2.9. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуын оқыту
Әрбір тыныс белгісінің өзіне лайық қызметі бар, соған орай олардың да
белгілі орындары болады. Сөйлемдегі сөздердің белгілі орны болса, тыныс
белгілерінің де сөйлем ішінде тиісті орны бар. Олай болса, тыныс белгілерін
қалай болса солай қабаттастырып қоя беруге болмайды. Сондықтан тыныс
белгілерінің қабаттасып келетін орындары туралы мынаны білген жөн: 1. Бір
сөйлемде кейде екі жақша да қабаттасып келеді. Оның астындағы жарау көк
биесі, қолындағы тобылғы сапты бұзау тіс қамшысы, қызыл қайың сойылы,
желқом сияқты («желқом» деп қапталында (бір нәрсенің жанын «қап-тал»
дейді) қалың киізі бар тоқымсыз салынған ерді айтады) жыртылған киіз
тоқымы, кішкентай ері, ұзын қайыс қанжығалары, жіңішке темір үзеңгісі,
өрген жүгені, қара қыл шылбыры – бәрі бір-біріне үйлесімді еді. (С. М. ).
2. Қейде сызықша койылуға тиісті жерге сұрау, леп белгісі, көп нүкте,
нүкте, үтір қойылуға тиіс болса, сызықша да олармен бірге қабаттасып
қойыла береді. Сызықша осы белгілерден соң ғана қойылады: 1) – Мен
демагогикадан аулақпын – деді Жомарт, – мүмкіндік зайыр көрініп тұр...
(«ҚӘ»); 2) Егоров маған:– Бізге қарай тез шегініңдер. Қоршауда
қаласыңдар, – деді (Ә. Ә. ); 3) Мұндағы әрбір өлеңде де, әңгімелерде де –
өнер-білімге шақыру, шыншыл болуға үндеу («Өтірікші»), жетім-
жесірлерді, нашарларды аяу («Жетім бала», «Жетімнің өлеңі» т.б. ),
қайырымсыз, қатыгез байларды әшкерелеу («Арыстан мен тышқан»)– сол
шығармалар-дың негізгі идеялық ой түйіні, басты арқауы болып оты-рады
(«СҚ»); 4) Түлкі айтты (іліп ала), – «өй, сұлтаным:
Кеше еді сізден жаман ауырғаным.
Қасқырдың артқы аяғы сіңірін жеп,
Жазылды сәлемат боп ғазиз тәнім (С. Д. ); 5) Сенде қандай күйік
болушы еді?– деп, Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады (М. Ә. ); 6)
Сені ұялтып, соған мен семіреді деген бақал өсекті қашан қоясыңдар, осы
түге!?– деп Қаражан мен Әзімбайға да суық қарады (М. Ә. ); 7)Солай ма?–
деді ол. – Солай ма!? Саған әлде жал біте бастады ма? (С. Қ. ); 8) Сабыр,
отағасы, сабыр. Жыламашы балаңай!. . – деп, екеуінің үстіне түсті (Ғ.
Мұст. ).
152
Тырнақша сұрау белгісімен, нүктемен, леп белгісімен, көп нүктемен,
үтірмен қабаттасып қолданыла береді. Ал сызықша төл сөзге қатысты
болмаса, тырнақша сыртына қойылады. Мысалы: Оның қарамағында
«нағыз» анатом үшін «қажетті нәрселердің бірі»– диплом, үй,
инструменттер, шамадан тыс талаптар жеткілікті болған («ЕҚ»). Жеке
сөздер бірыңғай мағынада әрқайсысы тырнақшаға алынып жазылса, бүтін
сөйлемнің, құрылысына қарай басқа тыныс белгілері тырнақшадан соң
қойылады. Мысалы:Жиналғандардың бәрі, «даңқы арта берсін», «даңқы
арта берсін!», «даңқы арта берсін!»– деп, үш рет қайталады («ЕҚ»).
3.
Тырнақша алдына қойылған сұрау, леп, я көп нүкте, қос нүкте сияқты
тыныс белгілері тырнақшаның жабылатын екінші сыңары соңынан
қойылмайды, тырнақшаның алдыңғы сыңарының алдынан ғана қойылады.
Мысалы: «Сен әрі суық, әрі қатты. мұқтаждық көрген кезімізде туып
едің», – деуші еді («ЕҚ»).
4.
Сөйлем мен сейлемнің, не сөйлем мүшелерінің арасында жақша тұрса
үтір ол жерге қойылмайды, ол жақшаның екіші сыңарының сыртынан
қойылады. Мысалы:
Ғимади ағайыңыз алма ағашы химиялық тыңайтқышсыз-ақ өсуге
тиісті деп ойлайды (бұрын өсуші еді ғой), екеуі тағы да айқайласып қалады,
мәселені басқарма мәжілісінің шешуіне қалдырады («Татар әңгімелерінен»).
5. Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүктелер жақшаның алдыңғы
сыңары алдынан қойыла береді:1)Қанікей. Мес, жоғалт мынаның көзін...
(Мес тез жүретін адам еді); 2) Галя. Міне қызық. (Қолына ұстап тұрған
бұйрықтың көшірмесіне қарайды). Шынымен-ақ кадр бөліміне апарып
беремін бе? («ЛЖ»)
6.
Жақша ішінде тырнақшаға алынған лепті, сұраулы, хабарлы
сөйлем болады. Егер ол сөйлем лепті болса, леп белгісі тырнақшаның соңғы
сыңарынан бұрын қойылады, мұндай жағдайда сұраулы сөйлемнің тыныс
белгісіде осылай қойылады. Мысалы: Мұрат немістердің кейпін, тұлғасын
анықтап байқай алмады («ол жұрттың қимыл, тұлғасын керемет
аңдағыш!») (Т. А. ).
7.
Үтір мен тырнақша да қабаттасып келе береді. Мысалы: «Жалғыз
кенжесі өсіп, қара табан боп, адам бола бастаған Дәркембай тіпті
қайта жасарғандай болды» (М. Ә. ).
Эллипсисті бағыныңқы сөйлемдерден соң, үтір қабаттастырылып
қойылмайды. Мысалы: Ертең... жақсылық боп... соғыс жеңіспен бітіп...
Дәулет аман келіп... жарқырап күліп келудің орнына... томпайып жатқан
қабырларды құшақтап, . . көз жасын көл қылғанда не бол-ды!. . (С. М. )
Сондай-ақ оқушыларға тыныс белгілердің мынадай ерекшеліктері де
үйретіледі. Мысалы: 1. Үтір кейде салалас құрмалас сөйлемде нүктенің
орнына қолданылады: Күннің қызыл шұнақ аяз екенін де сезбесе керек,
құлақшынының бауы байлаусыз, дөңгелек келген етті сарғыш беті нарттай (Ғ.
М. ).
2.
Салалас құрмалас сөйлемдегі әр жай сөйлемде сұраулық мағына
153
болса, сұраулық мағынасы бар әр жай сөйлемнен кейін сұрау белгісінің
орнына үтір қойылып, сұрау белгісі сұраулық мағынасы бар соңғы
сөйлемнен соң қойылады. Мысалы: Аяқ-қолың аман ба, тамағың тоқ па,
киім-кешегің бүтін бе, қолғап тоқып берейін бе?– деп сұрады («ҚӘ»).
3.
Үтір кейде оңашаланған мүшені бөлуде сызықшаның орнына
қолданылады: а) Жақын жерде, жолдың сол жағында – көгалды бұлақ
басында, жеті-сегіз үйлі қоңырқай ауыл отыр екен («ҚӘ»).
4.
Үтір кейде жалпылауыш сөйлемнен кейін санамалап айтылған
бірыңғай сөйлемдерден кейін және күрделі бірыңғай мүшені бөліп көрсетуде
нүктелі үтірдің орнына қойылады. Мысалы: Мына төмендегі шарттардың
орындалуын қамтамасыз етуші жастар комбайн агрегаттары,
автомашина жүргізушілер, транспорт бригадалары социалистік
жарыста озған болып есептелсін: а) комбайнның, машиналардың жүмысын
сағаттық график бойынша ұйымдастыру, ә) машиналарға ұқыпты қарау
және техникалық күту ісін инструкцияда көрсетілген мерзімде жүргізіп
отыру, б) әрбір жастар агрегаттарының, автомашина жүргізушілердің,
транспорт бригадалары мүшелерінің сменалық және маусымдық
тапсырмаларды орындауын қамтамасыз ету («ЛЖ»). Менің киімдерім –
басымда қызыл шұбар сисамен тыстаған елтірі бөрік, ішімде кенеп
көйлек-дамбал, сыртымда қолдан тоқылған шекпенмен тыстаған
жабағысы ескі күпі, аяғымда жылқы терісінен илеген қайыстан тіккен етік
(С. М. ).
Сызықша кейде оңашаланған мүшені бөлуде жақшаның орнына
қолданылады. Мысалы: Орта Азияның патшалық дәуірде езілген
халықтары – түрікмен, қарақалпақ, өзбек, қазақ, тәжік, қырғыз – бәрі де
революцияға дейінгі дәуірде ғасырлар бойы су тапшылығын, қуаңшылық
азабын кімнен болса да көп көрді («СҚ»).
6. Сызықша кейде оңашаланған мүшені бөлуде қос нүкте орнына да
қолданылады. Мысалы: Гогольді орыс драматургиясы мен театрының
тарихында зор роль атқаратын, көлемді, жалпыға мәлім
комедиялары– «Үйлену» және «Ревизор» комедиялары болып табылады.
7. Нүктелі үтір кейде баяндауыштары бір тұлғада келген сөйлемдер
арасында нүктенің орнына жүреді. Мысалы:
1) Соны айтып жаздың күні масатыдай,
Айырды жерге жанша басатындай;
Кернетіп
кең
даламен
керуенін,
Асқардан асу бермес асатындай;
Сүрлеуден ұлы даңғыл арна салса,
Ертіспен қатар ол да тасатындай (Ж. Т. ).
2)Ауыр аптап ыстық ауа мүлгіп тұр; ыстық өтіп күнсіген бетін ынтыға
самал іздегендей, бірақ жел лебі білінер емес; қарауытқан көкшіл
аспаннан төгілген күн нұры күйдіріп барады; өзеннің арғы бетінде, қарсы
154
алдымыздан сарғайып көлбеп, сұлы егістігі жатыр; әр жеріне аралас
жусан шығыпты; бір де бір масағы селт етсейші (С. Т. ).
8. Бір сөйлемде әрі лептік, әрі сұраулық мағына болса, сұрау белгісі
мен леп белгісі қабат қойылады. Сөйлемнің сұраулық мағынасы басым болса,
онда әуелі сұрау белгісі қойылады. Егер сөйлемде лептік мағына басым
болса, алдымен леп белгісі, одан соң сұрау белгісі қойылады. Мысалы: 1)
Жайлаубай әдетінше сақалын тарамдай, жай ғана қайырды жауапты: –
Неге сасам?! Осынау жұрт не болса, мен сол болам. («Ә. және И. »). 2) Бүгін
оның аузынан Мағрипа не естімек!? (М. Ә. ).
Мысалдар келтірейік:
1. Қаратпа және қыстырма сөздердің тыныс белгісін оқыту. Сөйлем
құрамында кездесетін қаратпа мен қыстырма сөздердің белгісі бар, ол –
сөйлем мүшесі бола алмаулары. Ал мағына жағынан екеуі екі баска нәрсе.
Бұл тақырыптарды өткенде де, ең алдымен мағынаны, мағыналық бөлікті
таба білу керек.
Оқулықта рет бойынша "каратпа сөз" тақырыбы бұрын өтіледі де, араға
оңашаланған айқындауышты салып қыстырма сөздер кейін берілген. Мұнда
да егер мұғалімнің сағаты (мүмкін, басқа тақырыптардан үнемдеп, ол
оқушылардың білу дәрежесіне де байланысты) жеткілікті болса, қаратпа
сөздің өзін жеке сабақ өту нәтижелі болмақ. Бұл жерде оқушыға ерекше
түсіндіретін нәрсе – қаратпа сөздің мағынасы, оның қолданылу себебі.
"Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөзді қаратпа сөз дейміз"
деген анықтаманы оқушы игерген. Сондықтан сабақта осы “назарын аудару”
деген тіркесінің мәні түсіндіріледі. Ол үшін диалогты мәтін талданады.
Мысалы, "Үзілісте" атты диалогтен мынандай сөйлемдерді тақтаға,
дәптерлеріне жазады.
—
Асқар, сен математикадан тапсырманы орындадың ба?
—
Айгүл, кітабыңды бере тұршы?
—
Балалар, мұғалім келе жатыр.
Осындағы асты сызылған сөздер не үшін қолданылып тұр? Соның
мағынасын ашып алу керек. Оқушы жетекші сұрақтар арқылы Асқарды,
Айгүлді өзіне қаратып алу үшін айтқанын айтады, ал қаратып алу – тыңдату
үшін қажет, сондықтан қаратпа сөз көбінесе кісі аттарынан, адамға қатысты
сөздерден (есімді атаулардан) болатындығы. Жазуда бұл үтірмен
ажыратылатындығы және қаратпа сөздің сөйлем ішінде үш түрлі орында
тұратындығы (сөйлемнің басында, сөйлемнің ортасында, сөйлемнің соңында)
үйретіледі.
Сөйлеуші ауызекі сөйлеуде екінші адамның назарын дыбыспен немесе
қимылмен өзіне аударып алады. Мұнда, әрине, белгілі пауза болады, жазуда
оны үтірмен белгілейміз. Ендеше оқушыға қаратпа сөздің басты белгісі
тыңдаушы назарын аудару екенін түсіндіру аса қажет, назарын аудару-
тыңдату деген сөз. Бұдан соң, әрине, қаратпа сөздің поэзияда т.б. нақты
(жеке) тыңдаушыға емес, көпшілікке, жансыз заттарға да қаратылып
айтылатыны мысалдармен көрсетіледі.
155
– Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып
сый беріп аттандыршы! – деді.
(М. Әуезов. )
Тарихымды жазудамын бүгін мен
Бабаларым, сенің Ана тіліңмен!
Таулар, таулар, тауларым, тауларым-
ай! Сағынысып қаппыз ғой,
тарланым-ай!
(М. Мақатаев. )
Қаратпа сөз назар аудару үшін
айтылып тұр.
Бұл мысалдарда арнау мәні бар,
назар аударту, қарату жоқ.
Қаратпа сөзге байланысты бір ескертетін жайт: грамма-тикалардың,
әдістемелердің көпшілігінде "қаратпа сөз атау тұлғалы зат есімнен жасалады"
деген ереже. Бұл жерде сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық
мағынасын шатастыру бар. Атау септік (атау тұлға) – тек грамматикалық
мағына, оның грамматикалық мағынасы– сөйлемдегі ойдың кім туралы, не
туралы екендігі, яғни бастауыш. Атау септігінде тек бастауыш қана тұрады,
себебі ол – сөйлемдегі ойдың иесі. Ал қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола
алмайды. Қаратпа сөздің грамматикалық мағынасы – біреудің назарын аудару,
кімге қаратылып айтылатындығын білдірмек.
Қаратпа сөзге байланысты оқулықта жаттығу жеткілікті әрі оларды тіл
ұстарту үшін де пайдалануға болады, мағынасын ашып көрсетуге қажетті
сөздер алынған. Мәтіндерді дауыстап, рөлмен оқытқан дұрыс, қаратпа
сөздері бар сөйлемдерді теріп алып жазғызса болады. Сондай-ақ қажетті
сөздер және тақырыптар бойынша ой толғауға, әңгіме т.б. жазуға болады.
Жалпы, осы тақырыптардың бәрі де оқушылардың өздерінің шығармашылық
жұмыстары арқылы бекітілгенде тиімді болмақ. Соңынан мынадай
анықтамалармен қарастырылады:
1. Қыстырма сөз де, қаратпа сияқты, сөйлем мүшесі бола алмайды,
себебі ол сөйлемдегі ойға айтушының өз көзқарасын білдіреді. Оларды алып
тастағаннан сөйлемнің грамматикалық құрылысы өзгермейді. Мысалы:
Абырой болғанда, Нұрбек орнында екен деген сөйлемдегі Абырой болғанда
есімді айтушының өз көзқарасы, ризашылығы, көңілі орнына түскен сезімі.
білдіретін бөлік. Ал Нұрбек орнында екен деген сөйлем, хабар.
Қыстырмасыз-ақ айтуға болады, ойға нұқсан келмейді.
2. Сөйлем ішіндегі орны ұксас: қыстырма сөз де сөйлемнің басында,
ортасында, соңында келе береді; құрамына қарай жеке сөзден де, сөз
тіркесінен де жасалады (сөйлем түрінде келетіндері де бар, оның тыныс
белгісі басқа).
3. Қыстырма сөз айтушының көзқарасын білдіреді, ендеше осыған
байланысты ол бірнеше топқа бөлінеді. Бұл жөнінде оқушы біледі, мұны
тек қаратпамен салыстыру үшін жаттығуды орындау барысында айтқан
жөн. Ал қаратпа сөз мұндай көп мағыналық топқа бөлінбейді. Оқулықта
қаратпа сөз бен қыстырма сөзді салыстыра отырып орындауға арналған
жаттығулар орындаттырылады.
156
2. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілерін көрнекілікпен өту.
Жалпылауыш сөздер және оның тыныс белгілері туралы түсіндіргенде,
жалпылауыш сөздер жайлы айта келіп, оның тыныс белгілерін көрнекті құрал
арқылы көрсетіп, оқушылардың көзін жетілдіреміз. Оған мынадай көрнекті
құрал пайдаланылды:
1-Кесте
Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері:
Қойылатын тыныс белгілері: :(қос нүкте), – (сызықша)
Тың өлкесіне қарайтын облыстар мыналар: Целиноград
Петропавл,
Жалпылауыш Көкшетау,
Сөз бұрын Павлодар.
Айжамал,
Нұржамал,
Серік
Берік - бәрі бір сыныпта оқиды.
Жалпылауыш
сөзден кейін Мына өзендер: Объ,
Енисей,
Жалпылауыш сөз алдында Лена - Солтүстік Мұзды
мұхитына құяды.
Бұл кестені көрсету, түсіндіру арқылы оқушыларға мынаны ұқтырамыз:
1. Жалпылауыш сөздерге қойылатын тыныс белгілер. 2. Жалпылауыш
сөздер және оның орны. 3. Жалпылауыш сөздердің орнының ауысуына қарай
тыныс белгілерінің қойылуы. 4. Бірыңғай мүшелерді еске түсіру.
Міне, бір кесте арқылы оқушыларға қанша нәрсе білділдіреміз және
олардың бәрін өз көз алдында көріп ұғатын болады. Бұл кестені көрсете
отырып, жалпылауыш сөздерге екі тыныс белгі – қос нүкте мен сызықша
қойылатынын атап өтеміз. Жалпылауыш сөздерге қойылатын екі тыныс белгі
атап өтілгеннен кейін, оқушыларға сұрау қойылады.
–« Қос нүктенің, сызықшаның бұдан басқа қойылатын жері бар ма?
– Бар.
– Қос нүкте қандай жерге қойылады?
– Автор сөзінен кейін төл сез келсе, төл сөздің алдынан қос нүкте
қойылады.
– Сызықша қандай жерге қойылады?
– Бастауыш пен баяндауыш атау тұлғалы есім сөздерден болып келсе,
бастауыштан кейін сызықша қойылады. т.б. Бұл біріншіден, барлық
оқушылардың назарын сабаққа аударады. Екіншіден әрбір оқушыны
157
ойландырып, жауап беруге ынталандырады. Үшіншіден, жаңа сабақпен
байланыстырылады. Одан әрі қарай кестедегі үш сөйлемді үш оқушыға
оқыттырамын да. жалпылауыш сөз бен бірыңғай мүшелерді таптырамын.
Төртінші бір оқушыға жалпылауыш сөздердің тұрған орнын айттырамын. Ол
ретімен айтып шығады. Ең соңында сабақ былай қорытылады, ереже
жасалады.
«Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, жалпылауыш
сөзден кейін қос нүкте қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден
кейін тұрса, жалпылауыш сөздің алдына сызықша қойылады. Үшінші сөйлем
мұғалімнің басшылығымен оқып беріледі де, оның құрылысының алдыңғы
екі сөйлемнен өзгешерек екені айтылады. Мұнда бірыңғай мүше сөйлемнің
басында келгені, ал бірыңғай мүшелерден кейін сөйлемнің басқа мүшелері
келгені айтылады. Мұндай жағдайда, әдеттегідей, жалпылауыш сөзден кейін
қос нүкте койылатыны, бірақ бірыңғай мүшелерден кейін сөйлемнің басқа
мүшелері келгендіктен, бірыңғай мүшелерден кейін сызықша қойылатыны
түсіндіріледі.
Оқушылардың тиянақты білім алуындағы ерекше бір жұмыс
оқушылардың ұғымын байқау болып табылады. Мұны да әр түрлі әдістермен
жүргізуге болады. Мысалы: Тыныс белгілері арқылы төл сөздің берілуі:
Ереже: Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс
жасамай, үтір, нүктесіне дейін солай қолданса, ол төл сөз болады.
Сөйлеушінің сөзін басқаға жеткізіп, түсіндіріп беретін сөзді автор сөз дейді.
1. Егер төл сөз автор сөзінен бұрын айтылса, ол бас әріппен басталып,
тырнақшаға алынады да, соңынан тырнақша жабылып жазылады.
2. Егер төл сөз автор сөзінен соң айтылса, автор сөзі бас әріптен
басталып, соңынан қос нүкте қойылады да, төл сөз тырнақшаға алынып, бас
әріппен жазылады.
3. Егер төл сөз автор сөзінің ортасынада келсе, төл сөздің алдынан
келген автор сөзі бас әріппен басталып, сол бөліктің соңынан қос нүкте
қойылады да, төл сөз бас әріппен басталып, тырнақшаға алынып жазылады
және төл сөзден кейін үтір мен сызықша қойылып, автор сөзінің сол бөлігі
кіші әріппен жазылады. Бұл ереже жаттығулар арқылы дәлелденеді.
Мысалы, тұрлаулы мүшелерді тауып, олардың тыныс белгілерін
қойыңыздар.
1. Басты міндеттердің бірі - қолда бардың бәрін, елімізде өндірілгеннің
бәрін ұқыпты, ұтымды пайдалану т.б.
2.10. Пунктуацияны игертудегі ойын элементтерін қолдану
1. Қазақ тілі кеші оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру
үшін мектепте әр алуан жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыстардың бірі –
сыныптан тыс жұмыстар. Оқушылармен сыныптан тыс жүргізілетіи
жұмыстардың да алуан түрі бар. Солардың бірі мектепте оқушылармен түрлі
тақырыптарда өткізілетін кештер болып табылады. Әдетте, мектепте
өткізілетін кештер әдеби кештер болып саналады. Онда белгілі бір ақын-
158
жазушылардың өмірі не таңдаулы шығармаларының бірінің көлемі негізінде
соларға арнайы өткізіледі. Көптеген мектептерде әдебиет кешін өткізу
дәстүрге айналған. Мұның оқушылардың әдебиет сабағынан тиянақты да
сапалы білім алуына және тіл байлығының артуына, әдеби кітаптарды
өздігінен көп оқып, білім көлемінің одан әрі дамуына үлкен септігінің тиетіні
сөзсіз. Кешті тіл сабағына байланысты өткізуге болады.
Қазақ. тілі материалдарын оқушыларға саналы меңгерту үшін
көптеген мұғалімдер сыныптық сабаққа сүйенеді. Бір ғана сыныптық сабаққа
сүйену жеткіліксіз. Қазақ тілі материалдарын оқушыларға саналы
меңгертудің сыныптық сабақтан басқа түрлі әдіс-тәсілдері бар. Олар
мыналар:
1.
Сыныптан тыс уақыттарда оқушылармен грамматикалық
ойындар өткізу.
2.
Қазақ тілі материалдары бойынша сұрауға жауап ұйымдастыру.
3. Қазақ тілі үйірмесін жүргізіп отыру.
4. Қазақ тілі кешін өткізу.
Мектепте оқушылармен қазақ тілі кешін өткізу–аса маңызды іс. Қазақ
тілі кешін өткізу арқылы оқушылардың қа зақ тілінен алған білімін одан әрі
дамытып, шыңдай түсеміз. Мысалы, қазақ тілі кешін өткізуде мынадай
мақсат нысана етіледі.
1. Сөйлем мүшелерін оқушыларға жете меңгерту.
2. Сөйлем мүшелерін өз міндеттерін айтқыза отырып оқушыларды
еркін сөйлей алуға баулу.
3. Оқушыларға жиналыстың өткізу тәртібін, басқаруын, жарыс сөзге
шығып сөйлеу тәртібін білдіру.
4. Оқушылардың өздігінен жұмыс істей алуы мен грамматикалық
категорияларды өз бетінше пайымдап түсінуіне жөн сілтеу.
Қазақ тілі кешін өткізуге дайындық жұмысы үйірме арқылы
оқушылардың өздеріне сабақтан бос уақтында жиналып, жиын өткізу
ретінде де қосымша сабақ ретінде де жүргізіледі.
Қазақ тілі кешін өткізуге арналған материалдар мұғалімнің
басшылығымен оқулықтан, әдеби кітаптардан, газет, журналдардан жиналып
іріктелді де, олар әрбір оқушы өзі жадынан шығарып сөйлеп тұрғандай етіп
айтып беру тапсырылмақ. Оны жүргізу, басшылық жасау оқушылардың
ездеріне беріледі. Бұл жерде мұғалім тек бақылаушы ретінде ғана қатысып
отырады. Бұл жұмыстардың бәрі әбден кемеліне келіп игерілгенге дейін
жүргізіледі де, ең ақырында оқушылардың өздерінің ұсынысы бойынша кеш
өткізілді. Қатысқандар – 6-8 сынып оқушылары. Мысалы, Махамбет
атындағы мектепте өткізілген кештің мазмұнын келтірейік. Сөйлем мүшелері
міндеттерін атқаратын оқушылар тізімі бекітілген:
Достарыңызбен бөлісу: |