Ж 81 Сайлаубек Жұмабек, 2014



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,52 Mb.
#2334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

32
Сайлаубек Жұмабек
Дегенмен, арқауы – Желтоқсан оқиғасы болған 
осынау үш кітапта баяндалатын жәйттердің төрт-
күл дүниені – он сегіз мың ғаламды дүр сілкін діргені 
тарихи әділеттің, жариялылықтың, демократия ның 
кемдігінен еді. 
Оның үстіне арқауы – Желтоқсан оқиғасы бол-
ған осынау, үш кітапта баяндалатын жәйттердің 
төрткүл дүниені – он сегіз мың ғаламды дүр сілкін-
дірген белгі 
лі ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар 
Шаха новтың сөзі мен айтсақ, «төрт жыл кешік кен 
шындық» еді. Бұған қоса рымыз, әрине, төрт жыл 
кешіккен әділет еді. 
Сонымен, 17 желтоқсан – Қазақстан Республи-
касы 
ның Демократиялық жаңару күні деп белгі-
ленді. Тәуел сіз еліміздің тұңғыш Президенті Нұр-
сұлтан Назарбаев тың Жарлығы 1990 жылы шықты. 
Біз бұл тарихи күнді со дан бері атап келеміз. Ал 
биыл Желтоқсан оқиғасының же ті жылдығына орай 
төртінші рет атап өтеміз. 
Сонымен, бұл күні қайталап айтамыз, түптің 
түбін де Тарихи Шындық пен Тарихи Әділет бәрібір 
жең ді. Оқшантайдан шыққан адамның – Колбин-
ның ойранын оқпан жұтқанмен, ол біздің ой-сана-
мызда, жан-дүниеміз 
де Қасірет күйінде, Тарихи 
Қасірет күйінде қалып қой ды. 1986 жылы Желтоқсан 
оқиғасында, яғни бұдан жүз жыл бұрын Америка-
ның Тәуелсіздік Декларациясының ав 
торы, көр-
некті мемлекет қайраткері Томас Джефферсон ның: 
«Что справедливость – это фундаментальный за кон 
общества» – деген қанатты да дана сөздері көпке-
көрнеу аяқ асты болып тапталған еді. Ал Президент 
Жарлы ғы осынау ұлағатты пікірлердің мән-мазмұ-
нын Қазақ с тан Республикасында қайтадан қалпы на 
келтіруді жолға қою үшін алғашқы негіз болды. 

33
Сонымен, бұл күні қайталап айтамыз, қалың 
көпші ліктің тілегі мен аңсарын, тағзымы мен тала-
бын қанағат тандырылған тарихи Жарлық осылай ша 
туған еді. 
Сонымен, бұл күні Тарихи Шындық пен Тарихи 
Әділеттің жеңгенін Президент Жарлығы ресми 
түрде дәлелдесе, ақын Мұхтар Шаханов өлеңі 
көркем түр де дәлелдеп шықты. Жарлық пен өлең 
де арқауы – Желтоқсан оқиғасы болған осынау үш 
кітап 
тың бірін 
 
ші және үшінші томдарынан орын 
алған Республика ның демократиялық жаңару күнін-
де оқылған өлең ең алды 
мен «Алматы ақшамы» 
газетінде жарияланған бола тын. Қайтадан бір оқып 
көрейікші: 
Төрт жыл кешіккен шындық немесе бұрынғы 
Брежнев, қазіргі Республика алаңында оқылған өлең. 
– Қазіргі ашылғалы отырған ескерткіш тақта бү-
кіл қазақ халқының, қала берді, республика мызда 
мекен 
дейтін барлық ұлттардың рухани жеңісі. 
Бұл тақта – ауызынан ана сүті кеппей жатып, 
шашынан сүйреті 
ліп сабалған, жазықсыз жалаға 
ұрынған бүлдіршін қыз 
дың көз жасына қойыл-
ған ескерткіш. Бұл тақта – әлемде әлі зорлық бар 
деп ұғынып үлгермеген қаншама жас жігіт тер мен 
қыздардың әділетсіздікпен бетпе-бет ұшырас 
қан 
қайғылы шағының ескерткіші. Бұл тақта – негіз сіз 
күдікке, кудалауға ұшыраған немесе ұл-қызын күтіп, 
түрменің тас есігінен сығалаған қанша аналары мыз 
бен әкелеріміздің төзіміне қойылған ескерткіш. Бұл 
шақтар 
да «елді сол кездегідей солақай басқаруға 
болмайды, ұлт 
тың арысын, халықтың намысын 
аяққа басуға болмай ды, бұлақты көлге, әскерді елге 
қарсы қоюға болмай ды, өйткені әділет жеңбей, шын-
дық жеңбей қоймайды!» – деген леп бар. 

34
Сайлаубек Жұмабек
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның, 
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, 
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің, 
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның, 
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың. 
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың ұланым,
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша, 
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым, 
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған, 
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан 
Жасып қалған шақтарымда жігер алдым бойыма, 
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар дауысыңнан. 
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең...
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен 
Оқ бойы озып тұрыпсың­ау сол аумалы кезеңде­ақ 
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен. 
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, 
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! – 
Ақын өлеңіндегі асқақ рухтың арғы астарын да 
жат қан қаншама жала мен зәбірдің, қорлау мен қасі-
рет тің, сорлату мен зарлатудың, жаралау мен жаза-
лау дың, зор лау мен зомбылықтың қаралау мен құса-
лан 
дырудың, запыран мен қан құстырудың небір 
зардаптарын көз алдымыз ға толық елесте те міз. 
Солардың нақты деректеріне Мұхтар Шаханов 
пен Нинель Фокинаның, Бейбіт Исабаев пен 

35
Төрехан Дания 
ровтың, Армиял Тасымбеков пен 
Ділдар Мамырбаеваның, Коммунар Табаев пен 
Юрий Шапоровтың және тағы бас қалардың әрқилы 
материал дарынан оқиғаға қаты сушылардың қилы-
қилы тағдырларына мейлінше қаныға түсеміз. 
Әсіресе, көрнекті қазақ ақыны Жұбан Молда-
ғалиев 
 
тің 1986 ж. 31 желтоқсанда Жазушылар 
одағында сөйле 
ген сөзінен және қазақ халқының 
ұлы перзенті Дінмұхамед Қонаевтың 1986ж «Өзім 
және өзгелер жөнінде. Қазақ 
қа қарсы қаскөй 
лік» 
атты естелігінен, Владислав Янелис пен Жарыл-
қап Бейсенбайұлының мақалалары нан Желтоқсан 
оқиғасында тоталитарлық билік 
тің, билік басын-
дағы жандардың қаншалықты жиіркеніш ті әрекет-
терін, ұраншылдығын, екіжүзділігін, мансап үшін 
құрбандықтың қай түріне барса да, жүзі жанбай 
бара 
тын әрекеттеріне мол-мол деректер табамыз. 
Колбин нің қарқ қыламын дегеніне алданғандар дың, 
жұмыртқа 
дан жүн қырыққандай болып, тапқан 
тапқырлықтары на  сенгендердің  опасыздықта рыңа 
да әлденеше рет куә боламыз. 
Асылы, Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы-
ның тарихи сабағы мен тағлымы мол. Құрастыру-
шы лар мен жауапты шығарушылар алдарына қой-
ған күрде 
лі де биік міндеттерін абыройлы ат 
қар-
ған.  Бұл  жай  ға на  құрастырыла  салынған  қатар   да  ғы 
жинақ емес. Дегенмен, арқауы – ортақ үш кі тап   ты 
әлі де жалғастыра түс кен дұрыс. Осы Желтоқсан 
оқиғасына байланысты алдын ала байбаламмен 
айтылған, алдын ала қаралауды жоспарла 
ған бір-
талай материалдардың «қара кітабын» түпнұсқа-
сы мен аудармасы қатар берілген жинақты да қолға 
ал 
ған, жарыққа шығарған жөн. Бұл – біз үшін, 
тарихымыз үшін қажет. 

36
Сайлаубек Жұмабек
Жақсы кітап – Жан азығы
 
Француздың белгілі жазушысы Андре Моруа 
есімі таныс тыруды тілемейді. оның «прометей не­
месе Баль зактың өмірі», «олимпо немесе Викор гюго­
ның өмірі», «Жорж Санд», «Сэр Александр Флемиг­
тің өмірі» роман­биог рафиялары сондай­ақ, «әдеби 
портрет  тер» атты эс селер жинағы мен көптеген тарихи 
очерк тері совет оқыр мандарына көптен белгілі. Біз 
газеті міз дің бүгінгі санын да Андре Моруаның кезін де 
ЮнеСКо­ның арнайы тапсыр масы бойынша жазыл­
ған «Кітапхана» атты очеркіне ене тін «Жақсы кітап 
– жан азығы» деген үзіндісін орысша дан ықшамдап 
жариялап отырмыз. 
Біз қазіргі цивилизация деп, түптеп келгенде, сан 
ұр пақтардың не ықылым замандардан бері бойына 
мыс 
қалдап жинап, батпандап дарытып келген 
ырысқа толы құт-қайнар білімі мен жадында мәңгі 
өшірмей сақта ған естеліктерінің тума көзін айта мыз. 
Адам баласы тек бір шарттың үдесінен шық қанда 
ғана, яғни өзіне дейінгі өмір кешкен ұрпақтар дың 
ізгі ойларымен, арман-қиялымен терең танысқан-
нан соң барып, осынау адам зат цивилизациясы ның 
қатардағы, лайықты азама ты бола алады. Бұған қоса 
мәдениетті адам бола білудің де бірден бір ама лы, 
қасқа жолы – ол кітап оқу, оқығаның ды зердеңе 
тоқи түсу. 
Кітап оқу ләззатын еш нәрсе алмастыра ал май-
ды. Лекциялар да, картиналар да бұл орайда кітап 

37
оқумен бақ 
 
таласа алмайды. Суреттер белгілі бір 
текстің иллюст 
рациясы ретінде құнды: фильм 
кадрлары айнала-айна 
ла көз алдыңда сөнсе, енді 
ауыздан шыққан сөз естіл ген заматтан соң-ақ өшіп 
қалады. Ал кітап болса, ғұмыр бойы сенің жансерігің 
ретінде мәңгі қала береді. Атақ 
ты Монтень өзіне 
аса зәру үш затты атағанда, солар 
дың қатарын 
да 
махаббатты, достықты және кітап оқу 
дың ләзза-
тын ғана айтқан. Бірақ та солардың өзара үнде-
сіп, бірін-бірі толықтырып жатқан қаншама ортақ 
бел 
гілері бар. Кітапқа, кітап оқуға шексіз құмар 
болуға болады – өйткені олар шынайы, шын мә-
нінде адал достар. Тіп 
ті, мен кейде сол кітаптар-
дың өзі солардың авторлары 
нан – иелерінен де 
ақылды болып келетіндігін ай 
тар едім. Жазушы 
өз шығармасына қашан да ойдағы бар асылын, жан 
сырын сіңіреді емес пе!? Ал оның ауыз ша сөзі қанша 
ғажайып тапқырлықпен айтылғаны 
мен, әйтеуір, 
ең соңында, түптің түбінде, ұмытылады ғой. Бұл 
орай да кітаппен достасуға, оған іңкәрлікпен табы на 
қарауға, сырласуға келгенде, адамдардың мүмкін  ді гі 
мәңгілік-ақ. Оның үстіне осындай ғажайып дос тық-
ты төрткүл әлемнің сенен өзге миллиондаған оқыр-
ман да ры да бір-біріне жомарттық көрсетіп, әсте қыз-
ған бай ды, көз алартпайды. Бальзак, Диккенс, Тол-
стой, Серван тес, Гете, Данте, Мелвиллдер екі дүниеде 
жақындаспай ды, жуыспайды деген адамдардың өзін 
көзге көрінбей тін, сиқырлы жіптермен оларды әп-
сәтте-ақ табыстырып, туыстырып жібереді. Мен өзім 
барлап қарасам, бұрын өңім түгіл түсімде көр меген 
жапондармен, орыстар мен, американдықтармен дос 
екенмін. Әрі бәріміздің ор тақ достарымыз бар екен. 
Ол достарымыз – «Соғыс және бейбітшіліктегі» – 

38
Сайлаубек Жұмабек
Наташа, «Парм тұрғынындағы» – Фабрицио, «Дэвид 
Копперфильдегі» – Микоберлер екен. 
Бір ғажабы жақсы кітапқа шекара да, шектелу 
де жат. Мәселен өзгелерді былай қойғанда, кез-
келген адам ның өзін-өзі шынайы түсінуіне, тануына 
келгенде, же 
ке басының тәлім-тәжірибесі қашан 
да жеткіліксіз. Он екі мүшең – тәнің үшін тауда 
тыныстаудың, сергіп бой жазу 
дың қаншалықты 
шипасы, ықпалы, мол болса, ұлы шығармаларды 
оқуға жұмсаған кешкі уақытың ның адамның жан-
дүниесіне берер жомарт сыйы да дәл сондай. Етекке 
түскен адамның өкпесі, жұлын-жүйке сі тау ауасының 
сүзгісінен өткендей тазарып, жаса рып шығады да, ол 
күнделікті тіршіліктің қарбаласқан жаңа да тосын 
қиындықтарына кеудесін кере, көріп алдым се нің 
құқайыңды дегендей батыл, еркін адымдайды. 
Сонау өткен дәуірлер мен әлеуметтік топтар дың 
ты ныс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына терең бойлап жақсы 
түсіну кейінгілер үшін әрқашан қиындық келтіре  тін 
қиямет-қайымы мол шаруа. Солай бола тұра оның 
нулы жынысынан адамды адастырмай, қателестір-
мей алып өтетін тек кітаптар болады. Мәселен, мен 
үшін Гарсиа Лорканың пьесалары Испания тауларына 
турис тік сапармен он рет барғаннан мол сыр шертеді. 
Толстой мен Чехов қаламының құдіреті көрсеткен өз 
халқы ның жан дүниесі бойындағы небір таңғажайып 
сипат 
тары оқырмандар қауымы алдында күдік, 
дүдәмал тудырмай тын ақиқаттар болып мәңгі қала 
береді. Сен-Симон ның мемуарлары өз заманы ның 
Франциясын көз алдымыз 
ға қаз қалпында нақты 
елестетсе, ал Натаниель Готорн мен Марк Твен 
көзден әлдеқашан ғажайып болған Америка да ғұмыр 
бойы тұруға, тіршілік етуге мәжбүр етеді. Кітап тың 
сиқыры да, құдіреті де осынысында. 

39
Заманы, дәуірі, географиялық орны жөнінен бір-
бірі нен қаншалықты алшақ елдердің, адамдардың, 
дүнилер 
дің кітапты парақтап оқып отырғанда, 
олардың сонша 
лық 
ты ұқсастықтарын көргенде, 
ең алдымен кітап құді 
ре 
ті 
не мақтаныш, сүйсіну, 
таңданудың ұлғайып, содан кі 
тап оқудан алған 
ләззатың артқан үстіне арта түседі. Бір 
де мен 
американ студенттеріне Марсель Пруст творчест-
восы туралы баяндағанымда, Каезас фермерлерінің 
ұл-қызда 
ры француз жазушысы кейіпкерлерінің 
бойынан өздерін-өздері көргендей, танығандай 
болды. Өйткені адамдар 
дың тебіреніс-толғаныс 
сезімдерінде айырмашылықтар 
дан гөрі түбегейлі 
ортақтық басым екендігін мәлім кім 
нің айтқаны 
есімде жоқ, әйтеуір «жер бетінде бір-ақ ха лық бар, 
ол – адамзат баласы» – деген біреудің пікірінің 
жа ны бар. Тіпті, ұлы адамдардың өзі біздерден тек 
дарын ірі 
лігі арқылы ғана ерекшеленеді. Әйтпесе 
олар да біз сияқ ты ет пен сүйектен жаралған пен-
делер ғой. Сондық тан болу керек, біздердің бәрімізді 
атақты, әйгілі адам 
 
дар өмірбаянының қатты 
қызықтыратыны. 
Сонымен біздер кітаптардан өзімізден гөрі өзге-
лер дің өмірін, тыныс-тіршілігін терең түсінудің жол-
да 
рын қарастырамыз. Алайда, кітап оқу үсті 
н 
 
дегі 
алар не   бір қуа ныштың, ләззаттың бірден-бір себебі 
осы екен деуге бол майды. Жақсы кітаптар адамдар-
ды өздеріне дейінгі бұ рын ғы қалпында қалдыр май-
ды, қайта керісінше қолы на түс кен жақсы кітапты 
оқыған адам бұрынғысынан да жақса ра түседі. 
«Кітап оқи алатын әрбір адам – өзінен-өзі асатын, 
биіктейтін, өз ғұмырын ұзартатын, тіршілік-тынысы-
на мән-мазмұн, сұлулық дарытатын тамаша қабілет-

40
Сайлаубек Жұмабек
ке ие болады» деген Олдос Хаксли. Барынша дәл де 
тапқыр айтылған пікір. 
Бұқаралық насихаттың радио, телевидение, 
кино сияқ ты ұшқыр құралдары барған сайын кең 
етек алып, дәуір 
леп тұрған қазіргі заманда адам-
дарды өнердің, әде 
биеттің сиқырлы құдіретіне 
икем 
деу, ұмтылдыру, ықпал ету жолдары сонша-
лықты нәтижелі болады. Бірақ жоға 
рыдағылар-
дың ешқайсысы да адамдарға рухани әсер ету дің 
тереңдігі мен ғұмырлылығы жөнінен жақсы кітап -
тың құдіретімен әсте салыстыруға болмайды. 
Аударған Сайлаубек Жұмабеков,
1980 жыл, желтоқсан.

41
титанДарДы тұмар тұтқан...
(Эссе)
әділ Якубов – қазіргі өзбек әдебиетінің көрнекті 
жазу шыларының бірінен саналады. оның қаламынан 
со 
 
нау 1950 жылдардың басынан бері күні бүгінге 
дейін әр 
алуан тақырыптағы әрқилы прозалық 
туындылар дүниеге кел 
ген және бұл дүниелердің 
көпшілігі өзбек оқырманда ры на кеңінен таныс. оның 
көркем шығармашылық жолын дағы жемісті еңбек­
терінің тууында журналистика 
ның рөлі айрықша 
болған. өйткені, автор «литератур 
ная газетаның» 
өзбекстандағы меншікті тілшісі болып қыз 
мет 
атқарған жылдары республиканың түкпір­түк пірін 
көп шарлаған, өмір мен тіршілікті, ел тарихы мен 
замандас 
тар тынысын көп зерттеген. Сондықтан 
шығар оның қала мынан: «Азамат болу оңай емес», 
«Ар», «Ұлықбектің қазы 
насы» атты романдар; 
«Құрдастар», «Алтын сақина» «Құс қанатымен тірі» 
атты повестер; «Қос махаббат», «Тау қызы», «Көктем 
күні» атты әңгімелер және бұдан басқа да бірта лай 
прозалық туындылар туған. 
Жазушының көптеген туындылары өзге де тіл­
дерге  ауда рылған.
әділ Якубов – өзбекстанның халық жазу 
шы­
сы, Рес 
публикалық Хамза атындағы мемлекеттік 
сыйлықтың  лау реаты.

42
Сайлаубек Жұмабек
ертең астанамыз Алматыда өзбекстан Республи­
касы 
ның Қазақстандағы күндері Республика 
Сарайында салта  натты түрде ашылады. Біздің бүгін 
оқырмандар наза 
 
рына өзбектің көрнекті жазу­
шысы әділ Якубовтың «Ас пан асты, жер бетіндегі 
әлемде...» атты тарихи романы тура лы газетіміз дің 
әдеби шолушысы, сыншы Сайлау 
бек Жұмабектің 
«Титандарды тұмар тұтқан...» атты шағын ой­
толғанысын ұсынып отырмыз. 
Қазіргі өзбек прозасының көрнекті өкілі Әділ 
Якубов, шын мәнінде, бүкіл адамзат тарихындағы 
ұлы ғалымдар 
ды –  бүкіл адамзат ғылымындағы 
танымдық құбылыс тарың бірегей әрі қайталанбас 
титан тіректерін тұ 
мар тұтқан суреткерлердің 
санатына жатады. Оған оның 1970-1980 жылдар 
бедерінде жарық көріп, оқырман дар жүрегіне жол 
тауып, жоғары бағаланған тарихи роман 
дарын 
дәлелге келтірер едік. Мәселен, жазушының «Ұлық-
бектің қазынасы» романы 1974 жылы шықса, ал 
«Аспан асты, жер бетіндегі әлемде...» романы 1982 
жылы шыққан. Екі тарихи романның алғашқысы – 
ұлы ғалым, мемлекет қайраткері Ұлықбек өмірінің 
соңғы күнде 
рін суреттеуге арналса, екіншісі ұлы 
ғалымдар Әбу Райхан Бируни мен Әбу Әли Ибн 
Синаның өмір өткелдері нің белгілі бір кезеңдерін 
бейнелеуге- көрсетуге құрыл 
ған. Ал, осынау үш 
ұлы тұлғаның бүкіл адамзат тарихында 
ғы алар 
орны өте-мөте биік, мейлінше асқақ екені ешқан дай 
күмән-шүбә тудырмайтыны кім-кімге болсын кәміл 
аян. Қайта керісінше, бүкіл адамзат ғылымын дағы 
таным дық құбылыстардың бірегей әрі қайталан бас 
тіректе рін – Ұлықбек, Бируни, Ибн Сина сияқты 
үш ұлы тұлға 
ға мейлінше сүйсінетін жандар 
дың 
қатарын көбейтудің өзі бір ғанибет емес пе?! 
Сондықтан шығар, Ұлықбек, Бируни, Ибн Сина 
Адам заттық Ғұламалар, Адамзаттық Даныш пандар 

43
туралы біз дердің ұғымымызға тың ұғым, біз дердің 
танымымыз 
ға тың таным, біздердің ғажайып 
мақтанышымызға уыз мақтаныш мәйектерін, біз-
дердің шексіз таңдауымыз 
ға сарқылмас сүйіспен-
шілік пен таусылмас таңданыс 
тың таңғажайып 
алтын тамырларын тереңдете түскен көше лі жазу-
шыны, яғни Әділ Якубовты, әлбетте, Титандар 
ды 
Тірек тұтқан, Рухани Пір тұтқан, Мәңгілік Тұмар 
тұт қан сарабдал суреткер демесек, шараң жоқ қой! 
Бәлкім, Әділ Якубовтың сирек бір бақыты – 
сурет керлік сырбаз бақыты да осынысында шығар, 
осынау тарихи романдардың өзіндік көркем 
дік 
қуатымен әлем дік шығар. Адамның бір қызығы мен 
бір жұмбағы ның сиқырын кім біліп болған де сеңіз-
ші! Түйсігің тірек тау 
ып жатса, пайымың түйсік 
тауып жатса, өзара қабысып, өз ара тұтасып жатса, 
оқырманның бірі ретінде ең алдымен өзің қуанасың, 
ал автордың қуанышы үндесіп, дөп түсіп жат  са және 
құба-құп. Енді осы орайда, Әділ Якубовтың «Ас пан 
асты, жер бетіндегі әлемде...» атты романы төңі регін-
дегі азын-аулақ ой-пікірімізді өрбітіп көрейік. 
«Аспан асты, жер бетіндегі әлемде...» атты роман 
өзінің табиғаты жөнінен лирикалық-филосо 
фия-
лық та рихи роман болып табылады. Бұған жазу шы-
ның тари хи оқиғалар желісі мен тарих шын ды ғын 
жеткізуде 
гі тіл мен ой кестесінің тығыз бір 
лікте, 
байсалды түр 
де баппен баяндалатын бол 
мы 
сы-
нан зайыр аңғарыла 
ды. Бұған романдағы оқиға-
лар желісі мен тарихи деректер дің де шегініс, иә 
болмаса, үстеме толықтыру сипатын да әдемі өрбіп, 
күмәнсіз қиюласып бірыңғай, әрі біртұ 
тас жүйе 
тауып, оқырмандарды қызықтырып, әрі жете леп, әрі 
жұмбақтай қойып, біршама мерзімнен соң шешуін 
беретін басалқалы баяндау мәнерін мейлінше атап 
ай тар едік. Қаламгерлік шеберліктің өзіндік мақам, 
өзін 
дік нақыштары да осынау басалқалы баян-

44
Сайлаубек Жұмабек
дау мәнерінен андыздап көрініп жатады. Асылы, 
суреткерлік сырбаз дық, стильдік, даралық деге німіз 
де осы тараптан мейлін ше шыншыл, мейлінше нық, 
мейлінше асқақ көрінетіні де романның лири калық-
философиялық табиғатынан бол са керек. 
Жазушы Әділ Якубов осы романның бесінші 
тарауын да, автордан деп берілген қосымшасында: 
«Воспомина 
ния Абу Убайда Джузджани, верного 
ученика Ибн Сины, являются для нас бесцен ным 
документом. К сожалению, полностью эти бесцен-
ные документы до сих пор не най дены...
Когда я, спустя много лет, приступил к напи санию 
это го романа, то с удивлением обнаружил, что моя 
память как-что из услышанного в юности сохранила. 
Да, память – хрупка, полностью доверять ей 
нельзя. И все, понимая, что лучше поздно, чем никогда, 
я попытал 
ся как бы восстановить воспоминания 
Абу Убайда ал Дузджани и воздать к тому же дань 
памяти своему ста 
рику учителю из кишлака, где 
прошла моя юность» – дейді. Бұл үзіндіні қысқаша 
ғана алып отырмыз. Жалпы жобасы на келсек, 1950 
жылдары Ибн Синаның еңбектері не көңіл аударыла 
бастайды. Роман авторы Әділ Якубов бұл жылдары 
университеттің екінші курс студенті. Өзі туып өскен 
қыстақтағы ұстазы болашақ романның авторы на Абу 
Убайда Джузджанидың естеліктерін араб тілінде 
оқып, сөзбе-сөз аударып береді. Мұның өзі бірнеше 
күн ге созылады. Алғашқыда селсоқтау болған Әділ 
Якубов енді қолжазба кітапты Ташкентке жеткізейік 
деп өтінеді. Ал қыстақтағы ұстазы болса бұған мүлдем 
қарсы. Дені сау болса, ғұмыры мүмкіндік берсе өзі 
ғана аудармақ 
шы, кітапты өзі ғана жеткізбекші 
болады. Бірақ, амал не, ол кісі – ұстазы көп ұзамай 
көз жұмады. Әділ Якубов каникулға келген сайын сол 
баяғы қожазба кітапқа сұрау-іздеу салумен болады. 
Амал не, сирек кітап ұшты-күйлі жоқ болып шы ғады. 

45
Басы мен соңғы кездестірілген жоғарыдағы үзін-
ді нің жалпы нобайы, орта тұсы осы. Жазушы Әділ 
Якубов бұл қосымшаны автордан деп романға бекер 
кіргізіп отыр ған жоқ. 
Біріншіден, Әділ Якубов Ибн Синаның шәкірті Абу 
Убайда Джузджанидың естелігімен толық таныс. Бұл 
ес телік күйінде орыс тілінде 1952 жылы «Ого  нек» 
(№33),  1977  жылы  «Здравоохранение  Таджи кис   та-
на» №3, 1980 жылы «Наука» баспасынан шыққан Ибн 
Синаның  «Таңдама лы  философиялық  шығар ма лар» 
атты кітабында жарық көрген. 
Екіншіден, мұсылмандық жыл санау кестесі 
бойын ша Ибн Синаның туғанына 1000 жыл толуы 
1952 жылы ЮНЕСКО бойынша аталып, Ирандағы 
Хамадан қала сындағы мавзолейі жаңадан салынған 
еді. Осы тойға бай ланысты Ибн Синаның ғылыми 
мұрасы жан-жақ ты айналымға түседі. 
Ибн Синаның туғанына 1000 жыл толуы кешегі 
кеңес тік дәуірде 1980 жылы кеңінен аталынып өт-
кені мәлім. 
Автор бұл романын 1977-1982 жылдары жазған. 
«Аспан асты, жер бетіндегі әлемде...» романының 
жазылуы мерзі 
мі мен қыстақтағы ұстаздың Ибн 
Синаға назар аудары ла бастаған тұстың ара сында 
бақандай ширек ғасыр дай уақыт жатыр. 
Үшіншіден автор ел аузындағы аңыздардан, дана-
лықтардан, әралуан сарындардан Ибн Синаға не 
теліне тін, не тікелей қатысты делінетін сан қилы 
жәйттерден ең керектісін, ең маңыздысын, ең 
мәндісін мейлінше сұрып тап ала білген. Сондықтан 
шығар, философиялық астары терең мысалдардың, 
қанатты сөйлемдердің, қарапайым тәмсілдердің, 
өлең жолдарының роман арқауында 
ғы өміршең-
дігі мейлінше қуатты, суға батпайтын, жел ге ұш-
пайтын, шаң баспайтын, жаратылысынан ғажайып 
сиқыр табиғатын сақтап қалатын құдіреті айрық-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет