Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет104/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   168

МЫҚ:  Мық  жусанды.  Мық  жусан 

өскен, мық жусаны мол. Изенді, м ы қ  ж у

с а н д ы, бетегелі, Ақ көде, малға шүйгін 

шөп, аман бол! (Нар заман, 340). 



МЫҚИ¹  з  а  т.  з  о  о  л.  Қырғиға  өте 

ұқсас,  бірақ  қанаттары  ұзын,  құйрығы 

қысқалау  алғыр  құс.  Лашын,  тұйғын, 

тұнжыр,  тынар,  м  ы  қ  и,  ителгі,  бəрпі, 

қырғи,  құр,  тұрымтай  (І.Жансүгіров, 

Шығ., 164). М  ы  қ  и  д  ы  ң  қырғидан  бір 

айырмашылығы – қанаттарының  ұзын, 

құйрығының  қысқалау  болып  келуінде, 

сондай-ақ  тамағында  көмескі  ақшылдау 

жолағы болады (Ж.Төрехожаев, Жыртқыш 

құстар, 78). М  ы  қ  и  да  қаршыға,  қырғи 

тəрізді  орманды,  қалың  бұталы  өзен 

аңғарларында тіршілік етеді (Бұл да).

МЫҚИ²  з  а  т.  з  о  о  л.  Теңіз  жаға-

лауларында тіршілік етіп, балық аулайтын, 

тұрқы қысқа, тұмсығы доғал құс; тупик 

(Ана тілі, 21.08.2008). 



МЫҚТА  е  т.  с  ө  й  л.  Мықтылық 

көрсеттіңіз, мықты болдыңыз д.м. – Жəке, 

434

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

м ы қ т а д ы ң ы з-а у! – деп, қаумалай 

қолтығынан  алып,  біріміз  қалпағынан 

алып, біріміз қалпағын ұсынып жатырмыз 

(Лен. жас 17.07.1973, 2). 



МЫҚТАС з а т. к ө н е. Уақ əрі жұмыр 

тастардан қаланған тас белгі. Əрбір тас 

белгінің бітім-болмысына қарап м ы қ т а с,

дың, балбал, тұнжыр, сынтас... деп айдар 

таға  ажырайтып  айтады  (А.Сейдімбеков, 

Күңгір-күңгір., 9).

МЫҚШИМА:  Мықшима  етік ...  ҚР 

МОМ қорында ер адамның м ы қ ш и м а



е т і к деп аталатын үшкір тұмсық, қайқыбас 

өкшелі етігі бар (Қаз. этнография., 2, 117).



МЫҚЫНДАН  е  т.  Екі  қолымен 

мықынын таяну. – Бір қытай табыла қалса, 

тіпті жақсы болар еді,- деп ол м ы қ ы н д 



а н а қалды (М.Разданұлы, Алтай., 278).

МЫҚЫНДАНУ Мықындан етістігінің 

қимыл атауы.

МЫҚЫРАЙЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап 

мықыраю, тайпию. Судан сəл тітіренген ол 

демін ішіне тартып м ы қ ы р а й ы ң қ ы р а п 

қалған (С.Шаймерденов, Таңд. шығ. 1, 61).

М Ы Қ Ы РА Й Ы Ң Қ Ы РАУ   М ы қ ы -

райыңқыра етістігінің қимыл атауы. 

МЫЛЖАМДА е т. с ө й л. Мылжала. 

Аузымды бір басатын жəне басқанда анау-

мынау  емес,  бар  денесін  м  ы  л  ж  а  м  д 

а  п  шайнап,  түкке  жарамайтындай  етіп 

тастайтын адамым – нағашым (С.Мұқанов, 

Мөлдір., 525).

МЫЛЖЫМЫР  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Ми 

байпақ, балшық. Қотан маңы толарсақтан 

асатын м ы л ж ы м ы р, бүрсеңдеп ықтасын 

іздеген мал шиырынан аяқ алып жүру қиын 

(З.Жəкенов, Күн көрерім, 189). 



М Ы Л Қ АУ Ы М СУ   М ы л қ ау ы м с ы 

етістігінің қимыл атауы. 

М Ы Л Қ АУ Ы М С Ы   е   т.   М ы л қ ау 

болғансы, үндемегенсу. Түсінбегенсіп, м ы 

л қ а у ы м с ы п, нысананы дəл көздеп, атар 

оғын аңқау даланың жүрегіне дəл тигізіп 

отыр (Ғ.Мүсірепов, Таңд., 3, 537).

МЫЛТ: Мылтым бар. Мүлт кеттім, 

жаңылыстым д.м. «Жалғызым» деп айтуға 

аузы бармай, өз сөзінен өзі үркіп, «Осымен 

бітті ме екен?» деген сөзін де артық көріп,- 

Асылық айттым, м ы л т ы м  б а р! Қайтып 

алдым,-деді (Бақбергенов, Кентау, 7) Биыл 

менің сəл м ы л т ы м бар... Тыңайтқышты 

аз беріп қойып, өкінішім ішімде жүр (Қаз. 

əдеб., 30.11.1973, 4).



МЫЛТЫҚ:  Мылтығының  аузын 

қандады. Бір нəрсе атып алды д.м. М ы 

л т ы ғ ы м ы з д ы ң  а у з ы н  қ а н д а п 

а л с а қ, күн қыза жас қуырдақ жеп бір-ақ 

тынығармыз (Лен. жас, 07.03.1974, 4).



МЫЛТЫҚҚҰМАР с ы н. Мылтықты 

жақсы көретін, мылтыққа əуес

МЫЛТЫҚҚҰМАРЛЫҚ  з  а  т.  Мыл-

тықты  жақсы  көретіндік,  мылтыққа 

əуестік. Сенің м ы л т ы қ қ ұ м а р л ы ғ ы ң

н  ы  ң  төлеуі  болып  өмірден  ерте  көшкен 

мына ұлдан кейін де ес жинауыңа болатын 

еді ғой (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 112). 

М Ы Л Т Ы Қ С Ы З :   М ы л т ы қ с ы з 

майдан. Саяси күрес, астыртын шайқас. 

Көрдіңіз бе, м ы л т ы қ с ы з  м а й д а н 



н  ы  ң  кімнің  пайдасына  шешілгендігін?! 

(Қ.Жиенбай, Таңд., 1, 250). 



МЫЛТЫҚШЫ  з  а  т.  з  о  о  л.  Дəуіт 

жəндігінің халықтық атауы. Сыртқы бі-

тім-болмысын м ы л т ы қ ш ы ғ а ұқсату не-

гізінде дəуіт халық арасында «м ы л т ы қ

ш ы» аталған (Б.Айтқожина, Қаз. тілін. жəн-

дік, 8).


МЫНАҚЫП  з  а  т.  к  ө  н  е.  Біреудің 

қайтыс  болғандығы  туралы  хабар 

беретін  газет  материалы;  қазанама. 

1889  жылы  ұлы  ағартушы,  демократ 

Ыбырай  Алтынсарин  дүние  салғанда 

газет ауыр қазаға күйіне отырып, м ы н а 



қ  ы  п  (некролог)  жариялады  (Қаз.  əдеб., 

12.08.1988).  Ол 1933 жылы  дүние  сал-

ғанда  «Известия»  газетінде  некролог 

(м  ы  н  а  қ  ы  п)  басылды  (Қаз.  əдеб., 

23.09.1988, 14).



МЫҢ:  Мың  салса  бір  баспайтын. 

Қанша  ұрсаң  да  жүрмейтін,  өте  шабан 

ат. М ы ң  с а л с а  б і р  б а с п а й т ы н

жаман  шобырдың  үстінде  жауындатып 

Жақау  екеуміз  ауылға  қарай  келе  жатқан 

бетіміз (Лен. жас., 16.05.1972, 2).



МЫҢ АТАР э т н. Балалар ойынының 

аты. Ойын демекші, көктем шықса болды, 

біздің  ауылда  ойынның  түрі  көбейіп 

кетеді.  Аударыспақ,  м  ы  ң    а  т  а  р, 

ақсүйек, жасырынбақ, алтыбақан... Əйтеуір 

айтып тауыса алмайсың (Д.Исабеков, Тір-

шілік, 230). 



МЫҢБАС...  Қазақстанның  оңтүстік-

шығысындағы  суармалы  жерлерде 

неғұрлым көп таралған қалуен мен м ы ң

б  а  с  сияқты  көп  жылдық  арамшөптер 

гербицид  аз  мөлшерде  қолданылса 



435

Байынқол Қалиев

ешқандай зиянданбай өсе берді (Суармалы 

егіншілік, 125). 

МЫҢБЕГІ  қ.  Мыңбасы.  Жау  əскері 

қансырағанына, шаршағанына қарамастан, 



м  ы  ң  б  е  г  і,  жүзбегілердің  тікелей 

бақылауымен  түп  көтеріле  шеп  құруға 

кіріскен (М.Мағауин, Таңд. шығ., 1, 343). 

Кейін  Нартай  осы  елге  м  ы  ң  б  е  к  бо-

лып  сайланған-ды  (Қ.Жұмаділов,  Соңғы 

көш, 141). 



МЫҢҒЫР: Мыңғырына кірмеді. ж е р г.

Көңіліне қонбады, санасына енбеді. Оның 

«жылап-сықтадым» деп мүлəйімсігені м ы ң



ғ ы р ы м а дыңғыр боп та к і р г е н  ж о қ 

(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 86). Мысалға мен 

жатқан құм төбенің астында құлаған қыстау 

бар деген ой бейтаныс адамның м ы ң ғ ы р 



ы н а д а  к і р м е с еді (Бұл да).

МЫҢДЫҚ з а т. Мың адамнан құрылған 

жасақ;  полк.  Бірақ  бəрін  біле  беретіндей 

мұршасы да болған жоқ-ау, м ы ң д ы ғ ы м е н

жауды Бөгенге дейін түре қуған осы батыр 

ғой (Ə.Əлімжанов, Жаушы, 208). Қолбасы 

іске  кірісіп,  кеңес  құрып,  м  ы  ң  д  ы  қ,

жүздік,  ондық  етіп  əскери  саты  белгілеп, 

əр  сатыға  бастық  тағайындады  (Жұлдыз, 

1972, №12, 132).



МЫРҒАМ¹  з  а  т.  ж  е  р  г. 1. Ырғын, 

рақат. Сəтбаевы мен Əуезові жоқ ғылым 

не м ы р ғ а м ғ а бастар дейсің (З.Қабдолов, 

Менің  Əуезовім, 169). Күнкөріс,  күйкі 

кірбеңде Күнелтіп өмір сүрген де, М ы р ғ 



а м ғ а батып жүрген де, Тағдырына ырза 

емес (Е.Дүйсенбай, Бозала таң, 240). 



МЫРҒАМ² Мығым, мықты. Сол м ы 

р ғ а м, нығыз қалпын сақтап, аспай-саспай 

машинадан  түсіп  еді-ау  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы.,335).  Өзінің  осындайда  аспайтын 

да саспайтынн м ы р ғ а м, нығыз қалпын 

сақтап тамағын кенеп алды (Бұл да, 367).

МЫРЖЫҚ: Мыржық құрт. Жұқпалы 

ауру тудыратын құрт. М ы р ж ы қ  қ ұ р т

жұмыртқалары есіктің тұтқасы, əжетхана 

отырғышы  т.б  арқылы  жұғуы  мүмкін 

(Шаңырақ, 269).



МЫРЗА:  Мырза  қазы.  Қазылардың 

ішіндегі  тəуірі.  -  Əй,  құрдас, - деді  ол 

Ноғайқұлға. – Ұзын  қазы,  м  ы  р  з  а    қ  а 



з ы, тел қазылар үлкен үйде, жеңгеміздің 

кебеже сінде.  Қайсысын  қалайсың? 

(Т.Əлімқұлов, Ел мен жер, 59).

Мырза тұйғын. с ө й л. Ақ тұйғын. Ақ 

тұйғын – түсі кіршіксіз аппақ. Кейбірінің 

бауыры  сүттей  аппақ  та,  ту  сырты 

сəл  көгілжім  ақ  сұр.  Халық  арасында 

өңінің  ақтығы  мен  əдемілігіне  қарай  ақ 

тұйғынды м ы р з а  т ұ й ғ ы н деп атайды. 

(Ж.Бабалықов, Қырандар, 144).

МЫРЗАЛА  е  т.  «Мырза-мырза»  деп 

қайта-қайта айту. – М ы р з а л а м а й 

жөнел,-деп Еркінбай оған ұрсып тастады 

(Р.Сейсенбаев, Сағынып жет., 39).

МЫРЗАЛАУ¹ с ы н. Аздаған мырзалығы 

бар.

МЫРЗАЛАУ²  Мырзала  етістігінің 

қимыл атауы. 

МЫРЗАМСУ  Мырзамсы  етістігінің 

қимыл атауы.

МЫРЗАМСЫ  е  т.  Мырза  болғансу, 

мырзамсыну. Орынша жұрт көзінше м ы р 

з а м с ы п, кісі үйінде жастыққа шынтақтап 

жатқанды жек көремін (Р.Тоқтаров, Ғасыр 

наны, 166).

МЫРҚЫ: Мырқы болды. ж е р г. Дү-

ниесі түгел, көңілі хош. – Ол кезде, естуің 

бар  шығар,  төрт  құбылам  «түгенделіп» 



м  ы  р  қ  ы    б  о  л  ы  п  жүретінмін  (О. 

Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 148). – Сендер 

не ішерлеріңді білмей, м ы р қ ы  б о л ы п 

жатасыңдар (О.Сəрсенбай, Шеңбер, 170).



МЫРҚЫМБАЙЛЫҚ з а т. Мырқым-

бай  болғандық.  Байғұс-ай,  бала  күніңнен 

мырқымбай  едің,  қулық-сұмдығы  жоқ,



м ы р қ ы м б а й л ы ғ ы ң н а н күйдің-ау 

(С.Елубай, Ақ боз., 336).



МЫРСАН з а т. Ұрғашы ит (Білгенге 

– маржан, 111).



МЫРСЫНДАЙ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Тап-

тұйнақтай. Үйіміз м ы р с ы н д а й боп 

тұрушы  еді.  Шырқын  бұзып  болдың 

ғой  (Т.Əлімқұлов,  Шежірен., 42). 

Сендер қыстаудың жұмысын м ы р с ы н



д  а  й  қылсаңдар,  малға  алаңдатпаспын 

(А.Сейдімбек, Аққыз, 19).



МЫРСЫҢ-МЫРСЫҢ:  Мырсың-

мырсың күлді. с ө й л. Мырс-мырс күлді. 

Ерні салбырап, қарнын сипалап м ы р с ы ң-



м ы р с ы ң  к ү л е д і (Ш.Құмарова, Əйел 

шырағы, 145).



МЫРТ з а т. к ө н е, Түлей. Қазақта «Жеті

атасын білмеген – мырт» деген мақал бар 

(«Қазақ» газеті – 1913, 98).

МЫРШ о д. Мысықты қуу ишарат сө-

зі; пыш. Құлақ жарғағын шайнап жатқан мы-

сыққа м ы р ш демейтін сабаз селт етіп, ба-

сын көтеріп алды (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 78).


436

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

МЫРШАЛАЙ-МЫРШЫМ  з  а  т.

с ө й л. Мыршым. – Енді ақсүйек ойыны 

басталады.  Содан  соң  «м  ы  р  ш  а  л  а  й-

м ы р ш ы м», «белбеу соқ» ... (О.Бөкеев, 

Өз отыңды., 26). 



МЫРШЫМ-МЫРШЫМ з а т. с ө й л.

Мыршым.  «М  ы  р  ш  ы  м-м  ы  р  ш  ы  м» 

ойыны  қазақ  арасындағы  байырғы  кен 

қазушылардың, мырыш қорытушылардың 

ойыны (Білім жəне еңбек, 1985, №10, 47).



МЫРЫҚТЫ  с  ы  н.  Мырық  өскен, 

мырығы мол. Алдыңғы жақтағы ауылдың 

теріскей беті м ы р ы қ т ы ойпаң (Лен. жас, 

15.05.1985, 3).

МЫРЫҢ с ы н. ж е р г. Мылжың, езбе. 

– Болымсыз туған м ы р ы ң неме, мені бір 

іздеп  те  келмеді  (Ш.Мұртазаев,  Жұлдыз 

көпір, 207).



МЫРЫҢДА е т. ж е р г. Мыжып көп 

сөйлеу,  езу.  «Бұл  заманда  бар  байлық 

ақшада. Кассада ақшаң тұрса, көңілім тоқ», 

- деп м ы р ы ң д а й д ы (О.Сəрсенбаев, 

Жақсының көзі, 238).



МЫРЫҢДАС  Мырыңда  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Көрші  бөлме  көп 

уақытқа дейін маза бермей м ы р ы ң д а с 



ы п шыққаны (Д.Досжанов, Жолбарыс, 22). 

Көңіл көрігі қызбай, дейді-дейдімен м ы р 



ы ң д а с ы п, екі еркек күрең қабақ болып 

отырысып төсекке бас қойды (Бұл да, 167). 



МЫРЫҢДАСУ Мырыңдас етістігінің 

қимыл атауы. 

МЫРЫҢДАУ  Мырыңда  етістігінің 

қимыл атауы. 

МЫРЫШ-МЫРЫШ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Мыршым.  Осындай  ойындардың  бірі  –

«м ы р ы ш-м ы р ы ш». Жүргізуші отырған 

ойыншылардың  бірін  ортадағы  үстелге 

отырғызып, көзін байлайды. Аузына тиын 

тістеткізеді. Сұқ қолымен біреуді нұсқап, 

«мырыш» дейді. Ол əлгі тиынды аузымен 

алып,  білдірмей  орнына  отырады.  Көзін 

ашып, тиынды кім алғандығын тапқызады 

(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 78).



МЫСАЛДАУ  Мысалда  етістігінің 

қимыл  атауы.  Дегенмен  мақалдау  басым 

болса, қайсыбірінде м ы с а л д а у басым 

(Б.Адамбаев, Халық даналығы, 109).

МЫСАЛДАТ з а т. ж е р г. Қолы қысқа, 

жоқ жітік, кедей-кепшік. – М ы с а л д а т

боп  жерге  қарап  отырған  жан  емессің, 

біреуден ілгері, біреуден кем күн көресіңдер 

(С.Оспанов, Сопы., 30).



МЫСАЛДЫ  ш  ы  л.  Тəрізді,  сияқты; 

тұрпатты. Туылды Ай м ы с а л д ы бір қыз 

бала,  Тағдырдың  жақсылығы  бұған  қара. 

Болмағы жақсы-жаман жұлдызынан, Қыз 

артық, жан болса надан ұлдан (Мəшһүр Ж, 

Гүлшат-Шеризат, 212).

МЫСҚЫЛДАС Мысқылда етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс. – Шеше,  сіз  де 

қайткен күнде өшіңізді алыңыз, - деп м ы 



с қ ы л д а с ы п, кемпірді өткізіп жібереді 

(Бабалар сөзі, 79, 105).



М Ы С Қ Ы Л Д А С У   М ы с қ ы л д а с 

етістігінің қимыл атауы.

МЫСЫҚ: Мысық пен тышқан. э т н.

Ойыншылар  дөңгелене  қол  ұстасып,  бір 

баланы – «тышқан» деп шеңбердің ішіне 

қалдырады да, екінші баланы – «мысық» 

деп  шеңбердің  сыртына  қалдырады. 

Мысық  тышқады  ұстауы  керек.  Мысық 

пен  тышқан – жастар  ойнайтын  ойын. 

Оған 10-нан 20-ға дейін қатысуға болады. 

(Ойын-сауық, 156).Ал қас қарайып, ымырт 

жабылысымен  ақсүйек,  жасырынбақ, 

алтыбақан,  соқыртеке,  белбеу  тастамақ, 

м  ы  с  ы  қ    п  е  н    т  ы  ш  қ  а  н  ойнайтын 

(Р.Аманкелдиев, Батыр., 14, 1996).



МЫСЫҚТОРҒАЙ  з  а  т.  з  о  о  л. 

Жағында қара сызығы бар, өзі мысықша 

мияулайтын,  ашық  сары  түсті  торғай. 

Шөлдің жасыл оазисі алуан түрлі құстарды 

да өзіне тартады. Бұлар – жабайы кептерлер, 

м  ы  с  ы  қ  т  о  р  ғ  а  й,  мақтанторғай, 

сарыторғай,  тасторғайлар  (Балқаш  өңірі, 

73).  Келесі  күні  ол  лагерге: «Қарағай-

дағы  м  ы  с  ы  қ  т  о  р  ғ  а  й  д  ы  ң  ұясын 

таптым»! – деп,  ентігіп  жетіп  келді 

(Наурызым, 149).



МЫСЫҚСОПЫЛАН е т. Жуас, момын 

борлып  көріну,  моманқансу.  Біреулеріңіз 

мыңқ  етпейсіздер,  екіншілеріңіз  теріс 

айналасыздар. Үшіншілеріңіз м ы с ы қ с 

о п ы л а н а мүлги қаласыздар (М.Байғұт, 

Бұла бұлақ, 316). 



М Ы С Ы Қ С О П Ы Л А Н У   М ы с ы қ -

сопылан етістігінің қимыл атауы.

МЫСЫР:  Мысыр  тауығы.  з  о  о  л. 

Мысыр елінде жиі кездесетін құс; цесарка 

(Ана тілі, 21.08.2008).



МЫШ-МЫШ с ы н. с ө й л. Уыс-уыс, 

мөшек-мөшек, көп. «Сараң неме! Ақшасы 

жетпеді  ме?  М  ы  ш-м  ы  ш  теңге  алады, 

қайда  жібереді? (Ш.Мұртазаев,  Қара 

маржан, 48).



437

Байынқол Қалиев

МІЛЛƏТШІЛ с ы н. а р. Мемлекетшіл, 

отаншыл.  Қалекең  Түркияның  түрікшіл, 

м і л л ə т ш і л қайраткерлерімен жақсы 

араласқан,  кездесіп,  əңгіме-дүкен  құрған 

(Қамбек Хакім., 118).

МІЛІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қызыл  иек,  тіс 

еті;  тіс  орналасқан  ет.  Құлынның  м  і  л 

і г і н д е (тіс етінде) жылтырап қылтиған 

иттістің нышаны байқалса, оның тұқымы 

асыл болуының белгісі (Б.Қинаятұлы, Ана 

тілі, 28.10.1994, 5).



МІНАСАР з а т. а р. Жарасымды д.м. 

Жігіттің  күні – шығыста,  қарттар  күні 

–  батыста.  Батыстағы  күн  тез  батады. 

Сондықтан да қариялардың жігіттік қиялы 

өзіне м і н а с а р емес (Қ.Макин, Əруақты 

аталар, 284).



МІНƏЙІ  с  ы  н.  Белгілі  бір.  Кейде 

базбір  адамдар  м  і  н  ə  й  і  себептермен 

итін  алысқа  апарып  тастамайтын  ба  еді 

(Жас  алаш, 17.02.2004, 5). Егер  директор 



м і н ə й і себептермен үлкен қалалардың 

біріне  жүрер  болса,  орынбасары  дереу 

«жылу»  жинауға  кіріседі  (Қаз.  əдеб., 

13.02.1987, 13).



МІНƏЖАТШЫ з а т. Мінəжат етуші, 

дұға қылушы. Сосын таранған тотықұстар 

мен  атты  нөкерлердің,  айдарлы  ұлықтар 

мен  м  і  н  ə  ж  а  т  ш  ы  сопылардың 

мүсінін қаз-қатар етіп тіктеді (Т.Зəкенұлы, 

Мəңгітас, 341).

МІНГІЗІС  Мінгіз  етістігінен  жасал-

ған ортақ етіс. Екі-үш адам сүйемелдеп, 

атқа  м  і  н  г  і  з  і  с  т  і  (М.Мағауин,  Бір 

атаның., 11).

МІНГІЗІСУ Мінгізіс етістігінің қимыл 

атауы.

МІНДЕТТЕЛУ ... Биыл жүн қырқуға 46 

мың бас қой түсіп отыр, оның əрқайсысынан 

1,4 кг-нан жүн қырқу м і н д е т т е л у д е 

(Лен. жас, 07.06.1972, 1). 



МІНЕЗДЕЛ  Мінезде  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Жырда Едігенің 

«сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  тұлғасы  жан-

жақты м і н е з д е л г е н (Егем. Қазақст., 

11.09.2001, 4). Ол Аралға байланысты бас 

қосқан мамандардың өткір талас-тартысқа 

толы жиналысында дəл м і н е з д е л г е н 

(Қаз. əдеб., 12.11.1982, 7).

МІНЕЗДЕЛУ  Мінездел  етістігінің 

қимыл атауы. Оның себебі - əлгі аталған 

жиналыста өлтіре м і н е з д е л у і н д е (Қаз. 

əдеб., 12.11.1982, 7).

МІН-МҮЛТІК  з  а  т.  Мүлт  кеткен 

кемшілік, мін. М і н-м ү л т і к іздеп қанша 

үңілгенмен,  бет-жүзінен  пəлендей  көзге 

түсерліктей өзгерістерді тағы көре алмады 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 57).



МІН-МҮЛТІКСІЗ  с  ы  н.  Ешқандай 

кемшілігі,  міні  жоқ.  Тірлігінде  соры 

қайнаған  жігітті  өлгеннен  соң  өсірмелеп, 



м і н - м ү л т і к с і з əулиеге айналдырып 

жіберіпті (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 94).



МІНСІЗДІК ... Мен  жұлдызды  аспан 

əлеміне қарап жатып, өзіме де түсініксіздеу, 

əлде бір мəңгілікке, шексіздікке, м і н с і з 

д і к к е ұмтылғым келді (Т.Əбдіков, Күзгі 

жапыр., 111).



МІНТЕЛ ... Баяғыдай емес, ит тұмсығы 

өтпейтін қалың сексеуілдің бұл күнде м і 



н т е л і п, етек-жеңі түріліп бара жатыр 

(О.Бөкеев, Əн салады., 160).



МІР к ө н е. Садақтың алысқа, əрі түзу 

атылатын түрі. Сауыт киіп сайланған екі 

батыр, Жаубүйрек пісіріп, жеп жатыр. М і р 



д е алып, Қаутұн жылдам дайындалды, Тіл 

алмай кетпейін деп бұдан ақыр (И.Байзақов, 

Таңд. шығ., 1, 109). 

МІСЕКЕР  с  ы  н.  к  ө  н  е.  Қолынан  іс 

келетін,  шебер.  Ұлттық  саз  аспаптары 

м ұ р а ж а й ы н д а   ха л ы қ қ а   қ а л т қ ы с ы з 

қызмет етіп жүрген м і с е к е р л е р бар 

(О.Қаймолдин:  Егем.  Қазақс. 27.03.1993, 

6). Соның бірі – VI ғасырдағы композитор, 

аспапшы м і с е к е р – Əбушəкір (Алматы 

ақшамы, 30.01.1989, 3). 

МІСЕКЕРЛІК с ы н. к ө н е. Шеберлік; 

іскерлік. Қолының м і с е к е р л і г і бар-

ды. Жеңіл-желпі киім-кешек тігіп базарға 

сатады  (С.Оспанов,  Сопы., 8). Бұл  тек 

Батыстағы қолының м і с е к е р л і г і бар 

пайдакүнемдердің шаруасы екеніне ешкім 

күмəн  келтірмейді  (Лен.  жас, 26.12.1972, 

4).  Сазгеннің  жанынан  м  і  с  е  к  е  р  л  і  к 

лабораториясы құрылды (Алматы ақшамы, 

30.01.1989, 3). 

МІСЕТ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Меншік,  иелік. 

Той  қылып  шақырыпсың,  Мақы,  шырақ, 

Ауылың  былтырғыдан  биыл  жырақ.  Бар 

еді м і с е т і м д е жалғыз лақ, Бермеді 

лағымды  қызым  жылап  (Шақалақ  ақын: 

Қаз. əдеб., 29.09.1972, 3).



МІСКІНДІК ... Үйлену  жолы  оңай 

емес,  соның  дайындығына  алдын-ала 

кəріпшілік, м і с к і н д і к жолдан өту керек 

дегені болар (Ж.Ахмади, Айтұмар, 233).



438

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет