тұрды, 
олардың негізгі бөлігін колондар құрады. Колондар еркін жəне 
басыбайлы  болып  бөлінді.  Басыбайлы  колондар  еркін  колон-
дарға  қарағанда  нақты  бір  жерге  бекітілген  болатын  жəне  бір 
 
69

жер иеленушіден екіншісіне кете алмайтын. Келесі сословие — 
плебейлер,  бұл — қалалардың  еркін  халқы:  саудагерлер,  кеме 
иелері,  қолөнершілір,  ұсақ  жер  иеленушілер.  Соңғы,  құқық-
тарды иеленбеген топ — құлдар-дулдар еді. 
Мемлекеттік  құрылым.  Византия  империясы  орталықтан-
ған  мемлекет  болатын,  оның  басында  император  тұрған,  ол 
византиялық  шіркеудің  ілімі  бойынша  өз  билігін  құдайдан 
алтын, ал оның тұлғасы қасиетті деп саналатын. Императордың 
қолында  заң  шығару,  атқару  жəне  сот  биліктері  жинақталған 
болатын.  Императордан  кейін  екінші  тұлға  болып  Константи-
нополь  патриархы  табылды.  Императордың  жанында  екі 
кеңесуші орган болды: 1) ішкі жəне сыртқы саясаттың маңыз-
ды мəселелерін талқылаушы Сенат жəне 2) орталық мемлекет-
тік  басқарудың  басында  тұрған  мемлекеттік  кеңес — 
Консисторий. 
Жоғарғы лауазымды тұлғаларға мыналар жатты: 

 
преторийдің  екі  префекті  (Шығыс  преторий  префекті 
Кіші  Азияға,  Понтқа  жəне  Фракияға  басшылық  жасады;  Или-
рия преторий префекті — Балқан түбегіне басшылық жасады); 

 
астана префекті (эпарх), Константинополь мен 100 ми-
льге дейін оған жақын жатқан селолық аймақты басқарды; 

 
сарай  бастығы — императордың  жеке  күзетін,  жеке 
канцеляриясын жəне мемлекеттік поштаны басқарды; 

 
квестор — Мемлекеттік  кеңестің  төрағасы  болып  та-
былды,  император  жарлықтарын  жасаумен  жəне  оларды  тара-
тумен айналысты; 

 
қаржының  екі  комитеті — біреуі  мемлекеттік  қазы-
наны,  екіншісі  императордың  иеліктерін,  сарайларын  жəне  ат 
зауыттарын басқарды; 

 
əскердің  екі  магистрі:  біреуі  жаяу  əскерге,  екіншісі 
атты əскерге басшылық жасады. 
Жергілікті басқару. Византияның бүкіл аумағы екі префек-
тураға  бөлінді,  префектуралар  əрқайсысы 50 провинциядан 
құралған  жеті  диоцезден  тұрды.  Ең  төменгі  аумақтық  бірлік 
болып қауымдастық табылды. 
Сот жүйесі. Византияның сот жүйесі төмендегідей сипатты 
иеленді: 
 
70

1.
 
Жоғарғы  сот  органы  болып  император  соты  табылды — 
мемлекеттік  қылмыстар  туралы  аса  маңызды  істерді  қарас-
тырды. 
2.
 
Мемлекеттік  кеңес — мемлекеттік  қылмыстар  жəне 
жоғарғы  лауазымды  тұлғалардың  қылмыстары  туралы  істерді 
қарастырды. 
3.
 
Секреттер  (канцеляриялар) — өздеріне  бағынышты  тұл-
ғаларды соттау құқығы болған. 
4.
 
Протовестиарий  (сарайдағы  жоғарғы  лауазымды  тұлға-
лардың бірі) — сарай қызметкерлері, лауазымды тұлғалары ту-
ралы істерді қарастырды. 
5.
 
Констинополь эпархы — цех шеберлерінің істерін қарас-
тырған. 
6.
 
Параталассит  (қаржы  мекемесінің  шенеунігі) — сауда-
герлер мен кеме иелеріне қатысты сотты жүзеге асырған. 
7.
 
Квестор  (жоғарғы  сот  қызметкерлерінің  бірі) — жер 
даулары мен өсиеттер туралы істерді қарастырды. 
8.
 
Жоғарғы  шіркеу  соты  болып  Константинополь  патриар-
хатының соты табылды. 
9.
 
Шаруалар  қауымында  қауым  мүшелері  арасындағы  бар-
лық дауларды қауым жиналысы шешкен. 
Құқықтың  негізгі  сипаттары.  Византияда  император  жар-
лықтары,  грамоталары,  заңдар  жинағы,  оларға  түсіндірмелер, 
сот  тəжірибесінің  жинақтары  түріндегі  біршама  дамыған  заң-
нама жүйесі болған. 
 IV  ғасырдан VII ғасырға  дейін  құқықтың  негізгі  қайнар 
көздері  болып  Феодосий  кодексі  мен  Юстиниан  жинағы 
табылған.  Сонымен  қатар  құқықтың  басқа  да  қайнар  көздері 
болған: 
1.
 
Эклога (726ж.) — азаматтық,  қылмыстық  жəне  іс 
жүргізушілік  заңдардың  жинағы  (бұлардың  негізін  Юстиниан 
жинағы  құраған),  ескірген  заңдардан  басқа  жаңа  заңдар  жəне 
əдет құқығының нормалары. 
2.
 
Жер  туралы  заң,  бұның  негізін  славяндық  əдет  құқығы 
құраған,  заң  ауыл  шаруашылығы  саласындағы  құқықтық 
қатынастарды реттейтін. 
3.
 
Əскери  заң,  бұл  заң  əскери  қызметшілердің  əскери 
қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілігін анықтаған. 
 
71

4.
 
Номоканондар — шіркеулік құқықтың жинақтары, мұнда 
шіркеулер мен патриархтардың қаулылары кірген. 
5.
 
Прохирон (879ж.) — азаматтық,  қылмыстық  жəне  шір-
кеулік  құқық  нормалары  бар  заңдардың  судьяларға  арналған 
қысқаша жазбасы. 
6.
 
Базиликтер (888ж.) — 60 кітаптан  құралған  заңнамалық 
жинақ. 
7.
 
Хрисовулдар — дін қызметкерлері, шіркеулер жəне жеке-
леген  тұлғалар  үшін  артылықшылықтар  жазылған  алтынмен 
өрнектелген грамоталар. 
8.
 
Эпарх  кітабы,  мұнда  византиялық  саудагерлер  қолөнер-
шілер  корпорацияларының  ұйымы,  өмірін  жəне  жағдайын 
анықтайтын нормалар көрініс тапқан. 
9.
 
Алтыкітаптық — Византияның азаматтық жəне  қылмыс-
тық құқығының жинағы (1345ж.). 
Меншік құқығында прония институты дамыған, бұл инсти-
туттың  мəні  мынада  еді:  қызметкер  тұлғаларға  жерді  шартты 
жəне  өмір  бойға иелікке  беру. Міндеттемелік  құқықта  міндет-
темелерді  шарттардан  туындаған  жəне  деликтілерден  туында-
ған міндеттемелер деп бөлу сақталып қалды. Неке Византиыда 
православиелік шіркеулік құқықтың нормаларымен реттелетін. 
Мұрагерлік  құқық  заң  бойынша  жəне  өсиет  бойынша  мұра 
иеленуді  танитын.  Қылмыстық  құқықта  қылмыстардың  келесі 
түрлері  ажыратылатын:  мемлекеттік  қылмыстар,  мүліктік 
құқықтырға  қарсы  қылмыстар,  имандылыққа  жəне  отбасына 
қарсы  қылмыстарға  жеке  тұлғаға  қарсы  қылмыстар.  Жазалар-
дың бір қылмыс түрі үшін де көптігі орын алған болатын, олар: 
өлім  жазасы,  мүшелерге  зақым  келтіру  жазалары,  ақшалай 
айыппұлдар, мүлікті тəркілеу, мемлекеттен қуу. Барлық құқық-
бұзушылықтар  түрі  бойынша  сот  істері  либеллярлық  процесс 
түрінде  өтетін,  оның  мəні  мынада  болды:  сот  талқысының 
барлық кезеңдері жазбаша рəсімделетін. 
 
 
 
 
 
 
 
72

 
2. Болгарияның мемлекеті жəне құқығы 
 
Болгария мемлекетінің тарихының кезеңдері: 
1  кезең — «Жеті  тайпа  одағы» (VII ғ.),  бұл  кезде  Визан-
тияның  құрамына  кірген  Балқан  түбегінің  ірі  бөлігі — Ми-
зияны славяндар жаулап алды; 
2  кезең — Біірінші  Болгар  патшалығы,  бұл  кезде  мынадай 
оқиғалар орын алды: 
— 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар 
дружинасы  басып  кірді,  бұлар  Византияны  жеңеді  де, 681 ж. 
византиялық император IV Константин Аспарух ханмен бейбіт 
келісімге  келді,  бұл  жаңадан  пайда  болған  славян-болгар 
мемлекетін тануды білдірді; 
— 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон князьдың 
тұсында Балқандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі 
қайталанған  өзара  соғыстар  мен  үстемдік  құрушы  таптағы 
қайшылықтар Болгар мемлекетінің əскери жəне экономикалық 
қуатының  əлсіреуіне  алып  келді,  мұны  пайдаланған  Византия 
Болгарияны 1018 жылдан  бастап 1187 жылға  дейін  өз  қол 
астына алды; 
3  кезең — Екінші  Болгар  патшалығы (1187-1396 ж.ж.) 
болгар  халқының  византиялық  күштеуге  қарсы  азаттық  кү-
ресінің нəтижесінде құрылды. 
Қоғамдық  құрылым.  Славян-болгар  мемлекетінің  таптық 
негізін  феодал — жер  иеленушілер  мен  шаруалар  құраған. 
Феодалдар  табына  ірі  феодалдық  ақсүйектер — боярлар  мен 
олардың вассалдары — ұсақ феодалдар кірген. 
Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған: 
париктер — феодалдарға  тікелей  тəуелді,  жерге  бекітілген 
жəне  одан  кетуге  құқығы  болмаған;  отроктар — тəуелді  ша-
руалардың ең төменгі санаты; технатарийлер — өз қожасының 
шаруашылығындағы  қажеттіктер  үшін  қызмет  ететін  қолө-
нершілер.  
Мемлекеттік  құрылым.  Болгар  мемлекетінің  басында 
монарх  тұрған  (ол  түрліше  аталған:  алғашқыда — хан,  сла-
вянша — князь,  Симеонның  тұсында — кесар,  кейін — 
император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот жəне 
 
73

жоғарғы  қолбасшы  болып  табылды.  Оның  билігінің  негізін 
əскер  құраған.  Патша  билігі  Бояр  кеңесімен  шектелетін,  оның 
құрамына  ұлы  боярлар  мен  патриарх  кіретін.  Жоғарғы 
лауазымды  тұлғаларды  патша  өзі  тікелей  тағайындайтын. 
Олардың  қатарынан  мыналарды  атауға  болады:  ұлы  логофет– 
бірінші  министр  жəне  Екінші  Патшалық  патшасының  кө-
мекшісі;  протовестиарий — қаржы  министрі,  патшаның  жəне 
мемлекеттің қазынасын сақтаушы жəне басқарушы; ұлы əскер-
басы жəне протостратор — жоғарғы əскери шендер.  
Жергілікті  басқару.  Болгарияның  аумағы  облыстарға 
бөлінген,  оларды  патша  билігінің  тікелей  өкілдері  болып 
табылатын облыстық басшылар — дукалар басқарған.  
Сот  жүйесі.  Болгарияның  сот  жүйесі  мемлекеттік  жəне 
шіркеулік соттардан құралған.  
1393  жылдан 1878 жылға  дейін  Болгария  Түркияның 
билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркия-
ның арасында Сан-Стефан бейбіт келісіміне қол қойылды, оған 
сəйкес  Болгарияға,  Сербияға,  Румынияға  жəне  Черногорияға 
тəуелсіздік берілді.  
Құқықтың  негізгі  сипаттары.  VІІ-VІІІ  ғасырларда  Болга-
рияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылды. 
Кейін номоканондар — шіркеулік византиялық заңдар жинағы 
пайда  болды,  олардың  арасында  Эклога  мен  Жер  туралы  заң 
ерекше  орынды  иеленген.  Аса  маңызды  қайнар  көздердің  бірі 
32  тараудан  тұрған,  қылмыстық,  азаматтық  жəне  іс 
жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы 
болған.  
Бұл  қайнар  көздерге  сəйкес  жерге  меншіктің  екі  түрі 
ажыратылды: баштина — мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін 
меншік  жəне  прония — міндетті  əскери  қызметпен  байла-
нысты,  шарттық  сипаттағы  өмір  бойғы  иелену.  Баштина  қай-
тыс  болған  тұлғаның  балаларына  өтетін,  ал  прония  иесінің 
өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған 
мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін.  
Қылмыстық  құқықта  қылмыс  ретінде  патша  билігі  мен 
шіркеу  орнықтырған  құқық  нормаларын  бұзу  түсінілген. 
Патшаға  жəне  жеке  тұлғаға  қарсы  қылмыстар  Эклогамен,  ал 
меншікке  қарсы  қылмыстар  Сот  заңымен  реттелетін,  азамат-
 
74

тық-құқықтық  құқықбұзушылықтар  Жер  туралы  заңда  көрініс 
тапқан.  Болгар  мемлекетінде  жауапкершілік  дəрежесі  мен  жа-
заның  ауырлығы  жəбірленуші  мен  қылмыскердің  сословиелік 
тегіне байланысты анықталатын болған.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет