Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары


Мектептік  білім  берудің  қолданыстағы  оқу  бағдарламаларына



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Мектептік  білім  берудің  қолданыстағы  оқу  бағдарламаларынаМӘҢГІЛІК 
ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕНГІЗУ деп нақты көрсетеді.  
Бұл  ретте,Еліміздің  тәуелсіздігін  ары  қарай  да  нық  сақтап  қалудың 
алғышарттарының  бірі  -  халқымыздың  ұлттық  сипатын  сақтау,  ары  қарай 
дамыту  екені  анық.  Оның  бір  құралы  ұлттық  педагогика  мен  психологияға 
келіп тірелетінін жақсы білеміз. Олай болса, біздің қоғам «ұлттық психология» 
деген  ұғымды  қаншалықты  түсініп,  көңіл  бөліп,  зерттеп  отыр?  деген  сұрақ 
туындайды.  
«Ұлттық  психология  -  әр  ұлттың  төлқұжаты,  мәселен,  «ұлттық 
мінез», «ұлттық мақтаныш»,  «ұлттық  намыс»,  «ұлттық  дәстүр»,  «ұлттық 
сана», т.б. ұғымдар  ұлттың бүкіл  дүниежүзілік  мәдениетке үлес  қосуында 
белсене  қызмет  істейтінін,  ұлттық  таланттың  көзін  ашатын  ақыл-ойын 

59 
 
жинақтап,  оларды  бір  арнаға  бағыттайтын  катализатор.  «Қазір  қазақ 
ғылымын  халықаралық  дәрежеге  жеткізу  керек»  деген  сындарлы  пікір 
бар»  деп  айтып  кеткен  ұлттық  психология  ғылымын  іргетасын  қалаған, 
педагогика  және  психология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Құбығұл 
Жарықбаевтың еңбегі зор.  
Бұл мәселе жайында Мәшһүр Жүсіп, Ғұмар Қараш артына көптеген еңбек 
қалдырды. Шәкәрім Құдайбердиев психологияны қазақта тұңғыш рет негіздеп 
«Жан сыры» деп атаған. Жүсіпбек Аймауытов «Жан жүйесі» деп зерделеді. Ал 
қазір «Жантану» деп қалыптастырады. Тура мағынасында айтқанда психология 
адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін ғылым. Тіпті Ж.Аймауытов білім негізі 
ана  тілі  арқылы  меңгерілетінін  айта  келіп:  «Ана  тілін  жақсы  меңгере  алмай 
тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі  - халық болып жаралғаннан 
бергі  жан  дүниесінің  айнасы,  өсіп-өніп,  түрлене  беретін,  мәңгі  құламайтын 
бәйтерегі»  деген.  Аймауытов  «Психология»  (1926),  «Жан  жүйесі  және  өнер 
таңдау» (1926) оқулық құралдарын жазып, психология, педагогика, әдістемелік 
ғылымдарды  ұштастыра  оқытуға  терең  мән  берді.  Ал  Мағжан  Жұмабаевтың 
«Бастауыш  мектептегі  ана  тілі»  (1925),  «Сауатты  бол»  (1926),  «Педагогика» 
(1922) атты еңбектері - педагогика-психология ғылымына қосылған елеулі үлес. 
Ол  -  қазақтың  халық  психологиясын  ғылыми  тұрғыда  қарастырып,  осы 
ғылымның  іргетасын  қалаған  ғұлама.  Ал  сонау  Х  ғасырдағы  әл-Фараби 
бабамыздың  психологияға  қатысты  жеті  еңбегі  -  өз  алдына  бөлек  әңгіме.  XV 
ғасырда  өмір  сүрген  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлы  «Шипагерлік  баян»  деген 
еңбек  жазыпты.  Сонда  философия,  психология,  медицина,  әдебиет  және  тағы 
басқа  ғылымдардың  мәселелерін  сөз  етеді.  Орта  ғасырдағы  қазақ  ғалымы 
Мұхамед  Хайдар  Дулатидің  «Тарихи  Рашиди»  кітабында  да  психология 
мәселелері тұнып тұр. 
Толстой өзінің «Соғыс және бейбітшілік» атты эпопеясында адамның бет-
келбетінің  98  түрлі  ерекшелігін  көрсетіп,  Волконский,  Ростова  секілді 
кейіпкерлерін  суреттеген.  Ленин  Толстойды  «Орыс  жанының  айнасы»  деуі  де 
содан  болар.  Бұл  салада  қазақ  топырағында  аса  құнды  пікір  айтқан  адамның 
бірі-Жүсіпбек  Аймауытов.  Жүсіпбектің  тәлім-тәрбие  тақырыбында  жазған 
еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді оқу құралының орны 
айырықша.  «Психология  нені  сөйлейді?»  дейтін  бірінші  тарауында  осы 
ғылымның екі жарым мың жылдық тарихынан біраз мағлұмат береді. Адамның 
жан  дүниесін,  мінез-құлқын  зерттеуді  қалайша  ұйымдастыруға  болатынын 
тәптіштеп  түсіндіреді.  Бізді  ерекше  таңғалдыратыны  -  адам  психологиясын 
зерттеуде  математиканы,  оның  варияциялық  статистика  дейтін  саласын 
қалайша  пайдалануға  болатындығы  жайлы  мәселе.  Қазақ  топырағында  мұны 
Аймауытовтан  басқа  ешкім  күні  бүгінге  дейін  көтермеген.  Біздегі  ғылыми 
психологиялық  терминдердің  алғаш  жүйеге  түсуі  де  Аймауытов  есімімен 
байланысты. Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, түрікмен, қырғыз, 
башқұрт  тілдерінде  ұлттық  психологиялық  еңбектер  жарық  көрмеген. 
Жүсіпбектің  еңбегі  бүкіл  кеңестік  түркі  тектес  халықтар  тілінде  алғаш  жарық 
көрген бірден-бір туынды.  

60 
 
Тіпті  әрідегі  ғұлама  ойшылдарымыз  түгілі,  берідегі  Шоқан,  Ыбырай, 
Абай  мұралары  да  психологиялық  ғылымның  қайнар  бұлағы  екенін  түсіну 
қиын  емес.  Әр  ұлттың  өзіндік  мінез-құлқын,  өзіндік  табиғатын  зерттейтін 
ғылымды меңгеру өркениеттің бір белгісі болса керек. Өркениетті деген Батыс, 
Шығыс  елдерінің  бәрінде  үлттық  тәлім  ежелден  оқытылып  келе  жатқанын 
айтпай-ақ  қояйық.  Елімізбен  тағдырлас  Ресейде,  Украинада,  Өзбекстанда 
ұлттық психология пәні 1-11 сыныптарда негізгі пән ретінде оқытылады екен. 
Әсіресе  Украина  мен  Өзбекстанда  бұл  ғылымға  ерекше  көңіл  бөлінген. 
Жапония,  Корея,  Араб  елдерінің  бүкіл  тәлім-тәрбие  өзегі  ұлттық  педагогика 
мен  ұлттық  психология  екені  әлемге  белгілі.  КСРО  педагогика  ғылымдар 
академиясының  академигі  Ш.А. Амонашвили  Кеңес  кезінде  мұғалімдердің 
Бүкілодақтық  құрылтайында  былай  деген  екен:  «Оқушылар  грузин  тілінде 
оқитын мектеп ұлттық мектеп емес. Онда қашан грузин рухы өмір сүрсе, сонда 
ғана  грузин  мектебі  бола  алады».  Олай  болса  бізге  не  кедергі  деген  ой 
туындайды. 
1992-1997 
жылдары  жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің 
бағдарламалары  жасалып,  оқу  құралдарын  әзірлеген  профессор  Қ. Жарықбаев 
бастаған ғалымдар жазған оқулықтардың атын айтсақ та оның мән-маңызы зор 
екенін  бағамдау  қиын  болмас.  1-4  сынып  үшін  «Әдеп  әліппесі»  -  авторы, 
профессор  Ә. Табылдиев.  5-7  сыныптар  үшін  «Әдеп  негіздері»  -  авторлары 
профессор  Қ.Жарықбаев,  доцент  Ә. Алдамұратов,  профессор  С. Ғабитов.  8 
сынып  үшін  «Әдеп  негіздері»  -  авторы  профессор  Ж. Молдабеков,  9  сынып 
үшін  «Әдеп  негіздері»  -  авторы,  профессор  С. Қали.  10-11  сыныптар  үшін 
«Әдептану  және  жантану»  -  авторлары  профессорлар  Қ. Жарықбаев  пен 
Ә. Табылдиев.  Осы  оқу  қүралдарымен  бірге  бұлардың  бағдарламалары  да 
басылып, республика мектептеріне таратылуға тиіс болатын. Бұл оқулықтарды 
мектептерде  оқытуға  арналған  әдістемелік  конференциялар  бірнеше  рет 
өткізіліп,  бұл  пәндердің  бала  санасына  қазақтың  ұлттық  рухын  сіңіруде  зор 
маңызы  бар  екені  ғылыми  педагогикалық  тұрғыдан  жеткілікті  негізделіпті. 
Мәселен,  1  сыныпта  халық  педагогикасынан  «Сөз  басы  -  сәлем»,  «Аялаған 
ана»,  «Әлпештеген  әке»,  «Әдеппен  сөйлеп  әдеттен»  дегендей  тақырыптар 
болса;  2  сыныпта  -  туған  жерді  қастерлеу,  ата-ананы  сыйлау,  текті  білу,  бата 
туралы  мағлұмат  берілді;  3  сыныпта  -  табиғатты  аялау,  обал,  сауап,  ысырап, 
ырым мен сенім, ағайын-жекжатты сыйлау дәстүрі, рәсімдері; 4 сыныпта - жыл 
қайыру,  әдет-ғұрып;  5  сыныпта  -  туыстық  қатынастар,  кісілік  қасиеттер;  6 
сыныпта  -  тыйым  сөздер,  салауаттылық,  жан  тазалығы  мен  тән  тазалығы;  7 
сыныпта  -  ұлттық  намыс,  парыз  бен  қарыз;  8  сыныпта  -  иман  және  инабат, 
Отан, бақыт, т.б. осы секілді тақырыптар. Кейін 10-11 сынып оқушылары үшін 
«Жантануға  кіріспе»  (авторлары  Қ. Жарықбаев  пен  О. Озғанбаев)  жазылыпты. 
Ал осы тақырыптардың мәніне қарап та қандай ғибратты тәрбие берілетіндігін 
ұғыну қиын емес қой. 
Қорыта келсек, Ұлттық ерекшелік кеуде соғу үшін емес, біздің бұдан әрі 
даму  процесімізде  қанымызға  сіңген  әдет-ғұрып  пен  салт-дәстүріміздің 
жақсысын одан  әрі дамытуға,  ұлттық  ерекшеліктерімізді  өркениетке,  ғылыми-

61 
 
техникалық  прогреске  неғұрлым  тиімді  икемдену  үшін  қажет.  Ұлттық 
психологиясыз  ұлт  болмайды.  Ол  отбасы  мен  шаңырақтан  басталатын  аса 
күрделі әлеуметтік ғылыми құбылыс. Жастарға ата-бабамыздың психологиялық 
мұрасын  оқытуымыз  керек.  Мұғалімдер  ұлттық  ғылыми  психологиямен 
қаруланбай,  мектепте  оқу-тәрбие  процесін  толық  жүзеге  асыру  мүмкін  емес. 
Кең-байтақ қазақ  жерінде психологиялық  ілім-білімдердің қанат жаяр күні әлі 
алда  дей  келе,  «Ұлттық  психология»  пән  ретінде  қалыптасып,  мектептерде 
енгізілсе екен деген ұсынысым бар. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Елбасы жолдауы «100 НАҚТЫ ҚАДАМ»  
2.
 
Ұлт тағылымы 2008 ж.  
3.
 
Ұлт тағылымы 2012 ж. 
 
 
ПУТИ РЕАЛИЗАЦИИ НАЦИОНАЛЬНОЙ
 
ИДЕИ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» В ШКОЛАХ.
 
 
Жуматова Майра Садыковна, 
Учитель русского языка и литературы 
гимназии № 67 г. Астана 
e-mail: zhumatova_maira@mail.ru 
  
Основная цель, которую ставит Глава государства в своем Послании-это 
то,  что  к  2050  году  наша  страна  должна  войти  в  тридцатку  самых  развитых 
государств  мира.  Президент  страны  Нурсултан  Абишевич  Назарбаев  в  своем 
Послании  поставил  четкие  и  достижимые  цели,  еще  раз  продемонстрировав 
глобальный  подход,  глубину  мышления  и  политическую  дальновидность.  В 
Послании Н.А. Назарбаева получила обоснование ключевая идея консолидации 
наших устремлений и усилий, нашего неустанного труда - Мәңгілік Ел. 
Самая главная задача, которая проносится через все Послание - сохраняя 
все, чего мы достигли за годы суверенитета, продолжить устойчивое развитие в 
XXI  веке.  Мәңгілік  Ел  -  это  наша  ответственность  перед поколениями народа 
Казахстана. 
Президентом  в  первую  очередь  ставятся  и  рассматриваются  самые 
насущные  вопросы  образования,  науки,  здравоохранения  и  социальной  С 
приобретением  независимости  жизненные  перспективы  людей  Казахстана 
стали более разнообразными и во многом реальными. Сохранение целостности 
республики  как  социального  организма  на  уровне  нации  и  общества  остается 
главенствующей  задачей  в  период  укрепления  стабильности,  благополучия  и 
безопасности  страны.  Укрепление  гражданской  и  духовной,  этнической  и 
национальной 
идентичности, 
ускорение 
социокультурной 
и 
социопсихологической активности населения составляют приоритеты развития 
казахстанского  общества.  Принцип  единого  начала  и  единого  духа  в 
многоэтническом 
и 
разноконфессиональном 
государстве 
принцип 

62 
 
многообразия  в  едином  направлении  их  деятельности  -  вот  что  стимулирует 
жизненные перспективы человека и народа Казахстана в ХХI веке. Казахстан в 
ХХІ веке нельзя представить вне казахского образа жизни, вне национального 
бытия казахов. История социальной и культурной эволюции казахского народа 
богата.  Она  постепенно  сложилась  на  стыке  цивилизаций  Востока  и  Запада, 
Азии  и  Европы  в  пространстве  степной  и  городской  культуры  под  сильным 
влиянием тюркских традиций и исламских духовных ценностей.  
24  августа  2014  года  у  подножия  священной  горы  Улытау,  Президент 
Казахстана  Нурсултан  Назарбаев  сказал:  «Моя  мечта  и  мысли  о  том,  чтобы 
Казахстан существовал вечно. Поэтому я предложил идею «Мәңгілік Ел». Мы 
делаем  все,  чтобы  стать  таковой.  Мы  -  многонациональная  страна.  Так 
сложилось исторически. Наша задача-сохранить единство общества. Единство 
Казахстана-это  единство  нашего  многонационального  народа…  Не  будь 
глубоки корни у старого дуба, не устоять ему в бурю»[1].  
В патриотическом акте «Мәнгілік ел» представлена национальная идея в 
основе, которой лежат все ключевые ценности, о которых мечтали наши отцы, 
наши предки. Нашему подрастающему поколению предстоит сохранить наши 
ценности и строить будущее страны. Воспитание казахстанского патриотизма 
является неотъемлемой частью сохранения духовности и культуры народа.  
Учителя должны играть важную роль в реализации программы «Мәнгілік 
ел», озвученной Президентом, они ответственны за продвижение национальной 
идеи среди подрастающего поколения.  
Накануне  каждого  нового  учебного  года  традиционно  во  всех 
организациях среднего образования республики проводится День знаний.  
В  этот  день  планируется  проведение  классных  часов  на  патриотические 
темы,  где  одним  из  главных  целей  ставится  формирование  у  учащихся 
гражданственности и патриотизма,  воспитания чувства любви к своей Родине, 
уважения  к  ее  истории  и  культуре,  бережного  отношения  к  природе  родного 
края,  гордости  за  достижения  современного  Казахстана.  Для  достижения 
названных  выше  целей  много  работы  проводится  на  уроках  литературы,  при 
изучении творчества казахских и р усских писателей. 
Таким  образом,  все  мероприятия,  организованные  для  реализации 
программы «Мәңгілік ел», должны быть направлены на формирование человека 
образованного,  обладающего  развитыми  лидерскими  качествами,  готового 
самостоятельно  принимать  решения  в  ситуации  выбора,  способного  к 
сотрудничеству  и  межкультурному  взаимодействию,  обладающего  чувством 
ответственности  за  судьбу  страны,  активно  участвующего  в  достижении 
главной  цели  Стратегии  «Казахстанский  путь-2050:  единая  цель,  единые 
интересы, единое будущее».  
Педагогические усилия должны быть направлены на то, чтобы вырастить 
человека творческого и талантливого, любящего родных и близких, свой народ, 
свою  Родину,  настоящего  гражданина  своей  страны.  Для  достижения 
эффективности необходимо не  только дать  знания и  умения,  способствующие 
формированию  соответствующих  идеалов,  принципов  и  мировоззрения,  но  и 

63 
 
развивать необходимые личностные качества, духовный мир детей и учащейся 
молодежи, чтобы они стали достойными гражданами своей страны.  
Быть  гражданином  и  патриотом  своей  Родины,  значит,  иметь  активную 
гражданскую  позицию,  грамотно  пользоваться  своими  правами,  честно  и 
добросовестно исполнять свои обязанности.  
В  Послании  народу  Казахстана  Президент  подчеркнул,  что  нашим 
главным ориентиром должна стать национальная идея  - Мәңгілік Ел, а путь к 
развитию  независимости  -  Нұрлы  Жол.  В  связи  с  этим,  мы  должны  усердно 
трудиться в полную силу на пути к светлому будущему, подкрепляя единство 
нашей  страны.  Национальная  идея  «Мәңгілік  Ел»  -  это  база  не  только  для 
достижения  целей  Стратегии  «Казахстан-2050,  но  и  платформа  нерушимого 
Казахстана XXI века. 
Литература: 
1. Интервью Президента РК Агентству «Хабар»: «Размышления у подножия 
Улытау» (24 августа 2014 года) //pravo.zakon.kz/4648972-intervju - копия. 
2. Интернет-ресурсы. 
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН 
ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ТІЛДІК ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
 
 
Жусупова Галия Сапарбековна, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы 
бойынша ПҚ БАИ білім беру үрдісін  
психологиялық-педагогикалық қамтамасыз  
ету кафедрасының меңгерушісі, z-galiya@mail.ru 
 
«Мәңгілік Ел» - бабалар арманы, қазіргі буынның назары. «Мәңгілік Ел» 
жобасын іске асыратын біз бен сіздер болатынымыз да күмән жоқ! 
Елбасымыздың  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  шын  жүрегімен  құрметтеу  оның 
түп  мағынасын  түсінуден,  білуден  басталады.  Себебі,  адам  баласының 
дүниетанымы  өткен  заманнан  ұрпақтың  сабақтастығына,  ерекшелігі  мен 
құндылықтарына тікелей байланысты. Бұл идея ұрпақтан ұрпаққа аманат болса, 
үлкен  мақсатқа  жетелеген  ұзақ  жолды  еңсеруде  жас  жеткіншектің  білім 
кеңістігіне қанатын талмай қағуына жол көрсетеді. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  мақсаты:  «100  нақты»  қадам»  Ұлт  жоспары 
шеңберінде білім беру үдерісіне «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу; қоғамда 
қазақстандық  патриотизм  идеясын  дамыту;  Қазақстанның  жетістіктерін 
насихаттау, басты құндылықтарды-тәуелсіздік, бейбітшілік, келісімді нығайту; 
Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету. 
Мәңгілік  еліміздің  дамуы  үшін  басты  бағыттардың  бірі  -  білім  саласы. 
Түйіндеп  айтсақ:  Қазақстан-2030  стратегиялық  даму  бағдарламасы  еліміздің 
әлеуметтік-экономикалық  дамуының  негізін  қалаушы  жоспар  болса, 

64 
 
«Қазақстан-2050»  бағдарламасы  еліміздің  өркендеуіне  ерекше  мән  беріп, 
сапалы  болашақ,  кемел  даму  жолына  бестайтын  стратегияға  айналғаны  анық. 
Экономикалық  прагматизм,  кәсіпкерлік,  әлеуметтік  саясат,  білім  мен  кәсіби, 
заманауи білім беру, демократияны дамыту, сыртқы саясат, жаңа Қазақстандық 
патриотизм  және  бәсекеге  қабілетті  білімді  ұрпақ  қалыптастыру.  Алған  білім 
мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын; өзін-
өзі  дамытып,  өз  бетінше  дұрыс  жауапты  шешім  қабылдай  білетін  тұлғаны 
тәрбиелеу - қоғамдық мәселе. 
Қоғам  өміріндегі  қазіргі  өзгерістер,  жаңа  стратегиялық  бағыт-бағдарлар, 
Қоғамның  ашықтығы,  оның  жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы  - 
осының  бәрі  білім  беруге  қойылатын  талаптарды  түбегейлі  өзгертіп,  білімнің 
қоғамды  қайта  жаңғыртуға  қосар  үлесін  арттыруда.  Осы  себепті  Қазақстан 
Республикасының  білім  беру  саясаты  білім  берудің  мазмұнын  жаңартуды 
бағдарға  алды.  Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  түрлі  салаларда 
қолданылатын  тәсілдердің  негіздемесі,  мазмұны,  функционалдық  сауаттылық 
талаптарына  негізделген  күтілетін  нәтижесі,  білім  берудің  әдіснамасын 
түбегейлі жаңартуды талап етеді. 
Елбасының қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуы саласындағы жаңа 
көзқарасы  педагогтердің  біліктілік  арттыру  жүйесіне  оң  өзгерістерді  енгізуге 
мүмкіндік беріп, түбегейлі жаңғыруын шыңдай түсті. 
Осы  мақсатта педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыруда  біліктілік 
арттыру  институттарының  жүргізіп  отырған  жоспарлы  жұмыстары  өз 
нәтижелерін  беріп  келеді,  сонымен  қатар  жоспарлы  курстармен  қатар 
курсаралық кезеңде пән мұғалімдерінің кәсіптік қызметі табысты жүзеге асыру 
үшін  технологиялық,  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  арқылы  ізденісі, 
өзін-өзі жетілдіруі, кәсіби біліктілігін арттыруы басты шарт. 
Бүгінгі күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ 
БАИ  жаңа  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  бағдарламасы  бойынша  бастауыш 
сынып,  орыс  мектептерінде  оқытатын  қазақ  тілі  пәні,  қазақ  тілінде  оқытатын 
мектептерінде  оқытатын  орыс  тілі  пәні,  музыка  пәндері  бойынша 
мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстар жүргізілуде. 
Қазіргі білім беру жүйесі «қалай білім алу керектігін үйренетін», дербес, 
ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған, үш тілді 
еркін  сөйлей  алуға  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  қағиданы 
ұстанады. 
Тілдік пәндерді оқытудың мақсаты - оқушылардың тілдік дағдыларын 
дамыту  арқылы  ана  тілін  қадірлейтін,  оның  қоғамдық  мәнін  түсінетін  тұлға 
қалыптастыру,  тілдік  нормаларды  сақтап,  дұрыс  қолдана  білуге,  еркін 
сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. 
Тілдерді оқу бағдарламасының мақсаттары: 

 
Мұғалімдерді  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  қазақ  тілі,  орыс  тілі, 
ағылшын  тілі  пәнінің  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  құрылымымен, 
ондағы  материалдардың  күрделілігінің  өсу  ретімен,  мазмұнымен  және 
мақсаттарымен таныстыру; 

65 
 

 
Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді 
қалай  әзірлеу  керектігін  түсінуін,  қолдана  және  модельдей  білуін  қамтамасыз 
ету; 

 
Мұғалімдердің  жаңартылған  оқу  бағдарламасынан  күтілетін  нәтижелерге 
қол  жеткізу  мақсатында  критериалды  бағалау  жүйесін  түсініп,  қолдана  білуін 
қамтамасыз ету. 
Бағдарламаның міндеттері: 

 
Жаңартылған оқу бағдарламасы және онымен байланысты оқу жоспарлары 
туралы түсінік қалыптастыру; 

 
Мұғалімдердің  жаңартылған  оқу  бағдарламасын  оқыту  үшін  қажетті 
дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету. 
Бағдарламаның негізгі ұстанымы - қатысымдық бағыт арқылы тілдерді 
жетік  меңгерту,  оқушылардың  тіл  туралы  түсініктерін  тереңдету  және  ұлттық 
мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту. 
Білім  беру  бағдарламасы  аясында  қолданылатын  педагогикалық  әдіс-
тәсілдердің нәтижесі мыналарды қарастырады: 
- оқушының  жеке,  өзіндік  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  жіберген 
қателерінің себебін анықтап, түзету арқылы білімін жетілдіру; 
- проблемалық  оқыту  тапсырмалары  арқылы  оқу  материалын  өмірмен 
байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру. 
Оқу  үдерісіне  мұғалім  емес  оқушы  неғұрлым  белсенді  болғанына  назар 
аударылады,  мұғалім  оқу  материалын  дайын  күйінде  бермейді,  ашық  сұрақ 
қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға 
бағыттайды; 
- оқылым мен жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын 
тұрғысынан  ойлауға  мүмкіндік  береді,  яғни  ол  қызығушылығын  ояту, 
мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады. Әр кезеңде белгілі бір 
оқыту  мақсатын  қоя  отырып,  мұғалім  оқушыларға  мақсатқа  жетуге,  мәселені 
анықтауға,  жауаптарды  іздеуге;  мәселені  талқылауға,  қорытынды  жасай 
отырып, өз ойын білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйретеді; 
- оқушылардың  интелектісін  дамыту  мақсатында  интерактивті  оқыту 
амалдарын  қолдану  -  ақпараттың  мұғалімнен  оқушыға,  оқушыдан  мұғалімге 
ауысып отыруына мұмкіндік береді. Белсенді оқытуда оқушылар өз пікірін айта 
білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді; 
- бірлесіп  оқыту  технологиясы  жаңа  идеяларды  ұсынуға  және  жаңа 
мүмкіндіктерді  қолданып  көруге  бағыттап  отырады.  Бірлесіп  оқытуда 
оқушының  жеке  көзқарасы  мен  өзгенің  пікірімен  санаса  білу  мәдениеті 
қалыптасады.  Бірлесіп  жұмыс  істеудегі  мақсат  -  күрделі  тапсырмаларды 
орындауда, топтық жұмыстарды, мәмілеге келуде, өзін-өзі басқара білуде қажет 
болатын дағдыларды қалыптастыру. 
Курс  барысында  пән  мұғалдімдерінің  кәсіби  проблемаларын  анықтау 
мақсатында  зерттеулер  жүргізу;  тәжірибе  алмасу  және  «Назарбаев  Зияткерлік 
мектебі»  үздік  практикаларын  енгізу  мақсатында  педагог  кадрлардың 
біліктілігін  арттыру  жүйесінің  басқа  ұйымдармен  ықтымақтастығын  дамыту, 

66 
 
педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру  жүйесінің  басқа  ұйымдармен 
ынтымақтастығын  дамыту,  педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыру 
бағдарламаларын 
әзірлеуге 
оның 
қазақстандық 
және 
халықаралық 
сарапшылардың тәжірибесімен танысып, тарату, мектептердегі психологиялық-
педагогикалық қызметті кеңейту, мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай 
жасау,  жүйені  үнемі  жетілдіріп  отыру  мақсатында  педагогтардың  біліктілігін 
арттырудың  кешенді  жүйесінің  аясында  оқытуда  өткен  мұғалімдердің  кәсіби 
қызметінің  мониторингін  жүргізу,  озық  педагог  кадрлардың  облыстық  қорын 
қалыптастыру мақсатында жаңашыл педагогтердің дерекқорын құру және оны 
жүйелі  толықтырып  отыру,  оқыту  материалдарының  теориялық  және 
практикалық мазмұнының және педагогтерді оқыту нәтижелерінің мониторингі 
негізінде  педагогтердің  біліктілігін  арттыруға  арналған  білім  беру 
бағдарламалары мен оқу материалдарын әзірлеу және сараптамасын жүргізуге, 
өзінің педагогикалық тәжірибесін кеңінен таратуға жаңашыл педагогтерді тарту 
сынды жұмыстар жүргізіледі. 
Қорытындылай келе, бүгінгі оқытудың маңыздылығын түсініп, өзінің іс-
тәжірибесіне  енгізіп,  оның  ерекшеліктері  мен  нәтижесін  айқындай  білген  пән 
мұғалімдері  болашаққа  жаңа  көзқараспен,  тың  идеялармен  жол  ашарлары 
сөзсіз. 
Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып келе жатқан 
мәңгі  өлмейтін  асыл  қазынамыздың  бірі  ана  тілімен  тығыз  байланысты.  Олай 
болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да 
шарт.  Ол  мемлекеттің  тілі  қазақ  тілі.  Ана  тіліміз  Мәңгілік  елімізбен  бірге 
Мәңгілік тіл болды.  
XXI  ғасырда  қоғам  мен  мемлекет  дамуының  басты  тетігі  білім  беру 
болып  отыр.  Қазақстанның  болашағы  даму  бағытын  айқындайтын  маңызды 
факторлардың бірі білім саясатының дұрыс әрі нәтижелі жүргізілуі. Әрбір елдің 
өркендеуі;  тұғырының  берік  болуы  білімге  келіп  тіреледі.  Заманымыздың 
заңғар  жазушы  М.Әуезов  сөзімен  айтсақ  «Халық  пен  халықты,  адам  мен 
адамды  теңестіретін  білім  болмақ».  Осы  ұстанымдардың  барлығы  ғылым  мен 
білім болса, облысымыздағы білім арттыру институтының жұмыстары да нақты 
мақсатты көздейді. 
Сондықтан  да  «Мәңгілік  Ел»  болу  жолындағы  игі  істеріміз  арта  берсін 
демекпін! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет