Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет13/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   168

АРАМКҮНБАҒЫС  з  а  т.  б  о  т.  Күн-

бағысқа  ұқсас  арамшөп.  Жоғарыда 

аталған  гербицидтерді  сары  ошаған, 

қызыл ошаған, сүтжапырақ, түлкіқұйрық, 

есекмия,  сурепа,  алабота,  жусан,  жабайы 

конопля, а р а м к ү н б а ғ ы с, амброзия, 

қызғылт  кекіре  жəне  басқа  қосжарнақ-

ты  арам  шөптері  бар  егістіктерде  қолда-

ну  қажет  (Х.Рамазанов,  Егіндегі  арам 

шөп; 24). 

АРАМШЫРМАУЫҚ  з  а  т.  б  о  т. 

Өсімдіктің  жер  бетіне  шыққан  бөлегіне 

оралып  шығатын  арамшөп.  Біржылдық. 

Гүлі - сия түстес (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1959, 8, 29). 



АРАМЫ  с  ы  н.  Теріс  пиғылды,  қара 

ниетті.  Мен  де  сіздің  бары-жоғыңызды 

байқап  алайын  деген  а  р  а  м  ы  ой  келіп, 

сөзіңізді  бөлмедім  (Ғ.Мүсірепов,  Жат 

қолында, 27). 



55

Байынқол Қалиев

Арамы  тілдес.  а  у  ы  с.  Арандатушы, 

өсекші. Арада жүрген бір а р а м ы  т і л -

д  е  с  бар  ғой,  соны  тауып  сазайын  беру 

керек (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 48). 



АРАМЫЛАУ  с  ы  н.  Арамдау,  қулау. 

Екі қулау да а р а м ы л а у бала əкелген 

садақыларының  жарым-жартысын  дам-

бал ышқырына тығып қалдырған екен (Ғ. 

Мүсірепов, Ұлпан, 189). 

АРАН з а т. к ө н е. Ағаштан, қамыстан, 

киізден  жасалған  уақытша  баспана,  үй. 

Қалқа, а р а н деп аталатын киіз үй тектес 

үйшіктер  соғыс  кезінде,  ұрыс  даласында 

қорған есебінде тігіледі (А. Сейдімбеков, 

Күңгір-күңгір., 190). Бұл күндері шошала, 

ұранқай, қосүй, а р а н, қақыра тəрізді ме-

кен-жайлар көзден таса қалып барады (Қаз. 

əдеб., 18.02.1977, 4). 



АРАН: Аран сым. ə с к. Соғыс кезінде 

сымнан тартып жасалынған бөгеу. Оны 

(бөгеуілді) күшейту үшін а р а н  с ы м  мен 

мина пайдаланылды (ҚСЭ, 2, 437). 

АРАНДАТТЫР  Арандат  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Бұл – көбіне 

даңғойлықтан,  ой  бейшаралығынан, 

мəдениетсіздіктен, ұрыншақтықтан адам-

дарды бір-біріне а р а н д а т т ы р а т 



ы н көзсіз өжеттік, саяздық (А. Мекебаев, 

Алапат, 183). 



А РА Н Д АТ Т Ы РУ   А р а н д а т т ы р 

етістігінің қимыл атауы. 

АРАНЖИРОВКА з а т. м у з. Саз əуенін 

өңдеу, əрлеу; оны жанрына сəйкестендіру. 

Нұрағаң,  музыка  тілімен  айтқанда  ор-

кестровка,  а  р  а  н  ж  и  р  о  в  к  а  секілді 

жұмыстарды  өзі  жасайтын  (Аңыз  адам, 

2012, 15, 29). Əндерге аспаптық а р а н ж 

и р о в к а жасауда электрлі аспаптарды əн 

табиғатына сай қазақша сөйлете білу қажет 

(Қаз. əдеб., 14.05.1976, 3). 

АРАНШЫ  з  а  т.  Аран  жасаған  адам. 

Құдайдың кең даласында бұлтарып кететін 

жер таптырмайтындай, а р а н ш ы м е н

тайталасып,  қапталдаса  шабатын  (Ə. 

Кекілбаев, Үркер, 22).

АРАПА: Арапа күні. д і н и. Айттан бір 

күн бұрынғы күн. Айттан бір күн бұрын, яғни 

а р а п а  к ү н і əркім шамасының жеткенінше 

дас-тарқандарын  безендіреді  (Ана  тілі, 

26.04.1990, 6). 

АРАПТАНУ з а т. Араб елін, тарихын, 

əдебиетін, мəдениетін, тілін зерттеумен 

айналысу (Бекіт. термин., 10). 

АРАТҰМСЫҚ з а т. и х т и о л. Тұмсығы 

ара сияқты балық. А р а т ұ м с ы қ Атлант, Ты-

нық жəне Үнді мұхиттарының тайызында 

кездеседі (М. Жұмалиев.., Балықтар., 63).

АРАТІС з а т. қ. ө н е р. Араның тісіне 

(жүзіне)  ұқсас  өрнек  түрі  (Қаз.  этногра-

фия., 3, 313).



АРАТІСТЕН е т. Араның тісі сияқты 

түрге  ену.  Əлгі  сай-жыралардан  таудың 

күдірейген жалы сойдиып-сойдиып а р а 



т і с т е н і п көрінеді (Алматы ақшамы, 

13.04.1989, 4). 



АРАТІСТЕНУ Аратістен етістігінің 

қимыл атауы. 

АРАУКАРИЯ  з  а  т.  б  о  т.  Түп-түзу 

сабағы, пирамида сияқты əсем бұтақтары 

қалың өскен көгілдір жапырақты өсімдік. 

Үйде өсіріледі. Табиғи жағдайда Оңтүстік 

Америкада, Австрияда кездеседі. Ал арум, 

циперус, а р а у к а р и я, бегония тəрізді 

гүлдердің  жапырақтары  көз  тартарлық 

əдемі (Қаз. əйелдері, 1970, 3, 31). 



АРАХИС з а т. б о т. с ө й л. Жержаңғақ. 

А р а х и с бұршақ тұқымдас дақыл. Оның 

түйіні  топырақ  астында  бүркеліп  ұзақ 

уақыт жатады да, жер бетіне тек піскенде 

бір-ақ  шығады.  Тараған  жері – Оңтүстік 

Европа (Ж. Əбиев, Биология., 80). 

АРАШАШЫЛЫҚ  з  а  т.  Араша-

лаушылық, ара түсушілік. Шеше атаулының 

барлығы  да  бала  үшін  үздігіп  тұруға, 

перзенті  үшін  намыстануға,  а  р  а  ш  а  ш 

ы л ы қ қ а əзір тұратын болар деймін (Ж. 

Мусин, Туған үй.., 95). 



АРБА: Арбаға таңу. Ертеде қазақы ор-

тада қалыптасқан жазалау түрі. Бұзақы, 

содырларға,  ұрлықшыларға  т.б.  айыпкер-

лерге ауыл ақсақалдарының ұйғарымымен 

а р б а ғ а  т а ң у жазасы тағайындалған 

(Қаз. этнография., 1, 189). 



Арба жол. Арба жүре алатын жол. 

АРБАҢ-ҚҰРБАҢ  ү  с  т.  Арбаң-арбаң 

еткен, арбаңдаған (жүріс). 

АРГОЛЫҚ  з  а  т.  Аргоға  тəн,  аргоға 

қатысты. Бірақ əр кезде белгілі əлеуметтік 

ортада пайда болып, қазір біржола жоғалып 

бара жатқан кейбір жаргондық, а р г о л ы 

қ сипаты бар сөз бен сөйлемдер болды (М. 

Белбаева, Қазіргі қаз. тілі., 73). 



АРҒАЛЫ...  А  р  ғ  а  л  ы – құйрықты 

қойлардың  арғы  тегі,  қазіргі  жабайы  қой 

тұқымдарының ең ірісі (Қ. Сəбденов., Қой 

шаруаш., 12). 



56

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АРҒЫ:  Арғы  бет.  Еліміздің  шығыс 

жағындағы  қазақтар  «Қытай»  дегенді 

осылай атайды. Ел 1916 ж. қазан айында 

а р ғ ы  б е т аталатын Қытай жеріне өтеді 

(Президент  жəне  халық, 29.10.2010, 6). 

Үркіншілік  кезінде  қазақ  ауылдарының 

бəрі а р ғ ы  б е т т і тасалған жоқ (Бұл да). 



АРДАГЕРЛІК з а т. Ардагер болғандық, 

құрметтілік ≈ Құрмет көрсетпесе, а р д а 

г е р л і к т е н не пайда? 

АРДАЛЫҚ  з  а  т.  Арда  болғандық, 

бұлалық, еркіндік. Өздері жер көкке сый-

май  жандары  мұрындарының  ұшында 

отырғанда бұлардың бұтқа толғанын, а р д а 

л ы ғ ы н, асаулығын қайтсін! (Ə. Кекілбаев, 

Үркер, 372). 



АРДЫҢ-ГҮРДІҢ с ы н. Ойындағысын 

айта  салатын,  ашық,  аңғырт,  ақкөңіл. 

Бірақ заты жақсы адам, а р д ы ң-г ү р д і ң 

демесең, ешкімге зияны жоқ (Ж. Қорғасбек, 

Жынды қайың, 11). 



АРЖАҒЫМЕН ү с т. Шын ниетімен, 

шынайы,  рас.  Бұл  болса  шыны  қайсы, 

өтірігі қайсы, а р ж а ғ ы м е н айтып тұр ма, 

бержағымен айтып тұр ма? – біле алмай-ақ 

қойды  (Қ.  Мұханбетқалиев,  Жұлдызды., 

61). 

АРЗАНҚОЛДАУ с ы н. Қымбат емес; 

сапасы  төмендеу,  қарапайым.  Тарығып, 

қабағы  ашылмай  қойған  соң  қайтсін, 

бəйбішеге деп а р з а н қ о л д а у бір машина 

сыйлаған (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 165). 

Бұрышта шағын а р з а н қ о л д а у кілем 

жатушы еді (Н. Дəутайұлы, Аты жоқ., 324).



АРЗЫ з а т. к ө н е. Күрзіге қарағанда 

жеңілдеу шоқпар. Қара қылды қақ жарған, 

Наушаруандай  əділді  айт.  А  р  з  ы  менен 

күрзіні  айт,  Лауқа  менен  қаламды  айт 

(Бұқар жырау: Ана тілі, 12.07.1990, 4). 



АРҚА: Арқасына жел бітті. Арқалан-

ды, делебесі қозды, шабыттанды. Тек өлең 

айтқанда, əн салғанда а р қ а с ы н а  ж е л



б і т і п, аруақтанып кететінін байқадым 

(Жұлдыз, 1972, 3, 133). 



АРҚАКҮЗЕУ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Сүйенер 

сүйеніш, тірек. – Бəріміздің де сүйенеріміз, 

а р қ а к ү з е у і м і з – осы Жабакем, біле біл-

сеңдер (Ж. Алтайбаев, Таңд. шығ., 158).



АРҚАЛЫҚ з а т. к ə с і б. Ұзындығы 1 

м-дей, диаметрі 3 см шамасындағы өрмек 

тоқуда қолданылатын таяқ. 

АРҚАЛЫҚТЫ¹ с ы н. Арқа сүйер жері, 

арқалығы  бар.  Ал  келіншек  болса,  түбіт 

шəлісіне оранып, а р қ а л ы қ т ы үлкен 

креслоға  бүк  түсе  тығылған  күйі  тырп 

етпейді (К. Жүнісова, Қимаймын., 3). 



АРҚАЛЫҚТЫ² с ы н. Арқалық болуға 

жарарлық.  Құдайменде  шатқалдағы 

теректі  сайдан  а  р  қ  а  л  ы  қ  т  ы  қ  терек 

қиып əкелуге кетіпті (А. Сейдімбеков, Қыр 

хикая., 32). 



АРҚАН:  Арқан  бұрау.  Арқан  жасау 

үшін  арнайы  есілген  жіптерді  ширату 

(бұрау) арқылы арқан дайындау (тəсілі) ісі. 

Арқан тіндерді тартып тұрып бұрау арқылы 

жасалатындықтан, оны а р қ а н  б ұ р а у 

деп атайды (Қаз. этнография., 1, 194). 



Арқан  жол.  с  ө  й  л.  Аспа  жол.  Көк-

тебедегі  «Ауыл»  ресторанына  апаратын-

дай  аспанға  тартылған  а  р  қ  а  н    ж  о  л

арқылы  көтерілу  керек  (І.  Есенберлин, 

Махабб., 63). 

Арқан  тарту.  э  т  н.  Жиын-тойларда 

жастардың екі жаққа бөлініп алып, ұзын 

арқанды  тартысып,  күш  сынасатын 

ойыны. А р қ а н  т а р т у ғ а көбінесе қа-

бырғасы қатып, бұғанасы бекіген азамат-

тар  түседі  де,  қай  жағының  күші  басым 

болса сол жағы жеңеді (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 4, 90). Тойға жиналған жұрт 

ат қайтқанша тек отармай – а р қ а н  т а р 



т у, қыз қуу, жамбы ату сияқты ойындар-

ды  ұйымдастырып,  тиісті  жүлделерін 

алып  жататын  (Х.  Арғынбаев,  Қаз.  хал-

қы., 211). 



АРҚАНДАТ  Арқанда  етістігінен 

жасалған өзгелік етісҚара атын сулығынан 

жетектеп,  Сылдырбай  бапкер,  ауылдан 

біраз жердегі бозды өзекшеге апартып а р 

қ а н д а т т ы (Жұлдыз, 1973, 5, 35). 

АРҚАНДАТУ  Арқандат  етістігінің 

қимыл атауы. 

АРҚАР¹  з  а  т.  Арқардың  асығы. 

Халқымыздың  асық  екеш  асыққа  да  же-

ке-жеке  ат  берген:  құлжаныкін – құлжа, 

арқардікін – а  р  қ  а  р,  қойдыкін – асық, 

ешкінікін – ешкімай,  сиырдыкін – с  о  м 

п  а  й  (кей  жерде)  деп  атаған  (Қаз.  əдеб. 

15.02.1974, 2). 



АРҚАР² з а т. а с т р. Аспан əлеміндегі 

шоқжұлдыздың бірі. А.К. Гейнс «Плеяданы»

 - А р қ а р депті (Ана тілі, 08.11. 1990, 7). 



АРҚАР: Арқар соққан. Желдей ескен, 

жүйрік. Сұр бикеш бедеу еді, а р қ а р  с о қ

қ  а  н,  Құстай  ұшып  шығатын  талай  топ-

тан.  Басқа  қылар  қайратым  бола  алмады, 



57

Байынқол Қалиев

Қарусыз тұрып қалдым сонша топтан (И. 

Байзақов, Таңд. Шығ., 1, 32). 

АРҚАРБҮЙІРГЕН з а т. б о т. Жарты-

лай бұта тектес өсімдік (С. Арзымбетов, 

Ауыл шаруаш. сөзд., 213). 



АРҚАРЖҰЛДЫЗ з а т. а с т р. с ө й л. 

Таразы. Малшылар «А р қ а р ж ұ л д ы з», 

«Үшарқар», «Таразы», «Шідер  жұлдыз» 

деген атаулармен мəлім болған Орион шоқ 

жұлдызын  мұқият  қадағалаған  (ҚазССР 

тарихы, 2, 374). 

АРҚАРКӨК з а т. б о т. Биік тауларда 

өсетін  шөп.  Арқар  жейді.  Қия  жыңғыл 

тастар арасына өскен а р қ а р к ө к қайта 

көктегендей жасарып, жаңғырығып кетіпті 

(Лен. жас, 07.01.1971, 2). 



АРҚАРТАС з а т. э т н. Бейіт басына 

қойылатын, арқар мүсініне ұқсас ескерт-

кіш  тас.  Жоғарыда  келтірілген  бейіттер-

дің бəрінде де құлпытас, қойтас, сандықтас, 

сағана,  үштас,  сағанатам,  күмбез  сияқты 

ескерткіштер  бар.  Ал  Масат  аша  бейіті-

нен а р қ а р т а с деп аталатын ескерткіш-

ті  де  кездестірдік  (Х.  Арғынбаев,  Қаз. 

халқы., 125). 

АРҚАС з а т. к ө н е. Арқас - көне тү-

рікше «қолдау» деген мағына береді. 

АРҚАСЫЗ  с  ы  н.  Арқасы  жоқ,  арқа 

жасамаған  (орындық).  Төрде  қолдан 

жасалған стол, а р қ а с ы з ақ орындық тұр 

(М. Мағауин, Екі томдық, 2, 346).

АРҚАТАНУ:  Арқатану  қылды.  ж  е 

р г. Медет тұтты, арқа сүйенді. Кемпір-

шалды а р қ а т а н у  қ ы л ы п, ойын-күлкі 

сауыққа  беріліп  кетеді  екен  (Б.  Майлин, 

Таңд., 339).

АРҚАТІРЕК з а т. Сүйеніш, таяныш: 

медет. Болмасаң Азаттығым а р қ а т і-

р  е  к , Жүректің  терін  қашан  тарқатып 

ек?  Адасып  көптен  қалған  күшіктей 

боп,  Бүлкілдеп  боздалада  жортатын  ек 

(Н.Айтұлы, Ту, 3). 



Арқатірек  етті.  Сүйеніш  етті,  тірек 

етті. Бұлар да Байжанды а р қ а т і р е к 

е т у г е жаратыпты (Х. Рахимов, Сеңгір., 

32). 


АРҚАУСӨЗ з а т. Газеттегі мақаланың 

алдында  келтірілген  кіріспе  сөз.  Сол 

«Қобыз сарыны» туралы Эдвардтың пікірін 



а р қ а у с ө з д е келтірдік (Түркістан, 24, 

03.2005, 7). 



АРҚАУШӨЛМЕК  з  а  т.  Өрмек 

тоқу  үшін  қажетті  заттардың  бірі – 

«жүгіртпе» кей жерде осылай да аталы-

нады (ҚСЭ, 9, 49). 

АРҚАШ  з  а  т. 1. Күріш  егісінің  ара-

сын бөлетін аласа дуалсымақ (Соц. Қаз., 

19.04.1991, 4). 2. а у ы с. Дөң, қырқа. Кей

жерде  қабырға  тар,  мылқау  жартас  Құл-

дырап  бір  жері  ой,  бір  жері  а  р  қ  а  ш. 

Жатқызып кейде қырын, кейде еңкейткен, 

Үйретті  қызды  өмірге  күндегі  айқас 

(А.Тоқмағамбетов, Шағалалы., 71). 

АРҚАШАЙЫР  з  а  т.  б  о  т.  Далалы 

жерлерде  өсетін  сүректі  шөп.  Июльдің 

аяғынан бастап бұл алқапты қараот қаптап 

кетеді. Олардың арасында а р қ а ш а й ы р, 

қырықбуын, саған сияқты сөртек шөптерді 

мол  жеген  мал  суға  шыдамайды  (Оңт. 

Қазақст. 23.08.1968, 2). 



АРҚҰҚ з а т. к ө н е. Жорық, соғыс кезін-

де  азық-түлік  қару-жарақ  қоры  артыл-

ған  көлік  (арба).  Басты  бөгесін – жаяу 

əскердің қозғалысы емес, ауыр артиллерия 

мен а р қ ұ қ жүрісі (М. Мағауин, Аласа-

пыран, 301). 



АРЛАНДЫҚ з а т. Арланға тəн қылық, 

арланға тəн əрекет. А р л а н д ы қ құрып 

жүрген  отты  шағына  қайта  қауысқан-

дай, бара сала арсалаңдап сұр қаншықтың 

тұла  бойын  иіскеледі  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 407). 

АРМАН-АҢСАР  з  а  т.  Асқақ  арман, 

биік мұрат; идеал. Кез келген халық өзінің 

төлтума  мəдениетінің  көсегесін  көгерту 

үшін сұлулық туралы а р м а н-а ң с а р ы н 

айқындап алу керек (Қаз. əдеб., 18.07.1986, 

12).  Жерің  бүтін,  елің  тұтас,  а  р  м  а  н-

а ң с а р ы ң (идеал) ортақ (Білім жəне еңбек, 

1986, 7, 21). 



АРМАНДАУШЫ  з  а  т.  Армандаған 

адам, арман етуші. 

АРМАНДАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Ар-

ман  етушілік,  армандағандық.  Алайда 

мақтаншақтық  емес – білсем,  көрсем, 

істесем деген əуесқойлық, а р м а н д а у ш 

ы л ы қ сыртқа шықпай, іште қала беретін 

болды (Сен жəне сенің., 14). 



АРМЯН  з  а  т.  Кавказ  халықтары-

ның  бірі.  Мұнда  қазақты,  орысты,  өзбек-

ті, балкарды, а р м я н д ы, татарды, корей-

ді,  немісті,  гректі,  ингушты,  шешенді 

жиі  кездестіресің  (Т.  Нұртазин,  Ауыл., 

126). – Біздің  коллектив  нағыз  интерна-

ционал  коллектив.  Мұнда  орыс,  қазақ, 

латыш,  а  р  м  я  н,  болгар,  мордва,  литва 


58

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жəне т.б. халқының өкілдері бар (Лен. жас. 

29.11, 1972, 2). 

АРМЯНША  з  а  т.  Армян  тілінде. 

Қазақша, а р м я н ш а айтылған өлеңдердің 

өзі аударылмай-ақ жүректерге жетіп жатыр 

(С. Мəуленов, Шыңдағы., 129). 



АРНАЙЫ:  Арнайы  қонақ.  Арнайы 

шақырылған қонақ. А р н а й ы  қ о н а қ деп 

– арнайы шақырылған, құдалық пен түрлі 

жиын-тойларға  арнаулы  барған  қонақ-

тарды  айтады  (А.  Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік, 2, 70). 

АРПАЛАУ  Арпала  етістігінің  қимыл 

атауы. 

АРПАЛЫ  с  ы  н.  Арпа  өскен,  арпасы 

бар. Бұл тегіс піскен а р п а л ы алқаптар 

(Лен. жас, 06.08.1974, 1).



АРСА...  Етті  а  р  с  а  сырығына  асып 

ілген кезде, олардың бөліктері қабаттасып, 

біркелкі сүрленуіне кедергі келтірмеуі тиіс 

(Қаз.  этнография., 1, 196). Ет  сүрленіп 

болған көктем айларының бас кездерінде 

а р с а д а ғ ы етті түсіріп, қапқа салады 

(Ата салты., 130). 



АРСАҚАЙ  с  ы  н.  Арсиып  тұрған, 

арсиған. Жар қабақ, сида, а р с а қ а йсар 

шұбар шал, Жарықшақ, үні тозған, қаңсыған 

шал. Іріңдеп екі көзі, қол дірілдеп, Аузы-

нан азу тісін аршыған шал (І. Жансүгіров, 

Шығ., 321).

АРСЫ з а т. к ө н е. а с т р. Аспан. А р с ы

деген – кəдімгі «алты қабат а р с ы н ы ң ар 

жағында» деп аталатын тіркестегі қазақтың 

байырғы  сөзі  (Лен.  жас, 06.03.1974, 4). 

«Алғашқы  ұшқан  а  р  с  ы  ғ  а»  деп  ақын 

(Ө.Тұрманжанов)  алғашқы  рет  космос-

қа  ұшқан  Юрий  Гагаринді  айтып  отыр 

(Бұл да). 



АРСЫ-ГҮРСІЛЕУ с ы н. Құбылмалылау, 

өзгермелілеу;  кек  сақтамайтын  (мінез). 

Бірақ мінезі а р с ы-г ү р с і л е у, сөзінен 

гөрі қолы бұрынырақ қимылдайтын секілді 

(Т. Əбдікұлы, Парасат., 94).



АРСЫЛДАП-ГҮРСІЛДЕП ү с т. Арс-

арс  етіп,  арс-гүрс  етіп.  Есік  сарт  етіп 

ашылды да, бес-алты адам а р с ы л д а п-



к ү р с і л д е п, бірі қашып, бірі ит қуғандай 

жүгіріп  барды  да,  алдағы  есікке  ұрынды 

(Ə.Тарази, Тасжарған, 486). 

АРТ з а т. Тоғызқұмалақ тақтасындағы 

солдан  оңға  қарай  санағандағы  бірінші 

отаудың  аты.  Əр  ойыншының  отаула-

ры  солдан  оңға  қарай:  А  р  т,  Тектұрмас, 

Атөтпес,  Атсыратар,  Бел,  Белбасар, 

Қандықақпан,  Көкмойын,  Маңдай  деп 

аталады (Ə. Ақшораев, Тоғызқұмалақ, 12). 

АРТ:  Арттан  тастау.  Бестастың 

сегізінші  кезекте  ойналатын  түрі. 

Сегізінші ойын – а р т т а н  т а с т а у.

Мұнда  əр  тасты  жерден  қағып  алған 

соң,  оны  жерге  қолдың  артынан  жерге 

тастау керек. Соңында бəрін жинап, жер-

ден қағып алу керек (Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. 

ойын., 49). 

А р т ы н а   к і р д і .   К ө т і н е   к і р д і , 

жағымпазданды.  –  Магазиніңнен  мың 

сом жетпей қалғанда жылап-еңіреп менің 



а р т ы м а  к і р і п  к е т е  ж а з д а п ең, 

берешегіңнен құтылған соң есірген екенсің 

(О. Бөкеев, Мұзтау, 76). 

Артына қарасын. Шамасына қарасын, 

əлін  білсін.  Кеңсеге  барған  соң  бүлік 

шығарар  деймісің.  Өйтпекке  а  р  т  ы  н  а



қ а р а с ы н (Жалын, 1974, 1, 12). 

Артынан сөз ерді. Өсекке қалды, өсекке 

таңылды. – Ендігəрі бүйтуші болма! – деді 

Танакөз даусын сыбырлағандай етіп, - он-

сыз да а р т ы м н а н біраз с ө з е р д і ғой 

(Қ. Ботбай, Егіз., 143). 



Артын ашып күлді. Мазақтады, келе-

ке етті. Бұл ойымды ел-жұрт біліп қойса, 

мына қақпас жасына жетпей алжиын деген 

екен деп а р т т а р ы н  а ш ы п  к ү л м е й

м е? (Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 354). Егер 

осы ойымды біреу-міреу оқып қойса, а р 



т ы н  а ш ы п  к ү л е р еді-ау! (Д. Рамазан, 

Жылап аққан., 98). 



Артын жапты. Қорғады, пана болды. ≈ 

Ұятты болған інісінің а р т ы н  ж а п т ы. 



Артын  тықты.  Паналады,  қорған 

етті. Əлсіз шала білімді, кішкене дəрежелі 

тілмаш  өзінің  пенде  екенін  білдіріп,  ығы 

зор ұлығына а р т ы н  т ы ғ ы п, көмегін 

сұрай, сүйене тұрумен ұлыққа жағуға бо-

лады (Жұлдыз, 1974, 8, 13). 

Артыңызды жаба келіңіз. Есікті жаба 

жүріңіз  д.м.  Есікті  шала  жапқан  екем: - 

Артыңызды жаба келіңіз, - деді келіншек 

(Б. Майлин, Таңд., 459). 



АРТДАЙЫНДЫҚ  з  а  т.  ə  с  к.  Арти-

лериялық дайындық» деген сөздің қысқар-

ған  түрі.  Десе  керек  жасып  қалды  жұрт 

мынау, Десе керек діңкілерін құрттым-ау. 

«А р т д а й ы н д ы қ т ы» бір уақытта 

бітіріп, Сапын түзеп шабуылға шықты жау 

(І. Есенберлин, Шығ. жин., 10, 40).


59

Байынқол Қалиев



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет