Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,52 Mb.
#2334
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

138
Сайлаубек Жұмабек
денген нағыз сипат 
тары айқындайды. Өйткені, 
ол әлеуметтік тақырыпты, нақ 
ты адамдардың ха-
рак 
терін, психологиясын, қарым-қатына 
сы фило-
софиялық-әлеуметтік қақтығыстар арқылы ашып, 
солардың үйлесімін ұдайы көркемдік биік мұрат тар-
ға сәйкес сақтап отырады. 
Совет кинорежиссурасының көрнекті өкілдері-
нің бірі Григорий Козинцевтің: «шеберлік дегеніміз 
– кемер ден асқан толассыз ойларды өнер тілінде неге 
сөйлете алмай мын деген жанталасты ұдайы сезініп, 
өзіңді­өзің қо раш санау» – деп бір түйіп айтқаны бар. 
СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, талай 
халық аралық  және  одақтық  кинофестиваль дар  дың 
бас жүлдегері, белгілі совет кинорежиссері Бо лот-
бек Шәм шиев өзінің шығармашылық жолымен Гри-
горий Козин цевтің осынау ұлағатты пікірін іс жү-
зінде көрсетіп келе жатқан шоң суреткер. 
 
Ақпан, 1984 жыл

139
әмен аға – мультФильм Жасаушы
Жақсы фильм – жақсы кітап сияқты. Өзінің 
көрер мендерін тебірентіп, ойланта алады. Көркемдік 
бол мысы  мен бітімі туралы әрбір көрерменнің пікір-
лебіз айтуы на орын қалдырады. Мәселен, мінездері, 
кейіп керлері, музыкасы тағысын-тағылары жөнінде. 
Міне, осындай нәрлі, құнарлы ой айта білетін 
фильм дер жасай алатын дәрежеге көтерілген өнер 
иелері  нің бірі – Қазақ ССР өнеріне еңбегі сіңірген 
қайраткер, қа 
зақ киносында мультипликацияның 
негізін қалаушы режис сер, суретші Әмен Хайдаров.
Нағыз әсершіл, барынша әділ, өзгеше ақпейіл 
кино 
көрермендер балалар делінеді. Бұған, бұл 
пікірге жұрт 
тың бәрі әлдеқашан құлақ асқан. 
Бала 
лардың көкейі 
не қонарлық, көкірегіне ұялар-
лық мультфильмдер жасау өте қиын іс. Осыған 
қарамастан, Әмен Хайдаров бала лар дың жүре гіне 
жол тапқан мультфильм жасаған қазақ 
тың тұң-
ғыш  кинорежиссері.  1967ж  республикамыз   дың, 
одақтық (еліміздің) экрандарына Әмен Хай 
даров 
 
-
тың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты 
мультфиль 
мі шықты. Қазақ мультипликациясы-
ның қарлығ 
аш туын 
дысы кішкентай көрермен-
дердің де, үлкендер 
дің де жоға 
ры бағасына ие 
болды. Сол жылы Ленинград та өт кен Бүкілодақ тық 
кинофестивальдың бәйгесін ал 
ды. Әмен фильм-
дері халық ертегісінің өміршеңдігін экран да өзінше 
дәлелдеген, соның өміршеңдігін өз бойы на сіңі руге 
ұмтыла білген. Фильмнің зор көркемдік табыс 
 
 
қа 

140
Сайлаубек Жұмабек
өзінің даралық бітімімен, ұлттық бояуымен, шын-
шылдығымен, муьтипликация тілімен айтқанда, 
көр кем тағлымымен ие болған еді. Мұнан кейін «Ақ-
сақ құ лан» дүниеге келді. Халық аузының негі зін де 
жасал ған бұл фильмнің де табысы мол. Өлмес өнер-
дің құдіре  тін дәлелдейтін аңыз, өзінің мультфильм-
дік өміріне ие бол ды. Бұл да режиссердің өзгеше 
табысына жатады. Мұнан кейін экранға «Қожа-
насыр – құрылысшы» шықты. Әмен Хайдаров тың 
бұл фильмі Югославияның Загреб қала сында өткен 
мультфильмдердің бірінші халықаралық кино-
фестивалында дипломға ие болды. 
Бұл тек қана режиссер Әмен Хайдаровтың ғана 
емес, қазақ киноөнерінің де үлкен жеңісіне, табы-
сына жатады. 
Әмен Хайдаров мультфильмдердің даралық си-
па ты на тек қана балалар емес, тіпті, бүкіл семья тұ-
тас көре тін ерекшелігін де айтумыз қажет. Кіш кен-
тай көрермен 
дер 
дің қиялын ұштай түсуге, мі 
нез- 
құлқын қалыптастыру  ға арналған фильм дерді кино-
театрлардан, көгілдір экран 
нан әр адам өздері 
нің 
жас мөлшеріне қарамай зерік пей көре алады. 
Әмен Хайдаровтың фильмдері сәбилердің өн 
бойын да белгілі бір асқақ мұраттарды дамыта түседі. 
Адалдық, адамгершілік, бауырмалдық, жанашыр-
лық, кішіпейілді лік сияқты абзал ұғымдардың өріс 
алуына, тамыр бойлатуы на әсер етеді. Кинорежис-
сер Әмен Хайдаров бүгінде елу ге толып отыр. Қазақ 
халқы «елу ердің – жасы» дейді. 
Әмен Хайдаров елуге толуымен бірге суреткер-
лік кеме ліне де келіп отыр. Біз Әмен ағаның кеме-
ліне кел ген фильмдермен, жаңа туындыларымен әлі 
талай дидар ласамыз деп ойлаймыз. 
Желтоқсан, 1974 жыл

141
ЖұмБақ ЖарасымДар Жыршысы
(Ұлы суретші Орал Таңсықбаев  
шығармашылығынан алған әсерлер)
Жылдар өткен сайын асқақ алыптардың руха ни 
бол мысы адамзат жүрегін баурап ала беретіні бар.
Қазақ пен өзбек халықтарының төл перзенті, төл 
суретшісі – Орал Таңсықбаев осындай алып 
тар 
сана тында.
Бәлкім, бұған біздің кейіннен, келе-келе өте-мөте 
мән беретіндігімізден шығар...
Бәлкім, бұл әлімсақтан бері тарихи заңды лы ғын 
сақ тап келе жатқан ұлы үрдістің шын сәті соққан-
дығы нан  шығар...
Дегенмен, шығармашылық еңбектері XXI ға сыр-
да жал 
пақ жаһанның жалпыадамзаттық көркем 
қазынасына, рухани ортақ ғаламат игіліктеріне 
айрықша ұлттық бол 
мыс-бітімімен өзіндік үлес 
болып қосылған ұлы суретшілер 
дің бірі – Орал 
Таңсықбаевтың есімін де қазір біз осы 
лай 
 
ша 
қабылдаймыз. Көкірек кернейтін құдіретпен айрық -
ша сүйсінеміз, мейлінше мақтаныш тұтамыз. Бұған 
оның небір жұмбақ та сиқыр нақыштарымен таң дан-
дыратын туындылары, мол көркем мұрасы дәлел.
Өйткені, жылдар өткен сайын әр ұрпақ, әр буын 
ұлы суретші Орал Таңсықбаевтың кешегі XX ға сырда 
(1904-1974) өмір кешкен дәуірінде бейнелеу өнері 
саласында ғы саф алтындай кемел туындылары ның 

142
Сайлаубек Жұмабек
өнбойында 
ғы сиқыр бояулардың мәңгілік әуен-
саздарымен қауыша ды, сырласады...
Сондықтан шығар, жылдар өткен сайын әр ұрпақ, 
әр буын ұлы суретші Орал Таңсықбаевтың кешегі 
өмір кеш кен дәуірінде бейнелеу өнері саласын дағы 
шынайы да шырқау туындыларының өн бойын дағы 
тұмса табиғат 
тың жан-жүрегі дүрсілдеп тұратын 
жаратылыстың жұмбақ жарасымдарымен жүздеседі, 
сырласады...
Өйткені, жылдар өткен сайын әр ұрпақ – әр 
буын ұлы суретші Орал Таңсықбаевтың кешегі өмір 
кеш кен дәуірінде бейнелеу өнері саласындағы мей-
лінше таби ғи, мейлінше пәк, мейлінше сұлу туын ды-
ларының өн бойын дағы ән болып өткен ғұмыр мен 
– ән болып қалған нәзік те асқақ бояулармен дидар-
ласады, сырласады...
Әлемдік бейнелеу өнерінде сиректің сирегіне 
бұйы ратын осындай бақ-ырысқа ұлы суретші Орал 
Таңсықбаев өзінің дербес шыңына – жалқы көркем-
дік әлеміне қа лай көтерілген, қалай қол жеткізген 
десеңізші, деп бір мезет қайран қаласың. Іле-шала 
ұлы қылқалам шебері нің өз туындыларына туып-
өскен өлкесінің, ортасының, қоғамының, кезеңі нің 
тіршілік тынысына, деміне лайық әрі тек Орал Таң-
сық баевтың көзімен, сезімімен, ойлары мен, сурет-
шілік қолтаңбасымен біртұтас жеткізіл 
ген дербес 
көркемдік әлемінің қуатына ден қоясың. Суретші 
өзінің жарты ғасырға жуық өскелең шығарма шы  лық 
жолында туып-өскен өңірінің небір қиян-түп кірле-
рін шарлап шыққан әралуан сапарлары бары сында 
солар 
ға лайық сәт-сағаттардың, мың құбылып
мың түрлене 
тін табиғат кұбылыстарының қайта-
ланбас тылсым бояу ларын тынымсыз іздеп, тыным-
сыз тауып, толассыз дарытып, бейнелеу өнерін дегі 

143
нұрлы биікке, шұғылалы шыңға – Орал Таңсық-
баев аталатын асқаралы биікке заң ды көтерілді деп 
білеміз. Бұған қылқалам шеберінің шығар ма шы лық 
болмысындағы сиқыр бояулардың мәңгі лік саз  дары, 
жаратылыстың жұмбақ жарасымдары, ән бо 
лып 
өткен өмірі, ән болып қалған бояулары дәлел. Оның 
әрқашан таусылмас шабытпен шырқаған көркем 
полот 
ноларындағы ұлы таланттарға лайық ырыс-
несібесі нің еліне деген перзенттік сүйіспеншілігін 
атымтай жомарт тықпен саба-саба күйінде ақтарыла 
сыйлаған ғажайып мұрасында жатса керек. 
Орал Таңсықбаев шығармашылығының басым 
көпші лігін, көркемдік құдіретін – негізінен оның 
пейзаждық картиналары айқындайды. Бейнелеу 
өнеріне он жеті жа сын да келген Орал көркем шы-
ғарма жазу үстіндегі ша быт азабын, дарын ізденісін 
көп тартқан. Өзінің дара қолтаңбасын тапқан үлкен 
суреткер әуелі Ташкент 
тің Мемлекеттік көркем 
-
сурет галереясы жанындағы сту диядан сабақ алған, 
сонан соң Пензаның көркемсурет учи ли щесін бітір-
ген. Өзбекстанға кайтып оралысымен рес 
публи-
ка бейнелеу өнерінің өркендеуіне бар күш-жі  герін, 
талантын аямайды. Суретшілік жолының бас 
 
-
тап  қы кезінде Орал Ван Гог, Поль Сезанн, Огюст 
Ренуар, Эдгар Дега, Поль Гоген тәрізді батыстық 
қыл қалам шеберлерінің ықпалында болады. Мәсе-
лен, 1938 жылы музыкасын В.Великанов, либрет-
тосын М.Әуезов жазған «Қалқаман-Мамыр» атты 
қазақтың тұңғыш балеті 
нің сахналық декора-
циясын жасап та өз күшін байқап көр ді. Осындай көп 
еңбектену, талмай іздену портрет, графи ка, жанр -
лық картиналар, пейзаждар саласында бола ды. Ақы-
ры, Орал өзінің дербес суретшілік жолын, дары нын, 
күшін пейзаждық еңбектерден табады.

144
Сайлаубек Жұмабек
Отызыншы жылдардағы ізденістері, түптің-
түбін де суретшінің діттеген нысанасына жет кі зеді. 
Сөйтіп, қырқыншы жылдардың аяғынан бастап 
Орал  Таңсықбаев  шығармашылығында  пей   заж-
дық полотнолар барын 
ша мол, соншама әсер 
лі, 
көбін 
ше нақты сипат алады, сөй 
тіп суретші кол-
таң 
басын анықтаушы – жетекші қасиет 
ке айна-
лады. Суретшінің атағы да, даңқы да кеңінен, 
шын мәнінде, осы пейзаждық еңбектердің арқа-
сын да шығады. Қылқалам шеберінің өзіндік стилі 
де осы пейзаждарын 
да барлық болмысымен, 
алтын жамбыдай кесек мүсіні 
мен өзгеше көрініс 
табады. Аты аңызға айналған пейзаж дық холстар-
дың түпнұсқасын көрген сәттегі ілкі қуаны 
 
шыңа 
не жетсін?! Осынау ғажайып әсердің көпке дейін 
әркімнің көкірек түпкірінде қалатындығы, көз алды-
нан кетпейтіндігі суретші Орал Таңсықбаевтың 
ән бо 
лып қалған өнерінің шынайы құдіретінен 
 
деуіміз керек.
Әйгілі қылқалам шеберінің әр полотносының 
тұсын 
да көбірек тоқталасың. Көпке дейін өзгеге 
қиып та кете алмайсың. Алыстан қараған сайын 
саңлақ шебер 
дің айтулы еңбектеріндегі, бояулар 
симфониясындағы қаза 
қы әуеннің еркінен шыға 
алмайсың. Әртүрлі бояулар 
дың болмысы тек 
өздеріне тән әрі ортақ үйлесімі мен, полифонизмі-
мен көзге түседі. Осы тұста ұлы сөз зер гері Ғабит 
Мү 
сіре 
повтің жалпы өнер атаулыға тән ұлағат 
ты 
пі кірін суретші шығармашылығына қарай сәйкес-
тенді ріп айтар болсақ: «Бір бояу бір бояуға жары-
ғын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұ рады, 
біріне бірі жары ғын түсіріп тұрған бояулар ай тайын 
деген ойыңды көрермен ге дәл жеткізеді», – болып 
шығады.

145
Орал еңбектерін көрген тұсыңда орыстың көрнек-
ті суретшісі Николай Крамскойдың: «Шыншыл коло-
рит әділдік сияқты сирек кездеседі» – деген пікірі 
ерік  сіз есіңе түседі. Шынында картинаның алғаш-
қы әсе  рін сол шығарманың колориті шешетіндігіне 
Орал Таңсық баевтың пейзаждық туындылары толық 
дәлел бо 
ла алады. Көрерменнің картина қасында 
қаншалықты ұзақ тұрып қалатындығы немесе назар 
аудармай, сал қын әрі селсоқ қана көз қиығын енжар 
салып өтіп кетуі бояулар үндестігінің – колорит тің 
көркемдік күшіне не кемшілігіне байланысты. Міне, 
бұған көзімізді Орал карти  налары да жеткізе тү седі.
Заңғар суретшінің пейзаждық еңбектерінің тұ сы-
нан қанша тез жылжып өтіп кетемін деп тырыссаң 
да кете алмайсың. Қылқалам шебері картиналар ы-
ның әсем дік әлемі, көркемдік қуаты поэзияға тұнған 
реализмі мен сыршыл лиризмі өз сиқырымен сені 
жіпсіз байлап таста ғандай эпикалық байсалды лық 
пен мөлдір де пәк эмоция ға, өзгеше ұяң мен әдеп тен 
аспайтын қарапайым асқақ тық қа, салауатты жырға, 
шертпе күйлердің мұңды-жарқын саздарына толы 
пейзаждық полотноларда ұсақ деталь дар, жасанды 
әрі әсіреқызыл әффект көздеген әлеміш бояу 
лар 
мүлде жоқтың қасы. Оңтүстік топырағының өз геше 
әрі тумысынан етене жақын бедері мұңды-сырлы 
сиқыр 
лы бояулармен жырланған асқақ келбетін 
көрген де, сосын осы туындылардың, «мылқау поэзия-
живопись тің» «шымырлап бойға терең жайылған» 
әуендерінен ел тіп қалғаныңды сезбей де қаласың.
Орал картиналарындағы бояулар музыкасы, 
музыка дағы бояулар құдіретіндей әсер етеді. Нелік-
тен екенін қай дам, осынау егіз жұпты бір-бірінен 
мүлде ажырата алмай тын жұмбақ халде қаласың. 
Сондықтан болар дара сұлулықтан көзіңді алмай, 

146
Сайлаубек Жұмабек
көңілің өсіп тылсымды ләззат 
қа ден қойып, ән 
болып қалған шын өнердің шырын сезі мінен, кәусар 
шабытынан, парасат ойларынан шоқ ала сың. Соның 
қызуынан бүкіл тұла бойыңа нәр тарап, әсем 
 
дік 
әлемінің сан-қилы сырынан, шәрбат сусыны 
нан 
өзгеше тағлымы мол ғибрат алып, туған жерге деген 
перзент тік сүйіспеншілігің артады.
Құлпырған табиғат құдіреті ме, жоқ әлде соны 
өз ең бегінде құлпырта білген суреткер кұдіреті ме, 
кейде тіпті ажырата алмай қаласың. Асылы, екеуі 
де Орал аға салған әрбір пейзажда бар болуы керек. 
Өйткені, оның еңбектерінде табиғат өнердің биі гі-
не, өнер табиғат тың қайталанбас сиқырына көтеріл-
ген. Автор осынау табиғаттың болмысына үл 
кен 
өнердің шыншылды 
ғын шынайы дарыта білген. 
Туған жер табиғатын перзен тін құлынымдаған ана 
мейірімі тәрізді шырқыраған жаны мен терең сүйе 
білген адамның еңбегінде ғана табиғат сұлулығы 
осындай биік көрініс таппақ. Нені және оны қалай 
бейнелеуді білетін шын таланттың құйма бол 
мы-
сын Орал Таңсықбаев картиналары айқын дәлел-
дей ді. Мәселен, бұған «шыршық аңғарында», «Тау­
дағы таң», «Қайрақұм гЭС­інің таңы», «Сыр дария», 
«ыстықкөлдегі кеш», «өзбекстан көктемі», «Туған 
өлке», «шыршықтың Қожа кент тұсындағы көрінісі», 
«Мырзашөлде», «Ангрен ал қабы», «Таудағы қыстақ», 
«Сентябрь кеші», «Таудағы жай 
лау», «Менің даста­
ным»  атты және тағы басқа көптеген карти на лары 
толық дәлел бола алады.
«Мақта суару» атты картинасында таң жаңа атқан 
кез бейнеленген. Түнгі салқын таңғы самалға ұлас-
қан мез гіл. Алдыңғы қатарда көк талдар, оның аржа-
ғында ма қ та даласы. Жолды мөлдір сулы арық кесіп 
өтеді. Таңсәрі дегі күн сәулесінің бұлдыр шапақ тары 

147
сушылар 
дың өнбойынан анық байқалады. Еңбек 
адамы, еңбек күйі каме 
ралық сипаты өзінің ішкі 
қуатымен, тіршілігімен те рең әсер етеді.
«ыстықкөлдегі кеш» атты атақты картина сында 
кеш кі шапақтың жалқыны көл бетінде жарқырап 
ойнап жа тыр. Көл де, көл жағасы да шексіз-шетсіз 
сияқты көрінеді. Мұ 
ны холстың рамасы да еш 
шектей алмаған. Суреттің құдіре ті де осынысында. 
Мал бағып жүрген қарт шопан фигура сы да кешкі 
күн батар шақта өзара ассоциация жасап, мұң ды бір 
әсерге қалдырады. Бірақ көпке созылатын мұң емес. 
Бір дірілдетіп, бір тыншытатын тіршілік...
«Сырдария»  атты картинасында үлкен кеңістік 
сезіле 
ді, сол кеңістіктің дымқыл ауасы сезіледі. 
Алдыңғы қатар да өзен жағалауы, жыртылған жер, 
қалың көк ағаш таң алдындағы сәтте бей 
не 
лен-
ген. Бұрала аққан кең арналы өзен алыстағы тау-
ларға жетелейді. Пейзажда алдың ғы әрі ірі план-
дағы адамдар жоқ болса да, тіршілік лебі есіп тұ  -
рады. Өміріміздегі қабырғалы өзгерістер, индус-
трия 
лы аршынды қадамдарымыз суретші п 
олот-
нола рында ғы пейзаждың табиғи әрі қажетті бөлін-
бес бөл шегі не айналып отырады. Осындай сүбелі 
әрі күрделі өзгеріс 
тер Орал Таңсықбаевтың сыр-
шыл бояуларының гармония 
лық құдіретінен дара 
әрі шыншыл поэзияға айналып шы 
ға келген деп 
айтуымызға әбден болады.
Суретші пейзаждарында қарама-қарсы контрас-
тар көп кездеседі. Мәселен, таулар мен жазық 
алқаптар, құм 
дар мен сулар, таң атқан шақ пен 
кеш батқан кездер және т.б. Бұлардың қарама-
қарсылығы өзара бірін-бірі толықты 
рып тұратын 
живописьтік компоненттер. Ол өзінің пейзаж 
дық 
еңбектерінде бояулардың кажетті мөлшердегі өзін-

148
Сайлаубек Жұмабек
дік температурасын, ырғағын, үйлесім нақы 
шын 
бір қалып та ұстай біледі. Сондықтан да болу керек 
Орал Таңсықбаев пейзаждарыңда табиғаттың 
көрінісі сұлулық мейрамы на, әрине, өнер мейра мына 
айналып кеткен.
Ал,  «Қайраққұм гЭС­нің таңы» атты картинасы-
нан таң атып келе жатқан шақты, төбенің басынан 
жасан 
ды көлдің көрінісін көреміз. Индустрия-
лық құрылыс таби 
ғат көрінісімен жымдасып кет-
кен. Композицияның ортасын да бетонның көгілдір 
түсі, сонан соң әлі де манаурап жат қан ұйқыдағы 
теңіз, алыстағы таулар, плотина құры 
лысын 
дағы 
машиналардың қарауытып көрінуі бәрі-бәрі үлкен 
шеберлікпен салынған. Бұл пейзаждық еңбек – 
Букілодақтық және Брюсселъдегі халықаралық 
сурет көр мелерінің күміс медаліне ие болды.
«Алматыдағы қыс. Кеш батқан шақ» – атты карти-
насын да көгілдір бояулардың ызғары мен салқын-
дығының бір өзі неге тұрады!
Орал Таңсықбаев пейзаждарында өзгерген өңір 
бел 
гілері, сол өңірді өзгерткен белгілер: электро-
станция 
лар, электр линия жүйелері, мұнаралар 
және т.б. өнеркәсіп тынысын, тіршілігін көрсе тетін 
белгілер ылғи алыстан бейнеленеді. Суретші 
 
нің 
алғашқы кездегі салған пейзаждарында ка 
 
мера-
лық, фрагменттік бейнелеу ба сым бол са, ал кейін-
гі туындыларында панорамалы, әпикалық плав-
да бейнелеу мол. Сөйтіп, Орал пейзаждары мону-
ментальды характер алады. Сонымен бірге, лири -
калық әуенге, өмірге құштарлық, табиғат тірші-
лігі мен шырайына таңдана білушілік сияқты 
қасиеттер пейзаж 
дық туындылардың басты көркі 
болып, енді көрерменде 
рін таңданта білу сияқты 
биік дәрежеге көтерілді. Табиғат тың кең құлашын, 

149
тыныс-тіршілігін, көгілдір аспанын, бұлт басқан 
тауларын, гүл атқан көктемін немесе сарыа ла күзін 
жаратылыстың суреткер демінен айрықша әнер гия 
тапқан жұмбақ жарасымдарын жақұт сұлулығы-
мен бейнелеуде Орал Таңсықбаев әлемдік бейне-
леу өнерін де өзіндік орнын алған, өзіндік мектебін 
қалдырған үл кен суретші.
Орал Таңсықбаевтың әрбір пейзажы – нағыз 
живо  письтік поэма. Суреткер өзінің кемеліне келген, 
толыс  қан  пейзаждық  еңбектерінде  француз дың 
ұлы сурет шісі Камиль Короның эстетикалық прин-
ципін өз туын дыларында мықтап ұстанған. «Таби-
ғаттың болмысын барын 
ша қаз-қалпында беруге 
ұмтыла отырып, мен бір минут те ішкі жан әлемімді 
тебіренткен ғажайып сұлу лықты еш жоғалт пай мын. 
Көзден таса қылмаймын. Таби ғат болмысы – өнердің 
бір ғана бөлігі, оны суретші нің сезі мі толы қты рады» 
деген қадау пікірін Орал Таңсықбаев өз ең бек терінде 
іске асырған.
Суретші өз пейзаждарында Орта Азия табиғаты-
ның типтік белгілеріне тән акцентті молырақ 
салады. Орал картиналары реалистік терең дігімен, 
тұнық колорит байлығымен, лирикалық әуені-
мен көрермендерді өзге ше толғантады. Таби ғат пен 
бәсекеге түскен суреткер өзінің атақты пей 
 
заж-
дық еңбектерінде көбіне сол табиғат тың өзінен де 
басым түсіп отырады. Бұл, әрине, саң 
лақ сурет-
ші нің хас шеберлігінен. Сондықтан да болу ке рек, 
Орал Таңсықбаев пейзаждары ширақ компо 
зи-
циясы 
мен, жұтынып тұрған живописьтік ше 
шімі-
мен,  тұтастығы мен,  салиқалы  салмақты лығы мен, 
эпикалық тынысы мен өзгеше көзге түседі.
Таңсықбаевтың 
«Таудағы ауыл», «Көктем», 
«шатқал бойымен», «Мақта жинау», «шыршық 

150
Сайлаубек Жұмабек
алқабы», «Тойға», «Тауда», «өзбекстандағы наурыз», 
«Алтын тау», «шардара су қоймасы» және тағы басқа 
пейзаждары ширақ компо 
зициясымен, ұрым 
тал 
бояулар үйлесімімен, эпикалық тынысымен өзгеше 
көзге түседі.
Қылқалам шеберінің соңғы жылдарында 
салған се 
риялық туындыларының ішінде «Менің 
дастаным»  (1972 ж.) картинасының шоқтығы биік. 
Суретші өнерінің бү 
кіл түйіні, арман-мақсаттары-
ның кәсіби тұрғыдан ғажайып шыңына көтеріліп, 
тәжіне айналған бұл туынды ның лирикалық әуез-
әуені эпостық ауқымда ғаламат си 
пат алған. Бұл 
шығарманың осылай аталуында да терең мән 
бар. Өйткені, адам ғұмырының қысқа, өлшеулі 
болмысы 
на суретші шынайы өнердің мәңгілігін 
– көк ніл, бояулар дың шымқай сиқыры мен іңкәр 
сүйіспеншілігінің құ мар әуенін көлденең тартқан. 
Ғажайып табиғаттың ұдайы өзгеріп, жаңғы 
рып, 
түлеп, отыратын құдіретін-өзе гін Орал Тансықбаев 
осы еңбегіне мейлінше мол дарыт қан. Қалай десек 
те «Менің дастаным» – суретшінің жарты ғасырлық 
шығармашылық жолының қорытындысы әрі шыны 
іспетті кесек философиялық полотно. Сон 
дық 
тан 
болу керек, оның бүкіл ғұмыр бойы бейнелеу өне-
рін де гі ел сүйіспеншілігіне әрдайым бөленген туын-
дылары 
ның жемісті мәні мен мазмұнын жарқы-
рата ашатын, сан алуан байытатын, өркеш-өркеш 
жоталандыра түсетін соң 
ғы аққу әніне айналған 
классикалық сом шығарма.
Суретші Орал Таңсықбаев өзінің басты пейзаж-
дық еңбектерін – ән болып қалған өнерін хал қына 
қалды ра білген құдіретті дарындар шоғырынан орын 
алатын зор тұлға, ұлы суреткер.
Әлемдік бейнелеу өнерінің алтын қорына 
қосылған Орал Таңсықбаев пейзаждары Москва 

151
мен Вашингтонда, Пра га мен Токиода, Париж бен 
Брюссельде әралуан көр  ме лерге қойылып, әртүрлі 
елдер көрермендерінің ілти патына, сүйіспенші лігіне 
бөленген жемісті туындылар.
Кешегі кеңестік дәуірде қылқалам шеберлері 
не 
аса си рек берілетін-бұйыратын күллі атақ-даңқ тар-
дың бар     шасына ие болған ұлы суретшінің мол мұ-
расы – Таш кентте, Мәскеуде, Алматыда, Нөкісте өзі 
тұрған, ең бек еткен мемориалдық музейде сақта лып 
отыр. Оның үстіне кезінде СССР Халық сурет шісі, 
СССР Көркемсурет академиясының толық мүшесі, 
екі халықтың төл перзен ті Орал Таңсықбаев тың ән 
болып қалған өнерінің ете не таныс, сыршыл әуені, 
ойлы бояулары әралуан көрмелер де қанат қағып, тау 
мен дала дастанын шырқап тұр са, көрермен дерге, 
ұрпақтарға бұдан артық қандай сый ке рек.
Наурыз, 2006 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет