НƏБИЛІК з а т. д і н и. Нəби болғандық,
елшілік. Алла Тағала сол самудит қауымның
арасынан ең мəртебелі адам – Салихты н ə
б и л і к к е (елшілікке) таңдады (Алматы
ақшамы, 25.09.1990, 3).
НƏГҮМАН з а т. ж е р г. 1. Күмəнді,
күдікті. – Маған н ə г ү м а н нəрсе – марқұм
өлерінен бұрын бар қаржысын неге ешкімге
айтпай əйелінің атына өткізіп кетеді?
(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 34). Біз мақұл,
дұрыс, күмəнді, мəрт сияқты ұнамды
мағынадағы сөздердің кері мағынасында
қолданылатын намақұл, надұрыс, н ə-
г ү м а н (дəргүмəн), нəмəрт нұсқалдарын
да жастайымыздан естіп, айтып үйрен-
генбіз (Қаз. əдеб., 14.12.1990, 7). 2. Есалаң,
жынды, нақұрыс. Н ə г ү м а н ғой
нағыз. Ақпан ғой. Ауызы арақтан кетпейді.
Адам сиығы жоқ (Қ.Қараманұлы, Ай
куə, 72).
НƏДҰРЫС с ы н. а р. Дұрыс емес;
қате. Ертелі-кеш қолқабысын тигізген əзіз
жанды н ə д ұ р ы с оймен былғауға қалай
дəтің шыдайды деп тілдеп жекіп тастағысы
кеп бір оқталды (Д.Досжанов, Жолбарыс,
20). Осы тірлігім дұрыс па, əлде н ə д ұ р ы с
(Бұл да, 402).
НƏДІР ..? Х.Бекхожин «Əппақнама»
атты соңғы кітабындағы «Ұлы Низамиға
мадақ-қасыда» бөлімінде ған ол мазлұм,
ғадауат, аят, рубаят, дағуа, қағба, шүкірана,
н ə д і р, пір, ғарыш, ілһам, шайқы,
зүлфуқар, шаһбаз секілді арабизм мен
фарсизмді əдейі қолданады (Қаз. əдеб.,
14.11.1975, 3).
НƏЖЕГЕЙ с ы н. ж е р г. Нашар, əлсіз,
ез. Таққа əкеге тартпай, көз күйік боп туған
н ə ж е г е й Болат келді (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 244).
НƏЗИРАШЫЛДЫҚ з а т. Нəзира
үлгісі бойынша жарыса жазушылық.
Көпке белгілі бір сюжетті бірнеше
адамның жарыса жырлауын ежелгі шығыс
поэзиясында н ə з и р а ш ы л д ы қ деп
атаған (Қаз. əдеб., 01.01.1988, 9). Жүсіпбек-
тің біраз шығарманы шығыс ақындарынан
аударғанын, біразын н ə з и р а ш ы л ы қ
(жарыса жырлау) жолымен қайта толға-
ғанын білеміз (Қаз. əдеб., 15.05.1987, 10).
НƏЗІКЖАНДЫЛАР з а т. Əйелдер
д.м. Шахан өзі кеш үйленсе де н ə з і к ж
а н д ы л а р д ы бір көргеннен ажырата
алатын тəжірибесі бар (Д.Бейсенбекұлы,
Əулиеағаш., 128).
НƏЗІКШЕ с ы н. Нəзік келген,
нəзіктеу, талдырмаш. Кенет есік ашылып,
«директор» деген жазуы бар бөлмеден н
ə з і к ш е келген, бұйра шашты, шілтерлі
ақ кофта киген хатшы қыз шыға келген
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 170).
НƏЗІР: Нəзір қабыл болсын. «Беріліп
жатқан қайыр, садақаның сауабы
тисін» деген тілек. Нəзір өткізгендерге:
«Н ə з і р қ а б ы л б о л с ы н» деу керек
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 39)
НƏЗІРБАСЫ з а т. Нəзірді ойдағыдай
өткізу ісі сеніп тапсырылған іскер адам.
НƏЗІР-ҚҰЗЫР з а т. э т н. Алла
разылығы үшін берілетін қайыр, садақа,
ас, құдайы. Түрлі жиын-той, н ə з і р-қ ұ
з ы р, өлім-жітім істерінде ең алдымен
алыс руларды сыйлап, соларға жол береді
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 100).
НƏЙІС з а т. ж е р г. Бұзық, сотқар,
сотанақ. ≈ Баласы н ə й і с болып, əке-
шешесінің абыройын төкті.
НƏЙІСТІК з а т. ж е р г. Бұзықтық,
сотқарлық. – Сабақтарын үлгермейтін
топас, н ə й і с т і к к е үйір Қойғарақов
пен Мешеряковтан басқалардың бəрі
443
Байынқол Қалиев
менің жақсы жолдастарым (Ш.Өтепов,
Таушелекте туған., 22).
НƏКЕС з а т. ж е р г. Нақұрыс, жынды,
есуас, есерсоқ. Ташкентке ұшып кетіпті,
н ə к е с! (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 307).
– Жаңадан жарасқанда мына екі сотқар-
дың құдай қайдан кездестірді?! «Қап, н ə-
к е с т е р-ай!» (Т.Əлімқұлов, Ел мен
жер, 88).
НƏКІС з а т. к ө н е. Молекула. Оның
атом, молекула, элемент, зат алмасу
жайында тамаша білетінін аңғардым.
Бірақ мұның барлығын ол өзінше атап,
өзінше сөйлейді. Мəселен, атом Лұхман
Хакімнің тілінше – əлжам, молекула – н ə к
і с, зат алмасу – махбұрласу (Т.Сұлтанбеков,
Лұхман Хакім, 51).
НƏЛДЕУ ... Қайнатылған кірді таза
суға шайқаудың, н ə л д е у д і ң де тəртібі
жоғарыдағыдай (Шопан сырласы, 222).
НƏЛЕТҚҰМАР с ы н. Елге жамандық
тілегіш, қарғыстағыш, боқтампаз. Бас
орнында бас емес – бір доп-түйін Пенделер
бар өңешіне жоқ тиым. Шарапқұмар, н ə л е
т қ ұ м а р жандарға, Қайран уақыт, құның
сенің көк тиын (Қ.Мырзалиев: Қаз. əдеб.,
06.04.1973, 2).
НƏЛӨК з а т. с ө й л. Салық. Атам
қозыларды əр түрлі н ə л ө г к е өткізіп,
тайыншаны қысқа қарсы сойып алатын
(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 403).
НƏЛІЛІ с ы н. с ө й л. Нəлді. Əбден
діңкем құрып жүре алмай қалған кездерімде
бұл мені н ə л і л і етігімен бүйіріме тепкілеп,
қамшының астына алатын (Т.Əлімқұлов,
Тірліктен., 49).
НƏЛІМ ... Аумағы мың алты жүз
гектарға жететін тоғандарда жыл сайын
бекіре, н ə л і м, сазан, тыран сықылды
балықтардың 17 миллион шабағы өсірілетін
болады (Н.Баяндин, Ертіс. 31).
НƏМƏРТ с ы н. Мəрт емес, сараң.
Басыңның алтын кезінде бақырдың
орнына жұмсайды, бақырға айналған
кезіңде: «Алтынның орнына жүрмейсің,
нашарсың, н ə м ə р т с ы ң!» деп дігірлейді
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 158). Ойласаңыз
жақсылар, Н ə м ə р т қандай, мəрт қандай?
Затсыз қандай, зат қандай? (Қаз. əдеб.,
15.08.1975, 4).
НƏМДЕС с ы н. ж е р г. Туыс, жақын.
НƏМДЕСТІК з а т. ж е р г. Туыстық,
жақындық. Келе-келе Бəтимен танысқаннан
кейін онымен рулас н ə м д е с т і г і н айтып,
Таңжарықты «əй, сен күйеу бала екен-
сің ғой» дейтін (Т.Мəмесейіт, Таңжарық,
2, 220).
НƏМІНДЕ ү с т. ж е р г. Қолында,
тəрбиесінде, қамқорлығында. Бала күннен
əке-шешеден жетім қалып, бір қазақтың
н ə м і н д е өсіпті (Қ.Ахметбеков, Ақ-
дала, 2, 77).
НƏНКЕ з а т. к ө н е. Матаның бір
түрі. Сары н ə н к е м е н тысталған төбесі
шошақ бөркі оны түлкі еліптес етіп тұр
(Х.Есенжанов, Көп жыл., 125).
НƏНІПƏТІР ..? Тіпті таяқ тастам
тұстағы шойын жолдың тарсыл-гүрсілі
де түп-түгел н ə н і п ə т і р еді (М.Байғұт,
Бұла бұлақ, 26). Біз «көксандық» көргендей
күйде отырамыз. Облыс орталығында.
Н ə н і п ə т і р уəлаятының кіндігінде (Бұл
да, 362).
НƏП з а т. ж е р г. Пайда, олжа, нəпақа.
Қала дүкендерінен алған шəй-қантын
ауылдастарына əкеп үстеме бағамен сатып
н ə п етіп жүрсе керек (О.Сəрсенбаев,
Жақсының көзі, 33). Ол жаптан осы маңда
отырған елдің бау-бақшасы да н ə п көрер
еді (О.Сəрсенбаев, Бақыт құсы, 188).
НƏПСІЛІК с ы н. Нəпсіге тəн, нəпсіге
қатысты. Бұл ретте еркек пен əйел
арасындағы н ə п с і л і к құмарлық
– ғашықыққа жатпайды деген қайшы
пікірлер де кездеседі (М.Құдайқұлов,
Құпия., 3). Əйелдік, н ə п с і л і к сезімге
жеңдірді ар-ұятты (І.Есенберлин, Махаб.
мейр. 304).
НƏРƏТ з а т. с ө й л. Наряд. Геологиялық-
техникалық н ə р ə т т і ң түсініксіз
жерлерін сұрауға бас геологке келді
(Р.Өтесінов, Айтылмаған., 18).
НƏРƏТШІК з а т. с ө й л. Наряд жа-
зушы, наряд толтырушы. Ай, н ə р е т
ш і к ит-ай. Түу обалы жібермегір-ай,
Құдай-ай, ит-ай (І.Жансүгіров, Шығ., 88).
НƏРЕГЕЙЛІК з а т. ж е р г. Нашарлық,
əлсіздік. «Аютас» атты шығарманың бүкіл
кітап атын арқарлауға, таптырмайтын н ə
р е г е й л і г і н де бүкпеуіміз керек (Қаз.
əдеб., 05.09.1975, 4).
НƏРЕЛ з а т. Қыста балық аулауға
қажетті ұзын сырық. Ойылған үкінің
біріншісінен екіншісіне қарай жылымның
қанатын н ə р е л м е н айдап отырады (Қаз.
этнограф., 1, 405).
444
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
НƏРЕНЖІК с ы н. ж е р г. Нəзік,
əлсіз, əлжуаз. Он бес жасар н ə р е н ж
і к қазір ұлағатты ой толғар халге жетті
(А.Мекебаев, Алапат, 73).
НƏРЕНЖІКТІК з а т. Əлсіздік,
əлжуаздық, нашарлық. Мен алты ай қыс
бойы жалаң бас жүрсем де, қалтыраудың
өзін н ə р е н ж і к т і к көретін едім
(М.Мағауин, Таңд. шығ., 1, 103).
НƏРЕСТЕ: Нəрестенің бауы берік
болсын. «Нəресте аман болсын, өмірлі
болсын» деген тілек. Нəрестелі болғандарға
«Н ə р е с т е н і ң б а у ы б е р і к, жасы
ұзақ б о л с ы н» деу керек (А.Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік., 2, 39).
НƏРЛЕНДІРІЛ Нəрлендір етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Қолда бар барлық
шөп, сабан, сояу, қамыс туралып, н ə р л е н
д і р і л і п, түйіршіктелген жем түрінде ған
беріледі (Қаз. əдеб., 05.02.1982, 3).
НƏРЛЕНДІРІЛУ Нəрлендіріл етіс-
тігінің қимыл атауы.
НƏРЛІРЕК с ы н. Құнарлырақ,
құндырақ. Солардың қайсыларын қадір
тұтып, дамыту, қандайларына жаңа
өзгерістер енгізу арқылы н ə р л і р е к сапа
беру қажет – міне, əсте естен шығармай-
тын бағыттың бірі осы (Жұлдыз, 1973,
№10, 197).
НƏСИЯТ з а т. с ө й л. Насихат.
Келіншегімнің шешесі бір көкбет адам
екен, екеумізге н ə с и я т айтудың орнына,
ақыры өзімді бəлағаттап үйінен қуып
шықты (О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 47).
НƏСКИ з а т. Аяқкиімнің ішінен киетін
жұқа шұлық. Əппақ деген аты ғана,
əйтпесе сорлы н ə с к и əбден кірлеп, түрі
оңып кеткен (Ж.Əлмашұлы, Тар дүние,
6). Сол н ə с к и д і ң бас жағы екі жерден
тесіліп, арғы жағынан саусақтар мені
көре қал дегендей жылтың-жылтың етеді
(Бұл да). – Кеше мен апайға аяғыма н ə
с к и киіп келем дегем. Ұмытып кетіппін
(Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 2, 106).
НƏСКИШЕҢ с ы н. Тек нəски ғана
киген, нəскиі ғана бар. Ол есік жақта
отырған бір-екеудің ала пижамалы, көк н ə
с к и ш е ң, ақ н ə с к и ш е ң сирақтарынан
аттай-маттай далаға шықты (Ə.Тарази,
Қиян соқпақ, 164).
НƏСКИСІЗ с ы н. Нəскиі жоқ, нəски
кимеген. Бəтеңкені аяққа н ə с к и с і з-
а қ сұға салып, бауын байламай-ақ, бір
тартып қап, тартып отыруды жақсы біледі
(Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 2, 103).
НƏСІЛ: Нəсіл қуалаушылық. б и
о л. Түпкі негізін, тегін сақтаушылық.
Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қасиет.
Н ə с і л қ у а л а у ш ы л ы қ дегеніміз
– белгілі бір өсімдіктің алдыңғы өткен
бірнеше буынында қалыптасқан, сол
арқылы дамып жеткен тіршілік белгілері
(С.Шаймерденов, Таңд. шығ., 1, 243).
НƏСІЛДЕН е т. ж е р г. Қойдың қолдан
ұрықтануы.
НƏСІЛДЕНДІР Нəсілден етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
НƏСІЛДЕНДІРУ Нəсілдендір етіс-
тігінің қимыл атауы. Н ə с і л д е н д і р
у г е қосқан бес қойдың алдымен екеуі
егізден төлдеді (К.Мұқажанұлы, Ор-
теке, 80).
НƏСІЛДЕСТІК з а т. Нəсілі бірлік,
тұқымдастық, тектестік. Н ə с і л д е с
т і к, тілдестік деген тарихи ұғымдар мың
жылдардың ішіне симайды (Өнер алды.,
11).
НƏСІЛСІЗДІК Ата-тегінің, нəсілінің
нашарлығы; тексіздік. Н ə с і л с і з д і к
пен тексіздік белең алса, құлдық құрсауы
одан əрмен тарыла түсуіне көмектескенің
(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 134).
НƏСІП: Нəсіп ғайып. э т н. Əрбір
адамның өз несібесіне (маңдайына)
жазылған сыбағасы, ризығы, ырысы
болады д. м. Мұсылмандардың түсінуінше
дүниеде үш ғайып бар. Олар: н ə с і п
ғ а й ы п, неке ғайып, дидар ғайып (Қаз.
этнография., 1, 593).
НƏУБЕТТІ с ы н. Ырысты, ырзықты,
дəулетті. Құдай қаласа, үйіңнің іші сəулетті,
орамы н ə у б е т т і, баспалдағы берік,
терезесі жарық болсын (Ш.Хұсайынов,
Таныс адам, 91).
НƏШƏНДІК з а т. с ө й л. Бастық.
- Əй, сенің папаң маған н ə ш ə н д і к
емес. Қара мұны! Бар, кет көзіме көрінбей
(М.Мағауин, Екі томд., 2, 270). – Ұрлыққа
сендер де бардыңдар ма? – Жоқ, н ə ш ə
н д і к, біздікі барған жоқ (Б.Соқпақбаев,
Балалық., 94). Н ə ш ə н д і к қарауындағы
қызметкерлерінің айтқанына сеніңкіремей
ентігіп өзі келеді (О.Сəрсенбаев, Бақыт
құсы, 155).
НƏШТЕНДІР Нəштен етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Ол ылғи бір нəрсе
445
Байынқол Қалиев
жөнінде «Анау екен ғой!» деп даусын н ə ш
т е н д і р е созып отырады (Р.Тоқтаров,
Ғасыр наны, 194).
НƏШТЕНДІРУ Нəштендір етістігінің
қимыл атауы.
НƏШІ з а т. ж е р г Жөн, рет. – Əншейін
əдемі сөздің н ə ш і ғой (О.Сəрсенбай,
Шеңбер, 172).
НƏЯТІ қ ы с т. ж е р г. Негізінде,
тегінде. - Əй, сен, н ə я т і, қойшы емессің
бе? (Т.Əлімқұлов, Ел мен жер, 114). – Менің
қолымда не билік бар? Мен, н ə я т і, мал
дəрігерімін, - деген (Қаз. əдеб., 25.05.1979).
НЕ: Не бел кетсін, не белбеу кетсін.
Не болса, ол болсын д.м. Əншейін-ақ іші
түтін, сырты бүтін жүргенше, н е б е л к е т
с і н, н е б е л б е у к е т с і н деп отырмын
(А.Мекебаев, Алапат, 335).
Не зат? Не нəрсе? – Имансыз, тым
құрыса құдайдан қорықса нетті? – А, а-а?
–деді бір əйел. – Н е з а т? –деді екінші
əйел (Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 32).
Нем қисаяды. Нем кетеді; еш нəрсем
құрымайды. – Ал, кепсе сенің ішің кебер.
Менің н е м қ и с а я д ы? (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 42).
Не пайда. қ ы с т. Ешқандай пайда жоқ.
Меніңше, мен білсем, мысалы, н е п а й д а,
несін айтасың, өзіңіз білесіз, рас, расында,
сөз жоқ, сірə, сайп келгенде, сіздіңше,
сөйтіп, шіркін, шамасы, шынында, шынын
айту керек .... дегендер қыстырма сөздер
(Қазіргі қаз. тілі., 64).
Несін айтасың. қ ы с т. «Солай екендігі
рас» д.м.
НЕВРАСТЕНИК з а т. м е д. Неврас-
тения ауруымен ауыратын адам. «Н е в р
а с т е н и к» түсініктілеу. Ол екі естілеу
дегені ғой (Ш.Мұртаза, Не жетпейді? 40).
НЕКЕ... Тойына келе (аттың) үсті-
басы шиедей қан боп н е к е с і ағады
(Саятшылық, 176).
НЕКЕ: Неке ғайып. э т н. Адамның
бағы Алланың бұйрығымен қосылған жұ-
байынан (жарынан) жанады д.м. Мұсыл-
мандардың түсінуінше дүиеде үш ға-
йып бар. Олар: нəсіп ғайып, н е к е ғ а й ы п,
дидар ғайып (Қаз. э т н о г р а ф., 1, 593).
НЕКЕСІЗДІК з а т. Некесі жоқтық,
некесі қиылмағандық (М.Мақатаев, Дариға
жүрек, 45).
НЕМЕ з а т. с ы п а й ы. Еркектік
жыныс мүшесі д.м. Атадан алтау тудым
деп, Салмақтама н е м е ң д і, Тəңірі тесер
төбеңді (Шалкиіз жырау: Нар заман., 31).
НЕМЕ: Неме керек. Не үшін керек
д.м. – Іші кеуек болса ондай басты əспеттеп
н е м е к е р е к? – деп, аузы батыр бұрынғы
партизан əдеттегідей үдемелеп барады
(О.Сəрсенбай, Шеңбер, 312).
НЕМЕНЕ ... Ең ақырғы жетінші топқа
айтушының н е м е н е не шөпшек деп
аталатын ұрпақтар кіреді (Х.Арғынбаев,
Қаз. халқы., 54). Алматай Тəнекенің
ұрпақтарының бірі. Оған н е м е н е бо-
лып келеді (Ж.Бейсенбаев, Шоқан ізімен,
108).
НЕМЕРЕЛІ-ШӨБЕРЕЛІ Немересінің
де, шөбересінің де болуы. – Балалы-шаға-
лы болыңдар, Ағалы-жағалы болың-
дар! Н е м е р е л і-ш ө б е р е л і болыңдар!
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 5,6).
НЕНЕЦ з а т. Ресейдің Ненец жəне
Таймыр автономиялық округінде тұратын
халық. Тундрада өмір сүретін н е н е ц,
чукчалардың біздің жақтың ауа райына
көндігуі қиын (К.Ахметбеков, Ақдал,
2, 168). Ұшырасқан якуттар, н е н е ц
т е р, коряктар ойке өсіп тұрған жерді
балашықтар, сиыр бүлдірген секілді ұялы
өсімдіктер қоршап тұратынын айтады
(Э.Төреханов, Алматыда., 294).
НЕСЕПТЕ е т. Несеп шығару. Бүркіт
ұясының ішіне н е с е п т е й д і (Саятшы-
лық, 66).
НЕСІБЕ: Несібесін ит жеді. Ырыз-
дығынан айрылды, сыбағасыз қалды. –
Олла-билла, көгермейін, көктемейін, жал-
шымайын, оңбайын, қызығымды көрмейін,
опа таппайын, н е с і б е м д і и т ж е с і н, има-
нымнан жұрдай болайын, - деп ант-су ішіп
шұбырта жөнелді (Жұлдыз, 1972, №4, 34).
НЕТ е т. с ө й л. Көңілін білдіру, айналдыру.
НЕТУ Нет етістігінің қимыл атауы. –
Айтпақшы, сенің көңілін болса, ол қызды
н е т у і ң е болады, - деді ол бұғақтанып
қалған мұқыл иегімен поездың алдыңғы
жағын нұсқап (Ə.Нұршайықов, Махаббат
қызық., 236).
НЕШАУА с ы н. с ө й л. Жақсы д.м. –
Қалай, қойшы бала, жағдайын н е ш а у а
ма? – Н е ш а у а, Қасым, аға (К.Сегізбаев,
Жап-жасыл., 407).
НИГРОЛ з а т. Машинаның тісті
механизмдерін майлайтын қарамай. Дəл
осы уақытта қолдарына солярка мен н и г р
446
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
о л д ы ң исі сіңген құрбыларымнан артық
бақытты ешкім жоқ секілді көрінді (Лен.
жас, 08.05.1974, 4).
НОВЕЛЛИСТИКА з а т. ə д е б. Новелла
туралы ғылым. Жазушының (Ғ.Мүсірепов)
қаламынан туған «Өмір жорығы», «Қыран
жыры», «Қасқырды атқан қайсысы?»,
«Жапон балладасы» біздің н о в е л л и с т и
к а м ы з д ы ң інжу-маржаны (Қаз. əдеб.,
16.08.1974, 3).
НОҒАЙ: Ноғай тақия. Ноғай үлгісінде
тігілген тақия. Басына кəдімгі н о ғ а й т а
қ и я іспеттендіріп қоңыр орамал байлаған
(С.Омаров, Қызыл арай, 214).
НОҒАЙЛЫҚ з а т. Ноғай халқына тəн
қасиет. – Ноғай н о ғ а й л ы ғ ы н істесін.
Бар пəле Əбілқайырда ма деп қалдым
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 455).
НОҚАТТАН ... Трактор орнынан
қозғала бергенде қыстақтың қалың қырау
басқан терезесі алдымен н о қ а т т а н ы п,
сосын бірте-бірте кеңейіп дөп-дөңгелек
болып тазарды (О.Бөкеев, Əн салады., 75).
НОҚАТТАНУ Ноқаттан етістігінің
қимыл атауы.
НОҚЕТЕК с ы н. Түк білмейтін, ноқай,
түлей, топас. Бозды босағаға отырғызып,
торыны төрге шығаратын, н о қ е т е к
қалмақтан, қазақ, сенің қай атаң, қай анаң
кем еді?! (Ж.Ахмади, Айтұмар, 366).
НОҚТА ... 2. а у ы с. Екіқабат əйелдің
бетіне түскен сызықша таңба. Екіқабат
əйелдің бетінке «н о қ т а» түседі деген
осы екен ғой деп ойладым (Ə.Нұршайықов,
Махаб.жырл., 468).
Н О Қ ТА : Н о қ т а ж і п . Н о қ т а ғ а
тағатын, жіп. Н о қ т а ж і п, өре жіп,
тұсау жіп, тұзақ жіп, шылбыр жіп деп
аталатын жіптер де əр түрлі дайындалады
(Лен. жас, 23.11.1972, 3).
Ноқта ұстады. Ел басқар, тізгін ұста.
Ең құрымаса, өзің секілді н о қ т а ұ с т а
ғ а н д а р ноқтасыз тентектеріне осындайда
«тəйт əрі!» демеуші ме еді? (О.Сəрсенбай,
Шығ., 4, 73). – Бізге н о қ т а ұ с т а й т ы н
заманның өткені қашан?! (Бұл да).
Достарыңызбен бөлісу: |