Тілші: Халықтар туысқандығы – әдебиеттер
туыс қандығы. Осы орайда, эстон – қазақ әдебиеті-
нің байла ны сы жөнінде не айтар едіңіз?
59
Жазушы: Салыстырып қарайық, өйткені, салыс-
тыру, таразылау қай салада болсын, не нәрсеге
болсын әр уа қыт та сын көзбен қарауға, әділ төре-
лікке жүгінуге көп мүмкіндік береді. Мәселен,
бұдан елу жыл бұрын эстон дар үшін қазақ халқы,
қазақ жері мүлдем беймәлім бола
тын. Эстонияда
Совет өкіметінің қайта орнауына байланыс ты (1940
жыл) қазақ халқы, қазақ жері деген ұғымдар жа-
ңа мазмұн, жаңа әуен, жаңа сапаға ие болды. Эстон
тіліне аударылған қазақ әдебиеті шығармалары-
ның қарлыға шы – ұлы ақын Жамбылдың өлеңдері.
Эстондар қа зақ халқын, қазақ жерін, қазақ өмірін
ең алғаш рет Жамбыл жырлары арқылы білді. Төл
басы таныстықтың тізгі нін бізге мықтап ұстатқан
әлемдік әдебиет классиктері нің бірі – ұлы Мұхтар
Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы бол ды. Мына бір
фактіге назар аудара кетейін. Мәселен, 1950-1960
жылдар аралығында Эстонда ең көп оқылатын жә-
не халқымыздың ең зор сүйіспеншілігіне бөлеген
осы «Абай жолы» романы еді. Эстон халқы
ның
ұлы драматургі Ав
густ Якобсон кезінде көрнекті
суреткер Ғабит Мүсірепов тің «Қозы Көрпеш – Баян
сұлу» трагедиясын аудар
ған. Бұл шығарма эстон
сахнасында көп жылдар бойын да «Махаббат туралы
дастан» деген атпен табысты жүрді.
Эстон – қазақ әдебиетінің байланысы, әсіресе,
1970-1980 жылдар аралығында күшейе түсті. Бұл
кезеңде эс тон оқырмандары көрнекті қазақ жазу-
шылар Сәбит Мұқа
новтың, Ғабит Мүсіреповтің,
Әбу Сәрсенбаевтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің кеңі-
нен танымал шығар
ма
ларымен, сондай-ақ, Әбіш
Кекілбаев, Олжас Сүлейменов туындыларымен және
биыл жарық көрген «Қазіргі қа зақ әңгімелері» атты
жинаққа енген авторлар коллективі
мен танысып
отыр. Республикамыздың театрларында Шың
ғыс
60
Сайлаубек Жұмабек
Айтматов пен Қалтай Мұхамеджановтың «Көктөбе-
дегі кездесу» атты драмасы да үлкен табыспен жү ріп
жатыр.
Соңғы кезде бізде қазақ ақын-жазушыла
ры-
ның жыл сайын, кем дегенде екі-үш кітабы шы ғуда.
Аударма мәсе лесінің қиындығы мен сапасын әлі де
ескерер болсақ, ал дағы уақытта атқаратын шаруалар
қыруар.
Тілші: Эстон әдеби сыны мен шығармашылық жас-
тар жөнінде бір-екі ауыз айтсаңыз.
Жазушы: Әдеби сынды қабылдау әртүрлі дей
тұр
сақ та, біздің ақын-жазушыларымыз тырнақ
астынан кір іздемейді немесе аяғы жететін жердің
бәріне тектен-текке шағымданып, тулап-мөңкіп
жататынын, сыншылар тура
лы қисынсыз пікір-
лер туындатып, соны қалыптастыру ға тыраштанып
жатқандығын кездестіру қиын. Тұтас
тай алғанда
эстон ақын-жазушыларының әдеби сын ды қабылдау
мәдениетіне мін таға алмайсыз. Сіздер
де қандай
деп сұрау қоюыма әбден болады ғой. Айтпақ шы, сіз
сұрап отырған соң, менікі не жорық? Дегенмен қа-
зақ әдеби сыны жөнінде кейін пікірлесе жатар мыз,
келіс тік пе? (Мұны айтқанда жазушы сәл жымиып
қойды). Әде
би сынның қаламгерлерге, шығарма-
ларға қояр талғам-тала бы жоғары. Біздің сыншы лар-
дың туындыларды тануы, әдеби-көркемдік тұрғы дан
талдаулары көбіне әділ, көбі не табыл, көбіне көкейге
қонымды келеді. Бұл әсіресе, жас сыншылардың
мақалаларында жиірек бой көрсетеді. Эс тон әдеби
сынының осындай талассыз жетістіктерімен қа тар
кейбір кемшіліктері де бар. Мәселен, көркем шы-
ғар ма ның әлеуметтік болмысын, түп-тамырын әрі
терең, әрі нақ ты қабыстыра талдау біздің сыншылар
назарынан тыс қа лып келеді. Эстон сыншыларының
көркемдік компо ненттер ді талдау шеберлігіне осы
сипаттар қосылып жат са нұр үстіне нұр болар еді.
61
Творчестволық жастар туралы айтар болсақ, мен
әсі ресе, Мати Унт пен Матс Траатты бөліп айтар едім.
Бұлар дың көркемдік ізденістері, шығармаларын дағы
өзін дік табыстары мені қатты сүйсіндіреді.
Тілші: Көп ұлтты совет әдебиетінің қазіргі ке зең-
де гі негізгі және басты ерекшеліктерін эстон әде бие-
ті нің сипаттары бойынша айтсаңыз.
Жазушы: Соңғы кезеңдегі көп ұлтты совет әде бие-
ті нің негізгі және басты ерекшелігі дегенде, қазір-
гі заман тақырыбына түбегейлі бет бұруын айтар
едім. Бұдан біраз жылдар бұрын әскери және тари-
хи тақырыптарда
ғы туындылар басымдау тү
сіп
жатса, қазіргі жағ дай олай емес. Ең негізгісі және
ең мәндісі – социалистік қоғамы мыздың ке мел ден-
ген сипаттарын еңбек адамдарын қара
пайым қа-
һар мандар тұлғасы арқылы жан-жақты терең ашып
көрсету. Бұған Шыңғыс Айтматовтың, Олесь Гон
-
чарьдың, Федор Абрамовтың, Даниил Гранин нің жә-
не тағы басқалардың көптеген жаңа шығар ма лары
ай ғақ. Совет әдебиетінің партиямыздың ше шім дері
мен талаптарына лайықты жауап беруіне нақты
бағыт ұс тап отырғандығын осыдан-ақ көреміз. Эстон
әдебиетін де осынау арнадан табылып отыр ғанды-
ғын жоғарыда ай тып кеттім ғой деймін.
Тілші: Пауль Августович, біздің республика мыз
жө ніндегі алғашқы әсерлеріңіз қандай?
Жазушы: Тобықтай түйіп айтсам: «Ғажайып!
Ғаламат! Керемет!» Әрине, мен Қазақстан туралы
бұрын да та лай оқығанмын, талай естігенмін. Бірақ,
өз көзіңмен көрген ге не жетсін! Территориясын 9
Болгария сыйып кететін дей шалқар респуб ли каның
қазіргі кескін-келбеті жөнін дегі жалпы лама ұғым-
түсініктерім бүгін шын мәнінде нақты, шынайы
сезімдер фактісіне айналып отыр. Аста налары ңыз
Алматының архитектурасы, қаладағы құр лыс тың
кең ауқымы маған айрықша әсер етті. Мен өзім
62
Сайлаубек Жұмабек
байырғы құрлысышымын ғой, бәлкім, бір есептен
осы лай да көрінген шығар. Айтты не,айтпады не! Тек
қазақ хал қы – ғажайып, қазақ жері – ғаламат!
Тілші: Творчестволық лабораторияңыз жөнінде,
яғни қазіргі кезде қандай шығарма жазу үстін десіз
деген сұрақты қоймау мүмкін емес. Әдептен озбау
үшін емес, дәс түрлі сұрақтың құштарлықтан са наға
әбден сіңіп кеткендігінен қойды деп есептеңіз, Пауль
Августович!
Жазушы: Иә, қаламгер атаулы бұл дәстүрлі
сұрақтан аттап өткен емес. Пәлен атқарып таста-
дым, түген тын дырдым деп мақтана алмаймын. Рес-
публикалық әдеби жур налдың биылғы жылғы № 9
санында «Якоб, Леопольд және мен» деген әң гімем
жарияланды. Қазіргі заман тақы рыбына арналған
жаңа романыма қажет материал ды зерттеп, жи нап
үлгердім. Көкіректе пісіп, толғағы жеткен тұс жақын-
дап қалды. Енді тек жазу столына та бан аудармай
отыруым керек. Әзірге бар мәзірім осы-ақ.
Тілші: Пауль Августович, біраз уақтыңызды алға-
ныма кешірім сұрай отырып, әңгімеңізге көп-көп
рахмет айту ға рұқсат етіңіз. Енді соңғы өтініш, газет
оқырмандары на деген ыстық лебізіңіз бен тіле гіңіз
қолтаңба етіп бе ре қойсаңыз!
Жазушы: Кәне, қағазыңыз! Эстонияның көр нек-
ті жазушысы Пауль Куусберг газет оқырман да ры на
деген тіле гін: «Мен қалың қазақ оқырман қауы мы
мен эстон әде бие ті туындыларының ара сын да ғы
етене таныс-біліс тік жыл өткен сайын арта, кү шейе
түссе екен деп тілей
мін. Ғажайып қазақ елі біз-
дің төл әдебиетіміз арқылы эс тон халқы ның, эстон
топы рағының қатпар-қатпар шежіре сін, совет тік за-
мандағы жасампаз тыныс-тіршілі гін терең түсіне ді
және соған деген үміт-сенімім мол», – деп білдіреді.
Қазан, 1982 жыл
63
поэзия – күрес, ал күрес – поэзия
Халықаралық лениндік сыйлықтың лауреаты,
Азия және Африка жазушылары қозғалысының
үлкен қайрат кері, «лотос» журналының бас редак
торы, пакистан ның көрнекті ақыны Фаиз Ахмад Фаиз
таяуда астанамыз – Алматыда мейман болды.
Отан сүйген жүректің мүмкін емес солуы,
Отан сүйген жігіттің мүмкін емес өлуі –
(Аударған Жұмекен нәжімеденов)
деп жырлаған Фаиз Ахмад Фаиздың өршіл де сыр
шыл поэзиясы өз елінде аңызға айналып кет
кені
мен қоса, әле мнің көп түкпірінде де кеңінен таны
мал. Халықара
лық беделді ұйымдардың бірі –
ЮнеСКо ақын өлеңдері нің таңдамалы бір томдығын
1970 жылы шығарғанды ғы осының кепілі.
Фаиз Ахмад Фаиздың гуманистік, күрескерлік
рухта
ғы Ақындық және Азаматтық асқақ үні,
табанды позиция
сы екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі кезеңнен бері күні бүгінге дейін планетамыз
дың көптеген елдерде прогрес шіл адамзат баласы
ның игі ниеттегі күштері бас қосқан н ебір үлкенді
кішілі (конгрестер мен ассамблеялар, форум дар мен
симпозиумдар, конференциялар мен мәжіліс
тер
секілді) жиындарда айрықша зор және дара естіліп
келеді. Сондықтан болар, тіршілік пен бейбітшілікті,
әлеумет
тік теңдік пен бостандықты қастерлейтін,
64
Сайлаубек Жұмабек
көксейтін сан ал уан ел халықтарының оған көрсететін
ілтипаты мен құрметі де әрдайым мол.
Біз бүгін оқырмандар назарына газет тілшісі, сын
шы Сайлаубек Жұмабековтің совет әдебиетінің үлкен
до
с
ы, халықаралық бейбітшілік жолындағы күрес
тің жалын
ды насихатшысы Фаиз Ахмад Фаизбен
сұхбатын ұсынып отырмыз.
С.Ж. Қазіргі қоғамдағы әдебиеттің атқаратын рөлі
тура лы пікіріңіз қандай?
Ф.А.Ф. Әдебиеттің қазіргі қоғамдағы атқаратын
рөлі ежелден бері қандай болса, қазір де де солай.
Оның қызметі мен мақсат-мүддесі өзін тудырған
ұлттың, халық тың ғұмыр бойы ой-арманын, жарқын
тіршілік пен болашаққа деген сәби құштар
лы-
ғын, қоғамдық қуа
нышы мен қайғысын қашанда
не шындық, не қиял күйін де ерекше іңкәр сезім-
мен көрсетуге тиіс екен дігі бесенеден белгілі жайт.
Тек қоғам мен дәуірлер алмас қан сайын, әде биет-
тің атқаратын рөлі неғұрлым күрделіле не түспесе,
жауапкершілігі мен міндет аясы барған сайын арта
түспесе, әсте кемімек емес.
Қоғам мен әдебиет, әдебиет пен қоғам бөліп-жа ру-
ға келмейтін тұтас ұғым. Буржуазиялық капита лис -
тік елдерде әлі де бөліп қараудың кездесуін – тек аб-
сурд деп білемін. Өйткені қоғамның өзі де, әдебиет те
белгілі бір әлеуметтік жағдаяттың нақты жемісі. Әде-
б иет қоғам ды өздігінше өзгерте алмайды, алайда соны
өзгерту барысы на пәрменді ықпалын тигізе алады.
Әдебиеттің қолын
да әкімшілік билік құрал
дары
жоқ, үкіметтің жықпыл-жықпыл салалар бойын ша
жүргізіп отырған әр
алуан саясаттағы әрекет
терін
бақылай алмайды. Әдебиет өз шығармалары арқы лы
белгілі бір мәселелер төңірегін де қоғамдық ой-пікір
тудыра алады, соған халықтың кө зін жеткізе алады.
Ал халықпен санаспайтын үкіметтің өре сі тар.
65
С.Ж. әлем және бейбітшілік проблемасы қазір бір
түйір тарының қауызында. Қалам қайраткерлерінің
осы мәсе ле төңірегіндегі үлесі мен міндеті турасында
қандай ойда сыз?
Ф.А.Ф. Қазіргі таңда кез келген проблеманы ше-
шу, ең басты мақсатқа – адамзат баласын ядролық
опат
тан сақтауға тірелуге тиіс. Біз саяси-әлеумет-
тік, идеология лық, діни көзқарастарымыздың әрқи-
лы екендігіне қара мастан, аспандағы Ай мен Күннің
астында, Жер-Ана
ның үстінде қатарласып өмір
сүруге тиіспіз. Мұ ны қайта лаудан әсте жалықпай-
мыз. Бұл арада тізеге салу ға еш кімнің құқы жоқты ғын
әралуан көркем дүниелерін де көрсету құрлық тардың
әр бұрышындағы қаламгер лер дің қасиетті парызы
мен міндеті. Бүкіл адамзат бала сы ның өзін-өзі жоқ
қылу қаупін болдырмаудағы күрес тің алғы шебінде
әдебиет пен өнер иелерінің, менің әріптес те рі м нің
жүруі әрі заңды, әрі зор мақтаныш. Мұның көш ба сын-
да социалистік елдер лагердегі қалам қайрат керле-
рі нің болуы көп үміт күттіреді, көп сенім ұя ла тады.
Бейбіт ші лік жолындағы күрес қазір шек пен шекара
деген ұғымдар ды білмейді. Басты жетістігіміз, үлкен
қуанышымыз осы дегенмен, империалистік күш тер
де өздерінің кесепат ты пиғылынан үзілді-кесілді бас
тарта қойған жоқ. Қай та жаппай қарулануды және
соғыс қаржысын жылдан-жыл ға ұлғайып келеді.
Жазушылардың халықаралық бейбітшілікті сақ-
тау жолындағы күресте атқаратын істері мен мін-
деттері әлі де қыруар. Ядролық апат дегенге енжар
не самар
қау, селқос болмаса немкетті қарай
тын
адам дар қатарын әралуан шығармаларымыз дың
көр кем дік құдіре ті арқылы кеміткен үстіне кемі ту ге
ұмтылу – бәріміздің ең бірінші парызымыз. Жеке
индивид ретіндегі әрі жазу шы ретіндегі түбегейлі
тұжырымым. Өйткені, бейбітші лік жолында біз дер
66
Сайлаубек Жұмабек
әскерлердің әміршісі емеспіз, ой мен сөз үйлесі мінің
дара-дара жанды тегершіктеріміз ғой.
С.Ж. әлемдік әдеби процестегі Азия және Африка
елде рі әдебиетінің өзгешелігі неде?
Ф.А.Ф. Азия және Африка елдері әдебиеті
нің
жалпы мін деті, өз топырағындағы өткеннің мәуелі
дәстүрі мен тәжірибесін саналы түрде игеру, одан әрі
дамыту. Импе риализм мен отаршылдық езгіде бо лып
келген афроа зия әдебиетінің барлығына тән сипат
– адамдардың сая
си-әлеуметтік қаналу кезіндегі
бастан кешкен азапта
рын шыншылдықпен басы-
мырақ бейнелеуі болып табыла ды. Сонымен қатар,
бұл елдер әдебиеті, әсіресе қазіргі кезең
де өзінің
дара келбетін, айқын даусын көрсетуге қат ты ден
қойып отыр. Бұл – бір. Екіншіден – олар өз хал қын
– оқырмандарын капиталистік елдердің әралуан
кана лы арқылы (коммерциялық кино, телевиде ние,
детек тив, бестселлер) арзан жылтырағы көп, нан-
ды руынан гө рі азғы руы көп әсіре қызыл, ортаң қол
дүниелердің әзәзіл тор-шырмауына түсірмеуден
сақтандыру.
Үшіншіден – әдебиеттер алдына қазір заман
қойып отыр
ған жалпы адамзаттық ортақ парыз
бен көркемдік биік мүддеден табылу. Планетаны
өз лашығымыздың «саңы
лауынан» ғана көретін
болсақ, онда әлемнің қос уыстай көрінетіні анық. Ал,
уақыт шеңберінен, гео г рафия лық шектеу мөлше-
рі нен тысқары шыға алсақ, онда плане тамыз өзінің
ғаламаттығымен, ғажайып кескіні
мен әрі таңдан-
дырар, әрі табындырар еді.
Төртіншіден – социалистік елдер әдебиетінің
тәжіри
бесіне жіті әрі байсалды, көбірек үңілу
нышандары да кездеседі. Осы аталған төрт сипат
Азия және Африка ел
дері әдебиетіндегі арналы
тенденцияларды аңғартады, болашаққа сеніммен
қарауға мүмкіндік береді.
67
С.Ж. Суреткер құдіретін сіз қалай пайымдар едіңіз?
Ф.А.Ф. Суреткердің, жазушының, тіпті кез келген
қалам гердің бітім-болмысы жазған дүниеле рі нен
ап-анық, ап-айқын аңғарылады ғой. Кейбі
реу
лер
жұрттың бәрі не жақсам, ұнасам деп жазады. Базбір
қаламгер тек өзде рі үшін жазатын көрінеді. Және
бұларын жарияға жар салып, сүйінші сұраған-
дай еліріп мәлімдейді. Мұның ешқай сы сы да нағыз
суреткердің тұлғасын көрсете алмайды. Мәселен,
Жан Поль Сартр: «Ұлы туынды дүние ге келу үшін
ұлы тақырыпты қажет етеді» – дегенді айт
қан
еді. Меніңше, автордың қарымы мен қуаты оның
жазғанынан көрінеді. Ұлы тақырыптар көп, бірақ
ұлы жазу
шылар сирек қой? Сондықтан суреткер
құдіреті табиғат сыйлаған талантты ұдайы ұштаған
және өзін тебіренткен нәрсе арқылы өзгелерді де
шынайы тебірен те білген қаламгерлердің еңбегінен
көрінеді. Әйтпесе, бір орайда қаламгер тебіренген
болмашы нәрсеге жұрт тың бәрі де түгелдей тебірене
қалмайды. Немесе өзің үшін жаз ғанның өзгелерге
мысқалдай қажеті болмауы және мүмкін.
Небір жүрек кернеген шаттық болсын, небір
жүрек сыз
датқан шер-шемен болсын, қоғамдық
күшке – әлеу мет тік-моральдық салмаққа ие бола
алғанда ғана өзгелер
ді тебірентеді. Сонда ғана
суреткер құдіретінің ұлылы ғы сездіреді.
С.Ж. өз шығармашылығыңыз жөнінде, қазіргі
пакис тан әдебиеті туралы бірекі ауыз айта кетсеңіз?
Ф.А.Ф. Соңғы екі-үш жылда өндіріп жазуға мүм-
кін дік болмай жүр. Әралуан жұмыстар киіп кетеді.
Деген мен қолым қалт етсе болды, ғұмырлық серігім
– өлең жазамын.
Көкіректе иі қанып-піскен әндер өзінен-өзі сөзге,
ал сөздер өзінен-өзі әуенге айналып кеткенде,
керемет рахат қа бөленесің. Өйткені, мен үшін күні
бүгінге дейін поэ зия – күрес, ал Күрес – поэзия бо-
68
Сайлаубек Жұмабек
лып келді. Әттең, қайта лап айтамын соңғы жыл дар
жазу столына сирек оты рып жүрмін. Әрине, бұған
көп өкінбеймін. Себебі оның есесі
не әралуан ма-
қалалар, бүгінгі тәрізді интервью-сұхбат тар, «Лотос»
журналының
қоржынындағы
қолжазбалар мен
танысу, талқыға салу, сондай-ақ әр елдегі кездесулер
мен басқосулар уақытымның көбін алып жүр. Бірақ,
алда ғы уақытта етек-жеңді түріп кірісетін мүм кіндік
болатыны на іштей дәмем зор, сенімім мол.
Тұстастарым, жасы кіші әріптестерім естелік
жаза
тын кезіңіз болды деп мазаны көбірек алып
жүр. Соған да кірісемін бе деген ойларым бар. Өйт-
кені, жасың жет піс үште болса, соның кем дегенде
елу жылының ішін
де көргендеріңнің өзі бірталай
дүние емес пе?!
Ал қазіргі Пакистан әдебиетіне келер болсақ, сапа-
лық өзгерістер баршылық. Әдебиеттің әр дәуірінде
белгі
лі бір жанрдың сыбағасы өзгелеріне қара-
ғанда молдау көрінеді. Дегенмен біздің әдебиетте
поэзия әлі өзінің жетек
ші позициясынан айрыл-
ған жоқ. Мұның объектив ті себептері көп. Поэзия-
ға ешқандай қиналмайсың. Баспа гер іздеп сарсаңға
салынбайсың. Кез келген мүмкіндік ті, кез келген
аудиторияны пайдаланып, өлең оқып ке те беруіңе
әбден болады. Ұнаса, ел құлағында жатта лып қа лады,
жұрт аузында әуен-әнге айналып кете барады.
Проза, драма, сын жанрларының мүмкіндігі бұған
қара
ғанда әлдеқайда шектеулі. Таралу, халыққа
жету мүмкін дігі жағынан және оқырмандар ауқы мы
жөнінен поэ зияның басымдығына сөз жоқ. Проза,
драма, сын жанр ларының бұрынғы деңгейінен өсіп
отырғандығы на және дау жоқ.
С.Ж. Сіз Р.ғамзатовтың, ш.Айтматовтың, В.шук
шин нің, о.Сүлейменовтің шығармаларын урду тіліне
аударушы сыз. Совет әдебиеті мен өкілдерінің твор
чествосы туралы не айтар едіңіз?
69
Ф.А.Ф. Мен 70-ші жылдарға дейін аудармамен
шұғыл
данған жан емеспін. «Өзіңнің өзегіңнен
жарып шықпа ған нәрсені қалай дәл сол адамның
өзіндей жеткізе алмақ
сың?» – деп аударма ісіне
шүбә келтіретінмін. Солай бо ла тұра, Расул Ғамзатов
өлеңдерінің қалай аудармашы
сы болғанымды
сезбей қалдым. Біреудің тақырыбы на импровизация
жасағандай тез аударып шықтым. Әуел
гі кезде
жеңіл болды дегенім бекершілік екен. Ал, келе-ке ле
мұның өзі нағыз қиындығымен қызықтырған өнер
бол ды. Шыңғыс Айтматов пен Олжас Сүлейменов
шығармала
ры көркемдік қуатымен, жаңа сипаты-
мен ғажап таң қал дырады. Аудармашылықты әлі де
жалғастыра беремін деген ойдамын.
С.Ж. Сіз, Қазақстанға бірнеше рет келдіңіз. Алған
әсер леріңізді қысқаша айта кетсеңіз.
Ф.А.Ф. Ғажап! Алматы қаласы архитектуралық
сым баты, тіпті қай жағынан болсын сұлу бой жет-
кен тәріз
ді. Аруды көрген сайын елтігеніңді сез-
бей, оның бітім-болмысындағы, кесім-келбетіндегі
ажар бедерлерін бір ден көрмегеніңді мойын дай сың,
әрі соған іштей ұяла
сың, қысыласың. Тұп-тұтас,
жарасымды күйінде қа
лай байқамағанмын деп
өкініш білдіресің. Әр келген сайын Алматы құбыла
құлпырып, жұтынып өзгергендей әсер етеді.
С.Ж. «Қазақ әдебиеті» газетіне және оның қалың
оқыр манына ең ізгі тілектермен» деген қолтаң ба ңыз
ды ағылшын және урду тілінде қалдырғаныңыз үшін,
қо ғам мен бейбітшілік, әдебиет пен өмір, дәуір мен
сурет кер туралы ойларыңызды ортаға салғаны ңыз
үшін көпкөп рахмет!
Ф.А.Ф. Сіздерге де рахмет. Бәрімізге бейбітшілік
пен тір шілік болсын!
Тамыз, 1984 жыл
70
Сайлаубек Жұмабек
сынның пірі – әДілДік пен ақиқат
әдебиет сыншылары халықаралық ассоциа циясы
ның іХ конгресіне туысқан социалистік елдер өкілдері
де қатысты. Конгресс делегаттарының бірі – Болгария
Жазу
шылар одағының сын жөніндегі секретары,
белгілі сын
шы әрі ғалымұстаз иван попиванов.
Біз оқырмандар наза ры на болгарлық әріптесіміздің
творчествосы туралы шағын пікір ұсынып отырмыз.
Болгар әдебиеті мен өнерінің арғы-бергі тари-
хында ғы мойны озық туындылары әлемдік аре нада,
әсіресе, біз дің елімізде кеңінен таныс десек қате лес-
пейміз. Мұндай да болгар әдебиетінің Иван Вазов,
Христо Ботев, Нико
ла Вапцаров тәрізді классик-
тердің орны бір төбе. Бұған қо
са философ Тодор
Павлов, суретші Светлин Русев, ақын-жазушылар:
Любомир Левчев, Павел Вежинов, Богомил Райнов,
Андрей Гуляшки, сыншылар. Ефрем Каранфилов,
Пантелей Зарев есімділері де бірталай елдер мен
жерлер ге мәшһүр.
Иван Вазовтың «Бұғауда» романын, Христо
Ботев пен Никола Вапцаровтың поэзиясын, Павел
Вежиновтің «Ке
дергі» повесін, Любомир Левчев-
тің «Жай тартқыш», «Өртеуге тиіс күнделік» атты
өлеңдер жинақтарын оқы ған соң, сөз жоқ, өзіңнің
алған рухани әсер-ләззатыңа, өзіңше түйген-
тоқыған тұжырымыңа әйтеуір бір нәрсе нің жетпей
тұрғандығын айқын сезінесің. Өзіңнің түйсігің
ді,
топшылауыңды өзгелердің ой-пікірлерімен салыс-
тыр ғың келеді. Міне, осы тұста ұлттық геогра фия
шең бе рі нен шығып кеткен туынды лар дың бүкіл
|