Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


 4. Пунктуациялық дағдыны игертудің



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата21.01.2017
өлшемі0,8 Mb.
#2329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1. 4. Пунктуациялық дағдыны игертудің
психологиядлық негіздері
«Дағды -   бұл ойлау қабілеті барысында қалыптасатын,
сана-сезімнің   автоматтандырылған   құрамдық   бөлігі»   [39].
Бұл   анықтама   жалпы   сипатқа   ие,   яғни   ол   бірдей   деңгейде
қозғалыс   дағдысына   (мысалы:   велосипедті   айдау)   және
ойлау,   сонымен   бірге   емле   ережесіне   немесе   дұрыс   жазу
ережесіне  де қатысты. 
«Автоматтандырылған»   термині   дағдының,   бастапқыда
ойлау барысында белгілі бір ережелер негізінде, содан кейін
барып   автоматтандыру   үдерісіне   бейімдейтін   іс-әрекет
арқылы дағдының қалыптасу тәсілін білдіреді. 
Мұндай дағды табиғатын психологиялық түрде түсінуде
шетелдік   психологтар   әдістемешілерге   тән   механикалық
теориядан   ерекшеленеді.   Олардың   ойынша,   (Торндайк,
Удтсон, Лаи, Мейман т.б. ) педагогтың міндеті – оқушы сөзді
дұрыс түсініп, бұл сөз бейнесін қоюдың дұрыс сәйкестілігімен
байланыстыру   деп   есептейді.   Мұндай   ассоциацияның
54

қалыптасуы   сөзді   ұғыну   мен   сөйлемді   түсініп   қабылдауды
және оның жазылуын қайталау жиілігіне байланысты дейді. 
Қазіргі уақыттағы «автоматтандырудың» психологиялық
теориясы – осы сияқты механикалық көзқарастарға қарама-
қарсы   көзқарас.   Шынында   Томсон   атап   өткендей,   сауатты
адам   «қайда   қай   әріпті   қою   керектігін»   ойламайды.   Әрине,
бұл   білімді   игерудің   соңғы   нәтижесі,   бірақ   бұл   дағдыны
қалыптастыру   жолы   санасыз   болуы   керек   дегенді
білдірмейді.   Әрине,   дағдыны   қалыптастыруды   механикалық
жолмен   де   жүзеге   асыруға   болады.   Оны   К.   Д.   Ушинский
«Грамматикалық   ережелерді   пайдаланбай,   бірден   дұрыс
сауатты   жазуға   дағды   алу   үшін   ондаған   жылдар   мен
тоқтаусыз   дайын   үлгіден   көшіруі   қажет,   бірақ   мұндай
«громотей»-ді кез-келген жаңа сөз тығырыққа тірей алады», -
деді [40]. 
Механикалық   жолмен   қалыптасқан   дағды,   емле
ережесін қамтымай, әрбір сөздің орфографиясын есте сақтау
арқылы   қалыптасады.   Сондықтан   мұндай   «громотей»-дің
жаңа сөзді кездестіруі, оны есте сақтауды талап етеді. Яғни,
мұндай   сананың   механикалық   жұмысы   орфографияны
үйреніп білуде балаға тән емес. Психологиялық зерттеулер
көрсеткендей, жасы кіші оқушылардың өзі жазу барысында,
емле ережесінің үйлес жағдайларын жинақтап қорыта келіп,
өзі жасаған  бақылауға  сүйене отырып жаңа сөздер жазады.
Сонымен бірге, егер оқушыға кейбір ережелерді ескертпеген
күннің   өзінде,   көбінесе   олар   оны     өздері   құрып   алатынын
атап  өтуге болады.   Әрине,   мұндай  «ережелер»   көбіне қате
болмайды   және   де   көбіне   балалар   не   үшін   бұлай
жазатынына,   басқаша     жаза   алмайтынына   есеп   бере
алмайды.   Сондықтан   да,   жазушы   жұмысын   өте   мұқият
зерттеу   арқылы   осындай   «саналы   грамматиканы»   байқауға
болатындығын айтады [39]. 
Осылайша, орфографияны механикалық жолмен   игеру
әдістері   дидкатикаға   қарсы   және   тиімсіз   және   адамзат
санасының   табиғатына   тән   емес.   Орфографиялық
материалдар   ойлау   жұмыстарына   келесідей   мүмкіндіктер
береді:   ойлау,   жүйелеу   және   талдап   қорыту   арқылы   есте
сақтау жұмыстарын жеңілдетеді. 
Орфографияны   саналы   түрде   игеру,   үйрену
механикалық   жолмен   игеруге   қарағанда   келесідей
артықшылықтарға   ие   болады.   Ал   «автоматтандырылған»
үйренумен   ілесе жүретін дағды әрбір басқан қадам сайын,
көбінесе   қиындықтарда   санаға   қайта   қалыптасады.
55

Қалыптасу барысында алынған дағды, автоматты ғана емес,
саналы түрде бола алады. 
Дағдының   саналы     қалыптасатынын   теріске   шығаушы
механикалық   теориялар,   сол   арқылы   грамматиканы   да
теріске   шығарды.   Дағдының   саналы   қалыптасу   теориясы
негізгі орфографияның грамматикалық және орфографиялық
ережелерін игеруде  дағдының саналы даму негізінің негізгі
құралы   екенін   көрсетеді.   Бұл   қалыпты   жағдай.   Өйткені
грамматика  белгілі   бір  жүйеде   тілдің  бірыңғай  көрініс пен
грамматикалық   категориялар   арасында   өзара     дара
қатынасын   бекітеді,   олардың   жазуда   шартты   белгілерін,
қазақ   тілінің   емле   ережелерінің   ерекшеліктерін   белгілейді.
Басқаша   айтқанда,   грамматиканы   игеру   оқушыға     адамзат
дамуымен   қалыптасқан   ғылыми   тәжірибені   пайдануға
мүмкіндік   береді.   Емле   ережесінің   мұндай   заңдылықтарын
білу   орфографиялық   дағдының   саналы   қалыптасуының
негізін көрсетеді. Бұл дағдыға жалпылама сипат береді, ол
әрбір     жеке   сөз   орфографиясын   жаттаудан   ерекшеленіп,
әрбір оқушы әрбір жаңа сөз алдында тығырыққа тірелмей, ол
сөзді   белгілі   ережеге   теңестіруге   және   орфографиялық
ережелерге   сәйкес   жазуға   мүмкіндік   туғызады.   Мұндай
саналылық негізде қалыптасқан дағды   өте үлкен   көлемге
ие   болады.   Оқушы   бұл   ережені   игеріп,   сол   арқылы   барлық
сөздің дұрыс   жазылуы мәселесін шешеді және де әрбір сөз
грамматикасын   жаттауды   қажет   етпейді.   Әрине,   мұндай
жалпылама   дағдылардың     қалыптасуы   көп   уақытты
үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан келіп осындай жалпылама
дағдылар негізгі табиғаты жалпылаудың ойлау амалдарына
және бұл жалпылау негізі болып грамматикаға   шығатынын
көруге болады. 
Жатталынатын   әрбір   орфографиялық   материалдар
кейбір   ортақ   ережелерді   игеру   арқылы   есте   сақтау
жұмыстарын   жеңілдетуге   мүмкіндік   береді.   Бұл   сирек
кездесетін,   олардың   арасында   ешқандай   ішкі   мағыналық
байланыс   жоқ   факті   немесе   құбылыстар   болып   табылады.
Мысалы: телефон нөмерлерін  есте сақтау, тарихи оқиғалар
күні,   уақыты,   адамдар   аты-жөні,   ботаникалық   және
географиялық терминдер. Бірақ бұл жағдайда дағды туралы
емес,   қарапайым   есте   сақтау   бірыңғай   деректерін   игеру
туралы   айтуға   болады.   Мұндай   құбылыстарды
орфографиядан да көруге болады. Яғни, орфография туралы
сөз болғанда, дағдының қалыптасуын тек қана теоретикалық
ережелер ғана емес орфографиялық деректерінің сипатына
тәуелді   етіп,   дағдының     қалыптасуының   психологиялық
56

ерекшеліктерін және лингвистикалық ерекшеліктерін ескере
отырып,   дифференциалды   әдістер   қолдану   арқылы
үйретіледі. 
Дағдының   қалыптасу   механизмі.   Дағды   сипаты
екінші   рет   автоматтандырылған   іс-әрекет   сияқты,
автоматтандырылатын   саналы   іс-әрекет   жүретін   қай   жол
мәселесін   және   бұл   үшін   саналы   іс-әрекеттің
автоматтандыруға   өтуге   қажетті   жағдай   мәселелерін
анықтайды.   Әрине,   саналы   іс-әрекет   болып,   саналы   түрде
меңгерілген мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетті айтуға
болады.   Егер,   мысалы,   біз   қандай   да   бір   орфографиялық
жаттығуларды саналы түрде орындағымыз келсе, оқушылар
алдына,   тек   орфографиялық   мақсат   қояды   да   оны   саналы
орындауға ұмтылады. 
Егер   әдістер   тарихында   біз   осындай   қарпайым
шындықтың бұзылғанын көрмесек, бұл туралы атап өтуге де
болмас   еді.   Бұл   «мағыналық   пен   «Орфографиялық»
түсініктерді   айырмасыз   саналы   жазу   (мәтіннің   мағынасын
түсінуді   мақсат   етіп,   бірақ   орфография   туралы   мүлде
ойламай жазуға болады). 
Пунктуациялық   дағды   –   бұл   күрделі   дағды.   Ол   жазу
дағдысын, сөздің дыбыс құрамын талдауды, грамматикалық
білім   негізінде   орфограмманы   танып   білу,   оған   қажетті
ережені   қолдану   және   орфограмманы   дұрыс   жазуды
қамтиды.   Бұл   негізгі   шеберлік   пен   дағды,   орфограммалар
сипатына   тәуелді   жеке   амалдарға   негізделеді.   Оқу
барысында   ең   алдымен   барлық   осындай   жеке   амалдардың
игерілуі   (меңгерілуі)   қажет,   ол   үшін   олардың   әр   қайсысы
белгілі бір кезеңде оқушының іс-әрекетінің мақсаты болады.
Бірақ орфографиялық дағдының қалыптасуы үшін бұл жеке
амалдарды   орындай   білу   жеткіліксіз.   Дағды   табиғатына
көптеген жылдар бойы зерттеу жүргізген Е. В. Гурьянов бұл
туралы  былай  дейді:   «Жеке   іс-әрекеттерді   жеке   бөліктерге
бөлу жеке іс-әрекеттерді орындауда қандай да бір бөлшегін
жетілдіру     үшін   ғана   емес,     ең   алдымен   және   ең   бастысы
сәйкестендіру үшін одан кейін жеке іс-әрекеттердің барынша
күрделі   іс-әрекеттердің   орнын   басуға   қамтамасыз   ету   үшін
қажет», -деп есептейді [41, 31]. 
Педагогика үшін дағды табиғатын бұлай түсінуден келіп
аса   маңызды   нәтиже   келіп   шығады:   егер   оқу   барысында
күрделі   іс-әрекеттерді   дағдыға   айналдыру   қажет   болса,
жеке   іс-әрекеттерді   туындатып   жекелеген   жаттығулармен
қанағаттануға   болмайды.   Егер,   мысалы,   бастауыш   сынып
оқушыларына   жуан-жіңішке   дауыстыларды   үйрету   үшін,
57

алдымен   сөздерді   теріп   жазуға   үйретеміз,   ондай   болмаған
жағдайда   оқушылар   бұдан   кейін   буын   үндестігі   ережесін
бірден   қолдануда,   олар   осы   екі   ептілік   немесе   шеберлікті
біріктіру   қажет   болғандықтан   қиналады.   Мектеп
тәжірибесінде, оқушы барлық назарын бір мәселені шешуге
жинақтап   (мысалы:   бір   текті   сөздерді   теріп   жазу),   екінші
тапсырма   туралы   ұмытып   кетеді.   Сөз   түбіріндегі   жуан
дауыстылары   бар   жуан   буынды   сөздерді   теріп   жазу
қажеттілігі   туралы   немесе   негізгі   сөзбен   тектес   емес,
жіңішке   буынды   сөз   формасын   теріп   жазудағы   буын
үндестігінің   қажеттілігі   жиі   кездеседі.   Мұндай   қателердің
болу себебі әр түрлі болып келеді, негізгісінің бірі – дағдының
осы   екі   элементін   бір   іс-әрекетке   сәйкестендіруге   арнайы
бағытталған жаттығулардың жоқтығы болып табылады. 
Нағыз   мықты(күшті)   дағдыға   ие   болу   үшін
А.Н.Леонтьевтің   ойы     бойынша   «Оқушының   алдына   мұндай
жаңа мақсатты қою, дәл мұндай нақты жағдайда ол әрекет
басқа   іс-әрекеттің     орындалу   әдісі   болып   келеді.   Басқаша
айтқанда, нақты осы   іс-әрекеттің мақсатты, жаңа мақсатқа
талап етілген іс-әрекет шартына  айналуы қажет» [42,19]. Ал
біздің   келтірген   мысалымызда   қосалқы   әрекет   түрін
орфография алса, ал бастапқы мақсат болып шығармашылық
жазу   болып   табылады.   Бастапқыда   барлық   ережелер   оның
барлық бөлшектерінде қолданылады. 
Дағды   қалыптасты   ма,   оның   беріктігі   қандай   екенін
қалай   білуге   болады?   Ол   үшін   мынадай   жағдай   жасалуы
қажет. Мұнда ереже бойынша барлық іс-әрекет қандай да бір
жаңа   мақсатқа   қол   жеткізу   үшін   тек   қосалқы   рөл   атқаруы
тиіс. Егер осындай жағдайларда дағды бұзылмайтын болса,
оның беріктігіне сенім арта беру қажет. Егер мұндай сынға
шыдай алмаса, онда соны қайта жұмыс істету қажет. Сондай-
ақ   жекелеген   орфографиялық  іс-әрекеттермен   жұмыс   істеу
арқылы білім алуды ары қарай жалғастырылады. 
Тұжырымдағанда   ойлау   үдерісінің   жүйеленуі   мен
жаттыға   беру   бірте-бірте   ұғынып   ойлау   амалы   дағдының
қалыптасуы нәтижесінде ойланбай жазу үдерісіне өтеді-яғни
екінші   сигналды   жүйеде   реттеу   жұмыстарының   төмендеуі
автоматты орындалуға ұласады. Бұл ереже бойынша жазып
жаттығып,   соңынан   оқушылардың   ереже   туралы   ойламай
жазуымызға алып келеді. 
Автоматтандырылған   жазуда   тілдің   семантикалық
жағының сақталуы омонимдік дыбыс формаларын ажыратуға
мүмкіндік береді. Мысалы, «ға» мен «ге» арасындағы қандай
да   бір   дыбыс   зат   есімнің   әр   түрлі   септіктерінде   кездесетін
58

дыбысты «а» немесе  «е» арқылы жазу қажет (оның септелу
мағынасы сәйкес). Бірақ сауатты адам оны жазу барысында
сәйкесінше   ережелерді   есіне   түсірмейді.   Септіктің
грамматикалық категориялары туралы ойламайды да, бірақ
ол   оны     жазуда   сөздерді   байланыстыруда   орындай   береді.
Мұндай қатынастар септік қызметімен түсіндіріледі. 
Енді   біз   дағдының   қалыптасуы   үшін   қажет   жалпы
жағдайларға   тоқталып   өтейік.   Бұл   шарттардың   негізгілері
қайталау   және   тәсілдерді   игеру   немесе   әрекеттердің
орындау әдістері мәселелерімен байланысты. 
Кез-келген   дағдының   қалыптасуы   үшін     сол   белгілі   бір
әрекетті қайталау санына байланысты екені жалпыға белгілі.
Мұндағы мәселе олар қандай рөл ойнайтындығында. Мәселен,
Э.Торндайк   «Жаттығу   мен   дұрыс   түсінік   және
ұйымдастырылған  машықтану – бұл қандай да бір алғашында
келтірілген әрекет пен қозғалысты қайталау емес, ол қандай да
бір мәселені қайталап шешу. Бұл   үдеріс барысында бастапқы
іс-әрекет   жетілдіріледі   және   сапалық   түрі   өзгереді»,   -деп
көрсетеді [43,36]. 
Бұл   пікірден   орфографиялық   мәселелерді   қайталау
арқылы   шешу   –   оқушының   ойлау   қабілетінің   жетілуіне   және
бірте-бітре   қоюлануына   мүмкіндік   береді.   Сондықтан
психологиялық   жағынан   алғанда,   жаттығу   үдерісіндегі
қайталау   нақты   аударғандағы   қайталау   бола   алмайды.
Бастапқы   іс-әрекет   нәтижесін   білу,   қайталауды   бұрынғы   іс-
әрекетпен салыстыру, олардың дұрыстығын бағалау, мәселені
нақтылау – міне, осылардың барлығы нәтижені жетілдіру үшін
маңызға ие болады.
Дағдының қалыптасуы барысында қайталау негізгі ретінде
бағаланады,   өйткені,   қайталау   барысында   тілдің   дыбыстық
және   графикалық     түрлері   арасындағы   орфографиялық
байланыстардың   механикалық   емес   саналы   түрде
қалыптасатындығында.   Ал   бұл   байланыстар   жеке   емес
жалпылама сипатқа ие болмақ. 
Ережені қолданудағы жаттығулар адам санасында тек сөз
жазылу   үлгісін   сақтаумен   ғана   емес,   жалпылама   сипаттағы
орфографиялық дағдыны қалыптастыруда аса қажет болатын
есте   сақтау   әдістері   мен   ойлау   амалдарын   жетілдіреді.   Осы
жағдайда ескеретін оқу, үйрету оқушының білмей қалуына жол
бермейтін,   өзінің   механикалық   сипатын   жоғалтады   және
орфографияны   үйрену   оқушының   белсенді,   саналы
жұмыстарына   негізделген   ойлаудың   даму   деңгейін
жоғарылатады.   Сонымен   дағдының   қалыптасуының   аса
маңызды   шарттары   мыналар:   1)   ережені   білу;   2)   ережелерді
59

қолдану тәсілдерін және оларды шеберлікпен қолдана алу; 3)
осы шеберлікті қалыптастыратын жаттығулар орындау. 
Пунктуациялық   ережелерді   қолдану   әдістерін   үйрету.
Дағдының қалыптасуында көптеген психологиялық зерттеулер
көрсеткендей, іс-әрекеттің орындалуы үшін оның тәсілдері мен
әдістерін меңгеру үлкен мағынаға ие болады. Бұл жағдай бір
деңгейде   қозғалыс   дағдысы   және     ойлау   қабілеті   үшін   де
қажетті. 
Ойлау   әдістері,   әр   түрлі   мағынадағы   мәселелерді   шешу
үшін   қажетті   талдау,   топтау,   дерексіздендіру,   жалпылау,
нақтылау амалдарын жүйелеуден және жалпылаудың әр түрлі
кезеңінен   тұрмақ,   ал   оларды   қолдану   осы   білім   саласында
нақты   бір   ғана   мәселені   шешуге   арналған,   өте   «тар»
деңгейдегі   әдіс-тәсілдерден   бастап,   ғылыми   ойлау     жалпы
әдістерімен аяқталады. 
Орфографиялық   дағдыны   игеруде   қиындықтар   тек
ережелерді немесе грамматикалық түсініктерді білмеуден ғана
емес, оларды іс жүзінде жазуда қолдана алмаудан туындайды.
Бұл   көбінесе,   өз   білімін   іс   жүзінде   орындай   алмайтындардан
шығады. Педагог-әдіскерлер үшін жиі кездесетін жағдай болып
кейбір     оқушылар   орфографиялық   ережелерді   жақсы   біле
тұрып,   осы   ережелер   бойынша   қате   жібереді.   Ережені   іс
жүзінде   пайдалану   –   бұл     берілген   нақты   жағдайда   ортақ
ережені   қолдану   қажет,   қажет   еместігі   туралы   ойлану,
орфограмманы тану және оны пунктуациялық талдау. Мұның
барлығы   мидың   күрделі   талдау-топтау   жұмыстарын   талап
етеді. 
Пунктуацияны меңгеруде ойлау жұмысының қандай әдіс-
тәсілдері   туралы   айтуға   болады?   Ең   алдымен,   бұл
орфограммалардың   грамматикалық   таным   жолын   көрсететін,
осындай грамматикалық категорияларға тән белгілерді білуді
керек   ететін   әдіс-тәсілдер   болып   табылады.   Бұл   белгілер,
оқушыларға   оқулық   бойынша   оқытылатын   түсініктерді
анықтаудан   тұрады.   Мысалы:   оқулықтарда   «жұрнақ»   түсінігі
бойынша   мынадай   анықтама   берілген.   «Сөз   түбірінен   кейін
жалғанатын және жаңа сөз түрін жасауға көмектесетін сөздің
негізгі   бөлігі   жұрнақ   деп   аталады».   Бұл   анықтама   бойынша
жұрнақтың мынадай белгілері  белгіленген:
- жұрнақ сөз негізінде кездеседі;
- жұрнақ түбірден кейін жалғанады;
- жұрнақ арқылы жаңа сөз жасалады. 
Сөздің     құрамындағы   жұрнақты   анықтау   үшін   оқушыға
анықтамада айтылып өтілген белгілері бар, жоқ екендігіне көз
60

жеткізу үшін талдау жүргізу   қажет. Оқушы сөзден жұрнақты
бөліп көрсету үшін:
- сөз жалғауын түбірден ажырату үшін сөзді өзгертеді;
- оның негізінде сөз түбірін табады;
-   түбір   мен   жалғау   арасындағы   бөлікті   жеке   алып
қарастырады;
- осындай  жұрнақтары бар басқа да сөз келтіреді. 
Мұндай талдауға мысал:
-
 
жұмыс+шы+лар,
 
жұмысшы+лар+ды,
жұмысшы+лар+ға;  жұмысшылар  –  жұмысшы-жұмыс-
түбірі. 
- Түбірден кейінгі дауыс немесе  дыбыс тіркесі – шы. Осы
тіркес арқылы сөз түбірі өзгереді. 
Егер оқушы –  шы  жұрнағымен   және оның мағынасымен
таныс болса, ол сөз құрастыру мысалдарын келтірумен бірге –
шы  жұрнағы адамдардың қызметі бойынша анықтайды. Мына
сөйлемге талдау жасап көрейік:  Бақташы сыбызғыны ойнады.
Бұл   сөйлемдегі  «сыбызғы»  сөзінің   нақты   жалғауын   анықтау
үшін оқушы мынадай ой тұжырымына келеді:
1.   Бұл   сөздің   жалғауын   естілуіне   қарай   оның   қаншалық
екпінсіз екенін білуге болады. Сондайқтан кейде –ны жалғауы
түсіріліп те айтылады. 
2. «Сыбызғы» түбірі зат атауын білдіреді, яғни зат есім. 
3. Бұл сөз септеледі, өзгермейтін бөлігі түбір ал өзгермелі
бөлігі қосымша болып  табылады, яғни септік жалғауы. 
Бұл   мысалға   сөз   жалғауын   жалғап   жазу   үшін   мынадай
жұмыстар   орындалады:   сөз   табы   анықталады,   бұл   берілген
орфограммада   белгіленген   морфеманы   анықтау,   зат   есімнің
көпше,   жекеше   түрін   анықтау   қажет.   Бұл   тапсырмалардың
барлығы   грамматикалық   негіздегі   ережелерге   жатады,   ал
олардың
 
шешілуі
 
оқушылардың
 
грамматикалық
категориялардың осындай белгілерін табуы үшін қолданылатын
әдіс-тәсілдерін қамтиды. Оқушы алдына қалай, қандай жолмен
зат есім тегін, септеу типін, септеудің қай түрінде септелетінін
анықтау   мәселелері   туындайды.   Бұл   мәселелерді   шешуді   ол
грамматиканы   игерумен   байланысты   шешеді.   Грамматикалық
категориялардың   тану   мен   бөліп   қарастыру     әдіс-тәсілдерін
игеру   грамматиканы   оқытудың   негізгі   мақсаты     болып
табылады.   Орфографиялық   мәселелерді   шешудің   қандай   да
әдістері   арқылы   жүзеге     асырылатын   амалдардың   ойлау
сипаты,   көбінесе   осы   уақытқа   дейін   алынған   білімге   және
шешілетін   тапсырма   мағынасына   байланысты   болады.   Яғни
жоғарыда   келтірілген   мысал   бойынша   бірінші   мәселе,
«сыбызғы» сөзі – сол сөз табына тән грамматикалық белгілерді
61

бөліп қарастыруды міндет етеді, бұл сөздің нақты мағынасынан
грамматикалық  мәнін  бұзып,  белгілерді абстракциялау болып
табылады. 
Келесі   мәселе:   бұл   берілген   орфограмма   қандай   сөз
табына   жататынын   анықтау.   Мұнда   да   біз   талдау   арқылы
жұмыс   істейміз,   бірақ   талдау   басқа   көзқарас   бойынша
жүргізіледі.   Оқушы   сөздің   морфологиялық   құрылымы   туралы
білімі   бойынша   анықталады.   Оны   синтездейді.   Яғни   ізделініп
отырған   орфограмма   сөз   соңында   тұрғандықтан,   оқушы   оны
бірден   «жалғауға»   жатқыза   алады.   Бірақ   кез-келген   соңғы
дыбыс   грамматикалық   мағынада   жалғау   бола   алмайды.   Бұл
жағдайда   оқушы   талдаудың   бұл   дыбыс   септелгенде
өзгеретіндігін   анықтауға   көмектесетін   әдісін   есіне     түсіруі
қажет. Егер өзгерсе, бұл  жалғау  деген сөз. Оқушы жағдайды
жалпы   категорияға   жатқызады,   яғни   топтайды.   Кейінірек
оқушыда   мынадай   мәселе   туындайды.   Ол   жалғауды   дұрыс
жалғау   не   өзгерту   қажет   екенін   есіне   түсіруі   қажет.   Талдау
мақсаты   –   септеу   типін   анықтау.   Бұл   үшін   келесідей   тәсілді
қолдану қажет: «сыбызғыны»  сөзін атау септігіне қою қажет.
Бұл сөзде сөз белгілерін талдау және абстракциялау жүргізілді:
оқушы   соңғы   дыбысты   анықтайды,   осы   белгілерді   топтау
арқылы ол мынадай тұжырым жасайды. Ол септелуі мен жағын
анықтайды,   берілген   сөздің   дұрыс   жазылуы   туралы
синтетикалық   ой   тұжырымына   келеді.   Бұл   үдеріс   мынадай
белгілермен сипатталады:
Бірінші,   барлық   тапсырманы   жеке-жеке   бөліктерге   бөлу,
екіншіден,   бұл   тапсырмаларды   бірізділікпен,   кезек-кезегімен
орындау,   үшіншіден,   бұл   тапсырмаларды   бұрынғы   оқу
тәжірибесі   негізінде   шешу(есте   сақтау   ролі),   төртіншіден,
ойлау   іс-әрекеті   бағытының   өзгеруі   оның   жалпы   сипаты   –
аналитико-синтетикалық талдау, олар оқушы пікірі, абстракция,
топтауды   қамтиды.   Оқушыға   осы   сияқты   орфографияны
игеруге   тән,   қиын   тапсырмаларды   шешуде,   олар   өздерінің
ойлау барысын жоспарлайды, оның кезектілігін білмейді, сөздің
қажетті белгілерін бөліп қарастыру әдістерін білу, орфограмма
сипаты туралы тұжырымдарға келу, қорытынды жасау. 
Қорыта келгенде, тыныс белгіні дұрыс қоюға жаттықтыру
психологиялық   негіздерге,   яғни   ойлау   амалдарына   талдау,
салыстыру,   жалпылау,   индукциялық,   дедукциялық,   анализ,
синтез т.б. әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады. 
1.5  Пунктуациялық білім, біліктілік және дағдысын қалыптастыра
оқытудың педагогикалық негізі
62

Мектепте  пунктуация синтаксистік негізде  оқытылады. Пунктуациялық
ережелер мен синтаксистік материал арасында тікелей байланыс бар. Сөйлемнің
грамматикалық   ерекшеліктері   көбінесе   пунктуациялық   нормалар   үшін   негіз
болады.   Сонымен   бірге     синтаксисті   оқытудың   кейбір   мәселелерін
пунктуациялық     ережелер   арқылы   шешуге   тура   келеді.   Мысалы,   шылаусыз
сөйлемнің   құрамына   кіретін     бөліктердегі   тыныс   белгілердің   қойылу
ерекшеліктері. Сонымен, қашанда сөйлем құрылымын талдаумен байланысты
пунктуациялық   дағды   қалыптастыру   жұмыстары     синтаксис   материалдарын
терең   меңгеріп,   пысықтауға,   оны     түсінуге     септігін   тигізеді.   Оның   үстіне
пунктуациялық және грамматикалық ережелерді құру және  онымен жүргізілетін
жұмыстар бір-бірімен  байланысты атқарылады. 
Ал,   8-сыныпта   синтаксис   туралы   негізгі   білім   беріледі.   Сондықтан
тыныс белгілер   әрбір синтаксистік  категориялармен байланысты оқытылу
міндеттелген, мысалы, «Бастауыш пен  баяндауыштың арасында қойылатын
сызықша»,   «Сөйлемнің   айқындауыш   мүшелері,   оның     анықтауыштан
айырмашылығы.   Айқындауыштың   түрлері,   қызметі,   тыныс     белгілері»,
«Сөйлемнің   бірыңғай   мүшелерінің   тыныс   белгілері»,   «Салалас   құрмалас
сөйлемнің тыныс белгілері» т.б. 
9-сыныпта тыныс белгілер арнаулы түрде оқытылады. Бұл сыныпта
тыныс белгілерді қоя білу икемділігі мен бірге мынадай білікті беру талап
етіледі:
«Біліктілігі, пунктуация бойынша:
- тыныс белгілердің стильдің түрлерінде атқаратын ролін білуі;
- тыныс белгілерін сөйлеу мақсатына  қарай орынды қолдана білуі;
- тыныс белгілердің қойылу себептерін ғылыми   тұрғыдан түсіндіре
алуы тиіс [44,15]. 
Демек, бұл сыныпта тыныс белгілері тек жазу сауатын арттыру үшін
оқытылмай,   қарым-қатынас,   сөйлеу  мәдениетін   арттыру   мақсатында   білім,
біліктілігін, дағдысын қалыптастыра оқыту талап етіледі. «9-сынып  - негізгі
сатының   қорытындылаушы   сыныбы.   Сондықтан   мұнда   5-8-сыныптар
аралығында меңгерілген барлық білім, біліктіліктер сөз қолданысы аясында,
стиль   түрлерімен     және     пунктуациямен   сабақтастықта   кеңейтіледі»,
«Төменгі сыныптарда жекелеген тақырыптарға қатысты айтылатын   тыныс
белгілері  жөніндегі мағлұматтар қайта топтастырылып, жүйеленіп берілген»,
- деп көрсетілген [44,5]. 
Тұжырымдағанда, пунктуациялық білім, білік, дағды беру қатысымдық
әрекет   негізінде   жүргізу   талап   етілген.   Олай   болса,   оқушыларға,   жазбаша
сөйлеу   мәдениетін   жетілдіру   мақсатында,     яғни   жазбаша   мәтін   туралы
икемділік пен дағдыны  қалыптастыру міндеттеледі.  Сондықтан зерттеуіміз
мынадай жүйеде құрылды:
-   тыныс   белгілерін   қою   негіздері,   сөйлемнің   стилистикалық
ерекшеліктеріне қарай белгілерін пайдалану;
-   пунктуациялық   ережелер,   олардың   жүйесі,   оқулықтағы   ережелерді
түсіндіру, талдау және қолдану. Грамматикалық деректерді анықтау тәсілдері:
63

-   пунктуациялық   жаттығулар,   олардың   ерекшеліктері,   дидактикалық
материалдарды іріктеу, диктант жұмысы;
-   пунктуациялық   материалдарды   игерту   жолдары,   пунктуациялық
қателер   мен   олардың   себептері,   пунктуациялық   қателерді   болдырмау   мен
түзету жұмыстары;
- өтілетін материалды жүйелеу  және жалпылау;
Пунктуация білім, білік пен дағдыларын қалыптастыра оқытуда оның негізгі
ұстанымдары   мен   әдіс-тәсілдері,   оқыту   қалыптары   мен   тәжірибелік
жұмыстардың жүйесі белгіленбек. 
Оқушылардың   сауатты   жазуға   үйретуде   тыныс   белгілерінен   алған
теориялық   білімін   жаттығу   жұмыстарды   орындату   арқылы   дағдыға
айналдыруға   болады.   Тыныс   белгілерін   дұрыс   қойып   жазуды   үйрететін
жұмыс   түрлері   көп:   пунктуациялық   талдау;   мұғалім   оқыған   сөйлемді
жазғанда   қандай   тыныс   белгілерін   қою   керектігін   оқушыларға   айтқызу;
мұғалім   оқып   тұрғанда   сөйлемнің   мағынасы   мен   интонациясына   қарай
оқушыларға белгілі бір сөзден кейін қоюға тиісті тыныс белгісін жазғызып
отыру, тыныс белгісін жатқа қою (жаттаған өлеңді немесе  әңгімені тыныс
белгісін   қойып   жазғызу);   жай   сөйлемнен   мүшелерін   немесе   құрмалас
сөйлемнен оның белгілі бір компонентін тапқызып, олардан соң қойылатын
тыныс   белгісін   айтқызу,  тыныс   белгісі   қойылмай   жазылған     сөйлемдердің
тыныс  белгілерін  қойғызу белгілі  бір  ережеге сай  мысалды  ойдан  үйрету;
тірек   сөздерді   ендіріп   сөйлемдер   құрау,   тыныс   белгісін   қойғызу;   сызба
бойынша   сөйлем   құрастыру;   сурет   бойынша   сөйлемдер   айту;   диктант,
мазмұндама,   шығарма   жазу   т.б.   Жаттығу   дағдыландыру   жұмыстарының
қайсысының қай сабақта орындатылуы өтіліп отырған тыныс белгісіне және
сабақтың мақсатына байланысты. 
Тыныс белгісін оқушыларға саналы меңгерту үшін өзіндік әдістемелік

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет