ТҮсінік хат бағдарламаның мақсаты



Pdf көрінісі
Дата21.01.2017
өлшемі0,62 Mb.
#2322

ТҮСІНІК ХАТ 

 

Бағдарламаның  мақсаты  –  қазақ  әдебиеті  пәні  бойынша  білім  деңгейін 

тексеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді: 

–  қазақ  әдебиетінің  тарихы  бойынша  қарастырылуға  тиісті  тақырыптар, 

олардың теориялық және практикалық маңызы, әдеби шығарманы зерттеу тәсілдері, 

әдебиет тарихының кезеңдері, әдебиеттанудың  салалары  жөнінде терең білуі; 

– әдебиеттанудағы негізгі ұғымдарды, оның қажеттілігін, зерттеу нысандарын, 

қарастыратын  мәселелерін,  қазіргі  өзекті  ғылыми  мәселелерді  оқып-үйренудің, 

зерттеудің  әдіс-тәсілдері  мен  әдіснамалық  негіздерін  танудың  мүмкіндіктерін  білуі 

қажет; 

–  әдебиеттану  салаларына  қатысты  терминдер  мен  ұғымдардың  мәнін  терең 



түсіну,  әдебиеттің  тарихи  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайлармен  байланысын 

қарастыру арқылы әдебиеттің ой-сананы оятудағы міндетін атнып, білу, әдебиеттің 

даму  сипатын,  қазіргі  әдеби  үдерісті,  қазақ  әдебиетінің  халықаралық 

байланыстарын, әдеби аударманың теориялық мәселелерін жтеік білуі тиіс; 

 

– Әдебиеттегі ірі шығармашыл тұлғалардың өзіндік қолтаңбасын саралай білу, 



әдеби  туындыларды  талдау  арқылы  оның  эстетикалық  мәнін,  тақырыптық-

көркемдік сипаттарын таныта білу,  

 

–  көркем  шығармаға  талдау  жасаудың  ғылыми  принциптерін  игерту,  әдебиет 



пен фольклорды зерттеп үйренуге  қажетті білімді меңгерту, әдеби туындының ішкі, 

сыртқы аспектілерін  саралай алуға, жан-жақты талдауға үйрету. 

 

Бағдарламаның мазмұны.  

Әдебиеттануға кіріспе. Әдебиеттану – көркем сөздің табиғаты, шығуы, дамуы 

туралы филологиялық ғылым.  

Әдебиет  туралы  ғылым  және  оның  салалары.  Әдебиет  туралы  ғылымның 

ғылымдық  мәні.  Әдебиеттану  ғылымның  өзге  ғылым  салаларымен  байланысы  мен 

өзіндік ерекшелігі 

Әдебиет  –  сөз  өнері.  А.Байтұрсынов  сөз  өнері  туралы. Көркем  әдебиеттегі 

шарттылық  мәселесі.  Өнер  туындысын  бағалау  критерийлері.    Әдебиеттің 

халықтығы,  ұлттық  сипаты  жайлы  ой-толғамдар.  Өнер  мен  әдебиеттегі  халықтық 

ұғым. Халықтық ұғымның әр кезеңдегі көрінісі.  

 

Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік.  Көркем шығарманың 



тақырыбы.  Басты  және  қосалқы  тақырыптар.  Көркем  шығарманың  идеясы  және 

оның автор дүниетанымымен байланыстылығы.  

Композиция туралы түсінік.  Композициялық бүтіндік. Композицияның көркем 

шығармадағы  атқаратын  ролі.  Сюжет  туралы  пікірлері.  Сюжеттік  элементтер. 

Композицияның сюжеттен тыс элементтері. Композиция мен сюжеттің бірлігі және 

айырмашылығы.  Сюжет  туралы  ұғым.  Сюжеттік  элементтер.  Әдебиетті  текке, 

түрлерге  бөлу  жіктеу  принциптері.  «Тек»,  «түр»,  «жанр»  түрлерінің  қолданылу 

аясы. Жанрдың тарихи категория екендігі. 



Қазақ  фольклоры.  Фольклор.  Фольклор  туралы  жалпы  түсінік.  Фольклорға 

жаңаша  көзқарас.  Фольклор  жанрлары  және  оны  классификациялау.  Фольклорлық 

жанрлар.  Ғұрыптық  фольклор  (тұрмыс-салт  жырлары).  Еңбек  ғұрпы  фольклоры. 


Маусымдық  ғұрып  фольклоры.  Отбасылық  ғұрып  фольклоры.  Наным-сенімдер 

ғұрпының  фольклоры.Эпос  және оның  түрлері.  Көне  эпос.  Батырлық  эпос.  Тарихи 

эпос. Лиро-эпостық жырлар. Халық прозасы. Аңыздық проза. Ертегілік проза. Аңыз, 

түрлері.  Миф  және  оның  түрлері.  Әпсана,  түрлері.  Хикая  мен  хикаят.  Түрлері. 

Жанрлық  ерекшеліктері.  Кейіпкерлері.  Ертегі  және  оның  түрлері.  Қазақ 

фольклорының  кіші  жанрлары.  Мақал-мәтелдер.  Жұмбақтар  мен  жаңылтпаштар. 

Балалар фольклоры. Шешендік өнер. 

Қазақ әдебиетінің тарихы. Әдебиет тарихын дәуірлеу төңірегіндегі дискуссия. 

Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері. Ежелгі дәуір әдебиеті. Заманымыздан бұрынғы 

жазу-сызулар.  (сақ,  ғұн,  үйсін,  дәуірі).  Түркі  қағанаты  дәуіріндегі  әдебиет.  Оғыз-

Қыпшақ  дәуіріндегі  әдебиет.  Ислам  дәуіріндегі  әдебиет.  Алтын  Орда  дәуірі 

әдебиеті.  

Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет.  Қазақтың  төл  әдебиетінің  бастауы  – 

жыраулар  поэзиясы.  ХҮ  ғасырдағы  қазақ  даласындағы  тарихи-әлеуметтік  жағдай 

ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  қазақ  әдебиетінің  негізгі  арнасы,  бірегей  көрінісі  – 

жыраулар  поэзиясы  екені.  Жыраулық  әдебиеттің    әлеуметтік  сипаты.  Жыраулар 

поэзиясы  және  оның  түп  тамырлары.  Жыраулар  поэзиясын  басты  тақырыбы  мен 

идеясы,  мазмұны,  көркемдік  сипаты.  Жырау  және  ақын.  Олардың  өзіндік 

ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының қайнар көздері. 

ХІХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті.  Тарихи-әлеуметтік  жағдайлар  және  әдебиеттің 

дамуы.  Отаршылдық  қысымның  сөз  өнеріндегі  көрінісі.  Әдебиеттегі  ағымдар. 

Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы /1802-1874/ 

шығармашылығы.  Поэзиясының  мәні.  Шортанбай  Қанайұлы  /1818-1881/  

толғаулары.  Заман  шындығының  айтылуы.  Мұрат  Мөңкеұлы  /1843-1906/ 

шығармашылығындағы  ата  қоныс  мәселесі.  Әбубәкір  Кердері  /1868-1905/ 

шығармашылығы. 

Исатай-Махамбет  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісі  және  әдебиет.  Махамбет 

Өтемісұлы  (1804-1846).  Өмірбаяны.  Махамбет  мұрасының  жиналуы,  зерттелуі. 

Махамбет  өлеңдеріндегі  күрескерлік  сарын,  ерлік  рух.  Шернияз  Жарылғасұлы 

(1807-1867) шығармашылығы. Алмажан Азаматқызы (ХІХғ) шығармашылығы. ХІХ 

ғасырдағы  айтыс  өнері  және  ақындық,  әншілік-композиторлық  дәстүр.  ХІХ  ғасыр 

әдебиетінің  басты  ерекшелігі.  Ш.Уәлихановтың  зерттеу  еңбектері.  Ы.Алтынсарин 

және ағартушылық идея. Абай – ұлы реформатор ақын, қазақ әдебиетінің классигі.  

Бұл дәуірдегі ірі саяси-әлеуметтік оқиғалар, патшалық отарлау саясаты, хандық 

биліктің  жойылуы,  әкімшілік  жүйедегі  өзгерістер,  ұлт-азаттық  қозғалыстар  мен 

көтерілістер  әдебиеттің  идеялық  та,  эстетикалық  та  мазмұнына  үлкен  ықпалын 

тигізуі. Соның нәтижесінде бірқатар ағымдар мен бағыттар қалыптасуы. Зар заман 

әдебиеті,  ақындар  айтысы,  сал-серілер  поэзиясы,  реалистік  жазба  әдебиет, 

романтикалық сарындағы әдебиет, шығыстық үлгідегі шығармалар – қарастырылып 

отырған  кезеңге  тән  құбылыстар.  Идеялық-көркемдік  жаңалықтармен  қатар,  тың 

жанрлардың  қалыптасып  дамуы.    Сонымен  қатар  осы  ғасыр  шегінде  қазақ 

әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланыстарының өрісті бола бастауы. 

ХХ  ғасырдың  басындағы  әдебиет.  Қазақ  даласындағы  қоғамдық-әлеуметтік 

жағдай  және  әдеби  даму.  Отаршылдыққа  қарсы  күрес  идеясы.    Әдебиеттегі  Алаш 

идеясы.  Ағымдар  мен  бағыттар.  Алғашқы  көркем  проза  үлгілері.  Әдеби 


жанрлардың  дамуы.  Қазақ  баспасөзі.  “Айқап”,  “Қазақ”,  “Қазақстан” 

басылымдары. Жәдитшілдік. Милләтшілдік. 

ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  дамуы.  Тарихи-әлеуметтік  жағдайлар. 

Қоғамдық-әлеуметтік  жағдай.  Өндіріс  орындарының  ашылуы.  1904  жылғы  орыс-

жапон  соғысы,  Россиядағы  1905-1907  жылдардағы  төңкеріс.  1914-1918  ж.  Бірінші 

империалистік соғыс. 1916 ж. Патша жарлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс. 1917 

ж. Ақпан және қазан төңкерісі. Аталмыш оқиғалардың әдебиетке тигізген ықпалы. 

1900-1917  жылдар  аралығындағы  әдеби  көркем  шығармалар  мен  ақын-

жазушылардың  шығармашылығын  қарастыру,  олардың  әлеуметтік,  көркемдік, 

жаңашылдық негізін таныту.  

ХІХ  ғасырдан  бастау  алған  ағартушылық-демократтық  идеялардың  ХХ  ғасыр 

басындағы  әдебиетте  кеңінен  қанат  жаюы.  Отаршылдыққа  қарсы  күрес 

идеяларының  қазақ  зиялыларының  басты  көзқарасына  айналуы.  Ұлттық  ояну 



ұраны. Алаш ұранды әдебиеттің көркемдік-эстетикалық жүйесі.  

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдеби даму. Әдеби сындағы қайшылықтар. 

Тартыс.  Тұрпайы  социологизм  сыны.  ҚазАПП.  “Алқа”.    Абай  мұрасына  және 

халықтық  мұраға  көзқарас.  Әдеби  жанрлардың  дамуы.  Кеңес  әдебиетіне  қазіргі 



көзқарас. Социалистік реализм қасаңдығы. Тиым салынған тақырыптар. Ұлт 

зиялыларының  қуғын-сүргінге  түсуі.  Сталиндік  репрессия.  Көркемдік 

дамудағы дәстүр арнасының үзілуі. 

Б.Майлин  шығармашылығы.  Алғашқы  өлеңдерінен  көрінетін  әлеуметтік  өмір 

шындығы.  Әңгімелері.  Хикаяттары.  Пьесалары.  Б.Майлин  –  шағын  әңгіме  шебері. 

С.Сейфуллин  шығармашылығы.  Азаттық жолындағы күресті  арқау  еткен өлеңдері. 

Поэмалары.  «Аққудың  айрылысуы»  поэмасындағы  романтикалық  сарын. 

«Көкшетау»  поэмасы.  Көркемдігі  мен  тілі.  Прозасы.  Пьесалары.  І.Жансүгіров 

шығармашылығы. Ілияс  – эпик ақын. «Құлагер», «Күй», «Күйші» поэмаларындағы 

өнер және өнер адамының тағдыры.  «гималай», т.б. өлеңдерінің көркемдігі. Табиғат 

лирикасы.  Азаматтық  лирикасы.  М.Әуезов,  С.Мұқановтың  алғашқы  шығармалары. 

Драматургияның дамуы. Қазақ кеңес әдебиетіне қазіргі көзқарас.  

ХХ  ғасырдың  40-50  жылдарындағы  әдебиет.  Соғыс  шындығының  әдебиетте 

бейнеленуі.  Прозадағы,  поэзиядағы  соғыс  тақырыбы.  Ерлік,  Отан  қорғау  идеясы. 

Соғыс  жылдары  жазылған  шығармалар.  Қ.Аманжолов,  С.Мәуленов,  Ә.Сәрсенбаев, 

Ж.Саин,  т.б.  майдангер  ақын-жазушылар  шығармашылығы.  1940-50  жылдардағы 



әдебиет пен өнер мәселелеріне қатысты СОКП қаулы-қарарларының зардабы. 

Қ.Аманжолов,  Ә.Тәжібаев,  Қ.Бекхожиндердің  “ұлтшылдық”  тұрғыдан 

қудалануы.  

М.Әуезов.  «Абай  жолы»  роман-эпопеясы.  Абай  тұлғасы.  Тарихи  және  замана 

шындығын  бейнелеудегі  суреткерлік  шеберлік.  Әуезов  прозасындағы  көркемдік 

жетістіктер.  “Қилы  заман”  повесі.  Пьесалары.    “Хан  Кене”,  «Абай»,  «Қарагөз», 

«Айман-Шолпан», 

т.б. 


Әдебиеттану 

саласындағы 

еңбектері. 

С.Мұқанов 

шығармашылығы.  Романдары.  «Адасқандар»  романының  тақырыбы  мен  идеясы. 

Әңгіме-повестері. 

Поэмалары. 

Әдебиет 


туралы 

еңбектері. 

Ғ.Мүсірепов 

шығармашылығы.  Көркемдік  ізденістер.  Алғашқы  әңгімелері.  Кейінгі  прозасы. 

«Кездеспей  кеткен  бір  бейне»  повесі.  «Жапон  балладалары»  циклы.  Ана 

тақырыбындағы 

туындылары. 

Пьесалары. 

Ғ.Мұстафин 

шығармашылығы. 



«Қарағанды»  романының  тақырыбы,  кейіпкерлер  жүйесі.  «Миллионер».  «Көз 

көрген».  

ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы әдеби даму. 60-жылдар әдебиетіндегі жаңа 

леп.  Жанрлық  даму.  Прозаның  дамуы.  Поэзияның  дамуы.  Драматургияның  дамуы. 

Прозадағы  бағыттар.  Тарихи  романдардың  жазылуы.  Көп  кітапты  романдар. 

І.Есенберлин,  Х.Есенжанов,  Ә.Әлімжанов,  Т.Ахтанов,  Т.Әлімқұлов,  Ш.Мұртаза, 

С.Мұратбеков,  Ә.Кекілбаев,  Қ.Жұмаділов,  С.Жүнісов,  М.Мағауин,  Т.Әбдік,  т.б. 

шығармашылық  өкілдерінің  еңбектері.  Қазақ  әдебиетін  дамытудағы  еңбектері. 

Әдебиеттану  ғылымының  дамуы.  Қ.Жұмалиев,  Б.Кенжебаев,  М.Базарбаев, 

З.Ахметов,  С.Қирабаев,  З.Қабдолов,  Р.Нұрғали  зерттеулеріндегі  әдебиеттану 

мәселелері.  Поэзиядағы  жаңалықтар.  М.Мақатаев,  Т.Айбергенов,  Ж.Нәжімеденов, 

Ф.Оңғарсынова, т.б. ақындар шығармашылығы.  

Тәуелсіздік  жылдарындағы  әдеби  даму.  Әдебиеттегі  тың  ізденістер  мен  жаңа 

көзқарастар. Әдебиеттің «ақтаңдақ» беттерін зерттеу. Алаш арыстары мұрасының 



қайта оралуы. Кеңес дәуіріндегі әдебиетке жаңаша көзқарас. Әдеби жанрлардың 

дамуы.  Мемуарлық  романдар.  Поэмалар.  Әңгіме-повестер.  Лирика.  Тақырыптық, 

көркемдік сипаттары. Фольклортану және әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен 

жетістіктер. 



Әдебиет  теориясы.  Эстетика  туралы  негізгі  тұжырымдар.  Эстетика  туралы 

орта  ғасырдағы  ғылыми  пайымдаулар.  Халықшылдық  эстетиканың  тағылым, 

талаптары.  Әдебиет  теориясы  және  эстетика  категориялары.  Эстетика  және 

әдебиеттану  ғылымы.  Әдебиеттің  өнер  ретіндегі  қызметі  және  басқа  ғылымдармен 

байланысы.  Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы    әдеби-эстетикалық  ойдың  даму 

ерекшеліктері.  Жанрлар  туралы  түсінік,  түрлер.  Уақыт  пен  кеңістік  мәселесі. 

Көркем мәтін, құрылымы. Әдеби дәстүрдің дамуы. Көркемдік тұтастық. Мазмұн мен 

форма Көркем шығармадағы автор бейнесі. Автор мен кейіпкер. Әңгімеші, баяншы. 

Сюжет пен композиция. Фабула. Троп пен фигура.  

 

 

 

 

 

6М011700 –  «Қазақ тілі мен әдебиеті» (қазақ әдебиеті)  

мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған 

 

1.

 



Зар заман” ақындары шығармаларындағы басты идея  

2.

 

«Социалистік  реализм»  әдебиетінің  негізгі  принциптері  және  оған  қазіргі 



көзқарас 

3.

 



«Халық ауыз әдебиеті» және «фольклор» ұғымдары 

4.

 



1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің халық поэзиясындағы көрінісі     

5.

 



Әдебиет пен өнердегі халықтық ұғым 

6.

 



Әдебиеттің тектері мен түрлері 

7.

 



Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселелері     

8.

 



Хикаят жанрының ерекшелігі және кейіпкерлері     

9.

 



Эпикалық фольклор. Батырлық эпос  

10.

 

1928-32 жылдардағы әлеуметтік өмір шындығының әдебиеттегі көрінісі 



11.

 

1960-70 жылдардағы қазақ әдебиетінің даму үрдісі 



12.

 

Абайтану ғылымының алғашқы кезеңі 



13.

 

Алаш ұранды әдебиеттің негізгі идеясы және  өкілдері 



14.

 

М.Жұмабаевтың  «Ертегі»,  «Оқжетпестің  қиясында»,  «Қойлыбайдың  қобызы» 



поэмаларының фольклорлық және тарихи негіздері 

15.


 

Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасы 

16.

 

Ежелгі 



дәуір 

әдебиетінің 

зерттелуі 

(Б.Кенжебаев, 

М.Жолдасбеков, 

А.Қыраубаева, Н.Келімбетов т.б.) 

17.

 

1920-30 жылдардағы әдеби айтыс (ҚазАПП, “Алқа”) 



18.

 

Әдебиеттің сюжеттік элементтері  



19.

 

Қазақ өлеңінің құрылысы   



20.

 

А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі     



21.

 

Абай – ұлы реформатор ақын, қазақ әдебиетінің классигі 



22.

 

Абай қара сөздеріндегі моралдық-этикалық мәселелер 



23.

 

Абайдың поэмалары 



24.

 

Абайдың  табиғат  лирикасындағы  қоршаған  орта  және  әлеуметтік  өмір 



көріністері 

25.


 

Алтын Орда Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет. Нәзира дәстүрі. Қисса дастандар. 

26.

 

Аңыздық проза түрлері. Миф. Хикая. Аңыз. Хикаят. 



27.

 

Аңыздың жанрлық ерекшелігі және түрлері   



28.

 

Ә.Кекілбай прозасындағы аңыздық сюжеттер. «Аңыздың ақыры» романы 



29.

 

Әдеби жанрлар. Жанр туралы түсінік және түрлері 



30.

 

Әдеби сын жанрлары 



31.

 

Әдеби шығарма стилі. Суреткер стилі.  



32.

 

Әдебиеттану ғылымының негізгі және қосалқы салалары  



33.

 

Әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық 



34.

 

Әпсана жанры. Ерекшелігі 



35.

 

Б.Майлин әңгімелеріндегі қазақ ауылының тағдыры 



36.

 

Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі 



37.

 

Ғ.Мүсірепов әңгімелеріндегі ана тақырыбы 



38.

 

Ғұрыптық фольклор түрлері 



39.

 

Ертегілік проза түрлері. Қиял-ғажайып ертегі 



40.

 

Жыраулар поэзиясы. Жыршы және жырау 



41.

 

Жыраулар поэзиясындағы елдік пен ерлік  



42.

 

Жыраулар поэзиясындағы оппозициялық ойлар  



43.

 

Жыраулар поэзиясының көркемдік-эстетикалық жүйесі  



44.

 

Заманымыздың бұрынғы жазу-сызулар (сақ, ғұн, үйсін дәуірі)  



45.

 

Исатай-Махамбет  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісі  және  Махамбет  Өтемісұлы 



поэзиясы 

46.


 

Композицияның сюжеттен тыс элементтері 

47.

 

Көркем әдебиеттегі пейзаж бен портрет 



48.

 

Көркем әдебиеттегі уақыт  пен кеңістік 



49.

 

Көркем әдебиеттегі уақыт пен кеңістік 



50.

 

Көркем әдебиеттегі фигура және оның түрлері  



51.

 

Көркем туындыдағы кейіпкер характері 



52.

 

Көркем туындыдағы мазмұн мен пішін 



53.

 

Қазақ әдеби сынының қалыптасу тарихы   



54.

 

Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері және оны дәуірлеу  принциптері 



55.

 

Қазақ  әдебиетіндегі  өнер  адамдарының  бейнесі  (Ж.Аймауытұлы  “Әнші”, 



С.Жүнісов “Ақан сері”, Ә.Әбішев “Мәди”, Х.Ерғалиев “Құрманғазы”) 

56.


 

Қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар 

57.

 

Қазақ драматургиясының қалыптасып, дамуы. Алғашқы пьесалар 



58.

 

Қазақ поэзиясындағы романтизм (Мағжан Жұмабайұлы, Қасым Аманжолов)  



59.

 

Қазақ прозасындағы лиризм (Б.Майлин, С.Мұратбеков) 



60.

 

Қазақ прозасындағы өнер адамдарының бейнесі 



61.

 

Қазақ  прозасындағы  соғыс  тақырыбы.  Т.Ахтанов  «Қаһарлы  күндер», 



Б.Момышұлы «Москва үшін шайқас», Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» 

62.


 

Қазақ  фольклорының  кіші  жанрлары  (мақал-мәтелдер,  жұмбақтар  мен 

жаңылтпаштар)    

63.


 

Қазақ халық прозасының түрлері 

64.

 

Қазақстан және Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың даму ерекшеліктері 



65.

 

Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жаңашылдық 



66.

 

Қазіргі қазақ мемуарлық романы  



67.

 

Қазіргі поэмалардың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері 



68.

 

Лирикалық кейіпкер және ақындық «мен»   



69.

 

М.Әуезов - абайтанушы     



70.

 

М.Әуезов әңгімелеріндегі уақыт шындығы және кейіпкер тағдыры 



71.

 

М.Әуезов  туындыларындағы  тарихи  шындық  пен  көркемдік  шындық 



арақатынасы (“Абай жолы” роман-эпопеясы негізінде)  

72.


 

М.Әуезовтің алғашқы әңгімелері 

73.

 

Майдан  лирикасы  (Қ.Аманжолов,  С.Мәуленов,  Ә.Сәрсенбаев,  Ж.Саин,  т.б. 



майдангер ақындар)  

74.


 

Маусымдық ғұрып фольклоры   

75.

 

Наным-сенімдер ғұрпының фольклоры 



76.

 

Натурализм. Натурализмнің қазақ прозасындағы көріністері   



77.

 

Образ және оның түрлері 



78.

 

Оғыз-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет. «Оғыз-наме» эпосы 



79.

 

Орхон жазба ескерткіштерінің зерттелуі 



80.

 

Отбасылық ғұрып фольклоры  



81.

 

Отбасылық ғұрып фольклоры 



82.

 

С.Мұқановтың алғашқы шығармалары 



83.

 

С.Сейфуллиннің шығармашылық мұрасы. «Аққудың айрылу» поэмасы 



84.

 

Сюжет, композиция, фабула   



85.

 

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының дамуы 



86.

 

Троп және оның түрлері   



87.

 

Ұлттық әдебиеттану ғылымының бастаулары 



88.

 

Фольклор жанрлары 



89.

 

Фольклор және жазба әдебиет байланысы  



90.

 

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: ағымдар мен бағыттар 



91.

 

ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетіндегі  әлеуметтік  романдар  (“Бақытсыз 



Жамал”, “Қамар сұлу” т.б.) 

92.


 

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ұлттық ояну ұраны (Ш.Құдайбердіұлы 

“Қазақ  айнасы”,  А.Байтұрсынұлы  “Маса”,  М.Дулатұлының  «Оян,  қазақ!» 

жинақтары)   

93.

 

ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі (“Айқап”, “Қазақ”, “Қазақстан”) 



94.

 

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясы. М.Мақатаев, Т.Айбергенов, 



Ж.Нәжімеденов поэзиясы 

95.


 

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ прозасының дамуы 

96.

 

ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы қазақ әдебиеттану ғылымының дамуы 



97.

 

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ағымдар. Әдеби шығармалардағы басты идея 



98.

 

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі сал-серілер шығармашылығы 



99.

 

Шешендік өнер және оның түрлері 



100.

 

Шоқан Уәлиханов – фольклортанушы   



101.

 

І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»  роман-трилогиясындағы    тарихи  кезең 



шындығы 

102.


 

І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы өнер және өнарпаз тағдыры 

103.

 

Эпикалық фольклор: Ғашықтық эпос.  



104.

 

Эпос түрлері. Қаһармандық эпостың басты ерекшелігі 



105.

 

Эстетика туралы негізгі тұжырымдар 



 

 

 



 

Пайдаланылатын әдебиеттер 

 

Қазақ фольклоры бойынша ұсынылатын әдебиеттер 

 

1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1995. 

2. Бердібай Р. Эпос мұраты. –  Алматы, 1996. 

3. Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті. – Алматы, 1995. 

4. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық І том. Қазақ фольклорының тарихы. –  

Алматы, 2007. 

5. Қасқабасов С. Жаназық.  –  Астана, 2002. 

6. Қасқабасов С. Ойөріс. –  Астана, 2009. 

7. Қазақ фольклорының поэтикасы. –  Алматы, 2001. 

8. Қазіргі қазақ әдебиеті және фольклор. – Алматы, 2009. 

9. Қасқабасов ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А. 

10.  Мың  бір  мақал.  Жиырма  үш  жоқтау.    Жинастырған  Ахмет  Баржақсы 

баласы. –  Алматы, 1993.  

11. "Қазақ мақал-мәтелдері".  Жинастырған Ө.Тұрманжанов. – Алматы, 1992.  

12. Қазақ жұмбақтары. – Алматы, 1993.  


 13. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – Алматы, 1976.  

 

16. Қазақ фольклоры // 



http://www.kitaphana.kz/

 сайты.  

17.  Мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  шешендік  сөздер  // 

http://kk.wikipedia.org/wiki

 сайты. 

18.  Қасқабасов  С.А.  Қазақтың  халық  прозасы.  Таңдамалы.  Т.1.  Зерттеулер.  -

Астана: Фолиант, 2014.  

19.  Қасқабасов  С.А.  Мифология.  Фольклор.  Әдебиет.  Таңдамалы.  Т.2. 

Зерттеулер. – Астана: Фолиант, 2014. 

20. Қасқабасов С.А. Фольклорная проза казахов.  Таңдамалы. Т. 3. Избранные 

исследования.– Астана: Фолиант, 2014. 

21.  Қасқабасов  С.А.  Фольклор  иірімдері  .  Таңдамалы.  Т.4.  Әр  жылғы 

зерттеулер. – Астана: Фолиант, 2015. 

22.  Қасқабасов  С.А.  Ғылым  және  ғалым.  Таңдамалы.  Т.5.    Әр  жылғы 

зерттеулер. –Астана: Фолиант, 2015. 

23. Аймұхамбет Ж.Ә.  Миф. Мифология. Мифопоэтика. Монография. -Астана: 

Фолиант.-2016.-184 б. 

 

 



Ежелгі дәуір және ХҮ-ХҮІІІ ғғ. әдебиеті бойынша ұсынылатын әдебиеттер 

 

1.

 



Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы, 1996. 

2.

 



Бердібаев Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы, 1996. 

3.

 



Бойс Мэри. Зороастрийцы. Обыча и верования. М., 1988. 

4.

 



Гумилев Л. Көне түріктер. А., 1994;Қиял патшалығын іздеу. А.,1992. 

5.

 



Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1986. 

6.

 



Есімов Ғ. Хакім Абай. А., 1994. 

7.

 



Иүгінеки  Ахмет.  Ақиқат  сыйы.  А.,  1985.  Ауд.  Ә.Құрышжанов, 

Б.Сағындықов. 

8.

 

Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. А., 1991. 



9.

 

Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1974. 



10.

 

Конрад Н.И. Запад и Восток. М., 1966. 



11.

 

Қашқари Махмұт. Түбі бір түркі тілі. А., 1993. 



12.

 

Қожа Ахмет Йасауи. Хикметтер. А., 1995. Ауд.Ә.Жәмішев. 



13.

 

Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. А., 1994. 



14.

 

Қорқыт ата кітабы. А., 1986. Ауд.алғы сөзі жазған Ә.Қоңыратбаев. 



15.

 

Қорқыт ата кітабы. А., 1994. Ауд. Б.Ысқақов. 



16.

 

Құтты білік. А., 1986. Ауд. Б.Ысқақов. 



17.

 

Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А., 1988. 



18.

 

Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. А., 1996. 



19.

 

Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., 1993. 



20.

 

Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., 1994. 



21.

 

Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. А., 1985. 



22.

 

Машанов А. Әл-Фараби және Абай. А., 1994. 



23.

 

Мыңжани Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1995. 



24.

 

Өмірәлиев  Қ.  ҮШ-ХІІ  ғасырлардағы  көне  түркі  әдеби  ескерткіштері.  А., 



1985. 

25.


 

Өмірәлиев Қ. Оғыз қаған эпосының тілі. А., 1988. 

26.

 

Сейдімбеков А. Қазақ әлемі. А., 1997. 



27.

 

Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1997. 



28.

 

Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. А., 1993. 



29.

 

Фильштинский И.М., Шидфар Б.Я. Очерк арабо-мусульманской культуры. 



М., 1971. 

 

ХІХ ғасыр әдебиеті бойынша ұсынылатын  

әдебиеттер 

 

1.



 

Абайдың өмірі мен творчествосы. А., 1954. 

2.

 

Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. А., 1986; 1995. 



3.

 

Абай тағылымы. А., 1986. 



4.

 

Абай энциклопедиясы. А., 1995. 



5.

 

Абайды оқы, таңырқа... А., 1993. 



6.

 

Ай, заман-ай, заман-ай. Екі томдық. А., 1991. 



7.

 

Айтыс. І, ІІ том. А., 1988. 



8.

 

Ақан сері Қорамсаұлы. Шығармалары. А., 1963. 



9.

 

Ақберен. А., 1972. 



10.

 

Ақын Сара. А., 1985. 



11.

 

Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1989. 



12.

 

Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. А., 1991. 



13.

 

Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. А., 1973. 



14.

 

Әбдіғазиев Б. Асыл арна. А., 1982. 



15.

 

Әбубәкір Кердері. Қазағым. А., 1983. 



16.

 

Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961. 



17.

 

Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. А., 1993. 



18.

 

Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959. 



19.

 

Әуезов М. Абай Құнанбаев. А., 1968. 



20.

 

Әуезов М. Абайтанудағы жарияланбаған материалдар. А., 1988. 



21.

 

Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991. 



22.

 

Әсет Найманбаев. Шығармалар. А., 1988. 



23.

 

Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991. 



24.

 

Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. А., 1989. 



25.

 

Бөкейханов Ә. Шығармалар. А., 1994. 



26.

 

Біржан сал Қожағұлұлы. Өлеңдер. А., 1967. 



27.

 

Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. А., 1965. 



28.

 

Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А., 1990. 



29.

 

Досмұхамедұлы Х. Аламан. А., 1991. 



30.

 

Есімов Ғ. Хакім Абай. А., 1994. 



31.

 

Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. А., 1975. 



32.

 

Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967. 



33.

 

Зар заман. Жыр-толғаулар. А., 1993. 



34.

 

Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986. 



35.

 

Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1985. 



36.

 

Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. А., 1917. 



37.

 

Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., 1991. 



38.

 

Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. А., 1989. 



39.

 

Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. А., 1997. 



40.

 

Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. А., 1982. 



41.

 

ХҮШ-ХІХ ғғ. қазақ ақын-жазушыларының шығармалары. А., 1962. 



42.

 

ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. А., 1988. 



43.

 

ХІХ ғасыр әдебиеті. Хрестоматия. А., 1992. 



44.

 

Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. А., 1993. 



45.

 

Радлов В. Алтын сандық. А., 1993. 



46.

 

Сәтбаева Ш. Шоқан Уәлиханов – филолог. А., 1985. 



47.

 

Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. – А., 1990. 



48.

 

Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – А., 1985. 



49.

 

Ыбырай Алтынсарин тағлымы. –  А., 1991. 



50.

 

Ысмайылов Е. Ақындар. –  А., 1956. 



 

ХХ ғасыр әдебиеті бойынша ұсынылатын  

әдебиеттер 

 

1.

 



Аймауытов  Ж.  Мағжанның  ақындығы  туралы  //  Мағжан  Жұмабаев 

шығармалары. –  А., 1989. 

2.

 

“Алаш”  қозғалысы.  Құраст..  Е.Тілешов,  Д.Қамзабекұлы,  И.Нұрахмет.  –  А., 



2008. 

3.

 



Асфендияров С. История Казахстана. Т.І. –  М., 1935. 

4.

 



Әбдіғазиев Б. Асыл арналар. –  А., 1992. 

5.

 



Әбдірахманов  Т.  Орыс  әдебиетін  қазақ  тіліне  аудару  дәстүрі  және  Бекет 

Өтетілеуов. – А., 1969. 

6.

 

Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. – А., 1988. 



7.

 

Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991. 



8.

 

Әбсәметов М. Міржақып Дулатов. –  А., 1995. 



9.

 

Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. // Шығармалар. –  А., 1989. 



10.

 

Байтұрсынов А. Ақ жол. –  А., 1992. 



11.

 

 Бейсенбиев  К.  Очерки  истории  общественно-политической  и  философской 



мысли Казахстана. –  А., 1976. 

12.


 

 Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің, тарихының очеркі. – А., 1981. 

13.

 

 Бейсенғалиев З. ХХ ғ. Б. Қазақ прозасы. А., 1988 



14.

 

 Белинский  В.Г.  Иван  Андреевич  Крылов  Соб.  Соч.  В  3-х  томах.  Т.2.  –  М., 



1948 

15.


 

 Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана в 1917-40 гг. 

16.

 

 Галузо  П.К.  Колониальная  система  Российского  империализма  в  канун 



октября. А., 1968 

17.

 

 Дербісәлин  Ә.  Қазақтың  октябрь  алдындағы  демократияшыл  әдебиеті.  А., 



1966 

18.


 

 Дербісәлин Ә. Дәстүр мен жалғастық. А., 1976 

19.

 

 Дулатов  М.  Ахмет  Байтурсынович  Байтурсынов.  //  Шығармалары.  –  А., 



1991. 

20.


 

 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – А., 1967. 

21.

 

 Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. – А., 1970. 



22.

 

Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев. – А., 1995. 



23.

 

Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – А., 1990. 



24.

 

Жиреншин Ә. Қазақ кітаптарының тарихынан. – А., 1971. 



25.

 

Зиманов С., Идирисов К. Общественно-политические взгляды Мухамеджана 



Сералина. – А., 1989. 

26.


 

Исмаилов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – А., 1940. 

27.

 

Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. – А., 1969. 



28.

 

ХХ ғ. б. кезіндегі қазақ әдебиеті. – А., 1994. 



29.

 

Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – А., 2002. 



30.

 

Казахи о русских до 1917 года. – Оксфорд, 1985. 



31.

 

Қабдолов З. Сөз өнері. –  А., 1976. 



32.

 

Казахстан в начале ХХ века. – А., 1993. 



33.

 

Қараев М. Қазақ әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары. –  А., 1986 



34.

 

Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. –  А., 1994 



35.

 

Кенжебаев Б. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті. –  А., 1993. 



36.

 

Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. –  А., 1966. 



37.

 

Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – А., 1995. 



38.

 

Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – А., 1995. 



39.

 

Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Қызылорда, 1932. 



40.

 

Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі. –  А., 1966. 



41.

 

Сыздықова Ш. Ахмет Байтұрсынов. –  А., 1990. 



42.

 

Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев. –  А., 1991. 



43.

 

Тоғжанұлы  Г.  Жүсіпбектің  сыны,  Мағжанның    ақындығы  туралы.  –  А., 



1926. 

44.


 

Хасен  Оралтай.  “Алаш”  –  Түркістан  түркілерінің  ұлт-азаттық  ұраны.  –  

Стамбул, 1973. 

45.


 

Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаев. – А., 1966. 

46.

 

ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. –  А., 2011. 



 

Әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы бойынша 

 ұсынылатын әдебиеттер 

 

1. Аристотель и античная литература. –  М.,1978. 

2. Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалар. –  А., 1989. 

3. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. –  А., 1979. 

4. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. –  А., 2004. 

5. Гегель Г. Эстетика. В 4-х т. –  М., 1968. 

6. Гуляев Н. Теория литературы. –  М., 1977. 


7. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы көркемдік шешім. –  А., 1991. 

8. Қабдолов З. Сөз өнері. –  А., 1992. 

9. Сакулин П.Н. Филология и культурология. –  М., 1990. 

10. Хализев Е.В. Теория литературы.  –  М., 2002. 

11. Потебня А. Эстетика и поэтика. –  М., 1976. 

12. Поспелов Г. Теория литературы. –  М., 1978. 

13. Мировое литературоведение. 1-3 т. –  А., 2009.  

14. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. –  А., 1962. 

15. Жанр сипаты. –  А., 1971. 

16. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай   

    поэзиясының тілі. –  А.,1959. 

17. Қирабаев С. Шындық және шығарма. –  А.,1981. 

18. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. –  А., 1995. 

19. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі.   –  А., 1987. 

20. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. –  А., 1982. 

21. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –  Астана, 2003. 

       22. Потебня А. Эстетика и поэтика. –  М., 1976. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет