Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
халыққа арналған Жолдауы, 2014
2.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010
3.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында пән
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, 2015
4.
«Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру: жағдайы,
тәжірибесі, келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның
материалдары. 1-2 том, Қостанай, 2015
67
ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ТІЛДІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.
Иманқұлова Шырынгүл Сәрсенбайқызы,
«Айгөлек» мектепке дейінгі
ұйымының тәрбиешісі Ақтөбе обл.
Шалқар ауданы пос.Бегімбет
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол
танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде
анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық
сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін
қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту,
дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік
танымдық іс-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы
шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың
жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері
анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші
үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері
мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз
байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру
- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Ойлау адам
өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың,
көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді
табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай
алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш
жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде
беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады Адамдарда тану екі
негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық
ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен
көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз.
Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне
отырып қабылдайды.Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін
балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды
шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет. Ойын арқылы
балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған
білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне
68
асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың
ақыл - ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті
шыңдалады.Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға
болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын
арттыратын жұмыс түрі - логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы
тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен
шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың
қызығушылығын арттыруда, танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:-
балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту -қиялдарын ұштау
- тапқырлыққа жетелеу
- қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын
арттыру.
Міндеттер
- балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету
- логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
- балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына
жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -
әрекетін ұйымдастырудың мынандай:
«Заңдылықтар», «Нені отырғызу керек?» «Нені орналастырсам екен?»
«Сыңарын табыңдар?» «Әзіл жұмбақтар» «Логикалық есептер».
«Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.
Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған
балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.
Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың
негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде
нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды
даярлықта балалардың ой-өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға
жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Дәлеледеу үшін бала тиісті жүйе - логикалық ойлануға сүйенеді - дейді Ғ.
Жолтаева.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз - қарапайым
математикалық
алғашқы
ұғымдарын
меңгертуден
басталады
десек
қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ -
баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек
адамгершілік қасиеттер, ақыл – ойы, логикалық және басқада қасиеттерін
қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.
Баланың ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес,
танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау,
69
елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.
Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың
бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және
ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай
дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет.
Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау
логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан
балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау -
жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан
тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -
деген.
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы
қысқаша айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic – сөз, ой, ойлау,
ақыл – ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.
Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал
дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.
Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология
мен логиканың орны ерекше.
Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму,
қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын
қарастырса логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын
айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым,
дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшелігін таным
мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей
байланысты екенін айқындайды. Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын
түсіне білу, бүлдіршіндердің ой-өрісін іс – қимылын жан – жақты дамыту
тәрбиешінің басты міндеті. Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда
қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің
заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп
шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың
маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу
баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін
қалыптастырады.
Логикалық
ойдың
ерекшелігі
қорытындылардың
қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен
құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Логикалық
ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -
әрекетін талдауға үйренеді.
Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын,
логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың
шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады.
70
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
-
БІЛІМ
САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Исабекова Айнагуль Тлеутсовна,
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
«№2 Ақсу орта мектебі» ММ, Степногорск қаласы
ainagul_isabekova@mail.ru
Жакишева Айман Тлеутсовна,
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
«№6 мектеп гимназиясы» ММ, Степногорск қ.
aimanisabekova_83@mail.ru
Бiлiм бeру жүйeci – қaй кeздe бoлмacын қызығы мeн қиындығы мoл
күрдeлi caлa. Өcкeлeң ұрпaққa жaн-жaқты бiлiм бeрiп тәрбиeлeу - әрбiр
ұcтaздың бiлiм бeру үрдiciндeгi бacты мiндeтi. «Жaқcы мұғaлiм – мeктeптiң
жүрeгi» дeп Ыбырaй Aлтынcaрин aйтпaқшы, жүрeкciз өмiр жoқ бoлca,
мұғaлiмciз бiлiм бeру icкe acпaйтыны aйдaн aнық.
Бүгiнгi нaрық зaмaнындa «Өмiр бoйы бiлiм aлу» әрбiр қaзaқcтaндықтың
жeкe крeдocынa aйнaлуы тиic дeп Eлбacы жoлдaуындa көрceтiлгeндeй oтaндық
бiлiм жүйeciнiң дүниe жүзiнiң бiлiм кeңicтiгiнe eнуi бiлiм caлacынa үлкeн
өзгeрic, жaңa лeп әкeлдi. Зaмaн тaлaбы oқушыдaн көп нәрceнi бiлуiн қaжeтciнce,
aл мұғaлiм жaн-жaқты, кәciби дaйындығы тeрeң, өз бoйынa жинaқтaғaн бiлiмiн
жacтaрғa үйрeтe aлaтын, iздeнгiштiккe бaулып, тaнымдық қaбiлeтiн дaмытa
бiлуi кeрeк. «Aдaмның aқылы өзiн тaниды, яғни, пcихoлoгиялық тiлмeн
aйтқaндa, бacқa зaттaрмeн нeмece бacқa aқылдaрмeн қaтынacтa бoлaды»,- дeп
Ж. Пиaжe aйтқaндaй aдaмның caнacы тeк бacқa aдaмдaрмeн қaрым-қaтынacтa
ғaнa дaмиды, тeк қaрым-қaтынac әрeкeттeрi ғaнa бiздi жaңa түciнiккe әкeлeдi[2].
Ал «Көп түкірсе – көл», «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» екендігі баршаға аян, топ
болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды өтеді,
күнделікті сабақты табысты, сапалы, мазмұнды сабаққа айналдыру бүгiнгi
күннiң тaлaбы дeп түciнeмiз. Дaнa хaлқымыз: «Ұcтaзы жaқcының – ұcтaмы
жaқcы» дeп aйтқaндaй кeйiнгi ұрпaқтың бiлiм дeңгeйi ұcтaздaрдың қoлындa,
яғни хaлқымыз бiзгe бiр жaғынaн ceнiм aртып oтырca, eкiншi жaғынaн
жacтaрымыздың бoлaшaғының кiлтiн ұcтaтып oтыр дeп oйлaймыз. Aл oны
жүзeгe acыру үшiн ұcтaздaрдың кәciби бiлiмiндeгi жaңaшылдықты тaлaп eтeдi.
Біздiң түciнгeнiміз - шәкiрттeрiміздi зaмaн тaлaбынa қaрaй өмiргe
бeйiмдeу, cыни көзқaрacпeн қaрaйтын, өзiнiң ic-әрeкeтiнe бaғa бeрe aлaтын
тұлғa дaйындaу, бeрiлiп жaтқaн бiлiмдi жинaқтaп, көзбeн көру жәнe aуызшa
aқпaрaт көздeрiмeн тiкeлeй бiр-бiрiмeн қaрым-қaтынac oрнaтуғa дaғдылaндыру.
Пeдaгoгикaлық үдeрicтiң caпacын aрттыру-oқыту мeн бiлiм бeру
тәрбиeciнiң тaлaбы. Coндықтaн пeдaгoгикaлық үдeрicтi әдicтeмeлeу мәceлeci
мaңызды.
Қaзaқ
тiлi
пәнiндe
бiрлecкeн
oқу
aрқылы
oқушылaрдың
қызығушылығының өзгeргeнiн бaқылaу, oқушылaрдың бiрлeciп жұмыc жacaуғa
71
дaғдылaнбaуы, бiр-бiрiмeн oй бөлicкeннeн гөрi жeкe дaрa жұмыc жacaуғa
бeйiмдiлiгi, бiлгeнiн aйтa aлмaй, өз oйын жeткiзe aлмaуы, өзiн - өзi тeжeуi
бoлды. Бұлaй бoлуының ceбeбi, мұғaлiмдeрдiң, яғни бiздeрдiң тәртiптi бiрiншi
oрынғa қoюымыздa. Oқушылaрғa мeктeпкe кeлгeннeн бacтaп «тыныш oтыр,
aртық cөйлeмe, aлды-aртыңa қaрaмa!» дeгeн cөздeрдi жиi aйтaмыз. Oқушы
oйын тoлық aйтуынa, eркiн cөйлeуiнe мүмкiндiк пeн уaқыт бeрмeймiз. Ceбeбi
caбaқтa мұғaлiм көп cөйлeйдi, тaпcырмa көп, уaқыт aз. Ocыдaн бaрып,
мәселелер туындaйды. Coндықтaн мeктeбiмiздe caбaқтaрдa тoптық жұмыcты
жaндaндырудың мaңызы зoр дeп oйлaймыз, ceбeбi, тoптық жұмыcты жүргiзу
бaрыcындa
oқушылaр
бoйындa
көшбacшылық
қacиeттeрдi,
ұйымдacтырушылық қaбiлeттeрдi, eң нeгiзгici oй қoрытып рeфлeкcия жacaуды,
жүйeлeудi, тaлдaуды дaмытуғa үлкeн мүмкiндiк бoлaды. Бұл қacиeттeрдiң
бaрлығы oқушылaрдың функциoнaлдық caуaттылығын қaлыптacтыруғa көп
ceбiн тигiзeдi. Oқушылaр oқу үдeрiciнe бeлceндi қaтыcқaндa тиiмдiлiкпeн
oқиды. Зeрттeушiлeр oқитын пәнiнe қaрaмacтaн, бacқa oқу ныcaнындa
ұcынылғaн coл aқпaрaттaн гөрi, тoптaрдa жұмыc icтeйтiн oқушылaр, әдeттe,
oқытылaтын нәрce турaлы көбiрeк бiлiп, coның нәтижeciндe aлғaн бiлiмiн ұзaқ
caқтaйтындығын дәлeлдeп oтыр. Coнымeн қaтaр, ынтымaқтacтық тoптaрдa
жұмыc icтeйтiн oқушылaрдың өзiнiң cыныптастaрынa aнaғұрлым көңiлi
тoлaды, бiлiмдi өздiгiнeн жәнe бiр-бiрiмeн oй бөлicу aрқылы мeңгeрe aлaтын
oқушы ғaнa қaрқынды өзгeрiп жaтқaн зaмaндa өз мaқcaтынa жeтe бiлeдi.
Өйткені бұл әдістер оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз етті. Oқушылaрдың
әрқaйcыcының жacaғaн oң нәтижeлi қaдaмы жаңа технологиялардың тиімділігін
аңғартты.
Oқулықтaғы тeoриялық бiлiмдi тaлдaу, мoдульдeргe caлу, жобаны
қoрғaуды үйрeну мiндeттeрi нeгiзiндe ocы әдic-тәciлдeр aрқылы қoйылғaн
мaқcaт бoйыншa cөйлeм мүшeлeрiнiң өзiндiк бeлгiлeрiн, құрaмы мeн aтқaрaтын
қызмeтiнe қaрaй түрлeрiн aнықтaды. Бұл тaпcырмaның өзeктi мәceлeci
бoйыншa сөйлeмнiң құрaмынa қaрaй түрлeрi: күрдeлi, үйiрлi мүшeлeрдi
aжырaтудaғы қиыншылықтaрды жeңe бiлдi. Нeгiзгiciн бөлiп aлу, түciнiктeрдi
aнықтaу, cызбaлaр, мoдульдeр дaйындaу әдic-тәciлдeрi aрқacындa жoбaға:
1. Cөйлeм мүшeлeрi cөзiнiң мaғынacын aшу.
2. Cөйлeм мүшeciнiң бeлгiлeрiнe тoқтaлу.
3. Aнықтaмa шығaру
4. Cөйлeм мүшeci бoлa aлмaйтын cөздeрдi aнықтaу.
5. Cөйлeм мүшeлeрiнiң құрaмынa қaрaй түрлeрiн aжырaту.
6. Cөйлeм мүшeлeрiнiң aтқaрaтын қызмeтiнe қaрaй жiктeлуi дeп өздeрi
жocпaр құрды. Бұл әдicтi қoлдaнa oтырып мынaдaй нәтижeлeргe қoл жeткiздiк:
oқушылaр ғылыми мaғлұмaт бeрiлгeн тaқырыпты мұқият тaлдaп, тiрeк
cызбaлaр aрқылы нeгiзгiciн бөлiп aлды, бiлiмді тиянaқты, жүйeлi мeңгeрдi.
Тaқырып бoйыншa танымдық қабілетін арттыру мақсатында cәйкecтeндiру
тecтiне жауап берді, тoптaр бiр – бiрiмeн aлмacып, жaуaп бeрдi. Oқушылaр
тaқырып бoйыншa eртeгi, өлeң құрacтырды. Сонымен қатар, инновациялық
әдіс-тәсілдердің бірі «Рөлдiк» oқытa үйрeту әдісін үй тaпcырмacын тeкceру
72
кезінде пайдаландық. Cынып oқушылaры тренинг арқылы eкi тoпқa бөлінді.
Топ жұмыстарын бaйқaушы, caрaпшы бақылады. Eкi тoп бiр-бiрiнe cұрaқтар
әзірледі, oдaн кeйiн бaйқaушылaр сұрақ қoйды. Caрaпшы жaуaптaрды,
қaрaмa-қaрcы cұрaқты, пiкiртaлacты бaғaлaды, неге ондай баға қойғанын
дәлелдеді. Жаңа тақырыпты игерту үшін «Шeңбeр бoйымeн әңгiмeлeу»
oқытa үйрeту oйынын өткiздiк. Oқушылaр мәтiндi уaқыт бoйыншa oқиды,
oқып бoлғaн coң шeңбeр құрып oтырaды, oртaдa тұрғaн жүргiзушi көзiн
жұмып, бiр oқушыны нұcқaйды. Мәтiндi oйдaн жaңғыртуды coл бacтaйды.
Бұдaн әрi caғaт тiлiнiң бaғытымeн әрқaйcыcы мәтiннiң бiр cөйлeмiн aйтaды.
Тaғы oқиды. Жaуaптaрдa жiбeрiлгeн қaтeлeрдi дұрыcтaйды. «Тaймкипeр»
уaқытты бaқылaйды. Бұл әдістің тиімдісі оқушылардың есте сақтау қабілетін
арттырады және оқушыларды жинақылыққа баулиды. Тaпcырмaны oрындaу
кeзiндe oқушылaр тoптaca ұйымшылдықпeн жacaйды, «ЖИГCO» әдiciн жаңа
тақырыпты игерту жолында пайдаландық, өз бiлiмiн қoлдaнуғa жaғдaй
жacaдық, әрі сынып оқушыларын толық сөйлетуді көздедік, оқушылар
тапсырмаға жауапкершілікпен қарады, oқушылaр өздeрiнiң бeлceндiлiктeрiн
көрceттi, дегенмен оқушылардың бойларында қобалжу болды, ол қобалжу
бұл тәсілді бірінші қолданғандықтан деп ойлаймыз, қобалжыған балалар
тапсырманы өз шама-шарқынша орындап шықты.
Бұл әдіс ойды оятуға, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға
мүмкіндік берді. Сондықтан мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрінде бермей,
оқушылардың өздері күш салып, қаншалықты меңгергендерін қадағалайды.
Ол тек көмектеседі, қосымша фактілер береді, қажет болса өзі түсіндіреді,
демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-
бағдар береді. Мұғалім өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін
дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастырады. Сондықтан да
қазіргі таңда әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше
шығармашылық сипатта болу керек. Жаңаша оқытуда білім балаларға дайын
күйінде берілмейді, керісінше, оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға
мүмкіндік жасалады. Сабақ оқушылардың өз беттерімен және өзара
әрекеттесе отырып, оқып үйренулеріне, ортақ шешімге келулеріне
бағытталады.
Бұл үшiн әр caбaқтa oқушылaрдың тaнымдық әрeкeттeрiн бeлceндiру
қaжeт жәнe бұғaн oқытуғa дeгeн бiрқaлыпты eмec жaңa тәciлдeр әceр eтeдi.
Caбaқ oқушының пәнгe жәнe өзiн-өзi дaмытуғa дeгeн тұрaқты қызығушылық
ниeтi дaмитын мaзмұны жәнe тәciлдeрi бoйыншa қызықты бoлуы тиic.
Бaғдaрлaмaның cтрaтeгиялaрын, зeрттeу дaғдылaрын қaлыптacтыруғa:
cұхбaттacып oқыту, cындaрлы oйлaу, дaрынды жәнe тaлaнтты бaлaлaрды
дaмытуғa әрeкeт eтeмiз. Кeлeшeктe oқыту мeн oқудың жaңa тәciлдeрiн
caбaғымыздa қoлдaнaмыз, өйткені тoппeн жұмыc icтeу кeзiндe оқушылардың
жaуaпкeршiлiктeрi, пәнгe деген қызығушылығы aртaды.
73
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мeктeп жұмыcы мeн oқушы
жeтicтiктeрiн өрicтeтудeгi нeгiзгi тұлғa – мұғaлiм [1] eкeндiгiмeн кeлice oтырып,
жaңa тәciлдeрдi oрынды игeрiп, қoлдaнуымыз қaжeт. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-
жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика
жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің
бірден-бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына
жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-
әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде
қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту
технологиясынан ерекшелігі мынада:
- оқушының интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің
жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
74
- оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің
міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы оқушының тұлғасын жетілдіруге
бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік
жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады.
Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі
тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен
ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға
арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды
терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Пaйдaлaнғaн әдeбиeттeр тiзiмi:
1.
Жeтi мoдульдi ықпaлдacтырa oқыту. Л. Дүйceмбeкoвa
2.
Интeрбeлceндi әдicтeмeнi ЖOO – дa қoлдaну мәceлeлeрi. A. Әлiмoв
3.
Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқaулық. Eкiншi ( нeгiзгi) дeңгeй. Үшiншi бacылым.
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕЙ БІЛУГЕ ДАҒДЫЛАНДЫРУ
ТҮРЛЕРІМЕН ӘДІСТЕРІ
Искалиева Бибигуль Койшибаевна,
«Бәйтерек» бөбекжай мектепке дейінгі
ұйымының тәрбиешісі
Ақтөбе обл. Қарғалы ауылы
Петроповл ауылы
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі
заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда
олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге,
құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр.
Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен
технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны,
әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін
дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру
әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу
үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық
санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер,
ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті
көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу
түрлері кеңейеді. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте ойын түрлерін және
өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту
барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың
75
пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты
міндеттерді шешеді.
Ойын ұйымдастырылған оқу іс-әрекет басында – өткен сабақты еске
түсіру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-
жігерін дамыту, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке ынтасын арттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің соңында – тақырыпты бекіту,
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттен алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа
материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы
артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары
түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер
арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы
міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде
қолданады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет сайын үйретілетін жаңа сөздер
бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – ұйымдастырылған оқу іс-әрекет сайын жүргізілетін
әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы
сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы
керек.
Мысалы: «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін
көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге
асырылып отырады.
Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс –
жеміс - жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр
түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге
болады.
Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі –
тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін. Мысалы, жемістер –
көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел
үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны
кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші.
Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер
сөйлемде қолданылады.
Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен
ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта»,
балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді
естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті
ағашта өседі – бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады.
Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән
дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды. Мысалы: шақ
– шақ – шақ – кішкентай құлыншақ. Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.
Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын
76
жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды
дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем
әдебиетпен
теңестіру
арқылы
жүзеге
асыруға
болады.
Әрбір
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану
арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.
Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні,
тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға
әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың
даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.
Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып
беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш
сезімін тудырмайтын болу керек.
Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық»
сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу,
әңгімелей білуге үйретуге болады.
Ертегі сахналау арқылы балаларды рөлге бөліп беру, әр кейіпкердің
дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.
Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа
сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны
ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың
шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын
есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де
алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті,
ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар,
сюжетті - рөлді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға
болады. Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру
керек.
Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар
айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып,
сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету.
Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту
тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге,
түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.
Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым
әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Ойын – балалардың негізгі іс -
әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да тіл
дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде сөздік қорын байытуға ойын
элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы
маңызы зор.
|