Ескерту: Бұл маңызы зор құжатты 1996 жылы қазақ тіліне
тəржімалап, «Ақиқат» журналының 9-санына (Б.80-81) жарияла-
ған – Ж.Сүлейменов, ҚР Президенті мұрағатының қызметкері.
2006 жылы жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың құрас-
тыруымен «Алаш» баспасынан жарық көрген «Алаш ақиық-
тары». Мақалалар, деректі құжаттар аудармалар» атты жинақтың
екінші бөлімі осы ресми құжатпен ашылған.
Қазақ тіліне аударылған нұсқасы еніп отыр. Өтініштің
түснұсқасы ҚР Президентінің мұрағат қорында сақтаулы.
33
МƏЛІМДЕМЕЛЕР
Бірінші нұсқа:
«Əдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінез-
ден туады. Ұлтының қажетін өтейді сөйтіп. Менің ақ патша
тұсында басылып, халыққа кең тараған əдеби еңбектерімнің іші-
нен Крылов мысалдарының қазақша аудармасын, «Маса» деген
атпен топтасқан өлеңдерімді бірегей бөлектеп атар едім. Совет
үкіметі тұсында шығармашылық шаруадан қашықтай бердім.
Ғылыммен айналыстым, қасиетті тілдің түп төркінін ақтарып,
ғылым жасадым. Көркем əдебиетке деген көзқарасым: оның
құндылығы сонда – нендей идеяны көтерген шығарма болма-
сын егер адам əлемінің сезіміне, жан дүниесіне қалай, қайтіп
əсер ете алады дегеннен шығып жатады. Əсерге бөлей алса
ғана ол əдебиет. Ой-тұжырым мəселесі екінші кезекте тұрғаны
жөн, ал адамды өз əлеміне баурай тартып еліктіріп əкетер күші
жоқ шығарма əдебиет емес, идеология ғана деп ойлаймын.
Қазақстандағы əр қилы əдеби ағымдармен таныспын, əйтсе
де олардың ешқайсысына енген емеспін, өз басым əдеби өмірде
жұмысшы табының мүддесі жоғары ма, əлде ұлттың мүддесі
жоғары ма деген тұжырымға елп ете қоймаймын. Ең əуелі кəсіп
емес, мұң, шер, адам жаны бірінші көрінуге тиіс қой. Өзімнің
жоғарғы оқу орындарында жастарды тəрбиелеу ісіндегі сында-
рымда, əдебиет мəселелері туралы жазған мақалаларымда осы
қағидадан табан аударғаным жоқ. Сосын «Мəдениет тарихы»
деген еңбек жазып, сол бойынша Қазақ оқу-ағарту наркомын-
да, Орынборда, Қызылордада дəріс оқып, адамзат қауымын іл-
герілетер демеуші күш ғылым мен техникада жатқанын қадап
айттым.
Есімде қалғаны, бірде 27 жылы Қызылордада шетел
бөлімінде лекция оқып тұрғанымда маған «келешекте бас-
қарушы үкімет сақтала ма?» деген сауал қойылды. Бұл сауал
менің сол кездегі мемлекет басшылығы туралы дəрісіме орай,
адамзат өзінің арғы-бергі тарихында басқару үкіметінсіз өмір
сүрген емес деген тұжырымнан туып кетті. Ойлы сұрақ. Мен
жауапты былай бердім: қай ғылым болмасын тəжірибеге та-
34
бан тірейді, ендеше тарих тəжірибесіне зер салсақ адамзат
ешқашан басқару үкіметінсіз тіршілік етпепті. Осыған сенер
болсақ, болашақ туралы жеткілікті түрде тəжірибе жинақтай
алмай жүрген уағымызда келешекте билеуші үкімет бола ма,
болмай ма? дегенге жауап беру əлі ертерек.
«Табалдырық» деп аталатын əдеби ұйымның платформасын
жіліктеп шағып берердей көз жеткізіп біле бермеймін. Газет
бетінен, қолжазба күйінен оқыған шығармын, əйтсе де əдебиет
мəселесін жоспарлауға, тиянақтауға келетін болсақ, керісінше,
шығармашылық шаруасы ешқашан талқыланып, жоспарлауға
көнбейтін, кісінің ерік құқына байланыссыз қасиетті іс деп
тұжырамын.
Мұстафа Шоқайұлының Парижде тұратынымен ғана хабар-
дармын. 1924 жылы Парижде өткен өнер шығармаларының
дүниежүзілік көрмесіне қатынасып абырой алған қазақ əншісі
Əміре Қашаубаев елге қайтып оралған соң Шоқайұлы өзі ая-
нышты тіршілікте жүріп елін, жұртын аяған жүрегі жылы аза-
мат деп ойлаймын.
29 жылғы 18 маусым.
Байтұрсынұлының қолы.
(«Абақты», Б. 187-188).
Екінші нұсқа:
«Менің əдеби шығармаларымның ішінде самодержавие
тұсында басылып шыққандары: Крылов мысалдарының ау-
дармасын жəне «Маса» деген атпен шыққан өзімнің өлеңдерім
мен аудармаларым. Кеңес үкіметі тұсында мен əдеби іспен
айналысқаным жоқ. Көркем шығарма туралы мəселеге келетін
болсақ, мен көркем дүниенің құндылығын оның қандай иде-
яны негізге алғандығымен емес, адамның жан дүниесіне,
сезіміне қалай əсер етуіне байланысты бағалануы керек, деген
көзқарастарын жақтаймын.
Қазақстандағы ағымдармен таныспын, бірақ та олардың
ешқайсысына іш тартпаймын, себебі, мен үшін əдеби бағыт-
тардың – пролетарлық немесе ұлтшылдық сарынның қайсысы
35
басымдық танытса да бəрібір. Оқу орындарында жастарды
тəрбиелеу жолындағы ұстаздық қызметімде əдебиет жөніндегі
дəрістерімді жоғарыда айтқан пікірімнің негізінде жүргіземін.
Ал Орынбор мен Қызылордада қаласындағы Қазақ ағарту ин-
ститутында дəріс берген «Мəдениет тарихы» пəнінің бағытына
келетін болсақ, онда мен өзімнің негізгі арнамды – адамзаттың
дамуының қозғаушы күші мен қуаты – ғылым мен техника де-
ген пікірді жетекшілікке алдым.
Бірде 1927 жылы Қызылорданың Қазақ ағарту институтын-
да тарих пəнінен дəріс беріп тұрған кезімде маған: болашақта
өкімет бола ма? – деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақ мемлекет
билігі туралы оқылған дəрістегі адам баласы барлық заман-
да да биліксіз өмір сүрмеген деген сөзден туындады. Мен ол
сауалға ғылым – тəжірибеге негізделеді, ал өткен тəжірибеге
жүгінсек, адамзат биліксіз өмір сүріп көрмепті. Сондықтан да
тəжірибеден өткізіп алмай, болашақта үкімет билігі бола ма,
жоқ, оған ғылыми тұрғыдан баға беруге болмайды, – деп жауап
бердім.
Егерде ұмытып қалмасам, менің жауабым сонымен тəмам-
далған сияқты болатын. Ал социализм құрылысының даму
болашағы мен содан келіп туындайтын мемлекеттік биліктің
тағдыры жөніндегі сұрақтар маған берілген емес.
Қазақ əдебиетінің ағымдары туралы мəселені мен ешкім-
мен де бірігіп талдағам жоқ. Оның ішінде Мағжан Жұмабаев
жасаған əдеби платформаны Бөкейхановпен бірігіп оқыған
емеспін. Қалай болған күннің өзінде, мен Мəскеуге барған
кезімде Мағжан Жұмабаевты Бөкейхановтың пəтерінен көрме-
генім анық, сондай-ақ Жұмабаевтың пəтерінде болғаным жоқ.
Нақтысын айта алмаймын. Жұмабаев пен Бөкейханов
мен орналасқан жатақханаға (ол РСФСР-дің Халық ағарту
комиссариатының Мəскеудегі жатақханасы болатын, 1924
жылы күзде мен өлкетанушылардың өлкелік құрылтайына
қатысу үшін барғанмын) келді ме, əлде бəрімізде өлкетану-
шылардың құрылтайының мəжілісінде кездестік пе, əйтеуір,
бір жүздескеніміз рас. Сондай-ақ, «Табалдырық» əдеби үйір-
месінің бағдарын оқығаным да есімде жоқ. Əрине, əдеби
шығармаларды оқыған болармыз, алайда ешқандай қолжаз-
36
баның болғаны жадымда сақталмапты, ал Сəрсенбиннің газет-
те жарияланған мақаласы есімде. Мен Мəскеуде болған кезімде
оны Жұмабаевпен көріп қалғаным бар.
Орынбор қаласында тұрғанымда Сəрсенбин менің үйіме
келген емес. Əйтеуір, менің жадымда қалмапты. Тіпті, өлке-
танушылардың құрылтайынан кейін соның өзін көрдім бе, жоқ
па, білмеймін.
Жұмабаевтың əдеби бағдарын талқылауға арналып, Алды-
оңғаровтың үйіне бір рет бас сұққан жоқпын.
Шоқаевқа қатысты білетінім, оның Парижде тұратындығы
ғана. Тек 1924 жылы Парижде өткен дүниежүзілік өнер
мерекесіне барған қазақ əншісі Əміре Қашаубаев ол жақтан
қайтып келген соң Шоқаевты көргенін айтқан болатын. Бұдан
басқа ол туралы ештеңе деген жоқ. Бұл сөзді Əміре менің үйіме
əдейі келіп айтты ма, жоқ, көшеде кездейсоқ кездесіп қалғанда
айтты ма, ол жағы есімде қалмапты.
Менің берген жауабым өзіме оқылды, менің айтқан сөздерім
дұрыс қағазға түсірілген, сол үшін қол қоямын.
А.Байтұрсынұлының қолы
Жауап алған ол – Саенко
(«Алаш ақиықтары», 7-8 б.)
Ескерту: Бұл ресми мəлімдеме орыс тілінде жазылған
ҚР ҰКК-нің мұрағатында тіркеулі. Мəлімдемені 1992 жылы
жазушы Дүкенбай Досжанов «Абақты» атты кітабының А.Бай-
тұрсынұлына қатысты тақырыбында жариялаған.
2006 жылы ғалым Тұрсын Жұртбай «Алаш ақиықтары»
деген жинақтың сөзбасы ретінде берілген «Талант талқысы»
аңдатпасының беташары етіп берген.
Екі нұсқа да «Ғасыр саңлағы: А.Байтұрсынұлының шығар-
машылық ғұмырбаяны» атты зерттеу еңбекте түпнұсқамен
салыстырылып, талданды. А.Байтұрсынұлының көптомды-
ғына бірінші рет енгізіліп отыр.
37
ӨМІРДЕРЕК
Менің туған жылым «мешін» 1872 жыл. Туған жерім Қоста-
най округі, Торғай ауданы, Тосын болысының Сарытүбек
өңіріндегі 5-ауыл.
1882-1884 жылдары кейде үйдегі сауатты адамдардан, кейде
кездейсоқ жақын маңайға келген ауылдық мектептерде қазақша
сауаттылыққа үйрене бастадым.
1885 жылы біздің отбасы бақытсыздыққа душар болды:
Торғай уезінің бастығы, полковник Яковлевті таяққа жыққаны
үшін, əкемді түрмеге отырғызды, 1886 жылы 15 жылға жер
аударуға (каторгіге жұмысқа) үкім шығарылып, ал дүние
мүліктері тəркіленді.
Бұл бақытсыздық менің Торғай қаласына оқуға түсуіме се-
беп болды. Торғай екі сыныптық орыс-қырғыз (қазақ) учили-
щесінде 1886 жылдан 1891 жылға дейін оқыдым.
Аталған училищенің курсын бітіргеннен кейін, Орын-
бор қазақ мұғалімдер мектебіне оқуға түстім, онда 1891-1895
жылға дейін оқыдым. Бұл мектепті бітіргендер 6 жыл мұғалім
болып жұмыс істеуге міндетті.
1895 жылдың 1 маусымынан əр түрлі мектептерде: бірінші
ауылдық, сосын болыстық, одан кейін екі сыныптық оқу меке-
мелерінде оқытушы болып жұмыс атқардым.
1901 жылдан бастап, оқытушылықтан қол босаған уақыт-
тарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, əдебиетпен
шұғылдандым.
1909 жылы Қарқаралы қаласындағы екі сыныптық учи-
лищенің меңгерушісі болып жүргенімде, Семей губернаторы
Тройницкийдің өкімімен тұтқындап, Семей түрмесіне жібер-
ді. Жандармның анықтауына дейін 1909 жылдың 1 шілдесінен
1910 жылдың 21 ақпанына дейін сонда отырдым.
Түрмеден Қазақ облысының аумағында тұруға тыйым са-
лынып, Ресейдің басқа губерниясында тұру құқымен босат-
ты. Менің таңдауым Қазақстанға жақын орналасқан Орынбор
қаласы болды, мұнда 1910 жылдың 10 наурызы күні келдім.
Орынборға келгеннен кейін ең алдымен, қазақ тілінің
дыбыстық жүйесі (фонетикалық) мен грамматикалық құры-
38
лымын (синтаксистік, морфологиялық) зерттеуге кірістім,
екіншіден қазақ əліпбиі мен емлесін ретке салып (шрифті
емес), жеңілдету жолында жұмыс жасадым. Үшіншіден, қазақ
жазба жұмысын бөгде лексикалық кірме сөздерден тазартуға,
синтаксистік құрылымын өзге тілдердің ықпалынан тазартуға
əрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (іс қағаздары,
көсемсөздік /публицистикалық/ жəне ғылыми тілін) жасанды
кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тəжірибесіне икем-
деу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім жəне стильдік
өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым. Мұның бəрі өзім
басшылық жасайтын «Қазақ» газеті жəне өзім құрастырған
оқулықтар арқылы жасалды.
Осы саладағы бағытты жұмысым 1918 жылға дейін жал-
ғасты.
1918 жылдан, мен Оқулықтар құрастыру жөніндегі ко-
миссияда Жалпы қазақ сиезінің 1917 жылы 5-19 желтоқсан
аралығында Орынборда өткен сайлау шешімі бойынша жұмыс
істеуім керек болатын, бірақ сол уақыттағы ахуалға байланыс-
ты бұл жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік болмады. 1918
жылдың басынан 1919 жылдың басына дейін «Алаш-Орда»
ұлттық ұйымында жұмыс жасадым.
1919 жылдың екінші жартысынан 1920 жылдың соңына
дейін Қазақ өлкесінің əскери-төңкерістік комитетінде ко-
митет мүшесі болдым. 1920 жылы Бүкілодақтық атқару
комитетінің орталығы (ВЦИК) жəне əскери-төңкерістік коми-
тет мүшесі болып сайланғаннан кейін, өзімнің лингвистика-
лық жұмыстарымды қайта қолға алдым. 1921 жылдан бастап
лингвистикадан бөлек, Қазақстандағы жауапты лауазымдар-
да жүріп, Оқу ағарту ісі жөніндегі бірінші халық комисса-
ры ретінде, кейіннен орынбасары болып, сонан соң Халық
ағарту комиссиариаты жанынан құрылған Академиялық
орталықтың (Академцентр) төрағасы болып тағайындалғанда,
біртіндеп оқу-педагогикалық жұмыстарына ден қойдым.
Қазақ халық ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-əдеби
комиссиясының төрағасы, кейін алқа мүшесі болдым. 1921-
1928 жылдар аралығында Халыққа білім беру қазақ институ-
тында (КИНО) қазақ тілі, қазақ əдебиеті жəне қазақ мəдениеті
39
пəндерінен дəріс оқыдым, мұнан басқа 1926 жылдан 1928
жылы ҚазМУ-ге ауысқанға дейін Ташкентегі Қазақ педагоги-
ка институтының Қазақ тілі мен əдебиеті кафедрсында доцент
болдым.
1928 жылдың 1 қазанынан Қазақ халық ағарту комис-
сиариатының ұсынысымен Қазақ мемлекеттік университетінің
Қазақ тілі кафедрасына профессор лауазымына шақырылдым,
аталған комиссариат тарапынан өте маңызды келісімім бар.
Қолы қойылған /Байтұрсынұлы/
12 мамыр 1929 жыл.
Газет пен журналдардан бөлек, жарық көрген
оқулықтары мен ғылыми-əдістемелік еңбектердің тізімі
Қазақ тілі грамматикасы
1.
Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-ші жылдық. Дыбыс
жүйесі һəм түрлері (фонетика);
2. Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 2-ші жылдық. Сөз
жүйесі һəм түрлері (морфология);
3. Тіл – құрал. 3-жылдық. Сөйлем жүйесі һəм түрлері
(синтаксис);
4. Əдебиет
танытқыш;
5.
Баяншы. Əдістемелік жазба;
6.
Тіл – жұмсар. 1-ші бөлім, практикалық грамматика;
7.
Тіл – жұмсар. 2-ші бөлім, практикалық грамматика;
8.
Оқу – құралы. Балаларға арналған əліппе;
9. Əліп-би.
Əліппе;
10. Əліппе – астары. Қазақша əліп-би үйретушілерге əдіс-
темелік-нұсқаулық;
11. Сауаташқыш. Сауатсыз үлкендер үшін;
12. Қырық мысал, Крылов мысалдарының аудармасы;
13. Маса. Түпнұсқа өлеңдер мен аудармалар жинағы;
14. Оқу – құралы. Хрестоматия. (Т.Шонанұлымен бірге).
Қолы қойылған
12 мамыр 1929 жыл
40
Ескерту: Ахмет Байтұрсынұлы 1928 жылғы ресми «Өмір-
дерек» атты баянатында жарияланым көрген кітаптарының
санын «14» деп көрсетеді. Шындығында, басылым көрген
туындыларының саны – «20», Басуға өткізген қолжазбасы –
«2». Жоғарыдағы ресми құжатты жазғанда ағартушы өзінің
жинап, өңдеп құрастыруымен бастырған «Ер Сайын» тарихи
жыры мен «23 жоқтау» (Ə.Бөкейхановпен бірге) жинақтарын
жəне «Оқу құралы» атты жалпы мектеп сыныптарына арналған
пəн кітабының 2, 3-ші бөлімін көрсетпеген.
Сондай-ақ, бұл күні белгілі болып отырған «Мəдениет та-
рихы», «Уголовный кодекс РСФСР» атты кітаптары жөнінде де
мəлімет бермейді.
Бұл ресми мəліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық
кітапхананың Сирек кітаптар қорынан алынды. Мемлеке-
тік мұрағаттарда қатталған деректер бойынша оқу-ағарту
саласындағы жарық көрген əліппелері, қазақ тіл білімі мен
əдебиеттану оқулықтары, басқа да еңбектерінің басылған
уақыты хронологиялық тəртіп бойынша берілді:
1). Қырық мысал. 1909, 1913, 1922 – 3 рет;
2). Маса. 1911, 1914, 1922 – 3 рет;
3). Оқу құралы. Қазақша алифба. 1-кітап, 1912, 1913, 1914,
1916, 1921, 1922 (2), 1923, 1925 – 9 рет;
4). Оқу құралы. Алифбаға жалғасты. 2-кітап, 1913 (2), 1923,
1924 – 4 рет;
5). Оқу құралы. Усул сотие жолымен, əліпбиге байаншы.
1913, 1921 – 2 рет; 6). Оқу құралы. 1-ші кітап: Үлкендер үшін.
1921 – 1 рет;
7). Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-ші жылдық. Дыбыс
жүйесі һəм түрлері (фонетика) 1914, 1918, 1920, 1922, 1924,
1925, 1927 – 7 рет;
8). Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 2-ші жылдық. Сөз
жүйесі һəм түрлері (морфология) 1914, 1915, 1920, 1922, 1923,
1924, 1925, 1927 – 8 рет;
9). Тіл – құрал. 3-жылдық. Сөйлем жүйесі һəм түрлері (син-
таксис) 1923, 1924, 1925, 1926, 1927, 1928 – 6 рет;
41
10). Баяншы. Мұғалімдер үшін. 1920 – 1 рет;
11). Уголовный кодекс РСФСР. Баспаға 1921 жылы дайын-
далып, өндіріске жіберілгені туралы мұрағаттық мəлімет бар.
Табылмады.
12). Ер Сайын (Жыршылар айтуынан алып, өңдеп өткеруші
А.Б.), 1923 – 1 рет;
13). Мəдениет тарихы. Қызылорда, 1923. Беті белгісіз.
Та-
былмады.
14). Əліппе астары. Қазақша əліп-би үйретушілерге баян-
шы. 1924 – 1 рет; 15). Əліп-би. Жаңа құрал. 1926, 1927, 1928
– 3 рет;
16). Сауаташқыш. Сауатсыз үлкендер үшін. 1924, 1926 –
2 рет;
17). 23 жоқтау. 1926 – 1 рет;
18). Əдебиет танытқыш 1926 – 2 рет;
19). Оқу құралы. Суретті. (Т.Шонанұлымен бірге). 1927 – 2 рет;
20). Тіл – жұмсар. 1-ші бөлім. 1928 – 1 рет;
21). Тіл – жұмсар. 2-ші бөлім. 1929 – 1 рет;
22). Практическая грамматика. 2-ое стреотипное издание.
1929 – 1 рет;
23). Шаруашылық өзгеріс. /Қолжазба/. Əңгіме №4., Жылы
белгісіз, беті белгісіз.
Төрт бетке жазылған «Өмірдерек» (Жизнеописание) құжа-
тының түпнұсқасы – А.Байтұрсынұлы мұражайының қорында
тіркеліп, сақталған. Бірінші рет қазақ тіліне аударылып,
томдыққа еніп отыр.
Бұл маңызы зор ресми деректің құндылығы А.Байтұрсын-
ұлының өз қолымен толтырылуында. Түпнұсқалық қолжаз-
баның телнұсқасы осы томның «Мұрағаттық деректер» тарау-
шасында қаз-қалпында берілді.
42
ХАТТАР
Бұл тақырып «хаттар» деген атауымен де құнды. Өйткені,
қандай да бір шығармалар автор тарапынан кей тұстары
өзгертіліп, жаңартылып отырады. Немесе қайта басылған-
да заман ағымының талабына қарай өзгеріп отырады. Кей-
де қысқартуларға түсіп, редакциялаушы батыл əрекеттерге де
барады. Ал хаттардың мəтініне келсек, мұндай «батылдыққа»
ешкімнің де жүрегі дауаламайды.
Хаттың аты – хат. Ол біреуге арнайы жазылып, белгілі бір
кезең уақиғаларын қамтығандықтан, əрі нақ датасы көрсе-
тілгендіктен, оның мазмұнын өзгертіп, уақытты кері айналды-
ра алмайсың. Аты айтып тұрғандай уақытпен бірге қатталып,
мəңгілікке жазылып қалады. Мінекей, оның құндылығы да
осында.
Құнды хаттар – Гүлнар Міржақыпқызының жеке мұрағаты-
нан алынды. Хатты бүгінгі əріпке түсіруде «қандай да бір
жаңсақтық кетпесін» деп, жасының егделігіне қарамастан,
Гүлнар апайдың өзі жіті қадағалады.
Хат мəтінінін қазіргі əріпке түсіргенде, бүгінгі емле ережесі
сақталды. Мəні зор хаттың түпнұсқасының телнұсқасы беріліп
отыр.
43
Арыстар арасындағы хаттар:
Қадірлі Əли!
Орталықты Қызылордаға көшіру жөніндегі мəселенің
түпкілікті шешілмеуіне байланысты сенің көп хаттарыңа дер
кезінде жауап қайыра алмадым. Енді Қазақ-қырғыз институты
көшпейтін болса да, шəкірттердің оған қарамай астанаға бара-
мыз деп шешкенін көріп, мен де Қызылордаға қоныс өзгертуді
жөн санадым. Сондықтан ол жаққа пəтер қарау мен іздестіруге
əйелімді жібердім. Биылғы жыл орталықтың көшуіне бай-
ланысты елге бара да алмадым. Енді көші-қоным біткен соң,
тамыз бен қыркүйек айларында баруды ойлап жүрмін. Егер
сенің профессорың Торғай мен Ырғызға қарай шығатын бол-
са, маған да онымен бірге шығу қажет шығар. Оның өлең-
əн жинауы, суретке түсіруі – менің де ежелден ойластырып
жүрген дүниелерім еді. Егерде профессордан үйрену жазса,
маған үлкен олжа болары хақ. Қазақ мемлекеттік баспасымен
келісілген шартқа сəйкес, мен жаңа емле бойынша үш грам-
матика жəне қазақ əліппесін қайта жасауым керек. Аяқталу
мерзімі: біріншісі – 15-ші маусым, екіншісі – 1-ші шілде,
үшіншісі – 1-ші тамыз, төртіншісі – 20-шы тамыз. Міне, сол
уақытқа шейін басқа жұмыстарға қарауға мұршам жоқ, оның
үстіне Қазақ-қырғыз институтында оқу басталса, тағы да
уақыт болмай қалады. Сол себепті де 20-шы тамызға дейін
Ибраһимнің (Абай) ғұмырбаянын жаза алмайтынымды анық
айтамын. 20-шы тамыздан соң уақыт бола ма, жоқ па – оны
білмеймін. Сендерге өз суретімді жібермекпін. Бірақ байқа,
менің бейнем енгізілген дəптеріңді алмай қойып жүрмесін.
Біздің коммунистер Мəскеу коммунистері секілді жартыкеш
емес, нағыз 96-шы пробалы.
Алтынсары баласының суретін «Шолпан» журналының
№6, 7, 8 кітап жинағынан табасыңдар. Одан басқа менде суреті
жоқ.
Міржақып Қостанай үйезіне кетті. Кеше одан алған теле-
ғырамның мазмұны мынадай: «Гая ерледі: ұл туды».
Мен Пішпекте өткен қырғыз мұғалімдерінің сиезінде болып
келдім. Күн тəртібіне қойылған мəселелер мыналар: тіл, əріп,
емле, ғылыми пəн сөздері, ескі сөздерді жинау, мектеп түрі.
44
Латын əліпбиі жөнінде оларда бұған дейін бір жиналыс бо-
лып, шешім шығарған екен. Сиез соны мақұлдады. Ол шешім
төмендегідей: «Латын əліпбиін қырғыздың болашағы үшін
пайдалы деп табу. Алайда оған араб əліпбиіне кейбір өзгерістер
ендіру». Олар Нəзірдің латын əліпбиін арабшадан нашар дей-
ді.
Бізде үлкен жəне кіші əріп болмауы қажет, сонымен бір-
ге тасқа түсетін əріп жəне жазбаша əріптің айырмашылығы
байқалмағаны жөн.
Орысша жағырапияны Академиалық орталық баса алмай-
ды. Оны Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының талқысына салып,
сонан соң хабарлармын. Соңғылар бастыртады деп ойлаймын,
өйткені оларға қазақ жағырапиясы өте қажет.
Құшақтап сүйдім. Ақымет.
1/VІ. 25-ші жыл.
Бауырым Ақымет!
11-маусымда жазған хатыңды алдым. Профессор тамыз
жəне қыркүйек айларында Ырғыз бен Торғайға барып, сол
жақтан Қызылордаға соғатын боп уəде беріп, Берлин қаласына
қайтып кетті. Мен оған Қостанайдан бастауын өтіндім. Ол
бұған келісті. «Егер осы өңірлерге барсаңыз, Ақымет Байтұр-
сынұлын ұшырастыруға тиіссіз», – дедім мен тағы да.
Егер сенің келісіміңді біліп, оған хат жазып, хабарласып,
ақпарымды Мəскеудегі неміс өкілдігіне тастап кетпекшімін.
Ол өзі біздің қазақ өкілеттілігіне соғып, анықтап сұрап алатын
шығар.
Тамыз айында өзің қайда болмақсың? Мырзағалиевті не-
міспен ұшырастыруға жіберерсің. Еуропа сүзектің микробын
əлдеқашан тапқан. Лизажанның профессоры дəріс үстінде
айтатын көрінеді: «Макс па (менің немісім), жоқ мен бе, бұл
микробты тапқан сияқтымыз», – деп.
Макс бұл жөнінде ештеңе демеп еді. Бəлкім, оның зерттеуінің
нысанасы да сол шығар. Егер сен оған қосылсаң, тіпті жақсы
болар еді.
45
Біздің Орталық баспада көрнекті құралдар шеберханасы
бар. Олардың қаржысы жеткілікті. Жұмыс жоспары ауқымды.
Бүкіл КСРО бойынша халық ағарту ісіне қажетті нəрселер əрбір
ұлттың жағдайы мен ерекшелігіне қарай жасалынбақшы. Мен
оларға «Қазақ Академиялық орталығымен байланысыңдар»
деп кеңес айттым. Академиялық орталық енді қазақ мектебі
мен көшпелі оқу үйлеріне келеді-ау деген ережелерін көрсетіп,
арнайы жұмысымен қоса осы мүмкіндікті пайдаланып, өз
бағасын берсін.
Академиялық орталық, осыны орындауға тырысыңыздар.
Əміре Қашаубайұлын Парижге жібермекші. Ол бірде бір
əн сөзін білмейді ғой. Болмайтын нəрсені айтады. Мен оны
бірыңғай əншілердің үйіне апарып əн салғыздырттым. Да-
уысын мақтастық, бірақ əн салған кезде, мен қатты ұялдым.
Айтқан əнінің сөзінде мəн болсайшы.
Парижде мəнді əнді талап етеді. Əншіні Парижге жібере
отырып, бір əннің сөзін болса да жаттатқызуға болады ғой.
Əміремен бірге баратын басқа халықтардың əншілері ұлттық
киімдерін киген, ал біздің Əміре орыс мещандарынша киініпті.
Бұл соншалықты қиын ба?
Абай мен Алтынсары баласы жөніндегі жазуыңды күзге
дейін бітірсең кеш емес. Нəзір де Абай туралы жазбақшы.
Мейлі жазсын. Алтынсары баласы Ыбырай хақында өзің
жазсаң, жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе. Егер ол қазір
өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде,
оның ісін жасарың хақ.
Сенің ересек сауатсыздарға арналған кітабыңда «бізге»
керексіз қазақ хандары мен билерінің сөздері бар екен. «Еңбек-
ші қазақтың» 30-санындағы №19 қосымшасында Ғаббас:
«Кітапта бір коммунист жоқ» деп жазыпты. Оған жолдас Мар-
дан «Ақ жол» бетінде жауап қайтарды. Мардан жақсы айтып-
ты. Мен Марданның мұны неге жазғанын білдім: біздің «жазу-
шы» қазақ коммунистер саған риза емес əрі араз көрінеді. Сен
кітабыңда Мағрифаның інісінің мақаласына дейін орын беріп,
мына «жазушылардың» еңбектерін кіргізбепсің. Орыстың
мұндай кітаптарында Ленин мақалалары толы болады екен.
Қазақ кітаптарында ондай сүрең байғұс Сəкеннен өзгеде жоқ.
46
Мұны жақында маған соққан коммунистің бірі айтты. Мен
оның есіне мынадай мысалды түсірдім: Көктем шығып, күн
аспанға жоғары көтеріліп, тіршілік атаулы ояна бастағанда,
Юпитер бұқа кейпінде жерге төмен түсіп, сиырлардың арасын-
да ұрпақ өндіру қамымен жүреді екен. Бірде жай ғана кəдімгі
бұқа – Юпитер Құдай болуды ойлапты. Сонда біреулер айтып-
ты: «Бұқаның Юпитер боламын деп армандауы – бос қиял» деп.
Қазақ коммунистері Ленин болуды қаласа, жол ашық. Əлгі
бұқаның кебін құшып жүрген қазақ коммунистері Ленин бола
ала ма дегенімде, мына «төрем» көңілсізденіп əрі өкпелеп
қалды.
Келініне барды деп, Күрден əкесі Едігеге қол жұмсағанда,
Едіге айтқан екен: «Егер арғымақты қорласаң, жақсы ат қайдан
келмек? Қара сұңқарды қорласаң, ондай құсқа қолың қайта
жете ме? Егер жерді өртесең, азықты қайдан алмақсың? Ша-
шымды ақ шалып, көзімді шел басып, қартайған шағымда өз
атаң – мені сынасаң, қайдан жақсы боласың» деп («Көксілдер»).
«Көксілдер» мен «Шайырда» осындай өлеңдер бар. Осыны
жазуға болады ғой.
Орталық баспаның тапсырмасы бойынша Мағжан Жұма-
байұлы əліппе мен өз бетімен оқитындарға арнап кіріспелік
жазған-ды. Кеше Нəзір айтады: «Мағжан Жұмабайұлының
жазған кітабы Байтұрсынұлының кітабынан жақсы» деп. Ол
кітаптар əлі басыла қойған жоқ. Маған көрсетпеді де. Бірақ
Нəзір сыншы емес.
Меңдешұлы жолдас «Бөкейханұлы Еңбекші Қазаққа
мақала жазады» деп шағымданыпты. Бұл шағымы 15-маусым-
да Орталық комитет жанындағы Баспа бөліміне түсіпті. Мен
əлгі шағым бойынша онда отырған татарлар тиісінше тезден
өткізді. Мəскеу коммунистері: «Қазақтар – ұлтшылдар» деп
жалпыға жар салып айқайлап жүр. Мен олардан: «Айтып
жүргендерің не?» деп сұрасам, олар: «Өздерің өздеріңе шағым
жасап жүрсіңдер, яғни оны жазған – өз қазақтарың» деп айта-
ды.
Жазғандарымызды аяқтадық. 30-маусымда елге қарай шы-
ғамын.
47
Мадиярдың балалы болуымен құттықтайын деп едім,
бірақ мекенжайын білмеймін. Осы жөнінде Мадиярға жазып
жіберші. «Еңбекші Қазақ» маған тиесілі ақшамды бөлер ме
екен, соны Жолдыбайұлынан білші...
Хат жаз. Əлихан.
Мəскеу,
23/VІ-25 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |