Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014


Сұрақ:  Оркестр мүшелерімен араңызда репети- ция үстінде конфликттер бола ма?  Жауап



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,52 Mb.
#2334
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Сұрақ:  Оркестр мүшелерімен араңызда репети-
ция үстінде конфликттер бола ма? 
Жауап:  Әрине, болғанда қандай. Бәріміз де «ет 
пен сүйек тен жаралған пенде» емеспіз бе? Адам-
дар басындағы әртүрлі жағдайлар, көңіл күйлер 
өз әсерін білдіртпей қоймайды. Дегенмен дири-
жер мен музыканттар арасын дағы өзара шынайы 
сенім артушылық бар жерде «қыз 
мет бабын 
дағы 
конфликт» сол мезетте шешіліп, сол ара да қа лады. 
Мұндай сәттерде екі жақ та кешірімділікті, кіші  лікті 
ұстанса өте абзал. 

179
Сұрақ:  Дирижерлік өнердегі мұратыңыз және 
дири жерді идеал тұтасыз ба? 
Жауап: Әрбір суреткердің өзіндік мұраты бол-
мауы мүмкін емес. Менің мұратым орындалған 
шығарма ком позитордың да, дирижердің де твор-
честволық портре тін көрсете білуі керек. Дирижер 
ретіндегі шынайы арма ным Дмитрий Дмитриевич 
Шостаковичтің он бес симфония сын бір маусымда 
цикл ретінде түгел орындап шығу. Бұл аса жауапты 
әрі өте қиын. Бір жыл, өтер әлде бәлкім бес-алты 
жыл өтер, әйтеуір менің сол он бес симфонияны 
бір маусымда орындап шықсам деген көкейтесті 
арманым бар. Сіз арман деңіз, қиял деңіз мүмкін емес 
деп күдіктені ңіз, шүбә келтіріңіз оны өзіңіз біліңіз... 
Ал бұл мен үшін... 
Дирижерлар барлық жағынан идеал бола ал  май-
ды. Әсіресе, «төрт құбыласы түгел» дирижерді кез-
дестіру жоққа тән. Олардың әйтеуір бірнеше қасиет-
тері өзге 
лерінен жоғары тұрады. Ұлы дирижер-
лердің қай-қайсы сын алмайық, бір-бірінен өзгеше-
лік тері мол болып кел генмен, бір-біріне еш уақытта 
тепе-тең болған емес. Мәселен, Артуро Тосканини, 
Гектор Берлиоз, Рихард Вагнер, Ференц Лист, Сергей 
Рахманов, Бруно Вальтер, Вельгельм Фуртзенглер, 
Евгений Мравинский, Герберт фон Караян сияқты 
ұлы дирижерлардың мысалы үшін басым жақта рын 
айтуға, сондай-ақ белігілі бір «дирижерлік құдірет-
кереметтеріне» еліктеуге, үйрену 
ге не болмаса 
таңқалуға болады. Ал, бірақ солардың қай-қайсы сын 
да тұтастай қабылдау мүмкін емес әрі қажет те емес. 
Содан болуы керек, шынайы талантты дирижер дің 
әрқайсысы өнердің өзінше бір төбе, өзінше бір идеал. 
  Тілші: Тимур Кәрімұлы, әңгімеңізге рахмет. 
Дмитрий Шостаковичтің Сегізінші симфония 
сы-

180
Сайлаубек Жұмабек
ның премьера 
сы өткен екі күнде де зал класси-
калық музыканы сүйе 
тін тыңдаушыларға толы 
болды. Мұның өзі сіздің дири жерлік табысы ңызды 
тұтас көрсетпегенімен, сіздің шы 
найы өнері 
ңізге 
деген сүйіспеншілікті, ілтипатты то 
 
лық аңғартса 
керек. Сіздің дирижерлік етуіңізбен өткен Се-
гізінші симфонияның премьерасы жайлы баға-
ны музыка сыншыларынан, мамандарынан әлі-ақ 
ести тін болармыз. Бір байқағанымыз, залдан шық-
қан көрер мен дердің ризашылығы мол екен. Бұған 
дейін бір дири 
жер бір композитордың жанрлық 
шығармаларын бөлек алып, тұтас орындағанын 
естуіміз бар. Ал енді сіздің дирижер лік етуіңізбен 
Дмитрий Шостаковичтің он бес симфония сын бір 
маусымда тыңдайтын күнді асыға күтеміз. 
 Т.Мыңбаев: Рахмет. 
Күзгі Алматының салқын түні. Көшелер әлі жап­
жарық. Құлақта әйгілі Сегізінші симфонияның 
қуатты, шаттыққа толы әуені әлі ызыңдап тұр. Сәлден 
соң сонау 1943 ж., ленинград блокадасы, гүрс­гүрс 
жарылған бомбалар үні симфонияның өн бойынан 
анық көзге елестегендей болды. Композитордың өз 
пікірі бойынша «Менің жаңа шығармам (Сегізінші 
симфония) болашаққа, соғыстан кейінгі бейбіт 
күндерге көз тастап, ой жүгірту. осы туындының 
идеалық­философиялық концепциясын: «өмір 
неткен тамаша! Қара ниетті зұлымдық атаулы қара­
сын батырады да, сұлулық, әдемілік, әсемдік сал­
танат құрады деген екі ауыз сөзбен түюге болады», 
– деп жазған еді. Расында да солай, Сегізінші симфо­
ниядан гүрс­гүрс жарылған бомба үнін мамыра­
жай тыныс­тіршілік жұтып қойғандай сырлы әуез­

181
дер төгіле жөнеледі. Жауыздық, зұлымдық қанша 
қауіпті, қатерлі болса да, Адам бойындағы мейірім­
нің, ізгіліктің шуағын, маздаған отын, сірә де, өшіре 
алмайды екен. Сегізінші симфонияның халық 
тық 
характердегі би элементтері бар жарқын да сазды 
бесінші бөлімі ұлы композитордың осы ойын нақты 
дәлелдей түскендей әсер қалдырады. 
енді міне, дирижер Тимур Мыңбаев шоста­
ковичтің он бес симфониясын бір маусымда 
орындап шықпақшы. Бұған дейін өзге дирижерлар 
қолға алып көрген емес, мұндай ірі қимылды. Түнгі 
жарықта Д. шестакович симфонияларының мұхит 
құша ғында жүзіп келе жатқандай дирижер Тимур   
Мың баев тұлғасы кәдімгі пультте – кеменің рулінде 
тұрғандай, жақындаған сайын, бірте­бірте биіктеп 
келе жатқандай. 
 
Қыркүйек, 1980 жыл

182
Сайлаубек Жұмабек
сырт кӨз қарияның Бір үзік сыры
Көршілердің сыйластығы мен татулығы мейлі 
ауыл 
ды жерде, мейлі қалалы жерде болсын, кім-
кімге әрқа 
шан қымбат. Сонда аяқастынан «Аме-
рика ашқандай-ақ» болмайын, әсіресе, Алматы 
тәрізді мегаполистің кез-кел 
ген мөлтек ауданын-
дағы көп қабатты үйлерде тұ рып жат қандар мұны 
өте жақсы біледі. Өйткені, шілдеха на мен сүндет 
тойы, келін түсіру мен қыз ұзату тойы, немесе құ-
дай басқа сала көрмесін, дүниеде ең қимас жанда-
рың  ды, 
туыс-достарыңды, 
жақын-жуықтарыңды 
ақтық сапар ға жө нелту үстінде көршілердің қадірі 
мен қасиетін айрық 
ша сезінетінің бар. Мұн 
дайда 
ата-баба үрдістерін батпан  дап атқарып тастадым дей 
алмасаң да, парыз-қарыз ретін де мысқалдап әрекет 
еткеніңнің өзі кей-кейде асқаралы шыңдай көрі-
ніп, солайша дәріптелуінің астарында ғала мат өнеге 
мен тағылымның теңдесі жоқ ұлттық-халық 
тық 
тәрбиесіне көз жеткізіп, ерекше ден қоясың.
Көршімнің әкесі Жарматан ақсақалдың Қараған-
ды дан ұшып келгені бүгін болса да, кешке сол үйде 
бас қостық. Бұл біздің үлкен кісіге сәлем берге німіз 
әрі көршімнің өзіміз ді тағы бір кезектен тыс қонақ 
еткені болып табыла ды. Сексеннің үзеңгісіне әне-
міне аяқ салып тұрған байыр ғы жылқышы, бүгінгі 
шоқша сақалды, ақсары Жарма тан қария әзірше әрі 
жас, әрі ширақ көрінеді. Елгезек мінезінен, жүріс-
тұрысынан, арғы-бергі тарихтың неме се тағдыр  дың 

183
тепереші мен тәлімін бүгінгі тіршіліктің әр түрлі 
мысалдарымен байланыстыра отырып, шер 
те 
тін 
шешен әңгімелерінен де әлі жаңылмапты.
Жарматан ақсақалдың тап қазіргі көңіл-күйі нен 
оның ерекше бір масаттанып отырғанын аң ғар  мау, 
сірә, мүм кін емес. Алматыға талай жылдан бері талай 
рет кел 
ген Жарматан қария жасы ұлға 
й 
ға 
нымен 
өзінің сонау ақжар 
ма болмысынан әлі тан 
баған. 
Оның ақжарылқап төгіп тастайтын сыр шежірелері 
мен көне аңыз-хикаялары нан халқымыздың небір 
қаратіл  шешендерінің,  дәулес кер  ділмар ла р ы ның 
асыл жұрнағына тірі куә болғандай, со 
ған іштей 
сүйсінгендей боласың. Ғажап, қызығасың. Соңғы 
бір-екі келгенінде Жарматан қарияның кей 
бір 
әңгімелерін диктофонға жазып алғаным да бар. Бүгін 
де сол әдісіме басып, диктофонымды қосып қойдым.
– Балам, осы сендер теледидардан «Бармысың, 
бауы рым?» дейтін хабарды көресіңдер ме?
Бақберген екеуіміз иығымызды қиқаң еткізіп, 
«Жоқ», – деп шорт жауап бердік. 
– Бұлар теледидардан тек футбол мен хоккей ға на 
көреді, – деп жарыса үн қатты келіндері.
– Онда сендер маған осы хабарды жүргізетін дер-
ді тауып беріңдер. Реті келсе осы үйде не бол маса 
олар дың кеңсесінде бірімен жүздестіріңдер, – деп 
бір қой ды Жарматан ақсақал.
– Иә, көке, жайша ма? – деді Бақберген.
– Ол қиын шаруа емес қой, – деп мен де қосарлас-
тым.
– Құпия болмаса, ата, біз де білейік, – деп жамы-
рай кетті ерке келіндері.
– Оның несі құпия болсын. Керек десеңдер, қазір-
ақ айтып берейін. «Жақсының жақсылығын айт, нұ-
ры тасысын» – деп бастады кезекті бір әңгімесін 
Жарматан ақсақал.

184
Сайлаубек Жұмабек
– Мына Бақбергеннің нағашысы Рахымжан-
ның неме ресіне сырға салуға ерте көктемде келген 
құдалардың бі 
рі өзінің туған жиенін айтып, мақ-
танып отырды. Әуелде өзіміздің мардымсы 
нып 
кететін әдетіміз шығар деп ойладым. Бақсам сөзінің 
сөл мен нәріне, төркініне көз жіберіп, байып 
тап 
қарасам, бір ғанибет нәрсе екен. Со дан «Бармысың, 
бауырым?» дейтін хабардың бір кәдесі 
не жарап 
қалар деген оймен сұрап жатқаным ғой. 
Нағашысының сол айтуына қарағанда, Болатби 
де ген жиені үш ағайынды екен. Жиен ата-анасы-
нан ерте айы рылғанмен еті тірі, елгезек, парасаты 
мол жігіт болып өсіпті. Жетіспеушілік пен таршы-
лықтың салдарын ке 
зінде бір пендедей тартуын 
тартыпты да. Дегенмен, ата-ананың текті тәрбие-
сінен жаңылмағанынан болар, еңбе гі жанып, тасы 
өрге домалап, бақ-дәулеті көтеріліп, қа зір ел таныған 
қажырлы азамат, жұртшылық сүйсін 
ген басшы, 
қадірі артқан көшелі кісі болыпты. Соның бір ғани-
бет ісіне айдаладағы менің өзім де сыртынан ес тіп, 
сүйсінгенімді жасыра алмаймын. Болатбидің бойы -
на кезінде оның ата-анасы сіңірген қасиетті бір сәт 
өзім де мынау Бақбергеніммен анау ауылдағы Өмір-
бегіме сіңіре алдым ба екен деп ойланып та қоямын.
Жарматан ақсақал бізді сынай бір бағып, көз 
тастап қойды да, үзік сырын жалғастыра түсті. Сол 
Болатби әкесі 
нің туған інісі Көпбайды тек оның 
мектеп бітірушілері мен бірге түскен суретінен ғана 
біледі. Көпбай ағасы 1954 жылы Боралдайдағы он-
жыл дық мектепті бітірген тұс та, ол небәрі екі-үш 
жаста ғана екен. Жастық романтика ның асау толқы-
нымен Көпбай ағасы бір топ жерлестері мен атақты 
Қарағанды қаласынан бір-ақ шығады. Сон 
дағы 
ойлары кешегі кеңестік дәуірде Одақтық дәреже дегі 

185
үшінші көмір ошағының шахтері болу. Ол кезде шах-
тер болу дегеніңіз ауыл баласы үшін орындалмайтын 
арман сияқты емес пе еді? Қиялды шындыққа 
айналдыр ған осындай «советтік ерліктің» болғанын 
да ешкім жоқ қа шығара алмайды. Әрбір науқандық 
ұлы бастамалар дың ішінара артық-кем тұстары болса 
болар, алайда өмір дің өзі туғызған, көлденең тарт-
қан жағдаяттардың өзегін де шаң көмбес шындық-
тардың болғанын да дау жоқ. Осы нау қиялды шын-
дыққа айналдыру барысында Көпбай Құтпанов 
Саран қаласындағы № 4 тау-кен мектебі нен (қазір-
гіше айтсақ, кәсіптік-техникалық училищеден) бір-
ақ шығады. 1956 жылы бұрғышы-тіреуші маман-
ды 
ғын алып шығардың алдында Саран қаласын- 
 
дағы № 107 шахтада өндірістік тәжірибеден өтіп 
жүр 
генінде, бү 
кіл бригадасымен бақытсыздыққа 
ұшырап, опат болады. Ол кезде қазіргідей еркін де 
кеңшілік заман емес. Еліміз 
дің түпкір-түпкірін-
де тіршілік ба 
рысында ұшырасып жа 
та 
тын әр 
түрлі өндірістік-шаруашылық апаттары тек сым-
сыз өсек арқылы кеш теу жетіп жататын. Қа зір ғой, 
түшкіргеніңнің өзін дырдай ғып теледидардан да, 
газеттерден де шартарап қа жария етіп жататыны.
Небәрі 19 жасында № 107 шахтадағы сол ава рия-
ның салдарынан Көпбай Әбілдаұлы қайтыс бол ған-
да, Болатби бар болғаны бес жаста екен. Ол кезде 
сәби Болатби есейгенде, әкім болатынын, сөй тіп жар-
ты ғасырдан кейін ағасының қабірін іздеймін, басы-
на құлпытас қоямын-ау деп ойлауы еш мүм кін емес 
еді. Амал нешік, тағдыр осы лай бұйырған соң. Сәби 
кезінде шырамытып көрген бауыры на – Көпбай-
дың басына түскен тағдыр тауқыметін, әри  не, ешкім 
өлшеп біле алмайды. Он екіде бір гүлі ашылма  ған 
бозым жігіттің қайғысы сол тұста Болатбидің ата-

186
Сайлаубек Жұмабек
анасы на, туыстарына батудайын батып, қабырға сын 
қайыс тыр ған да шығар. Бұл күнде солардың да көбісі 
әлдеқашан бақи дүниеде.
Барша гәп бұл арада Болатбидің бесігінен тамыр 
тарт қан дәстүр тәрбиесінде. Соны ол жас кезінен 
бастап, өзінің кісілігі мен парасатының кәдесіне 
жарата білгенінде ғой.
Оның үстіне, ең бастысы, Көпбай ағасының өзін 
со нау сәби кезінде бір арқалағанын немесе маңдайы-
нан бір сипағанын ұмытпай, жарты ғасырдай бұрын 
дүние 
ден қыршын кеткен ағасының қабірін іздеп 
тауып, ба сына құлпытасын қойып, құран шы ғар тып, 
ас бергенін Болатбидің нағашысы мақтанып отырып, 
есіле-көсіле оты рып шерткен тұста Жарма тан қария 
секілді қазір біз де өзімізден-өзіміз төбеміз көкке 
жеткендей сезініп отыр мыз.
Болатби бір жағынан, нағашысы екінші жағынан 
Қара ғанды облысының әр деңгейдегі мұрағат тары-
нан сұрау салып, жоқ іздеген тұстарындағы қиын-
шы лықтары өз алдына.
Апыр-ай, осындайда іздеушің болғанға не жет-
сін деп бір қоясың. Іле-шала бір күрсінесің. Болатби-
дің ел көр ген, жер көрген қазіргі қажырлы тұлға-
сын Жарматан қария мен бірге біз де көз алдымызға 
келтіргендей боламыз.
Қарапайым ғана осынау іс-әрекеттің мұн 
дайда 
осын шама мол қуатқа ие болатынына, жұмыр басты 
пенде атаулыға өте-мөте сын болатынына көзіміз 
тағы жете түс ті. Сөйте тұра, осындай шетін мәселе-
лерге көпшілігі міз не ге жете мән бермейді екенбіз 
деп іштей ойсырап отыр ған қалпымызды Жарматан 
ақсақалдың жалғасты ра түскен әңгімесі бөліп кетті.
– Ал, мен сендерге енді бір қызық айтайын. 
Бүгін само летте сол Болатби Сатымбайұлы Құтпа-
новпен бір ге келдім. Кресломыз қатар болған соң, 

187
тіл қатысып, жол-жөнекей таныстық. Сонау бір 
ерте көктемдегі құдалық та оның нағашысы айтқан 
жәйттер есіме сап ете қалды. Сол ма, сол емес пе?..
Сонау ерте көктемде естіген әңгімеме сәйкес 
біраз түртпектеп отырып, сыр тарттым. Сұрағыма 
қарай Болат 
бидің жауаптары да қысқа-қысқа, 
нақты-нақты, байсал ды болып шықты. Нағашысы 
да сол екен. Бәрін тынды рып тастадым деген ойы 
жоқ. Бір парызын – бір қарызын орындағанына 
деген қанағаты ғана бар. Ал, бұл жолы ол іссапармен 
тағы да Қарағандыда болып, қайтып келе жатқан 
беті екен. Күкірт қорабындай қағазда қызметі де, 
мекенжайы да көрсетіліпті. Хабарласатынын, қона-
ққа шақыратынын айтты. Біз бір-бірімізге қарадық. 
Әкімдер 
дің бірталайына емес, басым көпшілі 
гіне 
жұртшылық тың айрықша сын көзбен қарай тыны, 
таразылайты 
ны ежелден белгілі жайт. Деген 
мен, 
Бақберген екеуіміз бұл жолы Жарматан қария ның 
мына сүйсінісіне тіпті еш шек келтіре алма 
дық. 
Ішімізден Қарасай ауданының қазіргі әкімі Болатби 
Сатымбайұлы Құтпановтың бауыры – Көпбай 
Әбілдаұлы Құтпанов өз бақытының ұшар шыңы-
на албырттығымен, өжеттігімен тұңғыш рет тіке 
ұмты 
лып жүргенінде, өрімдей жас күйінде он-он 
бес адам нан тұратын шахтерлер бригадасымен бірге 
кенеттен опат болған сәтінде, әсіресе ағасын, оның 
сәби балаларын – бәлкім болашақта өзіндей нар 
тұлғалы болатын ініле рін, туған жері – Боралдайын, 
болашақта жары болатын, ерінің енді ғана сүйіп 
жүрген қалыңдығын – сүйік ті қара көзін көз алды на 
келтіріп, іле-шала қапас тозақ тың түнегіне кенет тен 
қимай-қимай батқан да шығар...
Егер көзі тірі болса, ол бүгіндері 67 жаста, бізден 
бар үлкен қалпында өз ағайын-туыстарының, отба-

188
Сайлаубек Жұмабек
сы ның, көрші-қолаңның ортасында біздің Жарма тан 
көкеміз сияқты қариялық етіп жүреді екен-ау, де ген 
ойға  тірел дік.
Меніңше, атам қазақтың өз перзенттеріне же ті 
ата 
сын жаттаттырып, зердесіне тасқа қашаған 
дай 
етіп, соны сіңіріп жатуында ұрпақтардың ұмы тыл-
мауын көздеге 
ні болар, мәңгүрттік пен мәң 
гүрт 
-
шілдік белең алып, ұрпақ тар санасын сиыр дың жи-
діген жапасындай лас тап жатқанда, замандасы  мыз 
Болатби Сатымбайұлы ның осынау өнегелі бір тірлігі 
ғанибет емес пе?! Нұр жаусын өзіңе, Болатби!..
Асылы, кім-кімнің болсын ұмытылмағанына не 
жет сін! Сол үшін біз не істедік, не істеп, не тын-
дырдық?!
Асылы, кім-кімнің ұмытылмауы үшін де пенде бо-
лайық, әкім болайық, азамат болайық, әйтеуір па рыз-
қары зымызды естен шығармағанымызға не жетсін!
Осы орайда, біз Жарматан ақсақалдың – сырт 
көз қарияның бір үзік сырын сол қаз-қалпында газет 
арқы 
лы әуелі оқырмандарға, сонан соң Қара 
сай 
ауданының әкі мі Болатби Сатымбайұлы Құтпанов 
мырзаға жеткізген ді жөн көрдік.
Қазан, 2004 жыл

189
ЖұмБақ ЖүзДесу, ЖұмБақ қоштасу
Бұл өзі сонау 1989 жылдың ерте күзінде болған 
оқиға.
Әркез еске түсіп, ұмытылмауының бір себебі, мен 
үшін ең алғашқы әрі ең соңғы жұмбақ кездесу еді..
Әлбетте, тағдыр қиыстырған жұмбақ жүздесу, 
жұмбақ қоштасу демеске шараң жоқ.
Ол үшін, бәлкім, күнделікті тіршілігіндегі таусыл-
май тын кездесулерінің қатардағы бірі болар.
Дегенмен, әркез еске түсіп, ұмытылмауының бір 
себе бі, мен үшін ең алғашқы әрі ең соңғы жұм бақ 
қоштасу ға айналып кеткендігінен шығар.
Дегенмен, Ол үшін күнделікті тіршілі гіндегі тау-
сыл 
 
майтын кездесулер тізбегінің бәлкім бір бөл-
шегіне ғана жараған шығар.
Қалай десек те, сонау 1989 жылдың ерте күзінде 370 
минутқа созылған сол бір кездесу-танысу, жүздесу-
дидар ласу, ой бөлісу-пікір алысу ол үшін де, мен үшін 
де ең алғашқы әрі ең соңғы болғаны шындық.
Қалай десек те, сонау 1989 жылдың ерте күзін-
де бір дастархан басында, осындай шығармашы лық 
үл п әтті бұйырт са дәстүрге айналдыру, аз-кем тірші-
лікте тұрақ 
ты түрде өткізу қажеттігі ниет-мақ 
сат 
ретінде шынайы айтылғаны қаншама ғанибет бол-
са, ең алғашқы әрі ең соңғы болып жүзеге аспағаны 
соншама өкінішті.
Сонау 1989 жылдың ерте күзінде Төлеген Тоқбер-
генов, Зейнолла Серікқалиұлы үшеуміз пан филов-

190
Сайлаубек Жұмабек
шылар пар кіндегі «Жұлдыз» мейрам ханас ына (бұ-
рынғы «Жетісу» кафесіне) келіп, екінші зал 
дағы 
киіз үйлер рәуішінде жасақ талған орынға жай ғасып, 
оны-мұныны сөз етіп отыр мыз.
Бесін мезгілі. Дастархан мәзірінен даяшыға кере-
гіміз ді жаздырып жатырмыз. Бір мезетте Төкең – 
Төлеген Тоқбергенов керегеге ілінген домбы 
раны 
алды. Мінезі шарт, қимылы шапшаң, түйдек-түй дек 
сөздерін тез-тез айтатын Төкең, әсіресе, дом 
быра 
көрсе, қашан қолына алғанша байыз таппайтын.
Мейрамханаға декоративтік бутафория 
ның 
ролін ат 
қару үшін қойылған домбыраның жайы 
айт  паса да түсінікті. Ал Төкең болса, аузы сөйлесе, 
қолы қимылдап, осынау көзбояушылықпен қойыл-
ған домбыраның бірсыдырғы үнін-әуезін шы-
ғарумен әлектенуде. Біресе Зекең, біресе мен ынты-
шынтысымен  әуреленіп  жат қан  Төкең ді  қолпаш  тап-
ақ бағудамыз. Екеуміздің дуэтіміз ден, ойын-шыны 
аралас  пікірлерімізден  әзіл-әжуамыз дың  басым  дау 
екендігін зайыр байқап, зайыр аңғарып отыр 
ған 
Төкең  нің бізді жер қаптыратынын да біліп отыр мыз.
Сөйлеп қалған әдетпен сөйлеп отырғанымызға 
мәзбіз.
Дастарханға сұп-суық дірілдек, қазы-қарта, 
орыс арағы, минералды су жеткен тұста, Төкең де 
домбыраны бір сапар ойын жолына жарайтын дай 
бапқа келті ріп алып, «Қосалқаны» орындап та жі-
берді. Тартып отырып, Зе 
кең – Зейнолла Серік-
қали 
ұлы екеумізді мысымен ба 
сып, тұншыққан 
күлкісімен-ақ бізді жер етіп отыр.
Ұялған тек тұрмастың керімен Зейнолла ағам 
екеу 
міз ұлы суреткерлер Тәкен Әлімқұлов пен 
Асқар Сүлейменов тің сыншы Төлеген Тоқбергено в-
тің домбырашылық өне рі жөніндегі пікірлерін тост 
ретінде айтып, жалпақтап-ақ жатырмыз...

191
Кенет қатардағы киіз үйден де домбыра тартыл ды.
– Домбырасы тәуірлеу екен, – деді Төкең.
– «Қыз Ақжелең» ғой, – деді Зекең.
– Дәулеткерейдің өзі, – деймін мен.
– Қайтеміз? – деді Төкең.
– Аңысын байқайық, – дейді Зекең.
– Біраз жерге шауып көрейік, – деді де, Төкең 
Тәттімбеттің «Қосбасарын» шертті.
Сәл үзілістен соң қатардағы киіз үйден домбыра 
қай та  тартылды.
– «Сылқылдақ» қой, – деді Зекең.
– Тәттімбетпен жауап берді сізге, – деймін мен.
– Домбырашы екендігі көрініп тұр.
– Не істесек керек? – деп Төкең сәл ойланып, біз-
ге барлай қарады.
– Не де болса, ауылдың алты ауызы ғой, – деді 
Зекең.
– Солай да шығар. Дегенмен, жекпе-жекке шақы-
рып тұрғаны анық.
– Солай сияқты-ау, – деймін мен.
– Нені көрмеген бұл Созақ?!
– Нені көрмеген бұл Тама?! – деді де, Төкең 
Тәттімбет тің «Сарыжайлауына» басты. Көршілер де 
сілтідей тынған. Күй аяқталған соң, екі жақ та бір-
бірін қапысыз аңду ға көшкен сияқты. Сөйте тұра, 
орыс арағының жалынынан от көсеп алып, сусы-
нын басып, іле-шала шабыттанып ала тын сияқты да, 
қайтадан домбыраны безілдете жөнеледі.
Міне, көрші үйден Тәттімбеттің атақты «Бес 
төресі» шертілді.
– Мына домбырашы қауіпті ме, қалай? – деді 
Зекең.
– Төкең бұған қыңбайды да, – деймін мен. 
– Алымды да, шалымды домбырашы екен, – деді 
Төкең. – Бұл бізге күймен айтысасыз ба, сіз бұған 

192
Сайлаубек Жұмабек
қа лай қарар екенсіз? – деп сынап отырған адам ның
өз күші не өзі сенген адамның әрекеті. Сонда Төкең 
тізе бүгуі ке рек пе? Жоқ, ол бола қоймас, – деді 
Төкең костюмін шешіп, бір рюмкені қағып салып, 
Тәттімбеттің «Көкейкестісіне» көшті.
Екі жақ та сілтідей тынған. Күй аяқталған соң, 
ол жақтан да дауыстар шығып жатыр... Міне, осы 
кезде көр ші үйде домбыра қайта шертілді. Бұл жолы 
Тоқаның «Зар Қосбасары» болып шықты. 
– Мынау әуесқой домбырашы емес, – деді Зекең. 
– Төке, сізбен шын айтысып, шын тартысып, шын 
жекпе-жекке шығуға бел байлаған жан бұл, – дедім 
мен.
– Қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, 
тал ға емес, шыңға, тауға емес, құз-қияға ұмтыл ған 
профессио нал жан, – деді Төкең.
– Төке, жығылсаңыз жер көтереді. Бұл бір қы зық 
болды. Іздесең таптырмайтын күй айтысы бол ғалы 
тұр. Не де болса нартәуекел.
– Күй мектебі жеңе ме, әлде репертуар бай лығы 
же ңе ме? Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқаны тартса, Сіз, 
Төке, Сүгірді, Әбікенді тартып байқатыңыз, – деді 
Зекең.
Төкең бұл жолы Әбікен Хасеновтің «Коңы рын» 
шерт ті.
Көрші үйден жауап ретінде тағы да Дәулетке рей-
дің «Көрұғлы» күйі тартылды.
– Тактика өзгерді, – деді Зекең.
– Репертуары бай екен, – деймін мен.
– Нағыз профессионал. Әуесқой Тоқбергенов осы 
бекер тыраштанып отырған жоқ па? – деп өзін-өзі 
Төкең түйреп алып отыр.
– Біз де тактикаға көшпейміз бе? – деймін мен.
– Төке, не де болса нартәуекел, енді тартына тын, 
шегінетін жер қалған жоқ, – деп қояды Зекең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет